С++ тілінде диаграмма тұрғызу



Мазмұны

Кіріспе 2

1 С++ программалау тілі 5
1.1 Тілдің алфавиті 5
1.2 Көп файлдық проекттерді басқару 13
1.3 С++ тілінің қосымша мүмкіндіктері 14
1.4 Біріктіру 15
1.5 Cu тілінің операциялары 16
1.5.1 Цикл операторлары 19

2. Құрылған программаны сипаттау 22
2.1 Компьютердің видеожүйесі 22
2.2 Гистограмма түріндегі диаграмма 25

Қорытынды 27

Қолданылған әдебиеттер 30

Қосымша 31
Кіріспе
Менің курстық жұмысым С++ тілінде диаграмма тұрғызу мысалын келтіру. Жалпы диаграмма – деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы. Диаграммалар өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде мәліметтердің көптігінен оны жинақтап, сұрыптап және оны графиктік түрде бейнелеу зама ағымының талабының бірі болып отыр. Ол үшін өте оңай шешім – диаграммалар бар. Диаграмманың бірнеше түрлері бар. Атап айтар болсақ гистограмма, сызықтық, дөңгелек, нүктелік, аймақтық, сақиналық, жапырақшалық, кеңістіктегі, көпіршік, қаржылық, цилиндрлік, конустық және пирамидалық түрлері бар. Менің кусртық жұмысымда осы тізімнің ішінен ең алғашқысы, яғни гистограмма түріндегі диаграмманы таңдадым. Таңдаған себебім:
• Диаграмманың ұарапайымдылығы
• Мәліметті ажыратудағы ыңғайлылығы
Мен бұл курстық жұмысты орындау үшін Си тілін таңдадым. Си тілінің қарапайымдылығы мен программа құрудағы ыңғайлылығы менің жұмысымды жеңілдетті.
Қазіргі кездегі программалау тілінің арасында ең көп тараған тілдердің бірі Си универсалды программалау тілі. Бірақ оны системалық программаларда, транслятор, операциялық системаларды жазуда қолдану жақсы жетістіктер береді. Си программалау тілін 1972 жылы Bell laboratories фирмасының қызметкері
Денис Ритчи ойлап тапты. Тіл системалық программаларға арналған деп саналғанымен оның мүмкіндігінің өте үлкен болғандықтан оны қолданады, программаларды жазуға да пайдалануға болады.
Си тілінде жазылған программаның архитиктуралары әр түрлі компьютерлердің бірінен бірін ауыстыруға бір операциялық системаның екінші операторлық системаға ауыстыруға жеңіл.
Сонымен қатар Си тіліндегі программалардың орындалу жылдамдығы ассемблер тіліндегі программалардан кем емес. Си тілінің компиляторы қазіргі кездегі барлық операциялық жүйеде жұмыс істей береді. Unix, MSDOS, WINDOWS.
Turbo C – қазіргі таңда көп қолданылып жүрген жоғары деңгейлі программалау жүйесінің бірі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді.
Turbo C тілін оқытып – үйретуден бастап, программалаудың қыр-сырын меңгертудің маңызы зор. Кез келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады. Turbo C программалау тілінің де басқа тілдер сияқты, өз алфавиті бар. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдін алфавиті дейміз.
Турбо C-дегі графикалық программалау негізінен кірісуден бұрын, графикалық шығарудың не екенін біліп алу керек. Ақпаратты шығауға арналған құрылғының ішінде программаның жұмысының нәтижесін шығару құрылғысы компьютердің мониторы екендігі белгілі.
Монитор сырт пішіні жағынан теледидарға ұқас болғанымен оның өзінің ерекшеліктері бар. Бұлар: теледидарда бір ғана жалғыз жұмыс режимі болса, компьютерлік мониторда олар екеу. Олар: текстік және графиктік режимдер. Компьютерлік дәуір арасында графика немесе бүтін суреттер экранға (принтерден) шығарудағы өте кең таралған тәсіл.


Графика бұл –
1. Кескіндерді енгізу, бейнелеу және шығару құралдары мен жүйелері. Компьютерде мәтіндік мәліметтер мен графикалық бейнелер біріктірілетін визуальды ұсынудың жалпылама тәсілі;
2. Алфавиттік – цифрлық символдардан өзгеше нүкте, сызықша немесе төртбұрыштар көмегімен экранға шығарылатын ақпарат;
3. Программалаудың кескіндерді құру және түрлендіру жүйелерін жобалаумен байланысты саласы.
Қолданылған әдебиеттер
1. Информатика и образование 2’99 Графика в Turbo C Paintbrush.
2. Самоучитель программирование в Turbo C 7,0 и BCB Н.Культин.
3. Turbo C 7.0 начальный курс учебное пособие. Фаронов В.В.
4. Turbo C учебник Немнюгин С.Д.

Мазмұны
Кіріспе 2
1 С++ программалау тілі 5
1.1 Тілдің алфавиті 5
1.2 Көп файлдық проекттерді басқару 13
1.3 С++ тілінің қосымша мүмкіндіктері 14
1.4 Біріктіру 15
1.5 Cu тілінің операциялары 16
1.5.1 Цикл операторлары 19
2. Құрылған программаны сипаттау 22
2.1 Компьютердің видеожүйесі 22
2.2 Гистограмма түріндегі диаграмма 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 30
Қосымша 31

Кіріспе

Менің курстық жұмысым С++ тілінде диаграмма тұрғызу мысалын келтіру.
Жалпы диаграмма – деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы.
Диаграммалар өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік
береді.
Қазіргі кезде мәліметтердің көптігінен оны жинақтап, сұрыптап және
оны графиктік түрде бейнелеу зама ағымының талабының бірі болып отыр. Ол
үшін өте оңай шешім – диаграммалар бар. Диаграмманың бірнеше түрлері бар.
Атап айтар болсақ гистограмма, сызықтық, дөңгелек, нүктелік, аймақтық,
сақиналық, жапырақшалық, кеңістіктегі, көпіршік, қаржылық, цилиндрлік,
конустық және пирамидалық түрлері бар. Менің кусртық жұмысымда осы тізімнің
ішінен ең алғашқысы, яғни гистограмма түріндегі диаграмманы таңдадым.
Таңдаған себебім:
• Диаграмманың ұарапайымдылығы
• Мәліметті ажыратудағы ыңғайлылығы
Мен бұл курстық жұмысты орындау үшін Си тілін таңдадым. Си тілінің
қарапайымдылығы мен программа құрудағы ыңғайлылығы менің жұмысымды
жеңілдетті.
Қазіргі кездегі программалау тілінің арасында ең көп тараған
тілдердің бірі Си универсалды программалау тілі. Бірақ оны системалық
программаларда, транслятор, операциялық системаларды жазуда қолдану жақсы
жетістіктер береді. Си программалау тілін 1972 жылы Bell laboratories
фирмасының қызметкері
Денис Ритчи ойлап тапты. Тіл системалық программаларға арналған деп
саналғанымен оның мүмкіндігінің өте үлкен болғандықтан оны қолданады,
программаларды жазуға да пайдалануға болады.
Си тілінде жазылған программаның архитиктуралары әр түрлі
компьютерлердің бірінен бірін ауыстыруға бір операциялық системаның екінші
операторлық системаға ауыстыруға жеңіл.
Сонымен қатар Си тіліндегі программалардың орындалу жылдамдығы
ассемблер тіліндегі программалардан кем емес. Си тілінің компиляторы
қазіргі кездегі барлық операциялық жүйеде жұмыс істей береді. Unix, MSDOS,
WINDOWS.
Turbo C – қазіргі таңда көп қолданылып жүрген жоғары деңгейлі
программалау жүйесінің бірі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл
шешуге көмегін тигізеді.
Turbo C тілін оқытып – үйретуден бастап, программалаудың қыр-сырын
меңгертудің маңызы зор. Кез келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады.
Turbo C программалау тілінің де басқа тілдер сияқты, өз алфавиті бар.
Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын
тілдін алфавиті дейміз.
Турбо C-дегі графикалық программалау негізінен кірісуден бұрын,
графикалық шығарудың не екенін біліп алу керек. Ақпаратты шығауға арналған
құрылғының ішінде программаның жұмысының нәтижесін шығару құрылғысы
компьютердің мониторы екендігі белгілі.
Монитор сырт пішіні жағынан теледидарға ұқас болғанымен оның өзінің
ерекшеліктері бар. Бұлар: теледидарда бір ғана жалғыз жұмыс режимі болса,
компьютерлік мониторда олар екеу. Олар: текстік және графиктік режимдер.
Компьютерлік дәуір арасында графика немесе бүтін суреттер экранға
(принтерден) шығарудағы өте кең таралған тәсіл.

Графика бұл –
1. Кескіндерді енгізу, бейнелеу және шығару құралдары мен
жүйелері. Компьютерде мәтіндік мәліметтер мен графикалық
бейнелер біріктірілетін визуальды ұсынудың жалпылама тәсілі;
2. Алфавиттік – цифрлық символдардан өзгеше нүкте, сызықша немесе
төртбұрыштар көмегімен экранға шығарылатын ақпарат;
3. Программалаудың кескіндерді құру және түрлендіру жүйелерін
жобалаумен байланысты саласы.

1 С++ программалау тілі

1.1 Тілдің алфавиті

Латын алфавитінің әріптері.
1.А,В...Z,a,b,c...z;
2.0...9;
3.”, , {}, (), [], +,-,,%,\,,’,.,:,=,=,,,=,-,!,&, *,#,((,
4. Өрнектеуге болмайтын символдар: бос орын: табуляция, жаңа жолға көшу.
5. Коментария жазу үшін орыс альфавиті қолданылады.

Идентификаторлар. Тілдің ең негізгі түсіністерінің бірі-
идентификатор. Ол объектінің атауы ретінде қолданылады. (функцияның,
айнымалының, константалардың)
Идентифатор төмендегі ережеге сай таңдалуы қажет:
1. Олар латын әріптерінің х немесе астын сызу басталуы қажет .
2. Оның ішінде латын әрпі және астын сызу белгілері қолданылуы
мүмкін. Бөтен таңбаларды қолдануға болмайды.
3. Си тілінде кіші және үлкен латын әріптері өзгеше деп саналады.
4. Идентификатордың ұзындығы әр программаның жүйесінде әр түрлі ANSI
стандарты бойынша 32 таңбадан аспауы керек . Си ++ те шектеуі жоқ.
5. Объектілердің идентификаторы тілдің, түйінді сөздерінің стандартты
функциядан және библиотека аттарынан өзгеше болуы қажет.
Си программалау тілінде түсініктемеге көп көңіл қойылады. Ол программаны
теруді жеңілдетеді. Каментарий мына * және таңбалармен шектеледі. *Бұл
түсініктеме * Си++те мынадай тәсілі бар мына таңбадан кейін тұрған
символдың бәрін сол қатер аяғына дейін түсініктеме деп түсінеді.

Программалау ортасы – IDE–біріктірілген программалау ортасы – құралдар
жиынтығынан тұрады. Ол құралдар: программаны жазуға, өңдеуге,
компиляциялауға, құрастыруға (компановка) және жөндеуге (отладка) арналған.

Сонымен қатар, ортада мынадай қосымша мүмкіндіктері арастырылған:
– Монитор экранында бірнеше терезені бейнелеп және оның өлшемін қажетінше
өзгертіп, орнынан жылжытып қарауға болады;
– Мышь манипуляторын қолдану;
– Диалогтар блогы бар;
– Текст фрагментін өшіру және орналастыру мүмкіндігі бар;
– Басқа программаларды шақырып қолдану мүмкіндігі;
– Редакторда макротіл қолданылады.
IDE ортасының негізгі 3 компоненті бар: СС ++тілдерінің кең тарағаны turbo
C++ (Borland фирмасынан шыққан) ортасына қатысты сипаттау беріледі:
- Экранның жоғарғы бөліміндегі менюлер жолы;
- Экранның ортасындағы жұмысшы алаңы;
- Экранның төменгі бөлігінде қалыпты-күй жолы.
Менюлер жолы:
Менюден кейбір элементті таңдағанда диалогты блоктар экранға
шығарылады. Менюлер жолы менюдегі барлық командаларды қолдану жолын алады.
Ондағы қажетті менюді мышпен шерту немесе F10 тетігін басып қажетіне жылжып
бару арқылы екпінді етуге болады. Екпінді менюден басқару тетіктері мен
Enter пернесін басу арқылы команда таңдалады.
Команда таңдалғанда ішкі меню (команда қасында үшбұрышты символ болса)
немесе диалогты блок (команда қасында көп нүкте тұрса) ашылуы мүмкін, ал
команда қасында ештеңе болмаса ол тікелей орындала бастайды.
Диалогты блокта параметрлерді анықтау мынадай негізгі басқару
құралдарының: таңдау көрсеткіштері, күйін ауыстырғыштар, әрекеттер түймесі,
енгізу блогы, тізімдер блогы арқылы жүзеге асырылады.
Жүйеде меню екі түрде қатысуы мүмкін: толық немесе азайтылған. Мұның
қажетін орындау үшін:
Options\Full Menus командасы қолданылады, сәйкесінше OFF немесе ON
күйлері орнатылады.
Жүйеде кез-келген әрекет нақты бір терезеде орындалады. Бір уақытта бір
терезе екпінді бола алады, бірақ бірнеше терезе ашық болуы мүмкін.
Терезенің бірнеше түрі бар, оның әрқайсысының мынадай элементтері болады:
- тақырыптар жолы;
- терезені жабу маркері;
- айналдырғыш сызғыш;
- терезе өлшемін өзгерту бұрышы;
- экранға терезені толығымен ашу маркері;
- терезе мөлшері (1-ден 9-ға дейін).
Қалыпты күй жолы:
Экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Төмендегідей функцияларды атқарады:
– Екпінді терезедегі орындалып отырған әрекетке байланысты қолдануға
болатын негізгі пернелер туралы мәлімет беріп отырады;
– Нақты көрсетіліп тұрған әрекетті орындау үшін менюден команданы
таңдаудың орнына перне белгісіне тышқан сілтеуішін қойып, сосын шерту
арқылы жеңілдету мүмкіндігі бар.
– Программада қандай әрекет орындалып отырғандын хабарлайды.
– Менюден таңдалған команда немесе диалогты блок элементтері туралы
қосымша бір жолдық кеңестер мен ұсыныстар береді.
Терезенің жүйелік менюі:
ALT – пробел пернелер комбинациясын басу арқылы терезенің сол жақ
жоғарғы бұрышында орналасқан жүйелік меню ашылады. Мұнда төмендегідей
командалар орналасқан:
About - бұл команда таңдалғанда диалогты блок ашылады, мұнда TURBO
C++ версиясы туралы және авторлық құқығы жайында информация беріледі. Бұл
терезе ESC немесе ENTER пернелерін басу арқылы жабылады.
Clear Desktop - командасы арқылы ашық терезелердің бәрі жабылып,
тізімдегі барлық анықтама өшіріледі. Жаңа проект құру барысында қолданған
тиімді.
Repaint Desktop - экрандағы бейнені регенерациялауды жүзеге асырады.
Transfer ішкі менюінің элементтері:
OptionsTransfer командасының көмегімен шақырылып ашылған диалогты
терезеден анықталып, орнатылған барлық прграммалардың аттары көрсетіледі.
Қажет программаның атын жүйелік менюден таңдап жүктеу керек.

File(ALT F) менюі терезелерге программаларды ашуға, енгізуге және
өңдеп сақтауға, сонымен қатар файлдарға әрекет қолдануға және DOS
операциялық жүйесі ортасына уақытша көшіп жұмыс жасауға, TURBO C++
ортасының жұмысын аяқтауға мүмкіндік береді.
FILE\OPEN командасын таңдағанда диалогта блок ашылады да, мұнда ашылатын
файл көрсетіледі.
Ашу үшін мынадай әрекеттің бірі орындалады:
1) Файлдың толық атын көрсетіп, REPLACE немесе OPEN түймесінің бірін
басу керек.
Open түймесі басылса, онда файл Edit редакторының жаңа терезесінде
ашылады, ал Replace түймесін басу үшін екпінді терезе болуы тиіс және
нәтижесінде таңдалған файл сол терезедегі программа орынына ашылады.
2) Файл аттарын метасимволдармен беру. Бұл жағдайда файлдар тізімін
спецификациясына байланысты елеп алуға болады.
Бұған дейін енгізілген файлдар спецификациясы тізімінен таңдау үшін ?
таңбасын қолдану керек.
3) Басқа файлдар мазмұнын қарауға болады, ол үшін файлдар тізімінен
басқа каталог атын таңдау қажет.
Енгізу блогында файл атын нақты немесе шаблондар арқылы енгізуге болады,
нәтижесінде файл бар болса ашады, әйтпесе сол атпен жаңа файл құрады.
Курсор енгізу блогында тұрған сәтте ? пернесі басылса, онда бұған дейін
қолданылған сегіз файлдың тізімі беріледі.
File\ New командасы NONAMExx. С (хх дегеніміз 00 -ден 99-ға
дейінгі сан). NONAME атауымен аталған файл редакциялауға арналған уақытша
буфер болып табылады, файлды сақтарда файлға нақты атау беріледі.
File\ Save командасы редактордың екпінді терезесіндегі файлды
дискіге жазады. Егер нақты атауы болмаса (NONAMEOO.Cжәне т.с.с.) TurboC++
Save Editor File диалогты блогын ашады да, сол блокта атауы мен сақталатын
орыны көрсетілуі тиіс.
File\Save As... екпінді терезедегі файлды басқа атпен сақтауға
мүмкіндік береді.
File\Change Dir жұмысшы каталогты өзгерту, яғни атауы мен жолын көрсетуге
мүмкіндік береді. Жұмысшы каталог дегеніміз - Turbo C++ файлды сақтағанда
немесе іздегенде қарайтын каталогы.
File\Print Turbo C++ - дегі екпінді терезенің мазмұнын баспаға шығарады.
Текстің тек белгіленген бөлігін Ctrl-K P пернелер комбинациясын басу арқылы
баспаға шығаруға болады.
File\Get Info командасы ағымдағы каталог туралы информация блогынан
тұрады.
Get Info блогының мәндері кестесі:

МӘНІ МАҒЫНАСЫ
Current directory Каталогтың қалыпты аты
Current file Екпінді терезедегі файл аты
Extended memory usage Turbo C++ -ге бөлінген қосымша жады мөлшері
Expanded memory usage Turbo C++ - ге арналған кеңейтілген жады мөлшері
Lines compiled Компиляцияланған жолдар саны
Total warnings Жүйенің ескертпе хабарламаларының саны
Totals errors Генерацияланған қателер саны.
Total time Программаның соңғы рет орындалған уақыты.
Program loaded Өңдеу статусы
Program exit Соңғы аяқалған программадан қайту коды.
Available memory Қолданылатын жады көлемі DOS (640 К)

Last step time - Өңдеу барысындағы соңғы қадамның орындалған уақыты
File\ DOS Shell Turbo C++ ортасынан уақытша шығып DOS командаларын
орындауға мүміндік береді. Turbo C++ ортасына оралу үшін клавиатурадан EXIT
командасын енгізіп Enter басу керек.
Берілген команданы орындау барысында жады мөлшері жетпей қалса, онда
Run\Program Reset (Ctrl-F2) командасының көмегімен өңдеуді тоқтату қажет.
File\Quit командасы Turbo C++ жүйесінен шығып, оны жадыдан өшіріп,
басқару билігін DOS ОЖ-не береді. Егер терезелерде сақталмаған өзгертулер
жасалған болса, оларды сақтау туралы сұранымдар жасалады.
Edit(Alt-E) менюі:
Редактор терезелеріндегі текстке өзгертулер, енгізулер, өшірулер
жүргізеді. Сонымен қатар текстік буфер мазмұнын қарауға да болады. Тексті
белгілеу дегеніміз - оны өзге түске бояу. Ол үшін:
1) Shift пернесін стрелкалармен бірге басу;
2) Ctrl-K B пернелерін қатар басу арқылы белгіленетін текст
блогының басын көрсету, сосын курсорды белгіленетін блок соңына қойып Ctrl-
K K басу керек.
3)Жолды белгілеу үшін Ctrl-K L басу қажет.
Фрагмент белгіленген соң ғана Edit менюіндегі командалар қолданылады және
Clipboard буферін пайдаланады.
Restore Line командасы соңғы орындалған команданы кері қайтарады.
Cut (Shift-Del) командасы белгіленген фрагментті құжат текстінен өшіреді
де оны буферге орналастырады.
Copy (Ctrl-Ins) командасы белгіленген фрагменттің көшірмесін буферге
орналастырады. Оны Paste командасының көмегімен басқа текстке қоюға
болады. Сол секілді Help терезесінен фрагмент алуға болады.
Paste (Shift-Ins) командасы буфердегі тексті жұмысшы терезенің курсоры
тұрған жеріне орналастырады.
Show Clipboard командасы басқа терезелерден көшірілген және өшірілген
текст фрагменттері орналасқан Clipboard терезесін ашады.
Clear (Ctrl-Del) командасы тексттегі белгіленген фрагментті өшіреді.
Search (Alt-S) менюі:
Search менюі тексті іздеу, функцияны сипаттау және файлдағы қате
жіберілген орында іздеу әрекеттерін орындайды.
Search\Find (Ctrl Q F) командасы Find диалогты блогын ашады, мұнда іздеу
үлгілерін және параметрлерін беруге болады.
Replace (Ctrl Q A):
Search Replace командасы текстегі ізделінді фрагментті және оның орынына
қойылуға тиіс фрагментті көрсетуге мүмкіндік беретін диалогты терезені
ашады.
Search\Again (Ctrl L) командасы Find немесе Replace командаларының
соңғы әрекетін қайталайды. Мұнда соңғы орнатылған параметрлері қолданылады.

Run (Alt-R) менюі:
Бұл меню командалары программаны орындайды және өңдеу сеансын
инициялизациялайды, аяқтайды.
Run(Ctrl-F9)
Run командасы Run Arguments командасы көмегімен берілген аргументтерді
пайдаланып программаны орындайды.
Тrace Into(F7) командасы программаны операторлап орындайды. Және
функция шақырылса, оны толығымен бірден орындаудың орынына оның да
операторларын біртіндеп орындайды.
Run\Program Reset(Ctrl-F2) командасы программаның ағымды өңдеу
сеансын тоқтатады, программа жадысын тазалайды және программада қолданылған
барлық файлдарды жабады.
Run\Step Over командасы ағымды функциядағы келесі операторды
орындайды, Step Over командасын функцияны операторлап орындату барысында
басқа қолданылатын функцияларға кірмей орындату керек болған жағдайда
пайдаланыңыз.
Run\Arguments командасы орындалатын программада командалық жол
аргументтерін DOS ОЖ-де қандай түрде берілсе, сондай түрде анықтауға
мүмкіндік береді. Мұнда DOS енгізу-алу командалары қарастырылмайды.

Compile (C) менюі командалары екпінді терезедегі программаны және
проектіні толығымен немесе таңдап компиляциялауға қолданылады.
Compile\ Make EXE File - EXE-файл құруға арналған проектілер менеджерін
шақырады.
Compile\Link EXE File командасы ағымды OBJ и LIB-файлдарын
қолданады және оларды и жинақтайды.
Debug (Alt F9) менюі командалары біріктірілген өңдегіштің барлық
мүмкіндіктерін басқарады.
Debug Inspect (Alt F4) командасы арқылы мәліметтер элементтерін талдап,
жөндеуге мүмкіндік беретін Inspector терезесін ашуға болады.
Options(Alt-O) менюі командалары Turbo C++ ортасының негізгі
функцияларының стандартты параметрлерін қарауға және өңдеуге мүмкіндік
беретін командалардан тұрады.

1.2 Көп файлдық проекттерді басқару

Қазіргі программалау технологиясы бойынша бір тұтас программалық
жабдық – паралель дайындалған бірнеше программалық файлдардан тұрады.
Сондықтан бірнеше файлдан проект құру мүмкіндігі болуы керек. Бұл үшін С ++
ортаснда қосалқы проектілер менеджері (ПМ) қолданылады. ПМ құрылатын
проектіні құрайтын файлдарды анықтайды және проект рекомпиляцияланғанда
проект файлында сақталған информацияны жаңартады. Проект файлында мынадай
информациялар сақталады:
- проектке енетін барлық файл аттары;
- олардың дискідегі маршруттар;
- алдымен компиляцияланатын файлдармен олардың басқа файлдармен байланысы;
- программаның әрбір бөлігінің құрылуы барысында қажетті компиляторлар
түрлері мен командалық жолдарының параметрлері анықталады;
- нәтижелік программа қайда орналастырылатыны;
- соңғы рет компиляцияланғанда анықталған код өлшемі, мәліметтер өлшемі мен
жолдар саны.

Проект құру үшін мынадай әректтер орындалады:
1) Проект файл атын таңдау, ол үшін: Project Open Project командасы
орындалады;
2) Проектіге құрамына енетін файл аттарын қосу, яғни Project Add Item
командасын таңдау арқылы;
3) Жүйеге файлды компиляциялау командасын беру, ол үшін: compile\Make
EXE немесе F9 басылады;
4) Соңынан программаны орындауға жіберу керек, яғни Run\Run немесе
CTRL+F9 пернелер комбинациясы басылады.
Кейін де мынадай әрекеттерді орындауға болады:
– Проектіге тағы да файлдар қосып немесе алып тастау;
– Проектіге енгізілген файлдарға қатысты параметрлер беруге;
– Проектіге нақты бір файлға енгізілетін файлдар мазмұнын қарау.

1.3 С++ тілінің қосымша мүмкіндіктері

Структура – бір атпен біріктірілген бір немесе бірнеше әр түрлі типті
айнымалылар тобы. Структура struct қызметші сөзімен құрылады. Структураның
жалпы құрылымы төмендегідей:

struct тег {тип1 иден1; тип2 иден2; ... ... типN иденN;};
мұндағы тег мәліметтердің жаңа типі болып саналады және оны айнымалыны
сипаттауда қолдануға болады.
Сипатталған структура негізінде айнымалы құру үшін
struct тег айнымалы
С++ тілінде struct қызметші сөзін көрсетпесе де болады:
тег айнымалы
Айнымалыны структураны құру кезінде де анықтауға болады:
struct тег {тип1 иден1;тип2 иден2;,... ...типN иденN;} айнымалы;
Егер структура типті басқа айнымалылар құрылмайтын болса, структура
тегін көрсетпеуге болады. Мұндай структура атаусыз (безымянный) деп
аталады:
struct {тип1 иден1; тип2 иден2; ... ...типN иденN;} айнымалылар тізімі;
Структуралар іштестірілген де болуы мүмкін:
struct тег1
{тип1 иден1;тип2 иден2;тип3 иден3;};
struct тег2 { тип1 иден1;тип2 иден2struct тег1 иден3;};
Структура элементтерін нүкте операторының көмегімен алуға болады:
айнымалы.элемент
Кейбір жағдайларда структураны функция денесінде қолдану қажеттігі
туындайды. Ондай жағдайда функция прототипінде структураны функция
параметрі ретінде беру керек (С++ тілінде struct қызметші сөзін көрсету
міндетті емес):
С және С++ тілдерінде
функция типі функция аты (struct тег айнымалы)
Тек қана С++ тілінде
функция типі функция аты (тег айнымалы)

Структуралар массиві. Структуралар массивін сипаттау структура типті
айнымалыны сипаттауға ұқсас. Мысалы, struct тег айнымалы-массив

Структураларға көрсеткіш. Көрсеткіш келесі түрде сипатталуы мүмкін:
struct тег *айнымалы
Бұндай жағдайда структуралық айнымалының кез-келген элементін мына
әдістердің бірімен алуға болады:
(*айнымалы).элемент немесе айнымалы – элемент

1.4 Біріктіру

Біріктіру структураған ұқсас. Жазылу ерекшелігі: struct қызметші
сөзінің орнына union сөзі қолданылады.
union тег {тип1 иден1;тип2 иден2; ... ... типN иденN;};
Біріктірудің структурадан басты айырмашылығы жадыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS Excel ортасында жұмыс істеу негіздері
Математикалық есептеулерге арналған программалық жүйелер
MATLAB МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПАКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мектеп оқушыларына тригонометриялық функциялардың графиктерін салуды түсіндіруде есептеулерді жүргізу
Электрондық кестелерді пайдалану
Механикалық тербелістер мен тербелмелі жүйелер
Excel программасы жайлы
Excell кестелік программасы.Деректер Базасы (Access)
Құрылыстағы сметаның орындалуын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жобалау
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Пәндер