Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 110 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

:
КІРІСПЕ . . .: КІРІСПЕ . . .
3: 3
: 1
КІРІСПЕ . . .: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАННЫҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
3: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастырудың мәні . . .
3:
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастырудағы жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жағдайы . . .
3: 18
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру шарттары . . .
3: 35
: 2
КІРІСПЕ . . .: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
3: 67
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде қалыптастыру мазмұны . . .
3:
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Педагогикалық практика арқылы болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру әдістетрі . . .
3: 84
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .: Зерттеу нәтижелері . . .
3: 102
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 106
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 108

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Нәтижелі білім берудің мәні студенттің іс-әрекеті оның жеке басының әлеуетін іске асыруға негізделген және оның оқылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді[1] . Білім берудің мұндай түрі білім алушының ішкі субстанциясының өзгеруіне және оның өзіндік тәжірибесі, құзыреттерінің пайда болуына жәрдемдеседі.

Негізгі құзырлылығын қалыптастыру студенттердің білім, білік және іс-әрекет тәсілдерін шынайы өмірде практикалық міндеттерді шешуге қолдана алуға дайындығын көрсетеді. Құзырлылығын В. А. Болотов, А. В. Бурцев, В. В. Евдокимов, И. А. Зимнея, М. В. Кирилина, С. Г. Молчанова, Г. К. Селевко, В. В. Сериков, Ю. Г. Татур, А. В. Хуторский және т. б., көптеген зерттеушілер «құзырлылығын» белгілі іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті тұлғаның құзырлылығының жиынтығы негізінде меңгерген кіріктірілген сапасы деп көрсетеді. «Құзырлылық» алған білім, білік және іс-әрекет тәжірибесі негізінде әрекет жасауға дайындығы және қабілеті. Көптеген зерттеушілер қазіргі таңдағы ең басты міндет адамның оқу үдерісінде меңгеретін негізгі құзырлылығын және оны қалыптастырудың амалдарын анықтау болып табылады.

Ю. Мель әлеуметтік құзырлылығын мәселесін қарастыра келе, өзінің мүмкіндігіне сенімділігі ғана байланысты емес, шешуге қажетті нақты проблемалық жағдайда нағыз шешім қабылдауы деген. Зерттеуші Р. Селман әлеуметтік құзырлылығын қарастырып, автордың ұсынған үлгісі әлеуметтік көзқараспен негізделген. Бұл үдеріс балалық шақта алғашқы нөлдік, кейін жасөспірім кезеңде жоғары әлеуметтік-символикалық бағдары деңгейіне, одан да жоғары деңгей жастарда кешенді көпжоспарлы жүйесі, бағасы, ынтымақтастыққа бағдарланады. Бұл пікір бізге жақын келеді, яғни әлеуметтік құзырлылығын индивидтің жасына қарай анықталады.

У. Пфипгстеп, Р. Хиптчтің еңбектеріндегі әлеуметтік құзырлылығын анықтау тұғыры қызығушылық туғызды. Олар адамның әлеуметтік біліміне, өзара әрекеттің мақсаты мен нәтижелігіне ерекше көңіл бөліп қоймайды, мінез-құлық амалдарына мән береді. Аталған зерттеушілер әлеуметтік құзырлылығын - белгілі әлеуметтік жағдайларды ұзақ уақытқа жағымды және жағымсыз салдардың қолайлы ара қатынасына жетелеп, мінез-құлықтың когнитивті, эмоциональды және моторлы тәсілдерін меңгеруі деген. Зерттеуші В. Н. Куницынаның зерттеуінше, әлеуметтік құзырлылығының құрылымдық компоненттерін саралаған:

- әлеуметтік ақиқат пен өзі туралы білімнің жиынтығы;

- өзара әрекеттің әлеуметтік біліктілік пен дағдылардың күрделі жүйесі;

- кез-келген ортаға тез бейімделуге, білімінің негізінде шешім қабылдауы, пайда болған конъюктура негізінде байқалатын типтік әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлық нобайы;

- «мында, қазір және неғұрлым бейнелі» қағидасы бойынша әрекет жасап, болған жағдайдан барынша толық шығарып алуы.

Болашақ педагог-психолог маманның негізгі құзырлылығының алғашқы белгілері тікелей іс-әрекетте пайда болуы және онда дамуы үдерісі деп түсінеміз. Негізгі құзырлылықтар студент тұлғасының дамуы және жас ерекшеліктерімен, жеке әлеуметтік тәжірибемен табиғи байланысты болып келеді.

ЖОО-да білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі болашақ оқытушынің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, болашақ оқытушынің кәсіби мәнді сапаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалық іс-әрекеттің дидактикалық негіздерін айқындау, ЖОО-да оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар- А. П. Сейтешов [2], Н. Д. Хмель[3], С. А. Ұзақбаева [4], Л. К. Керімов [5], Б. Р. Айтмамбетова [6], Б. Әдікәрімұлы [7], М. А. Құдайқұлов [8], А. Е. Әбілқасымова [9], Ғ. К. Ділімбетова [10], В. В. Егоров [11], М. Ж. Жадрина [12], А. А. Калюжный [13], М. С. Молдабекова [14], З. А. Исаева [15], Б. К. Момынбаев [16], Г. Ж. Меңлібекова [17], Г. К. Нұрғалиева [18], С. А. Жолдасбекова [19], М. Н. Сарыбеков [20], Қ. А. Сарбасова [21], Ә. Абуов [22], Б. С. Имандосова [23] және т. б. еңбектерінде қарастырған.

Болашақ түрлі сала маманның кәсіби бағыттағы даярлығын әр қырынан қалыптастыру бойынша ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Олар: С. Ж. Пірәлиев [24], Л. А. Шкутина [25], С. Ә. Әбдіманапов [26], К. М. Беркімбаев[27], Ж. К. Оңалбек[28] т. б. болашақ оқытушыларді кәсіби даярлау; Б. Т. Кенжебеков[29], Б. А. Оспанова [30] болашақ оқытушылардің кәсіби құзыреттілігі мен креативтілігі туралы еңбектері бар.

Көптеген ғалымдар жаңа педагогикалық технологияларды оқыту үдерісінде қолдану мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж. А. Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, С. М. Кеңесбаев болашақ оқытушылардің жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, С. А. Көшимбетова оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары, Қ. А. Сарбасова инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқытушыларінің даярлығын жетілдіру, Ә. Е. Абуов мектептің оқу үдерісінде инновациялық білім беру технологияларын қолданудың педагогикалық шарттарын қарастырған.

Біз жоғарыда аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын анықтадық.

Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру бүгінгі өркениетті қоғамның сұранысы мен оларды жоғары оқу орындарында даярлауда жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып теориялық және практикалық білім беруді жетілдіруде әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: болашақ педагог-психолог маманның жоғары оқу орнында кәсіби даярлық үдерісі.

Зерттеудің пәні : жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ педагог-психологтардың құзырлылығын қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты: жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен мазмұны теориялық тұрғыдан айқындалып, моделі жасалса және педагогикалық жүйе ұсынылып тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге қабілетті педагог-психолог мамандары даярланады, өйткені бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.

Зерттеудің міндеттері:

- болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастырудың негіздерін анықтау;

- болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастырудағы жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;

- болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру моделін жасау, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;

- ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесін тәжірибелік-экспериментте тексеру және тәжірибеге ендіру.

Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қазіргі заман талабына сай білікті маманның даярлығын жетілдіре түседі.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін тұтас педагогикалық үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар бойынша тұжырымдар, жеке тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық, психологиялық қағидалар, жеке тұлғалық-бағдарлы білім беру теориясы, ғылым мен практиканы кіріктіру теориясы құрайды.

Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, «Қазақстанның-2030» даму стратегиялық бағдарламасы; «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы»; Отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың зерттеліп отырған мәселе бағытындағы еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары, заңдары, қаулы-қарарлары, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, автордың өзінің жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары және арнайы оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді математикалық тұрғыдан өңдеу.

Магистрлік жұмыстың құрылымы. Магистрлік жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1 БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАННЫҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастырудың мәні

Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Осы бағытта білім беру жүйесінің орны маңызды, себебі кәсіптік құзырлылық жоғары мамандар - мемлекет дамуының кепілі. Демек, студенттерді үздіксіз өз бетімен білім алуға, білімін жетілдіруге баурап, өмірлік белсенді ұстанымы бар шығармашыл әрі жауапкершілік, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Яғни студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінде субъективті шығармашылық дербестігін дамытатын оқу үрдісін ұйымдастыру, тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, өзіндік жұмыс істеу, біліктерін қалыртастыру, іздену аясын кеңейту кәсіптік орта білім беретін оқу орындарында өзекті мәселе болып табылады.

«Құзырлылығын» сөзі француз тілінен «заңға сай», ал латын тілінен «сай болу», «қабілетті», «талап қою», ал ағылшын тілінен «қабілетті», «жетік» деген мағынаны білдіреді[31] . Сонымен қатар құзырлылығын ұғым «білім», «біліктілік», «әдет» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзырлылығын оқу нәтижелерімен қатар, студенттердің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін көрсетеді.

Кәсіби құзырлылығын ұғымы Б. С. Гершунский[32] еңбектерінде сауаттылықтан басталып, менталитеттен аяқталатын даму сатысының қандай да бір деңгейін белгілейтіндігі туралы айтылса, В. А. Сластинин[33] кәсіби құзырлылықты жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілетінің бірлігі деп түсіндіреді. Осы айтылғандарды түйіндей келе, «кәсіби құзырлылығын» сонымен қатар адамның өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен және өзіндік қабілеттерімен ерекшеленіп, оның түрткі болған талпынысы, үздіксіз өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру, іске деген шығармашылық, жауапкершілік қатынасымен анықталатындығын және құзырлылығын кәсіби білімімен, негізгі мамандығымен сәйкестендірмей, керісінше құзырлылығын студенттің мамандықпен ғана шектеліп қалмай, ауқымды сұрақтар төңірегінде бағытталуын, кәсіби мобильділігін, өзгерістерге ашықтығын, өз білімін дамытуға дайындығын қамтамасыз ететінін де көрсетеді.

Құзырлылығын жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамсыздандырады[34] . Көптеген елдерде құзырлылыққа жаңаша мән берілгендіктен, білімді жоғары дәрежеге көтергені жақсы мәлім. Құзырлылығын еңбек базарында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, жаһандастырумен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильділіктің өсуімен негізделген.

Жалпы түрде кәсіптік құзырлылық жалпыланған білімнің, дағдының және қабілеттіліктің біртұтас және жүйеленген жиынтығы ретінде қарастыруға болады[35] . Өйткені ол студенттің алған білімі мен дағдыларын іс жүзінде, кез-келген ортада кәсіби міндеттерді шешу немесе күнделікті өмірде қандай да бір теориялық және практикалық үрдістерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығы, яғни өзгермелі еңбек нарығы жағдайында қисынды болу қабілеттілігі мен дайындығы болып табылады.

Неғұрлым кең қолданылатын әмбебап құзырлылықтарды түйінді құзырлылықтар деп атайды. Олар қазіргі заманғы ғылыми білім негіздерін, көптеген нәрселер мен нақты құбылыстардың қағидалары мен заңдылықтарын қамтиды.

Кәсіптік құзырлылығын теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттің алуан түрін орындау үрдісінде жүзеге асады, сондықтан олардың құрамына іс-әрекеттік білім, білік дағдылармен қатар, мотивациялық және сезімдік - еріктік салалар да енеді. Кәсіптік құзырлылығының маңызды құраушысы тәжірибе, яғни адамның түрлі мәселені шешудегі меңгерген жеке әрекеттері мен әдіс-тәсілдерінің тұтас бірлікке жаңалануы болып табылады. Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

Сонымен қазіргі кезде кәсіптік білім беретін оқу орындарында білім беруді жетілдірудің негізіне құзырлылығын тәсілді қолдану ұсынылып жатыр.

Оқытудағы құзырлылығын тәсіл Қазақстан, Ресей педагогтері мен психологтарының еңбектерінде жан-жақты қарастырылып жүр, онда жалпылама білімдер, біліктіліктер мен іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге баса назар аударылады.

Жалпы алғанда, дәстүрлі оқыту әдістемесінде «құзырлылығын» жаңа ұғым емес. Мысалы, лингвистикалық құзырлылығын орыс, қазақ тілдерін оқыту әдістемесінің мамандары бұрыннан қолданып келеді. Ал тіл мен информатикада коммуникативтік құзырлылығын жиі қолданылады.

Студенттердің кәсіптік құзыреттілігі, ең әуелі, орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үрдісінің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған мақсатқа жетуді көздейді[36] .

Оқудағы құзырлылығын тәсілді жүзеге асырудағы мақсат- білім беру сапасын қамтамасыз етеді және студенттердің теориялық білімдерді игеріп қана қоймай, оны нақты мәселелер мен проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алатындай болуын талап етеді. Педагог пен студент арасындағы авторитарлық қарым-қатынастар құзырлылығын тәсіл кезінде оқу іс-әрекетіндегі субъектілер арасындағы бірлестік пен жұптастық қарым-қатынастарға айналады.

Бүгінгі қоғамда маманның әлеуметтік кәсіби қызметі елеулі өзгеріске ұшырады. Қазір өз бетімен білім алу, өз жұмысын ұйымдастыра білу, өзін-өзі реттей білу, жауапкершілік, практикалық интеллект, сенімділік, жоспарлауға қабілеттілік, өзін-өзі бақылау сияқты сапалар мен қасиеттер сұранысқа ие болып отыр.

Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай екендігін де атап көрсеткен болатын.

Білім беру жүйесінің міндеті белгілі бір көлемдегі білім беруді көздеу емес, алынған кәсіптік білімді адамның өзінің қызметінде қолдана білуге үйрету болуы тиіс[37] . Осыған байланысты бүгінгі күні жеке тұлғаның, яғни студенттің, өз бетінше дербес білім алуында болып жатқан оқу үрдісі - күрделі, жеке психофизиологиялық үрдіс деп қарастырылады. Бұл жерде студент оқу объектісі емес, оқу субъектісі болып табылады. Ол оқу үрдісінде оқытушылармен, өзге студенттермен, т. б. адамдармен қарым-қатынас жасай отырып дамиды және де ол үрдістің өту сипатын, ерекшелігін өзі айқындайды.

Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалық қоғам қажеттіктері деңгейі арасындағы қайшылықтар айқын байқалуда. Өйткені, заман талабы педагог маманның құзырлылығын сапаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр.

Мысалы, Болон процесі оқытудағы білім, білік, дағдыға қоса құзырлылығын сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған қажеттілік деп бағалайды.

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты - педагогтардың кәсіби құзырлылығын дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жоғары кәсіби құзырлылығы талап етіледі.

Еуропалық білім кеңістігінде қоғамға қажеттік, мобильдік, өзара сенім білдірудің ең басты шарты алынып, сапа көрсеткіштері ретінде құзырлылықтар қарастырылуда.

Құзырлылық заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар - «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзырлылықтар. Атап айтқанда, «пәндік» құзырлылық белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзырлылығын ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеу-леріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзырлылығын (компетенттілік) және құзырлылық (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның біріншісіне «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша-қазақша сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзырлылығын түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді.

Ғалымдар құзырлылықтың табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н. Кузьмина, А. Маркова, К. Махмурян, т. б. ) немесе ерекше қабілеті (ДЖ. Равен, Р. Уайт, Х. Хершген, т. б. ) деп түсіндіреді.

Өмірдің өзгермелі жағдайында құзырлылық білім берудің практикасы мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзырлы болу мен құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретінде ахуалы. Немесе құзырлылығының бар-жоғын анықтау үшін қарым-қатынас, педагогтік еңбек нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына қарап пайымдау қажет. Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс-әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса, кәсіби құзырлы болып саналады. Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзырлылықты тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі - кәсіби-әдістемелік құзырлылығын, екіншісі - іс-әрекет негізіндегі құзырлылығын, үшіншісі - әлеуметтік қарым-қатынас құзырлылығы және төртіншісі - жеке тұлға негізіндегі құзырлылықтар) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық.

Оқытушы - ақпараттанушы емес, студентің жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушыдан жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, студенттерді қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi. Қазіргі кезеңде болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің даму үрдісіндегі мазмұны мен құрылымы анықталды. Олар: деңгейлік, міндеттік, профессиографиялық.

Педагогикалық мамандық бір уақытта өзгертуші әрі басқарушы мамандық болып табылады. Ал тұлғаның дамуын басқару үшін құзыретті болуы керек.

Құзырлылығын (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзырлылығын ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзырлылығын ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.

Ш. Таубаева[38] : «Құзырлылығын - ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.

«Құзырлылық - білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері» [39] .

Құзырлылық дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.

Педагогтың кәсіби құзырлылығы деп педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін оның теориялық және практикалық дайындығын және профессионализімін атайды. (В. А. Сластенин) .

Педагогтың кәсіби құзырлылығы дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы мүмкіндіктері. Педагогтың кәсіби құзырлылық ұғымы оқытушының жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін оқытушы педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Мұғалімнің құзыреттілігі
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру
Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz