Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін ертегі оқу барысында қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 3

А нықтамалар . . . 4

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 5

Кіріспе . . . . . . 6

1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық мәселелері

1. 1 Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 10

1. 2. Ертегілер негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін қалыптастырудың мүмкіндіктері . . . 18

2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін ертегі оқу барысында қалыптастырудың әдістемесі

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілері негізінде танымдық іс -әрекетін қалыптастырудың мазмұны . . . 38

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілері негізінде танымдық іс -әрекетін қалыптастырудың әдістемелері . . . 47

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», 2007ж

Білім беру бағдарламасы. ҚР МЖМБС 5. 01. 021 - 2013ж. Негізгі ережелер. 2013. - 8 б.

Қазақстан Республикасының 12-жылдық орта жалпы білім беру туралы Концепциясы. - Астана, 2006.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:

Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты - жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.

Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.

Халық ауыз әдебиеті - халқымыздың ауызекі шығарып, ауызекі тарап отыратын асыл мұрасы. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.

Ертегі - халық даналығы өмір мұратына жетудің басты жолы ақылдылық екенін бірінші кезекте, толық көлемді берумен қатар, сол ақылдылықтың өзі еңбекпен байланысты екенін қысқа болса да ертегіде дәлелді міндетті түрде берілуі, ертегінің сол кездегі өмір жағдайын толық көрсете білу .

Таным - қоғамдық тәжірибенің дамуымен тәуелді адам ойлауында шындықты бейнелеу және жаңғырту барысы, нәтижесі әлем жайлы жаңа білімдер болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған таным оқу-тәрбие барысының мәнін құрайды.

Танымдық іс-әрекет - бұл балалардың өзінің арнайы ұйымдастырылған немесе адамзаттың жинақтаған мәдениет байлығын меңгеру мақсатындағы танымнан тыс іс-әрекеті.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Зерттеу жұмысы Республиканың білім беру жүйесінің бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие мәселесіне, атап айтқанда ертегілер арқылы балалардың танымдық іс - әрекетін, ой - өрісін дамытуға, қалыптастыруға мақсатталған.

Білім беру жүйелерінің маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен баланың қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Нұрлы жол - болашаққа бастар жол” атты жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек-деп атап көрсетті [1] . Жолауда атап өткендей сапалы білім беру үшін бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын ояту, танымдық іс-әрекетін қалыптастыру басты міндет болмақ. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды - деген болатын.

Ұлттық мәдениетке, ұрпақты елжандылыққа және танымдық іс -әрекетін қалыптастыруда халқымыздың өзіне тән әдет - ғұрпы, салт -дәстүрлері жазба мұралары, ауыз әдебиеті негізінде жетілетіні белгілі. Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан жазба мұраларды, ауыз әдебиетін жинақтап зерделеудің, оның тәлім -тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде ұрпағымызды имандылық идеялармен таныстыру қажеттігі арта түсуде. Ауыз әдебиетінің бір саласы ертегілер. Ертегілер негізінен балаларға арналған, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастыруға, адамгершілікке, олардың ой - өрісін дамытуға қиялын ұштауға тәрбиелеуде мүмкіндігі мол.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан ғылыми дүние” деп, атап көрсетуі өте орынды [2] . Өткенді зерттеу тарихи шындықты қалпына келтіріп қайта жаңғырту - қазіргі уақыт талабы. Себебі, танымдық іс - әрекетін қалыптастыру арқылы болашақ ел иелерінің рухани ішкі дүниесін белсенді ықпал етіп, олардың тұлғалық және сапалық, яғни танымдық іс - әрекетінің және ақыл - ой қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етуге болады.

Адамзат дамуының философиялық, психологиялық заңдылықтарына сүйенсек, жеке тұлғаның рухани дамуына жазба мұралар, ауыз әдебиеті, салт - дәстүрлер және мәдениеттің ықпалы туралы мағлұматтар сонау ерте заманнан бастау алады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» білім беру тәрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал оның негізгі мақсаты жоғарғы деңгейдегі танымдық іс - әрекетін қалыптастырудағы мәдени даму және қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап көрсетілген [3] .

Қазіргі таңда, білім беру мекемелерінде халықтың мәдени, рухани жазба мұрасының, ауыз әдебиетінің бір бөлігі ертегілер арқылы танымдық іс -әрекетін қалыптастыру қажеттігі сұранысқа ие. Бұл мәселе барлық сабақтарда жүзеге асырылады. Дегенмен сабақтарда халық ауызекі шығармашылығын және оның бір ғана бағыты - ертегіні толығымен меңгертіп шығу мүмкін емес. Яғни, халықтың тұрмыс салты, өмірге көзқарасы мен дүниетанымы, талап - тілектері, наным - сенімі, салт - дәстүрлері, мінез - құлқы, үлгілі өнегесі сияқты білім негіздерін меңгерту қиынға соғады.

Қазіргі кезде мемлекеттің сұранысына сай, баланы оқыту, тәрбиелеу маңызды болып отыр. Ұлттық идеологияны сіңіру, бүгінгі әлеуметтік, саяси, экономика саласында да өзекті. Өйткені қоғамның рухани өзегін ұстап тұру үшін, болашақ ел иелерін рухани - жазба мұралар, ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеу қажетсінуде. Бүгінгі бастауыш сынып оқушысы, тәуелсіз мемлекетіміздің туындысы, бірақ оларға әсер етушілер кешегі идеологияны сіңірген адамдар жиынтығы екенін ұмытпағынымыз жөн.

Соның бір жолы ретінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастыру деп көрсетуге болады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының 11 маусым 2007жылы Білім туралы заңында белгіленген, біріншіден тұлғаның физикалық, шығармашылық, танымдық іс - әрекетін қалыптастыру, рухани - имандылық мүмкіндіктерін дамыту, екіншіден азаматтық және патриоттық тәрбие беру, яғни өз елін, Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерін, салт - дәстүрін құрметтеуге үйрету, үшіншіден өз міндеттері мен құқықтарын сезіне отырып, қоғамның мәдени, қоғамдық, экономикалық, саяси өміріне қатысу .

Педагогикалық үдерістегі оқу - тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастыруың тұжырымды ұсыныстары және оның мақсат, міндеттері, мазмұны, әдіс - тәсілдері, құрамдары, формалары айқындалған. Әрине, бұл қоғам сұраныстары мен өзгерістері байланысты түзетіліп, кіріктіріліп отырды. Ал мемлекеттің біз қарастырып отырған тәрбие бағыты кенжелеп келгендіктен, оның толықтай технологиялары айқындалмаған. Сол себептен де, алдыңғы тәжірбиелерге сүйене отырып, танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың тұжырымдамалары, ұсыныстары, мазмұны, әдіс-тәсілдері, құрамы, формалары баланың жас ерекшелігіне сай құрастырылып, зерттелуі керек.

Ертегі ауыз әдебиетіндегі шығармашылық жанр болып табылады. Ертегіні оқытып - білу балалардың эстетикалық талғамын, құндылықтарын қалыптастырумен қатар, эмоциялык, сезімін және адами ізгі қасиеттерін жетілдіре отырып, танымдық іс - әрекетін қалыптастырады.

Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой - әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің оқу - тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын берді. Алтынсаринның пікірінше, педагогтердің жұмысындағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде [4] .

К. Д. Ушинский балалардың танымдық іс - әрекетін қалыптастыру мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден - бір жолы» деп есептеді және педагогикалық ғылымда алғаш рет балалардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық -педагогикалық талдау жасайды [5] .

Ол мұғалімнің жұмысын ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, халықтың ауыз екі шығармашылығы тарихшылар, этнографтар, өнертанушылардың еңбектерінде де М. О. Әуезов, А. Жұбанов,

Ә. Марғұлан, М. Мағауин, Б. Қазыханова т. б. көрнекті орын алған [6] .

Жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жасаған талдау олардың өз зерттеу аймақтарына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын көрсетеді. Сондай - ақ, қарастырылып отырған бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілері арқылы танымдық іс - әрекетін қалыптастыру мәселесінің арнайы зерттеу көзі болмағанына көз жеткіздік.

Қазіргі кезде ертегі арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін қалыптастыру мен жетілдіру жолдары бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр, сондықтан да диплом жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін ертегі оқу барысында қалыптастыру» деп алуымызға себеп болды.

Зерттеу нысаны : Бастауыш сынып оқу - тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Ертегі арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін ертегі оқу барысында қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.

2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастыруда ертегілердің орнын айқындау.

3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін ертегі оқу барысында қалыптастырудың жолдарын қарастыру.

4. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін ертегі оқу барысында қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін нақтылау.

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:

- Тақырыпқа байланысты көрнекті, жаңашыл педагогтардың еңбектерін талдау, жинақтау, зерттеу, теориялық негіздерін анықтау;

- Баланың танымдық іс - әрекетін қалыптастырудағы ертегінің рөлін анықтау;

- «таным», «іс-әрекет», «ертегі» ұғымдарының мәні мен мазмұнын айқындау.

Зерттеудің практикалық маңызы: ізденістің теориялық тұрғыда негізделген, сыналған, іс жүзінде тексеруден өткен материалдарын, оның қорытындылары мен нәтижелерін зерделеу, бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалаптастырудағы ертегінің рөлін айқындау, бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастыруға негіз бола алады.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, теориялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; зерттеу мәселесі бастауыш сынып оқушыларының іс - тәжірибесін зерделеу, талдау, қорыту; оқу әдістемелік құжаттарды талдау; балалардың танымдық іс - әрекетін қалыптастыру жолдарын қарастыру, ертегілердің рөлін анықтау, зерделеу; педагогикалық тәжірибелік жұмыс жүргізу.

Зерттеу көздері: Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңы, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, философтардың, психологтар мен педагогтар еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу - әдістемелік құралдар, ғылыми - педагогиалық басылымдар, жұрналдар материалдары, озат педагог - тәрбиешілердің озық тәжірибелері басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспе де зерттеу көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, практикалық мәні және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалады.

« Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық мәселелері » атты тақырыптағы бірінші бөлімде балалардың танымдық іс - әрекетін қалыптастырудағы ертегілердің рөлі, педагогикалық - психологиялық негіздері айқындалады, балалардың танымдық іс - әрекетін қалыптастырудағы мәні мен мазмұны қарастырылды.

« Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін ертегі оқу барысында қалыптастырудың әдістемесі» атты екінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастырудағы әдістемелік жолдары, танымдық іс - әрекетін қалыптастырудағы ертегілердің тиімділігі, әдістемесі мазмұндалып, нәтижесі баяндалды.

Қорытынды да зерттеу болжамын дәлелдейтін нәтижелер, ғылыми -педагогикалық ұсыныстар берілді және қарастырылып отырған проблеманың келешекте зерделенетін бағыттары сипатталды.

1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық мәселелері

1. 1 Оқушылардың танымдық іс - әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері

Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта бастауыш мектеп үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі бастауыш мектептен бастап оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.

«Білім туралы» Заңды жалпы білім беруді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы және бастауыш білім берудің үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік - құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда бастауыш білім беруде балалардың тәрбиесіне, жан - жақты ой - өрісі, дене бітімі, сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген.

Бастауыш мектеп оқушыларының ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепте берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық бастауыш мектепте оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде. Оқушыны даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау мақсатында оқыту жүйесін лайықтаудың қажеттігі артуда.

Бүгінгі таңда жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақстанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады. Аталған міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, бастауыш мектептен бастап оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үдерісін жетілдіру міндетіміз [7] .

Осыған орай бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының танымдық белсенділігінің қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби [8], Ж. Баласағұн [9] білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму үдерісінде қалыптасқан.

Бірқатар философиялық еңбектерде танымның әдіснамалық негіздері нақтыланған. Ш. А. Амонашвилидің пайымдауынша, таным:

- адам өзінше жаратылған, қайталанбайтын, өзіндік құндылық ретінде «өмірлік мағына» кеңістігінде қабылданатын тұлға, бұдан бұл мәселе адамның тұлға ретіндегі қалыптасуына алмасады;

- адам мәдениет кеңістігінде рухани құндылықтарды құрайтын серік ретінде қарастырылады, бұдан тұтасымен алғандағы жеке тұлға мен қоғамның интеллектуалдық құндылықтар жүйесіндегі әрекеті пайда болады;

- әлеуметтік кеңістікте адам әлеуметтік рөлді тасымалдаушы ретінде қарастырылады, бұдан қоғамдық қызметке деген әрекеті пайда болады;

- жағдаят тұрғысынан алғанда, адам жеке мақсаттарға жету құралы ретінде қарастырылады, бұдан нақты жағдайлардағы олардың өзара қарым-қатынас ретіндегі іс-әрекетте туындайды [10] . Автордың көзқарасы бойынша, танымдың іс-әретпен байланысы болған жағдайда ғана ақиқатты таниды.

Ә. Нысанбаев [11], Ұ. Сыдықов [12], Г. Нұрышева [13] танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі деп анықтама берген. Ғалымның таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады, сондықтан танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп те есептеуге болады деген құнды пікірімен де келісуге болады. Бейнелеудің философиялық теориясы тұрғысынан алғанда танымның үш түрі: сезімдік, логикалық және прагматикалық жағынан ерекшеленеді. Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының танымын дамытуда сезімдік, логикалық және практикалық түрі ұйымдастырылуы шарт деп санаймыз. Таным теориясында танымның маңызды жақтары ретінде бейнелену көрінеді. Мұнда бейнеленудің бірнеше деңгейлері ерекшеленген:

  1. өлі табиғатта бейнеленуі;
  2. тірі табиғатта бейнеленуі;
  3. әлеуметтік деңгейдегі бейнеленуі;

а) жеке санамен сезінуі;

ә) қоғамдық санамен сезінуі.

Тұлға және танымның дамуы, сонымен қатар өзін-өзі саналы түсіну - адамның өзінің «Менін» сезінуін білдіреді. «Таным актысының пайда болуы субъектінің танылған объектіден айырмашылығын ұсынады, онда дербес алғанда, анқыт заттардың және сананың субъективті жағдайын ажырату да қамтылады». Тұлғаның даму және таным дамуының үдерісі, көп жағынан сәйкес келеді, атап айтқанда: «Ойлаудың объектімен сәйкес келуі үдеріс болып табылады: ойлау (адам) өлі тыныштық, қарапайым сурет (бейне), ашық-түсті, ұмтылыссыз, қозғалыссыз . . . түріндегі ақиқат ретінде көрінбеуі керек. Таным ол мәңгілік, ойлаудың объектіге шексіз жақындауы. Табиғатың адам санасындағы бейнесін «өлі емес», «абстрактылы емес», «қозғалыссыз», «қарама-қайшылықсыз» ретінде түсінбеу керек, оның қозғалысының мәңгілік үдерісінде, олардың қарама-қайшылығы мен шешімінің туындауында» екендігін түсіну қажет . Сана, таным үдерісі, тұлғаның таным субъектісі ретінде дамуымен бірге, іс-әрекет дамиды. Мұнда бірінші не дамитындығын, қандай даму себебі, қайсысы салдары болатындығын тұжырымдау қиын. Жоғарыдағы таным туралы талдауларды ескерсек мынандай қорытынды жасауға болады: таным- объективті әлем заңдылықтарын түсінуге, білімді меңгеруге бағыталған іс-әрекет.

Танымдық іс-әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде балаларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздықтың негізінде қалыптасады. Сондықтан танымдық іс- әрекетті қарастыруды жөн көрдік.

И. Я. Лернердің [14] еңбектерінде танымдық іс-әрекетті баспалдақпен меңгеру деңгейі қажет екендігін, кез келген оқыту формасында қалыптастыратын нысана деп қарайды. Олардың пайымдауынша, балалардың іс-әрекетті үлгі, аналогия, жаңа байланыстар түрінде жүзеге асады. Сонымен қатар Б. Блум таксономиясы (білімді меңгеру деңгейінің иерархиясы) негізінде білім меңгеру деңгейі жіктелген. Осының негізінде М. Жадрина [15] мынандай білімді меңгерудің иерархиялық деңгейін ұсынады:

1) білім,

2) түсіну,

3) қолдану,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
2-сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілетін дамыту
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Дамыта окыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму динамикасы
Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды ұйымдастыру әдістерінің теориялық негіздері
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz