Дайын өнімдер және оны тарату аудиті


Дайын өнімдер және оны тарату аудиті
Бұл тарауды оқып, Сіз мыналарды біле аласыз:
- дайын өнімдер және оны тарату аудитінің мақсаттары мен міндеттері;
- негізгі құжаттар тізімі, олардың негізінде дайын өнімдер мен оны тарату аудиті жүгізіледі;
- дайын өнімдер мен оны таратуды тексеруді жүргізуде жұмыстарды жүйелілігі;
- тәртіп бұзушылықтың негізгі түрлері, олар дайын өнімдер мен оны тарату аудитін жүргізу нәтижесінде анықтала алады;
Дайын өнімдер оларды тарату аудитінің мақсаты дайын өнімді кіріс етудің толықтығын белгілеу, таратылғаннан түскен ақшаны есептеу мен таратылған өнімнің өзіндік құнының дұрыстығы болып табылады.
Дайын өнімдер мен оны тарату аудитінің міндеттері болып табылатындар:
- таңдаудың негізділігін және дайын өнімдерді бағалау вариантын қолданудың дұрыстығын растау;
- бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін бастапқы бағалауды растау;
- дайын өнімдердің кіріс етілуінің толықтығын анықтау;
- таратылған өнімдердің көлемін және таратылған (түсірілген) өнімнің өзіндік құнын растау;
Негізгі нормативтік құжаттар:
- «Бухгалтерлік есеп туралы» заң;
- ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекіткен ҚР бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп берушілік жүргізу бойынша ереже;
- ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік-өндірістік қорларды есептеу» бухгалтерлік есеп бойынша ережелер;
- ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген материалдық-өндірістік қорларды бухгалтерлік есепке алу бойынша әдістемелік көрсеткіштер;
- Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары және оны қолдау бойынша нұсқау (ҚР Қармин бұйрығымен бекітілген)
Қазақстан қаулысымен бекітілген сақтау орындарында өнімді, тауар-материалдық құндылықтарды есептеу бойынша бастапқы есеп құжаттамаларының бірыңғайлау формалары.
Аудиторға ұсынылатын құжаттар: дайын өнім, баға прейскуранты, өнім жеткізіп беру келісім-шарттары, шот-фактура, сату кітабы, дайын өнімді сақтау орнына беруге накладной, тауар накладнойы, сатып алушылардың сенім хаты, сақтау орында тауарматериалдық құндылықтардың қалдықтарын тіркеу ведомосты, банкілерде есеп айырысу шоттарының жазбалары қосымша бастапқы құжаттармен (төлем тапсырысы, талап) ақша түсімі туралы кассалық құжаттар, есептік тіркеу (ордер-журналы, ведомостар, машинограммалар) 20 «Негізгі өндіріс», «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару», 43 «Дайын өнім», 46 «Аяқталмаған жұмыстар бойынша орындалған кезеңдер», 50 «Касса», 51 «Есеп айырысу шоты», 62 «сатып алушылар мен тапсырысшылардың есебі», 90 «Сату», т. б. шоты бойынша.
Дайын өнімдер аудитін жүргізу жұмыстарын үш кезеңге: танысу, негізгі және қорытынды деп бөлуге болады.
Танысу кезеңі
Дайын өнімдер мен оны толтыру аудитінің негізгі міндеттері дайын өнімдер, қаржы есеп берушілігін іске асыру сомалары туралы ақпаратты растау болып табылады. Аудитор бухгалтерлік есептілік ұсынылған бүкіл кешенді зерттеуі тиіс, ал нақты:
- дайын өнімдер мен қайта сату тауарлары есепті кезеңнің басы мен соңындағы тиелген тауарлар, айналым-сальдолық ведомостарда немесе бас кітапта көрсетілген шоттағы қалдықтар туралы мәліметтердің бухгалтерлік баланстың (форма №1) 214, 215 жолдарында көрсетілген мәліметтермен сай келуін белгілеу керек;
- тарату сомасы туралы мәліметтер толық көлемінде пайда және зияндар туралы есептің (№2 форма) 100 жолыгда бейнеленуін белгілеу керек;
- талдау процедураларын жүргізу, 1-3 процедураларды толтыру үлгісі 5. 1. қосымшада келтірілген.
Одан басқа, аудиттің осы кезеңінде ұйымның есеп саясатында дайын өнімдерді бағалау әдісі дұрыс түсірілгендігін тексеру қажет.
Егер дайын өнім нақты өндірістік өзіндік құнмен бағаланса, онда әрбір бұйымның, жұмыстар түрінің өзіндік құны олардың аяқталуымен анықталады.
Егер нормативті (жоспарлы) өзіндік құн бойынша болса, онда ай аяқталғанда нақты өзіндік құнның нормативтіктегіден (жоспарлыдан) ауытқығандығы айқындалады, олар талдау есебінде айрықша бейнеленуі. Бағалаудың бұл әдісі жоспарлы калькуляция бар болғанда өнімнің өзіндік құнын шығынды есептеу мен калькуляциялауда нормативті әдісті ұйымдастыруы қолданылуы мүмкін.
Егер дайын өнім сату (келісім-шарт) бағасымен (нормативтік өзіндік құны әдісінің алуан түрлілігі) бағаланатын болса, онда есепті мерзімнің аяқталуы бойынша сатылатын баға (тариф) бойынша өнім (жұмыс, қызмет) нің өзіндік құны мен нақты өзіндік құны арасындағы айырмашылықпен есептеледі, ол бағалаудың бұрынғы ауытқу әдісі сияқты ер ерекше болып көрінеді.
Мұнда өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәлімет қоймаға тапсырылған дайын өнімнің барлық үш вариантының базасы болып табылады. Шоттардың жұмыс жоспарында оларды есепке алу үшін тиісті шоттар белгіленуі тиіс: 40 «Өнім (Жұмыс, қызмет) шығару», 43 «Дайын өнім».
Аудиторға ішкі бақылауды бағалау үшін дайын өнімнің сақталатын орнымен жекелеген түрлері бойынша 43 «Дайын өнім» шоты бойынша талдау есебі жүргізіле ме дегенді анықтау қажет.
Аудиторға ішкі бақылаудың негізгі бағыттарын белгілеу қажет:
- қоймалар мен сақтау орындарында дайын өнімнің барлығы мен қозғалысына дер кезінде дұрыс есеп жүргізіле ме;
- дайын өнімнің сақталуына бақылау және қоймада дайын өнімнің лимиттерін сақтау жүзеге асырыла ма;
- дайын өнімді қорғау қамтамасыз етілген бе;
- дайын өнімнің сақталуына жауапты адамдар тобы анықталған ба, олармен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жүргізілген бе;
Негізгі кезең
Бұл кезеңде аудитор 40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шотын пайдалануда дайын өнім 43 «Дайын өнім» шотының дебеті 40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шотының кредитінің нормативті және жоспарлы өзіндік құны бойынша жатады. Дайын өнімді бағалаудың нақты вариантын және оны шығару бойынша операциясын бейнелеудің оған сәйкес тәртібін сақтау есепте шоттар схемаларда қолданылатын талдау жолымен белгіленеді.
40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шотын қолданусыз дайын өнімді кіріске алу 43 «Дайын өнім» шотының дебеті және өндірістегі шығынды есепке алу шотының кредиті бойынша бейнеленеді (20 «негізгі өндіріс», 29 «Өндіріс пен шаруашылыққа қызмет жасаушы») . Тұтынушыларға тиеп, түсірілген өнім, оған жасалған есеп құжаттары 43 «Дайын өнім» шотынан 90 «Сату» шотының дебетіне шығынға жазылады.
Егер тиеп түсірілген өнімді сатудан түскен ақша бухгалтерлік есепте танылуы мүмкін емес болса (мысалы, өнімді экспорттауда), онда бұл өнімді сатудан түскен ақша таныдған сәтке дейін ол 45 «Тиеп түсірілген тауарлар» шотында есептеледі.
Нақты тиеп түсіруде 43 «Дайын өнім» шотының кредитінен 45 «Тиеп түсірілген тауарлар» шотының дебетіне жазба жүргізіледі.
Нормативтік өзіндік құнның немесе сату бағасының ағымдағы есептеуін пайдалануда бұйымның есептік бағасының нақты өзіндік құннан ауытқуын табу қажеттігі пайда болады. Аудиторлық тексеру жүргізгенде өнімнің нақты өзіндік құнын нормативтік (жоспарлы) өзіндік құнмен салыстыру қажет. Табылған ауытқу не толық көлемінде сату шотынан (40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шотын пайдалануда) шығынға жазылады, не ұйымда қолданылатын әдістерге байланысты тиеп, түсірілген, сатылған өнімдер мен олардың қойма мен тиеп- түсірудегі қалдықтарының арасынджа бөлінеді (40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шотын пайдаланусыз) .
Егер ұйымда шығарылған өнімнің нормативті (жоспарлы) өзіндік құның есепке алу үшін 40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» қолданылса, онда бұл шоттың дебеті бойынша 20 «Негізгі өндіріс», 23 «Көмекші өндіріс» шоттарымен корреспонденцияларда шығарылған өнімнің нақты өндірілген өзекті құны бейнеленеді. 40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шотының кредиті бойынша 43 «Дайын өнім» шотының корреспонденциясында өндірілген өнімнің нормативті (жоспарлы) өзіндік құны бейнеленеді.
40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шотында жазба ретінде жүргізілген соң, ұйым дебеттік және кредиттік айналымдардың арасындағы айырмашылықты қалай анықтайтынын тексеру қажет.
Нақты өзіндік құнның нормативтіктен (жоспарлыдан) асып түсуі өндірісте жол берілген артық шығысты білдіреді және 90 «Сату» шотының дебеті және 40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шотының кредиті бойынша қосымша жазбамен бенеленеді.
Нормативтік (жоспарлы) өзіндік құнның нақтыдан асып түсуі үнемдеу жөнінде куә болады, ал 90 «Сату» шотының дебеті және 40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шотының кредиті бойынша сторнирлік жазбамен бейнеленеді.
Аудиторға түпкі нәтижеде 40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шоты жабыла ма дегенді анықтауы қажет.
Егер 40 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шоты іске қосылмаған болса, онда есепті бағаны пайдаланатын ұйымда дайын өнімді қоймаға кіріс етуде бір мезгілде екі жазба жүргізіледі:
- 43 «Дайын өнім» шотының 20 «Негізгі өндіріс», 23 «Көмекші өндіріс» шоттарының кредитімен корреспонденциясы бойынша шығарылған өнімнің есептік құнына;
- осындай корреспонденцияға-нақты өзіндік құны мен оның есептік құнының арасындағы айырымына;
Мұнда аудитор қосымша жазба жүргізілді ме дегенді тексереді, егер нақты өзіндік құн жоғары және керісінше, егер нақты өзіндік құн төмен болып қалса сторнирлік жүргізілде ме дегенді тексереді.
Одан ары ай ішінде тасып тиелген (сатылған) өнім мен оның есепті мерзімнің соңында қоймада (тасып тиеуде) қалдықтарының арасындағы ауытқұлардан алынған сомаларды бөлудің дұрыстығы тексеріледі.
Дайын өнімді тарату бойынша операцияларды бейнеленуде таратуға келісім-шартты жан-жақты зерттеу қажет. Мұнда айрықша назарды меншік құқығына өту сәтіне аудару қажет. Айталық, тасып тиелген тауарға меншік құқығы жеткізіп берушіден сатып алушыға тиеу сәтінде емес, оның ақысын төлеу сәтінде өте алады. Мұнда бухгалтерлік есеп регистрінде келесі жазбалар болуы тиіс.
Пайда және зиян туралы (№2 форма) есептің 100-і жолында бейнеленген тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен ақша (нетто) куәландырылуы қажет, бұл:
- Пайда және зиян туралы есептің (№2 форма) 100-і жолында қалыптасудан шығарылған ҚҚС сомасы;
- Түскен ақшаны қалыптастыруда сомалық айырмашылықтар (оң немесе теріс) Жекелей алғанда, оң айырмашылық артады, ал теріс- түскен ақша сомасын кемітеді;
Тәртіп бұзушылықтың негізгі түрлері, ол дайын өнім мен оны таратуға аудит жүргізу нәтижесінде айқындалатын болады:
- таратылған өнімнің нақты өзіндік құнын дұрыс есептемеу;
- өзара талаптар мен басқа операцияларды көп жақты есептеуді жүзеге асыруда айырбас келісім-шарты бойынша операциялар шотында шоттардың түзетілмеген корреспонденциялары;
- дайын өнімді бағалаудың ұйымның есеп саясатында белгіленген әдісіне сай келмеуі;
- әкелінген шикізаттан өнделген өнім сияқты меншікті дайын өнімді де есепте бейнелеу;
- шығарылған өнімнің есепте толық бейнеленбеуі;
- тиелген және таратылған өнімнің есепте дер кезінде бейнеленбеуі;
- меншік құқығына өту болмаған жағдайда да түскен ақша көрсеткішін асыру, мұндай жағдайда болмаудағы 45 «Тасып тиелген тауарлар» шоты бойынша шаруашылық операциялары;
- дайын өнімді түгендеудің болмауы;
- дайын өнімді және оны тарату есебі бойынша бастауыш есептік құжаттаманың мамандандырылған формаларын қолданбау.
Қортынды кезең
Жұмыстың аяқталуы бойынша аудитор осы есеп учаскесін тексеру нәтижелері бойынша пікір қалыптастырып, жұмыс құжаттарының пакетін толтырады, тексеру саласына жататын аудиторлық есептің бөлігін қалыптастырады, сөйтіп оны жұмыс құжаттамасымен бірге тексеру басшысына ұсынады.
Дайын өнім және оны тарату аудитінің процедуралары
1 процедура Негізгі көрсеткіштерді салыстыру және ауытқу себептерін түсіндіру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz