Иммуннопатология


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырып: Иммуннопатология

Орындаған: Әскербек Г

ВС - 403 тобы.

Тексерген: Оразалиева С. Б

Семей 2017 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Иммунопатология

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Иммунды жүйе лимфоидты тіндерден тұрады. Бұл маманданған, анатомиялық жеке тін, әр түрлі лимфоидтық түзілістер түрінде барлық организмде таралған. Лимфоидты тіндерге жатады: айырша без, тимус, сүйек кемігі, көкбауыр, лимфа түйіндері, сонымен қатар қанда айналатын лимфоциттер. Лимфоидты тіндер тіннің негізін құрайтын ретикулярлы жасушалардан және осы жасушалар арасында орналасқан лимфоциттерден тұрады. Иммунды жүйенің негізгі қызмет ететін жасушалары Т-және В- лимфоциттерге бөлінетін лимфоциттер және олардың субпуляциялары болып келеді.

Иммунопатология - әр түрлі формадағы жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялармен көрінетін тіндердің өзгерісін сипаттайды. Иммунды жүйе - барлық лимфоидты ағзалар мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрициев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі - антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Кемік майы кабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол ағзада өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2, 5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер ағзаға тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам ағзасында 460-қа жуық лимфа түйіндері бар.

Иммунопатологиялық үрдістердің типтері:

- Иммунды тапшылықтар

- Аллергия

-Аутоиммунды аурулар

2. Иммунды тапшылық

Иммундық тапшылық (ИТ) иммунды жауап механизмінің бір немесе бірнеше ақаулығына байланысты өзгерген иммундық статус. Иммундық тапшылықтар: біріншілік (туа пайда болған), екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді. Сонымен бірге иммундық жүйесінің өзі де жұқпамен зақымданады (ЖИТС, Т- клеткалық лейкемия) . Иммундық тапшылық симптомдары, иммунитет ақауының тереңдігі мен сипаты кең ауқымды өзермелі. Біріншілік иммундық тапшылық дамуына жауапты көптеген гендер анықталды. Бір иммундық тапшылық жағдайының клиникалық көінісі бір отбасы мүшелерінің ішінде әртүрлі болып кздеседі. Бұл жағдай гендер мутациясымен түсіндірілген, бірақ зерттеулер нәтижесінде науқастар фенотипі мен генотипінде нақты ауытқулар анықталмады. Барлық иммундық тапшылық жағдайының ішінде (симптомсыз жүретін IgА жеткіліксідігінен басқа) В-жасушалық антидене өндіру ақауы - 50%, Т-жасушалық ақау - 18%, фагоцитоз жүйесі - 18% және комплемент жүйесі - 2%. Иммундық тапшылық жағдайының формаларының жалпы жиілігі 1: 10 000. Иммундық тапшылық жағдайының диагностикасы бірінші ретте ауру тарихына, науқас өміріне, отбасылық анамнезіне иммунологиялық жеткліксіздіктің клиникалық көрінісіне және иммунологиялық ақауды анықтауға негізделеді. Біріншілік иммундық тапшылық жағдайының клиникалық көрінісі көп жағдайда балалық кезеңде алғаш анықталады, бірақ кейбір формалары кешірек анықталады, негізінен жалпы вариабельді иммундық жетіспеушілік. Иммундық тапшылық жағдайының клиникасы келесі симптомды комплекстер түрінде кездеседі: инфекциялық, аллергиялық, аутоиммундық, онкологиялық.

Біріншілік иммундық тапшылық жағдайының басқа да жіктелуі бар. Р. М. Хаитов жеті типін бөлді:

- антидене жетіспеушілігімен синдромы;

- Т - лимфоциттердің жетіспеушілігімен синдром;

- комплемент компоненттерінің жетіспеушілік синдромы;

- НК клеткалық ақау синдромы;

- Фагоцитоздық ақау синдромы;

- адгезия молекулаларының ақауы синромы;

- біріккен Т және В жетіспеушілігі;

2. 1 Гуморальдық иммунитеттің тапшылығы (В - лимфоциттер жүйесі )

2. 1. 1. Агаммаглобулинемия, Брутон ауруы-бұл дерт Х- хромосомасымен тіркесіп ұрпаққа беріледі. Сондықтан көбінесе тек ұл балалар ауырады. Оның даму жолдары әлі белгісіз. Болжам бойынша В-лимфоциттерінің аналық жасушасы деңгейінде гендік мутациядан дамиды. Бұл дерттің ерте дамитын түрінде балалар бір жасқа толмай шейіт болады. Бұл кезде қанда В- лимфоциттер қатты азаяды, жұқпаларға қарсы антиденелердің ( гамма- глобулиндердің ) түзілуі болмайды. Аурудың кеш дамитын түрінде балалардың 2-3 жасқа дейін дені сау болады. Оның дамуы баланы емшектен айырған соң байқалады. Ауырған балаларда лимфалық түйіндердің гипоплазиясы, бадамша бездердің, ішектердің лимфоидтық тіндердің атрофиясы байқалады. Қанда В-лимфоциттері қатты азаяды, плазмалық жасушалар толығынан болмайды, иммуноглобулиндердің барлық түрлерінің өндірілуі қатты төмендейді.

Бұл кезде иммунитеттің жасушалық көрсеткіштері өзгермейді. Сондықтан вирустық жұқпаларға организмнің төзімділігі сақталып қалады, бірақ бактериялық жұқпаларға төзімділік қатты төмендейді. Осыдан мұндай балаларда жұқпала жиі қайталанып өтеді.

2. 1. 2. Дисиммуноглбулинемия:

А) жалпы вариабельді гипогаммаглобулинемия;

Б ) ІgА - ның селективті тапшылығы

В ) IgG және IgA иммуноглобулиндердің тапшылығы мен IgМ синтезінің көбеюі (гипер IgМ - синдром)

Г) IgG подкластарының тапшылығы ( IgG1, IgG2, IgG3, IgG4 жоқ болуы ) және IgМ деңгейінің көбеюі неесе көбеймеуі.

2. 2. Жүре пайда болған иммунды реакциялары тапшылығы ( Т- лимфоциттер жүйесі )

Алимфоцитоз (Незелоф синдромы) тұқым қуалайтын иммунитеттің тапшылығына жатады және иммунитеттің жасушалық факторларының болмауымен сипатталады. Бұл кезде қанда иммундық глобулиндер шамалы азайғанына немесе тіпті қалыпты мөлшерде болуына қарамай, лимфоциттердің сандық және сапалық өзгерістері болады. Негізінен Т-лимфоциттер бүлініп, В-лимфоциттердің өндірілуі бұзылмайды. Бұл дерт аутосомды-басыңқы түрде ұрпаққа беріледі, жаңа туған нәрестелердің бастапқы апталарында немесе айларында көріне бастайды және өте ауыр өтеді. Баланың бойы өсуі баяулайды, денесінің әр жерлерінде іріңді ошақтар пайда болуымен көрінетін созылмалы сепсистік процестер байқалады. Шеткері қанда лимфоциттер қатты азаяды, иммундық глобулиндер қалыпты мөлшерде болады. Көпшілік жағдайда ол баланың шетінеуімен аяқталады. Өлген балаларды жарып тексергенде, айырша без бен лимфалық түйіндердің гипоплазиясы мен атрофиясы анықталады. Ди Джорджи синдромы-айырша без бен қалқанша маңы бездерінің туа болмауы. Бұл ауру ұрық даму кезеңінде үшінші және төртінші жұтқыншақ қасындағы желбіршек қалталары қалыптасуының бұзылуынан дамиды. Осыдан тимустың және Т-лимфоциттерінің болмауымен қатар, баланың бет пішінінде, қалқанша және қалқанша маңы бездерінде, қанайналым жүйесінде ақаулар қалыптасады. Қанда кальций азайып, ауыр тетаниялар, диарея, тыныс алу және несеп шығару жолдарында жұқпалар дамуы осы ауруға тән көріністер болады. Бұл ауру кезінде антиденелердің түзілуі бұзылмайды. Бірақ сүйек кемігінің бағаналы жасушасының Т-жасушаларына нақтылануы бұзылған. Ди Джорджи синдромымен ауыратын балалардың организмі ауыстырылып қондырылған тері трансплантатын тойтармайды, оларда баяу дамитын гиперсезімталдық дамымайды. Иммундық тапшылықтың швейцариялық түрі-аутосомдық-рецессивтік түрде беріледі және лимфоцитопения мен гипогаммаглобулинемия бала туғаннан кейін бірінші аптада-ақ байқалады. Бұл кезде тимус дамымай, оның сыртқы қыртысы мен милық қабаттары нақтыланбайды. Шеткері лимфоидтық ағзаларда лимфоциттер мен плазмоциттер қатты азайған болады. Ауыстырылып қондырылған тіндердің транспланттары тойтарылмайды, баяу дамитын гиперсезімталдық реакциясы болмайды. Қанда иммундық глобулиндер М және А мүлде болмайды, ал JgG өте аз мөлшерде болады .

3. Жергілікті аллергиялық реакциялар

Аллергия(грекше alios-басқаша, ergon-әсер) -организмнің белгілі бір бөгде затқа жоғары сезңмталдығы. Ол әдетте антигеннің денеге екінші рет енуі кезінде өріс алады. “Аллергия” ұғымын 1906 жылы австралиялық ғалым Пирке ұсынған болатын. Ол бұл терминді организмнің өзгеріске ұшыраған реактивтігін белгілеу үшін қолданған. Пирке организмнің реактивтілігін өзгертетін заттарды аллергендер деп атады. Аллергендер қатарына жануар және өсімдік тектес заттар липоидтар, күрделі көмірсулар, дәрі-дәрмектер, т. б. Аллергияны туынды иммунитеттің компоненті деп қарау керек, өйткені ол да басқа иммундық реакциялар сияқты денеге енген бөгде заттарға қарсы бағытталған организмнің жауабы болып табылады. Аллергиялық реакциялардың 2 түрі белгілі:гиперсезімталдықтың шапшаң түрі және гиперсезімталдықтың баяу түрі.

3. 1. Гиперсезімталдық реакциялары

Гиперсезімталдықтың шапшаң түрі-организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға бағытталған, бірақ оны патологиялық күйге әкелетін реакциялар.

Гиперсезімталдық реакциялары 4 түрге бөлінеді:

  • Жоғары сезімталдық реакцияның бірінші (анафилактикалық) түрі алдын ала сенсибилизацияланған организмге антигеннің шешуші мөлшері түскенде өте жедел түрде дамиды.
  • Жоғары сезімтал реакцияның екінші түрі (цитотоксиндік) түрі иммундық жүйеде организмнің өз антиденелер түзілуімен сипатталады. Ол үш түрде өтуі мүмкін:
  1. Комплементке тәуелді реакциялар
  1. Антиденелермен байланысты реакциялар.
  2. Антиденелерге байланысты жасуша дисфункциясы.
  • Жоғары сезімталдықтың үшінші (иммундық кешендік) түрі
  • Жоғарғы сезімталдықтың төртінші түрі

Гиперсезімталдықтың баяу түрін ең бірінші рет 1890ж. Р. Кох туберкулинді туберкулезбен ауру адамның терісінің астына енгізгенде байқаған еді. Иммунды жауаптың бұл түрі организмнің сенсибилизденген торшаларының антигенмен тікелей түйісуін міндетті түрде қажет етеді. Сондықтан бұл реакция баяу дамиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунопатология
Аллергологиядағы молекулалық зерттеу әдісі
Иммунды тапшылықтар
Иммунопатология. Постинфекционды иммунодефициттер
Ауру түрі
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Антигендерден туындаған аутоиммундық патология
Қабынудың этиологиясы, морфологиясы мен патогенезі
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Иммунопатологиялық үрдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz