Білім беру үрдісінде субъектінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Білім беру үрдісінде субъектінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту.

Дженсыбаева С. К.

ММ «Қазақстан - Ресей гимназиясы»

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА СУБЪЕКТІНІҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Еліміздегі басты мәселелердің бірі - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде қарым-қатынасты жүзеге асыруы. Осы мәселені іске асыру барысында жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді жаңаша әдіс-тәсілдермен, технолгиялармен оқыту жолдары қарастырылуда. Оқушының белсенділігіне ерекше әсер ететін фактордың бірі - баланың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы. Сондықтан сөйлеушіге болсын, тыңдаушыға болсын фонетикалық дағдыларды меңгертудің маңызы зор. Себебі, фонетикалық тұлғалардың жазылу, оқылу, айтылу ережелерінің дұрыс қолданылуы сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де ортақ. Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсаты - тек дыбыстарды меңгерту ғана емес, оқушыны қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін жеткізе білуге үйрету. Сондықтан субъектінің қатысымдық құзыреттіліктерін дамыту деп, оқу үрдісінде жүйелі түрде коммуникативтік технологияны қолдану болып табылады.

Зерттеу нысаны . Қазақ тілінің фонетикасын орыс мектебінің 2-сынып оқушыларының қатысымдық құзіреттіліктерін дамыту процесі, фонетиканы қатысымдық тұрғыдан меңгертудің ұтымды әдістері.

Зерттеу пәні . Қазақ тілінің фонетикасын орыс мектебінің 2-сынып

оқушыларына қатысымдық құзіреттіліктерін дамытудың ұтымды әдістемесін, жолдарын, әдістерін, модельдерін ұсыну; қатысымдық тапсырмалардың өзіне тән белгілерін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері :

  • қатысымдық тапсырмаларды анықтау және олардың қазақ тілінің фонетикасын меңгертудегі ұтымдылығын айқындау;
  • қазақ тілінің фонетикасын қатысымдық құзіреттіліктерін дамытудың ұтымды жолдарын көрсету;
  • қатысымдық тапсырмалардың тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің болжамы. Қазақ тілінің фонетикасын орыс мектебінің 2-сыныбында қатысымдық құзіреттіліктерін дамыту біріншіден, оқушылардың дыбыстарды есту, айту және жазу дағдыларын жалаң түрде емес, сөз, сөйлем, мәтін ішінде меңгертуге мүмкіндік береді; екіншіден, оқушылардың фонетикалық дағдылары тұрақталады; тілдік қатынас дұрыс іске асады; үшіншіден, қатысымдық модельдерді қолдану арқылы оқушының білім сапасы артып, дұрыс сөйлеу қабілеті дамиды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыста баяндау, сараптау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту әдістері қолданылды.

Зерттеудің кезеңдері. Зерттеу келесі үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде (2008-2009) зерттеу тақырыбына байланысты библиографиялық жұмыс жүргізу, жоспар жасау, ұсынып отырған технологияның мақсат, міндеттерін айқындау, оқушылардың қазақ тілі фонетикасы бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама, бақылау жұмыстарын жүргізу.

Екінші кезеңде (2009-2010) қазақ тілінің фонетикасын орыс мектебінде оқытуға арналған ғылыми-зерттеу еңбектерге, бағдарламалар мен оқулықтарға, оқу құралдарға жан-жақты талдау жасау. Фонетиканы меңгертуге арналған қатысымдық тапсырмалардың басты белгілері, ұстанымдары айқындалып, оларды ұйымдастыру әдістерін анықтау, қатысымдық тапсырмалардың білімдік жағымен қатар, танымдық-тәрбиелік қырына да назар аудару, оларды іске асыру. Белгіленген әдістемелік жүйе бойынша оқыту экспериментін жүзеге асыру.

Үшінші кезеңде (2010-2011) қазақ тілінің фонетикасын орыс мектебінде оқытуға арналған эксперимент материалдарын жинақтау, 2-сыныптың оқушыларына фонетиканы меңгерту үшін қолданылатын қатысымдық тапсырмалардың жүйесі бойынша бақылау экспериментін жүргізу. Эксперимент жұмысының нәтижелерін қорытындылау, ұсынып отырған әдістеменің ұтымдылығын анықтау.

Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігіне ерекше әсер ететін фактордың бірі - баланың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы. Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсат - тек дыбыстарды меңгерту ғана емес, оқушыны түсінікті сөйлеуге, яғни айтар ойын дұрыс жеткізе білуге үйрету. Фонетиканы оқыту арқылы оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін дамытуда ең алдымен олардың тілдік қатынасқа негіз болатын ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау қажет. Себебі ең алдымен адам ойын біреуге жеткізу үшін сөйлем құрастыруды білуі керек. Сөйлем дыбыстардан құралған сөзден және сөз тіркестерінен тұратыны дәлелді қажет етпейді. Ойлау қабілеті күшті дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады.

Бастауыш сынып оқушыларына фонетиканы қатысымдық тұрғыдан оқытудан лингвистикалық негіздерін қарастыруда тілдің заңдылықтарына, фонетикалық ережелерге, орфоэпиялық және орфографиялық нормаларға, үндестік заңдарын игеру жолдарына көңіл бөлінді.

Қазақ тілінің табиғаты мен заңдылықтарын үйренбей тұрып, оқушы өз ойын басқаға жеткізе алмайды, қазақ тілінде сөйлей алмайды. Оқушының тілдік қорында сөздер қаншалықты көп болғанымен, оларды бір-бірімен байланыстыру ережесін білмесе, оқушы ойын дұрыс жеткізе алмайды.

Қазақ тілінің фонетикалық жүйесін өткенде дыбыстардың пайда болу жолдары, дыбыстау мүшелері, олардың сөйлеу кезіндегі қызметі меңгеріледі. Дыбыс деген ұғымға назар аударылып, оның айтылу, естілу жағдайына бақылау жасалынады. Сондай-ақ, сөздегі әр дыбыстың саны мен мәні әр түрлі болса, сөздің мағынасы да өзгеше болатыны туралы мәлімет беріледі. Мысалы, ал-әл, сан-сән, құндыз-күндіз , т. б. Осылайша сөздің басында, ортасында, аяғында дыбыстардың өзгеріске түскенін байқаған оқушы сөз мағынасын түсінуге тырысады. Қазақ тілі фонетикасын оқушыларға таныстырғанда үндестік заңына ерекше назар аударған жөн.

Оқушының қарапайым жан қуаттарының бірі - түйсік. Түйсік - оқушыға тікелей әсер ететін сыртқы факторлар мен тітіркендіргіштердің әр түрлі жеке қасиеттерінің мида бейнеленуі болып табылады. Жалпылау, жинақтау, топтастыру, талдау әрекеттері арқылы ғана адам қабылдаған затының мағынасын нақты ұғады.

Фонетиканы қатысымдық құзыреттіліктерін дамытуда оқушы зейінінің негізгі сапаларын жетілдіру қажет. Себебі, егер оқушы белсенді ойлау қызметіне тартылмаса, онда ол зейінінің тұрақсыздығына әкелді. Бұл оқушының фонетикадан игеретін білім сапасына кері әсерін тигізеді.

Бастауыш сынып оқушыларының фонетиканы қатысымдық құзыреттіліктерін дамытуда оқытушы мен оқушылардың екі жақты әрекетіне көп көңіл бөлінді. Өйткені бұл - бір жағынан, қазақша тілдік қатынасқа үйретудің жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталатын объективті әрекет, екінші жағынан - оқушының өзіндік мақсаты, міндеті және қызығушылықтарымен айқындалған жеке, субъективті әрекет.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесін қатысымдық тұрғыдан меңгерту үшін қатысымдық тапсырмалар жүйесін жасау қажет. Мұндай тапсырмалар жүйесі қатысымдық тұлғалардың модельдеріне негізделеді.

Әр сабақта бұрыннан өтілген дыбыс, буын, сөзге қатысты модельдер түрленіп отырады. Әрі қарай әр сабақ сайын жаңа сөз, жаңа сөйлемдер қосыла береді, соның нәтижесінде берілетін материалдың ішіндегі қатысымдық тұлғалар да біртіндеп күрделене береді. Олар біртіндеп диалог, монолог, тұтас мәтін сияқты күрделі қатысымдық тұлғаларға айналады. Осылардың бәрін оқушылар өздері шығармашылықпен орындайды. Тек оқушылар өздеріне мұғалім ұсынған алғашқы модельдердің құрылымын жақсы меңгеріп алса болды. Жаңа модельдерді соларға қарап өздері оңай-ақ құратын болады.

Дауыстыларды дауыссыздармен бірге айту үшін мынадай дыбыстық модельдер қолданылады: “БА - БЕ - БӨ - БӘ - БО - БҰ - БҮ - БЫ - БІ”.

Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстарды осы модельдермен айтқызу арқылы оқушылар дыбыстардың құрақтық модельдерін игере бастайды. Дыбыстық құрақтарды меңгертудің бірнеше ішкі тәсілдері бар. Мәселен, қатаң-ұяң құрақтарды өзара салыстыра айтқызу ҚА - ҒА, ПА - БА, ТА - ДА, т. б.

Оқушының дұрыс сөйлеуін, әдеби нормаға сай сөйлеуін бақылап, түзетіп отыру үшін әр түрлі модельдер арқылы артикуляциялық базаны қалыптастыруға арналған жаттығу жұмыстарын ауызша орындалады.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесін оқушыларға меңгертуде жай сөйлем модельдерін пайдалану өте ұтымды. Бұл модельдер мысалы, мынадай құрылымнан тұрады:

  1. Сен . . . бар(кел) .

Мысалы, Сен мектепке бар (Сен досыңа бар. Сен әжеңе бар. Сен киноға бар. ) Сен үйге кел (Сен маған кел. Сен мектепке кел) .

  1. Сен . . . қара (айт) .

Мысалы, Сен киноны қара (Сен суретті қара. Сен терезеге қара) . Сен өлең айт (Сен сабақ айт. Сен әңгіме айт. Сен маған айт) .

  1. Маған . . . керек.

Мысалы, Маған кітап керек. Маған дәптер керек.

  1. Мен . . . оқимын.

Мысалы, Мен мектепте оқимын. Мен 4-сыныпта оқимын. Мен ертегі оқимын.

  1. Мен . . . ішіп отырмын.

Мысалы, Мен шырын ішіп отырмын. Мен тамақ ішіп отырмын.

Сөйлем модельдерінің мағыналық құрылымын меңгертуде оқушыларға олардың алдымен қайсысы, соңында қандай түрі берілетінін анықтап алу қажет.

Оқушылар сөйлем модельдерін әбден меңгергеннен кейін, оларды одан әрі күрделендіре түсу қажет. Ол үшін істелетін іс-әрекетке бару, шығу бағытын, орындалу мезгілін, орнын, уақытын, неге, кімге тәуелділігін білдіретін қатысымдық тұлғалар біртіндіп түрленеді. Мысалы, Сен әкел моделі бойынша оқушылар тақтаға кезекпен шығып, төмендегідей жаңа модельдер құрайды.

Сен әкел .

Сен қарындаш әкел. (Сен қалам әкел) .

Сен қара қарындаш әкел. (Сен ақ қалам әкел) .

Сен үш қара қарындаш әкел. (Сен екі ақ қалам әкел) .

Сонымен оқушылар алдымен бұйрық мәнді бір сөйлем моделін кеңітіп толықтырады. Содан кейін мұғалімнің нұсқауымен осы модельдерді негізге ала отырып, әр оқушы орындарында отырып, бұйрық мәнді жаңа сөйлем модельдерін құрады.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу әдісін дыбыс жүйесі бойынша келесі жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асырады:

а) дыбыс жүйесі бойынша берілген материалдың түрін өзгерту;

ә) мәтінді көшіру;

б) оқушылардың берілген материалды мазмұндауы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру үрдесінде субъектінің коммуникативтік құзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін)
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қатысым әдісін қолданылу
Мәдени тілдік құзыреттілік
Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz