Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Б і л і м ж ә н е Ғ ы л ы м М и н и с т р л і г і

Қ. А. Я с а у и а т ы н д а ғ ы Х а л ы қ а р а л ы қ қ а з а қ - т ү р і к у н и в е р с и т е т і

«Тарих-педагогика» факультеті

«Жалпы психология» кафедрасы

Тақырыбы: Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., доцент Садуова Ж. Н

Орындаған: Көлбаева Л. ППП-715 тобының студенті

Түркістан - 2010 ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
3: 8
: 1. 1
Кіріспе: Ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі кәсіби құзіреттіліктің жәйі және оның оқыту үрдісіндегі көрінісі
3:
: 1. 2
Кіріспе: Оқыту үрдісінде педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру арқылы бiлiм сапасын арттыру мүмкіндіктері
3: 13
: 2
Кіріспе: Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары
3: 22
: 2. 1
Кіріспе: Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін белсендіру
3: 30
: 2. 2
Кіріспе: Тәжiрибелiк-педагогикалық эксперименттiң нәтижелері мен тұжырымдары
3: 35
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 41
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
3: 42

Кіріспе

Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, ғылым мен мәдениет салаларындағы жетістіктер жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді. Әсіресе бүгінгі таңда жоғары мәдениетті маманға қажеттілігі байқалып келеді.

«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын» даярлау барысында білім беру қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттері анықталды, онда бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары - кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жоғары, дүниетанымдық көзқарасы мол, кәсіби құзіреттілігі қалыптасқан, шығармашылық ойлауға дайындалған, іскерлік қабілеттілігі жетілген, адамгершілік қасиеттері жоғары білікті мамандардың жаңа ұрпағын даярлау қарастырылған.

Болашақ мамандардың құзіреттілігін жалпы мәдени тұрғыда қалыптастыру заман талабы. Болашақ мамандардың құзіреттілігін мәдени материалдары негізінде қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Мұндағы басты талаптардың бірі - ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген.

Ал өткен жылғы Жолдауында Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуді, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуды қажет деген болатын.

Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты - бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.

Жалпы мәдени құзыреттілік қасиет адамның белсенді өмірін, оның кәсіби өмірі мен әр алуан әлеуметтік салаларды бағдарлайтын қабілетін анықтайды, сонымен бірге оның әлеуметтік санасы мен ішкі әлемін үйлесімділікке жетелейді. Алдына белгілі бір мақсат қоя білетін әрі сол мақсаттарға қол жеткізу жолдарын қарастыруға, ерікті шешім қабылдауға, әрі олардың орындалуын өз жауапкершілігіне алуға қабілетті, жігерлі, беделді мамандарға қоғамда қажеттілік туындап отырған сәтте осындай көп қырлы сапаның маңыздылығы арта түсуде.

Сонымен қатар, жалпы мәдени құзіреттілігінің негізін салушы санатындағы жоғарғы оқу орнының заманауи оқу үдерістері осы күнде дәстүрлі жағдайынан өзгермеген, әрі аталған мәселені шешуге арналған толыққанды мүмкідіктер жасалынған.

Бүгінгі таңда «жалпы мәдени құзіретті» тұлғаға бірыңғай көзғарастардың жоқтығын ғылыми жұмыстарға талдау жасау барысы көрсетті. Жалпы мәдени құзіреттіліктің жұртшылыққа белгілі құрылымы жоқ, әрі оны бірегей айқындайтын анықтамалар да белгіленбеген. Жалпы мәдени құзіреттіліктің қалыптаспағандығы студенттердің тұлғалық өсуіне және барлық оқу үдерістерінің тиімді болуына кері әсер етуде.

Сонымен, қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық негіздегі мәдениет, құзіреттілік мәселелерінің мән-мағынасына, жалпы адамзат қоғамындағы олардың рөліне айрықша мән беруде. Дегенімен де, болашақ мамандардың жалпы мәдени құзіреттілігі негізінде қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр.

Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді. Олай болса, педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіретттілігін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, кәсіби құзіреттіліктің анықтамалық, ғылыми негіздемесін жасауда, педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын: « Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру » деп таңдауымызға себепші болды:

Зерттеу объектісі. Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісі.

Зерттеу пәні. Жоғары оқу орнындағы педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар жиынтығы.

Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орнындағы педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы. Егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілгін қалыптастыру ғылыми-педагогикалық жағынан негізделіп, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік түрғыда қамтамасыз етілсе, онда педагог-психолог мамандардың танымдық белсенділігі артуы негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы қалыптасады.

Зерттеу міндеттері:

1. Педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыда неіздеу және оны қазіргі кезең жағдайында дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.

2. Бәсекеге қабілетті болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық шарттарын жасау :

- инновациялық технологиялар арқылы.

3. Жоғары оқу орнындағы студенттердің танымдық белсенділігін
қалыптастырудың нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

« Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру проблемасының теориялық негіздерін саралай отырып, осы мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасалынып, мазмұны мен мәні ашылып көрсетілді.

«Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары» атты екінші бөлімде педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері мен шарттары ұсынылып, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың нәтиежелері мен қортындылары жасалынды.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтиежелері мен тұжырымдары мазмұндалды, қарастырылып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

Қосымшада кәсіби құзіреттілігін анықтау мақсатында студенттерге, оқытушыларға сауалнама сұрақтары ұсынылды.

I бөлім Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі кәсіби құзіреттіліктің жәйі және оның оқыту үрдісіндегі көрінісі

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің өткен жылғы Жолдауында алдағы он жылдың міндеттерін саралап көрсетіп, соның ішінде осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауға, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануға қатысты ойларын айтқан[1] .

Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалық қоғам қажеттіктері деңгейі арасындағы қайшылықтар айқын байқалуда. Өйткені, заман талабы педагог мамандардың құзыреттілік сапаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр.

Мысалы, Болон процесі оқытудағы білім, білік, дағдыға қоса құзыреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған қажеттілік деп бағалайды.

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты - педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі[2] .

Еуропалық білім кеңістігінде қоғамға қажеттік, мобильдік, өзара сенім білдірудің ең басты шарты алынып, сапа көрсеткіштері ретінде құзыреттіліктер қарастырылуда.

Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар - «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады[3] .

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның біріншісіне «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша-қазақша сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді[4] .

Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н. Кузьмина, А. Маркова, К. Махмурян, т. б. ) немесе ерекше қабілеті (ДЖ. Равен, Р. Уайт, Х. Хершген, т. б. ) деп түсіндіреді[5] .

Өмірдің өзгермелі жағдайында құзыретті тұрғы білім берудің практикасы мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретінде ахуалы. Немесе құзыреттіліктің бар-жоғын анықтау үшін қарым-қатынас, педагогтік еңбек нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына қарап пайымдау қажет. Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс-әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса, кәсіби құзыретті болып саналады. Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі - кәсіби-әдістемелік құзыреттілік, екіншісі - іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі - әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі және төртіншісі - жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық[6] .

Мұғалiм - ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi. Қазіргі кезеңде болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің даму үрдісіндегі мазмұны мен құрылымы анықталды. Олар: деңгейлік, міндеттік, профессиографиялық [7] .

Педагогикалық мамандық бір уақытта өзгертуші әрі басқарушы ммандық болып табылады. Ал тұлғаның дамуын басқару үшін құзыретті болуы керек.

Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.

Ш. Таубаева: «Құзыреттілік - ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады[8] .

«Құзыреттілік - білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері».

Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін оның теориялық және практикалық дайындығын және профессионализімін атайды. (В. А. Сластенин) [9] .

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы мүмкіндіктері. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек.

Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі (В. А. Мижериков) [10] .

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруі керек, сонымен бірге ол білімдерін нақты бір ситуацияларды қолдан алуы қажет. Кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісінде шебер болуын анықтайды деп айтуға болады.

Осыған байланысты білім алушылардың кәсіптік білімдерінің, шеберліктерінің, дағдыларының және құзыретінің ара қатынасына байланысты сұрақтар терең зерттеуді талап етеді. Мамандардың кәсіптік құзыреттілігі арқылы теориялық білімдерді тәжірибелік іс-әрекетке пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру қажет.

1. 2 Оқыту үрдісінде педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру арқылы бiлiм сапасын арттыру мүмкіндіктері

Құзыреттілік-бағдарлы білім беруді түйінді мәселені шешуге дайындық, технологиялық құзырет, өзіндік білім алуға дайындық, әлеуметтік әсерге дайындық, коммуникативті құзырет деп бөлуге болады. Құзыреттілік түрлерін адами икемділік түрлерімен салыстырмалы түрде былай жіктеуге болады: құнды-мағыналық-мақсатты таңдау, шешім қабылдау икемділігі, жалпы мәдени-бос уақытты тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру икемділігі, оқу-танымдық- проблеманы шешудің эвристикалық тәсілін меңгеру икемділігі, ақпараттық-қажет ақпаратты іздеу, талдау, түрлендіру, сақтау және оны тасымалдау икемділігі, коммуникативтік-өзін-өзі таныстыру, сұрақ қою, хат, өтініш жазу икемділігі, әлеуметтік-еңбек-айналада болып жатқан өзгерістерді талдау, өзара қатынас этикасын білу икемділігі, тұлғалық жетілдіру-физикалық, рухани, ақыл-ойының өзіндік даму тәсілдерін игеру икемділігі. Жалпы құзіреттілік мынадай икемділіктерді қамтиды:

  • өз елінің азаматы және патриоты болу;
  • өмірді түсіну, өзінің ресурстарын (интеллектуалды, шығармашылық

т. б) тиімді пайдалану;

- өз мүмкіндіктерін жетілдіре білу;

- ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу және талдау жасау дағдыларына ие болу;

- өз іс-әрекетін ұйымдастыру және ұжымда жұмыс жасай білу;

- әр түрлі тілде ауызша және жазбаша ақпараттар мен идеяларды негіздеп айта білу;

- базалық білімді пайдалана білу.

Мұндай жіктеулердің әр түрлі нұсқалары басылым беттерінде кездеседі.

Студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.

Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:

- оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде оқытушы мен студенттің бірлескен іс - әрекеті арқылы (Т. Сабыров, Н. Хмель, Е. Галант, Л. Аистова, М. Данилов) ;

-танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Н. Меньшинская, П. Пидкасистый, Т. Шамова, А. Әбілқасымова, Р. Омарова, А. Мустояпова) ;

- оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И. Лернер, Б. Коротяев) ;

- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П. Гальперин, Н. Талызина) ;

Оқыту үрдісінде студенттің танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етілуі тиіс.

Студенттердің танымдық белсенділігінің даму деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал, орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады. Мұнда оқытушы танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе студентке шешілу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде студентке белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.

Танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс - бітімі болып табылады. Ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж бен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.

Студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың негізгі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, студенттердің өз таңдауымен жұмыс істеуі, оларға оқытушы тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінің сәйкес болуы, т. б. жатады. бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын күйінде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу, қабілеттерінің өзі студенттің іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Қабілеттердің деңгейі әр студентте әр түрлі болғандықтан, оқытушы танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.

Танымдық белсенділік студенттің интеллектуальдық дамуын қамтамасыз етеді. Оның ерекшелігі танымдық тапсырмаларды орындаудағы қажетсінуі ғана емес, алған білімдерін практикада қолдануында жатыр. Белсендірудің ең негізгі мақсаты - студенттердің белсенділігін қалыптастыру, оқу - тәрбиелік үрдістің сапасын арттыру. Педагогикалық практикада әр түрлі белсендіруді қолданады, олардың ішіндегі негіздемелері - әдіс-тәсілдер оқыту құралдары мен түрлердің әр алуандылығы, оларды үйлестіріп таңдау арқылы белсенділікті тудырады және студенттердің өз бетіндік жұмысы жүзеге асады.

Сабақ барысында белсенділіктері қалыптасуы үшін студенттердің міндеттерін көрсетсек:

- өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

- пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;

- өзінің жолдасына немесе оқытушыға сұрақ қою;

- жолдасының жауабына пікір айту;

- үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;

- өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;

- танымдық тапсырманың шешімін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;

- өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;

- танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін қолдану арқылы

орындау.

Оқуда белсенділік оқып - үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталық пайда болуымен, назар мен ой-сан операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау), оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді [10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Жаһандану әлеміндегі педагог-психолог мамандарының кәсіби құзіреттілігін білім беруде қалыптастыру
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары
Жалпы кәсіби құзіреттілік
Жоғары мектептегі ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz