Ақсу-Жабағылы қорығының ғылыми тұрғыдан зерттеу


Кіріспе
І. . Тарау. Батыс Тянь.Шань тауларының батыс сілемдерінің қысқаша
Физикалық географиялық сипаттамасы.
І.1. Жалпы сипаты мен рельефі
І.2. Геологиясы.
І.3. Климаты және ішкі сулары.
І.4. Топырақ жамылғысы мен өсімдіктері.
І.5. Жануарлары.
ІІ . Тарау. Қорық туралы түсінік
ІІ.2. Ақсу.Жабағылы қорығының құрылуы
мен географиялық орны.
ІІ.3. Ақсу Жабағылы қорығының табиғат жағдайлары.
ІІ.3.1. Жер бедері.
ІІ.3.2. Геологиясы.
ІІ.3.3 Климаты.
ІІ.3.4. Топырақ жамылғысы.
ІІ.3.5.Өсімдіктер дүниесі
ІІ. 3.6. Жануарлар дүниесі.
III.Тарау.
III.1. Қорғауға алынған өсімдіктер.
III.2. Қорғауға алынған жануарлар
III.3.Ақсу Жабағылы қорығының даму перспективасы
Қорытынды.
Қорық – ол табиғат зоналарының қызығын, құпия сырларын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің алуан түрі кездесетін орын. Қорық-халық қазынасы. Қорықтың өніп-өсуіне, жасанып-жандануына халықтың аялы алақан қамқорлығын қажет етеді.
Табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен қатар дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, сонымен қалпына келтіруде осы мемлекеттік қорытындының ролін айтып жеткізу өте қиын.
Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты – қорғап отырған табиғи комплексті сақтап, табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге тікелей байланысты іс.
Қазақстан қорықтарында белгілі бір географиялық аудандарындағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте – бірте саны азайып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң – құстар сақталуда.
1. Досжанов Географиялық дидактикалық функциялар. Ш, 1993.
2. Қазақ энциклопедиясы Алматы, 1994.
3. Чупахин В.М Физическая география Казахстана. А. Мектеп,1970.
4. Гвоздецкий Н. А А. Казахстан ,1981.
5. Жәдігеров Х. Өгемнен электр, Қоржантаудан алтын. /Оңтүстік Қазақстан. 15 ақпан, 2000жыл, № 21.
6. Омаров Т Қазақстан көлдері. Алматы, 1987.
7. Мүлкенов С Арал тағдыры. Алматы 1989.
8. Өтемағамбетов м. Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы 1968.
9. Молдағулов Н Ландшафтың негізгі және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы Рауан 1994.
10. Телеуғалиев Т. М. Қазақстанның ішкі су қоймалары. Алматы Қайнар 1983.
11. Мырзабаев А Тіршілік көзі Алматы Қазақстан, 1980
12. Словарь общегеографических терминов. М, Прогесс 1975
13. Мильков Ф. Н Обшее землеведение. Москва, 1996
14. Мильков Ф. Н. Словарь справочник по физической географии. Масква Мысль 1970
15. Поликонга К .В. Физиическая география М 1991
16. Чупахин В.М Основы ландшафтоведение. Москва 1987
17. Дергачев А.И Дорогами Тянь-Шаня Москва Молодая гвардия 1985
18. Насыров А Оңтүстік Қазақстан Алматы, Қайнар 1990
19. Көшімбаев С. Туған жер қазынасы. Алматы Қайнар 1989
20. Гринбург М. П Қазақстан курорттары. Алматы. Қазақстан 1974
21. Научный очерк "Минеральные лечебные воды Казахстана " Алматы , 1973
22. Географиялық атлас.
23. Қазақ совет энциклопедиясы.
24. Колесников С.В Казахстан. Москва, Мысль 1970.
25. Гидрология и геология отдельдых районов Казахстана А 168
26. Поверхностные воды Южного Казахстана; Джамбульская, Чимкентская и Кзыл-ординкой области под ред И Б. Вольфмуна и К И Смирнова А 1976г
27. Филонец П. П и Омаров Т. Р Озера Центрального и Южного Казахстана А. 1973 г
28. Обшая физичесская география Казахстана К.К. Маркова.
29. Подземные воды Казахстана Лукашова Е. Н 1982 г
30. Горные области Казахстана Игнатьев Г. Н. 1976г
31. Белевич И. В Богуш Р .В Страев К. Ф Методика преподавания по география: практические работы география: практические работы А Школа 1976 г.
32. Кәрібаев Ш Географияны оқыту әдістемесінің дамуы. "Географияны және табиғат" 2003ж №4
33. Мамырова Қ. Физикалық география сабақтары. Биология География және Химия 2002ж №1 №2 №3
34. Ауезова Қ Оқыту әдістемесін 8-ші сыныпта Қазақстанның физикалық географиясы бойынша біршара тақырыптарды оқыту үрдісінде пайдалану жолдары Ізденіс 2001 №3
35. Қасенов Т. Қазақ этнрпедогогикасы география сабақтарына Биология География және Химия 2001 ж №6
36. Рақымбаева Ж Оқушының пәнге Қызығуын қалай арттыруға болады. Биология География және Химия 2001 ж №3
37. Ахметова Ф. Қазақстанның физикалық географиясы 8-ші сынып Биология География және Химия 2000 ж № 5 № 6 № 1
38. Қожамқұлова жібек "География кабинеті қалай жабықталады?" Биология География және Химия 2002 ж № 4.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Көлемі: 55 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге
Таңдаулыға:   




Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Қорық – ол табиғат зоналарының қызығын,
құпия сырларын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің алуан түрі кездесетін
орын. Қорық-халық қазынасы. Қорықтың өніп-өсуіне, жасанып-жандануына
халықтың аялы алақан қамқорлығын қажет етеді.
Табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен
қатар дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді
қорғап, сонымен қалпына келтіруде осы мемлекеттік қорытындының ролін айтып
жеткізу өте қиын.
Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты – қорғап отырған табиғи
комплексті сақтап, табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан
кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге
тікелей байланысты іс.
Қазақстан қорықтарында белгілі бір географиялық аудандарындағы
жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте – бірте саны азайып
бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң – құстар сақталуда.
Қазіргі республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын, қорғауға
бағытталған және көлемі 576,4 мың гегтар алты үлкен қорық бар. Соның
алғашқы құрылғаны Ақсу-Жабағылы, Алматы,Қорғалжын, Барсакелмес,
МарқакөлНаурызым Сиреп және құрып бара, жатқан жануарлар мен өсімдіктерді
қорғау мақсатында 1948 жылы табиғатты қорғаудың халықаралық одағы құрылды.
Олар 1948-1954 жылдар арасында жер шарындағы өте сирек кездесетін
хайуанаттардың тізімін жасады. Бұл документ Қызыл кітап деп аталады.
Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы бірінші рет 1966
жылы жарық көрді.
Қорықтағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау- көкейтесті
мәселенің бірі. Оны қорғау баршамызға ортақ іс. Қорық қазынасы сарқылмас
қор емес. Оны аялап, байлығын молайтуға көп үлесті қажет етеді.
Экономикамыздың бірте-бірте дамып келуіне байланысты елмізде
экологиялық проблемалар туып жатыр. Сондықтан қорықтардың оның ішінде Ақсу
-Жабағылы қорығын таңдауға түрткі болды.
Зерттеудің мақсаты: Ақсу-Жабағылы қорығының ғылыми тұрғыдан зерттеп,
құрып бара жатқан жануар мен өсімдіктер дүниесінің қалпына келтіру жолын
іздестіру.
- Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын сол қалпында сақтау және осы тау
жүйесі табиғи мемлекеттерінің даму заңдылықтарын зерттеу еді.
Зерттеу міндеттері.
- арнайы қорғалатын жануарлардың түрін анықтау
- арнайы қорғалатын өсімдіктердің түрін анықтау
- арнайы қорғалатын аймақтардағы негізгі қорғалатын табиғат зоналарын
айқындау.
- Зерттеу жұмысының қорытындысын шығарып, қорғау жолында ғылыми
ұсыныстар беру
Зерттеу көздері: Ғалымдар мен қорықтарды қорғау саласында жұмыс
жасайтын мекемелердің есептері, олардың ұзақ жылғы еңбектері.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
көрнекіліктерден, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспе бөлімінде
зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу көздері,
зерттеу құрылымынан тұрады.
Бірінші тарауда Батыс тянь-шань тауының сілемдеріне сипаттама беру.
Олардың рельфіне, геологиясына, топырақ жамылғысы, климаты мен ішкі
суларына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне сипаттама беріледі.
Екінші тарауда қорықтың өзіне жалпы сипаттама. Ақсу Жабағылы
қорығының географиялық орнын және құрылуына, рельфіне, геологиясына,
климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы қарастырылады.
Үшінші тарауда қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің
түрлері және оларға сипаттама беру. Ақсу Жабағылы қорығының даму
перспективасының ерекшелігі туралы мәселелер қамтылады.Қорытындыда
жұмыстың нәтижесінде дайындалған деректердің қорытындылар мен
ұсыныстар беріледі.

І. - Тарау. Батыс Тянь-Шань тауларының батыс сілемдерінің қысқаша
Физикалық географиялық сипаттамасы.

І.1. Жалпы сипаты мен рельефі
Батыс Тянь – Шаньның Қазақстандық бөлігі Қырғыз жотасынан басталады.
Қырғыз жотасының батыс бөлігінің Солтүстік беткейі, Талас Алатауының батыс
тармағы (Тараз қаласының маңы) Ташкент маңы Алатауының Манас тауынан
басталған Солтүстік-Шығыс беткейі Қазақстан аумағына кіреді.
Қырғыз жотасы да көлемі мен биіктігі жағынан үлкен тау жүйесі. Оның ең
биік нүктесі – П.П. Семенов шыңы биіктігі 4566 м. Таудың Қазақстандық
бөлігі одан аласа 4500 м шамасында. Тау Батысқа қарай аласара береді. Оның
Солтүстік беткейі құрамалы, мүжілген тау сілемдерін елестетеді. Жотаның
беті карбон дәуірінің құмтастары, әктастар мен граниттерден тұрады. Оның
беті күшті тілімделген, тегіс емес. Қазақстандық бетінде альпілік жер
бедері қалыптасқан емес.
Талас Алатауының Қазақстандық бөлігі – Жабағылы таулары, ол екі жотаға
бөлініп Ақсу-Жабағалы өзенінің алқабын қоршайды, Солтүстік жотаның биіктігі
2600-2800 м, Оңтүстік жотада3500 м. Бұлар да ертедегі палеозойдың шөгінді
эфузивтік жыныстарынан тұрады. Тау беті тілімделген, онда ертедегі мұз
басудың іздері бар. Жер бедері альпілік пішінде дамыған.
Ташкент маңы Талас Алатауынан Оңтүстік Батысқа қарай орналасқан бірнеше
жоталардан тұрады. Оларға Піскем, Көксу, Майдантал, Ойқайың, Өгем, Сайрам,
Қоржынтау, Қазығұрт және Боралдай таулары кіреді. Олардың ішіндегі ең ірісі
– Піскем, орташа биіктігі 3700-3800 м, ең биік нүктесіБетнұр шыңы 4208 м.
Жота жоғарғы палеозойдың әктастарынан түзілген. Оңтүстік-Шығыс беткейі
тік және қысқа, Солтүстік-Батыс беткейі көлбеу.
Піскем жер сілкіну аймағы болып табылады. Сайрам (ең биік нүктесі 4220
м), Көксу (ең биік нүктесі 3468 м), Өгем (ең биік нүктесі 3560 м). Ташкент
маңы Алатауының екінші қатардағы биік жоталары болып саналады.
Герциннің гранит және гранодиорит интрузияларының қиып өткен палеозой
шөгінділерінен құралған.
Вертикальдық зоналық эфемерлі –жусанды шөлейт, астық тұқымдас -
эфемерлі субтропикалық дала субальпі және альпі шалғындары зоналарын
қамтиды. Тәлімі егіншілік, суармалы егіншілік, бау-бақша, мал шаруашылығы
дамыған.
Қоржынтау (2839м), Боралдай (1800м), Қазығұрт (1700м) олардан аласалау.
Бұлардың геологиялық тарихы ұқсас. Бәрі де жоғары палеозойдың әктасынан
құралған. Оларды карст құбылыстары кең тараған. Тау беткейлері тік
жартасты, жер бедері тілімделген. Жоталар прекмбрий мен полеозойдың
шөгінді, метаморфтық және жанартаутекті жыныстарынан (тақтатас, әктас,
құмтас, мәрмәр, гнейе , гранит, эффуззиялық жыныстар т.б.) түзілген.
Батыс Тянь-Шаньның жоталары герциндік қатпарлану қозғалысына ұшырап
тегістелу процесін өткерген.
Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы Қаратау жотасы болып табылады. Ол
Талас Алатауының батыс жағынан басталып, Боралдай, Сайрам жоталары арқылы
Ташкент маңы Алатауымен шектеседі. Солтүстік батысқа қарай созылып жатқан
таудың ұзындығы 400 км, орташа биіктігі 1800 м. Ең биік нүктесі Мыңжылқы
тауы 2176м. Тау Солтүстік-батысқа қарай аласарып, Сарысу, Шу өзендерінің
атырабында бітеді. Батыс- Тянь-Шаньның жер бедері альпілік тік жартасты,
биік жоталармен бірге тау аралық ойыстардан, қыратты жазықтықтардан және
құрғақшылық жағдайда қалыптасқан. Жоталарының беткейлерінде үлкенді-кішілі
шатқалдармен тілімделген.Негізінен жер бедері неоген мен палеоген тұсында
қалыптасқан. Кей жерлерде әлі де тау көтерілу процесі жүріп жатыр. Тянь-
Шаньдағы жер сілкіністер дәлел бола алады.

І.2. Геологиясы.
Боралдай- Қаратау жотасының Оңтүстік шығысындағы тау сілемі, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
Абсолюттік биіктігі 1813м (Бенейтау). Солтүстік –Батыстан Оңтүстік-
Шығысқа қарай 70 км созылған, ендірек жері батысында (25-30км), Оңтүстік-
Шығысы 5-7 км. Таудың бедері тегістеу келген. Талас пен Арыс өзендерінің
суайрығындағы беткейлері тіктеу, жарқабақты. Боралдайдың баурайынан
Боралдай, Қиыршықты өзендері бастау алады. Тау карбонның әктасты,
граеитойдті және интрузивті жыныстарынан түзілген. Етегі сұр және қоңыр
топырақты эфемерлі бұталы биік шөптер басым. Беткейлері мен Шатқалдарында
Түркістан аршасы, согдиана. Шетені алма, пісте, сонымен қатар жеміс
ағаштары шоғырлана өседі.
Батыс Тянь-Шанның геологиясы, карбон дәуірінің құмтастары, әктастары
мен граниттерден тұрады. Палезойдың әктасынан құралған. Батыс Тянь-Шаньда
Карст құбылыстары кең тараған. Геологиясы Шу- Іле тауларымен ұқсас болып
келеді.
Қаратау жотасының оңтүстігінде протерозойдың метаморфтанған
жыныстарынан құралса, Солтүстік-Шығыс жотасы төменгі полеозойдың құмтастары
мен тақтатастарынан тұрады. Екі жотаның арасындағы ойыс қызыл түсті
құмдардан түзілген. Сонымен қатар мезозой мен кайназойдың әктасы,
құмтастар, сазды шөгінділер кең тараған.
Негізінен Батыс Тянь-Шанның Қаратау жотасы архей, протерезой және
палеозойдың дислокацияға ұшыраған қабаттарынан құралған, ол тау алды бөлігі
мезозой палеоген және Неоген, Морена шөгінділерінен тұрады. Оңтүстік –
Батыс бөлігі Герциннің гранит және гранодиорит интрузия-ларының қиып өткен
полеозой шөгінділерінен құралған. Қаратау жотасының оңтүстігінде Девон және
тас көмір жүйесі, Кембриге дейінгі гранитомды, Піскем жоталары бор жүйесі
кезінде құрылған. Метаморфтық және жанартаутекті жыныстарынан
түзілген(гранит, әктас, мәрмәр).

І.3. Климаты және ішкі сулары.
Батыс Тянь-Шанның климатына Оңтүстік Қазақстанның жылы ауа-райы оған
әсер етеді. Таулардағы қар белдеуі жоғарырақ жатады. Тауларда ылғал мол
болады. Тау беткейлерінде шілде айының орташа температурасы +20 0С +25 0С
болса мұздықтардың етегінде -5 0С-қа дейін төмендейді. Қаңтар айында орташа
есеппен -16 0С-қа шейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 600-800 мм.
Ал Оңтүстік –батыс Тянь-Шаньда суық ауа массасы Сібір және Шығыс
Сібірден келеді. Қысы суық, ал жазы құрғақ және ыстық болып келеді. Қаңтар
айында температурасы -3 0С -7 0С-қа дейін барады, ол шілде, тамыз айларында
35-50 0С-қа дейін барады.
Жылдың жауын-шашын мөлшері 600-800 болса ал оңтүстікте 1200мм дейін
барады. Мұхиттардан алыс орналасқандықтан онда қуаң климат орналасқан.
Ішкі сулары боралдай, Жабағылы, Ақсу, Көксу, Машат, Піскем, Майдантал,
Ойқайың және т.б.
Ақсу – Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби және Сайрам аудандары
аумағындағы өзен.
Арыс өзенінің сол жақ саласы ұзындығы 133 км, су жинау алабының
аумағы 766 км2 . Талас Алатауының Солтүстік беткейіндегі 4042 м биіктігі
мұздықтан басталады. Суы тұщы минералды 200-400 мгл . Ақсу өзенінің
алабында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан, суы негізінен егістікті және бау-
бақшаны суаруға пайдаланылады. Өзен алабында ежелгі Сайрам қаласының орны
бар.
Боралдай- Арыс өзенінің оң саласы Оңтүстік Қазақстан облысының
Бәйдібек, Ордабасы аудандарымен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км2 . Қаратаудағы
Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталып Ордабасы ауданындағы Шұбар
ауданының маңында Арыс өзеніне құяды. Жоғарғы ағысы тау шатқалымен өтеді,
аңғарында жабайы жеміс ағаштары басым. Қар және жаңбыр суымен қоректенеді.
Суы тұщы минералдылық 0,2-0,4 гл. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын
егін, бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланылады. Өзеннен тікелей 10-нан
астам ирригациялық каналдар тартылған.
Билі көл – Шу – талас алабындағы көл. Тараз қаласының Солтүстік-
Батысында 70 км жерде, Қаратаудың Солтүстік беткейіндегі тектоникалық
ойыста орналасқан. Абсалюттік биіктігі 438 м. Аумағы 85 км2 , ұзындығы 18
км, ені 7,5 км-ге дейін ең терең жері 8 м. Жауын шашын мол жылдары су, көл
182 млн м3 –ге жетеді. Суы тұщы. Көл суын төңіректегі шаруашылықтар егін
суаруға пайдаланады.
Бөген, бөгені – Оңтүстік Қазақстан облысында, Бөген өзенінің төменгі
ағысында орналасқан. 1967 жылы пайдалануға берілген. Оңтүстік Қазақстан
облысының Түркістан, Ордабасы, Отырар аудандарының егістігін сумен
қамтамасыз ету мақсатында салынған. Аумағы 65 км2 , ұзындығы 13 км, ені 6
км, орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 15м. Жиналатын су көл 377 млн м3 .
Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады. Суы тұщы. Бөген бөгенінде Шармай,
Түркістан шабағы , сазан, жайын кездеседі.
Жабағылы өзеннің ұзындығы Ақсуға қарағанда екі еседей қысқа. Суының
түсі тасыған уақытта сары болады, кейде ондағы саз қоспаларының әсерінен
қызыл түсті де болып келеді. Өзендер басын мәңгі мұз бен қардан алады.
Сондықтан да олар апрель мен июльде екі рет тасиды. Әсіресе, жазда
тасығанда өзендер кейде арнасынан шығып, жолындағының бәрін өзімен бірге
ала кететін кездері де болады.
Мысалы 1959 жылы Жабағылы өзені тасығанда, бұрқыраған күшті су ағыны
жолындағы бұталы тоғайды ала кеткен. Қыста өзендер қатпайды, тек жиектеріне
мұз қатады.

І.4. Топырақ жамылғысы мен өсімдіктері.
Батыс Тянь-Шаньның топырақ жамылғысы, Кәдімгі сұр топырақ тау алды
жазықтарының неғұрлым биігірек бөліктерін Батыс Тянь-Шаньның биіктігі 300-
500 м-лік аласа таулы және қырқалы бөліктерінің 300-450 мм жылдық жауын-
шашын түсетін аймақтарын қамтиды. А горизонтты бозғылт сұр түсті,
гумустылығы 1,5-2,5% негізінен тәулігі егіншілік шағын бөлігі суармалы
егіншілікке пайдаланылады.
Батыс Тянь-Шаньның таулық сұр торырақ (серозем), таулық қоңыр және сұр-
қоңыр топырақ, таулы шалғынды-далалық топырақтар тараған.
Сұр торырақ Батыс Тянь-Шань тауларының биіктеу бөктерінде (мысалы
Оңтүстік Қазақстан облысында) жайласқан. Тау етегінде шөлді-дала зонасының
боз топрағы таулы құрғақ бұталы ормандардың күрең топрағына көшкен
жеріндегі аралық белдеу болып табылады. Сұр топрақ ксерофитті шөп бұталы
өсімдіктер өсетін жерде, ұзақ құрғақ жазды субтропиктік климатта,
карбонатты борпылдақ жыныста дамиды. Өсімдіктердің органикалық қалдықтары
тез ыдырағаннан топрақта қара шірінді аз жыйылады (1,5 ... .3%), бірақ
гумус қабаты жұқа емес. Топрақ құрлысының (АВ-30..60см) орта шені белсенді
бұзылу процессі нәтижесінде балшықтанған жаңғақ-кесекті түіртпекті және
аллювилік карбонатты қабаты айқындалған.Топрақ ортасы сілтілі (рН 7,7...
8,2- ге тең ): балшықты қабат 1,5 темір оксиді (24 %) мен лайға байыған;
сіңіру сыйымдылығы
-20...30 мг-экв 100г. Топрақта оның 75% кальций.Табиғи жағдайы мен
құнарлығы тпрақтағы бұл зонада бағалы ауылшаруашылығы дақылдарын (суармалы
жүзім, мақта, жаңғақ, т,б) өсіруге қолайлы. Тыңайтқыштар мен тиімді
агротехника қажет таулық қоңыр Таулық аймақтар топырағы — бүрынғы ҚСРО тер-
риториясының 29 процентін алып жатыр. Карпат, Қы-рым, Қавказ және Орал
таулары, сондай-ақ Шығыс пен Оңтүстік Сібір, Қиыр Шығыс және Орта Азия
таулы жуйелер беткейлерінде топырақ тік белдеулікпен жайласқан. Бірақ
топырақ белдеулерінің орналасу реті кейде шатысып та кетеді: бүнда инверсия
(белдеулердің теріс орналасуы), миграция (бір зонаның екіншіге енуі) және
интерферен-ция (кейбір белдеулердің түсіп қалуы) байқалады. топырақ жаралу
факторлар әсері таулы жерлерде, тегіс жерлерге қарағанда, айқын және шамалы
аумақты жерге тиеді. Климат элементтері тау етегінен жоғарыға көтерілген
сайын тез өзгереді: ауаның орта температурасы әрбір 100 м биіктікке 0,5°-қа
темендеп, жауын-шашын түсімі тек белгілі абсолюттік биіктікке (мыс, Іле
Алатауында 1800 м — орман зонасына) дейін өседі. топырақ жамылғысы
беткейдің экспозициясына (күн шуағына) қарай езгере-ді. топырақ. құраушы
жыныстарды көбінесе қатты тау жыныс-тардың (әр текті және шақты) бүзылған
материалы түзеді. Өсімдік жамылғысы гидротермикалық құбылысқа орай
белдеуленіп келеді. Әр таулы облыста, етегіндегі климат жағдайына
байланысты, өзіне тән биіктік топырақ зо-нальдығы қалыптасқан. Мыс,
Кавказдың Шығыс беткейінде: 300 бен 800 м аралық биіктікте жапырақты
ағаштар астында орманның сұр топырақтағы, 800—1200 м — шамшат ағашты орман
өсетін жерде ормандық сұр топырақғы, 1200—1800 м — қылқан жапырақты орман
өсетін таулы орманды күлгін топырақ, 1800—2800 м — субальпілік, 2800—3500 м-
де альпілік белдеудің таулық-шалғынды топырақтары дамыған. 3500 м-ден
жоғары мәңгі қарлар мен мұзарттар жатыр. Бұл тік топырақ белдеуі Іле
Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 3800 м-ден жоғары орналасқан. Содан
солтүстік беткеймен төмен түскенде мынадай толырақ.— өсімдік белдеулерінен
өтуге болады: 3800—2800 м альпілі және субальпілі шалғындар (жаз-да
жайлаулар) өсетін жерде таулық-шалғынды топырақтар: 800—2000 м — орта таулы
шалғынды — орман зонасы, қылқан жапырақты мен кәдімгі жапырақты аралас
ормандардың (Тянь-Шань шыршасы, қайың, көктерек) күңгірт түсті таулық-
ормандық тереқ күлгіндеу топырағы және таулық-шалғынды қара топыраққа ұқсас
топырағы: 2000—1200 м — бітік шалғынды түрлі шөптіген масақты өсімдіктер
астында күңгірт-сұр аздап күлгіндеу орман-дық сұр және сілтісізденген қара
топырағы; 1400—800 м — тау етегінің дала зонасында әр түрлі шөптекті —
масақ-ты өсімдіктер астында орташа гумусті қара топырақ пен күң-гірт қара
қоңыр топырақтар; 800—500 м тау етегінің шөл-дала зонасында эфемерлі —
масақты — жусанды өсімдіктер өсетін жерде ашық қара қоңыр, кәдімгі және
ашық боз топырақтар дамыған. Таулық топырақтар жазғы жайылым, орман және
ауыл шаруашылығында (тәлімі және суармалы егіншілік) және мал
шаруашылығында пайдаланылады. Жалпы 655 млн га елдегі таулы топырақтар
алабының 16 млн гектары егін (1,5%) мен шабындық (1%), қалғаны — жайылым
(5% тікелей, ал 21 проценті бұғылар жайы-лымы).
Таулы шалғынды-далалық шабындық —жаз бойы өсіп толысатын, көбінесе
орташа ылғалдылыққа бейімді шөптекті өсімдіктер тобы биогеоценоз. Табиғи
шабындық ауа райы мен Т. жағдайы көп жылдық мезофильді шөптердің өсуіне
қолайлы жерлерді жайлайды. Жайылма су қаптаған, тау бөктер-лері, далалы
және шөлейт аймақтарда қаптата суары-латын жерлерде табиғи шабындық өседі.
шабындықта мал жайылады, пішен шабылады және шабындық өсімдік түріне,
табиғат жағ-дайына, түсіміне, қүрлықтағы жер отына қарай алуан түрлері
кездеседі. Шабындық жерлерде төрт мыңнан астам өсім-дік түрлері өседі:
құрлық суармалы жер, тау шабынды-ғы болады; орта есеппен шаюындықтың әр
гектарынан 7—10 ц, ылғалды өңірде 12—15 ц, су жайылатын ойпан жерлер-ден
15—20ц пішен жиналады. Жыл сайын дайындалатын пішеннің 99%-ті табиғи
шабындықтан жиналады. Қазақотан-да пішен шабуға жарамды 7,3 млн. га
шабындық бар, олардың гектарында 5—7-ден 8—10 гектарға дейін пішен жина-
лады. Шөлді аймақта шабындық көбінесе Сырдария, Шу, Іле, Ертіс сияқты ірі
езендердің атырауында ғана шоғырлан-ған, олардың әр гектарынан 10—15-тен
20—25 гектарге дейін пішен жиналады. Қазақстандағы шабындық пен жайылым қо-
рын толтыру қажетті іс. Ол үшін өсімдігі сирек жерлер жыртылып, өнімі мол
шөптер егіп есіріледі.

Шабыкды қара қоңыр топырақ — құрғақ даланың жартылай гидроморфты топырақ
қара қоңыр топырақтардан зор қара-шірінді қабаты және ондағы көтеріңкі
гумус мөлшерімен ажыратылады. Далалық және шабынды дала шөптекті-лер өсетін
жерде ойпаң құрлықта, атмосфералық және жер асты суының әсерімен дамыған.
Ауыр механикалық құрамды топырақтар кескінініқ төменгі бөлігі темір (II)
окси-дімен глейленеді.
Шабынды қара топырақ — қара топырақты дала зонасын-да, ойпаң құрлықта
тараған жартылай гидроморфты (атмосфера-жер асты суы мен қанатын), далалық
неме-се шабынды далалық шептесіндер астындағы топырақ гумус қабаты үлкен,
Ондағы (А) қарашірінді мөлшері қара топырақтан едәуір жоғары болады және
теменгі қабатында сәл глей процесі білінген.
Шабынды топырақ — дала және шөл далалық зона-лар да, жер асты сулар
деңгейі құрлықка жақын (3 м-ден жоғары) жағдайда, шабынды шәптектілер
өсетін жерде дамыған. Топырақ беткі гумус (шірінді) қабаты 20 ... 40 см,
одан төмен, топырақ ылғалдығы жоғары болған-дықтан, глейлі (жасыл-кегілдір
түсті балшық қабат жатады. Ең құнарлы қарашірінді қабатында гумус мөлшері
5—10% негіздер сыйымдығы 35 ... 45 мг.-экв) 100 г-ға жетеді. Топырақтың
орта бейтарапты келеді шабынды топырақ далалы және шөлдалалық екі типке
белінеді; типшелерді де екеу: сыбағалы және ылғалды шабынды топырақ тегіне
қарай шабынды топырақ сілтілісізденген, кәдімгі, карбонатты, кебірлентен,
сортаңды болып бөлінеді. Өзен жайылмасында, кезекті су жайылу және шөгінді
тұну жағдайында шабынды шөптектілер өсетін жерде аллювиальды-шабынды
топырақ дамиды. Гумус қабатының қалыңдығы біркелкі емес, қүрылысы
қабатталған, төменгі қабаттары сәл глей-ленген. Аймақты типтері: далалық,
шөл далалық аллю-вий шабынды топырақ.; типшелері: қабатты төменгі
жайылманың шабынды топырақ.; орталық жайылманың шабынды немесе түйіртпек-ті
шабынды топырақ. және биік жайылманық далалық шабынды топырақ бөлінеді.
Топырақ қабаттары — топырақтың генетикалық кескінін {профилін) құрайтын
қабаттар. Топырақ қабаттары көп жылдар бойы өткен химиялық, физикалық,
биоло-гиялық процестердің нәтижесі. топырақтың генетикалық қабаттарының
геологиялық қабаттардан айырмашылығы олардың бір-бірімен тығыз
байланыстылығында. Топырақ қабаттарындағы ауа, су, жылу мен еріген тұздар
және газдар бір қабаттан екінші қабатқа өтіп, жиі ал-масып отырады.
Қөптеген топырақ типтерінде негізінен үш — А, В, С генетикалық қабат бар.
Ал өзен сулары айдап әкелген тосаптар (аллювиалды қабаттар) бірнеше
қабаттардан түрады. Олардың қалыңдығы мен механикалық құрамы да әр түрлі
болады. Сондықтан олардың қалыңдығын цифрлармен (0—3 см; 3—15 см...) белгі-
лейді. Топырақ қабаттарындағы морфологиялық белгі-лерінің дәрежесіне қарай
олар қосымша Ао, Аь А2, Вь В2, т. с. белгіленеді.
Топырақ құрылымының негізгі типтері:
1 — шымды күлгін топырақ; 2 — қара топырақ; 3 — сортаң топырақ; 4 —
батпақ топырақ:
1-топырақ— қабаттары Ао — төсеніш немесе шым; Аі — шірінді элювийлі; А2 —
элювийлі; В — иллювийлі кар-бонатты (оңай еритін тұздар); С — аналық тау
жыныс; қосымша қабаттары, Ан — шіріген заттардың сіңуі, Еа — коллоидтардың
шайылуы;
2-топырақ— қабаттары Ао — төсеніш; Аі — қарашірінді-лі; ВіВ2 —иллювийлік
карбонатты; В3 — иллювийлік ғанышты; С — аналық тау жыныс; қосымша қабаттар
1С—шайынды карбонатты; 16— шайынды сульфатты.
3-топырақ— қабаттары: Аі — шымтезек; В д — глей түсті шірінді; Сд —глей
қабаты; қосымша қабаттар; А — жиналған шымтезек: тотығу, қалпына келуі.
4-топырақ— қабаттары: Аі — шіріген элювийлік; А2 — элювийлік; Ві —
иллювийлі карбонатты; В3 — иллювий-лік ғанышты; В4 — иллювийлік; қосымша
қабат: 1 —тез еритін түздар; С — аналық жыныстар.
А — қабаты топырақтың шірінді немесе жоғарғы қабаты.
Мұнда топырақтың пайда болу процесі анық байқалады. Жоғарғы қабатына
органикалық заттар жиналып жатса, төменгі қабатына әр түрлі органикалық
және минералдық заттар ерітіндіге айналып, сіңіп жатады. Бұл қабат
топырақтың басқа қабаттарымен салыстыр-ғанда қара, қара қоңыр түсті болады.
Оның қалыңдығы сұр топырақта 5—10 см, ал қара топырақта 0,5—1 метр-ге дейін
барады. А қабат қосымша (Аь А2...) т. с. с. қа-баттарға бөлінеді. Қосымша
қабаттардың беткі қабатын-да әлі толық шірімеген, шымтезек іспеттес
қабаттар жатады. В қабаты топырақтың А қабаты мен С аналық жыныстың
арасында жатады, оны аралық қабат (ауыс-палы қабат) деп те атайды. А
қабатынан еріген мине-ралды; заттар осы қабатқа жиналады. Сонымен бірге,
олардың бірігуі, тығыздалуы, шеменделуі және түрлі реакциялар да осы
қабатта жүреді. С қабаты аналық жыныс немесе топырақ қүралу жынысы деп
аталады. Қандай топырақ болса да, осы шүрықта қүралады. Топырақтың құралу
процесі осы қабатта жүрмегенде бұл аналық қабат онша өзгере қоймайды.
Аналық жыныстың тереңдігі топырақ құралу процесі мен қабаттардың қа-
лыңдығына байланысты әр түрлі болады. Бір қабаттың екінші қабатқа өтуінде
бірқалыптылық немесе айқын белгі болмайды. Кейбір жағдайларда бір қабат
екінші қабатқа шірінділердің, минералды заттардың төменгі қабаттары арқылы
өтеді. Мұнда олардың орташа мөл-шерін анықтайды. Ал өткен қабаттардың
қалыңдығына қарай топырақ қабаттарының түсі өзгеруі мүмкін. Егер топырақ
қабатының ауысуы үш сантиметр шамасында болса, түсінің өзгергені айқын
байқалады, бес санти-метрден жоғары болса, аса айқын болмайды. Мысалы,
шымды-күлгін түстес топырақтардың генетикалық қа-баттарға бөлінуін кезбен
керуге болады. Сондай-ақ бір қабаттың екінші қабатқа өтуін топырақтың
тығыздығынан, механикалық құрамынан, құрылымынан және бас-қа да
белгілерінен білуге болады. Әрине бұл топырақ-тың түрлеріне байланысты.
Мәселен боз топырақтарда бір қабаттан екінші қабатқа әту процесі тіпті
белгісіз. Оны жай көзбен айыру қиынға соғады. Қара топырақты жерлерде
қабаттардың алмасуы бірте-бірте өте баяу өте-ді. Топырақтың табиғи түсі
немесе бояуы негізгі морфо-логиялық белгілерінің бірі болып саналады.
Олардың осы белгісіне қарап негізгі типтерінің аттары берілген: күлгін
топырақ, қара топырақ, сары топырақ, қоңыр топырақ, сүр топырақ тағы
басқалары. Топырақтың тү-
Күңгірт сұр торырақ Батыс Тянь-Шаньның аласа аласа таулы бөліктері
мен тау бөктерлерінің 500-800 м биіктік аралықтарының жылына 400-600 мм
жауын-шашын түсетін аймақтарды қамтиды. Гумус мөлшері (2,5-3,5%) күнгірт
сұр түске боялады. Тәлімі егіншілікке пайдаланылады.
Батыс Тянь-Шаньның биік белдеулері жоғарырақ жатады. Оған жоғары
мөлшердегі ауа температурасы мен ылғалдың молдығы әсер етеді. Өсімдік
жамылғысының түрлері осындай биіктік белдеулерге байланысты ауысып отырады.
Әсіресе Ақсу Жабағылы өсімдіктердің өсетін алдыңғы Азия мен Үндістандық
түрлері кездеседі.
Батыс Тянь-Шаньда грек жаңғағы, пісте, шымды-дақылды, бұталы шалғынды
дала, түркістан аршасы, эфемерлер мен эфемер тәрізділер өсетін саванналар,
боз жусанды, тасбұйырғынды шөлдер, итмұрын, тау доланалары және дәрі дәрмек
жасайтын өсімдіктер де кездеседі.
Эфемер тәрізді өсімдіктер бір жылдық өсімдіктер болып саналады. Сонымен
қатар, бұл жерде суармалы егіншілік дамыған .

І.5. Жануарлары.
Батыс Тянь-Шаньда Жерорта теңізіне, Африкаға, Гималай өлкесіне тән
жануарлар түрлері бар.
Батыс Тянь-Шаньда кішкентай мензбир суыры, қызыл немесе гималай суыры,
дала мысығы, арқар, қызыл шақылдақ тышқан, иір мүйізді ешкі, гималай ұлары,
құқстарлан орманды шалғынды белдеуде үш саусақты тоқылдақ, жапалақ, түкті
аяқты байғыз, Монғол құры, қызылтамақ бұлбұл, қызыл тұмсық шаң қарға, тау
кекіліктері ұялайды. Биік тау белдеуде тауешкі, қызыл қасқыр, арқар,
құстардан биіктау тазқарға және саптар, алтай кезеген торғайы, альпі
көкқарғасы т.б. болады.
Оңтүстік Батыс Тянь-Шаньда қабан, дикобрас, Түркістан тышқаны,
сарышұнақ, жайра, Северцов қосаяғы және т.б.
Өгем жотасында жабайы мысық, қызыл қасқыр, жыртқыш құстардан лашын
,бүркіт кездеседі. Сонымен қатар өсімдіктерден атқұлақ, шалғынды дала,
жусан, сексеуіл, қияқ т.б. кездеседі. Бұл жануарлар мен өсімдіктер сол
жердің сәнін келтіріп тұрады. Сонымен қатар бұл жерде мал шаруашылығы
дамыған.
ІІ – Тарау. Қорық туралы түсінік
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қоғаудың ең жоғарғы формасы.Қорық
аймағы шаруашылық айналымынан басталып, алда кен өндіру мен құрылыс
жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және
ағаш дайындау сияқты әрекеттерге тыйым салынған сонымен қатар қорық жеріне
улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын
жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда қорық ұйымдастырылған жердің
табиғаты, сол аймақтың ладышафтылы –географиялық белдеуінің үлгісі, ретінде
қорғалуы қажет.
Табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен
қатар дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді
қорғап, санын қалпына келтіруде мемлекеттік қорықтардың ролін айтып жеткізу
қиын. Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты қорғап отырған табиғи
комплексті сақтап табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан
кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге
байланысты іс.
ТМД елдерінде 1990 жылғы мәлімет бойынша 165 мемлекеттік қорық бар
екен. Соның тоғызы Қазақстан территориясында орналасқан.
Қорықтардан басқа Қазақстанда 3 табиғи ескерткіші, 26 қоғамдық ботаник,
отызға тарта аңшылық заказниктер бар.
Ал соңғы деректер бойынша ТМД елдері бойынша 141 мемлкекттік қорық,
2700 қорыққор, 12 ғана ұлттық парк, бірнеше тың табиғат ескерткіштері
болған. Ал Қазақстан Республикасында 9 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор, 6
ұлттық парк және 24-тен астам табиғат ескерткіштері бар.
Қазақстан қорықтарында белгілі бір географиялық аудандардағы жануарлар
мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте-бірте саны азайып бара жатқан
және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң құстар сақталуда. Соңғы жылдары
табиғат қорғау обьектілерін қолға алуда. Табиғат қорғау обьектілерінің
ішінде қорықтардың маңызы ерекше.
Жоғарыда айтып өткендей қорықтарды ашық аспанның астында, табиғат
аясында табиғат комплексіне жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін
табиғат лабораториясы десек те артық емес.
Әсіресе ХХ ғасырдың ортасынан бері жер тозып табиғат азып экологиялық
дағдарыс күшейе түсті. Соған байланысты қоршаған орта сәні мен табиғаттағы
қалған бар нәрсені сақтап қорғау, оның қорларын тиімді пайдалану
қажеттілігі туындады. Азайып немесе тұқымы мүлдем құрып бара жатқан
өсімдіктер, жәндіктер мен жануарлар табиғаттың бірегей жаратылған сирек
туындысы ретінде тек қана қорықтардың арқасында аман сақталып отыр.
Қорық жері жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай Осыған байланысты түз
жануары – аңдар мен құстарды өлтіруге және аулауға олардың ұяларын індерін
және басқа паналайтын жерлерін бұзуға рұқсат жоқ. Қорық жерінде өсіп тұрған
ағаштарға, мүктерді таптауға, территориясын кесіп өтетін жолдар салуға, мал
айдап өтуге, сондай –ақ жаратылыстың табиғи түріне нұқсан келтіретін
әрекеттердің бәріне тыйым салынған.
Бұл қорықтарда тек қана саны азайған өсімдіктер мен жануарлар қор-
ғалатын болғандықтан, олардың алатын орны ерекше.Жоғарыда айтқандай
қорықтардан Қазақстанда 10 қорық бар. Олар Ақсу –Жабағылы, Алматы,
Наурызым, Барса-Келмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс
Алтай, Алакөл, Қаратау қорықтары бар. Осы оң қорықтың ішіндегі менің
бүгінгі қозғайтын тақырыбым Ақсу-Жабағылы қорығы.

ІІ.2. Ақсу-Жабағылы қорығының құрылуы
мен географиялық орны.
Талас Алатауының батыс бөлігінде қорық ұйымдастыру мәселесін Орта Азия
мемлекеттік университеттің профессоры А.Л. Бородскиийдің ұсынысы бойынша
ескі заман ескерткіштерін, табиғатты және өңірді қорғауды Түркістан
комитеті көтерген болатын.
Осы комитеттің тапсырмасы мен 1922-1923 жылдары Орта Азия мемлекеттік
университетінің көрнекті ғалымдары профессор Д.Н. Кашкаров, М.Г. Попов,
Е.П.Коровин, М.В. Культиасов, Н.А. Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері ағысының
жоғарғы жағында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл өңір табиғатының сұлу
көріністеріне , өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне таң қалған оларТянь-Шань
тауының осы бөлігін қорыққа айналдыру керек деген қорытындыға келеді.
Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғары жағында қорық боларлықтай біраз
артықшылықтар бар. Мұнда тек осы өңірге тән әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа
жаннаты.
Орналасуы.Пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік
етеді. Ландшафтысы сондай әсем сәулетті және ғылыми тұрғыдан алғанда үлгі
боларлықтай - деп жазды университет профессорлары өздернің жасаған
баяндамаларында.
Ғалымдар мен мамандардың осы қорытынды пікірінен кейін көптеген ғылыми-
зерттеу мекемелері 1923-1926 жылдар аралығында Ақсу-Жабағылы қорығын
ұйымдастыруға ерекше көңіл бөле бастады. Ақыры 1926 жылы 14 июльде Ақсу-
Жабағылы қорығы құрылды. Қорықты ұйымдастырудағы ең басты мақсат - Батыс
Тянь-Шаньның табиғаты тамаша көріністерін сол қалпында сақтау және осы тау
жүйесі табиғи комплекстерінің даму заңдылықтарын зерттеу, тау сілемдерімен
ұштасып жатқан аршалы ормандардың сирек кездесетін жануарлар мен
өсімдіктерді қорғау. Міне осылайша 1927 жылы Қазақстан жеріндегі тұңғыш
табиғат қорығы дүниеге келді. Бұл қорықтың құрылуына Б.П. Тризнаның ролі
зор болды. Бұл қорық ЮНЕСКО қызметінің тізіміне кірген. Ол табиғаттың інжу
маржаны жер
Қорық үш Республиканың түйіскен жерінде орналасқан (Қазақстан,
Өзбекстан, Қырғызстан). Дүниежүзілік мәні бар табиғи орын ретінде ЮНЕСКО
тізіміне алынған қорық.
Мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы Тянь-Шаньның тармағы Талас Алатауының
Батысында Қаратау, Жабағылы, Өгем, Піскем, тауларының түйіскен тұсына
орналасқан. Қорықтың орталық бөлігін Бұғылытар, Ақсу, Балдыберек тау
жоталары құрайды. Қорықтың Оңтүстік Шекарасы Майдан-тал жотасы арқылы
Шығысы Жабағылы Солтүстігі Жабағылы, өзенінің оң жағасы арқылы өтеді. Ал
батысы Даубаба өзенін қуалай отырып өгем тауына тіреледі. Әрине қорықтың
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бұл шектеуден ұзап шығып, жан-жаққа
қанатын кең жая созылып жатыр. Ол Шымкет облысының Түлкібас Ленгер және
Алғабас аудандарының жерінде қоныс-танған қорықтың жері негізінен таулы .
Сондықтан теңіз деңгейіне 100-4280 метр биіктік аралығында орналасқан.
Қорықтың жер көлемі – 75094 гектар Ақсу Жабағылы өте сирек кездесетін, жер
бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің бай қазынасы. Атап
айтқанда қынаның 28, мүк-тің 61, саңырауқұлақтың 200-ге жуық, жоғарғы
сатылы гүлді өсімдіктер-дің көптеген түрі өседі. Ал жануарлардың, балықтың
2, қосмекенділердің 9, бауырымен жорғалаушылардың 9, омыртқалылардың 49
түрі кездеседі.

ІІ.3. Ақсу Жабағылы қорығының табиғат жағдайлары.
ІІ.3.1. Жер бедері.

Ақсу Жабағылы қорығы Талас алатауының Солтүстік Батыс бөлігінің
біразын және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі
территориясы Шымкент облысының Түлкібас, Леңгір және Алғабас аудандары
жерінде орналасқан. Сонымен қатар қорық құрамына полеонтологиялық учаске
кіреді. Біріншісі - Қарабастауда жер көлемі 126 гектардай. Екіншісі - Әулие
жер көлемі 100 гектардай. Екеуі де Алғабас ауданы территориясында қорықтың
негізгі территориясынан 120 шақырымдай қашық орналасқан.
Қазір де қорықтың жалпы жер көлемі 744 16 гектар, оның 206 16 гектары
Түлкібас ауданында, 505 76 гектары Ленгір ауданында болса, 224 гектары
Алғабас ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас Темір жол
станциясынан 18-20 шақырымдай жердегі Ново –Николаевка селосында.
Ең биік шыңдары мәңгі мұзбенен таласқан ірі құзды Талас Алатауы шығыста
Талас өзенінің жоғарғы ағысынан батыста Шыршық пен Келес өзендерінің
жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр. Талас
Алатауының оңтүстік беткейі Өгем, Піскем, Шатқал тау жоталарына бөлініп,
батысқа және оңтүстік- батысқа қарай созыла түседі.
Талас Алатауының солтүстік жағы шоқпақ және Майдантал асулары арқылы
Қаратаумен жалғасып катеді.
Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жоғарғы жағынан жан-жаққа
Жабағылы, Алатау, Балдыбірек және басқа да тау жоталары кетеді. Арнасын осы
жоталардан алатын өзендер Арысқа келіп құяды. Жабағылы тауының ең биік шыңы
теңіз деңгейінен 2915м. Алатаудікі – 4042м, Өгем жотасынікі – 4072м биік.
Тау беткейлеріне тән қасиет – орман ағаштары жоқ. Тек кейбір учаскелері
ғана ойдым-ойдым болып өскен орманды жер болады. Көбіне тау қойнаулары
тастақ келеді. Биік құздары көп-ақ. Судың жуып-шаюынан өзендер бойында
биік беткейлері тік аңғарлар –коньондар мұнда едәуір. Мәселен Ақсу өзені
бойындағы осындай каньондар қашықтығы 30 шақырымдай болады да тереңдігі 500-
600 метрдей келеді. Бұдан кішірек бірақ сондай әсем аңғарлар каньондар
Үлкен және Кіші Балдыберек . Кіші қайыңды өзендері бойында да бар.
Қорық территориясында ағып өтетін өзендер, топшақ пен Майданталдан
басқалары Арыс өзенінің тармақтары болып саналады. Қорықтағы ең ірі өзен
-Ақсу. Өзендер басын Мәңгі мұз бен қардан алады. Сондықтан да олар апрель
мен июльде екі рет тасиды. Әсіресе жазда тасығанда, өзендер кейде арнасынан
шығып жолындағының бәрін өзімен бірге ала кететін кездері де болады.
Мысалы 1959 жылы Жабағылы өзені тасығанда бұрқыраған күшті су ағыны
жолындағы бұталы тоғайды ала кеткен. Қыста өзендер қатпайды, тек жиектеріне
мұз қатады.
Ақсу –Жабағылы қорығында көлдер жоқтың қасы. Тек көлемі бірнеше ондаған
шаршы километр немесе өзендер иірімінде пайда болады. Мәселен мұндай
көлдерге Қызылжар, Айнакөл, Қызөлген жатады.
Қорық жерінде бұлақтар да бар. Бірақ көбі күзге қарау құрғақ кетеді.
Тауда мәңгі қар теңіз деңгейінен 33000 м биіктікке жатады. Мұздардың жалпы
көлемі мәңгі қар көлемінен 4-5 есе кем. Жабағылы өзенінің жоғарғы жағында
қалыңдығы 11 м, Бөгелітор жотасының теріскей беткейінде 14 м көшпелі мұз
бар. Олардың ішіндегі ең ірісі Ақсай жотасында Оның ұзындығы 1600 м ені
350м.

ІІ.3.2. Геологиясы.

Талас Алатауының жоталары негізінен қалыңдығы 2000 метрге дейін жететін
палеозойлық әк тасты тау жыныстарынан құралған .Гранит пен сленит жыныстары
аз кездеседі. Олардың әк тасымен орналасқан жерлерінде мрамор пайда болады.
Таудың 1800 м биіктігіне дейін әктастың бетін бор және үштік дәуірлеріне
тән құмтастар, балшық, еланец, конгломерат жыныстары басқан . Бұл жыныстар
қабаттарының қалай жатқанын қорықтағы өзендер бойындағы аңғарлардан жақсы
байқауға болады.
Қорықтың Қаратаудағы палеонтологиялық бөлімінде юра дәуірінің
сланецтері көп-ақ. Бұл сланецтер бір парақ қағаз сияқты жұқа
пластинкалардан тұрады. Сндықтан да кейде оны қағазды сланецтер деп те
атайды. Олардың түсі ақшыл сұр кейде ақ келеді. Бұл жыныстар әбден қатқанға
дейін Қаратау бассейнінің етегінде жұисақ лай, кейде ақ келеді. Кейіннен
қатқан бұл тұнбалар өз беттерінде осы жерде бұдан 120 миллион жыл бұрын
тіршілік еткен өсімдіктер мен жануарлардың таңбаларын сақтап қалған. Бұл
жерде 60-тан астам өсімдік түрлерінің таңбалары табылған. Сондай-ақ
насекомдардың, моллюскалардың басқалар мен балшықтың тасқа түскен
суреттеріболды. Әсіресе ұшатын кесірткенің қаңқа сүйектері мен қаңқа –
динозаврдың жеке сүйектерінің табылуы полеозоологтарды қызықтырып отыр.
Өткен дәуірлерде қорық территориясы мен оған көршілес жатқан жерлері
күрделі өзгерістерге ұшырап отырған. Төменгі палезой уақытында уақытында
(бұдан 350-550 милион жыл бұрын ) қорық территориясы теңіздің түбі болған.
Оқта текте әр жер жерден аралдар көрінетін. Тек силур дәуірінің аяқ
кезінде ерекше тектоникалық қозғалыстың әсерінен теңіз суы тартылып, құм
мен тасты көп жерлер құрғап қалған. Одан кейін де бұл өңір талай
өзгерістерді бастан кешті. Мәселен, бұдан 150 миллион жыл бұрын. Мұнда
ауа райы ылғалды болып, шөптер өсіп тұрған. Біраз жері батпақты келген.
Бірақ ылғалды климат көпке созылған жоқ: төменгі бор дәуірінде (бұдан 100
миллион жыл бұрын) қаулап өскен өсімдіктердің біразы жойылып кеткен.
Кайнозой дәуірінде бұл ауданда төбе-төбе жоталар пайда болған. Эоценде
күшті тау түзілу прооцесі жүрді. Миоценде қазіргі Тянь Шань тауы сілемдері
пайда болды. Ақсу – Жабағылы қорығының гиологиялық тарихы міне осындай.
Мұнда пайдалы қазбалар да мол. Темір, Мыс, Қорғасын қорлары көп
екендігі анықталып отыр

ІІ.3.3 Климаты.

Қорықта ауа-райы өте құбылмалы. Қысы суық, кейде қалың қарлы болса,
жазы ыстық, жауын-шашын тапшы келеді. Тәуліктік ауа температурасының өзі де
өзгермелі. Тауда жаз айының кейбір күндерінде өте суық болады. Орташа
жылдық температура тау етегінде – 7,6 градусқа тең, январь айындағы орташа
температура – 4,9 градус болса, июдльде ол 21,6 градус . Көбіне көктемде
бұл жер жауын шашынды келеді. Жалпы алғанда, қорықтың ауа-райы Тянь-
Шаньның басқа жоталарына қарағанда ылғалды болып келеді.
Таулы өңірде биіктікке байланысты да ауа-райы өзгеріп отырады. Тауға
жүз метр көтерілген сайын орташа есеппен 0,6 градусқа төмендейді, ауа
ылғалды болып, жауын-шашын артады. Таудың биік шыңында күшті желдер де
болып тұрады. Тау етектерінде қар төрт-бес метрге жатады, кей жерлерде
қардың қалыңдығы метрге дейін жетеді. Март айында бұл өңірде ауа-райы күрт
өзгереді. Қар еріп, күн жыли бастайды. Бәйшешектер гүлдеп, қара ала
торғайлар келін тау ішін әнге бөлеген кезде кенеттен қар жауып суық болып
кететін жағдайлар көктемде байқалады. Кейде мұндай суық бір жетіге
созылатын кездері де болады. Бұл жағдай ерте ұшып келіп құстардың тіршілік
етуін қиындатып жібереді.
Таудың альпы белдеуінде қыс алты, жеті айға дейін созылады. Қар
қалың түседі, көбіне тау жоталарының теріскей беті қарлы келеді де, күнгей
жағы қарсыз болып, онда тіршілік ететін елік, арқар, таутеке сияқты
хайуанаттардың қыстап шығуына қолайлы жағдайлар тудырады.
Облыс аумағы Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Дүниежүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Биік
таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал солтүстігінде таулардың аласалығы
суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттың құрылуына географиялық
ендіктің де әсері мол. 7
Оңтүстік климаты шұғыл континентті. Бұл температураның тез өзгеруіне
әкеліп соғады. Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әртүрлі болып
келеді. Жаз айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 8 айға
созылады. Барлық жерінде ыстық болып, қүрғақ әрі ұзақ тұрады. Шілде айы
температурасы +21+29°. Абсолютті ыстық +47° Шардарада тіркелген. Қыс айы
қысқа, жиі-жиі жылы ауаға ауысып отырады. Ең суық айы қаңтар. Солтүстікке
орташа температура-15°С және -11,5°С оңтүстігінде. Абсолютті суық Созақта-
41°С тіркелген. 8 (сурет 3)
Жауын-шашын: климаттың айрықша өзгешілігі құрғақшылық болып табылады.
Жылдық жауын-шашын жарық жерлерінде 130-150 мм, тау алды аймақтарда 400-600
мм, таулы аудандарда 700 мм-ге жетеді. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі емес,
негізінен көктем және күз айларында көп жауады. (сурет 4)
Қар қалыңдығы жұқа және бір қалыпты емес. Қардың орташа қалыңдығы 20-
40 см, және ол 2 айдан 5 айға дейін жатады. 9. Циклондық әрекет тауда өте
сирек. Жаз айларында шөлді аудаңдарда 100 мм дейін жауын түседі. Кейбір
жылдары жауын жаумай да кетеді, тіті 3-4 айға дейін қар жамылғысы 10-15
еліден аспайды. Еруі наурыз айыңда басталады. Күн радиациясы 5-7 айға дейін
жақсы түседі. Бұлттылық солтүстік аудандармен салыстырғанда 1,5 есе аз.
Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көп тұрады. Желдің орташа
жылдамдығы 1,9-3,9 мсек. Желдің қатты тұратын аймағы Ақсұрам, онда желдің
жылдамдығы 5,1 мсек. Шақпақ желі мен Арыстанды-Қарабас атақты желдер болып
есептеледі. Ылғалдығына қарай облыс 3 аймаққа бөлінеді. Өте қүрғақты ( 0,1-
0,3 ), құрғақты таулы, биікгігі 1000 метр (0,3-0,5) және таулы, биіктігі
1000 метрден жоғары (0,5 жоғары) Оңтүстік Қазақстан Орта Азиялық
субтропикалық зонамен шекаралас, күн горизонтта тұрғандықтан радияциялық
балансы жоғары, солтүстік облыстармен салыстырғанда суық ауа массалары
оңтүстікке жылжыған сайын жылына бастайды. Сондықтанда бұл жерде күшті
аяздар сирек болады.
Ыстық климат Оңтүстік Қазақстанның жазықтарында болады. Бұл жағдай ауа
температурасының ылғалдылығының анықтау барысында солтүстіктен оңтүстікке
қарай өзгереді. Қыста басқаша, Оңтүстік Қазақстанда ауаның абсолюттік
ылғалдылығы жоғары, солтүстікке қарағанда. Бұл Оңтүстік Қазақстанның жылы
қысымымен анықталады. Бұл жерде ылғалдық жаз айларында 1-8 төмендейді. Бұл
құрғақшылықпен және атмосфераның құрғақ болуымен байланысты. 10 (кесте
1)

Кесте 1
Көп жылғы Шымкент қаласының ауа райының метеорологиялық болжауы
а) Температура °
Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек
Қазан Қараша Желтоқсан Орташа жылдық t min t max Ампли-
туда қаңтар шілде -3 -1 6 13 19
23 26 25 19 11 5 -1 12 34 44 22 24

б) Жауын-шашын
Қаңтар Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз
Қыркүйек Қазан Қараша желтоқсан Салыстыр
малы ылғалды
лық Бір жылда Бір күнде Қаңтар Шілде 9 10
6 8 5 8 - - - 1 2 3 10 582 -
67 21% 5 0 ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ақсу-жабағылы қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Ақсу-Жабағылы
Ақсу-жабағылы қорығы
Қорық Ақсу-Жабағылы
Ақсу-жабағылы мeмлeкeттік табиғи қoры туралы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендерді ғылыми тұрғыдан зерттеу
Ақсу
Марқакөл қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Алматы қорығының физикалық – географиялық ерекшеліктері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь