Бастауыш сынып оқушылырының мінез – құлқының қалыптасуын теориялық тұрғыда талдау


КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші синтезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижеснде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру. Психологияда бұл дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қаситтері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері - адамның даралық, өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл - ойдың тереңділігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс - әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік - жігеріне, көңіл - күйіне, зейініне, ақыл - ойынада байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әралуан психикалық процестері оның іс - әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл - ойын, көңіл - күйін, эмоциясын, ерік - жігер қасиеттерін, ерешеліктерін айқын аңғартады.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған - ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV-III ғасырлар) . Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюиер (XVIII ғасыр) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік - адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл - әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Ол көз қарасқа орай, мінез адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігімен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халықпен ұлттың, этностың өзіндік мінез - құлықтарының ерекшеліктері болатындығы - тарихи шындық және объективті фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп, тұартын өзіндік сипат қаситтері бар.
Адамның мінез - құлқының өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және объективті фактор.
Адам мінезіндегі әрбір ерекшілік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Сондай ақ механизмдердің бірі - динамикалық стреотип - жүйке жүйесінің тап-тауырын болып қалыптасатын қызмет. Бұл - жоғары жүйке қызметіндегі шартты рефклекстердің жасалу жүйесі.
Мінез иесі болып табылатын жеке адам - қоғамның мүшесі, ол қоғамда түрлі қарым - қатынасқа түсіп отырады. Қоғамның мүшесі болып ол таптық қоғамда - таптың өкілі бола отырып, жеке адам қоғамның таптың басқа мүшелері сияқты, белгілі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға тәуелді болады. Мұндай жағдайдлар мінездің жалпы типтік бітістерін қалыптастырады. Адамдар мен нақты адамдар мінезіндегі типтік бітістер дәуір мен таптың әлеуметтік өміріндегі маңызды жайттарды бейнелендіреді.
Типтікті осылайша түсіну мінез қалыптасуының негізгі аңдылықатыр және бұған қоса келешекте, ертеңгі күнге лайықты сапалардың қалайша қалыптасатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Бірақ ұлттың өмір сүру жағдайлары өзгерген кездерде ұлттық мінездегі типтік бітістерде өзгеріске түсіп отырады. Адам өмірінің типтік жағдайларын сәулелендіретін ерекше, елеулі типтік бітістердің жиынтығы мінез типін құрайды.
Әр әлеуметтік дәуір қоғамдық аренаға белгілі типтік мінезді әкеледі. Таптың, дәуірдің типтік мінезі адам мінезінде бар. Сан алуан көріністерді қамти алмайды. Сондықтан да мінездің тап, қоғам өкілдеріне тән ерекше жалпы типтерімен қатар іс - әрекетпен өмір жағдайдалары біркелкі нақтылы топтағы адамдардың мінез типтерін зерттеу қажеттілігі туындайды. Мінез типі типтік бітістерге қарағанда күрделі құрылым болғанымен, ол адамның кейбір топтарына тән негізгі типтік белгілерді ескергенде ғана дұрыс анықталады.
Мінез типі - біршама тұрақты құрылым, бірақ ол сонымен бірге өзгермелі де келеді. Адамның өзіне - өзінің талап қоя білу деңгейі, қоғам қажеті мен тәрбие, өмір жағдайларының ықпалы мен мінез типтері дамып, және өзгеріп жатады. Мінез типтерін зерттеу оларды жіктеуге, оларды қалыптасуымен көріністерінің белгілі бір заңды байланыстарына әкеледі. Мұндай жіктеудің болмауы жеке типтерді сипаттаудың кездейсоқтығына, үстірт көз қарасқа соқтырады да, оның теориялық және практикалық мәні елеусіз болады.
Психиологияда мінезді жіктеуге талай рет талпыныс жасалды. Мәселен, осындай бір жіктеуден мінез типтері адамның ақыл - парасаты, еркі мен эмоциясының басымдығына қарай анықталған.
Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез - құлықты әдетте әлеуметтік «жат» деген терминмен белгілеу қабылданған. Ми патологиясына байланысты болатын балалардың аномал мінез құлқынан айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез - құлық әлеуметтік жағынан негізделген, жағымсыз шағын ортаның теріс ықпалымен жанұядағы дұрыс емес өзара қарым - қатынастарымен, жанұямен мектеп тәрбиесінің олқылықтарымен, қателіктерімен сабақтас.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық қызығуын қалыптастырып, дамытады.
Алға қойған мақсаттардың бірінде адамның іс - әрекетін алуға болады. Іс - әрекет барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке даралығы - мінез - құлығы.
Мінез - құлық қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Адам іс - әрекеті барысында жеке тұлғаның маңызды психологиялық сапаларының бірі ретінде, мінез - құлықты қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен ғалымдардың теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр.
Бастауыш сынып оқушыларында оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда мінез бітістерінің комплекстері өз әсерін тигізеді. Сол себепті, мінез - құлық ережелерін оларға тән моральдық нормаларды игеру тұлға іс - әрекетін жеңілдетеді. Сондықтан диплом жұмысымыздың тақырыбын « Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау» деп алдық.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушылырының мінез - құлқының қалыптасуын теориялық тұрғыда талдау және эксперимент арқылы зерттеу.
Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының мінез - құлық ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - мінез - құлықты бастауыш сыныпта қалыптастыру жолдары.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер бастауыш сынып мұғалімдері мен педагог-психологтар баланың мінез-құлқын күнделікті бақылауға алып, оны оқу процесінде жүйелі қалыптастыру мақсатталса, онда бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқында кездесетін қиындықтар болмас еді.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығын талдау.
- Оқу іс - әрекетінде мінез - құлықтың қалыптасуын анықтау.
- Оқушылардың мінез - құлқын оқу процесінде қалыптастыру.
- Зерттеу жұмысының нәтижелерін сараптау.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі: мінез - құлықты қалыптастыру туралы теориялар Л. С. Славина, Л. Ф. Островская, В. Д. Шадриков, Р. В. Овчарова, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, оқу процесіндегі жеке тұлғаның қалыптасуы туралы теориялар Д. Б. Эльконин, Л. В. Занков, Н. Зимняя, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев тұжырымдамалары құрайды.
Зеттеу әдістері - ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау әдісі, эксперимент әдісі, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау әдісі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы - зерттеудің ғылыми әдістерін мақсатты түрде қолдану және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибе жүргізуге бағытталған теориялық деректер жинағы сапалық жағынан талданып өңделді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы - зерттеу әдістері бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруға мақсатталған, арнайы маман психологтарына, педагогтарына бала мінез-құлқы ерекшеліктерін терең зерттеп, үйлесімді мінез құлқын дамытуға мүмкіндік туғызады.
Диплом жұмысының құрылымы - диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу базасы - Тараз қаласы, Ш. Смаханұлы атындағы № 44 орта мектебі.
Зерттеу кезеңдері
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің ғылыми-ізденістері қарастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бөлімдері анықталынды. Қолданылатын әдебиеттер жинақталынып, талданды.
Зерттеудің екінші кезеңінде бастауыш сыныпта мінез-құлықты қалыптастыру анықтау жұмыстары ұйымдастырылды. Психокоррекциялық жаттығулар жүргізілді.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу нәтижелері жинақталып, теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.
І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1 Тұлға даралығы мінез - құлыққа психологиялық сипаттама
ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл - ойымен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лескафт ерік қасиеті И. Кант (ХVIII ғасыр) мінезді темпараментпен салыстыра отырып, оны адамға жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемдеу, десе, ал Малапер, Фули т. б. мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктер де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас тартыс туғызып келеді [1] .
Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жайт - жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда И. П. Павлов қандай сигнал жүйесін басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі:
1. Ойшыл - бұл негізінен сөзбен байланысты, екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
2. Көркем тип - бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы.
3. Орташа тип - мұнда екі сигнал жүйесінің бірде бірі басымдық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады.
Мінезді оны қалыптастыратын өмір жағдайларынан бөліп алып қарайтын метафизикалық сипаттары, буржуазиялық психология адам мінезіндегі индивидуалдық пен типтілік бітістердің өзара қатынасының мәнін ұға алмайды.
Идеалисттер мінезді туа бітетін, кейін өмірде өріс алатын адамның рухани күші деп түсіндіреді. Идеалисттік психологияның кейбір өкілдері бүкіл адамзатты барлық уақытта да өмір сүретін мырзалар мен құлдардың мінездік типтері деп аталынатын өріссіз, жасанды схемаға сайғысы келеді. Осындай психологтардың басқа бір тобы мінез бітістерінің типтерінің қалыптасуындағы заңдылықтарды жоққа шығарып, адам бірінің мінезін екіншісі қайталмайды. Және адам жазмыштан берілген мінез - құлқын өзгерте алмайды дейді.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Психологияда бұл - дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері - адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшандығы, ақыл - ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез - құлқының ерекшелігі ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым - қатынасынан көрініп отырады. Жеке адамға немесе адамдар тобына тән өзіндік қарым - қатынастар, мінез - құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетінде, тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.
Іс - әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса, онда біртіндеп оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына жанұя мен мектеп өмірінің моральдық - психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады. Олай болса, нақты адамның мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп отырған қоғамдық - тарихи жағдайды еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытын да ескеріп отырған дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс - әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл - ойын, көңіл - күйін, эмоциясын, ерік - жігер қасиеттерін айқын аңғартады.
Мінездің мәнерлі белгілері. Мінез тек қылық пен қимыл - қозғалыстардан ғана емес, бет - әлпеттен және ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның сыртқы кейпіне әсер етеді. Мәселен, беттегі әжім бұл адамның жасы ұлғаюының ғана белгісі емес, ол сондай - ақ беттегі бұлшық еттердің әдеттегі қозғалыстарының да нәтижесі. Кейбіреулер үнемі күлімсіреп жүрсе, енді біреулері түнеріп жүреді, біреудің бетінен таңдаған пішінді, екінші біреу мұны бүкіл бет пішінімен байқатады.
«Көз - адам жанының айнасы» деген сөз бар. Шынында да, көз мінез бен темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады. Мәселен, Л. Н. Толстой шығармалары қаһармандарының көз жанарлары олардың моральдық - еріктік не эмоциялық ерекшеліктерін тайға таңба басқандай көрсетеді [2] .
Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады. Мәселен, тәкаппар адамдар денесін шалқайта, кеудесін керіп, басын кекірейте ұстайды. Қарапайым адам көзге түсуді қаламайды, еңкіштеніп басын мойнына тығып жүреді. Жағымпаз адам сөйлескен адамына жаутаңдай қарап, мүләйімсіп тұрады, көз түбінен қуланған күлкі болар - болмас байқалады. Адамның алшаңдай немесе қысқа адымдап жүруі, тұрысы, қолын қандай қалыпта ұстайтындығы да мінезін сипаттайды. Адамның сыртқы түріне қарап мінезін анықтау, әрине оңай нәрсе емес, өйткені, кейбіреулер өзінің жан дүниесін сыртқы жасанды қылығымен жасырғысы келеді.
Мәселен, жарамсақтық кейде айлакерлік пен сатқындықты бүркемелеп тұруы мүмкін. Әйтсе де, адам қандай қулыққа салынса да бірде болмаса бірде өзінің нағыз бет пердесін көрсетіп алады. Бұл әсіресе, қақтығыс үстінде оқыс жағдайларда кездеседі. Мінезді танып, білу үшін - адамның сөзі мен ісін салыстырып, оны өмірдің сан - алуан жағдайларында байқап көру қажет.
Мінезді оны қалыптастыратын өмір жағдайларынан бөліп алып қарайтын метафизикалық тұрпаттағы психология - адам мінезіндегі даралық пен типтілік бітістердің өзара қатынасының мәнін ұға алмайды.
Жаңа психологияның кейбір өкілдері бүкіл адамзатты барлық уақытта да өмір сүретін мырзалар мен құлдардың мінездік типтері деп аталатын өріссіз, жасанды сұлбаға саяғысы келеді. Осындай психологтардың басқа бір тобы мінез бітістері мен типтерінің қалыптасуындағы заңдылықтарды жоққа шығарып, адам бірінің мінезін екіншісі қайталамайды және адам тумысынан берілген мінез - құлқын өзгерте алмайды дейді.
Психологиялық - педагогикалық зерттеулерде бала мінез - құлығының ауытқу мәселесі түбегейлі зерттелініп сипат алғанымен, қалыпты дамыған бала мінез - құлқының жағымсыз түрлерінің туындау себептері ғылымда өз денгейінде зерттелінбеуде. Л. С. Славина «Дети с аффективным поведением» атты еңбегінде кіші мектеп жасындағы балалардың аффективті мінез-құлқына сипаттама бере отырып, психологиялық талдау жасайды. Мұндай балалардың мінез-құлқына мыналар тән: өкпелегіштік, бұзықтық, бірбеткейлік, дөрекілік. Олар басқа балалармен үнемі ұрсысып, керісіп, ескертулерге тез ренжіп қалады. Автор мұндай мінез-құлық оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған өзара қарым-қатынастардың салдарынан пайда болады деген қорытындыға келеді [3] .
Зерттеулердің басым көпшілігі қиын балалардың тұлғалық ерекшеліктерін тануға арналған. Баладағы әр түрлі жағымсыз мінез-құлықтарға орталық жүйке жүйесінің ықпалы зор екен.
М. Гриднер өзінің бала қылығы және олардың себептері туралы деген мақаласында жағымсыз іс-қылықтар өзінен-өзі туындамайды, олар арам ниеттің нәтижесі, ал оның тамыры дұрыс құрылмаған тәрбиеде, себептері үлкендердің жаман өнегесінен, дұрыс үлгі бола алмауында деп атап өтеді [4] .
Жағымсыз реакциялар, соған сәйкес мінез-құлықтың еркелік, қыңырлық, қиқарлық, эмоционалды тұрақсыздық түріндегі қылықтары басым балаларды түбегейлі оқып-тануға М. Р. Битянова да бар жігерін салды. Ол барабар емес аффекте көрінетін бала мінез-құлқы үшін оларға қасарушылық, тұйық мінезділік тән деп көрсетеді. Бұл балалар басқалармен дау-жанжалға жиі түседі, үлкендердің ескертпе-түзетулеріне қарсы шығады. Оның зерттеу жұмысының мақсаты балалардың аффектілі мінез-құлқына толыққанды талдау жасай отырып жағымсыз мінез-құлықтарды жою жолдарын көрсету болды. Зерттеу барысында жинаған материалдары авторды мынадай қорытындыға әкелді [5] . Мұндай қателіктерге мыналарды жатқызады:
-талап қоюдың жүйелігі мен дәйектілігінің қалыс қалуы;
-шамадан тыс еркелету;
-ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы;
Л. Ф. Островская өз зерттеулерінде еркелікке бейім балалардың жас ерекшелік және психофизикалық ерекшеліктеріне, оларды дұрыс тәрбиелеуге қатысты туындайды деп тұжырымдайды. Ал қазіргі көзқарастарда И. Ә. Абеуованың пікірінше қасарушылық кейде тәрбиенің жағымсыз жағдайларына байланысты ерте туындайды [6] .
В. Д. Шадриков негативті мінез-құлық ерекшеліктері дұрыс құрылмаған тәрбиенің нәтижелі болуы мүмкін дейді. Автордың пікірінше бала бетінен қақпайтын ортада өссе, өз дегенін істесе, әрекеттері мен талап-тілектеріне шек келтірмесе, онда оларда өз мінез- құлықтарын еркінше басқару және ережелер мен мөлшерлерге бағыну қабілеттіліктері қалыптаспайтын болады [7] .
Олай болса эмоционалды қызбалық және ұшқалақтық немесе баладағы танымдық және қозғалыс іс-әрекетінің кідірісі, оның темпераменті мен жеке ерекшеліктерінің көрінуімен байланысты болуы мүмкін. Асықпаушылық пен баяу қозғалу флегматиктерге тән болса, артық қозғалу ментұрақсыздық-сангвиниктер мен меланхоликтердің айрықша белгісі.
Н. Е. Ефимова балалардың қарым-қатынасқа түсулерінің қиындықтарын барлай отырып, олардың мінез-құлқындағы мынадай бітістерді, яғни, өрескелдігі, сенбеушілігі, агрессивтілігі болатындығын анықтады [8] . А. И. Захаров тәрбиедегі ауытқушылық отбасында көрініс береді және оның себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға қарым-қатынасынан туындайтынын айта келіп осы бағыттағы тәрбиенің мынадай негізгі параметрін бөліп көрсетеді.
-түсінбеушілік;
-қабыл алмау;
-тоталитарлық сәйкессіздігі;
-балалармен қарым-қатынасындағы икемсіздігі;
-балаға қараудағы бір қалыпсыздығы;
-ата-аналардың өзара қатынасындағы келіспеушіліктері;
Отбасы жағдайындағы осындай мәселелерді ескерген автор бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың «тууына» себепші болатындығын көрсетіп, егер ата-аналар өздерінің жеке проблемаларын дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының бұзылуына жол бермейтінін баса айтады [9] .
Сонымен Р. В. Овчарова және басқа да ғалымдардың зерттеулерімен келісе отырып, бала мінез-құлқы қиындығының себептерін жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады.
1. Әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалу, бұл арада бала өзінің тәрбиесіздігінің нәтижесінде өзін дұрыс көрсете алмайды, онда қажетті білім, іскерлік, дағды және жағымсыз мінез-құлық стереотипі қалыс қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz