Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамытудың өзекті мәселелері


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі заман психологиясы мен педагогикасында психологиялық шығармашылық аумағындағы зерттеулер белсенділік байқатуда. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік
мағынаға ие болғандығын мойындап, психология-педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті.
Шығармашылық процесс- жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім; Шығармашылық - тұлғалық категория, мінез-құлық ерекшелігі.
Педагогикалық-психологияда жалпы қабылданған шығармашылық білім беру және тәрбие теориясы жоқ. Тұлғаның шығармашылығын дамыту оқу-тәрбие процесін баскаруды шамалайды. Бұл мәселе Л. В. Занков, Д. Б. Богоявленская, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Тәжірибеде шығармашылық әрекетті тікелей баскару үнемі ойлаған нәтижеге сәйкес келе бермейді. Шығармашылық атмосфераны құру үшін шығармашылыққа жағымды жағдай туғызу керек. Ол үшін когнитивті және эмоционадды қызығушылықты оятатын инновациялық технологияларды қолданған жөн.
Көптеген ғылымдар әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндіктері бар, оны дамьпу тек шығармашылық әрекетте жүзеге асады деген пікірде. Демек, шығармашылық даралықты қалыптастыру әлеуметтік орта шарттарына тәуелді. Мектепте білім беру әдістерін қолданып, танымдық процесті ұйымдастыру тәсілдері арқылы баланың шығармашылыққа бейімделуін дамытуды ынталандыруға болады.
Тұлғаның шығармашылыққа бейімделуін дамытудың маңызды шарттарының бірі қауіпсіз, комфортты психологиялық орта. Психологиялық климат ұжымның эмоционалдық деңгейде көрінетін іскерлік ынтымақтастық сипатын, ұжымдағы қалыптаскан карым-катынасты көрсетеді.
Шығармашылық даралықты қалыптастыру мәселесіне тұлғалық түрғысынан карауды жақтаушылар субъектінің эмоционалды-түрткілік сипатының есебін жүргізу кажеттілігін көрсетіп отыр. Түрткі немесе оку өрісінің түрткісі баланың шығармашылыққа бейімделуінің дамуымен қоса тұлғаның эмоциялық өрісінің дамуына да ықпал етеді. Түрткілер ретінде кажеттілік пен қызығушылық, ұмтылыс пен эмоциялар, орнату мен идеялардың өзара байланысы қарастырылады.
Тұлғаның шығармашылыққа бейімделуін зерттеу мақсатында жүргізілген педагогикалық экспериментке 4 сынып оқушылары қатыстырылды. 4 сыныптардың негізгі зерттелуші топ ретінде алынып отырылғаны тегін емес. Біріншіден, осы жаста бастауыш мектептегі оқыту мерзімі баланың шығармашылыққа бейімделуінің дамуында айкын сензитивті мерзімімен сәйкес келеді. Екіншіден. бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығының дамуының педагогика-психологиялық шарттары толық зерттелуге мүмкіндік бар.
Психолог және бастауыш сынып мамандарының ұйымдастыруларымен Торренстің 3 серияға топтастырған 12 тесті: вербальды, бейнелік және дыбыстық түрлері колданылады. Олар вербальды шығармашылық ойлауды, бейнелі шығармашылық ойлауды, сөздік-дыбыстық деңгейдегі шығармашылық ойлауды диагностикалайды. Зерттеуде көрсеткіштер келесі факторлармен анықталады:
1. жылдамдық (жеңілдік, өнімділік) - бұл фактор шығармашылықпен ойлаудың жылдамдығымен сипатгалады және жауаптардың жалпы санымен анықталады;
2. икемділік - бұл фактор шығармашылық ойлаудың икемділігін сипаттап, оқушының басқа ойды жылдам меңгеруге қабілеттілігін көрсетіп, берілген жауаптардың тобымен анықталады;
3. сонылық фактор -- шығаршшылық ойлаудың өзіндік ерекшелігін, мәселеге ерекше қарауды сипаттайды және сирек кездесетін жауап, ерекше элементтерді қолдану, жауап құрылымының сонылығымен анықталады; топқа бөлу кезінде біржақты жауаптардың сирек кездесуі арқылы бағаланады.
Бастауыш сынып окушыларына графикалық әрекет жакын болған соң кез-келген құбылысты сурет арқылы танып-білу табиғи жағдайда өтеді. Сонымен бірге, суреттік әдістердің шынайы нәтиже беретіні көптеген ғалымдарда күмән туғызғандықтан зерттеулерде сараптаудың қосымша материалдары ұсынылуы тиіс.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оқушыларға
1) бейбітшілікті; 2) қуаныш, реніш, қорқынышты бейнелеу ұсынылды.
«Әлем картинасы» тестісінің мазмұнында «әлем бейнесі» ұғымы адамның қоршаған ортада практикалық бағытталу тәсілдерімен байланысты болуы тиіс. Сондықтан суреттердің нұсқалары мынадай тәртіппен анықталынып берілуі тиіс:
-ғаламдық сурет;
-пейзаждық;
-тікеяей қоршаған орта;
-метафорикалық картииа;
-абстракты - сызбалық;
«Қуаныш, реніш, корқыныш» суретін сараптау барысында мынандай нұсқалар айқындалды:
- Сызбалық-сурет;
- кескіндеме (живопись) сурет (тек түсіндіру барысында қолданылады) ;
- метафорикалық сурет;
Шығармашылыққа бейімделуді қамтамасыз ететін заттар мен кұбылыстар туралы стеоритипті, жалпылама емес, жаңаша (метафорикалық, бейнелі) ойлаумен байланысты.
«Ең алдымен, сабақта жиі кездесетін мұғалімнің тапсырмасы анықтадды. Мысалы, оқушыларға мынандай тапсырмалар ұсынылды:
• кандай да бір кейіпкердің атынан хат жазу;
• күздің көңіл-күйін, көктем иісін, өзінің көрген түсін, бір кейіпкердің сезімін суретке салу;
• ертегі, жұмбақ құрастыру; өзін суретте бейнеленген әрекеттің кейіпкері рөлінде сезіне отырып, ұсынылған сурет немесе сөйлем негізінде әңгіме құрастыру;
• мәтіннің басы немесе соңы, жағдаяттар бойынша, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестері негізінде әңгіме құрастыру, фантастикалық жағдаяттарды ойлау;
• бір кейіпкерден сұхбат алу, сахналауға қатысу;
• оқушылардың алған әсерлері жайлы әңгімелесу;
- сөздік материалды өзінше түсіндіру;
- берілген мәселелерден, жағдаятардан не пайда болатынын болжап, суреттеу;
- әр түрлі сала бойынша білімін пайдалана отырып, бақылау, экспериментін жүргізіп, әр түрлі мәселелерді шешуде жоспар құрастыру;
- мәселеге кез-келген адам, халық тұрғысынан қарау, басқа біреу сияқты ойлау;
- метафора құрастыру; әр түрлі ассоциациялар ойлап табу; бір нәрседен елеусіз бөлшектерді табу,
- кез-келген құбылысты шығармашылықпен түрлендіру; жаң а идеалды объектілерді құрастыру;
- түрлі элементтерді кайта өзгерту, құрастыру, графикалық қиыстыру;
- белгілі объекті мазмұны өзгерген жағдайда жаңа құрылъм, жаңа функцияны қолдану, проблемалық жағдаяттарды анықтау;
- проблемалық тапсырмаларды шешу тәсілдерін жасау және негіздеу;
- проблеманы шешу нәтижесін қайта тексеріп, білім берудің жалпы жүйесіне қосылу, нәтижені дәлелдеу т. б.
Бұдан соң ұсынылған тапсырмалар сипаты анықталады. Төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар кең қолданылады:
• Ой жылдамдығының дамуы, естен (жадыдан) ақпаратты табу жылдамдығы, ассоциативті байланыстың жаңа мазмұнды аймақтық жылдамдығы мен дағдыға саналы түрде өту қабілеттігі; баламалы көзқарас табу қабілеттілігі; бір жағдайда, яғни, бір мәселеге байланысты әр түрді идеялар ұсына алуы;
• Ойлау икемділігін дамыту, бір проблеманы әр түрлі қырынан көру қабілеттілігі, идеялардың түрі, типі, категорияларын ұсыну;
• Ойдың жаңашылдығын (сонылығын) дамыту, қалыпты жағдайдан ауытқыгғнда жауап алу мүмкіндігі;
• Объектінің жаңа қалыптан тыс функциялары мен оның бөліктерін табу қабілеттілігі;
- Дивергентті ойлауды дамыту;
- Проблеманы қабылдау және оны өзгеше шешу;
- Оң жақ жарты шар функциясынын белсенділігін ынталандыру және дамыту (бейнелей ойлауын белсендіру, интуицияны өзектендіру, түсіндіру процесінде анализден синтездің басым болуы, дедуктивтіден көрі индуктивті қорытындыны жиі пайдалану,
- Қоршаған ортаны қалыптан тыс қабылдау, қиялын дамыту;
- Байқампаздық, дайындық кезеңінде бейнелерді бөлшектеуге қажетті ақпаратты жинап алу дағдысын дамыту;
- әрекет жүйесіндегі айшықтық пен икемділігін дамыту,
- таныс заттар әдеттен тыс, бір түрлі болып көрінген жағдайда бойын аулақ салуға қабілеттілігін дамыту;
- оқушы тәжірибесін кеңейту, олардың болжамдық қабілетгері мен тәртіптің ерекше нұсқаларын табу біліктілігін дамыту;
- елес, қиял қорын байыту, оларды трансформациялау механизмдерін қалыптастыру, өз тәжірибесін қайта қарастыру дағдысын қалыптастыру;
- әлемді әр қырынан көре білу мүмкіндігі;
- шығармашылыққа бейімделу процесінің бір механизмін белсендіріп, оны бейнелі формаға ауыстыру; пайда болған идеяларды тәжірибе мазмұнымен ассоциациялау;
- ойлауды дамыту, оның негізінде мәселені шешуге қажетті ақпарат жатыр деген идеяны көре білу. Көру, есту және басқа ұғымдар арасында байланыс орнату мәселені басқа қырынан шешуге көмектеседі;
- тәуелсіздікті дамыту, яғни ойға келген жалпылама ұстанымнан бас тартып, әртүрлі идеялар, шешімдер ұсынып, жақсысын таба білу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz