Ғылыми мақаланы техникалық рәсімдеу тәртібі


Ғылыми мақаланы техникалық рәсімдеу тәртібі
Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. журналдың бір нөмірінде автор екі мақала жариялай алмайды (бірлескен авторлық болса да) .
Компютерде басылған көлемі 8 беттен 15 бет аралығында болатын ғылыми мақала А4 пішінді бетте және электрондық тасығышта Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті бас оқу ғимаратының 138-кабинетіне тапсырылады немесе vk. kazeu@mail. ru электрондық мекен-жайына жөнелтіледі. Міндетті түрде мақалаға сыртқы рецензия және мақаланы ашық басылымда жариялауға болатындығы жөнінде сараптамалық қорытынды (үлгісі Сараптамалық қорытынды бөлімінде көрсетілген) қоса тапсырылуы қажет.
Сол жақ жоғарғы бұрышта әмбебап ондық классификациялау индексі (ӘОК) және келесі қатарда JEL классификациялау коды жазылады.
Келесі жолдың ортасына автор(-лар) туралы мәліметтер жазылады. Автор(-лар) туралы мәліметтер автордың аты-жөнінен (бас әріптермен, толық шрифтпен) басталады, келесі жолға (ешқандай полиграфиялық құралдарды қолданусыз, қарапайым шрифтпен) - ғылыми атағы, дәрежесі, келесі жолға - лауазымы немесе кәсібі, одан соң жұмыс орны (мекеме немесе ұйым, елдімекен атауы), одан төмен - ел атауы жазылуы тиіс. Бір қатардан кейін бас әріптермен, толық шрифтпен жұмыстың атауы жазылады.
Мақала атауынан соң бір қатар тастап аннотация (abstract) жазылады, оған зерттеудің мақсаты (purpose), зерттеудің әдіснамасы (methodology), жұмыстың негізгі құндылығы (originality/value), зертеу нәтижелері (findings), түйін сөздер (keywords) кіреді. Әрбір тармақ кемінде 1-2 сөйлемнен тұруы және жаңа азат жолдан басталуы керек.
Жұмыстың атауы, автор(-лар) туралы мәліметтер және аннотация екі тілде беріледі: бірінші - ағылшын тілінде, екінші - мақала берілетін тілде.
Аннотациядан кейін бір қатар тастап мақаланың негізгі мәтіні жазылады.
Мақаланың соңында мәтіндегі сілтемелерге сәйкес пайдаланылған әдебиеттер тізімі ( библиографиялық тізім) көрсетіледі. Библиографиялық тізімде міндетті түрде кем дегенде 15 әдебиет, басқаша айтсақ, жалпы әдебиеттер тізімінің 30%-ы ғылыми ақпараттардың халықаралық мәліметтер қорының әдебиеттерінен тұруы тиіс. Әдебиеттер тізімі екі нұсқада беріледі: біріншісі - алынған ақпарат көзінің тілінде (жариялағалы отырған мақаланың тіліне тәуелсіз) ; екіншісі - ағылшын тілінде (мәтіннің тікелей аудармасы, транслитерация емес) .
Қолжазбаның өзге тілдерде жазылған қысқаша түйіні болуы тиіс, түйін жарияланатын материал тілінен өзге тілдерде (егер мақала орыс тілінде жазылса, онда түйін орыс және ағылшын тілінде және керісінше) жазылады. Түйін әдебиеттер тізімінен кейін орналастырылады.
Шрифт: Times New Roman. Өлшемі: 14pt. Абзац: 1, 25 см. Түзету: ені бойынша. Қатар аралық интервал: біреулік. Беттің жиек өлшемдері: жоғары және төменгі жағынан - 2 см, оң жағынан - 1 см, сол жағынан - 3 см. Файл Microsoft Word форматында болуы қажет.
Формулалар
Формулаларды әзірлеген кезде Microsoft Equations 1. 0-3. 0-ді пайдалану ұсынылады. Ол Microsoft Word форматында Вставка - Формула командасының көмегімен орындалады.
Формулалардың көлемі ені бойынша 16 см., биіктігі бойынша 24 cм-ден аспауы тиіс. Шрифт: Times New Roman, шрифт көлемі мәтіндегімен бірдей (14 pt. ) . Айнымалылар, функциялар және индекстер қарапайым, түзу жазылады. Матрицалар мен векторлар толық шрифпен жазылады.
Формулалардың нөмірлері мәтін бойынша ретті болуы тиіс. Формулалар кестелерден және суреттерден бөлек нөмірленеді. Формулалардың нөмірлері оң жағына қойылады, бұл кезде формуланың өзі ортада орналасады. Айнымалылардың барлығын ашып жазу қажет. .
(1)
мұндағы,
у i - і уақыт бірлігіндегі у айнымалысының мәні;
х i - і уақыт бірлігіндегі х айнымалысының мәні;
µ i - і уақыт бірлігіндегі µ айнымалысының мәні;
αk, βk - x және y коэффициенттері;
ε i - і уақыт бірлігіндегі еркін коэффициентінің мәні;
k - уақыттық кідіріс.
Мақаланың негізгі мәтіні формуланың алдында және соңында бір бос орын (Enter басу) арқылы бөлініп тұрады.
Суреттер, кестелер
Кестелер мен суреттер ақпараттық жағынан ұқсас болмауы және бірін бірі қайталамауы тиіс. Мәліметтерді бейнелеудің бір формасын таңдаған жөн. Рәсімдеу үлгілері төменде көрсетілген.
Кестелер/суреттердің нөмірлері мәтін бойынша ретті болуы тиіс. Суреттер кестелерден өз алдына бөлек нөмірленеді.
Сурет пен кестенің нөмірлері сызықша арқылы жазылады (Мысалы: 1-сурет, 1-кесте) .
Аса қажет болмаған жағдайда мүмкіндігінше қысқартуларды қолданбаған жөн және барлық сөздерді толық жазу қажет; тасымалдау қолданылмайды. Барлық белгілер (бұрын мәтінде көрсетілген қысқартуларды қоса санағанда) барлық суреттер мен кестелердің астындағы ескертулерде қайталанатын болса да міндетті түрде ашылып жазылады.
Суреттер
Суреттің өлшемдері ені бойынша 16 см-ден, биіктігі бойынша 24 см-ден аспауы тиіс. Суреттегі жазулардың көлемі - 9 пт. Суретке мәтінде сілтеме болуы шарт.
Диаграммалар, графиктер, сызбалар Excel бағдарламасында орындалады және xlsx (артықшылығы бар) және xls кеңейтуінде мәтіннен бөлек (барлығы бір файлда) тапсырылады. Мәліметтер енгізілген кестелер файлға кіріктіріледі, оларды өшірмеу қажет. Файлдың атауы мынадай түрде аталуы тиіс: "Алимбеков_1-сурет". SmartArt қолдану ұсынылады (MS Office 2007 бағдарламасындағы "Вставка - SmartArt" опциясының сызбалар мен диаграммалар әзірлемесі) . Бұл дизайнерлік, жұмысқа ыңғайлы әзірлемелер түрлі қатынастар мен ұдерістерді бейнелеуге, суреттің элементтерін бір-біріне автоматты түрде біріктіруге, рәсімдеудің біркелкілігін сақтауға мүмкіндік береді.
Өзге кескіндер (суреттер, фотографиялар) графикалық форматта қабылданады (png, gif, tiff, jpg и др. ) және әрқайсысы жеке файлда тапсырылады. Файлдардың атаулары мынадай түрде аталуы тиіс: "Алимбеков_1-сурет".
Кескіндердің барлық түрлері сурет деп аталады. Суреттің атауы суреттің астына (ортаға) Times New Roman 14pt түрінде жазылады, соңына нүкте қойылмайды, содан кейін ескерту жазылады.
1-сурет - ШТИ тарту және оның Қазастандағы қоры
Ескерту. Барлық таңбалар мен аббревиатуралар міндетті түрде түсіндіріледі. Тақырып - "Ескерту", егер ескерту жалғыз болған жағдайда [соңында нүкте қойылады] .
( Ескерту. ШТИ - шетелдік тікелей инвестициялар. )
Кестелер
Кестелерді әзірлеуде Word немесе Excel-дің мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Қолмен терілген (көптеген бос орындардың көмегімен, ұяшықтарды пайдаланбай әзірленген) кестелер қолданылмайды.
Кестенің сипаты - алғашқы (өзгеріссіз) . Бояу, тасымалдау, ұяшықтарды көлденеңінен бөлу, арнайы форматтау және т. б. қолданылмайды.
Кестені рәсімдеу - атауы кестенің үстінде, қатардың басынан азат жолсыз (Times New Roman 14pt, кестені сипаттаушы мәліметтер - 12pt) жазылады. Кестенің нөмірінен кейін нүкте қойылады, кестенің атауы бас әріппен жазылады. Сөйлемнің соңында нүкте қойылмайды.
1-кесте. Атауы . . .
Ескерту кестенің астына жазылады.
Көрсеткіштердің өлшем бірліктері көрсетілуі шарт. Барлық сандық мәліметтердің жалпы өлшем бірлігі кестенің атауында жазылады. Кестенің соңғы біріктірілген қатарында міндетті түрде кестенің мәліметтерінің көздері мынадай тәртіпте жазылады: Ескерту - [6] негізінде авторлар құрастырды.
1-кесте. Кестенің атауы: тақырыпшалар өз алдына жеке [соңында нүкте қойылмайды]
1-кесте. Орташа уақыт мерзіміндегі бюджеттің орындалу көрсеткіштері
Ерекше маңызды және көлемі үлкен кестелерді мақаланың негізгі мәтінінен кейін қосымша түрінде беруге болады.
Ғылыми мақала жазу барысында кейбір сөз тіркестері қолданылатын болса, оларды келесі түрде қысқартып жазуға болады:
тағы басқа = т. б. (арасында бос орынсыз) тағы сол сияқты = т. с. с. (арасында бос орынсыз) қала = қ. жыл = ж. жылдар = жж. (бірінші әріптен кейін нүкте қойылмайды) Өлшем бірліктерін пайдаланған жағдайда сәйкес анықтамаларды қарау керек.
Дәйексөздердің мәтіндері өзгертусіз жазылады. Оларды жазылуының барлық ерекшеліктерін ескере отырып, журналдың ережелерін ескермей-ақ жазуға болады.
Мәтінде пайланылатын қысқартулар мен аббревиатуралар (ұйымның, әдістемелердің, айнымалылардың және т. б. атаулары) бірінші қолданылған сәтте міндетті түрде ашып көрсетіледі, мысалы, Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) . Мүмкіндігінше қысқартулар мен аббревиатураларды аз пайдаланған жөн. Қысқартулардың көп мөлшерде болуы оқырмандардың мәтінді қабылдауын қиындатады.
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДА МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ ЕРЕЖЕСІ
1. «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарына ұсынылатын мақалалар «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық рәсімдеу» ГОСТ 7. 5-98-ге сәйкес рәсімделуі тиіс, сондай-ақ мыналар болуы қажет:
- ӘОЖ (мақалалардың Әмбебап ондық жіктеуіш индексі) ;
- авторлардың тегі, есімі және әкесінің есімі, мақалалардың тақырыбы;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аңдатпа (аннотация-резюме) - 4-5 сөйлем;
- кілт сөздер (4-5 сөз) ;
- «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» ГОСТ 7. 1-2003-ке сәйкес негізгі баспа стандарттары бойынша рәсімделген мақалалардың библиографиялық тізімдері;
- авторлар туралы мәліметтер, оған мынадай деректерді енгізу қажет: жоғары оқу орнының (мекемеменің, ұйымның атауы), ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, автор жұмыс істейтін ғылыми саласы, лауазымы, қызмет орны, пошталық мекен-жайы, телефондар нөмірлері, электрондық поштасы;
- мақалалардың егжей-тегжейлі редакциялануы және журналдардың редакциялық алқасының құрамына кірмейтін және ғылыми зерттеулері мақала тақырыбына жақын тәуелсіз мамандардан алынған сараптамалық қорытынды-рецензияның болуы.
2. Мақаланың көлемі мәтінді, суреттерді, кестелерді қосқанда 5-10 бет (Times New Roman қарпі - 14, жолдың қатары - 1, беттің жан-жағындағы шеттерінен қалдырылатын орын - 2, 0 см) . Редактор Word - нұсқа Word-97-ден кем емес.
Ғылыми мақаланың мәтіндік материалының құрылымдық жүйесі мынадай болуы тиіс:
- ғылыми мәселенің (проблеманың) қойылымы;
- сынақ әдістемесі (методологиясы) ;
- нәтижелер мен оның талқылануы;
- қорытынды бөлімде - жұмыс қорытындысы келтіріледі, түйін тұжырымдалады, ұсыныстар беріледі, мүмкін болатын ары қарайғы зерттеулер бағыттары көрсетіледі.
3. Бір мақаланың авторлар саны 3 адамнан аспауы қажет.
4. Барлық суреттер, карталар, фотосуреттер, кестелер, формулалардың компьютерлік техниканың көмегімен орындалуы және мақалада оларға сілтеме жасалуына қарай орналастырылуы ұсынылады.
5. Иллюстративті материалдарға қойылатын негізгі талаптар:
- суреттер, фотосуреттер Adobe Illustrator 7. 0-10. 0, Adobe Photoshop 6. 0-8. 0 бағдарламаларында дайындалған немесе өңделген болуы және жариялауға TIF, EPS, AI, JPG файлдары форматында (PC-пен) ұсынылуы қажет;
- фотосуреттер жоғары сапалы болуы және мақалада қажет жерінде электрондық нұсқада берілуі тиіс;
- барлық кестелер, сызбалар мен диаграммалар мақала мәтінімен үйлесіп тұруы және өзара байланысты, олар жасалған бағдарламаларда (Excel, Corel Draw 10. 0-11. 0) редакциялауға қолжетімді болуы қажет.
6. Барлық қысқартуларға толық түсініктеме берілуі керек.
7. Әдебиеттерді рәсімдеудің тәртібі:
- мәтін ішінде сілтеме жасалып отырған жұмыстың реттік нөмірі төртбұрышты жақшада [1] көрсетіледі;
- мақалалардың библиографиялық тізімдері «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» ГОСТ 7. 1-2003 негізгі баспа стандарттары бойынша рәсімделеді.
ӘДЕБИЕТТЕРДІ РӘСІМДЕУ
Әдебиеттер дереккөзі ГОСТ 7. 1-2003-ке сәйкес рәсімделеді.
Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастыру керек және нүкте қойылмаған араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек.
Пайдаланылған дереккөздерге жасалған сілтеме төртбұрышты жақшаның ішінде көрсетіледі.
Библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде келтіріледі.
Журналдар
1 Абуова Г. Н., Лизинфельд И. А. Масштабы ВИЧ-инфекции в мире и Южно-Казахстанской области // Наука и образование Южного Казахстана: республ. научн. журнал / Ассоциация «Совет директоров ВУЗов Южного региона». - 2009. - № 1 (74) . - С. 135-139.
2 Третьяков Ю. Д. Процессы самоорганизации в химии материалов // Успехи химии. - 2003. - Т. 72, № 4. - С. 731-763.
3 [Текст] : роман / Дж. Оруэлл; пер. с англ. В. Голышевой // Новый мир. - 1989. - № 2. - С. 132-172; № 3. - С. 140-189; № 4. - С. 92-128.
4 Пак Н. С. Социологические проблемы языковых контактов // Вестник КазУМОиМЯ им. Абылай хана. Серия «Филология». - Алматы, 2007. - № 2(10) . - С. 270-278.
Кітаптар
1 Назарбаев Н. А. В потоке истории. - Алматы: Атамура, 1999. - 296 с.
2 Агафонова Н. Н. Гражданское право: учебное пособие для вузов / Под ред. А. Г. Калпина. - Изд. 2-е, перер. и доп. - М. : Юрист, 2003. - 542 с.
3 Надиров Н. К. Высоковязкие нефти и природные битумы: в 5 т. - Алматы: Ғылым, 2001. - Т. 4. - 369 с.
4 Гембицкий Е. В. Нейроциркуляторная гипотония и гипотонические (гипотензивные) состояния: руководство по кардиологии: в 5 т. / Под ред. Е. И. Чазова. - М. : Изд-во Медицина, 1982. -Т. 4. -С. 101-117.
5 Портер М. Е. Международная конкуренция / Пер. с англ. ; под ред. В. Д. Щепина. - М. : Международные отношения, 1993. - 140 с.
6 Павлов Б. П., Батуев С. П. Подготовка водомазутных эмульсий для сжигания в топочных устройствах // В кн. : Повышение эффективности использования газообразного и жидкого топлива в печах и отопительных котлах. - Л. : Недра, 1983. - 216 с.
Жинақтар
1 Зимин А. И. Влияние состава топливных эмульсий на концентрацию оксидов азота и серы в выбросах промышленных котельных // Экологическая защита городов: тез. докл. науч. -техн. конф. - М. : Наука, 1996. - С. 77-79.
2 Лотман Ю. М., Успенский П. А. Отзвуки концепции «Москва - третий РИМ» в идеологии Петра I: (к проблеме средневековой традиции в культуре барокко) // Избр. статьи: в 3. т. - Таллин, 1993. - Т. 2. - С. 9-21.
3 Паржанов Ж. А., Моминов Х., Жигитеков Т. А. Товарные свойства каракуля при разном способе консервирования // Научно-технический прогресс в пустынном животноводстве и аридном кормопроизводстве: матер. междунар. науч. -практ. конф., посв. 1500-летию г. Туркестан. - Шымкент, 2000. - С. 115-120.
4 Абусеитова М. Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Матер. междунар. науч. конф. «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». - Алматы: Дайк-Пресс, 2006. - С. 10-17.
Заң-құқықтық материалдар
1 Постановление Правительства Республики Казахстан. О вопросах кредитования аграрного сектора: утв. 25 января 2001 года, № 137.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz