Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
кафедрамеңгерушісі
п. ғ. к., доцент Тоққұлова Г. Т.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
Орындаған Сейдәліева Г. Р.
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. к., доцент Кушеров Н. М.
Түркістан 2014
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Қазақстанда 12 жылдық білім беру жағдайына көшудіңғылыми-педагогикалық негізі
1. 1 Елімізде жалпы орта білім берудің 12-жылдық білім беру жүйесіне көшудің қажеттілігі
1. 2 Қазақстандық мұғалімдердің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге даярлығы
1. 3 12 жылдық білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұндық ерекшелігі
2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
2. 1 Бастауыш сынып мұғалімдерін 12-жылдық мектепке даярлау жұмыстарын ұйымдастыру формасы мен әдістері
2. 2 Бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың функциональды сауаттылығын қалыптастыруға даярлау жұмыстарының мазмұны
2. 3 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін 12-жылдық білім беру жүйесіне даярлау қызметін қалыптастыру мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2050» стратегиялық бағдарламасында елімізде болашақ педагог мамандарды жаңа жүйеде дайындау арқылы әлімдік білім беру кеңістігіне ену міндетін шешу қажеттігі айтылған болатын[1] . Осы келелі тапсырманы орындауда елімізде 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, көптеген шаралар жүзеге асырылуда[2] .
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін модернизациялау бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен олардың нәтижелері елімізде білім беру реформасының жаңа фазаға өтуге бет алғанын куәләндіріп отыр. Білім беру саласын дамытудағы стратегиялық бағыттардың өміршеңдігін, Болон декларациясының принциптерін жүзеге асыру арқылы әлемдік білім кеңістігіне енуді қамтамасыз ететін «білім беруді түбегейлі жаңарту» қажеттілігіне басымдылық беру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамының қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте (17. 04. 2011ж. ) үкімет алдына бүгінгі күннің базалық міндеттерінің қатарына «Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру» мәселесін қойып, оны жүзеге асырудың жолдарын көрсеткен болатын, атап айтқанда, әлемнің дамыған елдерінде білім беру жүйесінің табыстылығы ең алдымен педагог кадрларды даярлау сапасымен, педагог кадрларды іріктеудің қатаңдығымен және педагог статусымен айқындалатындығына басты назар аударылды.
Осы тұрғыда жоғары педагогикалық білім беру жүйесін жаңарту, болашақ педагогтарды даярлаудың кәсіби-педагогикалық қызметін модельдеу және оның тиімділігін көрсету мәселесі әлі де толық шешімін таппағанын айта кеткен жөн.
Қазақстанда аталған мәселелерді шешуде құзырлылық қатынасты жүзеге асыру қажеттілігі негізге алынғанымен оны жүзеге асырудың механизмдері жеткілікті айқындалмаған. Білім беру мазмұнының соңғы нәтижеге бағдарлануы және білімгерлер мен профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету құзырлылық қатынасты қалыптастыруға жағымды ықпал жасайды. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби және әлеуметтік белсенділігін қамтамасыз ететін жаңа мазмұн, әдістер және ұйымдастыру формалары керек. Осы мақсатта білімгерлердің академиялық ұтқырлығын дамытуға мүмкіндігі жоғары білімдік бағдарламалардың сапасын арттыру қажет, яғни шетелдік университеттермен бірлесе дайындалатын бағдарламалардың үлес салмағын арттырған жөн. Бұл білімгерлердің өзіндік білім алу траекториясын құру сапасына және мүмкіндік шегін кеңейтуге жағдай жасайды. Болон декларациясының негізгі принциптерінің бірі болып табылады.
Елімізде бүгінгі күні педагог кадрларды даярлау сапасын арттырудың ең басты қажеттіліктерінің бірі мемлекеттік білім беру стандарттарына қойыла-тын талаптарды жетілдіру болып отыр.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жұмысының тиімділігін анықтайтын негізгі бағдар педагог кадрларды дайындау нәтижесінің сапалылығы болып табылады, өйткені білім беру жүйесінің барлық салаларының тиімділігі сол кадрлардың қызметіне тәуелді. Өркениеттің алға басуы барлық уақытта мақсаты жас ұрпақты адамзаттың бұрынғы ұрпақтары қалдырған құндылықтарымен тәрбиелеу болып табылатын білім беру жағдайына тәуелді қойылды. Мұнда мәдениет пен білімді беруші қызметін мұғалім атқарды. Оның жеке тұлғасы өткен ғасырлардың көрнекті педагогтерінің назарының басты объектісі және одан кейінгі зерттеулердің негізгі пәні болды.
Педагогикалық білім берудің мәнін мұғалімнің үздіксіз, бірегей кәсіби-жеке тұлғалық даму процесі құрайды. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымда “білім беру” термині төмендегіше түсіндіріледі:
- жекетұлғаның өмір жолын абыройлы таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және жекетұлғаның өзін-өзі дамытуға бағытталған процесс ретіндегі білім беру (А. Т. Асмолов 112) ;
- білім беру адамның заттық, әлеуметтік және рухани мәдениет әлеміндегі белсенді қатысуы жолымен өз-өзінде әлем бейнесін жасауы (А. А. Вербицкий 19, 67) ;
-білім беру адамның мақсатты, педагогикалық ұйымдастырылған және жоспарлы әлеуметтену барысы мен нәтижесі (А. В. Петровский 113) .
Біз “білім берудін мазмұны қоғамның қазіргі және келешектегі қажеттіліктерін, адам танымының ерекшеліктерін көрсетуі керек, әлеуметтік даму тенденциялары есебінің негізінде қоғамда қабылданған білім беру дамуының концепцияларына сай болуы керек . . . ” деген Г. Ж. Меңлібекованың (114, 93) тұжырымдамасымен келiсеміз.
Дамудың үздіксіздігі мұғалімнің кәсіби-жеке тұлғалық қасиеттерінің мына кезеңдерде жалғаса отырып дамитындығын білдіреді:
- профориентациялық, мамандандырылған,
- базалы кәсіби дайындықтың;
- ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі кәсіби қалыптасудың және одан әрі кәсіби жетілдірілудің.
Білім беру мазмұнының, педагог-кадрлар, мамандар дайындығының мәселелері барлық уақытта ғалым-педагогтер мен психологтардың басты назарында болып келді және бола да береді. Мұғалімнің жеке тұлғасының даму іліміне және әдістемесіне, оның қоғамдағы роліне С. И. Архангельский-дің, Е. П. Белозорцевтың, С. Т. Вершловскийдің, Н. В. Кузьминаның, Ю. Н. Кулюткиннің, А. С. Макаренконың, А. В. Мудриктің, В. А. Сластениннің, Т. С. Сухобскаяның, Н. Ф. Талызинаның, С. П. Шацкийдің, Ю. П. Азаровтың, И. А. Зязюннің және басқалардың зерттеулері арналған (1; 2; 3; 4; 7; 8; 9; 11; 12; 13; 14; 27; 29; )
Мұғалім мамандар дайындығы мәселесінің теориялық жасалуына, оқу процесін жетілдірудің мәселелерін зерттеуге О. А. Абдулинаның, Ю. К. Бабанскийдің, В. П. Беспальконың, А. А. Вербицкийдің, В. Н. Вергаловтың, Ф. Н. Гонобалиннің, Э. А. Гришиннің, С. Б. Елконовтың, В. А. Кант-Коликтің, Н. Д. Никондровтың, И. П. Раченконың және басқалардың (15, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 115) педагогикалық зерттеулері арналған.
Олардың жұмыстарында мұғалім мамандығына қойылатын негізгі талаптар нақтыланады және анықталады, педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтың қалыптасу механизмдері бөлінеді. Н. Ф. Гонобалин (21) және Н. В. Кузьмина (5-6) мұғалімнің кәсіби қызметінің құрылымын зерттеу бойынша көп жұмыстар жасады. В. А. Сластенин (11) және басқалар мұғалімнің жеке тұлғасының ерекшеліктерін және олардың кәсіби қызметте көрінісін зерттеді. И. П. Раченко мұғалім қызметі тиімділігінің педагогикалык еңбектің ғылыми ұйымдастырылуына тәуелді болатындығын дәлелдеді. Ю. П. Азаров (27) және И. А. Зязюн (29) өз назарларын педагогикалық шеберліктің қалыптасуына аударады. Бұл зерттеу жұмыстары О. А. Абдулинаның, Л. Ф. Спиринаның (26) және басқалардың зерттеулерінде орын алған оқу-тәрбие ісінің нақты мәселелерін шешуі үшін болашақ мұғалімдерде педагогикалық дағдылардың қалыптасуы мәселелері ғалымдардың зерттеуінің негізі болды. В. А. Сластениннің (10-11), А. Ф. Спириннің (26) және Э. А. Гришиннің (22) зерттеулерінде мұғалімнің жеке тұлғасы қасиеттерінің, құлықтық-әдептік сапалардың және жалпы педагогтік дағдылардың өзара байланыса жасалған.
Осы тұрғыда Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының соңғы жылдары Н. Д. Хмельдің жетекшілігімен болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке дайындау мәселелерін шешуге арналған үлкен жұмыстардың орындалғанын айтып кеткен жөн. Н. Д. Хмель болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының табыстылығы оны педагогикалық процестің мәнділігін түсінуді үйретуге және оны меңгеру дағдысына тікелей тәуелді, қатысты болатындығын атап көрсетеді. Н. Д. Хмельдің зерттеулері мақсаттарды іске асыруда арнайы дайындықтың қажеттігін және тұтас педагогикалық процесті меңгермейінше, мұғалім өз назарын тек оқытатын пәніне ғана аударатынын және өзінің кәсіби өсуінде жеткілікті табысқа ие бола алмайтындығын көрсетті. ЖОО-да оқып жүргеннің өзінде-ақ болашақ мұғалімді жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесін басқаруы бойынша өзінің іс-әрекетінің барысы мен нәтижелеріне тыңғылықты талдауына дайындау қажет. Н. Н. Ханның зерттеулерінде мұғалімнің оқушыларымен ынтымақтас-тығы негізінде педагогикалық процестегі ұжымдық танымдық іс-әрекетті, қызметті орындау үшін мұғалімнің дидактикалық дайындығын негізгі бағыттарын көрсете алды. Мұғалімнің кәсіби дайындығы тұтас педагогикалық процестің ілімі мен практикасының бірлігімен айқындалады. Сондықтан білімгерлерді оқытқанда дайындықтың кәсіби деңгейін жүйелі көрсететін көрнекі құралдардың сәйкестендірілген кешеніне -жиынтығына сүйену қажет. М. И. Ильясов (59) өз зерттеуінде болашақ мұғалімдердің шығармашылық қызметке дайын болуы тұтас педагогикалық процестің теориясы мазмұнын жақсы түсінуіне қарай болатындығын дәлелдеді. К. М. Мұхамеджанов (34), В. В. Шахгулари (40) және Т. П. Смолькиналардың еңбектерінде (41) болашақ мұғалімнің мектептегі шығармашылық қызметке дайындығы мәселелері қарастырылады.
12 жылдық білім беру жүйесіне мұғалімдерді даярлау жөніндегі педагогикалық мәселелерді пайдалану жолымен іске асыруды А. Б. Бекманов (116), А. Т. Кенжебаев (117), К. М. Мұхамеджановтар қарастырды (34) . С. Т. Каргин оқытудың бір бағыттылығының болашақ мұғалімдердің педагогикалық ой-өрісінің қалыптасуындағы елеулі рөлін дәлелдеді. М. Мухамедин (56), Н. К. Ахметов (57) және Д. И. Иргалиевалар (58) бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің дайындығында ойынмен оқытудың ілімі мен тәжірибесін жасады. А. С. Қадырова (118) болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы ісінде жағдаятты модельдеуді қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Т. А. Абдулкаримова (62) студенттердің бастауыш мектепте ақпараттандыру жүйелерін пайдалану мәселелерін қарастырады. Алдағы болатын тәжірибеден өту және өзінің кәсіби дайындығының алғашқы кезеңінде табысты бейімделуге ЖОО дайындығының әсеріне Т. Н. Қасабекованың (55), С. В. Фатеевтің (60), Е. А. Абеновтың (61) зерттеулері арналған. Барлық осы және басқа да зерттеулер мұғалімнің кәсіби дайындығын жетілдіруде тұтас педагогикалық процесс ілімінің рөлін нанымды дәлелдеп берді.
Елімізді осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстарының барлығында мұғалімнің жеке шығармашылық жетістіктерін үздіксіз даму категориясына көтеру қажеттігі, ол үшін олардың технологиялық мәдениетін тек өз бойында ғана емес, сонымен бірге оқушы бойында қалыптастыру мүмкіндігін күн тәртібіне қою біздің білім беру сапамыздың дамыған елдер деңгейіне көтеруге болатындығы айтылды. «Қазақстан Республикасында оқушылардың функциональды сауаттылығын қалыптастырудың 2012-2016 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарында» мұғалімдердің оқушылардың технология лық мәдениетін қалыптастыруғабассты назар аудару қажеттігін атап көрсетеді.
Қазақстандағы 12 жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологиядағы ізгілікті дәстүрлер мен ой-пікірлерді зерделеп, адамға бағытталған әлеуметтік-психо-логиялық танымды дамытудың маңызы зор. Отандық педагогикада адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатын сақтай отырып, негізгі бағдардың жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға бағытталғаны аса қажет. Сондықтан, білім берудің жаңа ізгілік бағыттары, мазмұны мен міндеттері, әдіс-тәсілдері іздестіріліп, оқушының дүниені тұтастықта қабылдауы арқылы өзіндік дамыту жолдарын зерделеу-басты мәселелердің бірі.
Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан, К. Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни «оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі».
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр [4, 5] . Мәселен, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің Финляндия, Қытай, АҚШ 12 жылдық білім беруге көшуіндегі нақты қадамдары еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәйектейді. Біз бүгінгі күні осындай әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттарды қарастырып отырмыз.
Білім беру өзінің бағыттарына адам мен қоғамның өзекті мәселелерімен бірге ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қарай толықтырулар жасап отыр. Осы тұрғыда ХХI ғасырдағы Қазақстанның білім беру жүйесі мен даму қажеттіліктері шешетін міндеттердің сәйкессіздігімен объективті қарама қайшылықтар тууда. Осындай қарама-қайшылықтар білім беру жүйесін 12 жылдық мерзімге ұзартуды негіздеп отыр. Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын» делінген [9] . Бұл Қазақстан Республикасындағы білім берудің 12 жылдық мектеп жүйесіне ауысуын жан-жақты қадағалап, олқылық жерлерін толықтырып, қайта қарастыру мен тиімді жолдарын табуды негіздеп отыр, өйткені жаңа үлгіге көшу бұл шешуші, әрі жауапты істің бірі болып табылады, оған оқушының тағдыры тікелей байланысты.
12 жылдық білім берудің көздейтін мақсаты- еліміздегі білім беруді халықаралық білім кеңістігіне енгізу, халықаралық білім беру талабымен сәйкестікте болу, соның нәтижесінде еуропа елдері қабылдаған орта білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру, білім сапасын көтеру және жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуын, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, соның икемділігіне қол жеткізетін тәсілдерді қолдану арқылы қоғамның негізгі капиталын құру болып табылады.
Білім беруді жаңарту - үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізі-ліп, талданылатын өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпыұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.
Осылайша педагогика және психологиялық әдебиеттерде мектептегі білім беру жұмысы кеңінен қарастырылған. Алайда педагогика ғылымы мен практикасында 12 жылдық білім беру мазмұны мен ерекшеліктері, тиімді ұйымдастыру мәселесі толық зерттелмегені анықталды
Міне, сол себепті бүгінгі таңда Қазақстан республикасында Европалық білім беру кеңістігіне енуде мұғалімнің12 жылдық білім беру жүйесіне даярлығын қамтамасыз етубасты мәселе болып табылып отыр. Аталған мәселені түбегейлі зерттеу қажеттігі біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі» деп таңдауға мүмкіндік берді.
Мақсаты: еліміздегі12 жылдық білім беру жүйесіне болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың ғылыми педагогикалық негізін көрсету.
Зерттеу нысанасы: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесінің мазмұны.
Зерттеу міндеттері:
- 12 жылдық білім беру жүйесінің ерекшелігін көрсету;
-бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық мектепке даярлығынзерттеу;
- Қазақстандық және әлемнің дамыған елдерінің 12 жылдық білім беру жүйелеріне салыстырмалы талдау жасау;
- бастауыш сынып мұғалімдерін 12 жылдық білім беру жүйесіне даярлау жұмыстары мен олардың мазмұны бойынша ғылыми педагогикалық жұмыстарды зерттеу;
- 12 жылдық білім беру жүйесіне болашақ бастауыш мұғалімдерді даярлаудың жаңа мазмұнын көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: бастауыш сынып мұғалімдерін 12 жылдық білім беру жүйесіне даярлауда бүкіладамзаттық құндылықтар мен оқытудың және тәрбиенің озық мәдени тәжірибелеріне сүйенсе, яғни мәдени даму парадигмасының талаптарын негізге алса, онда осы бағытта білім алған немесе кәсіби қалыптасқан маман жоғары деңгейдегі шебер маман болып қалыптасады. Оқушылар өз қажеттіліктерін өтей алатын және оны қандай ортада болмасын тиімді қолдана алтын деңгейге жетеді. Әрбір жеке адамның тұлғалық дамуы мен қалыптасуында педагогикалық шарттардың қажеттілігі айқындалады.
Зерттеудің әдіснамалық базасы болып жеке-тұлғалық потенциал теориясы, танымның диалектикалық теориясы, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы, жеке тұлғаны қалыптастырудағы іс-әрекеттің психологиялық тұжырымдамасы, тұлғалық іс-әрекет танымы негізінде педагогтың кәсіптік дайындығы табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: бастауыш сынып мұғалімінің оқушылардың функциональды сауаттылығын қалыптастыру қызметінің негізгі бағыттары айқындалды және оларға ғылыми-педагогикалық түсініктемелер беріліп, олардың тиімділігіне халықаралық деңгейде талдау жасалынды. Оқушылардың тек білімдік мазмұнды жалаң меңгермей оны кезкелген қажеттілік жағдайында қолдана алуға даярлығын қамтамасыз ете алатын 12 жылдық білім беру жүйесініңміндетті екендігі расталды.
Зерттеу әдістері . Зерттеудің алдына қойған мақсат пен болжамды шешу және тексеру үшін ғылыми-педагогикалық зерттеудің бір-бірімен байланысты әдістері қолданылды: психологиялық-педагогикалық, ғылыми әдебиеттерді, оқу әдістемелік құжаттарды зерттеу және теориялық талдау, педагогикалық бақылау, анкета, тест, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдісі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2012-2013 ж. ж) зерттеу проблемасының педагогика-лық теориядағы және практикадағы жағдайы анықталды, жоғары білім берудің теориясы мен практикасы жөнінде отандық және шетелдік зерттеулерге талдау жасалды, зерттеу тақырыбы анықталды, зерттеудің ғылыми аппараты жасалды.
Екінші кезеңде (2013-2014 ж. ж. ) 12 жылдық білім беру жүйесіне болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың бүкіладамзаттық құндылықтар мен оқытудың және тәрбиенің озық мәдени тәжірибелері салыстырылып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесінің мазмұны айқындалды.
Зерттеу базасы: Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, «Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
- 12 жылдық білім беру жүйесінің ерекшелігі;
- Қазақстандық және әлемнің дамыған елдерінің 12 жылдық білім беру жүйелеріне салыстырмалы талдау нәтижелері;
- 12 жылдық білім беру жүйесіне болашақ бастауыш мұғалімдерді даярлаудың жаңа мазмұнына ойылатын талаптар.
1. ҚАЗАҚСТАНДА 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНА КӨШУДІҢҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Еліміздегі жалпы орта білім берудің 12-жылдық жүйесіне көшу уақыт талабы
Білім беру өзінің бағыттарына адам мен қоғамның өзекті мәселелерімен бірге ұзақ мерзімді қажеттіліктерге қарай толықтырулар жасап отыр. Осы тұрғыда ХХI ғасырдағы Қазақстанның білім беру жүйесі мен даму қажеттілік-терін шешетін міндеттердің сәйкессіздігінен объективті қарама-қайшылықтар тууда. Осындай қарама-қайшылықтар білім беру жүйесін 12 жылдық мерзімге ұзартуды негіздеп отыр [55, 56, 57] .
Қазақстан Республикасы білім берудің деңгейлері мен тәрбие берудегі педагогикалық-психологиялық кадрлардың жаңа буынды даярланудағы алдағы атқаратын жүйелі жұмыстары айқындалуда. Сонымен қатар бүгін білім берудің жүйесін одан әрі жарияландыруды талап етудегі ұзақ мерзімді болашақта білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын едәуір жаңалау оқу үдерісін толық ақпараттандыру қажет.
Қазақстан жедел дамып отырған адамзат қоғамынан тыс қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең кемел ойлы адамзаттарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірлермен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие беру қажет [58] . Бүгінгі таңда еліміз әлемдік білім кеңістігіне ену сатысында болғандықтан, білім беру саласында күрделі мағынадағы келелі мәселелер туындауда.
Мемлекет басшысының Жолдауында [59] атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты нарықтық экономика мен жариялылық ұстанымдарын басты негіз ретінде қарайтын шақта білім беру жүйесінің ескі моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Қазақстанда әлемдік қауымдастық мойындаған оқыту мерзімін орта жалпы білім беретін мектептің 12 жылдық жүйесіне көшуді қолдап, дамыған елдермен арадағы техникалық алшақтықты азайтуға мүмкіндік алып, поли-мәдени ортада көп тілді бірдей меңгерген бәсекеге қабілетті тұлға дайындауға бет бұрып отырмыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz