ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық Ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Семей өңірлік филиалы



I. Кіріспе
II. Практика базасының қысқаша мінездемесі.
III. Ветеринариялық санитариялық істі ұйымдастыру.
IV. Ветеринариялық микробиология және вирусология
V. Ветеринариялық санитариялық сараптау.
VI. Ветеринариялық санитариялық гигиена.
VII. Алғашқы ветеринариялық көмек
VIII. Қорытынды.
IX. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
X. Қосымшалар.
Қазіргі кезде Ветеринариялық санитария мамандығын алатын орны ерекше. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі өткірлене түсті. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның бәсекелік артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қаматамасыз етеді.
Қазақстанда мемлекеттік мал дәрігерлік қызметіне халықты жануарлардан адамға және мал өнімдерден шыққан жұғатын аурулардан қорғау бойынша міндеттер қойылған. Бұл ретте, республикадағы және одан тыс жерлерде инфекциялық аурулар бойынша эпизоотикалық жағдайы осы күнге дейін шиеленіскен күйде.
1. Аврех В.В., Биргер М.О. и др. Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования, М., «Медицина», 1967, 463 с.
2. Атлас по микробиологии, вирусологии и иммунологии. Жалпы редакциясын басқарған Быков А.С., Воробьев А.А., Зверев В.В. М.: «Медицинское информационное агенство», 2008, - 272 б.
3. Б.К. Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. (Оқу құралы). Алматы. 2011 жыл. 101- 126 бет аралығы.
4. В.М. Позняковский « Экспертиза мясо и мясопродуктов качество и безопасность» 2005г
5. 3.Дүйсебаев С.Т «Ветеринариялық - санитариялық сараптау», Алматы -2013.
6. Ж.К.Төлемісова,Г.Т. Касенова,Б.Мұзапбаров “Микробиология және вирусология”. Алматы,Нур Принт,-2015 жыл.
7. Конопаткин А.А. Бакулов И.А., Нурейкин Я.В. и др. Эпизоотология и инфекционные болезни сельскохозяйственных животных. – М., Колос, 1984, 544 с.
8. Қ.Б.Бияшев « Ветеринариялық ісін ұйымдастыру» Алматы 1999
9. Мишанин Ю.Ф. Справочник по инфекционным болезням животных. Ростов-на-Дону, Изд. «МарТ», 2002, 574 с.
10. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология.- М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.
11. Садуақасов М.С. «Ветеринариялық – санитариялық гигиена» Алматы 2008 жыл
12. Х. С. Горегляд «Ветеринарно санитарная экспертиза сосновами технологии переработки продуктов животноводства» Москва «Колос»1984

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Кафедра : Ветеринариялық санитария
Мамандық : Ветеринариялық санитария

Өндірістік практика бойынша есеп беру
ҚР АШМ АӨК МИК Республикалық Ветеринариялық зертхана шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Семей өңірлік филиалы

Білім алушы ___________________________________ _______________
Қолы, күні топ, курс аты−жөні
Кәсіпорынның жетекшісі ___________________________________ _____
Қолы, күні аты−жөні
Университеттегі жетекші ___________________________________ _____
Қолы, күні аты−жөні
Комиссия мүшелері ___________________________________ __________
Қолы, күні аты−жөні

Баға:

Семей 2017-2018 оқу жылы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
Университетінің Аграрлық факультетінің
Ветеринариялық санитария мамандағының
Вс - 403 тобының 3 курс студенті
Баяхметова Гүлмира Қайратқызына

Мінездеме

Баяхметова Гүлмира Қайратқызы 22.05.2017 - 25.06.2017 жыл аралығында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертхана шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ШҚО Семей қаласының филиалында өндірістік іс- тәжірибеден өтті.
Гүлмира алғашқы күннен бастап жан - жақтылығымен , өзіне деген сенімділігімен, жұмысқа тиянақтылығымен , жауапкершілігімен көзге түсті. Мінезі ашық , адамгершілігі мол, үлкенге құрмет, кішіге ізет ұстанымын ұстаған қарапайым студент.
Іс - тәжірибе барысында жоғары оқу орнында алған білімін өте жақсы көрсете білді. Іс - тәжірибеге үнемі мол дайындықпен , көп ізденіспен келді. Өз жұмысына ынталы , еңбекқор, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алды. Сын айтылса дұрыс түсініп, сол кемшіліктерін дұрыс жағынан түзеп нәтиже шығара білді. Кез - келген жұмысты , әсіресе іс - қағаздармен жұмыс істеуді тез әрі сапалы орындап , комьтерлік шеберлігін де көрсете білді.
Баяхметова Гүлмира Қайратқызы ісіне білімі сай, тәжірбиелі , ветеринария саласында қызмет жасаса сұранысқа ие мамандардың бірі болатынына сенімдімін. Болашақта Қазақстан Республикасының шыңдалған, тәжірибесі мол, адал қызмет ететін , білікті те білімді азаматша болатынына нық сенімдімін. Өндірістік тәжірибесіне 5 (өте жақсы ) деген баға беремін.

Өндірістік іс- тәжірибе жетекшісі: Темирғали Т.С

ҚР АШМ АӨК МИК РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РМК СЕМЕЙ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНАН ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРБИЕДЕН ӨТУ ЖОСПАРЫ
Күні
Орындалған жұмыстардың түрлері
(жұмыс орны)
Жетекші
(қолы)
22.05.2017
Ветеринариялық зертхана және зертхана персоналдарымен таныстым.

23.05.2017
Зертхананың қауіпсіздік ережесімен таныстым.

24.05.2017
Қабылдау бөлімімен таныстым.

25.05.2017
Қабылдау бөлімінде қан қабылдадық

26.05.2017
Серология бөлімі және жұмыс барысымен таныстым

29.05.2017
Шприц - дозаторлардың қалпақшаларын, пробиркаларды іріктеп, планшетке жинадым.

30.05.2017
Бруцеллез, жұқпалы эпидидимит ауруы туралы мәлімет алдым.

31.05.2017
Роз - Бенгал сынамасы және Комплемент байланыстыру реакциясының қою процесімен таныстым.

01.06.2017
Бруцеллезге Роз - Бенгал реакциясын қойдым.

02.06.2017
Физиологиялық ерітінді жасауды және қошқар эритроцитін алып жұмысқа дайындадым.

05.06.2017
Комплемент байланыстыру реакциясын қойдым.

06.06.2017
Комплемент ұзақ байланыстыру реакциясын қойдым.

07.06.2017
Агглютинация реакциясын қойдым.

08.06.2017
Жүргізілген сараптама нәтижелерін құжатқа толтырдым.

09.06.2017
Вирусология бөлімімен таныстым.

12.06.2017
Лейкоз ауруына қойылған ДПР реакциясының нәтижесін көрдік , қояннан қан алдық.

13.06.2017
Паратуберкулез ауруына ИФА қойдым.

14.06.2017
Бактериология бөлімімен таныстым.

15.06.2017
Пробка, тампон,конверт жасадым.

16.06.2017
Ет пептонды бауыр сорпасының қоректік ортасын жасадым.

19.06.2017
Кампилобактериозға арналған қоректік орта жасадым.

20.06.2017
Бактериология бөлімінде толтырылатын құжаттармен таныстым.

21.06.2017
Тағам қауіпсіздік бөлімімен таныстым.

22.06.2017
Еттің балаусалығын анықтау барысымен таныстырып өтті.

23.06.2017
Іс тәжирбиені қорытындыладық.

ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Практика базасының қысқаша мінездемесі.
III. Ветеринариялық санитариялық істі ұйымдастыру.
IV. Ветеринариялық микробиология және вирусология
V. Ветеринариялық санитариялық сараптау.
VI. Ветеринариялық санитариялық гигиена.
VII. Алғашқы ветеринариялық көмек
VIII. Қорытынды.
IX. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
X. Қосымшалар.

Кіріспе
Қазіргі кезде Ветеринариялық санитария мамандығын алатын орны ерекше. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі өткірлене түсті. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы - кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның бәсекелік артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қаматамасыз етеді.
Қазақстанда мемлекеттік мал дәрігерлік қызметіне халықты жануарлардан адамға және мал өнімдерден шыққан жұғатын аурулардан қорғау бойынша міндеттер қойылған. Бұл ретте, республикадағы және одан тыс жерлерде инфекциялық аурулар бойынша эпизоотикалық жағдайы осы күнге дейін шиеленіскен күйде. Бұдан басқа, республиканың мал дәрігерлігі қызметімен қолданған барлық шаралар мен күштерге қарамастан, дүкендерге, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарға және азаматтарға әлі күнге дейін мал дәрігерлік-санитарлық сараптамадан өтпеген және үй жағдайларда сойылған ет және ет өнімдері сатылатыны кездеседі. Сол себепті, малдан, құстан, балықтан және аралардан алған өнімді дайындайтын, қайта өндіретін, сақтайтын, тасымалдайтын және сататын барлық жерлерде мал дәрігерлік бақылау (қадағалау) қажет.
Мал өнімдерінің сапалық мәселесі халықтың денсаулығына нұқсан келтіріп , тұтынушылардың мүддесіне зиян жасап қана қоймай , басты мал өнімдерінің базардағы бәсекелестік қуатына және экспорттық қуатына да әсер етіп , еліміздің халықаралық беделіне әсерін тигізеді. Сондықтанда мал өнімдері әлеуметтік сауда бәсекелестігінде жоғары сұранысқа ие болуы керек.
Бүгінгі таңда Ветеринария саласына жас мамандардың бастамашылдық қасиеттері, жұмыс істеу қабілеттері өте қажет. Соған орай да барлық ветеринариялық кәсіпорындарда жас студентттердің іс-тәжірибеден өтуге барлық жағдайлар қарастырылған және жақсы жолға қойылған.

ІІ. Өндірістік іс-тәжірибе базасының қысқаша мінездемесі.
Мен өндірістік іс-тәжірибемді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комиттетінің Республикалық ветеринраиялық зертхана шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Семей филиалында өттім.
Ветеринариялық зертхана Сәтпаев көшесінде орналасқан 3 қабатты мекеме. Бұл ғимарат 1920 жылы салынған. Ғимарат жертөлесінде дәрілік заттарды сақтайтын қоймалар қарастырылған . Сондай- ақ ғимараттың қасында виварий , асхана және автотұрақ қарастырылған.
Лабораторияның бас директоры: Балуанов Аян Қажымұхамедович.
Лаборатория 3 бөлімнен тұрады:
1-ші қабат - Қан сынамаларын қабылдау бөлімі
Бактериология бөлімі
Паразитология зертханасы
Бөлім бастығы: Тергеубеков Д. О
2-ші қабат - Аса қауіпті ауруларды анықтау бөлімі.
Серология бөлімі
Молекулярлық гинетика және вирусология зертханасы.
Бөлім меңгерушісі: Қожахметова Г.М
3-ші қабат - Тағам қауіпсіздігін зерттеу бөлімі
Химико- токсикология зертханасы
Тағам микробиологиясы зертханасы
Радиология зертханасы
Бөлім меңгерушісі: Шайжунусов Р
ҚР АШМ АӨК МИК РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Семей өңірлік филиалына қарасты зертханалар:
1. Аягөз 6. Үржар
2. Жарма 7. Абай
3. Баршатас 8. Абыралы
4. Мақаншы 9. Барадулиха
5. Бесқарағай. 10. Семей

Жұмыс уақыты 9:00 де басталып 18:00 де аяқталады.Сағат 13-14:00 аралығында түскі үзіліс уақыты. Сенбі , жексенбі күндері демалыс.
Зертханада жаңа заман талабына сай приборлар, аппаратуралар , зертханалық ыдыстар, реактивтер , техникалық құрылғылар және нормативті өндірістік бөлімшелермен жабдықталып, бейне камералар қойылған.

Ветеринариялық санитариялық істі ұйымдастыру

Ветеринариялық ғылымдар қатарындағы ветеринариялық істі ұйысдастыру арнайы ғылыми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет - сүт , мал өнімдерін, шикізат даяярлаушы, сақтаушы, өндеуші кәсіпорындарда, халық шаруашылығының басқа да салаларында малдәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру , ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Ветеринария ісін нормативтік- құқықтық құжаттар арқылы шектеу ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде және материалдық - техникалық экономикалық жағдайды ескерек отырып іске асырылады. Ол ветеринарияда міндетті түрде орындалуға тиіс нормаларды, шарттарды көрсетед, қойылған талаптарды орындап , жұмысты тиімді атқаруды ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына , малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне , мал басының кемуіне және әр түрті індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
ҚР АШМ ВБжҚК ШЖҚ РМК Республикалық ветеринарлық зертхана Семей өңірі филиалында жоғары білімді, білікті мамандар жұмыс атқарады. Барлық мал дәрігерлік іс-шаралар атқарылып, мал дәрігерлік іс-қағаздар жүргізіледі. Бактериологиялық бөлімде әрбір зерттеліп сарапталған өнімге, жүргізілетін жұмыстарға арнайы журналдар толтырылады.
+ Бактериологиялық зерттеуге келген материалды тіркеу журналы.
+ Зертханадағы тәжірибе жануарларына жұқтырудың есебін жүргізетін журнал.
Серологиялық бөлімде жүргізілетін іс қағаздармен құжаттар:
+ № 14 формадағы мал дәрігерлік қанды серологиялық зерттеу журналы.
+ Атқарылған жұмыстардың сараптау актісін тіркеу журналы.
+ Есеп беру құжаты.
+ Берілген пробиркаларды тіркеу журналы.
+ Тексерілген материалдарды жою актісі.
+ Диагностикумдар шығынын тіркеу журналы
Ветеринариялық микробиология және вирусология.
Адамдар мен жануарлардың инфекциялық аурулары кең таралған, тіршілікке қауіп төндіруші факторлардың бірі болып табылады. Ветеринариялық ғылымдардың негізгі саласының бірі болып отырған микробиология ғылымы өзінің даму кезеңдерінде инфекциялық аурулар және олардың қоздырушыларымен күрес бағытында айтарлықтай табыстарға ие болды. Балау және арнайы алдын алу шараларын үнемі жетілдіріп отыру және оның соңғы жетістіктерін іс жүзінде ұтымды пайдалану өз жемісін бермей қалған жоқ - инфекциялық ауруға және өлім-жітімге ұшырау күрт азайды. Көптеген инфекциялық аурулар республика территориясында кездеспейді немесе аракідік қана кездеседі. Дегенімен, жалпы індеттік жағдай күрделі күйінде қалып отыр және инфекциялық аурулар халық шаруашылығын әлі де орасан зор шығындарға ұшыратып отыр. Инфекциялық аурулардан келетін шығын жануарларды және олардың өнімдерін жоғалтудан, карантин-шектеу шараларын жариялаудан, осының нәтижесінде жануарлар мен олардың өнімдерінің шаруашылықаралық, экспорттық айналымына тиым салынуынан және ветеринариялық-санитариялық шараларға жұмсалатын шығындардан құралатыны белгілі. Осы мәселелер ауқымында елімізді толыққанды, қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудің маңызды ұстанымдарының бірі - біліктілігі жоғары мамандар даярлау болып табылатындығы сөзсіз. Ветеринариялық дәрігерлерді даярлаудағы маңызды бір кезең - кәсіби білім мен тәжірибені толықтырудағы ауыспалылық, кешенділік және үздіксіздік шарттарының жүзеге асуы. Ұғымдар мен құбылыстардың бірыңғай түсіндірілуі, зертханалық зерттеулердің жүргізілуі барысындағы бірыңғай терминдердің қалыптасуы әртүрлі пәндер арасындағы ауыспалылықты, бірізділікті және логикалық байланыстың болуын қамтамасыз етеді. Инфекциялық ауруларды балау - микробиологиялық, клиникалық, індеттік және патанатомиялық т.б. әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жүргізілетін күрделі процесс. Осы аталған әдіс-тәсілдердің біреуі жетімсіз болып қалған жағдайда балаудың дұрыстығына күмән келтіруге болады. Алайда, қысқа уақытта, әсіресе инфекциялық аурудың таралып кету қаупі төнген жағдайда, ауру себебін анықтап, алдын-алу және күрес шараларын іске асыру қажет болады. Міне, осындай жағдайда аурудың қоздырушысын бөліп алып, түрін анықтау арқылы балау да жеткілікті болып жатады. Осыған байланысты осы оқу құралы инфекциялық ауруларға бактериологиялық балау жүргізу үрдісін меңгеруге және оны іс жүзінде жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Микробиологиялық және вирусологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі.
1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі
2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.
3) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек.
4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн.
5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.
6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт.
7) Сабақтың соңыеда жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет.
8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн.
9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды.
10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек.
11) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет.
12) Зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.
13)Зертхана мен экспериментальды жануарларды ұстауға арналған бөлмелер міндетті түрде бөлек болуы;
14)Зертханаға, өндірістік бөлмелер мен вивариге келетін және олардан шығатын ауалардың стерильденуі;
15)Зерттеу жұмыстарныан қалған жануарлардың, зертхананың және өндірістік ғимараттан шыққан қалдықтар рациональды жүйеде жойылуы;
16)Зертхана мен өндіріс қызметкерлеріне арналған санитарлық өткізгіш қондырғылары мен киім ауыстыру орындары болуы;
17)Вирусологиялық зертханада сумен қамтамасыз ету жүйесінің, залалсыздандырылмаған қалдықтардың ағын сулар мен су құбырларына түсуінен қорғайтын қондырғылардың болуы;
18)Белсенді агенттермен тікелей жұмыс істейтін зертхана қызметкерлерін залалданудан сақтайтын (тыныс жолдары мен ашық кілегейлі қабықшаларын) заттардың болуы керек.

Бруцеллез (Brucellosis) - үй және жабайы жануарлардың жұқпалы ауруы, ауру малдың дене қызуы көтеріледі, аяқтары мен буындары, нерв жүйесі зақымданады, іш тастайды, шуы түспейді, эндометрит, қысыр қалады. Берджидің жіктеуі бойынша Brucella тұқымының 6 түрі бар: Br. abortus (ірі қарада), Br. suis (шошқада), Br. melitensis (қой мен ешкіде, адамда), Br. canis (итте), Br. neotomoe (егеуқұйрықта), Br. ovis (қошқардың жұқпалы эпидемиті). Антигендік және биохимиялық қасиеттері бойынша B. abortus 9 биоварға бөлінеді. B. melitensis - 3, B. suis - 5 биоварға бөлінеді.2003 жылы халықаралық таксономиялық комитеттің шешімі бойынша барлық бруцеллалар бір түрге біріктіріліп, Brucella melitensis деп аталатын болды. Серологиялық реакциялардан бруцеллез диагностикасын қоюға ең жиі қолданылатыны агглютинация, комплементті байланыстыру реакциялары.

Қошқарлардың қосалқысының қабынуы - инфекциялы эпидидимит
Көбінесе созьшмалды түрде өтетін, қошкарларда - ен қосалқысы-ның қабынуымен, өсіп-өну қабілетінің төмендеуімен, ал саулықтарда - іш тастаумен, тіршілікке кабілетсіз төл туумен сипатталатын дерт.
Қоздырушысы. Вrucella ovis.
Ауруға 2-7 жастағы еркек және ұрғашы мал бейім келеді. 5-6 айлық қозьшар әдетте ауырмайды. Жаппай ауру жұғу қоздау науканы кезеңінде байкалады. қоздырушының негізгі көзі ауру қошқарлар, олардан қоздырғыш шәует және несеп арқьшы, ал саулықтардан - түсік, өлі туған төл, ұрық қабы - қағанақ және жыныс жолдарынан аққан жалаяқ арқьшы шығады. Ен қосалқьшары үлкейген. Олар жалкаяқтанып, қабынған - экссудативті эпидидимит байқалады, еннің қозғалымпаздығы азайған, аталық без тығыздалған, үсті бұдырланған, күлтілдеу байқалады. Шәует өнімі бұзьшған, шәует сары сұр, сары жасьш түсті, ісінген. 4-14 күннен соң бұл белгілер бірте-бірте жоғалып, ауру созьшмалы түріне көшеді.
1. Серологиялық зерттеулер
- Роз Бенгал сынамасы
Роз Бенгал сынамасын ірі қара малдың, қойдың, ешкінің, шошқаның, түйенің, жылқының, бұғылардың және т.б. қан сарысуының бруцеллезіне зерттеу кезінде қолданады.
Әрбір реакцияны қояр алдында бақылау сынамасын жасау міндетті болып саналады!
:: Бақылау сынамасы.
o Пластинканың 1-ші лункасына арнайы дозатор көмегімен бруцеллезге позитивті қансарысуын 30 мкл (0,03 см3) мөлшерде алып тамызады.
o Бруцеллезге позитивті қансарысуы тамшысының қасына 30 мкл (0,03 см3) боялған антигенді (одан әрі РБС қолданылатын) тамыздырады.
o Пластинканың 2-ші лункасына арнайы дозатор көмегімен бруцеллезге негативті қан сарысуын 30 мкл (0,03 см3) мөлшерде алып тамызады.
o Бруцеллезге негативті қансарысуы тамшысының қасына 30 мкл (0,03 см3) боялған антигенді тамыздырады.
o Антиген мен қансарысуды белсенді қимылмен арнайы араластырғышпен сағат бағытында біркелкі қоспаны алғанша жақсылап араластырады.
o Қансарысуы және антигені араласқан пластинканы 4 минут режимі таңдалған авттоматты қозғалтқыш 3D Shaker аппаратына орналастырады.
o Реакцияны 4 минуттан соң тоқтаған 3D Shaker аппаратынан алып, пластинканы сәл еңкейту күйінде жай көзбен
1. Бруцеллезге позитивті қансарысуы қосылған лункада майда қызғылт түсті үлпектер - агглютинат болуы тиіс
2. Бруцеллезге негативті қансарысуы қосылған қоспа гомогенді, біркелкі боялған - агглютинат жоқ.

Реакцияны қою жолы:
+ Сыналатын қанның қансарысуын пластинаға арнайы дозатор көмегімен тамызады. Зерттелетін қан сарысуынан 30 мкл (0,03 см3) мөлшерде алып пластинканың лункасына тамызады.
+ Ірі қара малдың, жылқының және шошқаның қансарысуы тамшысының қасына 30 мкл (0,03 см3) боялған антиген, ал қойдың, ешкінің, түйенің және бұғының қанының қан сарысуын зерттеу кезінде 150 мкл (0,15 см3) антиген тамызады.
+ Антиген мен қансарысуды белсенді қимылмен 25 лунканы бір мезгілде араластыратын арнайы араластырғышпен сағат бағытында біркелкі қоспаны алғанша жақсылап араластырады.
+ Қансарысуы және антигені араласқан пластинканы 4 минут режимі таңдалған авттоматты қозғалтқыш 3D Shaker аппаратына орналастырады.
+ Реакцияны 4 минуттан соң тоқтаған 3D Shaker аппаратынан алып, пластинканы сәл еңкейту күйінде жай көзбен оқиды. 4 минуттан кеш пайда болған агглютинация есепке алынбайды.
* Реакцияны бруцелла антигенінің агглютинациясына берік болған жағдайда оң деп санайд ы (майда немесе ірі қызғылт түсті үлпектер).
* Егер агглютинация болмаса (қоспа гомогенді, біркелкі боялған), реакцияны теріс деп санайды.
* "Күмәнді" диагностикалық бағалау кезінде, осы малдардың қананың қан сарысуын 15-30 тәуліктен кейін қайталап зерттейді. Қанның қан сарысуын қайталап зерттеу кезінде оң немесе күмәнді нәтиже болған жағдайда, диагностикалық баға оң деп саналады.
Семей ауылдық округтерінен келген 100 бас ірі қара мал қан сынамаларын Роз Бенгал сынамасымен тексердім.

- Комплементті байланыстыру реакциясы КБР
Серологияның классикалық әдістерінің бірі.
Реакцияны қою реттілігі:
# КБР қоймастан бұрын ең алдымен комплементтің титрін анықтайды.
# Реакцияға қолданылатын компаненттердің мөлшерін есептейді, дайындайды.
# Қан сарысу
# Антиген
# Комплемент
# Гемолизин
# Эритроцит
Компаненттердің антикомплементарлық және гемотоксикалық қасиеттерін анықтайды.

# Реакцияны қояды.
1. Пробиркаларға зерттелініп отырған қан сарысуларынан 0,04 мкл құямыз.
2. Зерттелініп отырған қан сарысуларының үстінен 0,85% натрий хлориді ерітіндісінен Флоренский аппаратымен 0,2 мкл құйып шығамыз.
3. 580 - 600С-қа 30 минут инактивтеуге қоямыз өткіземіз.
4. Дайын бактериолитикалық жүйеден (комплемент + антиген) 0,4 мкл Флоренский аппаратымен құйып шығамыз.
5. 370-380С 20 минутқа су моншасына қоямыз.
6. Дайын гемолитикалық жүйеден (гемолизин + эритроцит) 0,4 мкл Флоренский аппаратымен құйып шығамыз.
7. 370-380С 20 минутқа су моншасына қоямыз.
8. Қорытындысын оқимыз.

Бақылау сынамасы.
3 пробиркамен қойылады.
a. Бірінші қатардағы пробиркаға 0,85% натрий хлориді ерітіндісінен 0,4 мкл, екінші қатардағы пробирка бос болады, ал үшінші қатардағы пробиркаға физ.ерітіндіден 0,1 мкл құямыз.
b. Бірінші қатардағы 1-ші пробиркаға негативті және 2-ші пробиркаға позитивті қан сарысуынан 0,1 мкл құямыз.
c. Бірінші қатардағы пробирканы араластырып екінші қатардағы тиісті пробиркаға 0,2 мкл және үшінші қатардағы пробиркаға 0,1 мкл құйып сұйылтамыз
d. Екінші және үшінші қатардағы пробиркаларға үстінен 0,2 мкл комплемент және антиген құйып шығамыз..
e. 580-600С 30 минут инактивтелуден өткіземіз.
9. Барлық пробиркаға гемолитикалық жүйеден (гемолизин + эритроцит) 0,4 мкл Флоренский аппаратымен құйып шығамыз.
a. - 370 - 380 С 20мин су моншасына қоямыз.

Семей ауылдық округтері нен келген 100 бас ірі қара мал қан сынамаларына КБР қойдым.

- Агглютинация реакциясы
Көлемі 1 мл пробиркаларда қойылатын серологияның классикалық әдісі. АР жаппай қойылмайды. Тек РБС, КБР күмәнді реакция берген сынамалар ғана тексеріледі.
Компаненттері:
* Антиген - стандартты АР, КБР арналған бруцеллез антигені, диагностикум.
* Антидене - зерттелетін қансарысуы.
* 5% фенол физиологиялық ертіндісі.
Компоненттер
1
2
3
4
5
5% фенол физиологиялық ертіндісі.
2,4
0,5

0,5
0,5
0,5
0,5 Қансарысуы
0,1

0,5
0,5

0,5

Дез
ерт

Антиген
1:10
-
0,5
0,5
0,5
0,5

1:25
1:25
1:50
1:100
1:200

- Иммуно-ферментті талдау ИФТ
(ИФТ) ИФТ тәсiлiмен малдардың қан сарысуын әр түрлі ауруларға арнайы жиынтықтар көмегімен антиденелердi анықтау үшін қолданады. ИФТ тәсiлiн диагностикалық жиынтықты қолданып қояды, оған арнайы және антитүрлi конъюгат, иммуноглобулин, антигенге арнайы қан сарысуы.
* Буферлi ерiтiндiлердi дайындау. Карбонаты-бикарбонатты буфер (ККБ) (0,1 мл; pH-9,б), 10 мл 1 М NаСОз (105,8 NаСОз 1 л дистелденген cуғa) және 90 мл 1 М NаНСОз (83,9 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері
Ауыл шаруашылығы - ҚР-ның агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы ( АӨК дамытудын жоспарлары мен бағдарламалары
Сиыр лейкозын балау
Қара топырақты аймақ 817 мың гектар
Ауыл шаруашылығы техникасының паркі
Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау технологиясы зертханасы
Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салалары
Пәндер