Бастауыш сынып окушыларың тәрбиелеуде мектеп пен отбасы рөлі



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... 3

I. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткiзу негiздерi.

1.1. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Оқушылармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысын жүргiзу ... ... ... ..15
1.3. Сыныптан тыс жұмыс барысында тәрбиенiң рөлi ... ... ... ... ... ...28

II. Бастауыш сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау негiздерi.
2.1. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.2. Оқушыларды тәрбиелеуде жаңа әдiстердi пайдалану ... ... ... ... ...44
2.3. Тәрбие жұмысы жүргiзу тәжiрбиесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

Қорытынды ... ... ..61

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Балаларды тәрбиелеу-өте күрделi нәзiкте жауапты iс. Әрбiр тұлғаның тәрбиесi отбасынан басталады.Әрине отбасы белгiлi бiр ұлт өкiлдерiнiң ошағы.Ондағы тәрбие сол ұлттық игi iс әрекеттер арқылы әдет ғұрыпқа айналып, ол әдеп болып негiзделедi.
“Тәрбие бала дүниеге келген сәттен басталады ”деген сөздiң жаны бар. Бесiк жыры,ана әлдиiн естiп өспеген бала халық дәстүрiнде тәрбиеленген баладан туған халқын сүйетiн дiнiн .тiлiн құрметтейтiн мейрiмдi де, тәрбиелi азамат өсiп шығары анық.
Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.
Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүрiп баланың қалай дамып келе жатқанын,оның түрлi қылықтарына түрткi болған себептердi ұдайы талдап отырады. Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнiнде жүзеге асырылады. Баланың дамуына ықпал жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргiзгенде олардың бәрiн ескерген жөн.
1. Аманашвили Ш.А. Разышление о гуманной педагогике
2. Бастауыш мектеп. №9 1991
3. Бастауыш мектеп №1-2 1993
4. Бастауыш мектеп №9-10 1996
5. Бастауыш мектеп №6 2004
6. Бастауыш мектеп №1 2004
7. Бастауыш мектеп №12 2004
8. Бастауыш мектеп №1 2005
9. Бастауыш мектеп №5 2004
10. Бастауыш мектеп №9 2003
11. Бастауыш мектеп №5 2005
12. Бастауыш мектеп №9 2004
13. Бала тәрбиесi №9-10 2004
14. О.С.Багданова, В.И.Петрова “Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасы”.
15. Ғаббасов С. “Iзгiлiк әлiпесi”Алматы, Мектеп, 1998
16. Корчак Я. “Как любить детей” М 1968.
17. Жарықбаев Қ. “Қазақ тәлiм-тәрбиесi”.Алматы, 1992
18. Игенбаева Б.Қ. “Жеке тұлғаның рухани адамгершiлiгiн дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдiстемелiк”. Алматы. 2000 ж.
19. Каиров И.А., Богданова О.С. “Адамгершiлiкке тәрбиелеу әлiппесi”. Алматы, Мектеп, 1988
20. Келжанова Ж.,Өтемова А. “Тәрбие сағаттар жинағы” I-жинақ. Шымкент қаласы. 2000 ж.
21. Корчак Я. “Как любить детей” М., 1968.
22. Қоянбаев “Педагогика”
23. Қожақметова Қ. “Мектептiң ұлттық тәрбие жүйесi”
24. Мектептегi сыныптан тыс жұмыстар №5, 2004 ж.
25. Озғанбаев Ө.О. “Халықтан асқан ұстаз жоқ”
26. Сыныптағы тәрбие №3, 2003 ж.
27. Сыныптағы тәрбие №6, 2004 ж.
28. Сынып жетекшiсi №4, 2004 ж.
29. Сынып жетекшiсi №2, 2004 ж.
30. Уманов Г.А., Парфенов В.А. “Бала бақыты” Алматы. Жалын, 1979 ж
31. Яновская М.Г. Этические игры. “Классный руководитель”, 1999 г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткiзу
негiздерi.

1.1. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ...8
1.2. Оқушылармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысын жүргiзу
... ... ... ..15
1.3. Сыныптан тыс жұмыс барысында тәрбиенiң
рөлi ... ... ... ... ... ...28

II. Бастауыш сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау негiздерi.
2.1. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау
мiндеттерi ... ... ... ... ... ... . ... ... .37
2.2. Оқушыларды тәрбиелеуде жаңа әдiстердi
пайдалану ... ... ... ... ...44
2.3. Тәрбие жұмысы жүргiзу
тәжiрбиесi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 64

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 66

Кіріспе

Балаларды тәрбиелеу-өте күрделi нәзiкте жауапты iс. Әрбiр тұлғаның
тәрбиесi отбасынан басталады.Әрине отбасы белгiлi бiр ұлт өкiлдерiнiң
ошағы.Ондағы тәрбие сол ұлттық игi iс әрекеттер арқылы әдет ғұрыпқа
айналып, ол әдеп болып негiзделедi.

“Тәрбие бала дүниеге келген сәттен басталады ”деген сөздiң жаны бар.
Бесiк жыры,ана әлдиiн естiп өспеген бала халық дәстүрiнде тәрбиеленген
баладан туған халқын сүйетiн дiнiн .тiлiн құрметтейтiн мейрiмдi де,
тәрбиелi азамат өсiп шығары анық.

Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да,
мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына
сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.

Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүрiп баланың қалай дамып келе
жатқанын,оның түрлi қылықтарына түрткi болған себептердi ұдайы талдап
отырады. Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетiн қалыптастыру
күнделiктi өмiрдiң әр күнiнде жүзеге асырылады. Баланың дамуына ықпал
жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргiзгенде олардың
бәрiн ескерген жөн.
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде
тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ
мүдде деп түсiнiлген. Бздiң болашағымыз – артта өсiп келе жатқан
жасөскiндер мен жасөспiрiмдер. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертегiмiздiң кепiлi
деген сөз бар. Әсiресе баланың эстетикалық, көркемдiк талғамын ұштап ұлттық
тәрбие беруiмiз керек. Баланың тiлi қалыптаспай ойын айта алмайтыны
түсiнiктi болғанымен, тiл халық жаны бар екендiгiн түсiне беремiз бе. Тiл
ана сүтiмен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып жетiледi. Онсыз бала
мәңгүрт болып елiн-жерiн сүймейдi. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелi жерге
дән тастағанмен өнбейтiн сияқты, жас баланы бiлiммен сусындатып, бағып –
күтпесек, көкiрегiн ашып, тәрбие бермесек өспейдi, өнбейдi. Баламен тiл
табысып, оның бойына бiлiм ұрығын себетiн басты тұлға – ұстаз. Ұстазы
бiлiмдi болса ғана, осы ұлы мақсатқа-егемендi терезесi тең елге айналуға
мойын бұрамыз. Қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесiн алатын орны ерекше.
Бiлiм негiзi бастауышы қаланады десек ұрпақ тәрбиесi алдында бастауыш сынып
мұғалiмдерiнiң жауап кершiлiгi орасан зор. Күнде өзгерiс болып жатқан
бүгiнгi таңда халқымыздың арғы бергi тарихы мен дәстүрiн, тарихи асыл
мұраларымызды бiлiп, қастерлеп, бүгiнiмiзбен келешегiмiздiң нәрлi қайнарына
айналдыру әрбiр мұғалiмнiң азаматтық парызы [1].
Бүгiнгi мектеп табалдырығын аттаған әрбiр бүлдiршiн-ол ертеңгi қоғам
иесi. Соңдықтан оқытудың алғашқы сатысынан бастап, оқушыларға сапалы бiлiм,
саналы тәрбие беру, халықтық педагогиканы нәрлi қайнармен сусындату үшiн
ұстаздар қауымы ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық шеберлiктiң,
тәжiрибенiң негзiдерiн дұрыс қолдана бiлуi тиiс.
Баланың өмiр тәжiрбиесi аз, сондықтан оған айтатын ақыл – насихат, өнеге
– өсиет, әрi әсерлi, әрi ойда қалатындай мәнi бар болу керек. Ұрпағымызды
ана тiлiн ардақтауға, ұлтымызды сақтауға, көтеруге, қазiргеi өмiрге
қолдануға қолайсыз, тiптi терiс тәрбиелейтiн қасиеттерден сақ болуға,
ақылға қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейдi және санасын
арттырады. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесi заман талабына сай қоғамдық өмiрде
болып жатқан ұлы өзгерiстерге байланысты. Қазiр қоғам жан-жақты үйлесiмдi
жетiлген жаңа адамды тәрбиелеудi талап етiп отыр. Қоғам талабы – заман
талабы, өйткенi әр адам – өз заманының баласы. Сол себептен адамды заман
билейдi, заманына сай Заңы туындайды. Қай қоғамда да тәрбие жөнiнде талай
ойшыл – педагогтар адам бойындағы терiс қылықтар мен жаман мiнез- құлықтар
әлеуметтiк құрлыстың кемшiлiктерiнен туады... халықтың экономи-калық тұрмыс
жағдайларын, тiршiлiк – күйiн өзгерту керек, сонда адамның өзiде өзгередi,
– деп тұжырымдаған. Сондықтан “туа жаман жоқ, жүре жаман бар”, “Заман
түзелсе, жаман түзеледi”, – деп халық педагогикасы тәрбиенiң заманға,
қоғамға оның материалдық, рухани байлығына тәуелдi екенiн дөп басып
жеткiзген.
Жас адамды естi, саналы, сергек етiп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық
тәрбие орынарының бiрден бiр парызы. Өйткенi “Ес түзелмей, ел түзелмейдi”
олай болса, егемендi елiмiздiң болашағы отбасында тал бесiктен басылып, оқу
– тәрбие орындарына естi ұрпақты тәрбиелеу iсiмен шешiлмек.
Оқушыларға жан-жақты бiлiм, тәрбие беру мектеп атаулының басты мiндетi
орта, жоғары оқу орындарымен мектептен тыс мекемелер жүйесiнде бiлiм беру
және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесiн тұтас педаго-гикалық процес
немесе оқу тәрбие процесi деп атайды.
Бiлiм беру мен тәрбие мiндеттерiн толық шешу үшiн сабақ үстiнде әрбiр
тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестiрiп өткiзу – оқу- тәрбие процесiнiң
басты шарты [2].
Педагогикалық процестi ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар
коллективi бiржағынан тәрбие объектiсi, екiншi жағынан тәрбие субъектiсi
болады. Осыған орай оқу тәрбие процесiнде мұғалiмдер мен ба-лалар
ынтмақтастығы, олардың творчестволық еңбек етуiне зор сүйенiш болады.
Тәрбиенiң субъектiлер мен объектiлерi арасында әр түрлi байланыстар пайда
болады. Мысалы тәрбиешiлер мен оқушылар арасында қарым-қаты-нас арқылы
ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бiрлестiк iс-әрекетi т.б. Мұндай
байланыстар педагоги-калық процестiң табысты болуына игi әсер етедi. Оқыту
мен тәрбие процестерiн бiр-бiрiне ажыратуға болмайды. Бiрақ олардың
әрқайсысы өзiне тән ерекшелiктерi бар.
Тәрбие процесi – бұл күрделi диалектикалық процесс. Тәрбие процесi
әруақытта динамикалық (қозғалысты) жыл-жымалы болады. Сондықтан
педагогикалық ықпал бiр балаға жағымды ал екiншi балаға терiс ықпал етедi.
Осыған байланысты тәрбие процесiнде баланың көңiл-күйiн психикалық жағдайын
тұрған орнын ескерген еске алған жөн. Қазiргi педагогикалық теорияда тәрбие
әдiсi ұғымы әлiде жете зерттелмеген мәселелердiң бiрi. Өйткенi бұл жөнiнде
әр түрлi көзқарастардың бар екенi байқалуда. Бұған көптеген авторлардың
тәрбие әдiсне берген анық-тамалардың өзi- ақ дәлел бола алады.
Т.Е.Коникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың
тәсiлдерiмен жолдары арқылы тәрбие мақсаты арқылы тәрбие мақсатына жету.
С.И.Марьенконың анықтамасы бойынша тәрбие әдiсi-бұл жеке адамға тiкелей
және жанама түрде ықпал жасау.
В.И.Сластенин мектептерде тәрбие әдiсiн тәрбиешiлер мен
тәрбиеленушiлердiң iс-әрекетiнiң өзара байланыс тәсiлдерiмен тұжырымдайды.

Тәрбие әдiсi ұғымы туралы мұнан басқа да бiрсыпыра анықтамалар бар. Осы
анықтамаларға қарағанда шамасы әрбiр автор тәрбие әдiсi туралы ұғымды
өзiнiң зерттеу жұмысының нәтижесiнесүйенiп түсiндiретiн сияқты Бiрақ әр
түрлi анықтамалар бiр мақсаты көздейдi, бұл сананың дамуына баланың мiнез-
құлык тәжiрибесiнiң қалыптасуына әдiстiң тәрбиелiк ықпал жасау .
Сонымен әртүрлi авторлардың анықтамаларына сүйе-нiп мынадай қортынды
шығаруға болады. Тәрбие әдiсi-бұл тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара
байланыс iс-әрекеттерiнде оқушылардың адамгершiлiк, еңбек және тағы басқа
қасиеттерiнiң қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсiлдерi.
Қазiргi кездегi көпшiлiк арасында жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстарының мақсаты,
мазмұны әр адамға, оның ой-өрiсiне, сезiмiне, мiнез-құлқына ықпал жасауы
тиiс. Бұл орайда мектептiң, мұға-лiмнiң рөлi өте зор. Өйткенi олар
оқушылардың тәрбиесiне байланысты мiндеттердi шешедi және тәрбие әдiстерi
мен тәсiлдерiн жетiлдiредi. Бұл мiндеттер мұғалiмнен сауаттылықты,
iздемпаздықты өз iсiне асқан шеберлiктi талап етедi .
Тәрбиенiң түрлерi :
1. Адамгершiлiк тәрбиесi – жеке адамды жан-жақты дамытудың жетекшi
звеносы.Оқушылардың адамгершiлiк түсiнiгiн қалыптастыру, адамгершiлiк
сезiмiн және сенiмiн тәрбиелеу тәрбиешiнiң мақсатқа бағытталған iс-
әрекетiне адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты.
2. Жыныстық тәрбие-оқушыларды отбасылық өмiрге дайындау. Отбасы-
мәдениет ошағы, тәрбие мектебi.
3. Еңбек тәрбиесi –адамның жан-жақты және үйлесiмдi дамуына еңбек шешушi
факторлардың бiрi.Еңбек арқылы адамның дене, адамгершiлiк, эстетикалық және
ақыл-ой деңгейi дамып жетiледi.
4. Эстетикалық тәрбие-табиғаттағы, өнердегi, еңбектегi, өмiрдегi ең
жақсыны қабылдау одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегi
әдемiлiк атаулыны бағалай бiлуге үйретедi. Өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, оған керiсiнше ұсқынсыздыққа жағымсыз көз қарасты
қалыптастырады.
5. Дене тәрбиесi-жеке адамды жан-жақты мiндеттерiн iске асыруда дене
тәрбиесiнiң маңызы өте зор.
Оқу-тәрбиенi бiр–бiрiнен бөлiп қарауға болмайды олар өзара тығыз
байланысты. Тәрбиенi күнделiктi сабақта оқушының бойына сiңiремiз. Оқу мен
тәрбие егiз. Ұстаз бастауыш сыныпта әрi мұғалiм, әрi сол сыныптың жетек-
шiсi. Бала шыбық, қалай исең солай майысады, оны тәрбиелеп, мiнсiз азамат
етiп жеткiзудiң кiлтi бiрiншi – ұстаз, екiншi - ата-ана [3].
Аса көрнектi педагог В.А.Сухомлинский адамгершiлiктi, мейiрмандықты,
қайырымдылықты тәрбиелейтiн шын мектеп – отбасы дейдi. Мұғалiм оқушыларға
күнделiктi сабақта тәрбиенi бойына сiңiредi. Баланың қалай болып өсетiнi
ары бар және адал қызметкер жақсы адам, жер бетiндегi жақсылық атаулы үшiн
күрескер болып шығатыны немесе ұсақшыл, өзiмшiл тiптi ашықтан – ашық адам
зұлым адам болып өсетiнi көп ретте мұғалiмнiң балалармен жүргiзiлетiн
тәрбие жұмысының мазмұны мен методикасына байланысты.
I. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткiзу
негiздерi.
1. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшіліктері

Балаларды тәрбиелеу-өте күрделi, нәзiк те жауапты iс. Бөбек оқушы болды.
Бұл оқиғаның баланың өзi үшiн, ата-анасы, мұғалiмдерi мен тәрбиешiлерi үшiн
аса зор маңызы бар. Ол тұңғыш рет өте маңызды, қоғамдық мәнi зор қызмет-
оқуға кiрiстi.
Қазақстан Республикасының халыққа бiлiм беру жөнiндегi заң негiздерiнде
оқыту мен тәрбиелеудiң басты принциптерi: оқыту мен тәрбиенiң бiрлiгi,
балалар мен жастарды тәрбиелеудегi мектептiң отбасы мен жұртшылықтың өзара
ынтымағы, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудiң өмiрмен байланысы. Бастауыш
сыныптардағы тәрбие жұмысының нақты мазмұны мен методикасы осы
принциптердiң негiзiнде жасалады.
Оқушы болған балалар көп нәрсенi тұңғыш рет орындайтын болады. Баланың
оқуға, мұғалiмдерге, еңбекке, өзiнiң құрбы-құрдастарына, басқа адамдарға
бұдан кейiнгi қарым-қатынасты көбiнесе оның мектептегi осы бiр алғашқы
қадамына тiкелей байланысты болады. Әр баланың өзiндiк тәуiр қасиеттерi
болады: бiреуi қазiрден-ақ жақсы оқи алады, екiншi бiреуi сурет салады,
үшiншiсi аңғарғыш және өзiнiң көргендерi жайлы жақсы әнгiмелеп бере алады,
төртiншiсi ерекше ептi де жылдам жүгiредi. Мұны байқап көре бiлу және
әркiмнiң жақсы жақтарын бүкiл балалар ұжымына көрсете бiлу аса маңызды.
Сонымен бiрге әр баланың өзiне тән әлсiз жақтары да болады. Бiреуi
менменшiл, екiншi бiреуi жалқау, үшiншi бiреуi жеке басының қамын ғана
ойлайды, төртiншi бiреуi уәде беруге шебер, бiрақ берген уәдесiн
орындамайды. Тәрбиелi мұғалiм балалардың өмiрiн ұйымдастыра отырып тәрбие
жұмысын осы кемшiлiктердi түзейтiндей етiп жүргiзедi. Менмен балаға белгiлi
бiр iстi одан да жақсы бiлетiн нешесе орындай алатын балалардың бар екенiн
көрсету керек. Әмiр беруге құмар балаға өзгелермен мiн-деттi түрде бiрлесiп
атқаратын iстi тапсырған жөн: жеке бастың қамын ғана ойлайтын балаға
коллективтiк еңбектiң қуанышын сезiндiре бiлу қажет.
Алғашқы кездерде баланың қол жеткен табыстарын басқалардың
көрсеткiштерiмен салыстыра отырып, бағала-май оның өзiнiң бұрынғы
көрсеткiштерiмен салыстырып, өскендiгiн,iлгерi басқандығын атап айтқан,
бағалаған жөн. Сонымен бiрге баланың оқуға, еңбекте қоғамдық қызметте
бұрынғыдан да жақсы нәтижелерге жету үшiн жұмсаған күш-жiгерiн, ынта-
ықыласын атап айту мейлiнше маңызды [4].
Баланың рухани дүниесiндегi, адамгершiлiк бейнесiндегi көптеген аса
маңызды қасиеттер бастауыш сынып-тарда қалыптасады. Бала тұрақты бiлiм
негiздерiн дәл осы кезде қабылдайды.
Оның мiнез-құлықындағы, еркiндегi, адамгершiлiк бейне-сiндегi
ерекшелiктер дәл осы шақта қалыптасып дами түседi. Егерде бастауыш
сыныптардағы балалардың тәр-биесiнде әлде бiр маңызды кемшiлiкке жол
берiлсе, ол олқылық бастауыш сыныптарда байқалмаған күннiң өзiн-де,
жеткiншектiк жасқа келгенде ол мiндеттi түрде әсерiн бiлдiрмей қоймайды.
Мұндай жағдайда тек қана тәрбие процесiмен ғана емес, қайта тәрбиелеумен
айналысуға тура келедi, ал бұл алғашқыдан әлдеқайда күрделi жеткiншектердi
тәрбиелеудегi көптеген табыстар мен сәтсiздiктердiң себептерi мен
бастауларын балаларды мектепте оқытудың алғашқы жылдарындағы нақты тәрбие
процесiнiң iздестiрген жөн.
Қазiргi уақытта бастауыш бiлiм берудiң мазмұны қайта құрылды, оқытудың
методикасы өзгердi. Мұның өзi жан-жақты және үйлесiлдi дамыған адамдарды
қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесiн едәуiр жетiлдiрудi керекетедi.
Тәрбие үшiн бiлiм беру, оқыту методикасының өзiнiң көзқарасын,
мәдениетiн өмiрлiк тәжiрибесiн келер ұрпақ-қа беретiн ересек, адамның және
бiлiмнiң маңызы аса зор . Мұның бәрi балалардың дамуын бағыттайтын және
олар-дың қалыптасу ерекшелiктерiн анықтайтын ықпалдық күштер жүйесiн
құрайды.
Тәрбие iсi екi жақты процесс болып саналады. Ол бiр жағынан педогогтық
тәрбиелiк жұмысын қамтитын болса, екiншi жағынан осы жұмыстың объектiсi
тәрбиешiнiң әсерiмен, оның мақсаты педагогтық ықпалымен жұмысқа бесене
араласатын балалрды қамтиды.
Оқушыларды тәрбиелеудiң үлгi – мазмұнында төменгi сынып оқушыларының
бойында қоғамдық белсендiлiктi оқуға және ақыл-ой еңбегiнiң мәдениетiне
деген көз-қарасты, еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмысқа және халық дәулетiне
саналы көзқарасты, еңбек адамдарына асқан құрметпен қарай бiлудi
қалыптастыру қажет деп көр-сетiлген. Оқу және сабақтан тыс кезде төменгi
сынып оқушыларын ненiң жақсы және ненiң жаман екенiн, әдiлдiк пен
әдiлетсiздiктiктi түсiне бiлуге, тек қана жақ-сылық жасауса, әдiлеттi
болуға тәрбиелеу қажет. Балалардың бойында өз үйiне туысқандарына,
отбасына Отан қорғаушыларды жақсы көру сезiмi, басқа ұлттың адамдарына
достық қатынас, шындықты айту, адал болу қажеттiлiгi тәрбиеленедi. Балалар
коллективте ынтымақпен өмiр сүруге, бiрлесе оқып, еңбек етуге,
бiрлесе ойнай бiлуге үйренуi тиiс, бiрiне-бiрi жақсы жолдас және
коллектившiл болуға тиiс. Олардың бойында адамдарға, үлкендер мен
құрбы-құрдастарына деген iзгi қарым-қатынас, жан-жағындағы адамдарға
қолынан келген көмектесу талпынысы, еңбек сүйгiштiк мәдени мiнез-құлық
әдеттерiн қалыптастыру тәрбиеленедi. Балалар табиғатты, жан-
жануарларды қорғап өсуге баулынады. Төменгi сынып оқушыларының бойында
үлкендердiң алдында өз iсi үшiн жауапкершiлiк сезiмi, сөзi мен берген
уәдесiне жауапты қарау сезiмi қалыптастырылады [5].
Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастың қасиетiн қалыптастыру күнделiктi
өмiрдiң әр күнi жүзеге асырылады. Сондықтан оқушының күнделiктi өмiрi мен
iсiнiң әр түрлi, мазмұнды болуы, жоғары адамгершiлiк қатынасқа құрылуы өте
маңызды. Қиындықтары, табыстары мен сәтсiздiктерi сөзсiз болмай қоймайтын
соны бiлiмдер алу, дүниенi тану процесiнiң өзi төменгi сынып оқушылары үшiн
қуаныш процесiне айналуы тиiс. Жалдастарымен қарым-қатынас жасау, жаңа
достар табу, коллективтiк жұмыстар мен ойындар бiрге қайғыру, еңбекке және
қоғамдық пайдалы еңбекке араласу басқа ем нәрсемен салыстыруға келмейтiн
қуаныш сыйлайды.
Педогогтар тәрбиелiк ықпалдарды ұйымдастыра отырып, баланың iшкi
дүниесiн сыртқы факторлардың әсерiмен оның бойында болып жатқан
өзгерiстердi бiлуге мiндеттi.
Тәрбиешi бұларды бiлу керек, жорамалмен жұмыс iстемеу керек. Мектеп
тәжiрибесiнде балалардың iс-әрекетiне, олардың коллективтi қарым-қатынасына
адамгершiлiк тұрғысынан ұдайы баға берiлiп отырылды. Бiрақ белгiлi бiр
адамгершiлiк талаптарға әр баланың қарым-қатынасы және соған сәйкес оны
орындау бағасы көптеген субьективтi факторларға байланысты. Әр баланың
бойында қай мiнез-құлықпен iс-әрекет шын мәнiнде бар, баланың жеке басының
дамуы қай бағытта келе жатыр, адамдардың өзара қарым-қатынасы мен
қылықтарындағы адамгершiлiк қасиеттердi қай тұрғыда бағалай алады. Өз өмiр
тәжiрибесiнде қандай адамгершiлiк қылықтарды бастан кешiрдi. Оқушы осыдан
келiп өзiне өзiне қойылатын талаптар мен бағаларды өзiнiң және
басқалардың қылықтарының мәнiн әр түрлi қабылдайды. Мәселен, осы
тұрғыда ересек адамдар ренжiгенде бiр бала өз қылығы үшiн қатты ұялады,
ол өзiне-өзi ие бола алмай, жаман қылыққа жол бергенiн, ересектердiң
өз қылығына берген бағасының әдiл екенiн түсiнедi, екiншi бiр бала
жазалаудан ғана қорқады, өз қылығы үшiн ұялау дегендi ол бiлмейдi, мұғалiм
ата-анама айтып қояда-ау, олар жазалайды-ау деген қорқыныш сезiмiмен
ғана үрейленедi, ал үшiншi бала тiптi өзiн мүлде қате кiнәләп
отыр деп есептедi ол өзiн әдiлетсiз кiнәлағаны үшiн өкпелi, өзiнiң
iстегенiн дұрыс деп есептейдi, жолдасынан дұрыс кек алуы, бұдан былай
да тек қана осылай iстеуiм керек деп ойлайды. Тәрбиешi балаларға бiркелкi
ықпал жасағандай көрiнедi (жаман қылық үшiн айыптады) ал әр бала оның
ықпалын өзiн қабылдайды. Бастан кешкен оқиғаға өзiнiң жеке бағасын бередi.
Сондықтан да оқиғаны педогог пен баланың түсiнуi бiр тұрғыда болып, тек
қана оны түсiнудiң тереңдiгi мен жан жақтылығы түрлiше болса ғана,
тәрбиелiк ықпалы тиiмдi бола алады. Балаларды олар үшiн мейлiнше тартымды,
жаңа жұмыстың түрi-оқуға тарту мектептi бала өмiрiнiң орталығына
айналдырады. Мектеп, әсiресе алғашқы кездерде төменгi сынып оқушылары үшiн
өздерiн оқытатын, табыстарына баға беретiн, сәтсiздiкте көмекке келетiн
мұғалiм, құрбылары әзiрге олаодың ненiң жақсы, ненiң жаман екенiн
анықтауына айтарлықтай роль атқармайды, мiнез-құлық пен балалардың
арақатынасын реттеушi қоғамдық пiкiр де ендi ғана қалыптаса бастады. Өзiне-
өзi баға беруi әлi жеткiлiксiз оқушы әсiресе өз мүмкiндiктерi мен iс
нәтижелерiне өз бетiмен баға бере алмайды. Мұның бәрiн ересек адам, ең
алдымен оқушы өмiрiнде ең жоғары беделге ие мұғалiм жасауға тиiс.
Мұғалiмнiң кiсiлiгi, оның көзқарасы мен сенiмi педогог пен тәрбиеленушi
арасындағы қарым-қатынастардың сипаты тәрбие процесiнде аса зор
адамгершiлiк маңызға ие болады. Тамаша педогог В.А. Сухамлинский былай деп
жазған болатын: жеткiншектердi; ақылды; жан-жақты және мейрiмдi адамдай еш
нәрсе таңдантып, елiктiре алмайды.
Ақыл-ой, ақыл-оймен ғана, ар-ұят, ар-ұятпен Отанға берiлгендiк Отанға
шындап қызмет етумен ғана тәрбиеленедi. Бұл сөздердi сөз жоқ, кез-келген
жастағы оқушылар тәрбиесiне байланысты айтуға болады.
Әр адам өзiнiң алғашқы тәрбиешiлерiн өмiр бойы есте ұстайды, олар мұны
өлiм дүниесiнде әкелiп енгiзедi, оған табиғат пен қоғамдық өмiрдегi күделi
құбылыстарды көрсетiп олар түсiне бiлуге көмектеседi.
Оқыту мен тәрбиелеу бiрiн-бiрi дамытатын өзара байланысты екi процесс.
Бұларды бiр-бiрiнен бөле қарауға болмайды [6].
Тәрбие жұмысы мұғалiмнен бойындағы рухани күштердi түгелдей iске қосуды,
ақылгөйлiктен туған шыдамдылық пен ұлы сүйiспеншiлiктi, балаларға деген өз
iсiне деген сүйiспеншiлiктi талап етедi.
Тәрбие жұмысын табысты жүргiзу үшiнмұғалiм өз бойында оқып үйренуге
бiлiмдерiн кеңейтiп тереңдетуге деген тұрақты талпынысты дамытып отыруға
мiндеттi. Ол өз оқушыларының дамуын өсуiн қадағалай бiлуге, баланың iшкi
дүниесiн енуге, оның ой-арманы мен ренiш-күйiшiштерiн, iс-әрекетiнiн
себепте-рiн түсiне бiлуге, әр баланың болашағын оптимистiкпен болжай бiлуге
тиiс.
А. С. Макаренко былай деп жазған: Тәрбие дегенiмiз ересек аға ұрпақтың
жол ұрпаққа өзiнiң тәжiрибесiн өзiнiң ынтасын, өзiнiң сенiмдерiн үйретуi
болып табылады. Педогогтардың белсендi ролi дәл осымен анықталады.
Төменгi сынып оқушысының бойында мұғалiмге оның сөзiне қылықтарына,
бағаларына деген сөзсiз сенiм қалыптасқан мұғалима осылай iсте деген
портфельге кiтапты салғанда өлең жаттағанда, гербарит жасағанда, әжесiне
көмектескенде, кiшкентай балаларға жәрдем-дескенде т. б. жағдайларда ол
ылғи осылай дейдi. Сол арқылы ол өзiнiң мұғалiмге деген, оның
әдiлдiгiне, оның бiрлiгi мен талаптарына деген сенiмiн бiлдiредi.
Тәрбие жұмысы ерекше, арнаулы бiлiмдер мен қабiлеттердi қажет етедi. Жас
мұғалiмдер көп ретте тәрбиелеу үшiн оқытудың қандай маңызға ие екенiн дұрыс
түсiнбейдi немесе жете бағаламайды. Олар тәрбиелеу негiзiнен сабақтан
кейiн, жиналыстар, балалар қоғамдық пайдалы еңбекке қатысып, жорықтар мен
эскрурсияларға барғанда жүзеге асырылады деп есептейдi.
Тәрбиелей отырып оқыту принцiпiн олар жеке бағаламайды. Оқыту кезiнде
өтетiн материалдың мазмұныны баса назар аударылады. Оқуға арналған
кiтаптарда жинақталған, әдеби туындыларды талқылау кезiнде алдағы оқиғалар
мен кейiпкерлер әрекетiн сынып өмiрiмен тiкелей байланыстыру салыстыру
жүзеге асады, кейiпкерлердiң iс-әрекетi оқушылардың нақты iс-әрекеттерiмен
салыстырылады. Мұғалiмдер сабақты ұйымдастыру және оларда қолданылатын
әдiстердiң балаларды тәрбиелейтiнiне мән бере бермейдi. Оларға ықпал
жасау әдiстерiн таңдау үстiнде олар балаға әсер етудiң ең ең ықпалды
жолы оның жақсы жаман қылықтарын коллективте талқылау деп есептейдi,
жаман қылыққа жол берген баланың бұдан былай бұл қылықты
қайталамауға уәде беруi қажет деп ойлайды, осыдан келiп бала үйге
берiлген тапсырманы үнемi орындап омыруға төрт пен беске оқуға үзiлiс
кезiнде ешқашанда жүгiрмеуге, тағы басқаларға уәде беруi қажет деген
талап туады. Ал төменгi сынып оқушысының бұл тәрiздi уәденi беруi
оңай болғанымен, оны әр кезде орындай алмайтындығы табиғи жай мiне,
осыдан келiп баланың өзi орындап алмайтын уәде беруiне келiскен
педогог сол арқылы төменгi сынып оқушысын жауапсыздыққа үйретедi. Мұғалiм
бiлiм берiп қана қоймайды маңызы одан бiрде кеш емес, балалардың
бiлiмге, өмiрге, адамдарға қарым-қатынасын тәрбиелейдi. Мұнын мәнiсi
мынада: мұғалiм балаларды бiлiм игеруге қуана бiлуге үйретуге ,өзiн
қоршаған ортаға үңiле бiлуге оны зерттей бiлуге тәрбиелеуге тиiс. Мұндай
мұғалiмнiң сабағына балалар жаңалық ашудың ерекшк қуанышын, сәтсiздiктiң
ауыр күйзелiсiн, адамзат ақыл-ойының күшi алдындағы таңдану мен мақтаныш
сезiмiн бастан кешiргендей әсер алады. Мұндай мұғалiм тәрбиелеген балалар
ақылды және бiлуге құштар келедi, қателесуден қорықпайды,өзiнiң
пiкiрлерiмен ойларын құлшына айтады. Оқу процесi олардың бойында бiлуге
деген құштарлық, рахат сезiмiн тудырады. Балаларға мұғалiмнiң тәртiбi аса
күштi әсер етедi. Ол, тiптi мұғалiмнiң сабақты жүргiзу ырғағынан басталады
деуге болады. Балалар көп жағдайда кейде ойланбастан кейде ойланып-толғанып
барып мұғалiмге ұқсауға күш салып бағады, мен өзiмiздiң мұғалимамыз сияқты
боламын! – деп жатады. Егер мұғалiм батыл, көңiлдi, ширақ, iскер болса,осы
қасиеттердiң бәрi белгiлi бiр мөлшерде балаларға ауысып отырады. Ал егер
мұғалiм ашушаң, ылғи не болса да разы болмай отырса , ұстамсыз дөрекi
болса, балалар да ызақор болады, сыныпқа лажсыздан келедi [7].
Н.К.Крупская былай деп жазды: Балаларды ұстамды болуға үйретiп, өзi
ұстамсыз болған, балаларды жолдастыққа баулып, өзi оларға жолдастық
тұрғыда қарым-қатынас өзiн бастық ретiнде ұстайтын адам жаман тәрбиешi
болып табылады. Тәрбие жұмысы балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатудан
басталады. Балалардың тиiмдi мiнез-құлық тәжiрибесiн жинақтауы үшiн ең
қызықты деген шаралар сананың да оларға балаларды қатыстырудың дәрежесi
де ешқандай рөл атқармайды. Ең бастысы – мұғалiм мен балалардың өзара
қарым-қатынас стилi, ал мұның өзi балаларға деген ақылға сыйымды талапқа
сай сүйiспеншiлiкке, балаларға деген терең құрметте негiзделуге тиiс.
Бала (жасөспiрiм, жас жiгiт) бiртұтас адам ретiнде қалыптасады, ал оның
жекелеген қызметтерi жалпы сана-сезiмнiң дамуына байланысты дамитын
болады. Осы себептi де оқушыны бiртұтас қалыптасып келе жатқан адам
ретiнде тәрбиелеу керек. Онда оқшау еш нәрсенiң жоқ екенiн, жекелеген
өзгерiстердiң жеке бастың тұтас өзгеруiне әсер ететiнiн ескеру қажет.

Мұғалiм нақты тәрбие жұмысының жүргiзе отырып, мәселен оқушының әлде бiр
мiнез-құлық қасиетiн қалыптастыра отырып, оның жеке басының барлық жағына
да әсер етедi. Ол оқушының ақыл-ойына, сана-сезiмiне, ерiк–күшiне ықпал
жасайды. Ол солар арқылы ақыл-ой, еңбек эстетикалық және дене тәрбиесiнiң
мiндеттерiн орындайды. Тәрбие жүйесi осы тәрiздi өзара байланыстылыққа
құрылады. Сондықтан оқушы бойындағы жекелеген қасиеттердi тәрбиелеу арқылы
оның мiнез-құлықының басқа жақтарына да әсер ететiнi үнемi есте ұстауы
керек. Оқушылардың сана-сезiмi мен мiнез-құлқын өзара байланыста
қалыптастыру бұл – тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзi шарттарының бiрi.
Тәрбие процесi үстiнде бала өзгередi .Ол көп бiлетiн болады, көп iстi
атқара алады. басты бағыт етiп ұстануға мiндеттi. Тәрие процесiнде
мұғалiмнiң жетекшiлiк балалармен жүргiзiлетiн тәрбие жұмысы олардың
дамуына жағдай жасауы керек. Басқаша айтқанда мұғалiм баланың жеке
басының сапалық дамуын, оның ақыл-ойының, әсер алу ерiк-күшiнiң дами
түсiнiң рөлiн балалардың ерiктiлiгiмен шебер ұштсастыра бiлу керек. Сол
арқылы оқушылармен балалар коллективiнiң өзiндiк дербестiктерiмен жол
алуға дұрыс қарым-қатынас жасаудың жолдарын игеруге көмектесiп, жағдай
жасап отыру қажет. Тәрбиенiң дамытушы сипатының мақсаты – ықпал етушi
сыртқы әсерлi, iшкi саналы серпiлiстерге, саналы түрде меңгерiлген себеп-
салдарға айналдыру, парыз, ар-ұят, ождан сияқты iшкi этикалық
инстанцияларды қалыптастыру болып табылады [8] .
Жалпы бүкiл тәрбие, оның iшiндегi ғылыми бiр жүйеге келтiрiлген тәрбие
мектепте ғана жақсы мұғалiм, жақсы тәрбиешесi, сынып жетекшiсi осыны
тынғылықты жүргiзсе шәкiрттерi болашақта тәрбиелi азамат болып
қалыптасады. Бала тәрбиесiне оның болашағына немқұрайлы қарау
кешiрiлмейтiн құрал күнә олай болса баланы дұрыс тәрбиелеуге келген жөн

1.2 Оқушылармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысын жүргізу

Оқулармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысы сабақ үстiндегi тәрбие
жұмысының бағытын шартты түрде мынаған әкеп тiреуге болады.Оқу материалы
арқылы баланың адамгершiлiк сана-сезiмiн тәрбиелеу: баланың оқуға деген
жауапкершiлiгi мен ынта-ықласын: сабақ үстiнде адамгершiлiк тәрбие берудiң
басқа мiндеттерi әртүрлi жолдармен осы аталған мiндеттерге бағынышты
болып келедi.
Сабақ үстiнде белгiлi бiр материалды оқыту арқылы мұғалiмге дидактикалық
мiндеттермен бiрге тәрбиелiк мiндеттердi де шешуге тура келедi.
Педагогтардың зерттеулерiне қарағанда,оқу материалы мазмұнының тәрбиелiк
мәнi арнайы ашылмаған күн- нiң өзiнде де оқушының сана-сезiмiн
қалыптастыруды бағыттауға әсер етедi.Сондықтан да мұғалiм үшiн дидактикалық
мiндеттердi орындау мақсатында пайдаланылатын материалдардың бәрi бiр
емес. Сонымен бiрде бiр материалмен (тәрбиелiк жағынан өте мазмұнды
болса) оқытудың кейбiр мiндеттерiн (мәселен сөйлемдi сөз табына, сөйлем
мүшелерiне талдау, тағы сол сияқтылар) шешу мүмкiн болса, ал басқа
бiр материал керiсiнше шеше алмайды.
Мәселен, Л.Н. Толстойдың “Бөдене және оның балапандары” деген әңгiмесi
бойынша өткiзiлетiн сабақты алуға болады. Бұл әңгiменi оқып шыққан соң
оқушылар өлiп қалған балапандарды ойлап уайымдайды, оларды өлтiрген
балаларға ренжидi.
Сiрә, дәл осындай жағдайда мұғалiмнiң бiрден: – Бөдененiң ұясы
қайда орналасқан едi? – деп сұрауы орынсыз едi [9].
Қандай бiр оқу материалы болса да, дидактикалық мiндеттердi орындаумен
мейлiнше шебер, терең ойластыра отырып ұштастыра бiлу керек. Сiзге
адамгершiлiк жайлы ой бар тамаша; балаларға оны айтып жатпаңыз, осы
сезiмдi сезiндiре бiлiңiз; әңгi- меңiздiң соңында соған орай қорытынды
жасамаңыз, бiрақ қорытындыны балалардың өздерi жасайтын болсын. Бастауыш
мектептiң жаңа программаға көшуiне байланысты әрбiр оқу пәнiнiң тәрбиелiк
ролi күшейе түстi. Оқулықтардың мазмұны мұғалiмдер сабақ үстiнде
оқушылардың сана-сезiмiн, олардың адамгершiлiк қарапайым нормалары,
адамдардың қоғамдық тұрмысының ережелерi жөнiндегi түсiнiктерiн
қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын жүргiзуiне керектi аса бай
материалдар бередi. Мысалы, Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда
тәрбиелiк мақсатта пайдалануда педагог – ғалымдар мен психологтардың жас
ерекшелiктерi туралы iлiмiн және Абайдың өзiнiң жас балаларға арналған
тәрбиелiк пiкiрлерiне сүйенуi – iс-шаралардың нәтижелi болуының кепiлi.
Бастауыш мектептiң 1-сынып оқушылары Абайдың өз сөзiмен айтсақ, “бiлсем
екен, көрсем екен, үйренсем екен” деген жан құмарының басымдығымен қатар
қайратының (ерiк-күшi) әлсiздiгi, әсерленгiштiк пен жақсы оқуға
ұмтылуымен қатар бiр нәрсеге ұзақ көңiл қоюының қиындығы, зейiндiлiгi
жақсы болғанымен табандылығы нашар. Сол себептi психикасы тұрақсыз, ал
бұл бастаған iсiн соңына жеткiзу, әр нәрсенi өз уақытында атқару,
асықпай, тиянақты iстеу, өзiн тежеу, артын ойлау, кешiктiрмеу, сабаққа
кешiкпеу, үй тапсырмасын уақытылы орындау, оқытушының айтқандарын көңiл
қойып тыңдау сияқты iс-әрекеттерiне кедергi келтiредi. Мұның барлығы,
бiр сөзбен айтқанда, – тәртiп делiнедi.
Осы бағытта оқушылардың бойында тәртiпке бойсыну сезiмдерi мен
дағдыларын қалыптастыруда Абай шығармаларынан көптеген материалдар
тауып пайдалануға болады. Ал екiншi сыныпта оқушылар мен жүргiзiлетiн
тәрбиелiк жұмыста Абай шығармаларын пайдалану, тәртiпке бойсынуға
тәрбиелеудi жалғастырумен қатар еңбектену дағдыларын қалыптастыру арқау
етiп алынады. Бұл жастағы оқушыларға ең алдымен оқу, бiлiм алуға
әрекеттену, бiлу үшiн шамасының жеткенiнше ұмтылудың өзi еңбек екендiгiн
түсiндiру. Сонымен қатар еңбектiң басқа түрлерiмен таныстыру,
еңбектенудiң қарапайым жолдарын үйрету, еңбек шарттарын орындауға
тәрбиелеу ұқыпты, жылдам, сапалы т. б.. Мұнда еңбек деген ұғым осы
жастағы балалардың жас ерекшелiктерiне сәйкес алынады. Абай шығармаларын
еңбек тәрбиесiне қатысты тәрбиелiк iс-шараларды жүзеге асыруда
пайдалану мүмкiндiгi көптен берi айтылып келе жатқандықтан, ол
ұстаздарға таныс. Мәселен, ең алдымен оқушыларға еңбектiң қай
түрi болмасын бiр нәрсенi игеруге бағытталады:
Түбiнде баянды еңбек егiн салған,
Жасынан оқу оқып, бiлiм алған,
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектiң бұдан өзге бәрi жалған.
деген өлең жолдарын жаттатып, қазiргi заман тұрғысынан
түсiндiру, мәселен, оқудағы мақсат “бастық болу” қазақ арасында
кең тараған сөз “менiң балам бастық болады”деп емес, ең алдымен
бiлу үшiн, оқммын оқисың деген пiкiрдi баланың санасына ендiру.
Бұл-басты мақсат. Одан соң не нәрсенi болмасын игеру үшiн
еңбектену керек.
Тәрбиелiк тұрғыда аса мазмұнды текстермен байытылған оқу кiтаптарына
зор маңыз берген жөн. Оқуға арналған кiтаптарды талдау бұл жайлы
растай түседi. Мұғалiмнiң қолында тәрбие мақсатында шебер пайдалана
бiлген жағдайда балалардың негiзгi адамгершiлiк түсiнiктерiн қалыптастыру
жолында тұрақты жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн бай материалдар бар.
Оқулықтағы текстердi авторлар осы жастағы балаларға сай iрiктеген.
Текстермен жұмыс iстегенде мұғалiм мейлiнше айқын бейнеленген көркем
образдарға баса көңiл аударады, әр оқушы оны қабылдай бiлуi, түсiне және
сезiне бiлуi керек. Оқушылардың бейнеленген кейiпкерлерге деген сезiм күй
әсерлерi олардың адамгершiлiк түсiнiктерiн қалыптастырудың негiзi болып
табылады. Балалар көп ретте бiр кейiпкердiң жақсы, ал екiншi
бiреуiнiң жаман екенiн дәлелдеп, негiздей алмайды, бiрақ мұны жақсы
сезiне алады. Сондықтан да мұғалiм шығармадағы кейiпкерлер қылықтарының
адамгершiлiк жақтарын талқыламас бұрын балалардың әдеби бейнелердi дұрыс
та терең түсiнгендiгiне, оларға және шығармада суреттелген оқиғаларға
қарым-қатынастарын толық бастан кешiргендiктерiне көз жеткiзiп алу керек.
Жекелеген мұғалiмдер балалардың алған әсерлерiн күшейте түсу үшiн
оқыған жайларға өздерiнiң қатысын терең сезiндiру үшiн оқушылардың көңiл-
күйiне суреттелiп отырған оқиғаның мәнiне сай келетiн музыкалық
шығармаларды, олардан алынған жақсы үзiндiлердi пайдаланып отырады.
Осы мақсатпен 1-3 сыныптардағы ән-күй сабағында тындауға ұсынылатын
шығармалар жазылған касеталарды пайдалануға болады. Оқуға арналған
кiтаптардағы текстердiң бiр бөлiгi, мәселен. Маяковскийдiң “жасы
деген немене, жаман деген немене” атты өлеңi.
Көкшiл жапырақтар және сиқырлы сөз деген әңгiмелерi, адамгершiлiкке
байланысты сұрақтарды ашықтан-ашық қойып, оларға тура жауап бередi.
Бiрақ оларды әңгiме қылғанда да мұғалiмнiң әдептiлiк сақтағаны
жөн. Балалар мен олар үшiн аса маңызды проблемаларды, мәселен
кiмдi жақсы жолдас, ал кiмдi қайырымды адал адам деймiз деген
сияқты сұрақтарды талқылағанда, мұғалiм оқушылардың әңгiме
кейiпкерлерiне баға беруiн қадағалайды. Алайда кейiпкерлерге берiлетiн
бағаны дәл сол қалпында алып балалардың бiрiне таңуға немесе
балаларды осыған итермелеуге мүлде болмайды. Мұғалiмнiң: бiзге көкшiл
жапырақтар деген әңгiмедегi сараң қызға ұқсайтын кiм бар? – деп
сұрауы мүмкiн. Мұндайда балалар өздерiн өте ыңғайсыз жағдайда
ұстайды: өзiң бiреудiң күтпеген жерден атап қалуы мүмкiн деп
қорқады, ал кейде жолдасын реншiтiп алудан қаймығып үндемей
құтылады. Мұндайда мұғалiм: әрқайсысың ойланып көрiндершi, әлде бiр
қылықтарыңмен Катяға ұқсамайма екенсiңдер? – деп сұраған өте дұрыс.
Өз қылықтары өздерiн ойландырмайтын, өйткенi өздерiн шеттен шыққан
ештеңе де iстеген жоқпын деген сенiмдi жүретiн бiрен-саран балалар
болады. Жағымсыз кейiпкерлерге берiлетiн бағаны кей реттерде осындай
балаларға тiкелей таңуға әбден болады.
Тәжiрибелi мұғалiмдер бiрiншi сыныптағы алғашқы сабақтарда әдетте
балалрдың мектепке дайындық дәрежесiн, сөз сөйлеуiн, қабiлет дайындық
дәрежесiн, тәртiбiндегi кейбiр ерекшелiктердi, бiрiншi сыныптан келерге
бейiм екендiктерiн аңықтайтын әңгiмелер өткiзiп отырады. Бұдан кейiнгi
сыныптарда мұндай еркiн әңгiмелер каникулдан кейiн, экскурсиялардан
соң, тұрақты түрде өткiзiлiп тұрады.
Мұғалiм мұндай әңгiмелер кезiнде балалардың жексенбi күнi немен
шұғылданғанын жаз бойында нендей жаңалықтармен танысқанын тағы
басқаларды аңықтайды. Мұғалiм мұндай әңгiмелердi, бiрiншi жағынан
оқушылардың даму дәрежесiн, олардың программаны игеру барысының қайдай
тұрғыда екенiн аңықтау үшiн пайдаланса, екiншi жағынан бұлардың тәрбиелiк
маңызы зор. Сол арқылы балалрдың ойындағыларын, өздерiн нелер толғандырып,
нелер қызықтырып жүргенiн айтуына жағдай жасалады.
Сабақтың тәрбиелiк мәнi көп ретте оның қалай құрылатынына байланысты
болады. Оқу материалының мазмұны бiрдей болғаның өзiнде мұғалiм
пайдаланатын әдiстерге байланысты сабақтың тәрбиелiк тиiмдiлiгi әр түрлi
болуы мүмкiн.
Мұғалiм өзiнiң ойланып қойылған сұрақтары арқылы балалардың
белсендiлiгiне олардың ой-пiкiрiне бағыт берiп отырады. Оқыту iс
осылай ұйымдастырылған жағдайларда әр оқушының бiр құбылысты өзiндiк
ерекшелiктерiне орай әр түрлi жолмен қабылдауына жол ашылады. Балалар
көргендерiн талқыға салады. Коллективтiк талқылау үстiнде бақылаулардың
растығы мен дәлдiгi тексерiледi, бүкiл сынып жекелеген әңгiмешiлердi
сенiмсiздiкпен тыңдауы балаларды өз ойын дәлiрек бiлдiруге, өз әңгiмелерiне
талапты күшейте түсуге мәжбүр етедi.
Балалар үшiн мұндай әңгiме қызықты бәрiнiң де айтып қалғысы
келедi, енжары жоқ. Кейбiреулерi бiрнеше реттен әңгiмелеп бередi. Мұндай
сабақтың балаларға тәрбиелiк терең әсер ететiндiгi сөзсiз. Балалардың
бойында өзiнiң көргендерiн, өзiн қызықтырған жайларды сыныпта өз
жолдастарына мұғалiмiне айтып беруге деген қажеттiлiк туады. Сыныптағы
эмоцианалдық және коллективтiк өмiр байи түседi, сан қырлы болады.
Мұндай сабақтардың оқушылардың болашақ өмiрiне де әсерi күштi болады.
Осы сынып оқушыларының дамуына бұдан былайғы жерде жүргiзiлген
бақылаулар балалардың бойында табиғатқа деген, олардың өздерi көрiп,
бақылай алатын құбылыстарға деген ынта-ақыластың арта түскендiгiн
дәлелдейдi. Сабақ басталғаннан бiр ай өткеннен соң күзi тоғайға жасалған
саяхат кезiнде балалар өз беттерiмен күнделiктерiне, дәптерлерiне өз
беттерiмен күнделiктерiне, дәптерлерiне өз байқағандарын жазып отыратын
болады. Мұндай тәжiрибелi педагог оқушылардың оқуға деген ынтасының арта
түсуiне көмектеседi, ынтаның орныға түсуiне қолайлы жағдай жасайды.
Мәселен, бiрiншi сынып оқушыларын математика пәнi бойынша өткiзiлетiн
сабақтарда геометриалық материалдарды, алгебраның элементтерiн өту
әлдеқайда қызықтыра түсетiн болады. Мектептен келген балалар ата-
аналарына өздерiнiң бүгiн математиканың жаңа заңын- қосудың орын ауыстыру
заңын үйретiп қайтқаны және бұл заңды алгебраның бiлiмiмен жазып
көргенiң үлкен мақтаныш сезiм үстiнде айтады. Бастауыш сынып мұғалiмдерi
балаларды геометриялық тапсырмаларды ықыластана орындайтынын, түрлi
фигураларды ұқыптылықпен сызып, түрлi қиылыстарды, бұрыштарды тағы
басқаларды үлкен ұқыптылықпен салыстыратынын әңгiмелейдi.
Төменгi сынып оқушыларын алғашқы кезде бұл жұмыстардың сыртқы
көрiнiсi,сызғышпен және циркульмен жұмыс iстеу қызықтыратыны сөзсiз.
Сыныптағы ең нашар оқитын оқушының өзi математика сабағында: Бүгiн сызамыз
ба? – деп сұрап жатады. Мұғалiм бүкiл сыныпқа екi сызық сызу, оларды
өзара салыстыру жөнiнде тапсырма берiледi.
Балалардың бәрi де дереу жайраңдап, қызу қимылдап, тапсырылған
жұмысты атқаруға құршына кiрiседi. Берiлген тапсырманы бәрi де орындайды.
Ал бiрiншi сынып оқушыларына өз беттерiмен екi фигура (тiкбұрыш пен
шаршы) сызуға тапсырма берiлген келесi сабақта балалардың өздерi бұл
фигуралардың периметiрiн есептеп шығаруға тiлек бiлдiредi. Белгiлi бiр
қиындықтары бар жаңа тапсырма беру балалардың құлшынысын, оған деген
ықыласын тудырғандығы айқын.
Оқу пәндерi балалардың бiлуге деген құмарлығын арттыруға
бағытталған бай мүмкiндiктерге ие. Төменгi сынып оқушыларын өздерiн
қоршаған өмiрдегi құбылыстар ғана емес, сонымен бiрге олардың туу
себептерi де қатты қызықтырады.
Мұғалiм әр сабақты жауапты балалардың өздерi талқылау үстiнде
табатындай етiп құруға тиiс. О қушылар еңбек пәнi бойынша өткiзiлетiн
тәжiрибе сабақтарының үстiнде көптеген мәселелердi шешедi. Бiрсабақта
балалардың бiреуi: маған балықтың қалайша жүзетiнi түсiнiксiз. Оның
қанаты жоқ қай, сонда балықты суда не ұстап тұрады?- деп сұрады
Канеки, жауабын бiрлесiп ойластырайық. (Балалар бiртiндеп өз ойларын
айта бастады).
- Олардың жүзу қанаттары бар.
- Ол оны бұрып отырды-дедi бiр оқушы.
- Балалар су астында жүзетiн қайықтардағыдай жел толтырылған ыдысы бар.
Ол сол ыдыстағы ауауны сырқа шығарады да, судың түбiне сүңгидi.
- Дұрыс. Акквариумдағы балықтың түбiне сүңгiгенде көп көпiршiк
шығарғанын (көргендерi айтады) көргемiн –дейдi.
- Ал сонда қайтадан қалай көтерiледi.
- Жел безектерiне қайтадан оттегi толтырып алады Балық үшiн бұл демалу,
дем шығару сияқты.
- Ол жүзу қанаттарын суға тiрейдi де, құйрығының көмегiмен бiртiндеп
жоғары көтерiледi. Ауада жүзгенен гөрi суда жүзген әлдеқайда жеңiл. Мұғалiм
жоғарыдағы сұраққа жауап беруге асықпайды, ол балардың соның төңiрiгенде
ой қажеттi жауапты өз беттерiмен табуына көмектеседi [10].
Мұғалiм сабақ үстiнде балардың белгiлi бiр фактiлер төңiрегiнде ой
толғауына,туындаған сұрақтарға өз беттерiмен жауап iздеуiне, жолдастарымен
пiкiр таласы үстiнде өз пiкiрiн өрбiтуiне жағдай жасайды, олардың көп
болып күш салып қорғауға мүмкiндiк бергенде олардың ақылдылық, сыншылдық,
сияқты жеке басының аса бағалы қасиеттерiнiң дамуына жол ашады. Балалар
оқуға қалай болса солай енжар қарайтын сыныптар жайлы естуге болады.Ал
төменгi сынып оқушылары табиғатынан бiлуге ынтазар келедi. Л.Кассиль
вулкан, машина, жолбарыс, кеме планета мәселесi қызықтырмайтын бала жоқ деп
жазды. Балалар мiне, осылар туралы естiгенше асығады. Оқуға қалай болса
солай қараудың себебi неде? Оның себебi оқыту дәрежесiмен қазiргi оқушының
жалпы даму дәрежесiнiң өзара сәйкес келмеуiнде жатыр. Кейбiр мұғалiмдер
балалардың ой-өрiсi мен мүддесiнiң даму қарқынынан кейiн қалып қояды.
Адамды ығыр қылатын схемашылдық пен бiрiне-бiрi ұқсас ойлар мен пiкiрлер
балаларды жалықтырп жiбередi, олардыңбiлуге деген құштарлығын, жаңаны
түсiнуге деген ынтазарлығын қанағаттандырмайды.
Балардың бойында оқуға деген ынта-ықыласты тәрбиелеу олардың
белсендiлiгiне жол ашумен сөз етiп отырған жайға ынтықтырумен тығыз
байланысты. Мұғалiм балардың айтқандарына, қойған сұрақтарына шындап құлақ
асады. Ол балаларды сұрақты ойластырып қоя бiлуге тиiстi жауапты асықпай
бередi. Қойылған сұраққа берiлуге тиiстi жауапты асықпай бередi. Қойылған
сұраққа берiлуге тиiстi жауапты балалардың өздерi iздестiредi, ал мұғалiм
оларды дұрыс жолға салып отырады. Балалардың бiлуге деген құштарлығын ояту
мен оны нығайтып отыру үшiн сабақтың қиындық дәрежесi мен оның жүргiзiлу
қарқыны да өте маңызды.
Сыныпта таным қуанышы, жаңалық ашу қуанышы, коллективтiк ой-толғам
жұмысынаноқушылар ләззәт алатын жағдай жасау оқушының жеке басына оқытудың
игiлiктi тәрбиелiк әсер етуiне қажеттi шарт болып саналады. Оқыту iсiндегi
негiзгi стимул қойылған баға емес, танымдық мiндеттердi шешу үстiнде алатын
ләзаттқа құштарлық болуы тиiс.
Сабақтағы барлық басқалай тәрбие жұмыстарыоқу материалдарынның мазмұнына
оқыту мен сабақты ұйымдастыру әдiстерiне негiзделедi мәселен, сабақты
ұйымдастыру мәселелерi, оқушыларды тәртiптiлiкке тәрбиелеу педагог алдында
тұрғанда аса маңызды мiндет болып табылады. Бiрақ оның өзiде басты мiндетке
оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын қалыптастыру мiндетке бағындырылады.
Мұғалiм бұл мiндеттi шешу арқылы оқушыларды дер кезiнде партаға отыру.
Тыныш отырып, мұғалiмдi мұхият тындау, сабақ үшiн керектi құралдардың
бәрiнде дайындап алу, мұғалiмнiң тапсырмасын тез және ұқыптылықпен орындау
сияқты бұларсыз сабақ өткiзу мүмкiн емес талаптарды жүзеге асыруға
үйретедi.
Мұғалiм балалардың бойында оқу материалының мазмұнына мазмұнына деген
ынта-ықыласты оята алса, сабақ үстiнде тәртiп сақтаудың қосымша шараларын
қолданудың қажетi болмай қалады.
Мектеп қызыметi сабақ үстiндегi оқыту процесiне негiзделедi. Сабақ
үстiнде бiлiм беру және тәрбиелеу мiндеттерi бiрге шешiледi. Мұғалiм
тәрбиенiң қызыметiн қоғамдық пайдалы еңбектi, ертеңгiлiктi, тағы басқа
сабюақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырумен шектеу дұрыс емес.
Төменгi сынптарда сабақтан тыс жұмыстар бiрiншiден, оқу iсiмен тiкелей
байланыста жүргiзiлсе, ғана сәттi болады, өйткенi бiрiншi сынып оқушылары
тек оқуды ғана ең маңызды және ең мәндi iс деп есептеледi. Екiншiден
сабақтан тыс жұмыс алғашқы кезде өзiнiң формасы жағынан сыныптағы оқу
жұмысы сияқты нақты дәл ұйымдастырылған болса ғана сәттi болашақ. Бұл
шарттарды қатаң сақтаған жағдайда балалардың сабақтан тыс қоғамдық қызыметi
тиiмдi болмақ, ал мұның өзi төменгi сынып оқушыларының коллективiн
қалыптастыру сабақ үстiнде алғаш туындаған қарым-қатынастардан басталады.
Мұғалiм балалармен жұмыс үстiнде әр баланың жақсы қасикттерiн
орнықтыруға талпынады, барлық балаларды өз құбылыстарымен ынтымақтас
болуға баулиды, оларды сыныптас жолдастарына ықыласты болуға, олармен жиi
араласып отыруға тәрбиелейдi коллективте өзара тiлектес қарым-қатынастың
қалыптасуына жағдай жасайды.
Бұған қалайша қол жеткiзуге болады. Ең алдымен педагогтың өзi балалардың
жақсылығына қуанып сәтсiздiктерiне бiрге ренжiп отырады. Балаларға дұрыс
қарым-қатынас жасау оларға жан ашырлықпен қарау, балалардың сондай сезiм
тудырады. Бұл әуелгiде мұғалiммен қарым-қатынаста осылай болып қалыптасса,
кейiннен ол бiртiндеп жолдастарымен қарым-қатынасса осылай болып
қалыптасса, кейiнен ол бiртiндепжолдастарымен қарым-қатынасқа ауысатын
болады. Ал, мұғалiмнiң Аягөз бүгiн онша жақсы жауап бере алмады,
ыждаһаттанса әлде қайда жауап бере алады. Мүмкiн абдырап қалды ма, кiм
бiлсiн – деген сөздерi, мұғалiмнiң оқушыға осылайша жанының ашуы басқа
балалардың бойында да дәл сондай әсер туғызады [11].
Мұғалiм кейде сыныпқа қарап былай дейдi: Әлiшердi тыныш отырып, мұқият
тындайтын болайық бұл оның жақсы жауап беруiне көмектеседi.
Егер де мұғалiм әлде бiр баланы мысқыл объектiсi етiп алса, оны балалар
ұнатпайтын болады. Баланың бойындағы жалқаулық пен ұқыпсыздықты мұғалiм
балалармен бiрлесе отырып сынға алуы керек және баланың өз бойындағы
кемiстiгiн жоюға деген ынтасын мұғалiм ғана емес, оқушының жолдастары да
байқайтын болсын.
Дидактикалық мiндеттердi шешу үстiндегi мұғалiм олардың тәрбиелiк
тұрғыдан алып қарағандағы терiс жақтарын кейде байкамай болуда мүмкiн.
Мәселен сабақ үстiнде балаларды дербес жұмыс iстеуге баулу үшiн мұғалiм
олардың бiрiмен-бiрiнiң сөйлеспеуiн, бiрiнiң дәптерiне бiрi қарамауы,
олардың тапсырманы өз беттерiмен орындауын қатты қадағалайды.Бұл-өте әдiл
талап. Ал осындай бақылаудың ақыр соңында балалар бiр-бiрiнен дәптерлерiн
бар ынтасын сала жасыратын болады. Мұғалiмге мұнау дәптерiмдi көрiп қойды,
ұрысыңшы! – деп арыз айтып жатады. Сөйтiп мұғалiм өзi күтпеген жайға қуә
болады. Балалардың арасында терiс қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Сол
себептi мұғалiм оқудың мiндеттерiн шешуге байланысты оның басты
педагогикалық ой-пiкiрiн тудыратын осындай тиiмдi қосымшаларды үнемi
бақылап отырады
Оқушылардың сабақ үстiнде бiрлесiп жұмыс iстеуi әр түрлi бағыттағы
қарым-қатынастарды дүниеге келтiредi. Олардың қатарына, ең алдымен, өзара
көмек және бiр-бiрiне талап қою алға қойған мақсатқа жету үшiн бiрлесiп
әрекет жасай бiлу өзiнiң жеке басының табыстары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жолдары
Пәндер