Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/0033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Білім технологиялары»

кафедрасының меңгерушісі,

п. ғ. д., доцент

Б. Т. Ортаев

« » 2015 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары»

5B010200 - мамандығы - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған: ППМ-112 тобының студенті

Сейлхан Таңшолпан

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ауезов Б.

Түркістан - 2015

Ф-ОБ-001/0033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Сейлхан Таңшолпан

« Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B010200 - мамандығы - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Түркістан - 2015

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . .
3
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар . . .
3: 4
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
3: 5
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе . . .
3: 6
: 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері . . .
3: 9
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Ойлау формалары.
3: 9
: 1. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері . . .
3: 13
: 1. 3
Нормативтік сілтемелер . . .: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыру . . .
3: 15
:
Нормативтік сілтемелер . . .:
3:
: 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары . . .
3: 21
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Оқыту мазмұнында балалардың ойлау процесін дамыту мүмкіндіктері.
3: 21
: 2. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Шығармашылық тапсырмаларды бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін дамытуға қолдану . . .
3: 26
: 2. 3
Нормативтік сілтемелер . . .: Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық жаттығуларды қолдану . . .
3: 37
: 2. 4
Нормативтік сілтемелер . . .: Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері . . .
3: 58
:
Нормативтік сілтемелер . . .:
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
3: 65
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 66

НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:

- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;

- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;

Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

Дағды - меңгеруді ең жоғары өлшемімен сипатталатын әрекет. Жаттығу - іс-әрекеті меңгеру немесе оның сапасын арттыру мақсатында сол әрекеттің жоспарлы түрде ұйымдастырылып, қайталай орындалуы деген сөз.

Білімді меңгеру үдерісі - бұл күрделі психологиялық іс - әрекет.

Іскерлік қалыптастыру деп - оқушыны белгілі әрекетті тез, дәл және сапалы орындауға дайындау үдерісі түсіндіріледі.

Дағдыны қалыптастыру деп - оқушының белгілі әрекетті автоматты орындауға алып келетін іскерлікті бекіту мен жетілдірудің күрделі үдерісі түсіндіріледі.

Білімді игеру деп - ғылыми ұғымдарды, фактілерді және басқа да мағлұматтарды(өз бетінше және мұғалімнің көмегімен) алу, бекіту және қолдану үдерісі түсіндіріледі.

Жоспарлау - бұл алдағы іс - әрекетінің схемасын ойша тұрғызудың интеллектуальдық - еріктік үдерісі, алдын - ала, оның нәтижесі мен осы нәтижеге жету тәсілдері жөніндегі идеал түсінігі.

Әдіс (гректің - metodos деген сөзінен алынған) - ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.

Әдістемелік тәсілдер - оқу- тәрбие мақсатына жетуге бағытталған мұғаліммен оқушының жекелеген әрекеті немесе әдістің құраушы элементтері.

Логикалық тәсілдер - оқушының ойлау қызметін қалыптастыру тәсілдері (ойлау тәсілдері) .

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;

Университет - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;

КІРІСПЕ

ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген [1] .

«Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында»: «Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы» деп айқын көрсетілген [2] . Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. «Субъектілік» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасында "Еңбек пен оқыту ісі базалық білім деңгейіне сай, жалпыға бірдей және оқушылардың негізіне сол аймақтың кадр сұранымын қамту керек" - делінген. Демек, жастардың еңбекке ынта-ықыласын мектеп жасынан қалыптастыру істің көзін білетін, дербес шешім жасай алатын қабілетті маманның өсіп-жетілуінің алғы шарты. Бұл оқушыларға, ата-аналарға және мектеп ісіне ғана емес, бүкіл өміріне қатысты өзекті мәселе болып табылады [3] .

Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған [4] .

Адамның нағыз адамдық қасиеттері өз өміріндегі тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының таным үдерістері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Бастауыш сынып оқушыларының таным әрекеттерін зерттеу-психологиялық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан оны жүргізу жолдарын көптеген психологтар мен педагогтар зерттеуде. Тәжірибелік психологияда Йирасек-Керн, Л. А. Венгер, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, А. Г. Зак, И. В. Забрамная, Е. И. Рогов, Мотков т. б. жасаған әдістемелер кеңінен пайдаланылуда [5; 6; 7; 8] . Дамыта оқыту проблемалары ХVІІІ ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И. Г. Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский жалғастырған. Д. Б. Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған [9; 10; 11; 12] . Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасында барлық таным үдерістерін жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлес қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін диплом жұмысының тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары » деп таңдағанды жөн көрдік.

Зерттеу мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды теориялық тұрғыдан анықтау және шығармашылық тапсырмалар көмегімен дамыту әдістемесін әзірлеу.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары.

Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:

1. Логикалық ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау үдерісі ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу;

2. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау үдерісін дамыту жолдарын, шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдарын зерттеу;

3. Логикалық ойлау үдерісін дамытуға шығармашылықтың тигізетін әсерін көрсету.

Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы мен ерекшеліктеріне сүйене отырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы логикалық ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмысында қолдандық.

Анықталған міндеттерді орындау үшін келесі ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылды: теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер - бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар таңдап алынды.

Зерттеудің эксперименталдық базасы: Түркістан қаласындағы №24 орта мектебі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- логикалық ойлауды жүйелі түрде талдау, шығармашылық тапсырмаларды пайдалану жолдарын анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға арналған шығармашылық тапсырмаларды мектеп тәжірибесіне ендіру.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және мектеп іс-тәжірибесіне енгізу. Түркістан қаласындағы №24 орта мектебіндегі бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастыру барысында пайдаланылуда.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп, бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды.

Бірінші бөлімде қазіргі ғалымдар Д. Б. Занков, М. И. Махмұтов, Б. Тұрғынбаева, В. В. Давыдов, Б. М. Теплов т. б. еңбектерінде қарастырылған қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының логикалық ойлау ерекшеліктері және оның формалары, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.

Екінші бөлімде оқыту барысында бастауыш сыныпта логикалық ойлау үдерісін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған.

Қорытындыда бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу үдерісінде қолдану туралы нұсқалар жасалған.


1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары

1. 1 Ойлау формалары

Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ой үдерісінің негізгі формалары - пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Осы мәселелерге де тоқталып өтейік.

Пікір дегеніміз - құбылыстар арасында байланыс орнату.

Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек пікірде тек ой, яғни танымдық үдеріс қана бейнеленбейді.

Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.

Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе, тіпті, өзін-өзі нандырғысы келсе, ол оны негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелдеген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.

Пікірдің әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін логика ғылымы зерттейді. Психология, негізінен, ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.

Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл - индуктивтік ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайға қарай ойысып тұжырым жасауға да болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы [13] .

Ой әрекетіндегі ой қорытындысы бұл екі формасы бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Олар біртұтас ой үдерісінің екі жағын немесе екі буынын құрай отырып, ажырамас бірлікте болады.

Ой қорытындыларын адам ой әрекеті мен күнделікті практикада пайдаланып отырады. Бірақ ой қорытындысы адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.

Ең бастысы - бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен қолдана білу.

Адам әрекет еткенде, мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.

Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотородың қызуын байқайды, контактілерді тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп атайды. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оның шешу тәсілі практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелік ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді.

Нақтылы - бейнелі ойлау - мәселені шеше отырып, адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы - бейнелік деп аталады да, ол заттар мен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.

Теориялық ойлау - ойлау үдерісінің ең күрделі түрі. Адам алдында тұрған проблемалар егер мәселен, теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялық ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы, оқушыға оқыған шығармасының әдеби каһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі керек. Мұндай әрекет теориялық ой арқылы жүргізіледі, сондықтан әрекеттің түріде теориялық талдау деп аталады.

Теориялық ойлардық жоғары формалары - заңдарды ашу, ғылыми болжамдар жасау, күрделі өндірістік үдерісті жоспарлау міндетті түрде практикадан шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді.

Әр адам бірқатар мамандық, темперамент, мінез, жас ерекшеліктеріне ие. Жеке адамдық ерекшеліктер адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы адамның зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімде болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді.

Субъективті фактордың рөлі ойлауды адамның айрықша қызмет ретінде қарастырғанда айқынырақ көрінеді. Қызмет - адам орындайтын және белгілі бір ақылға қонымды мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Қызмет белгілі түрткіден туады.

Еңбекпен бірге адамның практикалық қызметіне ене отырып, оған саналы, күрделі, бағыт-бағдарлы және жасампаз сипат беретін ойлау да пайда болды.

Ақыл-ой қызметінің айрықша эмоциялық-еріктік жақтарының қосылатындығы болып табылады.

Адамның сезімдері оның ойлау үдерісіне үш түрлі формада орналасады. Біріншіден, ол адамдарды қиындығы мол ақыл-ой жұмысына жұмылдыратын түрткі, мотивтер [14] .

Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мотиві кейбір әжептеуір қиын мәселені шешуге мәжбүрлік болуы мүмкін. Көп жағдайда адамды ақыл-ой қызметіне жарыс, өзімшілдік, жоғары баға алу, мансаптық мотивтер де итермелейді. Мотив сипаты бүкіл ой үдерісінің өтуіне әсерін тигізеді. Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой қызметінің бүкіл үдерісіне ақылға қонымды және дәлелді сипат береді.

Біз қорытынды ретінде оқушының ақыл-ойының әлі күнге дейін еске алынбаған мүмкіншілігіне көңіл бөлейік. Осы уақытқа дейін бастауыш мектептегілер тым жас болғандықтан, таным үдерістерінің, әсіресе ой әрекетінің әлі қалыптаспаған, жетілмеген шақтары бар. Осылай деу зерттеулерге сүйеніп отыр. Бірақ біз адамның менталитеттік немесе ақыл жасының ортасы үш жас дедік. Ал мәселенің шын мәні осылай жетіспеген кемшілік бар деудің себебі неліктен? Осы мәселені тексеріп қарағанда, бұл жастағылардың ой-өрісінің әлі күнге дейін еске алынбаған және тауысып бітпеген мүмкіншілігі бар екені анықталады. Бұл жәйіт мына деректерге негізделеді:

- біріншіден, әлеумет қоғамның өріс алдына қарай 7-11 жастағы балалар тиісті байланыс құралдары (теледидар, радио т. б. ) арқылы түрлі жаңалықтарды естіп, өзінің сол мағлұматтарға орай байлығын көбейтіп, осының нәтижесінде үлкендерге күтпеген сұрақтар қойып отырады.

- екіншіден, қазіргі кіші оқушының мүмкіншілігін өткен дәуірлердегі осы жастағылармен бірден-бір теңестіруге болмайды. Оған бүгінгі кезде 3-сыныптан бастап баланы шет тілін, не алгебра, геометрия сабақтарына оқыту тәжірибелері дәлел бола алады. Осы жәйіттерге сүйеніп, кіші оқушының әлі толық аңғарылмаған, бүгінгі күнге дейін тексеріліп бітпеген оқуға деген қабілеті бар дейді. Осыны бастауыш сыныпта еске алған жөн [15] .

Осы қағидаларға сүйене отырып, барысында дамыта оқыту теориясына сай келтіру мүмкіндіктерін толық қамтуға тырысты. Осы проблеманы зерттеушілер Б. Тұрғынбаева басқарған топ көптеген жылдар бойы Алматы мектептеріне жүргізген дамыта оқыту эксперименттеріне сүйене отырып, балалардың таным үдерістерін дамытуға үлкен қосатын оқулықтар және дидактикалық материалдар жасалған.

Бастауыш сыныптар осы бағдарлама бойынша төрт жыл жұмыс жасады. Оның нәтижесі әр мектепте әр түрлі жүріп жатыр. Жұмыс сапасы мұғалімнің жаңа бағдарламаны меңгеруі, оны қолдану әдістемесін толық түсінуі, балаларды дамыту тәсілдерді тиімді пайдалануға даярлығы үлкен үлесін қосады [14] .

2004-2005 оқу жылынан бастап мектепалды сыныпқа бес жасқа келген балалар қабылданады. Олардың таным үдерістерін дамыту және мектеп бағдарламасын меңгеруге даярлау әдістемелері әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектеп психологы алдында тағы бір күрделі проблема туғанын атап өту керек.

А. Н. Леоньтевтің тұжырымдауынша «Логикалық ойлау» дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс [15] .

В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол - белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген [16] .

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Психолог - ғалымдар: Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А. В. Запорожец, Л. Н. Венгер, И. С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.

«Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.

Логика ұғымына түсінік.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») -ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Проблемалық оқытудың зерттелуі
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың ерекшеліктері
Математиканы оқыту барасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау
Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz