Мектепалды даярлық балалардың бейнелеу өнері арқылы ақыл - ойын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3 -4 бет
I Тарау.
Бейнелеу өнері негізінде балалардың кеңістікте ойлау қабілеттерін дамытудың теориялық мәселелері
1. 1 Бейнелеу өнері және балалардың ақыл - ойын арттыру туралы ой - пікірлер . . . 5 - 8 бет
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы кеңістікте ойлау қабілеттерін дамытудың өзіндік ерекшеліктері . . . 9 - 14 бет
IIТарау
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде бейнелеу өнері сабақтарында балалардың кеңістікте ойлау қабілеттерін дамыту жолдары
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс - әрекетінде кеңістік ойлау қабілеттерін арттыру міндеттері . . . 15 - 19 бет
2. 2. Балабақшадағы ересек топтарға бейнелеу өнері сабақтарында кеңістіктік ойлау қабілеттерін дамыту әдістері . . . 19 - 27 бет
Қорытынды . . . 28 бет
Пайдаланған әдебиеттер . …. 29бет
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі : Бүгінгі күнде біздің елімізде мектеп жасына дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Мектепке дейінгі мекеме - білім беру жүйесіндегі алғашқы буын ғана емес, сонымен бірге басқа да оқу-тәрбие мекемелерімен қатар деңгейде біздің қоғамдық құрылысымызға сай келетін баланың жеке тұлғасын, оның әлеуметтік бағдарларын қалыптастыру бағытында жауапкершілігі де жүктелген.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жаңаша даму үрдісінің ішінде жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесі қазіргі таңда ерекше орын алады.
Қазіргі қоғамда жас ұрпақтың ақыл -ой деңгейі өмірінде маңызды орын алады. Осы деңгейдің әр түрлілігі оның әлеуметтік ортада алатын орнына байланысты болады. Балабақшадағы, білім мен тәрбиесі, еңбек етудегі проблемалар, қоғамдағы және әлеуметтік ортадағы алатын орны адамның немесе баланың ақыл - ой дамуының деңгейінен тәуелді. Осыған қатысты ақыл - ойды дамыту үлкен мәселе болып отыр.
Жалпы бейнелеу өнері арқылы ақыл - ойдың дамуына Кэттел, Бине-Симон, Ж. Пиаже, Дж. Брунер, П. Я. Гальперин, М. Сторфер, Айзенк және т. б. ғылыми түрде дәлелденіп еңбек сіңірді.
Жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беру, оларды заман талабына сай жан-жақты дамып жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп тәрбиелеу, қалыптастыру кең көлемді және сан тармақты іс дейтін болсақ, оның ішінде келесі мәселеге айналып отырған танымдық ойындардың орны ерекеше. Жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беру оларды заман талабына сай, жан-жақты дамып жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп қалыптастыру, кең көлемді және сан тармақты іс дейтін болмақ, осыған жету баспалдағының алғашқы қадамы оның отбасындағы алатын тәрбиесіне байланысты болады.
Зерттеу мақсаты : Мектепалды даярлық балалардың бейнелеу өнері арқылы ақыл - ойын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау және оның әдістерін көрсету.
Зерттеу міндеттері : 1. Бейнелеу өнері негізінде балалардың кеңістікте ойлау қабілеттерін дамытудың теориялық мәселелері
2. Бейнелеу өнері және балалардың ақыл - ойын арттыру туралы ой - пікірлер
3. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде бейнелеу өнері сабақтарында балалардың кеңістікте ойлау қабілеттерін дамыту жолдары
4. Балабақшадағы ересек топтарға бейнелеу өнері сабақтарында кеңістіктік ойлау қабілеттерін дамыту әдістері
Зерттеу нысанасы : Мектепалды даярлық балаларының танымдық процестерінің және ақыл - ойының дамуын, дүниетанымын түрлі әдістер мен бейнелеу өнерінің түрлері арқылы қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Мектеп жасына дейінгі балалардың оқыту үрдісінде бейнелеу өнері арқылыақыл - ой тәрбиесі олардың жалпы, дамуының деңгейін белсендендіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері : Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми педагогикалық еңбектерге талдау жасау; бақылау, танымдық бейнелеу өнері арқылы зерттеуге арналған әдістемелік нұсқауларды, құралдарын зерттеп қорыту; ақыл -ойдың дамуы туралы мәселесі бар теорияны талдау
Зерттеу пәні : Мектепалды даярлық кезінде бейнелеу өнері арқылы балалардың ақыл - ойын тәрбиелеу;
Зерттеу көздері :
Психологтар мен педагогтардың ақыл - ой және мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл - ой тәрбиесінің дамуы туралы еңбектері, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Жалпы бейнелеу өнері арқылы ақыл - ойдың дамуына Кэттел, Бине-Симон, Ж. Пиаже, Дж. Брунер, М. И. Калинин өз үлестерін қосты.
I Тарау.
Бейнелеу өнері негізінде балалардың кеңістікте ойлау қабілеттерін дамытудың теориялық мәселелері
- Бейнелеу өнері және балалардың ақыл - ойын арттыру туралы ой - пікірлер
Ақыл - ой - қоршаған ортаға және мәдениетке жемісті бейімделуге қажетті дағдыларды меңгеру мен оны қабылдау қабілеті болып табылады. Біз үшін ақыл - ойдың анықтамасы ең құнды болып саналады. Мәдениет әлеуметтік өзара әрекеттесу және моторикалық жұқа координация тұрғыдан денелік даярлықтың, математикалық, мнемоникалық және тағы басқа дағдыларға талаптануы мүмкін. Әр түрлі мәдениетке бейімделуге қажетті қабілеттердің көлемі кең болғандықтан, бір мәдениетіндегі жоғары ақыл - ойы барбаланың ерекшеліктері басқа мәдениетіндегі жоғары ақыл -ойлы адамға қарағанда сапалы болуы мүмкін. Мысалы, қазіргі Америкада тілге, әдебиетке және бейнелеу өнеріне көп көңіл бөлінеді. Олардың айтуынша, осы саладағы адамның білімі мол болса, онда ол басқа сапалардан білімді балаларға қарағанда ақыл - ойы жоғары деңгейде дамыған деп санайды. Ал Калахариядан (Оңтүстік Америка) кунг-сан халқында керісінше, бұнда бірінші орынға аңшылық шеберлігі бар адамдарды қояды, ал Тынық мұхитының оңтүстігінде навигаторлық таланты ерекше бағаланады. Қандай қабілеттер ерекше бағаланатыны белгілі бір қоғамда қалыптасқан түсініктер мен наным-сенімдеріне, және өмір сүру жағдайда тірі қалуына қажетті нәрселерге байланысты болады.
Алғашқыда ақыл - ой жалпы жете білушілік ретінде қарастырылды, яғни кең ауқымды байқалатын қабілеттілікті көрсетті. Бірақ уақыт өткен сайын әр түрлі қабілеттер міндетті түрде біртұтас етіп құрылмайды деген пікірді жақтайтындар жоғарыда айтылған көзқарасты жоққа шығарды. Ақыл - ой көптеген мәселелерді шешуде айқын көрінетін жалпы қабілет немесе арнайы танымдық қабілеттер жиынтығы болып табылады ма? деген сұрақ бірнеше жылдар бойы шешілмей жүр.
Бұл сұрақтың бір жауабы болмаса да, көпшілік психологтар адамдар бір-бірінен белгілі бір қабілеттердің айқын көріну деңгейімен ерекшеленеді деген пікірге келіседі. Бір балалардың сөздік ақыл - ой деңгейі жоғары, екіншілерде кеңістіктік ойлауы жақсы дамыған, ал үшіншілерде сурет салуға деген данышпаны бар. Осыған ұқсас қабілеттер басқа да мәдениетінде байқалады.
Жан Пиаженің ақыл - ой даму теориясы. Пиаже мамандығы бойынша зоолог және адамның мінез-құлқын зерттеген кезінде тағы басқа тірі ағзалардың мінез-құлқын кірістіруге тырысты. Оның негізгі мәселесі - жануарлардың өмір тіршілігіне бейімделу болды. Ал адамның ақыл - ойының бейімделуді қамтамасыз етудің құралы ретінде қарастырды.
Пиаже жеке өзгешеліктер мен «ақыл - ойды тестілеумен» айналысқан жоқ. Ол адамның қалыпты дамуын ашып түсіндіргісі келді. Пиаже айналысқан екі аймақ - бейнелеу және эпистемологиялық - адамның ақыл - ойын дамуының зерттеуінде шиеленісті.
Біз Пиаженің дамуын жеке тұлғаның өмірінде немесе тарихи эволюцияда қалай болып жатқаны ретінде қабылдауымыз керек. Бірақ бір тұлғаның өмірінде дамуын түсіну үшін, біріншіден, оның тұтас педагогикалық бейнелеу бейімделу жайында айту керек.
Пиаже сөзімен айтқанда, «әрекеттерден басталатын абстракция бөлек бөлшектердің бекітілуіне немесе есептелінуіне ғана қатысты болмайды, ол міндетті түрде жоғары немесе төмен деңгейіндегі бөлшектерді проекциялау немесе рефлексиялау» арқылы қайта құрудан тұрады» [1; 101 б. ] .
Баланы сақтануға және тағы басқа нәрселерге оқытудағы мақсатқа бағытталған әрекеттер қолданылатын әдіс арқылы балада таң қалу сезімі байқалады, немесе сыншылдықты жете білсе жемісті болуы мүмкін. Өйткені мұндай тәжірибе балада жаңа бейімделгіш әрекеттерді қоздыруы және теңестіруі үрдісі іске асыруға мүмкін Бірақ оқыту маңызды нәтижелеріне әкелуі баланың қазіргі қандай даму кезеңде болатынына байланысты: яғни «Үйрету даму деңгейіне тәуелді».
Карл Юнг «ақыл - ой» ретінде анықтайтын адамды онша жақсы көрген жоқ. Ол бір мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқын былай талдады: «Бұл науқас нағыз бұзақы ретінде болмаған, тек, атап айтқанда, ақыл - ой болып, ақыл күшіне сенгені соншама, істеген жаманынан «өз ойынан қайта алады» деп түсіндірді [2; 96 б ] .
Ақыл - ойды дамыту үшін сурет салудың маңызы туралы М. И. Калинин былай деп жазды: «Сурет салуды үйреніп, әдеттенген адам әрбір жаңа затқа ерекше көзбен қарайды. Ол барлық жағынан шамалап байқап, сондай заттың суретін салады, және оның басында соның өзінде - ақ образ болды. Ал бұл заттың мәнінің өзіне ол терең енеді деген сөз» [3; 47 б] .
Затты дұрыс бейнелеу үшін ол туралы айқын түсінік болуы, яғыни заттың сипатты белгілерін, олардың бір - бірімен ара қатынасын, формасын, түсін көре білу керек. Мектепке дейінгі сәби жастағы бала өз суреттерінде бар болғаны ( кейде онша елеулі емес) неғұрлым бірнеше ашық белгілерін бөліп алады. Мысалы, адамның суретін сала отырып, балалар кейде көзде көзілдірікті, жоқ көйлектің түймесін салып, оларды негізгі детальдар деп есептейді. Мақсатты үйрету нәтижесінде балалар бейнеленіп отырған нәрселердің басты, елеулі белгілерін бөліп алады.
Бейнелеу іс - әрекеті процесінде балалардың айналадағы заттар туралы көзбен көріп ұғынуы нақтыланып, тереңдей түседі. Бала суреті кейде баланың зат туралы ұғымы дұрыс емес екенін дәлелдейді, бірақ суретке, мүсінге қарап бала ұғымының дұрыс - бұрыстығын кесіп айту әрдайым мүмкін бола бермейді. Баланың ойы оны бейнелеу мүмкіндігінен ауқымды да бай, өйткені ұғымдардың дамуы бейнелеу іскерліктері мен дағдыларының дамуынан басым болады. Оның үстіне, кейде мектеп жасына дейінгі балалар объектіге өзінің эмоциялық қатынастарын беруге ұмытыла отырып, бейненің көлемі мен түсін саналы түрде бұзады. Мәселен, бала әскерлерінің алдында кетіп бара жатқан командирдің маңызын көрсету үшін оның көлемін үлкейтеді; жақсы көретін заттарын ашық түске бояйды.
Бала бір объектінің суретін салған кезде ие болған іскерлігін біртектес объектілер қатарын бейнелегенде өз бетімен пайдалана алуы үшін, ол ұғымдарды жалпылап, реттей білуге тиіс. Қазіргі кезде іс - әрекеттің алуан түрлерімен байланысты баланың ойлау қабілетін дамытудың ерекшелігі туралы мәселе айтарлықтай терең зерттелген. Мектепке дейінгі жаста, практикалық жүмыс процесімен тікелей байланысты ойлаудың көрнекі - әрекетті формаларынан басқа, ойлаудың неғұрлым жоғары дәрежеде дамуы - көрнекі - оброзды ойлау да болуы мүмкін. Бала ақыл - ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып, содан кейін әрекет ете бастайды.
Көрнекі - образды ойлау қабілетін дамыту үйрету процесі кезінде жүреді. Белгілі педагог Н. П. Сакулинаның зерттеулері мынаны көрсетті: бейнелеу тәсілдерін ойдағыдай меңгеру және әсерлі образды жасау кейбір заттар туралы айқын ұғымдарды ғана емес, сонымен бірге заттың сыртқы түрінің, оның заттар немесе құбылыстар қатарындағы қызыметімен байланысын белгілеуді де талап етеді. Сондықтан балалар сурет салуды бастар алдында өздерінде қалыптасқан түсініктердің негізінде ақыл - ой міндеттерін шешеді, содан кейін осы міндеттерді жүзеге асырудың әдістерін іздестіреді. Мектепке дейінгі ересек жастағы бала өзі сезім жолымен қабылдамаған нақты және фантастикалық образдар жасауға қабілетті болады. Балалар суреттеріндегі образды бастама тиісті тәрбие жұмысы жүргізілген кезде мектепке дейінгі кішкентай жастың өзінде - ақ пайда болатынын бұл саладағы соңғы зерттеулер көрсетіп отыр ( қараңыз: Т. К. Казакова «Рисуют младшие дошкольники». М., 1971) . В. А: Езикееваның зерттеулері 4 - 5 жастағы балалардың жасаған образы олардың тәжірибе жинақтауы мен шығармашылық процесіне ақыл - ой белсенділігінің артуымен қалай өзгеретінін көрсетіп береді.
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерін арқылы кеңістікте ойлау қабілеттерін дамытудың өзіндік ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістік жайлы ойы, кеңістік туралы жеке түсініктердің негізінен жинақталады. Сондықтан кеңістік туралы жеке түсініктерді дамыту үшін олардың кеңістіктің сипатын дұрыс байқап, дұрыс қабылдауына басшылық жасау қажет. Кеңістіктің сипатын білдіретін бірнеше құбылыстар мен олардың өзара байланыстарына көрнекі құралдар пайдалана отырып анқтама беру орынды. Көкжиек сызығы, заттың кеңістіктегі орны, ауа және сызықтық перспиктива, кеңістіктегі заттардың өлшемдерінің өзгеруі және кеңістіктегі қашықтық сияқты түсініңктердің бір - бірімен өте тығыз байланысы бар. Сондықтан оқушылардың бұл түсініктерді меңгеру негізінде кеңістік туралы ой толыға түседі. Кеңістік ұғымын дамытуға қажетті көрнекі құралдар әсіресе нұсқаға қарап сурет салу мен тақырыптық сурет салу сабақтарында жиі қолданылады.
Кеңістікке қатысты түсініктер беруге арналған көрнекіліктер ішінде - таблица түрінде жасалатын құралдар заттың кеңістіктегі орны, кеңістік формасы, өлшемдер мен тоналъдық қатынастар, кеңістіктің жарықтануы сияқты түсініктер беруге мүмкіндіктер мол. Мұндай көрнекі құралдар, әсіресе, жаңа сабақты түсіндіру кезінде қолданылады. Ал кейбір жағыдайларда балалардың бейнелеу сабағына деген белсенділігін арттыру мен бейнелеудегі қателіктерін болдырмау мақсатына байланысты қолданылады. Мысалы, балалар бейнелеу жұмысында сызықтардың перспективалық қысқаруын біле бермейді. Жақындағы мен алыстағы өлшемдерін бірдей етіп алып, перспективаның мәніне түсінбегендігін байқатады. Мұндай жағыдайда өлшемдердің перспективалық қысқартуын көрсететін демонстрациялық құрал өте қажет болатыны сөзсіз. Балалар кейде кеңістіктегі тональдық қатынастарды дұрыс бере алмайды. Заттың тональдық қатынастарын түсіндіру үшін арнайы көрнекі құрал жасау қажет.
« Горизонт сызығы» - бейнелеу өнерін оқыту барысында берілуге тиіс түсініктердің бірі. Баланың горизант сызығы туралы түсінігі болмаса, заттың кеңістіктегі орнын, перспективалық қысқаруын білмейді. Горизант сызығын білу арқылы балалар кеңістіктегі заттың көз деңгейінен жоғары немесе төмен екендігін, бұл оқушылардың кеңістікті дұрыс бейнелеуіне ықпал етеді.
Тек қана кейбір адамдар ақыл - ойы жағынан ең жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндіктері бар деген сұрақтан біз қаша алмайтындай ретінде қабылдауымыз керек пе деген мәселе туындап отыр . «Біздің оны қабылдауымыз міндетті емеспіз», - деп Маргарет Дональдсон жазады. «Адамның ақылына дағдылар ұсынатын мәнді қиындықтардың табиғаты бұрыс ұғынылады. «Абстрактылы ойлаудың» қиыншылықтары белгілі болса да, бізге қажетті айқын және түрлі түсініктер жетпейді . . . Әрине, бұны қалай іске асыру мәселесін әлі де бізге ашу қажет». [4; 38 б ] . Бірақ егер біздің білімдерімізді дұрыс бағыттап, және жеткілікті етіп қоғамдық көмек берілсе, онда маңызды өзгерістерге алып келуге болады.
Мектепке дейінгі шақта іс-әркеттің жемісті түрлерін игеруге байланысты балалар іс-әрекеттерінің күрделі түрлері қалыптасады, осының арқасында олар тексерілген заттың өзіне тән ерекшілігін білір алады. Мысалы, суретте, құрастыруда, құрауда заттың күрделі формасын көзге елестетуге тырысқан, бірақ бұл форманы әлі егжей-тегжей қабылдауды білмей тұрғанда, бала байқап көру арқылы іс-әрекет жасайды. Балалар салған суреттер, жасаған құрастырулар, сұрақтар заттардың біршама дәл моделін көрсетеді. Осы модельдерді заттармен салыстыруда (әдетте, улкендердің жетекшілігімен) қателерді, үйлеспеушілік-терді байқайды және оларды түзетуді үйренеді.
Қабылдау іс-әрекеттерін оқыту да сенсорлық эталондармен таныстыру сияқты балаларды іс-әрекеттің жемісті түрлеріне үйретумен байланысты өткізіледі. Мұндай үйрету іс-әрекеттердің түрлерін байыта түседі. Сонымен бірге заттардың қасиеттері және оларды тексеру тәсілдерімен балаларды жүйелі таныстыру үшін арнаулы сабақтар да енгізеді, біртіндеп күрделілене түсетін дидактикалық ойындар мен жаттығулардың жүйесін пайдаланады.
Музыка әуендерін және сөздің дыбыстарын қабылдауда сенсорлық тәрбие ерекше мәнге ие болады, форманың немесе түстің жеке түрлері сияқты дыбыстар қасиеттерін зат түрінде көзге елестетуге болмайды, олармен ығыстыру, түйістіру т. б. түрлі әрекеттер де атқарылмайды. Дыбыстар қатынастары кеңістікте емес, уакыт ішінде өріс алады, бұл оларды бөле қарау мен салыстыруды қиындатады. Есіту қабылдауының іс-әрекет-тері көру қабылдауы заңдары бойынша қалыптасады, бірақ бұл басқа формада өтеді. Дыбыстар қасиеттерін тексерудегі сыртқы бағдарлау іс-әрекеттері баланың осы қасиеттерге ез қимылдарын тек алдымен дауыс шымылдығының қимылдарын үндестіруден, икемдеуден тұрады. Ол алдымен әуенді әндетеді, сөздін, дыбыстарын айтып береді. Бала алдымен әуенді, бір-біріне біріккен, ажыратылмаған сөздерді есітеді. Мектеп жасына дейінгі баланың күй сарынын аңғаруы, сөздегі дыбыстарды ажырата білуі естілетін дыбыстардьщ ерекшеліктеріне сәйкес оларды қайталау үшін дауыс аппаратының қимылын мүмкіндігінше өзгертуді меңгеру дәрежесіне қарай пайда болып дамиды.
Мектепке дейінгі шақта суретті кабылдау үш бағытта өтеді: біріншіден, болмыстың бейнесі ретіндегі суретке деген көзқарас өзгереді, екіншіден, суреттің болмыспен арақатынасын дұрыс белгілей бІлуІ, яғни суретте не бейнеленсе, соны көре білуі дами бастайды, ақырында, суретті талдай білуі, яғни оның мазмұнын түсінуі жетіле бастайды.
Мектеп жасына дейінгі естиярлар сурет пен болмыстыд байланысын бірқатар дәрежеде игеріп алады. Атап айтқанда, таныс заттардыц перспективалық бейнелерінің салыстырмалы шамасын дұрыс анықтауды, көп қатарлы үйдің бір қатарлы үйден үлкен екендігін айтып береді. Бірақ, бүл тек таныс заттарға ғана қатысты. Бейнеленген заттардын қасиеттері мен олардың арақатынастарын дұрыс қабылдай білу үшін тек қана суреттің болмысқа қатынасын түсініп қою жеткіліксіз. Суретті сәйкестендіре салатын бейнелеу өнерінің нормалары мен ережелерін балалар әлІ білмейді. Олар үшін әсіресе перспектнваны меңгеру қиынға түседі. Егер суретте балаға бейтаныс заттар немесе формасы мен шамасы түрліше болып келетін заттар (оғаштау т. б. ) бала бұларды бейнелердің өздерінің абсолюттік шамасы мен формаларына байланысты қабылдайды. Мәселен, олар алыстатылған шыршаны ең кішкене деп, төңкерілген тарелканы сопақша ыдыс деп бағалайды. Балалар суреттердің өзге ерекшеліктерін де бұлжытпай кабылдайды; жарықтың көлеңкесі жұққан кір, кейінірек орналасқан және басқалардың қасында қалған заттар олардьщ сынығы ретінде бағаланады.
Тек мектепке дейінгі шақтық соңына таман балалар перс-пективтік бейнелерді дұрыс бағалай бастайды, бірақ бұл кездің өзінде де бұл баға көбіне үлкендерден үйренген сол бейненің ережелерін білуге негізделеді (не алыста болса, сол суретте кішкене сияқты, ал не жақын болса, сол үлкен секілді көрінеді), бірақ бұл перспективтік катынастарды тікелей қабылдаудың нәтижесІ емес. Суретте бейнеленген алыс зат балаға кішкене сияқты болып көрінеді, бірақ бала оның үлкен екенін шамалайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Бірішісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттер мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаның толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Заттардың қасиеттерін бағдарлаудың дамуы. Балалық шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің біркатары үлгінін орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан кепшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз - қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер . Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарынық үзақтығы, тағы басқалар жатады. Бұлар адамзаттың тарихи дамуының барысында пайда болған, адамдар оны үлгі, өлшем ретінде пайдаланады, осылардың жәрдемі арқылы сәйкес қасиеттер мен қатынастарды анықтайды және белгілейді. Мысалы, пішінді қабылдауда геометриялық фигуралар (дөңгелек, квадрат, үшбұрыш, тағы басқалары) жөніндегі түсініктер, түсті қабылдауда, түстін, жеті спектрі, ақ және қара түстер женіндегі түсініктер эталон бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz