Геология оқу - әдістемелік кешен



1 Т И П Т І К Б А Ғ Д А Р Л А М А
2 ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ
4 ЛЕКЦИЯНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Геология— Жер туралы ғылым (грекше «гео» — жер, «логос» — ғылым). Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және химиялык қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталатын, әр уақытта дамып, өзгеріп отыратын курделі дене.
Жерді зерттейтін ғылымдардың қатарына геологиямен қатар астрономия, физикалық география, геофизика, геохимия және т. б. ғылым салаларын да жатқызуға болады. Олардың әрқайсысілның өзіндік зерттеу әдістері мен ғылыми мақсаттары бар. Олар жерді әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады. жердің өткен тарихын қалпына келтіру (реконструкция) арқылы, оның даму заңдылықтарын анықтайды. Қысқаша айтқанда, геология жердің жаратылысын, құрылысын, құрамын және оның эволюциялық дамуын зерттейді. Сонымен қатар, ол жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын да анықтайды. Бірақ, жердің ішкі терең қабаттарын зерттеу әдістерін бүгінгі кун тұрғысынан жеткіліксіздігінен жетілмегендігін ескерсек, әзірше геология жердің ең жоғарғы (беткі) қабаттарын (жер қыртысын) зерттеумен ғана шектеліп келеді деуге болады.
Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне физика, химия және математикаға) көбірек сүйенеді. Олардың зерттеу әдістерін пайдаланады. Соның нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғылымдары ерекше дамып келеді. Ал жердің жаратылысын түсіндіруде және оның ғарыш кеңістігіндегі алатын орнын анықтауда геология ғылымы астрономия және космология ғылымдарына сүйенеді. Соңғы жылдары басқа планеталарды жермен салыстыра отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салыстырмалы планетология атты ғылым саласы қалыптасып келеді. География мен геология ғылымдарының арасындағы тығыз қарым-қатынас ерте кезден-ақ белгілі. Әсіресе, эндогендік жер астылық) және экзогендік (жерүстілік) іздедестірудің нәтижесінде пайда болатын бедер пішіндері соның дәлелі. Жер бетінің бедерін зерттейтін ғылым— геоморфология, геология мен географияның_ екеуіне де бірдей ортақ.
1. Калесник С В Общие географические закономерности Земли Москва 1970
2. Калесник С В Основы общего землеведения Москва1955
3. Кондратьев К Я Глобальный климат и его изменения Ленинград 1987
4. Леонтьев О К Физическая география мирового океана Москва1986
5. Львович М И Вода и жизнь Москва 1986
6. Малиновский Е Е Рифтогенез в истории Земли Москва 1983
7. Марков К К Палеогеография(историческое землеведение) Москва 1960
8. Неклюкова Н П Жалпы жер тану Г Карпеков ауд.Алматы Мектеп 1980
9. Брехловских Л М Океан и человек Настоящее и будущее Москва 1987
10. БудыкоМ И Климат в прощлом и будущем Ленинград 1980
11. В ведение в физическую геграфию Под ред. К К Маркова Москва 1978
12. В ведение в физическую геграфию Под ред. М М Ермолаев Москва 1978
13. Вернадский В И Биосфера и ноосфера Москва 1989
14. Вернадский В И Химическое строение биосферы Земли и ее окружения Москва1965
15. География мирового океана. Мировой океан. Ленинград.1987
16. География мирового океана. Мировой океан. Ленинград.1987
17. Докучаев В В К учению зонах природы Москва Том 1961
18. Звонкова Т В Географическое прогнозирование Москва 1987
19. Калесник С В Основы общего землеведения Москва1955
20. На селско хозяство страны Москва Высшая школа 1987

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық

Қазақ – Түрік Университеті

ГЕОЛОГИЯ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Түркістан 2007

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті

Жаратылыстану факультеті

География кафедрасы

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Пән аты: Геология

Мамандығы (шифры): 050116 – География

Кредит саны: 2

Түркістан 2007

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бекіткен
Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты мен Абай атындағы Ұлттық
педагогикалық университеті дайындаған пәнінің типтік бағдарламасы негізінде
жасалған.

Оқу - әдістемелік кешенді құрастырған: г.ғ.к. доцент. Курбаниязов С.К.

Кафедраның 28 08 2007ж. мәжілісінде (хаттама № 1) талқыланып бекітілген.

Баспаға
Жаратылыстану факультетінің оқу - әдістемелік кеңесінде талқыланып,
Жаратылыстану және Медицина институтының ғылыми кеңесі ұсынған.

Оқу жоспарының көшірмесі

Күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша

№ Сабақтың түрі Күдізгі бөлім Сыртқы бөлым
1 Лекция 15 12
2 Семинар
3 Лаборатория 15 6
3 СОӨЖ 30
4 СӨЖ 30 72
5 Барлығы 90 90

Пәннің переквизиттері - Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.
Физикалық география. Табиғат тану.

Пәннің постреквизиттері - Жалпы жертану. Геоморфология. Жалпы гидрология.

1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Геология – Жер туралы ғылым, Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі
бір орнымен анықталатын, өзіндік физиқалық және химиялық касиеттерінің
ерекшеліктер мен сипатталатын, әр уақытта дамып, озгеріп отыратын күрделі
дене. Осы дененің қыртыстарының құрамы мен кұрлысын және оның терең
қойнауында жүріп жатқан эндогендік процестердің өзіндік ерекшеліктерін
зерттей отырып, жердің өткен тарихын қалпына келтіру арқылы, оның
заңдылықтарын анықтайды. Қысқаша айтқанда, геология жердің жаратылысын,
құрлысын, құрамын және оның эволюциялық дамуын зерттейді. Сонымен қатар, ол
жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы қазбалардың құралу және
орналасу заңдылықтарын да анықтайды. Бірак, жердің ішкі терең қабаттарын
зерттеу әдістерінің бүгінгі күн тұрғысынан жеткіліксіздігінен
жетілмегендігін ескерсек, әзірше геология жердің ең жоғарғы беткі
қабаттарын зерттеумен ғана шектеліп келеді деуге болады.
Геология ғылымының Қазақстан Республикасы үшін қаншалықты
маңызды екені баршамызға мәлім. Еліміздің ұлан-ғайыр жерінің өзіне тән
геологиялық ерекшеліктерінің, оның жерқойнауында алуан түрлі пайдалы
қазбалардың молдығы Кеңес өкіметі кезіндеде геология ғылымының Қазақстан
аумағында шешімін табуына негіз болды.Осыған орайлас республикамызда
геология ғылымы шапшаң қарқынмен өркендеп, одақтың ғылым академиясының
академигі Қ.И.Сәтбаев бастаған Н.Г.Кассин, М.П.Русаков, Р.А.Борукаев,
А.А.Абдуллин, А.Қ.Қайпов, Ж.С.Сыздықов, Г. Н.Шерба секілді аса көрнекті
ғалымдар жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қазақстанның
әр түрлі кенді аймақтарының геологиялық-геофизикалық
металогениялық ерекшеліктері айқындалды, олардың ауқымында жаңа кен
орындары ашылды, бұрын ашылғандардың қорлары анықталды.

Курсты оқу барысында студенттер мынаны білуі қажет:
- Геология пәнінің зерттеу обьектісін.
- Геология ғылымының ежелгі дәуір зерттелу тарихы.
- Геология ғылымының орта ғасыр дәірі зертелу тарихы.
- Геология ғылымының өркендеу заманы зерттелу тарихы.
- Геология ғылымының қазіргі заман зерттелу тарихы.
- Геология ғылымының қазіргі заман Қазақстан ғалымдарының зерттеуі.
- Геология пәнінің ішкі байланыстары: вулканология, сейсмология, литология,

петрография, палеонтология, минералогия және пайдалы қазбалар
геологиясы.
- Базальт гранит қабатын ажырата білуі.
- Конрад пен мохорович жазықтығын ажырата білуі.
- Жердің литосфера қабаты мен мантия қабатын ажырата білуі.
- Жер эволюциясының дәуірлерге бөлінуін.
- Тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін.
- Геохронологиялық шкаланы.
- Магматизм туралы түсінік.
- Магматизмнің интрузив жыныстары.
- Магматизмнің эффузиф жыныстары.
- Жанартау туралы түсінік.
- Жанартау өнімдері.
- Сөнген және актив жанртаулар.
- Жер сілкіністерінің негізгі себептері және түрлері.
- Жер сілкіністерінің тарихы.
- Жер сілкінудің географиялық таралуы.

Студенттер нені істей білуііскерлігітиіс:
- Геология пәнінің география ғылымдары арасындағы орнын білу.
- Геология пәнінің әр дәуірлердегі қызметін.
- Қазба байлықтарды іздеп табуда геологиялық әдістерді қолдану түрлерін
анықтау.
- Кестеграфик құрастыру және талдай білу;
- Диаграммаларды құрастыру және талдай білу;
- Гидрология және климаттың нақтылы мәселелеріне сипаттама беру;
- Есеп шығару;
- Карталардан нақты географияға байланысты номенклатураларды көрсете білу.
- Жер эволюциясының дәуірлерге бөлінуін.
- Тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін.
- Геохронологиялық шкаланы білу.
- Магманың дифференциялық жіктелуі.
- Магмалық тау жыныстар
- Гибридизация туралы түсінік.
- Фанерозой же криптозой эондары.
- Кайназой эрасына сипаттама.
- Стратиграфиялық шкаланы
- Жанартаулардың құрлымы.
- Жанартаулардың түрлері
- Жанар таулардың таралуы.
- Жер сілкінісінің Р, S толқындары.
- Жер сілкінуді алдын-ала болжау.

Т И П Т І К Б А Ғ Д А Р Л А М А

ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

География мамандарын дайындау “Геология” пәні негізгі оқу құралы болып
есептеледі.
“Геология және палеогеография негіздері” пәні және оның негізгі
бөлімдері тектоника, петрология, минералогия, литология, кристаллография,
стратиграфия, палеонтология., жердің пішіні, құрылысы және физикалық
қасиеттері. Жердің ішкі құрылысы, жер қыртысының құрамы. Минералдар туралы
жалпы мәліметтер және олардың жіктелуін үйретеді. Минералдардыңнегізгі
топтары және оларға қысқаша сипаттама, қоспасыз таза элементтер,
сульфиттер, сульфаттар, карбонаттар, силикаттар, галоидтар, тотықтар және
гидро тотықтар, фосфаттар және органикалық қосылыстартар туралы түсінік
береді. Моос шкаласы.
Тау жыныстар туралы жалпы мәліметтер және олардың шығу тегіне қарай
жіктелуін түсіндіреді. Магмалық тау жыныстары және олардың жіктелу
қасиеттерін үйретеді. Шөгінді тау жыныстары және олардың жіктелуі.
Метаморфизм және метаморфтық тау жыныстары туралы түсінік береді.
Геохронологиялық және стратиграфиялық кесте – бірегей бөлімшелерінің
атаулары және олардың орналасу реттілігі: Эон – эра – дәуір – кезең. Жер
және жер қыртысының геологиялық даму тарихын анықтайтын геохронологиялық
және стратиграфиялық кестеге сипаттама береді.

ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе.
Геология курсы география мамандығы бойынша оқитын студенттер
үшіннегізгі оқу пәні. Геология – жер туралы ғылым болып, (гео - жер, логос
– ілім) жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын,
өзіндік физиқалық және химиялық касиеттерінің ерекшеліктер мен
сипатталатын, әр уақытта дамып, озгеріп отыратын күрделі дене. Дененің
қыртыстарының құрамы мен кұрлысын және оның терең қойнауында жүріп жатқан
эндогендік процестердің өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып, жердің өткен
тарихын қалпына келтіру арқылы, оның заңдылықтарын анықтайды.
“Геология” пәні, оның басты салалары және тағыда басқа ғылымдармен
байланысы сөздіктерінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттерін, зерттелу
обьектілері туралы тусінік беру.
Геология жердің жаратылысын, құрлысын, құрамын және оның
эволюциялық дамуын зерттелуін үйрету. Жер қойнауында кездесетін алуан түрлі
пайдалы қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын да анықтайды. Бірак,
жердің ішкі терең қабаттарын зерттеу әдістерінің бүгінгі күн тұрғысынан
жеткіліксіздігінен жетілмегендігін ескерсек, әзірше геология жердің ең
жоғарғы беткі қабаттарын зерттеумен ғана шектеліп келетіндігін түсіндіру.
Геологияның танымдық және халық шаруашылықтық маңызы. Қазақстанда
гиологиялық ғылым мен өндіріс салалары дамуының басты кезеңдерін, геология
ғылымының Қазақстан Республикасы үшін қаншалықты маңыздығын, еліміздің ұлан-
ғайыр жерінің өзіне тән геологиялық ерекшеліктерінің, оның жерқойнауында
алуан түрлі пайдалы қазбалардың молдығы Кеңес өкіметі кезіндеде геология
ғылымының Қазақстан аумағында шешімін табуына негіз болатындығын үйрену.
Осыған орайлас республикамызда геология ғылымы шапшаң қарқынмен өркендеп,
одақтың ғылым академиясының академигі Қ.И.Сәтбаев бастаған Н.Г.Кассин,
М.П.Русаков, Р.А.Борукаев, А.А.Абдуллин, А.Қ.Қайпов, Ж.С.Сыздықов,
Г.Н.Шерба секілді аса көрнекті ғалымдар жетекшілігімен жүргізілген
зерттеулер нәтижесінде Қазақстанның әр түрлі кенді аймақтарының
геологиялық-геофизикалық металогениялық ерекшеліктері айқындалды,
олардың ауқымында жаңа кен орындары ашылды, бұрын ашылғандардың қорлары
анықталды.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

Геология курсы география мамандығы бойынша оқитын студенттер
үшіннегізгі оқу пәні. Сондықтан студенттер геология курсынан лекциядағы
теориялық материалдарды зертханалық жұмыстар арқылы түсініп, игерудің мәні
зор.
Зертханалық жұмыс барысында минералдар және таужыныстар сыртқы
белгілері бойынша оңай анықталады. Оларға морфология және физика қасиеттер
жатады. Табиғатта минералдар түйірлі агрегаттар, друзалар, дендриттер,
тасберіш (конкреция), тасшемен (секреция), оолиттер, жертәріздес, сауысты
және басқа да агрегаттар кейде жалғыз кристалдар және олардың қосарланып
өсуі түрінде кездеседі.
Минералдар химиялық құрамы және құрлымымен толық анықталады сонымен
қатар физикалық қасиеттерімен сипатталады.
Минералдың қасиеттерін зерттей отырып, құрылысы, химиялық құрамы,
жаралау процестері, табиғатта табылу заңдылықтары туралы қорытынды жасауға
болады.
Морфология және физикалық қасиеттері негізгі қолданбалы маңызына ие
минералдар табиғатын түсінуге жол ашады.
Таужыныстары әртүрлі геологиялық процестер нәтижесінде жер
қыртысынданемесе оның жоғарғы бетінде (қабатында) пайда болады. Олардың
негізгі массасына жаралу жағдайын және таужыныстар қасиетін анықтайтын
таужыныс құраушы минералдар жатады.
Таужыныстар құрылысын құрылымы және бітімімен анықтайды.
Егер таужынысы тұтас кристалдық түйірлерден құралса, толық кристалды
құрылым деп аталады. Шынылы (аморфты) масса басым болса, шынылықұрылымды
деп аталады. Егер жалпы шынылы немесе жасырын кристалды массада кристалды
түйірлерінің сеппелері болса (фенокристалды немесе порфирлі бөліктер немесе
сеппелер) құрылымды профирлі деп атайды. Егер ірі кристалды түйірлер
кристалды түйірлерде кездессе, бірақ ұсақ түйірлі массада болса, онда
құрылым порфир – тәріздес деп аталады. Таужынысы қандайда бір сынықтардан
құралса, сынықты құрылым деп аталады. Өз кезегінде кристалды және сынықты
құрылымдар түйір және сынық мөлшері бойынша құрылым қатарларына бөлінеді.
Сонымен кристалдық құрлымдар ішінде кристалдық түйірлер өлшеміне байланысты
ірі түйірлі түйір диаметрі 5мм – ден үлкен орташа түйірлі түйір өлшемі 5 мм
– ден 1мм – ге дейін, ұсақ түйірлі түйір диаметрі 1мм – ден кіші болып
бөлінеді. Таужыныстары өте ұсақ түйірлері көзге көрінбесе, олардың құрылымы
афанитті немесе жасырын кристалды деп аталады.
Егер түйір мөлшері арқылы олардың пішінін анықтаса құрылымы түйір
пішіні сипаттамасымен толықтырылады, өлшем қатыстылығына қарай бір келкі
түйірлі және әркелкі түйірлі құрылымдар бөлінеді. Бірінші жағдайда минерал
түйірлері көп немесе аз бірдей өлшемді, ал екіншісінде әр түрлі шамада
болады. Әркелкі түйірлі құрылым соңғы кезде парфирлі және порфир тәріздес
кездеседі.
Бітімдер тығыз, ықшамдалған бітімдер, біркелкі және бағдарланған
қабатта, тақталы т.б. бөлінеді. Таужыныстарының сипаттамасында оларға тән
бітімдер және жаралу жағдайлары қарастырылған ьаужыныстарының құрамы және
құрылысын зерттеу олардың жаралу жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.
Таужыныстарының құрамын және құрылысын зерттеу олардың жаралу
жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді. Таужыныстарының жіктелу негізіне
генетикалық белгілері жатады. Таужыныстары жаралу жағдайларына қарай үш
генетикалық типке бөлінеді:
1) Силикаттық балқыманың – магма немесе лаваның әртүрлі жағдайда
сууынан пайда болатын магмалық немесе атқылама таужыныстар;
2) Жердің жоғарғы қабатында экзогендік процестер нәтижесінде
пайда болатын шөгінді таужыныстары;
3) Тереңдікте жоғарғы жылу және қысым әсерінен сонымен қатар
тереңірек бөлінетін әртүрлі сұйық және газ тәрізді заттар кез
келген таужыныстардың (магмалық, шөгінді және метаморфтық)
кристалдану жолымен қайта өңделіп, пайда болатын метаморфтық
таужыныстары.

Жалпы жертану курсы бойынша студенттермен орындалатын курстық жұмыстардың
тақырыптары.

• Қаратаудың Геологиялық құрылысы.
• Тұран ойпатының қазба байлықтары.
• Тұран ойпкатының геологиялық құрылысы.
• Сыр өзеннің геологиялық таужыныстары.
• Қаратаудың пайдалы қазбалары.
• Арал теңізінің геологиясы.
• Арал теңізінің қазба байлықтары.
• Маңғыстау үстүртінің пайдалы қазбалары.
• Маңғыстау үстүртінің геологиялық структурасы.
• Іле алатауының геологиясы.
• Кетпенші тауының геологиясы.
• Сәуір тауының геологиясы.
• Тарбағатай тауының геологиясы.
• Батыс – Сібір ойпатының геологиясы.
• Бетпақдала жазықтығына сипаттама.
• Қазан ұсақ шоққыларының геологиясы.
• Қазақстан құрылыс материалдарының қазба байлықтарының
геологиясы.
• Қазақстан құрылыс магмалық жыныстарының геологиясы.
• Қазақстан тұз тау жыныстарының геологиясы.

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Калесник С В Общие географические закономерности Земли Москва 1970
2. Калесник С В Основы общего землеведения Москва1955
3. Кондратьев К Я Глобальный климат и его изменения Ленинград 1987
4. Леонтьев О К Физическая география мирового океана Москва1986
5. Львович М И Вода и жизнь Москва 1986
6. Малиновский Е Е Рифтогенез в истории Земли Москва 1983
7. Марков К К Палеогеография(историческое землеведение) Москва 1960
8. Неклюкова Н П Жалпы жер тану Г Карпеков ауд.Алматы Мектеп 1980
9. Брехловских Л М Океан и человек Настоящее и будущее Москва 1987
10. БудыкоМ И Климат в прощлом и будущем Ленинград 1980
11. В ведение в физическую геграфию Под ред. К К Маркова Москва 1978
12. В ведение в физическую геграфию Под ред. М М Ермолаев Москва 1978
13. Вернадский В И Биосфера и ноосфера Москва 1989
14. Вернадский В И Химическое строение биосферы Земли и ее окружения
Москва1965
15. География мирового океана. Мировой океан. Ленинград.1987
16. География мирового океана. Мировой океан. Ленинград.1987
17. Докучаев В В К учению зонах природы Москва Том 1961
18. Звонкова Т В Географическое прогнозирование Москва 1987
19. Калесник С В Основы общего землеведения Москва1955
20. На селско хозяство страны Москва Высшая школа 1987

ЛЕКЦИЯНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

№ Лекцияның тақырыбы және оның жоспары Кредит сағат саны
1 Геология –Жер туралы ғылым 2
Геология пәні туралы түсінік
Геология пәнінің табиғи пәндермен салалық
байланыстары
Геология пәнінің зерттеу әдістері
Геологяның шаруашылықтағы маңызы
2 Геология ғылымының қысқаша даму тарихы 2
Алғашқы қауым адамдарының тау жыныстарын
пайдалануы
Ежелгі Грецияда геологияның дамуы
Орта ғасырлардағы геологияның дамуы
Қазақстанда геологияның дамуы
3 Жер қыртысының құрамы мен құрлысы 2
Жер қыртысының құрамы
Литосфера
Ішкі және сыртқы мантия
Ядро түсінігі
4 Жер эволюциясы 2
Жер эволюциясының дәуірлерге бөлінуі
Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері
Геохронологиялық шкала
Фанерозой және криптозой эондары
5 Магматизмнің геологиялық қызметі. 2
Магматизм туралы түсінік
Магматизмнің интрузив жыныстары
Магматизмнің эффузиф жыныстары
Магмалық тау жыныстары
6 Жанартаулардың жаратылысы 2
Жанартау туралы түсінік
Жанартау өнімдері
Жнартаулардың құрлымдары
Жанартаулардың түрлері
Сөнген және актив жанртаулар
7 Жер сілкіністері 2
Жер сілкіністерінің болу себебтері
Жер сілкіністерінің қысқаша тарихы
Жер сілкіністерін зерттеу әдістері
Жер сілкіністерін алдын ала болжау
Жер сілкіністерінің Жер бетінде таралу
географиясы
8 Экзогендік геологияоық процестер 2
Тау жыныстарының үгілу процестері
Физмкалық үгілу
Химиялық үгілу
Биологиялық үгілу
9 Желдердің геологиялық әрекеттері 2
Желдердің бұзушылық әрекеттері
Эолдық процестер
Коррозия процестері
Дифляция процестері
Дюналар мен бархандардың пайда болуы
10 Флювиалдық геология процестер. 2
Өзендердің геологиялық бұзушылық әрекеттері
Деллювилік процестер
Регрессиялық процестер
Прллювилік процестер
Сел тасқындары
Аллювилік үйінділер
11 Жер асты суларының геологиялық қызметі 2
Жер асты сулары туралы түсінік
Гидрогеология ғылымының даму сатылары
Жер асты суларының түрлері
а. Конденсациялық сулар
б. Ювенил сулар
в. Седиментогенездік сулар
г. Инфилтрациялық сулар
12 Жер бетіндегі мұздықтардың геологиялық 2
қызметі
Мұздықтардың геологиялық бұзушылық әрекеттері
Құрлық мұздықтары
Тау мұздықтары
Беттік және шеткі мореналар туралы түсінік
Мұздық фирндары
13 Теңіздердің геологиялық қызметі 2
Теңіздердің геологиялық бұзушылық қызметі
Литоралдық шөгіділер
Сублиторалдық шөгіділер
Хемогендік шөгінділер
Батиалдық шөгінділер
14 Геотектоникалық болжамдар және жер қыртысының2
даму заңдылықтары
Гетектоникалық болжамдар:
Эли де Боммон Кеңею, Дирактың Сығылу
В.Бечер-дің. Пулсация - В.Блоусовтың
Фиксизм А.Вегенердің Мобелизмтеориялары
Геотектоникалық “спрединг”
Геотектоникалық субдукция және дедукция
Литосфералардың қозғалысы қазіргі заман
теориясы
15 Метаморфизм процестері 2
Метаморфизм туралы түсінік
Метаморфтық ату жыныстары
Метаморфизм түрлері
Динамометаморфизм
Регионалдық метаморфизм
Контактілк метамофизм

№ 1 лекция

Сабақтың тақырыбы: Геология –Жер туралы ғылым

Сабақтың жоспары:
• Геология пәні туралы түсінік
• Геология пәнінің табиғи пәндермен салалық байланыстары
• Геология пәнінің зерттеу әдістері
• Геологяның шаруашылықтағы маңызы

Сабақтың мақсаты: Жер қыртыстарымен бетінде өтіп жатқан эндогендік және
экзогендік процестердің жалпы заңдылықтары туралы түсінік
беру литосфераның географиялық қабықта алатын орны мен маңызын
көрсету, студенттерді Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының
пайдалы қазба байлықтарының түрлерімен таныстыру
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Геология— Жер туралы ғылым (грекше гео — жер, логос — ғылым). Жер
планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық
және химиялык қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталатын, әр уақытта
дамып, өзгеріп отыратын курделі дене.
Жерді зерттейтін ғылымдардың қатарына геологиямен қатар астрономия,
физикалық география, геофизика, геохимия және т. б. ғылым салаларын да
жатқызуға болады. Олардың әрқайсысілның өзіндік зерттеу әдістері мен ғылыми
мақсаттары бар. Олар жерді әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады. жердің
өткен тарихын қалпына келтіру (реконструкция) арқылы, оның
даму заңдылықтарын анықтайды. Қысқаша айтқанда, геология жердің
жаратылысын, құрылысын, құрамын және оның эволюциялық дамуын зерттейді.
Сонымен қатар, ол жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы
қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын да анықтайды. Бірақ,
жердің ішкі терең қабаттарын зерттеу әдістерін бүгінгі кун тұрғысынан
жеткіліксіздігінен жетілмегендігін ескерсек, әзірше геология жердің ең
жоғарғы (беткі) қабаттарын (жер қыртысын) зерттеумен ғана шектеліп
келеді деуге болады.
Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне физика, химия және
математикаға) көбірек сүйенеді. Олардың зерттеу әдістерін пайдаланады.
Соның нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғылымдары
ерекше дамып келеді. Ал жердің жаратылысын түсіндіруде және оның ғарыш
кеңістігіндегі алатын орнын анықтауда геология ғылымы астрономия және
космология ғылымдарына сүйенеді. Соңғы жылдары басқа планеталарды жермен
салыстыра отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
салыстырмалы планетология атты ғылым саласы қалыптасып келеді. География
мен геология ғылымдарының арасындағы тығыз қарым-қатынас ерте кезден-ақ
белгілі. Әсіресе, эндогендік жер астылық) және экзогендік (жерүстілік)
іздедестірудің нәтижесінде пайда болатын бедер пішіндері соның дәлелі. Жер
бетінің бедерін зерттейтін ғылым— геоморфология, геология мен
географияның_ екеуіне де бірдей ортақ.
Қазіргі кезде геологияның өзі көптеген ғылыми пәндер салаларына жіктеледі.
Жер қыртысының құрамын зерттейтін ғылыми пәндер — минералогия, петрография,
литология болып саналады.
Минералогия (ескі латын тілінде минера—руда) — минералдардың (химиялық
табиғи қосындылардың) саны мен сапасын, жаратылысын (генезисін), құрамы мен
құрылысын және физикалық-химиялық қасиеттерін зерттейді.
Петрография немесе петрология (грекше петрос жартас) — тау жыныстарының
құрамы мен құрылысын және олардың пайда болу (генсзис) жолдарын анықтайды.
Литология (грекше литос — тас) — шөгінді тау жыныстарының құралу
және өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Жер бетінде жердің ішкі
қабаттарында жүріп жататын әр түрлі геологиялық әрекеттерді қозғалыс
тұрғысынан зерттейтін ғылым — динамикалық геология деп аталады. Динамикалық
геология жеке ғылым тармақтарына (геотектоника, сейомология, вулканология)
ажыратылады.
Геотектоника (грекшіе тектоника — құрылымдық архитектура) —. жер
қыртысының құрылымдық элементтерін және оның деформациялық қозғалыс
заңдылықтарын қарастырады. Тау жыныстарының орналасу заңдылықтарын және
олардың жатыс пішіндері мен құрылымдық элементтерін зерттейтін
геотектониканын бір бөлімі — құрылымдық геология деп аталады.
Сейсмология (грекше сейсмос—сілкіну) — жер сілкінудің қандай себептерден
болатындығығ зерттейтін ғылым.
Вулканология — вулкандық құрылымдар мен вулкандардың нәтижесіндепайда
болған тау жыныстарың зерттеу арқылы магмалық әрекеттердің даму
заңдылықтарын анықтайтын ғылым.
Жердің даму тарихын тарихи геология және құрлықтағы теңіздің өзгеруін
палеогеография ғылымдары зерттейді.
Тарихи геология — жер қыртысының жалпы даму кезендерін зерттейтін ғылым.
Жер қыртсын қүрайтын тау жыныстарының қабат-қабат болып орналасу тәртібін
немесе реттілігін және олардың құралу уақытын анықтайтын тарихи геологияның
бір бөлімі — стратиграфия (лат. стратум — қабат) деп аталады.
Стратиграфиялық зергтеу жұмыстары палеонтологиямен (грекше палеос —
ескі, онтос — өмір, тіршілік) тығыз байланыса жүргізіледі. Палеонтология
— ескі органикалық қалдықтардың (фауна, флора) сақталған түрлерін зерттей
отырып, олардың өмір сүрген дәуілерін анықтайды. Соған сәйкес тау
жыныстарының салыстырмалы пайда болу уақыты айқындайды.
Палеогеография.— өткен геологиялық дәуірлерде болған жер бетінің
физикалық-географиялық өзгеру жағдайларын зерттейді.
Жердің жеке аймақтарының даму жолдарын және олардың геологиялық құрылым
ерекшеліктерін зерттейтін геологияның үлкен бір бөлімі — аймақтық геология
деп аталады.
Практикалық мақсатта қолданылатын ілімдердің ішінде пайдалы қазбалар
туралы ілімнің гидрогеология және инженерлік геология ғылымдарының маңызы
өте зор.
Пайдалы қазбалар туралы ілім әр түрлі (рудалы, рудасыз) кен орындарының
жаратылысын (генезисін), орналасу заңдылықтарының өзіндік формаларын
өндірістік қажеттілігін зерттейді.
Гидрогеология жер асты суларының пайда болуын, химиялық құрамын және
олардың динамикалық қозғалысын, ал инженерлік геология әр түрлі құрылыс
объектілерін салу барысында жер қыртысының жоғарғы қабаттарының құрылымдық
ерекшеліктерін (қатты- жұмсақтығын), сейсмикалық орнықтылығын зерттейтін
ғылым.
Методикалық және экономикалық геология ғылымдары қатарында: геологиялық
картаға түсіру, барлық іздеу жүргізу, рудалық, шахталық және өндірістік
геология салаларын атап өтуге болады.
Геологиялық картаға түсіру бағыты- геологиялық карталар жасау әдістерін
жетілдіру және оларды іс жүзінде пайдалану жолдарын қарастырады. Атап
айтқанда, белгілі бір аймақтарда кездесетін тау жыныстарының жатыс
пішіндерін, геологиялық құрылысын құрамын және пайдалы қазбаларын жан -
жақты зерттеу арқылы көзделген масштаб бойынша геологиялық карта жасау
жұмыстарымен айналысады.
Барлық іздеу жұмыстарының негізгі мақсаты ашылған кен орнының
жаратылысын, геологиялық орналасу жағдайын толығырақ зерттеу, сонымен қатар
пайдалы қазбалардың қорын анықтап толығымен игеру мақсатында оның
экономикалық тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру. Ең соңғы мақсат –
кен орнын пайдалануға (эксплуатация) беру болып саналады.
Рудалық, шахталық және кәсіпкерлік геология салаларында (руда, көмір,
мұнай мен газ өндіретін) геологиялық міндеттерді атқаратын қызмет орындары
ұйымдастырылады.
Ал, жалпы геология дегеніміз, ғылыми бағыт емес, оқулық курс болып
саналады. Жалпы геология курсының негізі – динамикалық геология болғанымен,
бұл курста геологияның басқа салаларынң да басты – басты ұғымдары мен
түсіңіктері қысқаша баяндалады. Жалпы геология курсында жер және жер
қыртысы жөніндегі ғылыми мәліметтер бір-бірімен тығыз байланысты түрде
қарастырылады.
Соның нәтижесінде жер және жер қыртысы туралы жалпы ұғым алғашқы курстан
бастап қалыптасады.
Жалпы геология курсында алғашқы қалыптасқан білім, студенттер үшін
кейінгі курстарда оқытылатын геологияның басқа салаларын дұрыс түсінудің
негізі болып қаланады.
Астрономия.— жерді ғарыш кеңістігінде кездесетін планеталардың бірі
ретінде қарастыра отырып, оның жаратылысыін, құрылымын және козғалыс
зақдылықтарын зерттеиді.
Геохимия — жер қойнауында кездесетін әр түрлі химиялық элеменгтердің
орналасу немесе таралу (бір жерге жинақталып шоғырлануын немесе сейіліп
орын ауыстыруын) заңдылықтарын зерттейді
Геофизика— жерді құрайтын тау жыныстарының физикалық қасиеті және оның
терең ішкі қабаттарында тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық процестердің
ерекшеліктерін
Геохимия — жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең
қойнауында жүріп жатқан эндогендік цроцестердің өзіндік ерекшеліктерін
зерттей отырып практикалық мақсатта қолданылатын ілімдердің ішінде
пайдалы қазбалар туралы ілімнің гидрогеология және инженерлік геология
ғылымдарының маңызы өте зор.
Пайдалы қазбалар туралі ілім — әр түрлі (рудалы, рудасыз) кен орыңдарының
жаратылысын (генезис), орналасу зандылықтарын, өзіндік формаларын,
өндірістік қажеттілігін зерттейді.
Гидрогсология — жер асты суларының пайда болуын, химиялық құрамын және
олардың динамикалық қозғалысын, ал инженерлік геология — әр түрлі құрылыс
объектілерін салу барысында жер қыртысыньң жоғарғы қабаттарының құрылымдық
ерекшеліктерін (қатты – жұмсақтығьн, сейсмикалық орнықтылығын) зерттейтін
ғылым.
Методикалық және экокономикалық геология ғылымдары қатарында: геологиялық
картаға түсіру, барлау іздеу жұмыстары жүргізу, рудалық, шахталық жәке
өндірістік геалогия салаларының атап өтуге болады.
Геологиялық картаға түсіру бағыты — геологиялық карталар жасау әдістерін
жетілдіру және оларды іс жүзінде пайдалану жолдарын қарастырады. Атап
айтқанда, белгілі бір аймақтарда кездесетін тау жыныстарының жатыс
пішшдерін, геологиялық құрылысын, құрамын және пайдалы қазбаларын жан-жақты
зерттеу арқылы, көзделген масштаб бойынша геологиялық карта жасау
жұмыстарымен айналысады.
Барлау-іздеу жұмыстарының негізгі мақсаты ашылған кен орнының жаратылысын,
геологиялық орналасу жағдайын толығырақ зерттеу, сонымен қатар пайдалы
қазбалардың қорын анықтап толығымен игеру мақсатында оның экономикалық
тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру. Ең соңғы мақсат— кен орнын
пайдалануға (эксплуатацияға) беру болып саналады.
Рудалық, шахталық және кәсіпкерлік геология салаларында (руда, көмір,
мұнай мен газ өндіретін) геологиялық міндеттерді атқаратын қызмет орындары
ұйымдастырылады.
Жалпы геология курсының негізі — динамикалық геология болғанымен, бұл
курста геологияның басқа салаларының да басты-басты ұғымдары мен
түсініктері қысқаша баяндалады. Жалпы геология курсында жер және жер
қыртысы жөніндегі ғылыми мәліметтер бір-бірімен тығыз байланысты тұрде
қарастырылады.
Соның нәтижесінде жер және жер қыртысы туралы жалпы ұғым алғашқы курстан
бастап қалыптасады.
Жалпы геология курсында алғашқы калыптасқан білім, студенттер үшін кейінгі
курстарда оқылатын геологияның басқа салаларын дұрыс түсінудің негізі болып
табылады

Бақылау сұрақтары:
1. Геология пәні нің табиғат тану пәндері арасында тұтқан орны.
2. Геологияның актуализм принціпі.
3. Геологияның құрлымдық бөлімдері.
4. Геологияның салалық байланыстары.
5.Тау жыныстарын алғашқы қауым адамдарының пайдалануы.
6. Орта ғасыр шығыс ғалымдарының геологиясы (Ибн Сино,Аль Бируни және аль
Туси).
7. Өрк-ендеу дәуір геологиясы(Геттон мен Вегенер,Стено,Левинсон Лессинг).
8. Қазіргі заман геологиясы (Архангель-ский, Карпинский, Белоусов, Хайн).
9. Қазақ геологтарының қызметін көрсету.
10. Джемс Геттонның нептунизм теориясының маңызы.

№ 2 лекция

Сабақтың тақырыбы: Геология ғылымының қысқаша даму тарихы

Сабақтың жоспары:
• Алғашқы қауым адамдарының тау жыныстарын пайдалануы
• Ежелгі Грецияда геологияның дамуы
• Орта ғасырлардағы геологияның дамуы
• Қазақстанда геологияның дамуы

Сабақтың мақсаты: Геологияның алғашқы кезендерінен қазіргі уақытқа
дейінгі дамуын, тарихин түсіндіру. Гиология ғылымының тарихи даму сатылары
және олардың жіктелуін түсіндіру. Геологиялық зерттеу әдістерін үйрену және
практикада қолдану методикасын үйрету.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Геология (ежелгі гре сөзі гео-жер, логос- таным). Геологияның басқа
географиялық, геодезия, геофизика, және геохимия жер турасындағы
пәндерінен көптеген айырмашылықтарға ие. Геология жер құрамын жер
қыртысының құрылысын жер планетасының сыртқы қабығын және оларды пайда
еткші процестерді зерттейтің ғылым.
Геология өз негізінде
1. Динамикалық гелогия- жер планктасының ішкі және сыртқы
күштердіңәсерінде қалыптасатың құбылыстарды зерттейді.
2. Тарихи геология- жер қыртысының және ондағытіршіліктің тарихи
жаратылыс- ында тау жыныстарын пайда етуші процестерді үйренуші бөлім
болып есептеледі.
Өздерінізге белгілі жер қыртысы тау жыныстарын пайда етуші
минералдардан пайда болған. Бұл минералдардың құрлымы мен құрылысын
зерттейтің ғылым кристолографиямен минерология пәні болып есептеледі.
Минерология жер қыртысын құрайтың жыныстардың жарылуымен және олардың
өзгерістерің зерттейді.
Петрография - тау жыныстарының құрамы мен құрылысын немесе терең
қыртыстарында температура қысым және газдардың әсерінен пайда болған
жыныстарды зерттейді.
Қабаттардың реттік жайласуын, жасын және қалындығын
(шөгіндіжыныстарда қабаттарын ал магмалық жыныстардаатқылауларын)
зерттейтің геология ғылымының саласы стратиграфиялық болып есептеледі.
Минералдардың жайласуын геология ғылымының пайдалы қазылмалар саласы
зерттейді. Халықшаруашылығына мұқтаждығын, қазып алу әдістерін гоелогия
ғылымының іздеу және барлау саласы зерттейді.
Қазіргі заманғы барлық құрылыс саласындағы объектілер инженер
геологиясыз салынбайды. Әр дайым әуелі жердің құрылысы түзілісі үйреніледі.

Геология ғылымы геохимия және геофизикаға тығыз байланысы отырып
бүтін бір жер планетасының құрылысын, құрамын жайласу структуасын береді.
Геология ғылымының тарихи даму сатылары.
Геология басқада жер турасындағы ғылымдар сияқты адамзаттың
материалдық байлыққа деген мұқтаждығынан туындаған ғылым. Адамзат тас
жәуірінен бастап нуклеус қаау, пышақ және т.б. заттар істегенде кварц,
бурый железняк яшма, агат кейде вулкандық жыныстарды падаланып отырған. Ал
темір дәуіріне келіп алтын, темір, қалайы сяқты көптеген жыныстарды
балқытып қару істей бастады. Ең бірінші руда өндіруші кендер Синай мен
Египетте 5000 жыл алдын пайдалана бастаған. Бұл деректер мыс тамырларын
өндірудегі картасы бізге келіп жеткен.
Египттіктер питамидаларды құрғанда өте жеңіл әк тастардан, ал құрылыс
негізін гранит жыныстарын пайдаланғандығы сол уақыттың өзінде тастарды
тани білетіндігінде болып отыр. Жалпы темірді Египетте 4500 жыл алдын
Жерорта жағалауындағы Кавказ, Үнді халықтары 4000 жыл алдын пайдалана
бастаған.
Грек ғалымы Герадот (б.з.д 5 ғ) Нил өзенінің делтасындағы
жатқызықтардың пайда болу механизімің Аристотель (б.з.д 384-322) құрлық
пен судың алмасуы немесе бір уақыттарда қосылып тұрған Кипр түбегі бүгінгі
күнде бөлек аралға айналып отыр.Ал Пленги (б.д 23-79ж) Везувий
вулкандарын зерттей отырып магмалық жыныстарды зерттеген.
Б.з.д 3 Қытайда Үжан хан бірінші магнит өрістерінің қасиетің білген
бірінші компас пен сесмограф аспаптарын жасаған.
Орта Азия ғалымдарының орта ғасырдағығылымға қосқан үлестері өте
қыруар.
Ибн Сино (980-1037) минералдарды кластарға бөле отырып емдік қасиетін
ашқан.
Әл Беруни “Бағалы тастар танама” атты еңбегінде ана күкірт ата
темірден көрсеткен. Мысалы Масуди еңбегінде әскер тобы басшыларына бас киім
жаратқан циклонды измруд джаухар аралы деп атаған.
15-18 ғ. Қайта өркендеу заманыңда әйгілі суретші Леонардо Винши
гидродинамика атты еңбегінде өзендердің ағысында үгілу жеміру процестерін
айқын көрсеткен.
Дат ғалымы Никлаус Стено солтүстік Италтяны зерттей отырып бірінші
рет үйінділердің қабаттарға бөлінуіжәне олардың тектоникаліқ әрекеттер
нәтижесінде бұзылатындығы көрсетілген.
В:И Ломоносов бірінші рет дала зерттеулерінің маңызы және олардың
әдістерін көрсеткен. Кейін ала Джеймс Хеттон таулардың геологиялық жайласуы
және олардың заңдылықтарын ашқан.
Ж.Ковье жердегі тіршілік сонымен бірге әртүрлі факторларды (элюви,
алювий, деллюви) пайда болған үгінділер 300 мың жылда жоқ немесе араласып
кеін қайта пайда болу процестері болып отырған деп көрсетеді.
ЧЛаиель жер қыртысы ешбір өзгерусіз сол қалпында болып келген олардың
өзгерісі өте жай адамзат немесе үйінділер, таулар млрд жылдарды өз ішіне
қамтиды деп көрсеткен.
А.Гумбольд Оңтүстік Америка Анд таулар зерттей отырып критал тау
жыныстарың генозисін көрсетіп берді.
Г. Сорби бірінші рет микроскоптарды зерттеу арқылы тау жыныстарының
текстуралары мен структураларын тану мүмкіндігін көрсетіп берді.
Д: Прат геофизикалық мағлұмат арқылы тау жыныстарының қаттылығына
анықтау мүмкіндінін көрсетті.
Америкалық ғалым Дж Дэнаның пікірінше геосинклинал областарда
магмалық, жер сілкіністері көптеп болатынын сонымен бірге тау жыныстарының
көтерілуімен шөгінді жыныстардың тепе-теңдігі барлығын көрсетіп береді.
Лессинг (1861-1939) петрогафия саласының негізін сала отырып магмалық
жыныстарекіге бөлінетіндігі негізгі(базальт) және қышқылдардан (гранит)
тұратындығын көрсетіп берді.
Боэн магмалық жыныстардың бәрі дифференсациялану құблысынаие жердегі
барлық магмалық жыныстар базальттардың дифференсациялану процестерінің
нәтижесі деп есептелінеді.
Маглеал және Заверицкий пайдалы қазылмалар саласын дамытуға бүтін күш
жігерін сала отырып олардың пада болу заңдылықтарын жаңадан пайда болу
процестерін көрсетіп берді.
А.П Каринский (1847-1936) тау жыныстар геологиылық жасын, генезисін,
пйда болу заңдылықтарын және пайдалы қазбалардың жайласуын
палеогеографиялық ғылым арқылы анықтау мүмкіндіктерін көрсетіп берді.
А.Д Архангельский (1879-1940) және Н .С шатский (1895-1960) жердің
жасын географиясын ежелгі жануар, жәндік өсімдік арқылы анықтау мүмкіндігін
дәлелдеп көрсетіп берді.
Геологияның зерттеу әдістері.
Геологиядан бөлініп шыққан көптеген ғылым салалары минерология,
стратигафия, петрография, тектоника және пайдалы қазылмаларды зерттеу
әдәсітері әлбетте әр алуан. Олар өздері алдындағы химиялық, физикалық
географиялық және математикалық талабтарды орындай отырып геология өз
шешімінде қорытындысына қалады.
Геологияны екі мақсаты бар:
1 Өзара қатынастың құбылыстарын анықтау. Жер мен космостағы басқа
денелермен әсері
2 Тарихи құбылыстар жер құрамы, қыртысы және оларды пайда қылуышы
процестерді айқын көрсету.
Біріншісіне Атмосфера, Гидросфера, Биосфераның үйінді пайда етуші әсерін
көрсетсе ал екіншісінде геологиялық зерттеулердіңбасты әдісін құратын
карталастыру болып табылады. Әдетте геологиялық карталартопография
негізінде құрылады.
Стратиграфикалық зерттеулер жүргізу үшін сол аймақта
бірнешеколонкаларістеліп соң бәрін қосып шығады. Мұна өсімдік пен
жануарқалдықтарды бірге қаралады солай етіп бір-бірің салыстыра отырып
белгілі-бір ежелгі геоаймақтық жағдайы анықталады.
А.Жоғарыдағы көрсетілген аймақ шөгінді жыныстардан тұрса онда бұл картаны
литологиялық карта деп атайды. Солай етіп старатиграфиялық колонкалар
арқылы шөгінді жыныстардың көрнісін тапқан зерттеу әдісі литологиялық деп
аталады.
В Егер зерттеліп жатқан тау жыныстары магмалық, немесе жоғары
температурада қайта өңделген жыныстардың құрамдары, құрылыстары бірдей
жыныстардың көрнісін тапқан зертеу әдісі литологиялық әдіс деп аталады.
Г Егер зерттеліп жатқан тау жынысыстары жарықтар,қиылысу, ой шұқырлар
кетуі нәтижесінде угінділердің араласып кетуі құбылыстарын зерттеу
тектоникалық әдіс деп аталады.
Д Стратиграфиялық, литологиялық, тектоникалық және петрогафикалық
зерттеулер нәтижесінде карта геологиялық зерттеу әдісі деп аталады.
Қалаған маман осы карта арқылы пайдалы қазылмаларды пайдалану
мүмкіндіктеріне ие болады. Ал геолог мамандар пайдалы қазылмалардың
жайласуына қарай минералдар генезисінде заңдылықтарды және алдағы
болаақтыпайда болу мүмкін минералдарды болжайды.
Геологиялық зерттеу әдістері.
Жер қыртысының жоғарғы қабаттарын зерттеу жұмыстарынегізінен табиғи
ашылмалар мен( өзен аңғарында кездесетің құлама жер, жыра,тау беткейі,
жартас) жаснды ашылмаларды( ор,шурф, карьер, шахта) зерттеу арқалы
жүргізіледі.Ал жердің ішкі терең қабаттарын зерттеп білу үшін бұрғылау
скважиналары мен геофизикалық зерттеу әдістері қолданылады.
Геологиялық процестердіңорасан зор мөлшері мен өте ұзақтығы- жердің
даму тарихының ең басты ерекшеліктері болып саналады. Егер біз жер қыртысын
құраушыжәне оны өзгертушігеологиялық процестердің тек өте қысқа мерзім
аралығында ған байқаған болар едік. Ал көпшілік жағдайда жердің ұзақ дамы
тарихынескерсек геологиялықоқиғалардыгеологиялық масштабтаұзақ уақыт
бақылау мүмкін емес. Бұрын болған геологиялықоқиғалардың куәсі ретіндетау
жыныстарының немесе руданың құралуын сол секілдіәр түрлі
геологиялыққұрылымдардың пайда болуын айтуға болады. Бұл оқиғалардың
мазмұнын дұрыс түсіну үшін, болып өткен геологилық процестердіқайта реттеп
немесе реканструкция жасай білу керек. Жердің өткен тарихынареканструкция
жасауда “актуализм” принципінің маңызы өте зор. Бұл принцип алғаш рет 19
ғасырдың 30 жылдары ағылшын ғалымы Ч. Лайльдың еңбектерінде эвалюциялық
ғылыми – зерттеуәдісі ретінде ұсынылды. Актуализм принципі бойынша, дәл
қазіргі кезде, біздің заманымызда жүріп жатқан пеалогиялық процестер мен
табиғи құбылыстар бұрынғы кезде жердің көңе тарихында болып өткен Ч.
Лайельдіңсөзімен айтқанда: “ Бүгінгі өміріді зерттеу, өткен өмірдің тарихын
түсінудің кілті”.
Әрине қазіргі уақытта түсіріп жатқан геологиялық процестерді жердің
алғашқы тарихында болған оқиғалармен дәлме-дәлмағынада салыстырсақ, онда
қателескен болар едік. Өйткені жердің даму тарихыбір бағытта ғана жүріп
отырады және бұрынғы болған оқиғалар ешуақытта да қайталанбайды.
Сондықтанда актуализм принципін дәл Ч Лайель айтқандай мазмұнда түсінуге
болмайды. Геологтар бұл приципті жаңа мағынада толықтыра отырып, тарихи
салыстырмалызерттеу әдісі ретінде қолданады.
Геологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару барысындагеологилық
байқауларжүргізе білудің маңызы өте зор. Тау жыныстарының құрамынанықтау,
олардықұраушы минералдардың өзара бір-бірімен қарым-қатынасы, сонымен қатар
олардың жатыс пішіндері және олардың құрамындакездесетін әр
түрліорганикалық қалдықтарын (фауна мен флора) түрлерін анықтау, соған қоса
эксперимент жүзінде зерттеу жұмыстарының нәтижесін пайдалану жер
қыртысының геологиялық дамуымен құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік береді. Геологиялық байқаулар кезіндежигалған алғашқы
деректерғылыми болжамның негзі болып қалыптпсады. Кейінірек қосымша
өткізілетін арнайы зерттеулердің (леохимиялық, геофизикалық және терең
скважиналарды бұрғылау жұмыстары) нәтижесінде алғашқыайтылған
болжамдардыкеңейтуге немесе дәлелдеуге, тіпті теорияғаайналдыруға, не
болмаса алғашқы болжамды жаққа шығарып, жаңа болжамның негізін қалауға
мүмкіндінік туады.
Жер қойнауын зерттеу әдістері: Жердің құрамы мен құрылысы әр түрлі
әдәстер арқылы зерттеледі.
Геологиялық әдістер. Геологилық әдістердін ішіндегеі ең негізгісі –
жер қыртысын құрайтың заттардытікелей бақылау жіне талдау арқылы жан-
жақтызерттеу болып табылады. Жер қыртысын құрайтың заттар, тау жыныстары
түрінде табиғи жағдайдажер бетіне шығып жатады. Ал жердің ішкі қабаттарының
геологиялық құрылысын жыры, ор немесе шурф, карьерлер мен шахталарды
зерттеп, тау жыныстарының жатыс элементтерін талдау арқылы анықтап білуге
болады. Қазіргі шахталардың ең терңі 4 километрге дейін жетеді. (Үнді және
Оңтүстік Африкаық Респубикаларда ) Жер қабаттарының терең қабаттарын
зерттеуде бұрғылау скважиналрының маңызы өте зор. Өте терең
қабаттардыбұрғылау жұмыстары Кола түбінде аса терең скважина рекордтық
(12 км) тереңдікке дейін жетіп, жердің терең қабаттарының құрылыс
ерекшеліктерін анықтады. Соңғы жылдары Орал тауларының орталық бөлігіндеаса
терең брғылау скважинасы бұрғылануда. Мұхит түбінен бұрғылау жұмыстары да
көптеген жаңалықтар ашып отыр.
1968-1983 ж.ж “Гламар Челенджер” атты Американдық кемеге орнатылған
бұрғылау қондырғысы арқалы көптеген (620 – дан астам) скважиналар
бұрғыланды. Олардың ішінде ең тереңі 2000 м-ге дейін жетті.
Жердің терең қабаттарының геологиялық құрылыс ерекшеліктерін табтғи
скважиналарды (атап айтқанда кимберлент түтіндерін) зерттеу арқылы білуге
болады. Олармен бірге кездесетін алмас кристалдары жердің ішкі – 200 км
тереңдігінде пайда болады.

Бақылау сұрақтары:
1. Геология ғылымының дамуы.
2. Алғашқы қауым адамдарының тау жыныстарын пайдалануы.
3. Геология ғылымының тарихи даму сатылары
4. Ежелгі Грецияда геологияның дамуы.
5. Орта ғасырлардағы геологияның дамуы.
6. Қазақстанда геологияның дамуы.
7. Жер қойнауын зерттеу әдістері.
8. Геологиялық зерттеу әдістері.
9. Геология пәнінің басқа географиялық пәндерден айырмашылығы.
10. Петрография нені зерттейді.

№ 3 лекция

Сабақтың тақырыбы: Жер қыртысының құрамы мен құрлысы

Сабақтың жоспары:
• Жер қыртысының құрамы
• Литосфера
• Ішкі және сыртқы мантия
• Ядро түсінігі

Сабақтың мақсаты: Cтуденттерде жер қыртысы туралы, ондаға:
- литосфера қабығы: базальт, гранит және Мохорович қабаттары туралы түсінік
қалыптастыру.
- мантия қабығы: сыртқы, төменгі мантия, Вихерт, Гутенберг , Левинсон-
Лессинг қабаттары туралы түсінік қалыптастыру.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Көне геологиялық дәуірлерде Жердің магнит өрісінің күші көбейіп не
азайып, өзгеріп отырған: жоғарыда айтылғандай, тіпті магнит полюстері де
орындарынан алмасып отырған. Осы себептерден келіп, мысалы, динозаврлар
жойылып, адамзаттың тегі тез дамып отырды, Жер климатының өзгеруі де осы
геомагнит өрісіне байланысты.
Миллиардтаған жылдар бойы жердің ішкі құрылысы қалайша өзгеретінін білу
үшін әуелі оның қазіргі ішкі құрылысын анықтау керек. Бұл оңайға түсе
қоймайды, өйткені жер койнауын біз 12,5 км тереңдікке дейін ғана бұрғылай
аламыз. Одан әрі қарай тек жанама жолмен ғана бассұға аламыз.
Жер құрылысының басты өзгешелігі — оның физикалық қасиеттері бір текті
емес, радиусы бойындағы заттар әлденеше қабаттарға жіктеледі. Жердің ішкі
белдеулерінің құрамы мен физикалық күйін әр түрлі геофизикалық әдістер
арқылы білеміз. Олардың ішінде ең маңыздысы сейсмикалық әдіс (сейсма —
сілкіну) Жер сілкіну — толқынның тарауы емес пе? Маман геофизиктер осы жер
сілкінуінен немесе қолдан туғызған жарылудан тараған толқындарды
аспаптармен тыңдап, ұстай алады.
Жер сілкіну ошағынан екі түрлі толқындар тарайды. Қума толқын (Р) суға
лақтырған тас толқынындай қатты, сұйық, газ денелердің бәрінен тарайды.
Екіншісі — көлденең (5) толқын кесіп өткен ортаның көлемінің өзгеруіне
байланысты тарайтындықтан ол тек қатты денелерден өтеді. Екі толқында
жылдамдығы өздері шарның өтетін жыныстардың тығыздығына байланысты. Ендеше,
соларды байыптап өлшеп, жазып, тереңдегі жыныстардың физикалық күйін және
қай тұста (тереңдікте) жатканын білеміз.
Міне, осылайша зерттей келе, Жер шары негізінде ұшқабаттан тұратыны
анықталды.
1) Жер қабығы — Жердің үстіңгі қабаты. Ол қабыршақтай жұқа, шамамен жер
радиусының 0,6%-ін алады. Қалыңдығы мұхиттар астында 5—10 км, жазық
жерлерде 30—40 км, Памир, Гималай сияқты заңғар таулар астында 50—70 км.
Жердің мантиясы (грекше мантиум — сырт киім). Жер қабығынан кейін 2900 км
тереңдікке жетеді. Оны жоғарғы (900—1000 км-ге шейін) және төменгі мантия
деп бөледі, кейбір ғалымдар мантияны үш кабатқа бөледі.
Жер ядросы (езегі). Оны да сыртқы (5000 км шейін) және ішкі ядроға
жіктейді.
Сейсмикалық қума толқын жер қабығының төменгі тұсынан 6,5—7,0 кмс, ал
көлденең толқын 3,7—3,8 кме жылдамдықпен тарайды. Мантияда жер қабығының
кума толқыны кенет өсіп (8,0—8,3 кмс), көлденең толқын 4,5—4,7 кмс
жылдамдықпен өтетін айырық бетпен бөлінеді. Осы бетті алғаш рет 1911 жылы
югослав геофизигі А. Мохоровичич көрсеткен болатын, сол маманның атымен
ол шекті Мохорович беті немесе шегі (қысқаша Мохо, немесе М) деп атайды.
Мантияның жоғары жағында салыстырмалы тығыздығы кем, жыныстары жұмсақ
қабат бар. Оны а с т е н о с ф е р а (грекше астянос — әлсіз, жұмсақ) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геологиялық және геофизткалық жұмыстар
Географияны оқытудың көрнекі әдісітерінің мәні
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Физикалық географиялық карталар
Шығыс мұнайының биіктігі
Геологиялық карталарды құруда компьютерлік технологияларды қолдану
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Лазерлік сканерлеу технологиясының негіздері
Химиялық технология
Географияның оқыту әдістері
Пәндер