Мектепке даярлық тобындағы балалардың мнемикалық қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . .
5
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: 1 БӨЛІМ. МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ЕСТЕ САҚТАУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
5:
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: 1. 1 Қабілет туралы жалпы ұғым, оны қалыптастыру және дамыту негіздері . . .
5: 8
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: 1. 2 Мектепке даярлық тобындағы балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері . . .
5: 14
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: 1. 3 Қабілеттілік пен есте сақтау процесінің өзара байланысы . . .
5: 20
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: 2 БӨЛІМ. МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
5:
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: 2. 1 Мектепке даярлық тобының мнемикалық қабілеттерін тәжірибелік зерттеу . . .
5: 39
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: 2. 2 Мектепке даярлық тобының оқуға қабілеті мен есте сақтау процестерін психологиялық зерттеу әдістемесі . . .
5: 48
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
5: 60
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
5: 62
КIРIСПЕ . . .:
5:
КIРIСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
5: 64
КIРIСПЕ . . .:
5:

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында бала бақшалардан тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда.

А. Сент де - Экзюпери айтқандай өмірде қанша Бетховен, Шопен ешкімге танылмай өтіп кетіп жатыр, себебі, туған кезде әр адамның бойында «Құдай берген» қаншама қабілет, дарын нышандары бар болады, кейіннен ол кереметтер дамымай, жоғалып кетеді. Оның үстіне қоғамдық әлеуметтік, мемлекеттік, саяси қалыптар оларды бір үлгіден шыққан бірыңғай ойлы, бірыңғай пікірлі, бірыңғай жігерлі «қуыршақтарға» айналдыруға тырысады.

Тәжірибелік психологияда Йирасек-Керн, Л. А. Венгер, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, А. Г. Зак, И. В. Забрамная, Е. И. Рогов, Мотков т. б. жасаған әдістемелер кеңінен пайдаланылуда. Дамыта оқыту проблемалары ХҮІІІ ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И. Г. Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған.

Бала қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тереңдетіп оқыту топтарының, сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы, қазіргі танда балалар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектептерді психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Бұрынғы кеңес үкіметінде психодиагностика әдістерінің дамуы 30-50 жылға тоқтап қалғанымен, қазіргі кезде психодиагностикалық әдістерді жасау жаңа сатыға көтерілген. Психодиагностика мәселесін шешу, оның жекелеген құраушылары арасындағы қатынасты қарауды көздейді: тәрбиеші (диагност), бала (оның қабілеттері), тест [1] .

В. В. Кочетков диагностикалық әдістерді екі топқа бөледі:

1. Оқудың жемістілігін анықтайтын әдістер (баланың үлгерімін бағалайтын дәстүрлі әдістер) ;

2. Педагогикалық процестің қатысушыларының қабілеттерін диагностикалайтын әдістер (мысалы: ақыл-ой дарындылығының коэффиценті) Сонымен қатар ол, бұл әдістердің қазіргі талаптарды қанағаттандырмайтынын және оларды қайта қарау керектігін айтады [2] .

"Егер бұрындары мектепке даярлық тобының тәрбиешідері ең алдымен "балаларды окуға, жазуға, санауға" үйретуі керек болса, қазіргі кезде бұл жеткіліксіз. Қазіргі мектепке даярлық тобының тәрбиешіі дәстүрлі мәселелерді шешумен қатар, балаларды оқуға үйретумен бірге, олардың қабілеттерін дамытуға, баланың жеке басында керек сапаларды калыптастыруы керек"[3] .

Дифференциалды ес психологиясы, есті зерттеуде көптеген әдістерге ие болғанымен, оларды оқу іс-әрекетінде ғылыми-практикалық қолдану өте күрделі мәселе болып табылады.

Классикалық есті зерттеу әдістері қабілеттерді емес, процестерді қарастырады. Бұрынғы кеңестік кездегі процестерді зерттеудің бірнеше кезеңдерін С. П. Бочарова төмендегідей көрсетеді:

1. Психика мен іс-әрекет бірлігі. Танымдық процестерді зерттеу 1920-30 жылдардағы П. П. Блонский, Л. С. Выготский, С. Я. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев еңбектерінен басталды.

2. Теория мен іс-әрекет бірлігі. 1940-50 жылдардағы А. А. Смирнов, П. И. Зинченко, Л. В. Занкованың зерттеулерінде ес белсенді іс-әрекет ретінде, нақтылы іс-әрекет түрінде (оқу, ойын, еңбек) қарастырылды.

3. Естің ақпараттық концепциясы. 1960-70 жылдардағы операторлар іс-әрекетінің міндеттері ақпаратты өңдеуге байланысты мнемикалық процестерді комплексті сандық және сапалық зерттеуге әкелді. П. И. Зинченко, В. Я. Ляудис, Е. В. Земелянская, Н. И. Рыжков, Г. В. Репкина, С. П. Бочарованың зерттеулерін айтуға болады.

  1. Құрылымдық-функционалды концепция ақпараттық концепциямен бірге дами бастады. (П. И. Зинченко, Ю. К. Стрелкова, Г. Г. Бучетич, Е. Н. Гордон т. б) .
  2. Жүйелік бағыт. Жоғарғы бағыттар негізінде пайда болып, А. А. Смирнов, П. И. Зинченко еңбектерінде көрініс тапты[4] .

Ал, қазіргі уақытта В. Д. Шадриков көрсеткендей ес дамуының бірнеше бағыттарын байқауға болады: Ес - психикалық процесс ретінде: мұнда мнемикалық операциялар мен есте сақтау сатылары, естің ауыспалы процестері көрсетіледі және есті есте сақтау, қайта жаңғырту, тану, есте тұту, ұмытумен сипаттайды;

Ес - ақпаратты есте ұстайтын, сақтайтын, қайта жаңғыртатын психикалық функция. Есте сақтау көлемі, қайта жаңғыртуы, ес жылдамдығы және т. б. нәтижелік жағы талданып тіркеледі;

Ес - дамушы сан қырлы қорлар жүйелері;

Ес - тек тәжиірбенің жиналып, сақталу міндеттерімен ғана емес іс-әрекет жүйесін ұйымдастыруда, уақыт қатынасына байланысты өзекті әрекеттер жоспарының арақатынасымен байланысты жеке адамның құрылымы[5] .

Зерттеу мақсаты: мектепке даярлық тобындағы балалардың мнемикалық қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері.

Зерттеу міндеттері:

- Қабілеттер жайлы теорияларға талдау жасау;

- Қабілеттердің операционалды даму деңгейі мен сапалық құрылымын анықтау;

- Қабілеттердің функционалды даму деңгейін анықтау;

Зерттеу болжамы: мектепке даярлық тобының қабілеттерін дамыту, олардың есте сақтау өнімділікгерін арттыра отырып білім сапасын жоғарылатады.

Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі қабілеттер мазмұны мен құрылымының диагностикасы.

Зерттеу объектісі: мектепке даярлық тобының қабілеттері.

Зерттеудің эксперименталдық базасы: Кентау қаласындағы «Таңшолпан» бала бақшасының мектепке даярлық тобының балалары.

Зерттеудің теориялық мәні: балалар психологиясының ерекшеліктерін зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеуге байланысты негізгі теорияларды зерттеу негіз болды (В. Д. Шадриков, С. А. Изюмова, Т. В. Зотова, Л. В. Черомошкина) .

Зерттеудің практикалық мәні: баланың қабілетінің даму деңгейін білу, оның жеке басының дамуы мен жетілуіне белгілі бір қырдан қарауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 БӨЛІМ. МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ЕСТЕ САҚТАУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. Қабілет туралы жалпы ұғым, оны қалыптастыру және дамыту негіздері

Күнделікті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен тәрбиеші баласына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте балаларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер әс - әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр[6] .

Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.

Бұл мағынада алғанда адамдардың тең емес екендігін түсінікті. Қабілеттіктің өлшемі - белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс - әрекетінің белгілі - бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т. б. ) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.

Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, балада техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір тәрбиешідер өз балаларының (тіпті ол жақсы оқитын бала болса да) үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз баласының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді - ау деп қынжылады. Бұл жерде тәрбиеші қолынан істесе, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажірлі әрекетке бойын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр[7] .

«Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д. Н. Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша:

- табиғи дарын

- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі[8] .

Сурет 1 - «Қабілеттілік» сөзінің мағыналары

(Д. Н. Ушаков бойынша)

Біз «қабілеттілік» сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы, «қабілетті бала», «қабілетті жас ғалым») қолданамыз. Осындай жағдайда бұл терминдер, яғни «дарындылық» және «қабілеттілік» өте тығыз байланысты, мәндөс, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген «қабілеттілік» сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол -жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н. С. Лейтес) [9] .

«Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік - бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері». Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.

Оқу - тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау тәрбиешідерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның тәрбиешідері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдының екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын, аңғартады. Бұл мысал адамның қабіліттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне тәрбиешідердің зер салуын керек етеді[10] .

Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл- ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығымен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділікпен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнайы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актёрдің, спортшының, математик-ғалымның ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.

Сурет 2 - Қабілеттің түрлері

Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс - әрекеттің басты салаларына орайлас бөліне, ді.

Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми техникалық прогрес байланысты болып отырады. Мәселен, капитализім қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазиялық қоғам кең өріс беріп отырады. өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Сол кездері жан - жақты қадбілетті, аса дарынды адамдар көп болды. өйткеғні бұл қоғамның қажетінен туған құбылыс еді. Ф. Энгельс «Қайта гүлдену дәуірінде» берген сипаттамасында сол дәуірді: «күшті ой өрісі, құштарлығымен сипаты, сан қырлылығымен, ғылымдағы жағынан алыптарды туғызған заман болды. » ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт бес тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде - бір адам болған жоқ дерлік еді. Леонардо да Вичи ұлы художник болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлы математик, механик және инженер болды, физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альберхт Дюрер суретші, гравер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзінің кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бұл идеяларды көп заман өткеннен кейін барып Монталамбер және фортификация жайындағы ең жаңа неміс ілімі қайтадан көтеріліп кетті. Макиавелли мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бірінші әскери жазушы болды. Ол замандағы геройлар кісінің өрісін тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың із басарларының бойынан ықпалы бізге сондай жиі байқалып жүрген еңбек бөлінісінің құлдары бола қойған жоқ. Ф. Энгельс айтып отырған орта ғасырдағы «қайта гүлдену» ХХ -ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белеңі алған еді. Осы кездегі тарихи аренаға жан - жақты қабілетті адамдар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмухамметов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жұмабаев, т. б. шыққаны белгілі.

Адам қабілеттерінің жан - жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мсамандыққа танылып қоюын бірте - бірте жоюды көздейді. Әрине бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс - әрекетінің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икеиі дұрыс ұштасқанда ғана білім, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.

«Алуан - алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу керісінше, сол істі әрі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі - зеректілігімен, екіншілері байқағыштығымен, үшіншілері материалдарды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі. Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді[11] .

Қандай болмасын әрекетті сапалы етіп орындауы үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Бір әрекеттің өзін орындау үшін де кейде бірнеше қабілеттің жиынтығы керек болады. Мәселен, тәрбиешіге ұйымдастырғыштық қабілетпен қатар, бақылағыштық, ақыл - ой ерекшеліктерінің белсенділігімен қатар сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т. б. қажет болады. Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттердің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көптеген нәрсесін есіде жөнді сақтай алмағандардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар.

Мектепке даярлық тобының тәрбиешіі балалардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілетінің дамуына кең жол ашады. Тәрбиеші алғашқы күнен бастап баланың бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізхгені дұрыс[12] .

Кейбір тәрбиешідер баланың қабілеттігін оның оқу материалдарын тез ұға алушылармен ғана байланыстырады. Бұл жерде тәрбиешінің аса сезімталдығы қажет. Өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу болып келетін балаларда аз емес. Осындай баяу ойланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл педегогикалық тұрғыдан өрескел қате болып есептеледі.

Баланың қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұлардың нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір тәрбиешінің жеке творчестволық ісі. Мәселен, тәрбиеші жүргізетін осындай жұмыстардың бірі - балалардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызықты етіп ұйымдастыру. әсіресе мектепке даярлық тобындағы балалардың бейімділіктерін, қызығуларын көре білумен қатар, оларды барынша көтермелеп, белсенділігін үнемі арттырып отырған жөн. Мәселен, тәрбиеші жақсы үлгеретін балаларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, «орташа» қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмау керек. Кей жағдайда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болғанмен, тәрбиешінің назарынан тыс қалып қояды да ол «орташа» бала болып кете береді. Сондықтан да балалардың келешегіне зор үмітпен қарау керек. Тәрбиеші балалардың практикалық қабілеттерін дамытып отыруды да ұмытпауы керек. Бұл үшін балаларға қоғамдық тапсырма береді, оның орындалу сапасын тексереді, сондай - ақ баланың ыждағаттылығын, ұқыптылығын қадағалап, оның қабілетінің дами түсуіне бағыт көрсетіп отырады. Баланың практикалық қабілеттерін дамытуда бала-бақшадағы, мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән - күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады.

И. П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі қабілеттердің физиалогиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады.

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т. б. ) . Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.

Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, тәрбиешідер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда обьективтілікті жан-жақты бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

1. 2 Мектепке даярлық тобындағы балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктері
Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері
Оқушының оқу қабілеттерінің дамуы мен құрылымы
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары
«Есті зерттеу»
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау үрдісін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz