Бейнелеу өнері сабағын өткізуде кезеңдер бойынша сурет салуда барлық заңдылықтарды меңгерту



Кіріспе ... ... ... ... ... .. 3

І Бөлім. Бейнелеу әрекеті оқушының дүниені танып білу мен өнердегі сезімдерін дамытуға жетелейтін негізгі жол

1.1 Жас суретшінің бейімдік қабілетін қалыптастырудың мазмұны ... ... ... 4

1.2 Жансыз заттарды салуда кезеңдер бойынша сурет салудың ерекшелігі ... ... ... . 10

ІІ Бөлім. Бейнелеу өнері сабақтарында кезеңдер бойынша сурет салудың жаңа әдіс . тәсілдері арқылы оқушының эстетикалық көзқарасын қалыптастыру жолдары

2.1 Сурет салуда штрих, сызықтар, бояулар арқылы салу әдіс.тәсілдері, олардың түрлері ... ... ... ... ... 16

2.2 Үйлестіру заңдылықтарын игеруде компазицияны орындауға үйрету жолдары ... ... ... ... .. 21

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған әдебиеттер
«Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды ресімдейтін Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартты негізінде әзірленеді.
Бағдарлама пән бойынша базалық білім мазмұнын сипаттаудан, сыныптар бойынша жіктелген оқу – жүктемесінен бастауыш сатыдағы оқушылардың дайындық деңгейіне оқу үрдісінің межелік кезеңінде қойылатын талаптардан тұрады.
Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан-салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше графика, живопись, мүсін, сәулет өнері, қол өнер.
Бейнелеу өнерінің жанрларын сурет салу тәсілдеріне байланысты болады. Натюрморт, портрет, пейзаж, тарихи, ботальды, анималисті жанр болып бөлінеді.
Мемлекет білім бағдарламасы тағы басқа үкімет қабылдаған маңызды қаулылар білім беру жүйесінен нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып дамытуда жаңа жол ашуда.
1. Методика руководства изабразительный деятельности детей
Б.В. Косменская, Н.В. Колязова
2. Уроки рисования с натуры
Г.Винаградов, М - 1980 г.
3. Қазақстан мектебі.
С. Әбішқызы. 2004-7,2004-1,2002-9,2003-8,2000-6
4. Энциклопедический. Словар юного художнике.
В.М.Алпатов. Москва «Педагогика» 1983
5. Искусство Деревнего мира
Н.А.Дмитриева, Н.А. Винаградова. Масква 1986
6. Бейнелеу өнері және сызу. Журнал
Э.Саланчена. Ғ. Баймағанбетова. Алматы 2005.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І Бөлім. Бейнелеу әрекеті оқушының дүниені танып білу мен өнердегі
сезімдерін дамытуға жетелейтін негізгі жол

1.1 Жас суретшінің бейімдік қабілетін қалыптастырудың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2 Жансыз заттарды салуда кезеңдер бойынша сурет салудың
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ Бөлім. Бейнелеу өнері сабақтарында кезеңдер бойынша сурет салудың жаңа
әдіс - тәсілдері арқылы оқушының эстетикалық көзқарасын қалыптастыру
жолдары

2.1 Сурет салуда штрих, сызықтар, бояулар арқылы салу әдіс-тәсілдері,
олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 16

2.2 Үйлестіру заңдылықтарын игеруде компазицияны орындауға үйрету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21

Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 28

Кіріспе

Бейнелеу өнері оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына
және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды ресімдейтін
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартты
негізінде әзірленеді.
Бағдарлама пән бойынша базалық білім мазмұнын сипаттаудан, сыныптар
бойынша жіктелген оқу – жүктемесінен бастауыш сатыдағы оқушылардың дайындық
деңгейіне оқу үрдісінің межелік кезеңінде қойылатын талаптардан тұрады.
Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан-салалы тармақтарымен таныстыруда
бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше графика, живопись,
мүсін, сәулет өнері, қол өнер.
Бейнелеу өнерінің жанрларын сурет салу тәсілдеріне байланысты болады.
Натюрморт, портрет, пейзаж, тарихи, ботальды, анималисті жанр болып
бөлінеді.
Мемлекет білім бағдарламасы тағы басқа үкімет қабылдаған маңызды
қаулылар білім беру жүйесінен нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып
дамытуда жаңа жол ашуда.
Білім беру ісінде ұстаз – басты әрі шешуші тұлға. Ұстаздың сапалығы,
білімдарлығы, абырой-беделі оның шәкіртінен көрінеді. Шәкірттердің жақсы
болмағы ұстазынан деп тегін айтпаған халық. Ұстаз ұғымы мағынасы кең, мәні
түгел тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуына білімнің қажеттігі сол білімді
таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған.

Курстық жұмыстың мақсаты: Бейнелеу өнері сабағын өткізуде кезеңдер бойынша
сурет салуда барлық заңдылықтарды меңгерту жаңа әдістер арқылы жаңаша сурет
салуға баулу.

Курстық жұмыстың міндеттері: 1. Сурет сабағында кезеңдер бойынша сурет
салуда заңдылықтарды меңгерту.
2. Композициялық заңдылықтарын меңгерту.
3. Кезеңдер бойынша сурет салғанда құрал – жабдықтарды дұрыс пайдалану
жолдары.

Зерттеу объектісі: Бейнелеу өнері сабағында жаңа технологиялық әдіс-
тәсілдерді үйрету жолдары.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік оқулықтар, газет, журналдар,
суретшілер туындылары.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері әдістемесімен.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен
және қосымшалардан тұрады.

І Бөлім. Бейнелеу әрекеті арқылы оқушының дүниені танып білуі мен өнердегі
сезімдерін дамытуға жетелейтін негізгі жол.

1.1 Жас суретшінің бейімдік қабілетін қалыптастырудың мазмұны.

Сурет кез-келген ғылымның

қайнар көзімен түп
тамыры
(
Микеланджело).
Сурет салуды сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол
адамның ақыл, ой, парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке,
әдемілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз
күресуге тәрбиелеп, халқына, еліңе, жеріңе деген сүйіспеншілікке баулу.

Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен
қарауды қажет етеді. Әсіресе, осы бейнелеу өнерін жүйелі оқыту жайлы, оған
жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер
таратады.
Өйткені қазақ тілінде сурет салудан тіл сындыратын төл оқулығымыз
бұған дейін жарық көрген жоқ. Сондықтан, республикамызда қазақ тілін білу
және әр салада қазақша оқулықтар шығару – қазіргі кезде үлкен көңіл бөлуді
қажет ететін негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Сурет немесе бейнелеу
өнері – бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы
ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Сурет тек жеке ғана бір өнер саласы
емес, бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған бүкіл бейнелеу
өнерінің атасы.
Сурет тарихы – бұл адамзат тарихы; оның айналасындағы ортаны тануына,
сана сезімінің жетілуіне эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан - ұрпаққа асыл
мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмір мен өзектес өнер.
Сурет – бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік
тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер. Біз осы
куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын,
адамзаттың әдет-ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы
мұңы мен таңдай қақтырар, тамсантар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың
мың құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін танып
білеміз.
Сонау ерте дүние заманында адам айнала қоршаған ортасын, қызықтырған
табиғат құбылыстарын, топыраққа, балшыққа, тасқа түсіріп бейнеледі, сол
арқылы табиғат сұлулығын ұқты, жаж-жануарлардың әрекетін, мінезін зерттеді.
Атам заманда жартастарға, үңгірлерге қашап салынған суреттер өздерінің
шыншылдығымен, әсерлігімен көрерменді тамсандырады, тіпті кейде
композициялық құрылымның әсерлі де анық кескінделуі соншалық суретке қарап
өнер иесіне оның шеберлігіне қайран қаласыз.
Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай
оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет. Тіпті үйренуі керек.
Өйткені бұл - өнердің бастау бұлағы содан сусындап, содан нәр алып
қарыштадық емес пе!
Өнер - өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнерді, оның қоғамдық
тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы
түсінуі шарт. Жалпы білім мазмұның жаңартудың ғылыми негізіне мектеп
оқушысын белгілі бір кажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оку
әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзкарасы тұрғысынан
диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз ж.асын
қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай
көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап, кұруға көмектесетін
қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болған. Сонымен қатар бейнелеу
өнері пәнінің білім мазмұны мен құрылымын анықтауда дамыта оқыту идеясынан
басқа білім мазмұнының интегративті сипатын қамтамасыз ету, оқушының
адамгершілігін, эстетикалық талғамын, мәдени-көркем білімін халыктың озық
салт-дәстүрі, рухани-мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдар
басшылыққа алынды.
Бейнелеу өнері — көру, шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін
көркем шығармала түрлерінің тобы. Бейнелеу өнерінің шығармалары — уақытта
да кеңістікте де өзгермейтін заттық форма. Бейнелеу өнеріне кескіндеме,
мүсін, графика, сәндік өнері жатады. Бейнелеу өнері өмірдегі шындық
түрінде, соңдай-ақ заттын материалдық формасы ретіндегі объективті
қасиетіне және заттың көлемі, түсі, жарықтығы, фактурасы және кеңістіктік
ортаға байланысты шығарылады.
Бейнелеу өнері пәнінің мазмұны осы міндетті жүзеге асыратын ұғымдар
мен түсініктер жүйесін біріктіретін мынадай блоктардан тұрады:
кескіндеме сәндік-қолданбалы өнер, мүсін өнері және сәулет өнері. Әр блок
мазмұнында, іс-әрекеттің екі түрі қамтылады өнерді қабылдау және
практикалық көркем іс-әрекеттер. Өнерді қабылдау бөлімінде өнер шығармалары
мазмұнын, суретшілер шығармалары мен олардың өнердегі шығармашылық өмір
жолдары туралы мәліметтерді оқушылар өзара пікір алысуға, әр түрлі
түрлерімен ойша мәдени диалог құру және т.б. әдіс-тәсілдермен меңгереді. Ал
практикалық бөлімін де оқушылар жазықтықта бейнелеу, мүсіндеу, сәндеу және
сәулет өнеріндегі құрастыру жолдарының технологиясын іс жүзінде орындап
игереді.
Көркем-эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызды да тиімді әдісі -
эстетикалық көркем сипаттағы бейнелеу әрекеті түріндегі ойын болып
табылады. Фребель өз еңбегінде баланы эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде өнер
түрінің барлығының маңызды екендігін атап көрсетті. Сонын ішінде
оқушылардың түрлі өнер шығармаларын қабылдауға деген қызығушылығын
арттыруға баса назар аударылуда.
Карл Маркстің мына тамаша қағидасын еске алайықшы, онда: - Егер сен
өнерден шын ләззат аламын десең, көркемдікпен тағлым алған адам болуың
керек, - дейді. Сондықтан біз халықтың өнерін, айнала қоршаған әсемдікті,
сұлулықты жете түсініп сүюіміз қажет, өнердің тылсым ғажайып сырын ашып,
оқып үйренуіміз қажет. Өнер біздің қоғамда адамдарды, оның ішінде әсіресе,
жастарға рухани эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал болып табылады.
Жастарды көркем өнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге
үйретеді.
Баланы творчестволық еңбекке тәрбиелеу – оның күні ертең кәсіпқой
маман емес, өзі қалаған мамандықтың нағыз шебері болып қалыптасуының
маңызды шарты. Әйтсе де бейнелеу өнері сабақтары әлі де болса бояу,
қарындаштармен жұмыс техникасының элементарлық негіздерден меңгертуден әрі
аса алмай келеді. Ал шәкірттердің өмірі танудағы эмоциялық әсерленуі мен
әсерлік әлемімен жүздесу арқылы рухани баюы назардан тыс қалуда.
Оқушылардың бейнелеу және қолөнері еңбектері олардың жан-жақты дамуына
ықпал етерлік жұмыс түрлерінің бірі.
Д.Дидро, Н.К.Крупская бейнелеу өнерінің оқушыларды дамытудағы ерекше
рөлін атап көрсетті, сурет сабағының білімдік мәнімен бірге техникалық
дамуында ерекше мәні барлығына айрықша көңіл қойды.
Біз әлденеше рет естіп жүрген көп қолданылатын терминдер жөнінде әлі
де толық білмейміз. Бұл терминдер біздің бейнелеу өнерінің түп нұсқасымен
таныса бастауымыздың алғашқы қадамы болып табылады.
Кемпір қосақтың түсі қандай? деген кітаптың аталуы да аспандағы
кемпірқосақ секілді санқилы бояу астасқан нұрлы дүние депті.
МәселенАкварель деген атау латынның адиа (су) дейтін сөзінен шыққан.
Бұл сөз суға езілетін бояуды да, сол бояумен салынатын шығармаларды да
білдіреді.
Акварель бояу қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель
табиғатты бейнелеуге, өсімдікті қабылдай білуге баулыйды. Суретшілер
шығармалары бойынша әңгіме құруға үйрету керек. Сабақ көрнекіліктерді
көрсете отырып әгімелеуден басталады. Табиғат көрінісін, ондағы тіршілікпен
құбылыстарды барлық суретшілер бейнелейді. Ал соның ішінде тек қана
табиғатты бейнелеуге өзінің шығармашылық өмірін арнаған суретшілер бар.
Олардың қатарына Қазақстан суретшілерінің Ә.Қастеев, Ү.Әжиев,
Ә.Ысмайлова, С.Мәмбеев, О.Тансықбаев сияқты бейнелеу өнері қайраткерлерін
жатқызуға болады. Мұғалым оқушыларға А.Ғалымбаеваның Қызыл алма
шығармасын көрсетіп, оның түстік, композициялық шешімдеріне, орындалу
тәсіліне тоқталып әңгімелейді. Ең алдымен қойылатын жеміс-жидектерді, оған
лайықты биік, аласа, үлкен, кіші ыдыстарды түр түсіне қарай іріктеп алу
қажет.
Сонан соң ретімен ірілеуін артқы планға қойып, әр қырынан қарап
көрген абзал. Фон ретінде қойылатын матьа түсі қойылатын жемістер
жиынтығының жалпы түсімен үйлесіп түруына көңіл бөлген дұрыс. Бұл жұмыстар
мұғалімнің басшылығымен, оқушылардың қатысуымен атқарылуы тиіс. Натюрморт
қою барысында әрбір оқушының пікірі ескеріліп, неліктен олай жасау
керектігін диалог - сабақ түрінде жүргізу тиімді.
Оқушыларды қолөнер бұйымдарына қызығушылықтарын арттыру, олардың мәнін,
қолдану ерекшелігін түсіндіру. Заттар мен бұйымдарды әшекейлеу, әсемдеудің
тұрмыста қажет екендігін түсіндіру. Солардың жобасын, баламасын суретін
салуға дағдыландыру жұмыстарын жүргізу керек. Қағаз, қарындаш, тақтайша,
торсық пен табақ. Қолөнер туралы фотосуреттер слайдтар пайдалануға болады.
Мұғалім қазақ халқының сәндік колданбалы қолөнерін оқушыларға әңгімелейді.
Әрбір бұйымға тоқталып, оның формасы, пішіні, өрнектері жайлы айтып өтеді.
Қазақ халқының қолөнері жайлы мағлұмат беру. Соның ішінде ағаш өңдеу
өнерімен оқушыларды тереңірек таныстыру. Ағаштан жасалған тұрмысқа қажетті
ыдыс-аяқ түрлерін бейнелеуге үйрету. Сәндік сурет салуға оқушыларды баулу.
Оқушылардың егеменді еліміз Қазақстан Республикасы туралы оқушыларға
мағлұмат беру. Еліміздің рәміздерінің символдық белгілері туралы қысқаша
әңгімелеп беру. Тәуелсіз ел атты еркін тақырыпқа оқушыларға сурет
салғызу.
туындыларының ең басты құнды қасиеті.

1.2 Жансыз заттарды бейнелеуде кезеңдер бойынша сурет салудың ерекшелігі.

Заттардың суретін салуда өтудің екі түрі бар.
1. Ұзақ уақыт аралығында салынатын сурет болып ол бір сабақтан үш сабаққа
дейін жалғасады.
2. Қысқа уақыт ішінде салынатын сурет нобай және долбар сурет деп аталады.
Бұл 5 миуттан 15 минутқа дейін жалғасады.
Нобай сурет салуда мақсат оқуға алдын-ала жаттығу сурет аслып орындауы
керек болған жаңа тапсырмада дайындалу болып есептеледі.
Бұдан тыс оқушылар өздерінің ой - өрісін арттыру үшін фантазияларын
дамыту үшін – кейде есіне түсіріп немесе көз алдына елестетіп сурет салады.
1-2 сынып оқушыларының негізгі назарын көріністердің кеңістіктегі
сызықтарының арасын бір-біріне жақын алған дұрыс. Көлемі кіші нәрсеге
немесе бейнелейтін заттардың ұқсас бөлшектеріне қысқа штрихтарды пайдалану
қажет. Ал ұзын штрихтар көлемді заттар мен үлкен жазықтарды бейнелегенде
қолданылады.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1-кезең. Алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің жалпы нұсқасын
тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару, сонан
кейін әрбір геометриялық делердің биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра
отырып бейнелеу.
2-кезең. Суретті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрамына
назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының
дұрыс болуына айрықша көңіл бөлуі қажет. Сурет салу барысында әрбір затты
салыстыра қарау үшін көмекші сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі
конструкциялық құрылымын табылған соң жарық пен көлеңкенің шекараларын
көмекші сызықпен белгілеп қою керек. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден
басталады.
3-кезең. Заттың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін
шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Әрбір заттың
өңінің көмескі не қараңғы болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне
байланысты. Суреттің өзін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін
анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек.
4-кезең. Бұл бейнеленген заттарды толықтай анықталу кезеңі деп аталады.
Мұнда сурет салу ерекшеліктеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен
жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз, біртұтас реңдік қатынасқа
бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар
аударамыз.

Талапкер суретші қылқаламды құшырлана қанағат сезіммен қолға алады,
оны айналадау ерекшеленіп тұрады. Мұны өз бойында үнемі сақтап отыру,
кітаптардан оқылған ережелермен сірестіріп қоймай, бұл ережелерді
сұрақтардың пайда болу және нақты творчестволық міндеттердің шешілу
дәрежесіне қарай, өз жұмысына біртіндеп енгізу қажает. Ең алдымен түрлі
ережелер мен мәліметтерді мүмкіндігінше көбірек жаттап алып, содан кейін
ғана жұмысқа кіріскен жөн деп ойламау керек. Бәрінен бұрын өз көзіне және
өзінің жеке сезіміңе көбірек сен. Оның өзінде жеке бастың практикасы, өз
тәжірибең теориялық білімдерді бейне бір басып озып, оларға деген жанды
қажетсінуді тудыруға тиіс. Талапкер суретші творчество арқылы үйренуге
тиіс.
Өз бойларыңды жанды қызығушылықты жұмысқа деген творчествалық
көзақрасты дамытыңдар. Мысалы, қандай да бір заттың өзіне қарап суретін
салу сияқты тіпті қарапайым міндетті шеше отырып, сендер мүмкіндігінше оның
атқаратын қызметіне терең ой жіберуге, сол заттың алуан түрлі қасиеттерін
белгілеуге, оның конструкциясымен формаларының ерекшеліктеріне, оның
үстіндегі жарық пен көленкенің құбылуына, заттың және оның
айналасындағылардың өң – түсінің ара қатынастарына назар аударуға
тиіссіңдер .
Авторға мейлінше қызықтыда сипатты болып көрінетіндердің бәрі
шығармада шынайы бейнеленуі тиіс.
Естеріңде болсын, егер сендер өздерің белсендіде табанды болмасаңдар,
өз еңбектерінің нәтижелерінің ой елегінен өткізуге ұмтылмасаңдар ешқандай
кітап еш бір жетекші сендерден суретші шығара алмайды.
Сендердің басты мақсаттарың – белсенді реалистік творчествоға
уйрену. Ал, мұндай творчествонын негізінде айналадағыны қырағы да, мұқиат
бақылай білу, бейнелеу үшін, көркем туынды жасау үшін басты, маңызды
нәрсені ұстай білу жатады.
Бұған үйрену, яғни өз бойында айналаға қарап, көре білу,
пропортцияларды, ауқымды формаларды, айналадағы заттардың түсін тауып,
дұрыс бағалай білу қабілетін бақылау объектісін нәзік сезіммен, әсерлі,
тұтас және обрызды түрде қабылдай білу қабілетін дамыту керек.
Әуесқой суретші графикаға немесе кескіндемеге декорацйалық-безендіру
өнеріне белгілі бір дәрежеде жеке іш тарта қарауы, оны жақсы қарауы мұмкін,
бірақ ол суретпен де, кескіндемемен де, композициямен де айналыспай,
кез-келген салада жақсы суретші болуға болмайтынын есте ұстауға тиіс. Онын
үстіне сурет және кескіндеме сабақтарында заттың өзіне қарап сурет салу
жұмысын есте ұстағандары бойынша жеке қиялы бойынша жасалатын жұмыспен,
ұзаққа созылатын және тез бітетін жұмыстармен міндетті түрде кезектесіп
отыруы талап етіледі.
Сонымен, жас суретші шығармашылық биіктерге барлық жағынан және бір
мезгілде шабуыл жасаған кезде ғана өзінің айналысқан жұмыстарында
табыстарға жетеміндеп үміт етуіне болады. Сурет - реалистік өнердегі барлық
нәрсенің негізі, ол форманың шын мәніндегі дамыған сезімін береді, мұнсыз
толық құнды кескіндеме жасау да мұмкін емес. Бірақ өз тарапынан суретшіге
мейлінше әсерлі көркемдік құралдар беретін кескіндемен де суретпен
айналысуға қолайлы ықпал жасайды. Ал суретсіз және кескіндеме суретші,
мейлі картина,плакат немесе театыр декорациясы болсын, композиция жасауға
дәрменсіз болады . Сурет салудың өзіндік ерекшелігі.
Табиғаттың суретін салу.Таңданарлық сияқты болғанымен айта кетерлік,
өзіне қарап тұрып пейзаждың суретін салу. Біренші ерекшелік – күн
мезгілімен ауа райына қарап өзгеріп отыратын күшті табиғи жарық. Кез келген
пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады.
Пейзажды жақсы сала білу ең алдымен осы элементтерді, әсіресе ағаштарды
сала білуге үйрене білу керек. Әйтпесе пейзаждың суреті өңсіз декорациялық
дақтардың жиынтығына айналады.
Осы өз творчествосы үшін заттың өзіне қарап жұмыс жасаудың қаншалықты
маңызды болғандығы жайында сүйіспеншілікпен шабыттана айтпайтын бірде-бір
реалист – суретші жоқ шығар.Ол суретшінің үйренуіндегі ең басты
бағыттарының бірі болып келеді және солай болып қала береді.
Заттың өзіне қарап жұмыс жасау процесі – творчестволық процесс, ол
парақты штрихтар мен және дақтармен көзге көрінбейтіндей етіп толтырудан
ғана тұрмайды. Өзінің едәуір бөлігінде бұл сырт көзге шалына бермейтін ішкі
процесс. Ол суретшінің қағазға немесе кенепке қол тигізуінен көп бұрын
басталады. Осы процестің бәрін үш сағатта сатыға бөлуге болады.
Суретші аспаптарды қолына алып, шығарма жасауға кіріспес бұрын оның
қандай да бір ой, болашақ шығарманың идеясы баурап алады да ол біртіндеп ой
түйініне айналады. Ал, мұның өзі қиялдау арқылы компазициямен ғана болып
қоймайда, заттың өзіне қарап жұмыс жасау үстінде суретшіде ең алдымен
түпкі ой түйініне қалыптаса бастайды, ол модельді немесе натюрмортты қою
кезінің өзінде, ал пейзаж жасағанда Ландшавтың белгілі бір бөлігін, жарық
түсу сипатын, көріну жағын таңдағанда одан әрі тұжырымдарға түседі.
Суретші өз жұмысының ақырғы нәтижесін – ол қандай болуға тиіс, өзі онда
нені көрсетуге ұмтылуға тиіс екенін, ол арқылы нені білдіргісі келетінін
жалпылама болсада да көз алдына алдын-ала елестетуге тырысады. Көлем,
формат, үйлестіру, түстердің көрінісі бір сөзбен айтқанда – бүкі
компазицияның шешуі суретшінің жеке ерекшелігіне, оның бойында түпкі ойдың
пісіп жетілуіне байланысты. Осындай ортақ принциптік шешім арнасында кейін
шығармада жасалады.
Творчестволық жұмыстың нақ осындай барысының маңыздылығын әуесқойлар көп
жағдайда түсіне бермейді.
Көпшілігі, оның алғашқы екі кезеңіне толық дерлік соқпай, бірден үшінші
кезеңге – орындауға кірісе отырып, шығарманы тезірек бітіруге тырысады.
Мұндай жағдайда жалпыдан жалқыға өту принципі елеусіз қалады. Іске былай
қараған кезде әусқой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Бастауыш мектеп оқушыларында бейнелеу өнерін пәнін оқытуда түсінік біліктерін қалыптастыру теориясы
Сызуды оқыту әдістемесінің жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Бейнелеу өнерінде сурет салуда қолданылатын құрал - жабдықтардың пайдалану реттері
Оқушыларға рельефті композиция үйрету тәсілдері «жібек жолы» өлшемі 100х80, кескіндеме, кенеп, майлы бояу
Естиярлар тобында сурет салу
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Сызуды оқыту әдістемесі
Пәндер