Ең ерекше қонақ үй


Бүгінгі таңда қонақ үйлердің адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Алыс-жақын шет елдерге іс-сапармен шыға қалсаңыз немесе шытырман оқиғаларды іздеу мақсатында ел кезетін болсаңыз, қонақ үйдің көмегінсіз тығырықтан шығу мүмкін емес. Әсіресе, қонақ үйлер - туристер қауымының екінші үйіне айналып кетті десек те болады.
Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз ерекше мекендерде орналасқан ең ерекше қонақ үйлерге арналады.
Чили мемлекетінде «Сиқырлы үй» аталатын төрт жұлдызды қонақүй бар. Сиқырлы демекші, бұл үйдің пішіні жанартауға ұқсайды. Ол таудан от орнына су атқылап тұр.
Таулы аймақта әрі ит мұрыны өтпейтін ну орманның ішінде орналасқан бұл ғимаратқа кез болған адам алғашқыда ертегілер әлеміне түсіп кеткендей әсерде қалуы мүмкін. Сәнімен жасалған шағын ғимаратта қонақтарға арналған 13 бөлме бар. Иә, табиғатты сүйетін саяхатшылар үшін таптырмайтын орын.
Мекен жайы жоқ қонақ үй . . . Түсінбей қалған боларсыз. Саспаңыз. Естімеген елде көп демекші, ондай да бар екен! Әлемдегі ең салтанатты қонақ үйлердің бірі саналатын мекеменің мекен жайы болмаса да, атауы бар: Maharaja Express
Қонақ үй күн сайын рельс бойына түсіп алады да, әлемнің о шеті мен бұ шетіне сапар шегіп отырады. Неге дейсіз бе? Өйткені ол қонақ үй ғана емес, әлемдегі ең қымбат және ең салтанатты поезд болып та табылады.
Үнді темір жолының жасы әжептеуір үлкен. Оның Үнді халқына аянбастан қызмет етіп келе жатқандығына бір жарым ғасырдың жүзі болған. «Дөңгелекті қонақ үйдің» жолаушысы атау үшін күніне 800 доллар төлеп тұруыңыз қажет.
Төлеген ақшаңыз үшін, заманауи және шығыстық үлгіде безендірілген бөлмелерде демалып, дәмі тіл үйірер тегін тағамдармен тамақтана аласыз. Әрбір бөлме салқындатқыштармен, теледидармен, DVD- плеерлар және телефондармен қамтамасыз етліген Және де арнайы гараждарда өз автокөлігіңізді алып жүре аласыз.
Аталған ерекше поезд қонақ үй төрт бағытта жүреді: Үндістан Князьдігі, Патшалық Үндістан, Классикалық Үндістан, Аспан асты Үндістан. Осы бағыттар арқылы күллі Үндістан жерін аралап, Тәж-Махалдың қонағы болуыңызға әбден болады.
Gyreum Eco-Lodge қонақ үйі. Сіз өміріңізде пудинг жеп көрдіңіз бе? Тіпті, көзіңізбен көрген де жоқсыз ба?! Олай болса, Ирландияда орналасқан Gyreum Eco-Lodge атты ерекше қонақ үй дәл осы пудинг пішіндес болып келеді. Әдетте мұнда мерекелік іс-шаралар, семинарлар мен конференциялар, үйлену той рәсімдері өткізіледі.
Yunak Evleri қонақ үйі. Бұл - әлемдегі жалғыз «үңгір» қонақ үй. Ол Түркия жеріндегі тас діңгектер аумағында орналасқан. Сондай-ақ, қонақ үйде бес ғасыр бойы қызмет көрсетіп келе жатқан бөлмелердің бар екендігін біле жүріңіз.
Kadir's Top Tree қонақ үйі. Түрік сәулетшілерінің тағы да бір тамаша туындысы - Kadir's Top Tree қонақ үйі. Бұл ғимарат қалың өсімдік әлемінің ортасында орналасқан. Табиғат-Ананың сұлулығын тамашалап болған қонақтар ағаш ішіндегі үйде жатып тыныға алады. Және «швед дастарханының» дәмі тіл үйірер тағамдарын армансыз жеуге мүмкіндік бар.
Әлемдегі ең қауіпті қонақүй Италияда орналасқан. Қызыл-қара құбыр секілді пішінде жасалған үй 300 метр биіктіктегі шыңға салынған. Қонақүйді салуға 250 мың евро қаржы жұмсалыпты. Көптеген құрылыс заттары шыңға тікұшақ арқылы тасылған екен. Ең қауіпті саналатын бұл қонақүйде бір күн тынығу 30 евроны құрайды.
Қонақүй атақты итальян шыңдарын бағындырушы Джусто Джервазутти есімімен аталады. Үйге бір түнде 12 альпинист түнеп шығуға мүмкіндік бар. Көбіне аталған қонақүйде Монблан шыңын бағындырушылар қонақта болатын көрінеді. Сонымен қатар, тауда немесе тұманда бағытынан адасқан шың бағындырушыларының өмірін сақтап қалуға да арнап салынған.
Голландия астанасы Амстердамда ерекше қонақ үй ашылды. «Hotel Droog» аталған отельдің ерекшелігі онда тек бір ғана адамға арналған нөмір бар. Ал оның жалпы ауданы 700 шаршы метрді құрайды. Атап өтетін жәйт, қонақ үй дизайны мұражай және мәдениет орталығына сай етіп жасалған.
Сіз керемет дизайны, стилі, үлкен аумағы бар қонақ үй неліктен бір нөмірге ғана арналған дейсіз бе? Оның жауабы отель бұл өмірден шаршап шалдыққан, стрестік жағдайға түскен, өзін еркін, оңаша сезінгісі келетін жандарға арнап салынғандығында жатыр.
Несі бар! Өзін қоярға жер таба алмай, қарбалас өмірден жалыққан жандар үшін таптырмас орын болатыны даусыз
Лондонда толықтай тәтті жасалған «қонақ үй» ашылды. Ерекше қонақ үй өз қонақтарын 20 наурыздан бастап қабылдай бастады. Бұл лондондықтар мен британ астанасына келген туристер үшін жеуге болатын сегіз бөлмесі бар «қонақ үйде» тұрақтай алатын жалғыз күн.
Аталған «қонақ үйде» тіпті бөлме қабырғалары мен терезе алды тақтайларды да жеуге болады. Олар помадкадан ( жеміс шырынына шекер қосып істеген конфеттің бір сорты) жасалынған. Бөлме ішіндегі барлық жиһаз, аксессуарлар, интерьер заттары мен өнер бұйымдары, әшекейлер және тағы да басқа заттар бисквит, бадам печенье, тәтті тоқаш, безе ( жұмыртқаның ағын араластырып пісірген көпірме), крем, және басқа да кондитер тағамдарынан жасалынған.
Осындай бөлмені жүзеге асыру үшін 14 маман қызмет атқарған екен. Олар «құрылыс материалдарын дайындауға 2000 сағат жұмсаған, ал бөлмені әшекейлеуге 900 сағат уақыттары кеткен. Бөлмелердің бірінен түрлі түсті безеден жасалынған кілемді, карамельді поп-корн себілген ваннаны, кекстен жасалынған шырақтарды, зефирлі гүл тізбегін көруге болады.
Куала-Лумпурдан оңтүстікке қарай таңғажайып шипажай орналасқан. 392 жеке вилла айдын үстінде салынған. Бұл әлем бойынша су үстіндегі ең ірі шипажай. Кешенде тұрақтану екі кісі үшін тәулігіне 165 долларды құрайды. Бұл төлем ішіне үш уақыт ауқат пен бар ішімдіктері кіреді
Үнемшіл туристер алдын ала қонақүйге тапсырыс берсе, тәулігіне шамамен 270 долларды құрайды. 34 лашықтан тұратын қонақүй бөлмелері барлық қажетті бұйымдармен жабдықталған.
Идеяңыз болса - оны жүзеге асыруға асығыңыз! Және басқалардың бұл туралы не ойлайтынына құлақ аспаңыз! Вьетнамдық сәулетші Дан Вьет Нга дәл осындай пікірде. Оның басты арманы әлемдегі ғимараттардың біріне де ұқсамайтын қонақ үй тұрғызу
Crazy-House-қа қош келдіңіздер!
Бұл Crazy House -дың шын атауы - "Хан Нганың қонақ үйі". Ғажайып үй Ламдонг вьетнамдық провинциясындағы Далат қаласында орналасқан. .
Қаланың өзі 1890-жылдары спа-курорт ретінде іргесі қаланған еді. Енді міне, мұнда бірегей қонақ үйі бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz