Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастандағы адами және кәсіби қасиеттердің жырланып, көрініс табуы


Ф-ОБ-001/033
КІРІСПЕ
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны - адамзаттық мәні бар құнды шығарма. Онда ғылым, дін, сопылық ілімге қатысты мол білім көзі қамтылған. Бұл шығарма он тоғызыншы ғасырдың алғашқы ширегінен бастап зерттеліп келеді. Ең алғаш Г. Вамбери тарапынан неміс тіліне аударылып жарық көрді. 1910 жылы В. В. Радлов «Құтты біліктің» факсимилие, транскрипциялық нұсқасы және неміс тіліне felfhsg жариялады. Ғылым әлеміне осылайша жол тартқан «Құтты білік» дастаны өмірдегі ең өзекті мәселелерді жырлаған. Яғни дастанда жеке адам мен қоғам, мемлекеттің құтқа, бақытқа жету, жетілу жайы қарастырылған. Бұл тақырыптар қай заманда да мәнін жоймақ емес. Дастанның әрбір адам мен қоғам үшін пайдалы, қажетті болар ақыл-кеңес, қағидалы ойларын жаңа бүгінгі жағдайымызда да білудің мәні зор. Бұрынғы-соңғы ойшылдардың айтуынша, адамзат қоғамы өз атына лайық болып бақытқа жетуі үшін ондағы әрбір адам әуелі кісілік, адамгершілік қасиеттерін жетілдіріп, сонан соң өзі атқаратын қызметінің қыр-сырын меңгеріп, кәсіби қабілет, дағдыларын жан-жақты білмегі жөн. Осы тұрғыдан алғанда дастандағы осы орайдағы ойлардың қазіргі қоғам мүшелеріне де пайдасы мен көмегі мол болмақ. Тақырыбымыздың өзектілігі осыдан байқалады.
«Құтты білік» дастаны бүгінге дейін біршама зерттеліп, танылып қалған жайы бар. Шығарма түрік, өзбек, орыс, ұйғыр тілдеріне аударылған. Ал қазақ тіліндегі аудармасы екеу, бірінші нұсқасын А. Егеубаев аударып, 1986 жылы жарияласа, екінші аудармасы Ә. Құрышжанов тарапынан дайындалып, 2004 жылы Түркістанда жарияланды.
Вена, Каир нұсқаларынан бөлек ең сапалы саналатын үшінші Наманган нұсқасына 1913 жылы А. З. Валиди тап болып, 1925 жылы оны өзбек ғалымы Фитрат қайта тауып, ол туралы мақала жазды (Өзбек әдебиетінің нұсқалары 1928), дастаннан үзінді жариялады. 1951 жылы А. Валитова ең алғаш «Жүсіп Баласағұн және оның «Құтты білік» дастаны» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Қазақ әдебиеті тарихында бұл шығарма 1967 жылы жарық көрген «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты кітапта қарастырылды. Дастанның әдеби, танымдық мәні мен оның Абай шығармаларымен сабақтастығы жөніндегі мәселені ғалым М. Мырзахметұлы 1970 жылдардан бері қарастырып келеді. Дастанның қазақ әдебиетінде бейнеленуі мен Абай шығармаларымен сабақтастығы жөнінде А. Егеубаев пен М. Әліпхан кандидаттық диссертация (1989, 1998) қорғаған. Н. Келімбетов, Х. Сүйіншәлиев, А. Қыраубаева, Ә. Дербісәлиев өздерінің әдебиет тарихына қатысты оқулықтарында дастан туралы өз тұжырымдарын жазған. Дастан мазмұны мен мәні философ ғалымдар тарапынан да зерттеліп келеді.
Біз диплом жұмысымызға дастандағы адами және кәсіби қасиеттердің жырланып, көрініс табуын тақырып етіп алдық. Жұмысымыздың мақсаты -
Ф-ОБ-001/033
дастанда көрініс тапқан қоғам мен мемлекетті құт пен бақытқа, игілікке, жеңіске жеткізетін адами, кәсіби қасиеттердің жырлануын қарастыру. Мақсатымызға жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- дастан туралы зерттеу жүргізген ғалымдардың тақырыбымыз төңірегіндегі ой-пікірлерін саралау;
- мемлекет қызметіндегі бек, уәзір, хажиб, қолбасшы, тағы басқалардың адами, кәсіби қасиет, қабілеттерін дастан мазмұны негізінде талдау;
- мемлекеттен тыс бейресми ортадағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің адами, кәсіби қабілет, әрекеттеріне талдау жасау.
- дастандағы қызметшінің ғана емес, қызметті пайдаланушының да қызметші алдындағы парыз, қарызы қалай болу керектігін қарастыру.
Диплом жұмысымыздың жаңалығы бар деп ойлаймыз. Себебі мұнда дастандағы адами және кәсіби қасиеттердің жырлану жайы арнайы тақырып ретінде алынып ізерлей қарастырылды. Ғалымдар еңбектеріндегі дастанды талдау барысында жол-жөнекей айтылған ой-пікірлерді жүйелеп, өз тарапымыздан мемлекеттік қызметшілер мен әлеуметтік тап өкілдерінің адами және кәсіби қасиеттеріне жан-жақты талдау жасадық.
Диплом жұмысының құрылымы негізгі бөлімдегі екі тарау, кіріспе мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауда тақырыбымызға қатысты зерттеушілердің ой-пікірлерін жинақтап, жүйелеп сараладық. Ал екінші тарауда мемлекет қызметшілері мен әлеуметтік тап өкілдерінің дастандағы адами, кәсіби қасиеттерінің жырлануына өз тарапымыздан талдау жасадық.
Ф-ОБ-001/033
І ТАРАУ
ДАСТАНДАҒЫ АДАМИ АСЫЛ ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚАСИЕТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Әдебиетші ғалым Алма Қыраубаеваның 1999 жылы «Қазақ университеті» баспасынан шыққан «Ежелгі әдебиет» атты оқу құралында Жүсіп Баласағұнға арналған он бес беттік мақала бар. Біз ғалым ойларын өз тақырыбымыз тұрғысынан саралауға тырысамыз. Сөйтсе де дастанның жалпы мазмұнын білу үшін А. Қыраубаеваның мақаласындағы дастан оқиғасын ұсынғанды жөн көреміз. Күнтуды деген Елбасы (Елік) болыпты. Даңқы дүйім жұртқа тараған, халқының құты, парасатты, білімді, адал билеушісі еді. Барлық ісін ақылмен, саясатпен басқарды. Парықсызды жазалайды, ақылсызды қуады. Бұл бектің тұсында елі бақытты болды.
Сол елде және бір Айтолды атты көңілі зерек, ақылды жігіт бар еді. «Бекер жүргенше, Күнтудыға қызмет қылайын», - деп жолға шығады. Жолында Көсәміш атты бауырмал жігітпен дос болып, ол Айтолдының мақсатын білген соң, Күнтудыға жақын жүретін Ерсін деген жігіт арқылы хабарын жеткізеді. Біраз уақыт Күнтуды бектің сынынан өткен соң, уәзір болады. Бектің Айтолдының даналығына күннен-күнге көзі жетеді, сеніміне ие болады.
Күндерде бір күн Айтолды ауыр науқасқа ұшырап, өмірімен қош айтысады. Ақылман уәзірінен айырылу Күнтуды бекке оңай соқпайды, бірақ ажалға араша тұру жоқ. Айтолдының өзі өлсе де, артында істеген ісі, мол ғибрат сөздері және Өгдүлміш атты ұлы қалды.
Арада біраз жыл өткен соң Өгдүлміш те ер жетіп, әке орнын басады. Мемлекет ісіне араласады. Күнтудының сеніміне қылдай сызат түсірмейді.
Өгдүлміштың Одғұрмыш атты немере ағасы бар еді. Ол дағы ел мұңын жүрк қайғысына айналдырып, ақылдың азабын тартқан, сөйтіп елден жырақ қалған, жалғыз өмір сүрген адам болатын. Күнтуды Одғұрмышты жанына алмақшы болып, Өгдүлмішті жұмсап, шақыртады. Одғұрмыш патшаға қызмет етіп, кіріптар болудан бас тартады, екі шақыртқанда да келмейді. Хатпен жауаптасқан Күнтуды Одғұрмыштың даналығына көзі жетіп, үшінші рет әңгімелесуге шақыртады. Бұл жолы Одғұрмыш келіп, біраз әңгіме-дүкен құрады. Одан соң өз мекеніне қайта кетіп қалады. Бұл кісі 63-ке келген соң, өмірдің қалған қызықтарынан безіп, жер астына түсіп отырған Йасауи сияқты ақылман адам еді (сопылық ілім) . Өгдүлміш: - Жасы келген адам дүниеден безу керек пе? - десе, Одғұрмыш: - Адамға жақсылық жасау үшін қызмет ету - сауап, - деп жауап береді.
Бір күні Одғұрмыш түс көреді. Түсінде: Елу басқышы бар тайғақ сатымен көтеріліп, ең басына шыққанда, бір атты кісі су ұсынады. Суды қанып ішкен Одғұрмыш көкке ұшып, ғайып болып кетеді. Бұл түсті екеуі екі
Ф-ОБ-001/033
түрлі жориды. Өгдүлміш: «Түсің жақсы-ақ түс екен. Сатыға шыққаның - атақ-даңқың әлемге тарап, абыройың асқаны, көкке ұшқаның - мәртебеңнің биік болмағы, суды қанып ішкенің - ұзақ өмір сүріп, тіршілік қызығына қанады екенсің, - дейді. Одғұрмыш болса: «Елу басқыш сатының басына шыққаным - елуге келгенім, суды ішіп тауысқаным - өмірімнің таусылғаны болар. Өміріммен қоштасармын», - деп інісіне көп өсиет айтып қайтарады. Ажал сағатын жалғыз қарсы алады. Өгдүлміш қайта айналып келгенде Одғұрмыштың шәкірті алдынан шығып, ұстазының өлімін естіртеді. Өкінішпен Күнтуды бектің сарайына қайтып келген Өгдүлміш, ағадан қалған көз - құмыра мен асатаяқты алып, құмыраны өзіне қалдырып, асатаяқты елбасына береді. Аға өсиетін ұмытпай, адал қызметін әрі қарай жалғастыра береді
Аталған кейіпкерлердің арасындағы сұрақ-жауап, әңгімелер дастанның бүкіл ой өзегін құрайды [1. 88-90] .
Алма Қыраубаева дастан оқиғасын баяндай келіп, шығармаға, оның басты идеясына қатысты көңілге қонымды пікірін айтады. Ғалым дастан мазмұнының өзегі адамгершілік екенін танып, өз ойын былайша өрбітеді: «Оқи келе, Баласағұндық ойшылдың кемеңгерлігінің бір ұшын Абайдан табасың, Лев Толстой мен Махатма Гандиге тірелесің. Яғни адамшылық бастаудың негізгі қағидалары Баласағұни мен Абайға, әлемдік ой-санаға ортақ екенін сезінесің. «Құтты білікте» көтерілген негізгі мәселе: Адам. Оның кемелденуінің жолдары» [1. 90] . Осындай тапқыр түйін жасаған ғалым бұдан арғы ойларын «Адам. Оның кемелдену жолдары» деген тақырыппен жалғастырады. Ғалым дастандағы дәріптелетін асыл қасиеттердің ең бастысы - ақыл мен білім екенін дұрыс таныған. Оның ойынша, ақыл мен білім - адамның жетіліп, кемелденуінің алғашқы жолы.
Ғалым өз ойын бекіту мақсатында дастаннан көптеген мысалдар келтіреді. Ғалым келтірген мысалдардың кейбірі мыналар:
Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде, сол білікті болады.
Ғалым дастаннан алынған мысалдарды қандай ойды насихаттауына қарай жүйелеп ұсынады. Мәселен, тілдің пайдасы мен зияны бірдей екенін білу жөнінде оған қатысты мынадай бәйітті келтіреді:
Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,
Бірер сөзбен шеш түмен сөздің түйірін.
Ізгілік - адамзат үшін ең қажетті қасиет екенін ұғу үшін мына жолдарды оқысақ болады:
Ізгілік - оң, ессіздік - сол, жүгің - ар,
Ф-ОБ-001/033
Оңың - ұжмақ, солың - тамұқ, біліп ал!
Елдің басшысы ізгі болса, халқы да ізгі болады.
Егер ізгі болса елдің басшысы
Түгел ізгі болар атшы, қосшысы.
Даңқ пен дәулетке мастанбай олардың бір орында тұрмайтынын білу де маңызды.
Бір орында су, сөз, дәулет тұрмайды,
Жиһангерлер кезе бермей тынбайды.
Әділеттің жолын қуып, шыншыл болу - адамзат міндеті:
Әділ болсаң қараға - ақ, аққа - жақ,
Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!
Нәпсіні тыйып, сабырлы болу қажет:
Егер қайғы жараласа жаныңды,
Күт сабырмен туатын шат шағыңды.
Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ болу кеңес етіледі:
Қиды терген сасық қоңыз сияқты,
Сараңдықтан асқан не бар ұятты.
Бәрі де тегіне, тамырына, көрген өнегесіне тартады:
Жаман-жақсы табыспайды ешқашан,
Түзу-қисық қабыспайды ешқашан.
Намысшыл ер болу, өз пайдасынан гөрі ел пайдасын ойлау дәріптеледі:
Намысшыл ер жаудың мысын басады,
Намыссыз ер жер бауырлап қалады.
Адам ба адам өз пайдасын күйттеген,
Адам нағыз - ел пайдасын діттеген.
Міне ғалым Алма Қыраубаева дастан мазмұнынан адамгершілікті насихаттаған бәйіттерді осылайша жүйелеп ұсынады. Дастанның басты идеясы - адамгершілік екенін таныта түседі. Дастандағы әртүрлі танымдарды айта келіп, ғалым шығарма желісімен адамгершіліктің насихатталуын
Ф-ОБ-001/033
әңгімелейді. Ғалым пікірінше, дастанның алғашқы бөлімдерінде исламның ережелері, тіл, білім, қайырымдылық туралы айтылады. Алланың құдіреті шексіз екендігін, Мұхаммед Пайғамбар мен оның төрт сахабасы туралы жазады. Ғалым үнемі дастан мазмұнының өзегі - адамгершілік екенін айтып отырады. «Құтты біліктің» негізгі көтерген мәселесі - адамгершілік. Адамгершіліктің сан саласы бар. Оның бірі - тілді тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі жүзді қанжар секілді. Тілден бақ қонады, тілден бас кетеді. Адамгершіліктің тағы бір көрінісі - білімде. Өйткені білімді адам - ақылды адам. Ақыл түнектегі шаммен тең» [1. 94] . Ғалым дастандағы кесірлі, кеселді қасиеттерді әшкерелей отырып, оларды да адамгершілік туралы оймен байланыста қарастырады. Себебі адам кеселді қасиеттерден арылу арқылы ғана асыл қасиеттерді иелену жолына түседі. Осы орайда ғалым ойы былайша жалғасады: «Туындыгер сонымен бірге адамгершілікке қарама-қайшы қылықтардан сақтандырады. Олар: жалған сөз, екі сөйлеу, шарапқұмарлық, жүгенсіздік, зымияндық, ащы тіл» [1. 94] . Адамгершілік адамзат есін біліп ойға түсе бастағаннан айтылып келе жатқан өзекті тақырып. Сондықтан да адамгершіліктің жайын адамзаттың барлық ой адамдары өзінше насихаттаған. Ғалым адамгершілікті насихаттауда Ж. Баласағұн ойының кейінгі ақындарда жалғастық тапқанын да айта кетеді. Оның ойынша, Ж. Баласағұнидің көптеген ойлары Қорқытпен, Абай, Жамбылмен үндеседі. Ұлы Абайдың: «бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз» - дегендегі бес жамандықты Ж. Баласағұни да сынайды. Абай сынаған қылықтар: өсек, өтірік айту, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтық болатын. Қазақ әдебиетіндегі Абайға дейінгі келген бес асыл іс пен бес жамандықты суреттеу дәстүрі Ж. Баласағұни заманынан бар екені аңғарылады. Жақсы-жаман қасиеттерді санамалап айту «Авеста» кітабында да бар болатын [1. 95] .
А. Қыраубаева дастандағы адамгершілік тақырыбының жырлануын айта келіп, «кемел мемлекет» туралы пікірінде кәсіби қасиетке қатысты ой айтып өтеді. Мемлекет әр түрлі қызметшілер қызметімен гүлденбек. Әр қызметшінің өзіне тән, өзіне лайық қасиет, қабілеттері болады. Бәрі жиналып келіп жалпыға ортақ мемлекеттегі игі, ізгі дәстүрді жалғастырады. Ғалымның осы орайдағы ойлары назар аударарлық деп білеміз: «Адамзат өмірінде кемел мемлекет ќ±ру, жаќсы µмір с‰ру арманы қуатты қозғаушы күштердің бірі болған. Конфуцийдіњ: «Егер елдегі билік ж‰з жыл бойы абзал адамдардыњ ќолында т±рса, зорлыќ-зомбылыќ µзінен-µзі кетер еді, жазаѓа тартпай-аќ жаќсылыќќа жетер еді», - дегені де осы ізгі ойдыњ жетегі [1. 97] . Ғалым осы ойын ақын С. Торайғыров өлеңімен бекіте түседі. С. Торайғыров армандаған кемел мемлекет бейнесі мынадай:
Ол өмірде бірді-бір алдау болмас,
Жағынып, арды ақшаға жалдау болмас,
Ешкімнен достық таппай, қастық көріп,
Ф-ОБ-001/033
Бар адамды сайтан деп қарғау болмас.
(«Адасқан өмір» поэмасы)
А. Қыраубаеваның ойынша, ақынның суреттеп отырған қоғамы әрісі шығыс ойшылдарынан, бергісі Томас Мор, Жан Жак Руссодан қуат алған адамгершілік көзқарастан туған арман болатын. Адам адам болғалы бақытты өмір сүретін жер іздеген. Көптеген ескілікті қисса-дастандарының идеясы да осыған саяды. Ақша билеген қоғамнан тыс өмір сүргендіктен, адами қасиеттерді сақтаған Мұңлық-Зарлық пен Робинзон Крузоның тағдыры да ұқсас [1. 97] .
Кемел, ізгілікті мемлекет пен қоғамды жасайтын адами, кәсіби қасиеттер жете меңгерген кемел адамдар. Ғалымның бұл жөніндегі ой толғанысы көңілге қонымды көрінеді. Ғалымның пікірінше, кемел мемлекет, ізгілікті қоғам туралы ойдың Сұлтанмахмұтқа келу жолдарын Платон, әл-Фараби, Баласағұни және «утопистер» атанѓан Европа ойшылдарыныњ ењбектерінен іздеген жµн. Бұған мысал ретінде ғалым көне ойшыл Платонның кемел мемлекетін келтіреді. Платон (б. д. д. 421 ж. ) «Атлантида» мекенін ойдан шығарып, оған өзіндік көзқарас кіргізген екен. Тіпті Сицилия төңірегінде осындай жайлы мекен жасап көрмек те болыпты. Атлантида Платонның жағырапиялық, экономикалық, саяси білімдерінің өзі өмір бойы арман еткен кемел мемлекет құру идеясына біріккен жиынтығы көрінеді. Платонның қиялынан туған «Атлантидасында» билеушілер байлық пен алтынды құндылық ретінде бағаламайды. Осы ойлар Платонның «Пир» атты шығармасында бар. Апполодар деген кейіпкер байлар туралы: «Сіздер мені бақытсыз деп ойлайтын шығарсыздар, бұлай болуы мүмкін, бірақ сіздердің бақытсыз жандар екендіктеріңіз мүмкін ғана емес, анық» [1. 97-98] дейді. А. Қыраубаеваның пікірінше, «кемел мемлекет» арманы Ж. Баласағұниді де толғандырған. Ақын әрі ойшыл Ж. Баласағұнидің «Құтты білігі» тұтастай кемел мемлекеттің құрылымы [1. 98] . «Құтты білікте» мынадай ойлар бар:
Құт дарыды, өсті халық өрісі,
Бірге жусап, өрді қозы, бөрісі.
Ғалым осы ойларды «Орхон ескерткіштеріндегі» мына жолдармен салыстырады:
Кедейді бай қылдым,
Азды көп қылдым.
Алма Қыраубаеваның зерттеу мақаласында біздің тақырыбымызға негіз болар ойлар баршылық. Біздің ғалым ойына көбірек тоқтағанымыз да осыдан. Кәсіби қасиеттердің көбірек көрініс табатын тұсы әр түрлі қызметшілер болмысы туралы айтылатын тараулар болса, осыған қатысты
Ф-ОБ-001/033
ойлар ғалым мақаласында жақсы айтылған: «Ж. Баласағұни «Құтты білікте» әділетті, құтты мемлекеттің үлгісін жасаған. Құт-берекелі елдің патшасы мен уәзірі, бітігшісі мен қазынашысы, көпесі мен саудагері, ақыны мен ары, ұлы мен қызы, адамы мен қоғамы қандай болмақ? Осы сұраудың жауабын түгел жүйелеп берген. Платонныњ «Атлантидасы» мен Єл-Фарабидіњ ќайырлы ќаласы, Баласаѓ±нидіњ ќ±тты мемлекеті, Фирдоусидіњ Сияуыш ќаласы, Низамидіњ єділетті елі, Асан ќайѓыныњ Жер±йыѓынан - С±лтанмахм±ттыњ єділетті ќоѓамына дейінгі жалѓастыќтар ж‰йесі - танымдыќ-аќлаќтыќ, єдеби-мєдени т±рѓыда ќызыќты мєселелер [1. 98] . Ғалым пікірінше, осындай елдіњ бегі мен уєзірі ќандай, олар халыќпен, сарай ќызметкерлерімен ќандай ќарым-ќатынаста болады, ѓалымдар, аќындар, диќан, малшы, сатушымен ќалай ќатынасады деген с±раќтарѓа жауап бере отырып, Баласаѓ±ни адамшылыќ, ізгілік жолын ‰лгі етеді. Баласаѓ±ни суреттеген ќоѓамда ќызметші мен ел басќарѓан бектіњ де, малшы мен ѓалымныњ да, сатушы мен аќынныњ да, тєуіптіњ де - єрќайсысыныњ µз орны бар, µзіне ѓана лайыќ ќадір-ќасиеттері бар [1. 99] . Мемлекет құрылымы мен қоғамдағы әрбір ресми, бейресми тұлғалардың бәріне бірдей ортақ адами асыл қасиеттерімен бірге тек олардың өздеріне ғана тән кәсіби қасиеттері де бар.
А. Қыраубаева адам болмысы мен қасиетіндегі, тіпті әрекетіндегі өте нәзік нәрселерді жете байқап жазғанына куә боламыз. Мәселен, ғалымның мына тұжырымдары назар аударарлық. Мысалы, бекке қара халықтың қажеттілігін естен шығармауды, бірақ олардың деңгейіне түспеуді ескертеді.
Оларсыз еш іс бітпейді емес пе?
Жылы сөйлес, тек олармен теңеспе.
Ал ел басқарған әкім жанып тұрған отпен тең. Одан жылыну да, өртену де мүмкін. Өте жақын болудан сақтанған жөн. Бектер екі жүзді алмас секілді.
Бек деген от, ойнама отпен жаќындап,
К‰йініп кеп к‰л боларсыњ саќырлап.
Ал аќындарѓа ерекше ќамќорлыќ керек:
Мадаќтаса - елге дањќыњ жетеді,
Егер сµксе - масќара ќор етеді.
Өз ќадірін ойлаѓан бек аќынмен тату-тєтті болѓаны жµн. Ал қолөнерші ісіңді істеп берсе, ішкіз-жегіз, мол етіп құнын қайтар.
Ел басқарған бектің қонаққа шақырған жердің қайсысына бару-бармау керектігіне дейін ақыл-кеңес айтады. Ағайын-дос, туыс-бауыр, көрші-көңілдес, арнайы шақырған жер болмаса, құлқын үшін қадірін кетірмеу
Ф-ОБ-001/033
дұрыс. Қонаққа бару онда өзін ұстаудың өзі әдептілікті талап етеді. Жасы үлкен кісі қолын тамаққа созса, онымен қатарласпай, кезек тос.
Кісі алдында т±рѓанды алма ±мсынып,
¤з алдыңда т±рѓанды же ќымсынып.
Егер өісі алдында әдептілікті талап етеді. Жасы үлкен кісі қолын тамаққа созса, онымен қатарласпай, кезек тос.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz