Дәстүрлі және инновациялық оқытудың салыстырмалы ерекшеліктері
1 Дамыта оқыту технологиясы
2 Инновациялық процестің ұғымы мен мәні
3 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
4 Қашықтан оқыту жүйесінің типтері
5 Модульдік оқыту технология
2 Инновациялық процестің ұғымы мен мәні
3 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
4 Қашықтан оқыту жүйесінің типтері
5 Модульдік оқыту технология
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды. Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.

1.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Тараз 2003.-137б.
2.Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы,1993ж
3.Жұмабаева М. Педагогика. Алматы, 1993ж.
4.Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
5. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004.
6. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
7. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007
8. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

Дәстүрлі және инновациялық оқытудың салыстырмалы ерекшеліктері.
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі
деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда
Ұлы дидактикасында айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары
К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей
ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен
В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны субъект ретінде тануға бағытталды.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп
кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп
деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі
білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы білу аз,
сол білгенінді іске қолдана білу дейді. Әркім қолда барын ұсынады деп
немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына
қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз – алдымызда
тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы -
әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы
–мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал
бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-
жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр
халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны
белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып
келеді.
Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек,
қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз
қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә.
Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда,
ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі
кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе
материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не
ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай
бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект
– оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар
іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды
мақсат ет.Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне
интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене
қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін,
оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау,
сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды.
Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап
оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап
мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға
үлкен үлес қосып келеді.Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену
іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында
оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар
аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік,
қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып
оқушыларын қабілетті, қабілетсіз деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І
деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім
стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған
оқушы 3 деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға
міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы
тұрғыдан алғанда үлгерімі төмен, баяу оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе
алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай
жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-
саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік
білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен
бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол
тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған
тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге
мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау
үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім
жинайды
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Инновациялық процестің ұғымы мен мәні
Инновация термині ағылшын тілінің innovation деген сөзінен
шыққан, аудармасы жаңашылықты енгізу.
Қазіргі заман инновацияларының көпшілігі тарихи тәжірибемен сабақтас және
өткенмен ұқсастығы.
Инновациялық процесс – бұл дамуы жағынан мақсатты бағытталған және құрылуы
жағынан саналы процесс қазіргі заманның идеяларын, теорияларын,
әдістемелерін, технологияларын тарату және меңгеру, қолдану белгілі
критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір жағдайда өзекті және
бейімделген процесс болып табылады. Ол жүйенің сапалы жақсаруына
бағытталған жаңа тәртіптің енуін және жаңашылдық тұрғысынан оның
көзқарастарының өзгеруін және оның қатысушыларын ынталандыруды көздейді.
Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылықты
енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа
мазмұнын әзірлеуге, қолданылып орытған педагогикалық жүйені тарату мен
енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік
орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын,
әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім
мен тәрбие беруді көздейді. Инновациялық процестің дамуына 2 - фактор ықпал
етеді:
Объективті фактор – инновацмялық қызметтің дамуына ықпал ететін
және оның нәтижесінің ұғымын қамтамассыз ететін жағдай жасау.
Субъективті фактор – инновациялық процкстің субъектісімен
байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері педагог - ғалымдар,
мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып
табылады.
Педагогикалық инновацияларды классифиуациялау:
- технологиялық инновация - бұл өнім дайындаудың жадңа тәсілі, оның
шығаруының жаңа технологиялары. Білім саласында жаңашылдықтың әртүрлі
оқытуда пайдаланылатын әртүрлі технологиялық құралдар мен жабдықтарға
қатысты. Олар проблемалық оқытуға, тұлғалық диологтық жағдайларға және
оқудағы және оқытудағы даралық әдістерге арналған ортаның әртүрлі сызба
нұсқаларын құру үшін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Әдістемелік инновациялар - бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен
оқу, оқу – тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі салас ындағы
инновация. Олар табилғи – ғылыми және гуманитарлық пәндерді қамтитын
мектепке дейінгі тәрбиеден жоғары білім беруге дейінгі оқыту процесін,
кадрларды даярлау және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең
тараған.
- Экономикалық инновация – мұнда дұрыс қаржы төлемі, бухгалтерлік сала
мен жоспарлаудағы, мотивациядағы, еңбек ақы төһлеудегі және білім беру
қызметінің нәтижесін бағалаудағы оң өзгерістер.
- Басқарушы жаңашылдықты енгізу - олар өндірісті, ұжымдарды басқарудың
құрылымын, әдістерін қамтиды, тездету, жеделдету немесе қойылған міндеттің
шешуін жақсарту мақсатымен басқару жүйестінің элементтерінің айырбастауға
бағытталған.
- Заңдық инновация - білім мекемелерінің барлық қызмет түрлерін
реттейтін және айқындайтын жаңа және өзгертілген заңдар мен нормативті -
құқықтық құжаттар.
Компьютерлік оқыту технолиясы - қазіргі заманғы білім беру
технологияларына жатады.
Дистанциялық (қашықтықтан оқыту) - білім беру жүйесі университетердің
ғылыми жәнеғ білім беру мүмкіншіліктерін үлкен аудитория үшін толық
қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге
сару мен қолдану үшін мүмкіндік береді.
Дистанциялық оқыту - үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болып
табылады, ол әртүрлі оқушылар категориясына бірдей сүскіншілік ьеруге
жағдай жасайды. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен
білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Ғылым мен техниканың жедел
дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін
қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің
басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет
жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке,
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған
педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған
міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда
оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында
пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын
тигізуде.“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
“Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация
– арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,
шешімдерін күтеміз, – дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың
сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше
өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа
мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға
жетелейді. ” Масырова Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп
түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі
ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея.Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ
тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация,
инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды
жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген
анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында,
әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін
басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны,
қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-
бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен
байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).Әдіскер С.Көшімбетова
өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-
тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін
игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа
қабілет;
- саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен
әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның
инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық
байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік
бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы
ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде бала –субъект, бала-объект тұрғысынан
енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік
жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде
қарастырады;Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық
деп үш түрге бөлуге болады .
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек
конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі
әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді,
параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін
қалыптастырады.
Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа
байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне
мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны,
құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа
технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны
әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай
таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін
көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып
табылады.Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер
анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың
инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.Жаңа инновациялық
оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады.
Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор
тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке
басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында
да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі
дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды
даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек
күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ педагог-
психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға
даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ
мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға
даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі
жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас,
болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ
мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын
сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық
іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік
дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша
білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық
үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім
негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің
теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін
меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім
алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің
көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.Бейімділік өлшемдерін
болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік
жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы
инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік
өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне
ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге
асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.
Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған
ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-
тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу
танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған
ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі,
инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.Іс-
әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты
мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті
тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете
меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық
негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен
өлшенеді.
Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту
үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және
психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ
маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі,
оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас
педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары
болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы
қажет.Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық
белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді.
Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай
алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық
әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және
жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.Осы аталған
көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже
құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп
кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім
алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп,
тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер
болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-
қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже
көрсеткіші пайда болады.Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі;
инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын
меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада
дұрыс қолдану.Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған
кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі;
білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың
нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім
алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен
оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде
инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген
қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық
еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды
қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің
көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп,
сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа
инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын
нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты
түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу
орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі
жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір
шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа
инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан
ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана
білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша,
оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру
міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның
негізгі, басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты
түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде
тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қашықтық білім туралы түсінік:
Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен
оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың
негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған
материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып
үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық
технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық
технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру
үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі
және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте
бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы
құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта,
телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар,
күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа
бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша
оқшаулануға қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі
жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе
өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін
шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.
Қашықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық
жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың
элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар
дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін
жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша
мынандай жетістіктерге ие:
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
- Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
- Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын
қысқарту есебінен);
- Жаңа технологияларды қолдану;
- Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын
жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
- Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату
ыңғайлылығы;
- Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, қашықтықтан
оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті компоненттерді
шоғырландырушы қашықтан оқытудың арнайы ақпараттық жүйесі бағдарламаларын
қолдану болып табылады.
Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары:
- Құрылымының ашықтығы. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс.
- Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі
тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек.
- Кеңейгіштігі. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің
функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.
- Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы
керек.
- Сенімділігі. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек.
Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.
- Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына
бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген Интранет,
Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы керек.
- Масштабталуы. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы
масштаб жүйесін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz