Жаңа педагогикалық технологиялар мен мұғалімдердің инновациялық даярлығы: мектептегі оқыту мен сыни ойлауды дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Білім беруде жаңа технологияны қолдану-өмір талабы

XXI ғасырда әлемдік өркениет терінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің III съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл - уақыттың талабы» деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттык, және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату - қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар» терминін енгізді. Жаңашыл-педагогтардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осы орайда, жаңашыл-педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Ш. Амонашвилидің ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М. Монтессори технологиясы, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т. б.

Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі - мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге кетерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.

Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялык, іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; практикада дұрыс қолдану.

Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз. Ал, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, мұғалім оны ез сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Оқушылардың қабілеттерін арттырып, сабаққа, деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді, білімді азамат етіп тәрбиелей алады.

Қазіргі кездегі республикамызда қолға ған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саналы жан-жақты өзгертуге бағыт-талған кешенді шығармалармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты.

"Білім туралы" Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы Заңның 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр,

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге, байланысты: білім берудің парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мәр беруде оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық баіыттағы негізгі ой-тужырымдары былайша сипатталады:

- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ойы әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

- студенттерге білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына ету.

Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай бірнеше топтарға бөледі.

Қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік, модульдық) ; психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік, идеалистік) ; қабылдау концепциясы бойынша (ассоциативтік-рефлекторлық, дамытушы т. б. )

Қазіргі кезде әдебиеттерде 50-ден астам педагогикалық технология қолданып жүр.

"Сыни ойлауға" келсек, бұл - американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деуге негіз бар. Сыни ойлау не мағына береді? Ол ағылшын тілінің "Critical thinking" дегенінің тікелей аудармасы. Яғни бұл сынау деген сез емес, одан да ауқымды терең, сыни ойлау оқушының қоршаған орта, ақпарат әлеміне, өзіне, өзінің іс-әрекетіне, өзінің дербес, интеллектуалдық оқытудан айырмашылығы - теориялық білімінің өте аздығы, оның есесіне өзіне тән сабақ құрылымы жасалғаң әр кезеңге сай әдіс-тәсілдер, стратегиялар, яғни оқыту үшін мұғалімге нақты "инструменттер" берілген. Мұнда да мұғалімнің шеберлігі, әр "инструментті" өз орнына ұтымды қолдана білуі де аса қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілін оқытудағы педагогикалық технологиялар: дамыта оқыту, модульдік оқыту және оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту
Оқытуда жаңашыл технологиялар мен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістемелері
Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: диалогтік оқыту мен инновациялық әдістер
Дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: теория мен тәжірибе
Шетел тілі сабақтарында қолданылатын инновациялық педагогикалық технологиялар: дамыта оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту және модульдік оқыту
Шетел тілін оқытудағы инновациялық педагогикалық технологиялар: дамыта оқыту, оқу-жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту және модульдік оқыту
Орта мектептегі ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлауды дамыту технологиясының әдістемесі
М. Жанпейсованың модульдік оқыту технологиясы: диалогтық оқыту мен сыни тұрғысынан ойлауды дамыту
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер және сыни ойлауды дамыту тәжірибесі
Оқытудағы сыни ойлауды дамыту технологиясы: педагогикалық әдістері мен практикалық қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz