Бейнелеу өнері сабағында гуашьпен және акварельмен сурет салу тәсілдері



Кіріспе ...

І. Бөлім. Бейнелеу өнерін меңгеру, білім мен дағдыларын қалыптастыру жолдары.
1.1. Сурет салудың өзіндік ерекшеліктерінің маңызы..
1.2. Акварель бояуларымен сурет салудың теориялық негіздері...

ІІ. Бөлім. Бейнелеу өнері сабағында қылқаламмен жұмыс жасау ережесінің маңыздылығы.
2.1. Сурет салуда қарандаш түрлерін пайдаланып заттардың пішініне қарай штрих салуды үйрету әдістері..
2.2. Бейнелеу өнері сабағына арналған сурет салу ережесінің мақсат, міндеттері..
2.3. Композиция заңдылықтарын сауатты қолдануға үйрету жолдары ...
Қорытынды..

Пайдаланылған әдебиеттер
Талапкер суретші қылқаламды құшырлана, қанағат сезімімен қолға алады, оны айналадағы болмысты жанды, сезімталдықпен қабылдау ерекшелеп тұрады. Мұны өз бойында үнемі сақтап отыру, кітаптардан оқыған ережелермен сірестіріп қоймай, бұл ережелерді сұрақтардың пайда болу және нақты творчестволық міндеттердің шешілу дәрежесіне қарай, өз жұмысына біртіндеп енгізу қажет. Ең алдымен түрлі ережелер мен мәліметтерді мүмкіндігінше көбірек жаттап алып, содан кейін ғана жұмысқа кіріскен жөн деп ойламау керек. Бәрінен бұрын өз көзіңе және өзіңнің жеке сезіміңе көбірек сен. Оның өзінде жеке бастың практикасы, өз тәжірибең теориялық білімдерді бейне бір басып озып, оларға деген жанды қажетсінуді тудыруға тиіс. Талапкер суретші творчество арқылы үйренуге тиіс.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..

І. Бөлім. Бейнелеу өнерін меңгеру, білім мен дағдыларын қалыптастыру
жолдары.
1.1. Сурет салудың өзіндік ерекшеліктерінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Акварель бояуларымен сурет салудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ. Бөлім. Бейнелеу өнері сабағында қылқаламмен жұмыс жасау ережесінің
маңыздылығы.
2.1. Сурет салуда қарандаш түрлерін пайдаланып заттардың пішініне қарай
штрих салуды үйрету
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Бейнелеу өнері сабағына арналған сурет салу ережесінің мақсат,
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
2.3. Композиция заңдылықтарын сауатты қолдануға үйрету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Талапкер суретші қылқаламды құшырлана, қанағат сезімімен қолға алады,
оны айналадағы болмысты жанды, сезімталдықпен қабылдау ерекшелеп тұрады.
Мұны өз бойында үнемі сақтап отыру, кітаптардан оқыған ережелермен
сірестіріп қоймай, бұл ережелерді сұрақтардың пайда болу және нақты
творчестволық міндеттердің шешілу дәрежесіне қарай, өз жұмысына біртіндеп
енгізу қажет. Ең алдымен түрлі ережелер мен мәліметтерді мүмкіндігінше
көбірек жаттап алып, содан кейін ғана жұмысқа кіріскен жөн деп ойламау
керек. Бәрінен бұрын өз көзіңе және өзіңнің жеке сезіміңе көбірек сен. Оның
өзінде жеке бастың практикасы, өз тәжірибең теориялық білімдерді бейне бір
басып озып, оларға деген жанды қажетсінуді тудыруға тиіс. Талапкер суретші
творчество арқылы үйренуге тиіс.
Өз бойларыңда жанды қызығушылықты, жұмысқа деген творчестволық
көзқарасты дамытыңдар. Мысалы, қандай да бір заттың өзіне қарап суретін
салу сияқты тіпті қарапайым міндетті шеше отырып, сендер мүмкіндігінше оның
атқаратын қызметіне терең ой жіберуге, сол заттың алуан түрлі қасиеттерін
белгілеуге, оның конструкциясы мен формаларының ерекшеліктеріне, оның
үстіндегі жарық пен көлеңкенің құбылуына, заттың және оның
айналасындағылардың өң-түсінің арақатынастарына назар аударуға тиіссіңдер.
Авторға мейлінше қызықты да сипатты болып көрінетіндердің бәрі шығармада
шынайы бейнеленуі тиіс.

Курстық жобаның мақсаты: Бейнелеу өнері сабағында гуашьпен және
акварельмен сурет салу тәсілдері.
Зерттеу міндеттері: Сурет салуда заңдылықтарды және сурет салудағы
ережелерді меңгерту жолдары.
Зерттеу объектісі: Бояулардың түрлерімен сурет салу гуашь, акварель,
майлы бояу мен сурет салу техникасы.
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесімен
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік журналдар, сызбалар, эскиздері
суретші туындылары, тірек сызбалар, үлестірмелі қағаздар.
Курстық жобаның құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қорытынды
Бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында натураға қарап
еске түсіріп елестету арқылы сурет салуда қолданылған әдіс тәсілдердің
маңыздылығы ерекше.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру
жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнында
және бүкіл техникалық тізбекте технологилардың үздіксіз өзгерістеріне
бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ал оларды даярлау үшін
қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерді, жаңа идеяларды және білім беру
технологияларын пайдалану керек. Жалпы мектеп тәжірибесіне жаңалықтарды
енгізу - оларды қолдануға деген қажеттіліктен туындайды. Ал оқыту
технологиясын қолдану үшін алдымен жаңалықты игеруге даярлық, яғни
технологиялық өңделген құжаттар болуы керек. Мұғалімдердің оқыту
технологияларын меңгеруге, қолдануға деген қажеттілікті туғызып
технологиялық жұмысқа бағыттау - білім сапасын арттырудың маңызды құрлымы.
Бұған мұғалімдерді психологиялық, теориялық және әдістемелік тұрғыдан
даярлау қажет. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісіне қолдану,
оған қызығушылық таныту, ынта қою, оның мақсатын, мазмынын, болашағын
түсініп, іс жүзінде асыра білу, белгілі бір мақсатты, жүйелі дайындықтың
нәтижесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Методика руководства изабразительный деятельности детей
Б.В. Косменская, Н.В. Колязова
2. Уроки рисования с натуры
Г.Винаградов, М - 1980 г.
3. Қазақстан мектебі.
С. Әбішқызы. 2004-7,2004-1,2002-9,2003-8,2000-6
4. Энциклопедический. Словар юного художнике.
В.М.Алпатов. Москва Педагогика 1983
5. Искусство Деревнего мира
Н.А.Дмитриева, Н.А. Винаградова. Масква 1986
6. Бейнелеу өнері және сызу. Журнал
Э.Саланчена. Ғ. Баймағанбетова. Алматы 2005.

І. Бөлім. Білім мазмұнын жаңалау сапасын жетілдіру
1.1. Графика өнерінің жабдықтары мен қолданылатын материалдары
XVI ғасырдың II жартысында Англияда графиттің табылуы бұл істе
революция жасады. Металл қарындаштардың орнына неғұрлым қара түсті әрі
неғұрлым арзанырақ графит қарындаштар келді. Бірақ олардың да ірі кемшілігі
бар еді — ластағыш болды, қағаз бетінде онша жақсы ұсталмайтын, оп-оңай
сынып қалатын. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана француз механигі
Фонте, графит ұнтағын тиімді пропор цияда сазбалшықпен араластыра
отырып, біз қазір де пайдаланып жүрген қарындашты принципінде ойлап тапты.
Графит қарындаштың өзіне тән ерекшелігі — оның шрихтарының металл түстес
жеңіл реңкте болуы.
Графит қарындаштар қаттылығы түрліше дәрежеде үлкен мөл-шерде
шығылады. Совет қарындаштарының 13 қаттылық дәрежесі бар, олардың неғұлым
қаттырақтары Т әрпімен (1Т-дан 7Т-га дейін), неғұрлым жұмсақтары М әрпімен
(1М-нен 5 М-ге дейін) белгіленеді. ТМ қарындаштары орташа жағдайға ие
болады. Сол сияқты шетелдік қарындаштар (мысалы, бізде чехословак
қарындаштары жиі болады) Н (ағылшынша hard — қатты) және В (blаск — қара)
әріптерімен белгіленеді.
Сурет салу үшін 1М-нен 5 М-ге дейінгі маркілі біршама жұмсақ қарындаштар
неғұрлым ыңғайлы болады. Бұл қарындаштар түрлі жуандықтардағы сызықтарды
және өте бозғылт реңктен тіпті қараға дейінгі тондық (өңдік) градациялар
диапазонын бере алады, бұл штрихтау немесе туштеу (ысқылап жағу) арқылы
жасалады. Туштеу үшін растушевка деп аталатын өте қарапайым аспап
қолданылады. Оны өзің-ақ жасап алуға болады — бұл екі шеті ұшталған, сыртқы
түрі жағынан жуан қарындашты еске түсіретін, күдері терісінен немесе жұмсақ
қағаздан тығыз шиыршықталған кішкентай рулон. Жай шүберекті немесе мақтаны
да пайдалануға болады.
Қарындашпен жұмыс істеген кезде жақсы, жұмсақ өшіргіш болуы керек. Өте
жұмсақ өшіргіштерді суретшілер өздері дайындап алады. Бұл үшін кәдуілгі
өшіргішті екі күндей бензин ішінде ұстайды да, одан кейін екі сағаттай
қайнаған суға пісіріп алады. Бірақ жұмыс істеген кезде өшіргішті шектен тыс
көп пайдаланбай, яғни қарындашты қағазға жағып, өшіре бермеген жөн.
Графит қарындаштардан басқа, суретшілер итальян қарындаштары деп аталатын
қарындаштарды да пайдаланады. Ол қарындаштар Ренессанс дәуірінен мәлім
болған, кейде қара бор деп аталатын ерекше итальян тақтасынан (сланец)
жасалған. ХУІІІ-ХІХ ғасырларда орыстың Көркемсурет академиясында итальян
қарындашымен сурет салу міндетті, живопиське көшуден бұрын салынатын
сурет деп қаралды — оны кейде түсті қағаз бетінде жасады, ал ақ
дақтарды бормен немесе ақ бояумен белгілеп отырды.
XIX ғасырда итальян қарындашының орнын басқа
қарындаштар басты. Мұндай қарындаштар бізде де ретушь, негро және басқа
аттармен шығарылады; олар да, итальян қарындаштары сияқты
жылтырамайтындығымен және неғұрлым қою қара өңтүсімен ерекшеленеді. Бұл
қарындаштар да бірнеше қаттылық дәрежеге ие. Олардағы бояушы заттар
қызметін күйдірілген сүйек немесе газ күйесі атқарады.
Бұл қарындаштармен өте абайлап жұмыс істеген жөн, өйткені олар
өшірілмейді десе де болады. Қарындашпен сурет салуға арналған қағаз тығыз,
аздап бұдыр болуға тиіс. Ең жақсы сорт — ватман (гознак) сызу қағазы өте
лайықты; сурет қағазы деп аталатын онша қолайлы емес, ол біршама
борпылдақ, жұқа әрі осал. Нобайлар жасау үшін картографиялық, мүштік және
тіпті жәй ғана жақсы жазу қағазын да пайдалануға болады.
Сурет салуда көмір де кеңінен қолданылады. Оны ерекше жолмен — талдың
немесе қайыңның аршылған және жақсы кептірілген бұтақтарын құмда, ауа
кірмейтін етіп жабылған ыдыста жаға отырып дайындайды. Көмір — бай, әдемі
материал, оның мүмкіндіктері қарындашқа қарағанда кең: онымен кішкене нобай
суреттер де, үлкен полотно жасауға да, жіңішке сызық жүргізуге де, көзді
ашып-жұмғанша дерлік уақытта көп жерді бір өңмен бояп шығып, содан кейін
көмірді қылқаламның қылшығымен немесе шүберекпен сүрте отырып, қажетті
жерлерін ағартуға болады.
Алайда бір қарағанда оңай да тиімді болып көрінетін осы жұмыс —
тәжірибесіз суретші үшін қауіпті еліктіргіш: кездейсоқ пайда болған эффект
салиқалы жұмыстан алаңдатады. Оның үстіне көмір оңай өшіріледі және
абайсызда төгіліп қалады. Сондықтан көмірмен жұмыс істеу іс жүзінде
неғұрлым жауапты әрі үлкен даярлықты талап етеді.
Жұмыс кезінде көмірді, шынтақпен ғана суретке аздап сүйене отырып, үш
саусақпен — бас бармақпен, сұқ саусақпен және ортан қолмен ұстау қажет.
Көмірді ұштағанда, оны тек бір жағынан қиғаш кесу керек. Көмірмен жұмыс
істегенде де растушевка немесе мақта пайдаланылады.
Көмір жазылып бітуге тақалғанда немесе жәй сынып қалған да оның шағын
кесектерін ұзартқыш деп аталатын өте қарапайым және жұмыс істеуге ыңгайлы
аспапқа салады. Мұндай ұзартқышты тиісті диаметрдегі мыс түтіктен
дайындауға болады.
Көмірмен жұмыс істеуге салыстырмалы түрде алғанда желім аз жағылған
қағаз, нобайлар салуға жарамды орауыш қағаз және тіпті обой (түсқағаз)
алынады. Көмірлі суретті сақтау үшін оны суретшілер өздері дайындайтын
фиксативпен бекітеді. Оның кейбір рецептері мынадай: '5 грамм желатинді
бір стакандағы жылы суға ерітіп, 50 грамм спирт қосу; 2) грек жаңғағы
көлеміндегі сірненің бір кесегін стақандағы спиртке немесе таза бензинге
еріту; 3) қаймағы алынған сүтті сумен аздап араластырып, шүберек арқылы
сүзу.
Көмірмен салынған суретті ғана емес, сонымен бірге қарындашпен
салынған суретті де, әсіресе оны ұзақ сақтағыларың келсе, бекітіп қойған
орынды. Суретті бүріккіш арқылы бүрке отырып, бекітеді. Суретті горизонталь
жатқызып, бүріккішті сурет бетіне кездейсоқ тамшы тамып кетпес үшін біршама
шеткері орналастырады. Бүркілген тамшылар өте ұсақ болуға және сурет бетіне
бейне бір шық сияқты қонуға тиіс. Екі мәрте бекіткен жақсы, екінші рет —
толық кеуіп болған соң жасалады.
Қарындаш пен көмірден басқа, суретшілер сурет салу үшін сангина,
престелген көмір, соус сияқты материалдарды да қол-данады. Сангинаның қызыл-
қоңыр таяқшаларымен жұмыс істеу техникасы көмірге біршама жақын. Престелген
көмір мен соус — майлы, қап-қара тонды материалдар. Соустың ерекшелігі сол,
оны жаға отырып және оны қылқаламмен суға еріте отырып, онымен құрғақ та,
дымқылдап та жұмыс істеуге болады.
Сурет салған кезде (живописьпен жұмыс істегендегідей) мольберт деп
аталатын арнайы станоктарды пайдалану өте қолайлы. Мольберттер түрлі
конструкциялы болып келеді және түрлі қызметке арналады.
Ақын жазушы, суретшілердің жазған кортинаға арналған портреттер мен
табиғат суреттері графикалық суреттердің авторларын атап кету керек.
Графика.
Ш.Уәлиханов. Сартай портреті.
Ә.Қастеев. Кітап ұсынған қыз.
Е.М.Сидоркин. Аза, С.Сейфуллинді оқығанда атты топтама.
Б.Табылдиев. Бала дәурен.
Ә.С.Рахманов. Әке қазасы, Менің замандастарым.
Н.С.Гаев. Москвадан сөйлеп тұрмыз.
Ә.Смағұлов. Ақсуат.
Б.Машрапов. Үзілген үміт.

Балаларға арналған кітапшаларға иллюстрация.
Ш.Б.Кенжебаев. Кешкі ән.
Қ.Қожықов. Даладағы шайхана, Алдар көсе.
В.Верещагин. Аңшы қырғыз.
И.Н.Исабаев. Қобыланды батыр.

Ертегілер, мультфильмдер.
Ж.Дәненов. Сиқырлы сыбызғы.
М.Мырқасымов. Алтын сақа.
Ә.Бейсенбаев. Қыдырдың бақыты.
Ф.Мұқанов, Т.Мендешова. Жібек шашақ.
Ж.Дәненов, Ә.Ә.Қайдаров. Қырық өтірік.
Ж.Дәненов, Б.О.Омаров. Көртышқан мен қоян.
М.Алин. Арыстан мен түлкі.
М.С.Лизогуб. Ертегі.
М.Дүзелханов. Жыл басы, Батыл есек.

1.2. Оқушылардың графикалық өнерге дайындық деңгейі
Өнердің түрлерімен және жанрларымен, суретші іс-әрекетінің сипатымен
және мазмұнымен танысып ала отырып, суретшіге қажетті білімдердің
негіздерімен, оның жұмысының методикасымен және техникасымен нақтырақ
танысуға көшелік.
Перспектива сөзі (латынша perspiceze сөзінен алынған) арғы-бергі жақты
көруді білдіреді. Перспектива – бақылаушыдан түрлі қашықтықтағы заттарды
бейнелеудегі сызықтық құру заңдарын зерттейтін ғылым. Сондықтан әдетте
сызықтық перспектива туралы айтады. Сондай-ақ осы заңдар бойынша құрылған
бейненің өзін де перспектива деп атайды.
Сызықтық перспективадан басқа, ауа перспективасы деп аталатын
перспектива да бар.
Одан кейін итальян және неміс суретшілері Леон Баттиста Альберти, Пьеро
делла Франческа, Паоло Учелло, Леонардо да Винчи, Альбрехт Дюрер және
басқалар өздерінің ғылыми еңбектері мен өнер туындыларында бұрын ашылған
заңдарды дамытты. Одан кейінгі уақытта кез-келген затты кез-келген
бұрылыста, кез-келген қашықтықта және қай жақтан қарағанда да жазықтық
үстінде дәл суретін беруге мүмкіндік жасайтын көптеген перспективалық
құрылыс әдістері мен тәсілдері талдап жасалды.
Параллель сызықтар, мысалы, рельстер және т.б., бізден ұзай отырып,
ақырында көзбен қарағанда көкжиекте, яғни жер мен көк астасып жататын
шартты сызықта бір нүктеге айналатыны белгілі. Көкжиектің сызықтарынсыз
бірде-бір перспективалық құру бола алмайды. Оның басты ерекшелігі мынада:
ол әрдайым бақылаушының көздері деңгейінде болады. Егер бақылаушы биікте,
мысалы, тау үстінде болса, көкжиек те жоғарылап, жер ашыла түскендей
болады. Егер ол төмен түссе, көкжиек те онымен бірге төмен түседі. Сөйтіп,
көкжиек сызығынан жоғары тұрғандардың бәріне бақылаушы төменнен, ал көкжиек
сызығынан төмен тұрғандардың бәріне жоғарыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану ерекшелігі мен тиімділігі
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
Көмірмен сурет салу
Пейзаж жанры туралы түсінік және оларды живопись технологиясында бейнелеудің теориялық ерекшеліктері
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Кескіндеме жанрының түрлері және тарихы. Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Графика туралы түсінік
Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы
Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
Пәндер