Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың теориялық негіздері

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері . . . 8

1. 2. Жанұяда бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін (гумандық қасиет) дамытудың теориялық негіздері . . . 14

1. 3. Жанұя - бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың негізгі факторы . . . 22

ІІ - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының педагогикалық шарттары.

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі ерекшеліктері . . . 31

2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны мен

әдіс - тәсілдері . . . 42

Қорытынды . . . 50

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі.

XXI ғасырда адамзат қоғамының бәсекелестік, ақпараттандыру заманына лайықты биік белестерден көрінуі - Мемлекет Президентінің жолдауында атап көрсетілгендей, тәрбиенің сапалы болуына, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты.

Бүгінгі таңдағы жанұя тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім - тәрбие тұжырымдамасында тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі “дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар - ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу”, - деп көрсетілген.

Жанұя тәрбиесінің негізгі мәні - жанұядағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Жанұя - бастауыш сынып оқушысы үшін өніп - өсетін, тұлғалық қасиеттерін дамыта алатын бесігі, ал оқу орны - екінші алтын ұясы, жанұя мен мектепте әрбір оқушының бойындағы жеке қасиеттерді, тәрбие мен білімінің негіздері қаланады.

Ынтымағы жарасқан отбасында әрбір бала өзара қамқорлық пен татулыққа, үйіші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, кішіпейілділікке, адамгершілікке және т. б. жағымды қасиеттерді бойына сіңіреді.

Ата - ананың жанұя тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруы - балалардың тәртіптілігі, ұқыптылығы, ұйымшылдығы әрнәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, үлкендерді құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің дамуына және қалыптасуына зор мүмкіндік туғызады.

Бастауыш сынып оқушыларының өзара және мұғаліммен қарым-қатынас жасауы, мектепке енуі - отбасынан басталады. Сондай-ақ жанұяның баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі ерекше. Баланың жанұяда тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени ортасы қалыптасады, сезімдік күйлері орнығады.

Баланың бойында жағымды қасиеттердің қалыптасуы үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы қажет. Ол ата - анасының өзіне қандай қамқоршы екенін көрумен қатар олар бір-біріне де сондай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесінің өз әрекеттері арқылы қуантып, силап, құрметтеуді, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату - тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір - біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануынан, соған орай ер - зайыптылық және ата - аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.

Жанұяның негізгі міндеті - баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі - негізінен жанұяда, яғни “жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада және ұяда” дамып, қалыптасып нығаяды.

Мұнда, әсіресе, жанұядағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдері қалыптасады.

Өз ата - анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата - аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.

Баланы тәрбиелеудегі жанұяның ролі Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский еңбектері жетекші орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы “Аналар мектебі”, -деп көрсетіледі. Өйткені, бала кішіпейілділіктің, достықтың, адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында алып, алғашқы адамдық қасиеттерін қалыптастырады.

Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады. Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек.

Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев жанұя тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден - бір формасы болып келеді. Адамзат тарихындағы жанұя тәрбиесінің тәжірибесі көптеген педагогикалық теориялардың пайда болуына алып келді.

Педагогикадағы жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін фактор ретінде жанұя тәрбиесінің ролі туралы ежелгі Рим философы Квинтилион, педагогика ғылымының негізін салушы Я. А. Коменский, ағылшын философы Дж. Локк, француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо, Швейцар педагогы И. Г. Пистолоций, орыс педагогы К. Д. Ушинский, ұлы жазушы Л. Н. Толстой, қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин және А. Құнанбаев, кеңес педагогтары Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, С. Т. Шоцкий, қазақ зиялылары М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.

Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда жанұя тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата - анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы да сол сияқты тұлғалық қасиеттер баланың кішкентай кезінен жанұяда және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым - қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Соңғы жылдары Азаров Ю. П., Гребенников И. В., Лихачев А. И., Петров Ю. П., Пинт А. О., т. б. жанұядағы тәрбие мәселелерін зерттеген ғалымдар. Ал Қазақстанда Айтманбетова Б. Р., Қоянбаев Ж. Б. отбасының мектеппен ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің бірі - оның адамгершілігі. Баланың адамгершілігі - мектеп, ұстаз, отбасы т. б. педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады. Мектеп пен ата - ана арасындағы байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету бүгінгі сынып жетекшінің міндетіне жүктелген үлкен жауапкершілік болып отыр.

Жанұя - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда жанұя екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген баланың тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

“Баланың құқы жөніндегі конвенцияда” (1989) жанұяда баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Жанұяда бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің дамуына, қалыптасуына ата - ананың, жанұя мүшелерінің қарым - қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Тек осындай ізгілік мұраттар жанұяда орын алғанда ғана Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт - дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала жанұядан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз “Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді”, - деп текке айтпаған.

Көптеген психологтар М. Мұханов, Қ. Жарықбаев, А. Петровский және т. б. ғалымдардың айтуы бойынша бастауыш сынып кезеңі орта мектеп оқушыларының I - IV сыныптарын және 6-11 аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің негізгі психологиялық ерекшелігін оның өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез - құлқында, санасында күрделі, ол кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез - келген өтпелі күй сияқты бұл кезең “көзі ашылмаған балалықтай” даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады.

Педагогикалық - психологиялық әдебиеттерге талдау жасау барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда жанұя тәрбиесі мәселелерінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс тапқандығын көрсетеді. Бұл кезең оқушылардың жеке тұлға болып дамуының және қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылатындықтан жанұя тарапынан берілетін тәрбиенің мәні аса маңызды. Алайда жанұя тәрбиесінің маңыздылығы мектеппен бірлесе отырып жұмыс атқарса, онда жемісті болар еді. Сөйтіп, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда жанұя тәрбиесінің ғылыми теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасындағы қайшылық айқын байқалады. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролі”, - деп алуға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысы.

Зерттеу пәні: Жанұя тәрбиесінде бастауыш сынып оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту үрдісі.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін және оны дамытудың негіздері ғылыми - педагогикалық тұрғыда негіздеу.

2. Жанұя тәрбиесінде бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық шарттарын айқындау.

3. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұнын, әдіс - тәсілдерін айқындау.

Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Бәйдібек ауданындағы Алмалы негізгі мектебінде өткізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері.

Қазіргі таңдағы ұлттық тәрбие беру жүйесінде бастауыш мектеп кезеңі бала өмірінің алты, жеті жастан - он, он бір жасқа дейінгі аралықтағы кезеңді қамтиды.

Бастауыш сынып кезеңіне тән негізгі белгілері мынадай: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Мұнда баланың өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтық белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең болып саналады. Бұл белгілер оның мінез - құлқында санасында күрделі, ол кейде қиыншылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез - келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері нақ осы бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген ғалым - психологтарының ерекше назары, бастауыш сынып оқушыларының дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды ары қарай оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттері туралы мәселелерді Ресей - Кеңес ғалым психологтары: А. В. Петровский, Р. С. Немов, В. С. Мухина, С. Ф. Жустков, Д. Б. Эльконин, Л. В. Заньков және тағы басқалар. Ал Қазақстандық ғалым психологтар: Қ. Жарықбаев, М. Мұханов және тағы басқа еңбектерінен кездестіруімізге болады.

Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар.

Баланың класқа келген алғашқы күннен - ақ оған оқушының сабақтағы, жанұядағы және қоғамдық орындардағы мінез - құлық ережелерін айқын да, нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасын, міндеттерін және құқығын бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығы дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету - бастауыш сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес, олардың тіршілігін ұйымдастыруа қажетті шарт болып табылады.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиетінің дамуында «Мен» деген ұғымның мәні жатады. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болғаны жақсы. Егер бастауыш сынып оқушысының өзі жөніндегі бағасы, құрбыларының бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасына төменге түседі, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиеттерді тек «Мен» деген сала тұрғысынан бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік - жігері қандай, ашуланғыш не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай екендігін қарастыратын болсақ, бастауыш сынып оқушысына қойылатын талаптарды мөлшер немесе норма деп атайды. Балада мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын не болмайтынын әбден жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін, бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы, сабаққа кешігіп, не берілген тапсырманы орындамай келуге болмайды. Тапсырманы орындамаса, сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұл «нормаларды» бұзуға жатады. Әуелгі кезде осыған үйрене алмай қиналатын болады. Бірақ, бірте - бірте мөлшерлерді орындауға үйрене бастайды. Бұл мөлшерлерді норма дейтін себебі осыларды орындау дәлелденген және дәстүр болып кеткен.

Жалпы алғанда, осылардың бәріне бірдей тән қасиеттері мынада: әуесқой, ақкөңіл, өзгелерге жәрдем бергісі келіп, дәрменсіздерді не қарт адамдарды аяп, соларға қамқорлық көрсеткісі келетінінде. 7 - 8 жастағылардың әуесқойлылығын алсақ, өзгелерге сұрақ қойғанды, мектепке дейінгілер сияқты «Бұл не ?» деп сұрамайды, «Бұл неліктен ?» - дейді. Сұрақтарды осылай құруда үлкен мән бар, өйткені бастауыш сынып оқушылары нәрсенің не екенін ғана білгісі келмейді, соның бәлендей сырын, себебін білгісі келеді.

Бастауыш сынып оқушысында кейде ашуланғыштық қасиеті де болып тұрады. Баланы үйінде көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп - пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда, «Жақсы» , « Өте жақсы », деген баға алса, жұрттың көзінше, соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Бастауыш сынып оқушысының ерік - жігерін недәуір қалыптасып қалса да, кейде өзін - өзі меңгере алмайды, импульстік іс жасап қалатыны кездеседі. Импульстік іс - деп ойланбай, не болса соған қызып, бірдеңені бүлдіріп алуды айтады. Осындай жайт, баланың тәртіпсіздігінен емес, импульстік іске өзінің икем келуіне, яғни өзін - өзі меңгере алмауынан кездеседі.

Бастауыш сынып оқушысының өз құрбыларымен қарым - қатынасы әртүрлі және осының өзі бұрын бала - бақшада өстіме, соған орай келеді. Бұлардың ұжымшылдық қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі І - сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары өзгелерден бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір - біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны. Бірақ 2 - 3 сыныптарда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір - біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлығы өзара достасып, бірі өзгесіне мейірімді келе бастайды.

Бастауыш сынып оқушыларындағы басты қажеттілік - оқушы болу. Ол сыртқы пішіні мен, оқуда озат болу ниетімен, оқушының мінез - құлқымен, «мектеп оқушысын» алдымен мұғалімнің, содан соң құрбыларының тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптанумен айқындалады.

Оқушының тұлғалық бейнесі осы міндетті өтудің көрінісі. Бұл жаста баланың бойында өзін оқушы сезіну, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін «екінші» немесе «үшінші» оқушысымын деген мақтаныш сезімі билейді.

Жеке басының тұлғалық дамуының мүмкіндіктері: Оқудағы таңдаулар - бұл сапалы білімді, оқу қызметін түсінуді қалыптастыру, қарым - қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне саналы түрде бірінші кезең ретінде қарау, қол жеткен табысты нығайту.

Жоғарыда қарастырылған бастауыш сынып оқушыларының жеке басының дамуы мен психологиялық ерекшеліктерін жалпылай келе, бұл жас кезеңнің тұлғалық қасиеттерін №1 сызба түрінде көрсетуге болады.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттері - мейірімділік, кішіпейілділік, тәртіптілік, ақкөңілділік, сүйкімділік және т. б. жалпы адамзатқа тән гумандық қасиеттердің жиынтығы болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының болашақта жақсы азамат болып өсуіне құрбыларымен, мұғаліммен, ересектермен дұрыс қарым - қатынаста болуы үшін және тұлғалық қасиеттерінің дамуы үшін гумандық қасиеттің алатын орны зор. Осыған орай, олардың бойында жағымды ізгі қасиеттерді дамытуда тікелей жанұя тәрбиесінің ролі зор екендігін айтуға болады.

А. В. Петровский өз еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының жеке басының даму мүмкіндіктерін жан - жақты сипаттайды. Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу мектепке дейін басталады. Алайда, ол мектепте ғана орындалуы үнемі де мақсатқа бағытталып отыратын моральдық талаптардың айқын да, кең жүйесіне кездеседі. Бастауыш сынып оқушыларына мінез - құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретілді, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым - қатынас жасаудың әртүрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте, жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. Балаларда мінез - құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің көңіл - күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуының ең қауіпті жауы - мінез - құлық нормалары мен ережелер жалған сипатта және ішкі қажеттіліктер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады.

Балалардың мінез - құлық нормалары мен ережелерін шын мәнінде және негізінен игеруі алдымен мұғалімнің олардың орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістер мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтау және ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке бұдан кем емес міндетті және тиісті шаралар қолдану - бастауыш сынып оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер - жеке адамның ішкі және табиғи жетістігі болады.

Бастауыш сынып оқушыларының өзара және мұғаліммен қарым - қатынасты бағдарлауының алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (тұйықсыздық, әдепсіздік) . Бірақ, балалармен өзара қарым - қатынасты орнату барысында әрбір оқушы өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді.

1. 2 Жанұяда бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін (гумандық қасиет) дамытудың теориялық негіздері.

Бүгінгі салауатты жанұя - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек жанұяда ғана дамып, байыта түседі. Адамдарды өзара түсіністікке алып келетін шынайы тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты жанұяда қалыптасады. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала жанұяда алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпалы ерекше болғандықтан жанұя тәрбиесіне әлеметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөліп, « жанұя» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Мәселен, Р. Н Нұрғалиевтің 1996жылы жарық көрген философиялық сөздігінде Жанұя - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналармен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастарының және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы деп аталған.

Ж. Б Қоянбаевтың « педагогикалық еңбегінде»: Жанұя - баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық пен өмірге деген көзқарасын қалыптасатын дәлелдеп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Арнайы педагогика және қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Педагогика. Оқулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz