Мал шаруашылық өнімдерін ветеринериялық санитариялық сараптау



I. Кіріспе
II. Тәжірибе базасынаң қысқаша мінездемесі
III. Ветеринариялық істі ұйымдастыру
IV. Ветеринарлық микробиология және санитария
V. Мал шаруашылық өнімдерін ветеринериялық санитариялық сараптау
VI. Алғашқы ветеринариялық көмек
VII. Ветеринариялық гигиена және санитария
VIII. Қорытынды.
IX. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерліктің қазіргі жағдайы нарықтық экономикаға ауысумен көптеген ерекшеліктермен сипатталады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік мал дәрігерлік қызметіне халықты жануарлардан адамға және мал өнімдерден шыққан жұғатын аурулардан қорғау бойынша міндеттер қойылған. Бұл ретте, республикадағы және одан тыс жерлерде инфекциялық аурулар бойынша эпизоотикалық жағдайы осы күнге дейін шиеленіскен күйде. Бұдан басқа, республиканың мал дәрігерлігі қызметімен қолданған барлық шаралар мен күштерге қарамастан, дүкендерге, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарға және азаматтарға әлі күнге дейін мал дәрігерлік-санитарлық сараптамадан өтпеген және үй жағдайларда сойылған ет және ет өнімдері сатылатыны кездеседі. Сол себепті, малдан, құстан, балықтан және аралардан алған өнімді дайындайтын, қайта өндіретін, сақтайтын, тасымалдайтын және сататын барлық жерлерде мал дәрігерлік бақылау (қадағалау) қажет.
Нарықтық экономикаға ауысумен қатар республика әлемдік кеңістікке толық интеграциялауды, соның ішінде берілген салада мал дәрігерлік жүйені және заңнаманы жетілдіру жолымен қамтамасыз ету үшін саяси және экономикалық салаларда оперативтік елеу және икемділікті талап ететін даму сатысына шықты.
1. Аврех В.В., Биргер М.О. и др. Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования, М., «Медицина», 1967, 463 с.
2. Атлас по микробиологии, вирусологии и иммунологии. Жалпы редакциясын басқарған Быков А.С., Воробьев А.А., Зверев В.В. М.: «Медицинское информационное агенство», 2008, - 272 б.
3. Б.К. Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. (Оқу құралы). Алматы. 2011 жыл. 101- 126 бет аралығы.
4. В.М. Позняковский « Экспертиза мясо и мясопродуктов качество и безопасность» 2005г
5. 3.Дүйсебаев С.Т «Ветеринариялық - санитариялық сараптау», Алматы -2013.
6. Ж.К.Төлемісова,Г.Т. Касенова,Б.Мұзапбаров “Микробиология және вирусология”. Алматы,Нур Принт,-2015 жыл.
7. Конопаткин А.А. Бакулов И.А., Нурейкин Я.В. и др. Эпизоотология и инфекционные болезни сельскохозяйственных животных. – М., Колос, 1984, 544 с.
8. Қ.Б.Бияшев « Ветеринариялық ісін ұйымдастыру» Алматы 1999
9. Мишанин Ю.Ф. Справочник по инфекционным болезням животных. Ростов-на-Дону, Изд. «МарТ», 2002, 574 с.
10. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология.- М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.
11. Садуақасов М.С. «Ветеринариялық – санитариялық гигиена» Алматы 2008 жыл
12. Х. С. Горегляд «Ветеринарно санитарная экспертиза сосновами технологии переработки продуктов животноводства» Москва «Колос»1984

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Кафедра____________________________ ______________________________

Мамандық___________________________ _____________________________

Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру

___________________________________ _______________________________
(практика өту орны)

Білім алушы __________ _____________ ______________________

(топ,курс) (қолы,күні) (А.Ж.Ә.)

Кәсіпорыннан жетекші ___________ __________________________
(қолы,күні) (А.Ж.Ә.)

Университеттен жетекші _____________ __________________________
(қолы,күні) (А.Ж.Ә.)

Комиссия мүшелері _____________ __________________________
(қолы,күні) (А.Ж.Ә.)

___________________
(Бағасы)

Семей 2017 ж.

ПРАКТИКАНЫҢ ӨТУ КЕСТЕСІ.
Күні,айы,жылы
Орындалған жұмыс түрлері (жұмыс атауы)
Жетекші қолы
22.05.17
Ветеринариялық зертханамен танысу.

23.05.17
Серология бөлімінің жұмыс барысымен таныстық.

24.05.17
РБС реакциясымен таныстық.

25.05.17
РБС-ң қойылу техникасын көрдік.

26.05.17
Қан сары суын қабылдап алдық.

29.05.17
РБС реакциясын қойдым, оң теріс нәтиже қоюды үйрендік.

30.05.17
Кбр реакциясын қоюды үйрендік.

31.05.17
Кбр реакциясын қоюды үйрендік.

01.06.17
Листериозға алып келген сынаманы қалаға жіберуге дайындадық.Акт экспертиза толтырдық.

02.06.17
Ветеринариялық паспортты толтыруды үйрендік

05.06.17
№2 ветеринариялық анықтама толтыруды үйрендік.

06.06.17
Физиологиялық ерітінді жасауды үйрендім . Роз бенгал және КБР рекциясын қойдық.

07.06.17
Қан сынамаларын қабылдап алдық.

08.06.17
Роз бенгал сынамысн қойдық.

09.06.17
АР реакциясын қоюды үйрендік.

12.06.17
Серология бөліміне келіп түскен сынамаларды тіркеу журналын толтырдық.

13.06.17
Қошқардан қан алдық.

14.06.17
АЖБ базасымен таныстым және тіркеуді үйрендік.

15.06.17
Грам әдісі бойынша бояуды үйрендік.

16.06.17
Зертханалық жануарларды залалсыздандыруды үйрендік.

19.06.17
Романовский Гимза әдісі бойынша бояуды үйрендік.

20.06.17
Бактериология бөліміндегі бактериологиялық зерттеулер журналын толтырдымқ

21.06.17
Жануарлардың инфекциялық,инвазиялық және саңырауқұлақтардың аурулардың қоздырғыштарын залалданған жануарларды тіркеу журналы.

22.06.17
Бактериологиялық жұмыс зерттеу журналын толтырдық.

23.06.17
Өндірістік тәжірибемді қорытындыладық.

Университеттен тағайындалған
жетекші ________________________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)

Кәсіпорыннан тағайындалған практика
жетекшісі ________________________________ ______________
(аты-жөні) (қолы)

ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Тәжірибе базасынаң қысқаша мінездемесі
III. Ветеринариялық істі ұйымдастыру
IV. Ветеринарлық микробиология және санитария
V. Мал шаруашылық өнімдерін ветеринериялық санитариялық сараптау
VI. Алғашқы ветеринариялық көмек
VII. Ветеринариялық гигиена және санитария
VIII. Қорытынды.
IX. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерліктің қазіргі жағдайы нарықтық экономикаға ауысумен көптеген ерекшеліктермен сипатталады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік мал дәрігерлік қызметіне халықты жануарлардан адамға және мал өнімдерден шыққан жұғатын аурулардан қорғау бойынша міндеттер қойылған. Бұл ретте, республикадағы және одан тыс жерлерде инфекциялық аурулар бойынша эпизоотикалық жағдайы осы күнге дейін шиеленіскен күйде. Бұдан басқа, республиканың мал дәрігерлігі қызметімен қолданған барлық шаралар мен күштерге қарамастан, дүкендерге, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарға және азаматтарға әлі күнге дейін мал дәрігерлік-санитарлық сараптамадан өтпеген және үй жағдайларда сойылған ет және ет өнімдері сатылатыны кездеседі. Сол себепті, малдан, құстан, балықтан және аралардан алған өнімді дайындайтын, қайта өндіретін, сақтайтын, тасымалдайтын және сататын барлық жерлерде мал дәрігерлік бақылау (қадағалау) қажет.
Нарықтық экономикаға ауысумен қатар республика әлемдік кеңістікке толық интеграциялауды, соның ішінде берілген салада мал дәрігерлік жүйені және заңнаманы жетілдіру жолымен қамтамасыз ету үшін саяси және экономикалық салаларда оперативтік елеу және икемділікті талап ететін даму сатысына шықты.
Республикадағы бақылау және қадағалау, нормалау, стандартизациялау және сертификаттау жүйелердің қазіргі талаптарға және жалпы нарықтық қатынастарға сәйкессіздік республиканың экономикасының дамуын тежейтін факторлардың бірі болып табылады.
Мал өмірін және денсаулығын қорғау және мал шаруашылық өнімдердің және жемдердің мал дәрігерлік-санитарлық қауіпсіздік салаларындастандарттар жүйесін өзгерту қажеттілігі объективті түрде ашық мәселе болып жатыр.
Қазақстандық стандартизация және сертификаттау жүйесі әлі күнге дейін мөлдір емес, сондықтан оның нормаларының сақталуын бақылау және қадағалау қиынға түседі. Стандарттарды үйлестіру деңгейі әлі төмен деңгейде болып тұр.
Бүгінгі таңда Ветеринария саласына жас мамандардың бастамашылдық қасиеттері, жұмыс істеу қабілеттері өте қажет. Сол орай да барлық ветеринариялық кәсіпорындарда жас студентттердің іс-тәжірибеден өтуге барлық жағдайлар қарастырылған және жақсы жолға қойылған.

ІІ Тәжірибе базасынаң қысқаша мінездемесі
Мен Нұғманова Балжан өндірістік тәжірибемді Тарбағатай Аудандық ветеренариялық зертханасы мекемесінен өттім.
Зертхана меңгерушісі : Жанағатов Мұхтар Айтбекұлы.

Зертхана 1 қабатты ғимарат, зертхананың негізгі бөлімдері:
1. Қан қабылдау бөлмесі
2. Бактериология бөлмесі
3. Серология бөлмесі
4. Санитарлық бөлме
5. pH-анықтау бөлмесі және т.б бөлмелер бар. Зертхана сырты қоршалған. Зертхана Ақсуат ауылының шетінде орналасқан.Зертхана сыртында лабараториялық жануарларды ұстайтын қора және виварий бар.

Зертханаға қарайтын ауылдық округтер:

1.Ақсуат
2.Ақжар
3.Тұғыл
4. Екпін
5.Көкжыра
6.Кіндікті
7.Жәнтікей
8.Жанаауыл
9.Сатпаев
10.Құйған
11.Қызыл кесік
12.Құмкөл
13.Қабанбай
14.Қарасу
15.Манырақ
16.Ойшілік
17.Жетіарал

Жұмыс уақыты 9:00 де басталып 18:00 ға дейін екен. Демалы күндері: Сенбі, Жексенбі.
Зертханада жаңа заман талабына сай приборлар,аппаратуралар,зертханалық ыдыстар,реактивтер,техникалық құрылғылар және нормативті өндірістік бөлімшелермен жабдықталған.

ІІІ Ветеринариялық істі ұйымдастыру
Ветеринарлық істі ұйымдастырудың негізгі мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет-сүт,мал өнімдер текті шикізат даярлаушы,сақтаушы,өңдеуші кәсіпорындарда,көлікте,халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру,ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Мен тәжірибе барысында зертхананың барлық бөлімдерінің іс-қағаздарымен таныстым және оларды келесілерге біріктірдім;
* Техникалық қауіпсіздік ережелері;
* Берілген пробиркаларды тіркеу журналы.
Серология бөлімінде:
* Журнал 10-вет.
* Жұмыс журналы.
* Титрация журналы.
* Калибровка журналы.
* 8-вет журналы
* Сынақ нәтижесі
* Диагностикумдврды есептен шығару журналы.
* Қан тізімін өңдеу журналы.
Бактериолгия бөлімінде:
* Бактериология келіп түскен материалдарды тіркеу журналы.
* Жануарлардың инфекциялық,инвазиялық, саңырауқұлақтардың аурулардың қоздырғыштарынан залалданған жануарларды есепке алу журналы.
* Бактериологиялық зерттеу журналы.
* Бактериологиялық зерттеулердің жұмыс журналы.

ІV Ветеринарлық микробиология және вирусология

Ветеринариялық микробиология және вирусологиялық зерттеу арқылы адамдарға бактерия,микроб,вирусты немесе малдардың арасында бір-біріне таралуына жол бермейді.Сонымен қатар микробиология және вирусологиялық зерттеулер бактерия,микроб,вирустар тудыратын ауруларды анықтауды және ажыратуды үйретеді. Адамдар мен жануарлардың инфекциялық аурулары кең таралған, тіршілікке қауіп төндіруші факторлардың бірі болып табылады. Ветеринариялық ғылымдардың негізгі саласының бірі болып отырған микробиология ғылымы өзінің даму кезеңдерінде инфекциялық аурулар және олардың қоздырушыларымен күрес бағытында айтарлықтай табыстарға ие болды. Балау және арнайы алдын алу шараларын үнемі жетілдіріп отыру және оның соңғы жетістіктерін іс жүзінде ұтымды пайдалану өз жемісін бермей қалған жоқ - инфекциялық ауруға және өлім-жітімге ұшырау күрт азайды. Көптеген инфекциялық аурулар республика территориясында кездеспейді немесе аракідік қана кездеседі. Дегенімен, жалпы індеттік жағдай күрделі күйінде қалып отыр және инфекциялық аурулар халық шаруашылығын әлі де орасан зор шығындарға ұшыратып отыр. Инфекциялық аурулардан келетін шығын жануарларды және олардың өнімдерін жоғалтудан, карантин-шектеу шараларын жариялаудан, осының нәтижесінде жануарлар мен олардың өнімдерінің шаруашылықаралық, экспорттық айналымына тиым салынуынан және ветеринариялық-санитариялық шараларға жұмсалатын шығындардан құралатыны белгілі. Осы мәселелер ауқымында елімізді толыққанды, қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудің маңызды ұстанымдарының бірі - біліктілігі жоғары мамандар даярлау болып табылатындығы сөзсіз. Ветеринариялық дәрігерлерді даярлаудағы маңызды бір кезең - кәсіби білім мен тәжірибені толықтырудағы ауыспалылық, кешенділік және үздіксіздік шарттарының жүзеге асуы. Ұғымдар мен құбылыстардың бірыңғай түсіндірілуі, зертханалық зерттеулердің жүргізілуі барысындағы бірыңғай терминдердің қалыптасуы әртүрлі пәндер арасындағы ауыспалылықты, бірізділікті және логикалық байланыстың болуын қамтамасыз етеді. Инфекциялық ауруларды балау - микробиологиялық, клиникалық, індеттік және патанатомиялық т.б. әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жүргізілетін күрделі процесс. Осы аталған әдіс-тәсілдердің біреуі жетімсіз болып қалған жағдайда балаудың дұрыстығына күмән келтіруге болады. Алайда, қысқа уақытта, әсіресе инфекциялық аурудың таралып кету қаупі төнген жағдайда, ауру себебін анықтап, алдын-алу және күрес шараларын іске асыру қажет болады. Міне, осындай жағдайда аурудың қоздырушысын бөліп алып, түрін анықтау арқылы балау да жеткілікті болып жатады. Осыған байланысты осы оқу құралы инфекциялық ауруларға бактериологиялық балау жүргізу үрдісін меңгеруге және оны іс жүзінде жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Микробиологиялық және вирусологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі.
1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі
2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.
3) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек.
4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн.
5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.
6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт.
7) Сабақтың соңыеда жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет.
8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн.
9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды.
10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек.
11) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет.
12) Зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.
13)Зертхана мен экспериментальды жануарларды ұстауға арналған бөлмелер міндетті түрде бөлек болуы;
14)Зертханаға, өндірістік бөлмелер мен вивариге келетін және олардан шығатын ауалардың стерильденуі;
15)Зерттеу жұмыстарныан қалған жануарлардың, зертхананың және өндірістік ғимараттан шыққан қалдықтар рациональды жүйеде жойылуы;
16)Зертхана мен өндіріс қызметкерлеріне арналған санитарлық өткізгіш қондырғылары мен киім ауыстыру орындары болуы;
17)Вирусологиялық зертханада сумен қамтамасыз ету жүйесінің, залалсыздандырылмаған қалдықтардың ағын сулар мен су құбырларына түсуінен қорғайтын қондырғылардың болуы;
18)Белсенді агенттермен тікелей жұмыс істейтін зертхана қызметкерлерін залалданудан сақтайтын (тыныс жолдары мен ашық кілегейлі қабықшаларын) заттардың болуы керек.

Грам, Романовский әдісі бойынша бояу.
Грам әдісі бойынша бояу: Ең алдымен жұғындыны алмас бұрын патологиялық материалды залалсыздандырып аламыз.Одан кейін заттық шыныға бауыр,жүрек,бұлшық еттен жұғынды аламыз.Оны бекітеміз.Бекіту жасалған жұғындыға генцебелет қағазын қойып 2-3 тамшы су құямыз.2 мин өткен соң қағазды алып,бояуды төгіп оған люголь сұйығын құямыз.1 мин өткен соң оны төгіп этиль спиртін құйып 0,5 мин қоямыз.Одан кейін жұғындыны сумен жуып фуксин құйып 2 мин қоямыз.Одан кейін сумен жуып фильтрлық қағазбен құрғатамыз. Жұғынды дайын болғаннан кейін микроскоппен қараймыз.
Нәтижесі: Микроскоппен қарағанда тек ішек таяқшалары мен стафилакокктарды көрдік.
Романовский әдісі бойынша бояу:
Ең алдымен жұғындыны алып бекіту жасадық.Одан кейін биологиялық табақшаға салып Никифоров эфирін жұғынды батқанша құйып 10 мин қоямыз.10 мин өткен соң жұғындыны алып таза табақшаға салып 2 жағынан таяқша қойып Гимза бояуын құямыз.Оны 50 мин қоямыз. Жұғынды дайын болғаннан кейін микроскоппен қараймыз
Нәтижесі:Микроскоппен қарағанда тек ішек таяқшалары мен стафилакокктарды көрдік.
Зертханалық жануарларды залалдау
Бактериолог дәрігер Сайрангүл Болысбайқызының басшылығымен зертханалық жануарларды залалдау әдістерін үйрендік.
Зертханалық жануар теңіз шошқасы мен ақ тышқанға тері асты және теріге жұқтыру әдістемесін қолдандық.
Пастереллез ақ тышқан 2 бас 0,2 мл тері астына және теріге жұқтырдық.
Қарасан теңіз шошқасы 2 бас тері астына 1 мл суспензия жасап жұқтырдық.

Бруцеллез (Brucellosis) - үй және жабайы жануарлардың жұқпалы ауруы, ауру малдың дене қызуы көтеріледі, аяқтары мен буындары, нерв жүйесі зақымданады, іш тастайды, шуы түспейді, эндометрит, қысыр қалады. Берджидің жіктеуі бойынша Brucella тұқымының 6 түрі бар: Br. abortus (ірі қарада), Br. suis (шошқада), Br. melitensis (қой мен ешкіде, адамда), Br. canis (итте), Br. neotomoe (егеуқұйрықта), Br. ovis (қошқардың жұқпалы эпидемиті). Антигендік және биохимиялық қасиеттері бойынша B. abortus 9 биоварға бөлінеді. B. melitensis - 3, B. suis - 5 биоварға бөлінеді.2003 жылы халықаралық таксономиялық комитеттің шешімі бойынша барлық бруцеллалар бір түрге біріктіріліп, Brucella melitensis деп аталатын болды. Серологиялық реакциялардан бруцеллез диагностикасын қоюға ең жиі қолданылатыны агглютинация, комплементті байланыстыру реакциялары.
1. Серологиялық зерттеулер

Роз Бенгал сынамасы
Роз Бенгал сынамасын ірі қара малдың, қойдың, ешкінің, шошқаның, түйенің, жылқының, бұғылардың және т.б. қан сарысуының бруцеллезіне зерттеу кезінде қолданады.
Әрбір реакцияны қояр алдында бақылау сынамасын жасау міндетті болып саналады!
Біз бүгін Көкжыра ауылынан келген 25 ірі қара малын бруцеллегзе тексердік.

* Бақылау сынамасы.

o Пластинканың 1-ші лункасына арнайы дозатор көмегімен бруцеллезге позитивті қансарысуын 30 мкл (0,03 см3) мөлшерде алып тамызады.
o Бруцеллезге позитивті қансарысуы тамшысының қасына 30 мкл (0,03 см3) боялған антигенді (одан әрі РБС қолданылатын) тамыздырады.
o Пластинканың 2-ші лункасына арнайы дозатор көмегімен бруцеллезге негативті қан сарысуын 30 мкл (0,03 см3) мөлшерде алып тамызады.
o Бруцеллезге негативті қансарысуы тамшысының қасына 30 мкл (0,03 см3) боялған антигенді тамыздырады.
o Антиген мен қансарысуды белсенді қимылмен арнайы араластырғышпен сағат бағытында біркелкі қоспаны алғанша жақсылап араластырады.
o Қансарысуы және антигені араласқан пластинканы 4 минут режимі таңдалған авттоматты қозғалтқыш 3D Shaker аппаратына орналастырады.
o Реакцияны 4 минуттан соң тоқтаған 3D Shaker аппаратынан алып, пластинканы сәл еңкейту күйінде жай көзбен.

1. Бруцеллезге позитивті қансарысуы қосылған лункада майда қызғылт түсті үлпектер - агглютинат болуы тиіс
2. Бруцеллезге негативті қансарысуы қосылған қоспа гомогенді, біркелкі боялған - агглютинат жоқ.

* Реакцияны бруцелла антигенінің агглютинациясына берік болған жағдайда оң деп санайды (майда немесе ірі қызғылт түсті үлпектер).
* Егер агглютинация болмаса (қоспа гомогенді, біркелкі боялған), реакцияны теріс деп санайды.
* "Күмәнді" диагностикалық бағалау кезінде, осы малдардың қананың қан сарысуын 15-30 тәуліктен кейін қайталап зерттейді. Қанның қан сарысуын қайталап зерттеу кезінде оң немесе күмәнді нәтиже болған жағдайда, диагностикалық баға оң деп саналады.
* Көкжыра ауылынан келген 25 бас ірі қара мал қан сынамаларын Роз Бенгал сынамасымен тексердім.
* Нәтижесі: 25 бас ірі қара малынан 5 сынама - күмәнді нәтиже берді.

Роз Бенгал сынамасынан 5-сынама күмәнді нәтиже берген сынамаға КБР қойдық.

Комплементті байланыстыру реакциясы Серологияның классикалық әдістерінің бірі.
Реакцияны қою реттілігі:
# КБР қоймастан бұрын ең алдымен комплементтің титрін анықтайды.
# Реакцияға қолданылатын компаненттердің мөлшерін есептейді, дайындайды.
# Компаненттердің антикомплементарлық және гемотоксикалық қасиеттерін анықтайды.
# Реакцияны қояды.
1. Пробиркаларға зерттелініп отырған қан сарысуларынан 0,04 мкл құямыз.
2. Зерттелініп отырған қан сарысуларының үстінен 0,85% натрий хлориді ерітіндісінен Флоренский аппаратымен 0,2 мкл құйып шығамыз.
3. 580 - 600С-қа 30 минут инактивтеуге қоямыз өткіземіз.
4. Дайын бактериолитикалық жүйеден (комплемент + антиген) 0,4 мкл Флоренский аппаратымен құйып шығамыз.
5. 370-380С 20 минутқа су моншасына қоямыз.
6. Дайын гемолитикалық жүйеден (гемолизин + эритроцит) 0,4 мкл Флоренский аппаратымен құйып шығамыз.
7. 370-380С 20 минутқа су моншасына қоямыз.
8. Қорытындысын оқимыз.

Бақылау сынамасы.
3 пробиркамен қойылады.
a. Бірінші қатардағы пробиркаға 0,85% натрий хлориді ерітіндісінен 0,4 мкл, екінші қатардағы пробирка бос болады, ал үшінші қатардағы пробиркаға физ.ерітіндіден 0,1 мкл құямыз.
b. Бірінші қатардағы 1-ші пробиркаға негативті және 2-ші пробиркаға позитивті қан сарысуынан 0,1 мкл құямыз.
c. Бірінші қатардағы пробирканы араластырып екінші қатардағы тиісті пробиркаға 0,2 мкл және үшінші қатардағы пробиркаға 0,1 мкл құйып сұйылтамыз
d. Екінші және үшінші қатардағы пробиркаларға үстінен 0,2 мкл комплемент және антиген құйып шығамыз..
e. 580-600С 30 минут инактивтелуден өткіземіз.
9. Барлық пробиркаға гемолитикалық жүйеден (гемолизин + эритроцит) 0,4 мкл Флоренский аппаратымен құйып шығамыз.
a. - 370 - 380 С 20мин су моншасына қоямыз.

Нәтижесі: 2 сынама - күмәнді нәтиже берді.

Агглютинация реакциясы
Көлемі 1 мл пробиркаларда қойылатын серологияның классикалық әдісі. АР жаппай қойылмайды. Тек РБС, КБР күмәнді реакция берген сынамалар ғана тексеріледі.

Компаненттері:
* Антиген - стандартты АР, КБР арналған бруцеллез антигені, диагностикум.
* Антидене - зерттелетін қансарысуы.
* 5% фенол физиологиялық ертіндісі.
*
Бақылау сынамасы
o 5 пробиркамен қойылады.
o 1 қатардағы пробиркаға 2,4 мл 0,85 натрий хлориді ерітіндісі құйылады,2қатар бос, 3-4-5 қатардағы пробиркаларға 0,5 мл 0,85 натрий хлориді ерітіндісін құямыз.
o 2 қатардағы пробиркаға үстінен 0,1 мл зерттеліп отырған қан сарысуын құямыз.
o 1 қатардағы пробиркаға араластырып, 2-3 қатардағы пробиркаларға 0,5 мл құйып шығамыз.
o 3 қатардағы пробиркаларды араластырып, 4 қатардағы пробиркаларға 0,5 құямыз.
o 4 қатардағы пробиркаларды араластырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
Ветеринариялық санитариялық сараптау
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Алимпиев шұжық цехы шығаратын ет өнімдердің сапа көрсеткіштерін анықтап, ветеринарлық санитарлық баға беру
Жұқпалы аурулар туралы
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Қоян ауруларының қысқаша тарихы
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Ұшадан теріні сыпыру
ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық Ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Семей өңірлік филиалы
Пәндер