Бес мән туралы кітап


БЕС МӘН ТУРАЛЫ КІТАП
Данышпан Аристотель өзінің таным туралы ой толғамдарын бастағанда былай дейді: зерттелетін әрбір затты білу философияға жатады, ол барлығы туралы білім. Сондықтан біздің бірінші жасайтынымыз, философияны ғылым ретінде бөлімдерге бөліп, дәл осы қарастырғалы отырғанымыздың оның қай бөліміне енетінін анықтап алу болуы керек.
Философия білімге және харекетке бөлінеді (8) . Мұның себебі жанның екі бөлікке, атап айтқанда, біздің "Категориялар туралы" кітабымызда түсіндіргеніміздей, ақылға және сезімге бөлінуінен. Философия, ең алдымен, жан ережесі, осыдан оны жанның ақыл мен сезімге бөлінуі жолымен екіге білім мен харекетке бөлгеніміз әбден орынды. Бұл білімнің ақылға қатысты, харекеттің сезімге қатысты жақтарын қамтуынан айқындалып тұр.
Жанның ақыл-ойымен танылатын жағы құдіретті тану білімі және жаратылғандарды тану біліміне ажыратылады, бұл заттардың қасиетінен: олардың кейбірі материядан бөлінбейтіндер (яғни сол материяның өзі), басқалары материяның арқасында бар, бірақ олармен тұтас емес, бөлек, үшінші біреулерінің материямен байланысы мүлде жоқ.
Материядан еш ажыратылмайтын заттар, сайып келгенде, субстанциялық заттар немесе денелер. Материямен мүлде байланыссыз заттар, асылында, дін ғылымдары зерттейтін құдіретті нәрселер. Материямен қат-қабат өмір сүретін заттарға жататындар жан сияқты (9) .
. . . Осы сияқты харекет те түрлерге бөлінеді. Бірақ осы пайымдауларымызда заттармен байланысты харекеттер туралы емес, заттардың өздерін тану туралы сөз еткен дұрыс болар дейміз. Сондықтанда біз осы пайымдауларымыздың мәнін ажыратып, бөліп алу үшін философияның бөлінетін осы екі тарауын қарастыруға тиістіміз.
Біз айтамыз: заттардың бірі барлық субстанцияларда болады, өзгелері кейбіреулерінде ғана болады. Соңғысына аспан денелері, жұлдыздар, сфералар, тағы сондайлар жатады, тағы осы қатардағылар денелер, бірақ пайда болатын және жойылатыи денелер. Олардың бірі жердің бетінде, бірі жердің қойнауында, тағы біреулері жерден жоғарыда болады. Жердегі заттар минералдар және сол сияқтылар, жердің үстіндегілер хайуандар және соған ұқсағандар, жер бетінен жоғарыдағылар жауын, бұлт, найзағай, күннің күркіреуі, ауада болатын тағы сондай құбылыстар.
Барлық субстанцияларда болатын заттарға келсек, олар бесеу: біріншісі материя, екіншісі форма, үшіншісі орын, төртіншісі қозғалыс, бесіншісі уақыт. Субстанциясы бар кезкелген затта оны құрап тұрған материясы, біз айқын көре алатын және сол арқылы өзге заттардан ажырататын формасы, белгілі шектеулі мекені (дүниеде белгілі бір шекті мекенсіз бір де бір нәрсе жоқ), сондай-ақ қозғалысы болады. Зат осы қозғалыс арқасында өмір сүреді. Қозғалыс белгілі жерде жоне белгілі уақытта болады, өйткені уақыт қозғалыстың саны болып табылады. Біз әрбір денеде қозғалыстың болатынын және ор қозғалыстың бір орыннан екінші орынға жасалатынын түсіндірген болсақ, әрбір денеде уақыттың болатыны да түсінікті болуы тиіс. Алайда біздің аталған бес бардың белгілерін қолтума заттардың мысалында түсіндіргеніміз жон болар, өйткені осы белгілер соларға қатысты. Біз осы бес барлықты, мәселен, кемеде бар деп айта аламыз. Осылардың бірі материя десек, ол кеме жасалған тақтайлар, формасы әр қырлары мен бұрыштары, ол басқыштан, есіктен, өзге заттардан осы арқылы ажыратылады. Одан тереңдей түссек, ол белгілі бір орында тұр және осы орында белгілі қозғалысқа келіп тұр. Сол сияқты бұл қозғалыс белгілі уақыт аралығында болып тұр.
Бұл бес барлық кемеде болуы тәрізді сезім жолымен қабылданатын және біз осы кітапты арнауды қажет деп тапқан өзгеше субстанцияларда да бар.
Олай болса, біз ең бірінші мынадай түйін жасауымыз керек: осы бес барлықтың екеуі, атап айтқанда, материя мен форма әрбір заттың бар болуының бастауы болып табылады.
Соңғы үшеуіне кіріспес бұрын, осы екі мәнді түсіндіруіміз керек. Өйткені түсіндіруді қажет ететін әрбір зат оның күрделі денелердің бастауы қатарындағы төрт элементке жатпайтын бастауларын анықтау жолымен танылғаны дұрыс. Бірақ әрбір зат материя мен формадан тұрады, олардан төрт түр жылы, суық, ылғал және құрғақ пайда болады да, олар хайуандардың, өсімдіктердің, жалпы пайда болып, жойылатындардың бәрінің бастауы болып табылады.
Материя мен форма болса, олар осы төрт түр үшін бастау, яғни бастаудың бастауы, олар қарапайым, олардан ілгеріде ештеме жоқ, өйткені сол төрт түрдің өзі дене, ал материя мен форма дене емес, денені құрастырушылар. Дене еместер күрделі нәрселер емес. Әлденеден құралған заттар ғана күрделі денелер, ал ондай құралмағандар күрделі денелерге жатпайды. Аталған төрт түр елденелерді құрайды, мына екі мәнді құрайды дейтін ештеме жоқ.
Сондықтан ойларымызды осылардан бастағанымыз ретті. Форманы қабылдайтын материя, сондықтан әлденені қабылдайтындар туралы сөздің басында материя тұрмақ.
Біздердің білуміз керек: әрбір денені түсіндіру үшін оған анықтама беру керек. Ал анықтама дегеніміз анықталатын нәрсенің тегі және оның түр ретіндегі ерекшеліктері туралы пікір. Анықталушы нәрсе алғашқысының арқасында бар болса, соңғысының арқасында өзге барлық заттардың арасынан танылады.
Бірақ біздің осыған дейін түсіндіргеніміздей, материя ең жоғарғы текке жатады, себебі, одан ілгеріде ешқандай тек деген жоқ. Осыдан айқын болатыны оны анықтама беріп түсіндіре алмақ емеспіз, өйткені өзінен ілгері әлдеқандай тегі бар нәрсенің ғана анықтамасы болуы мүмкін. Сондықтан біз одан ілгеріде ешқандай тегі болмаған затқа анықтама беру үшін, сол заттың өзі немен анықталар болса, соны қарастыруымыз керек, дұрысырағы былай деген: кез алдымыздағы нақтылы зат өзгелерінен несі арқылы дараланып тұрса, сонысымен, атап айтқанда, соның өзіне тән меншікті белгілерімен ажыратылады. Мәселе осылай болған жерде біздің алдымызда өзінің меншік белгілері тұрғысынан материяның өзі не дегенді анықтау міндет тұрады.
1. Материя туралы пайымдау
Ал мұны былай түсіндіруге болады: айтамыз: материя деген қабылданбай қабылданса, сол. Материя деген не нәрсе өзі сақталмай, өзгені сақтаса сол (Аристотель "Метафизикасында" X кітап, 23-тарау) . Мысалы, статуяның формасын "ұстап тұрады" (форманың иесі), ал дене науқасты "ұстап тұрушы" дейді) . Материя сондай нәрсе егер ол тарап кетсе, барлық қалғандары да тарап кетеді, бірақ қалғандары тарағанда материя тарамайды, өр зат материядан тұрады. Материя өзін өзі жоймай, қарама-қарсылықтарды қабылдайды. Материяның ешқандай анықтамасы жоқ.
2. Форма туралы пайымдау
Формаға келсек, бұл сөздің астарынан әркім әртүрлі нәрселерді түсінеді. Сондықтан кім де кім атауы өзге нәрселерге де ортақ келетін әлдебір затты түсіндірмек болса, осы ортақтастықты ажыратуға және оның өзі түсіндірмек болып отырған белігін бөліп алуы керек. Ал оны төмендегідей жасауға болады.
Формалар екі бөлікке бөлінеді. Олардың бірісезім арқылы қабылданатын форма, екіншісі текке тәуелді және соның арқасында әлде қандай бір нәрсе текке айналатын және саны жағынан көп нәрселерге қаратылып айтылатын форма. Бірінші форма алдымыздағы нақты зат, өз субстанциясының өзге заттарынан сапасымен, санымен, он түрлі тегінің (категорияларының) тағы қалғандарымен көзге ұрып ажыратылатын форма. Ол барлық заттарды құрайды.
Текке тәуелді форма осы қарапайым бастаулар қатарына қосылмайды, сондықтан оған біздің осы кітабымызда тоқталудың қажеті жоқ, өйткені бұл кітап әрбір денеде бар қарапайым барлықтарды (болмыстарды) қарастыруға арналған.
Нақты бір заттың өзге заттардан және қарапайым негіздерден көзбен көргендей ажыратылатын формасына келсек, оларды түсіндіруіміз және олардың не екенін айтып беруіміз керек. Формаға қатысты түсіндірулер мен ойлар материя турасындағы ойлардан мәлім болуы себепті, біздің ең алдымен соларға тоқталуымыз жөн. Ал оны айтып, төмендегідей жасаумызға болады.
Қарапайым материяда әлдеқандай бір потенция бар. Заттар материядан соның арқасында құралып, пайда болады. Бұл потенция форма. Яғни форманың өзі потенция деген соз. Мәселен, қарапайым денелер болып саналатын құрғақтық пен жылылық қосылғанда от шығады. Демек, материя қарапайым жылылық пен қарапайым құрғақтықта, ал осы жердегі форма от. Бірақ осындағы потенция сондайлық, ол жылы мен құрғақ қосылғанда материяны отқа айналдырып жібереді.
Біздің енді формаға анықтама беруіміз керек. Мен айтамын: форма бір затты екінші заттан көзбен көріп ажырататын түр өзгешелігі, сонымен бірге осы жерде көру аталатын білім дегенді білдіреді. Форманы өзге заттардан оқшауландыратын анықтамасы осындай.
3. Қозғалыс туралы пайымдау
Қозғалысқа келсек, ол алты түрге бөлінеді: бірінші, пайда болу, екіншіден, жойылу, үшіншіден, құбылу, төртіншіден, ұлғаю, бесіншіден, кішірею, алтыншыдан, бір орыннан басқа орынға жылжу.
Пайда болуға келсек, ол субстанцияларда ғана болады. Мәселен, адамның жылы мен суықтан пайда болуы тәрізді. Дәл осылай жойылу да субстанцияларда ғана болады, мәселен, адамдардың тозаңға айналуы.
Үлкею мен кішірею көлемде ғана болады, мәселен, кейбір денелердің үлкеюі сияқты. Айталық, сен бұрын ұзындығы он құлаш дененің кейін тоғыз құлаш болып қалғанын көресің де, осы қозғалысты кішірею дейсің, ал егер осы дененің он бір құлаш болып кеткенін корсең, бұл қозғалысты үлкею дейсің. Себебі, қозғалыс санда ма әлде уақытта болды ма, немесе сан категориясына енетін басқадай бірдемеде болды ма бәрібір, егер саны көбейген болса, мұндай қозғалысты ұлғаю, азайса кішірею дейсің. Асылында, субстанциядағы сан ғана не азаяды немесе көбейеді, өйткені бірінің ұзындығы бір құлаш, екіншісінің ұзындығы төрт құлаш екі заттың екеуі де бір субстанциядан табылады.
Құбылуға келсек, ол субстанцияда бар сапада ғана болады, мәселен, әлдебір қараның акқа айналуы немесе суықтың өзгеріске ұшырап, жылынуы немесе тәттінің ащыға айналуы сияқтылар. Бір орыннан екінші орынға жылжуға келсек, оның екі тәсілі болады: айналмалы және тура қозғалыс. Айналмалы қозғалыс екі түрге бөлінеді: немесе зат өзінің тұрған орнын өзгертпей, сол заттың бөлшектері ғана орындарын алмасып отырады, ол орнын тастап кетпейді, орталығы болып саналатын бір нүктені айналып қозғалады, мәселен, табиғаттағы сфералардың қозғалысы немесе диірмен тасының қозғалысы, немесе акцидентальді налу (шебер лақтырушылардың бір орнында шыркөбелек айналғаны мысалы) тәрізді. Немесе ол өзінің тұрған мекенін өзгертеді, мәселен, жүк арбасының жылжуы сияқты (анығында оның қозғалысы тура және айналмалы қозғалыстардың жиынтығы) .
Тура қозғалу да екі түрге бөлінеді, өйткені ол не ортаға қарай болады, мәселен, су мен жердің қозғалуы сияқты немесе ортадан шетке қарай болады, мәселен, ауа мен оттың қозғалысы тәрізді.
Тура қозғалыстың түрлеріне келсек, олар алтау, атап айтқанда, оңға және солға, жоғары және төмен, алға және артқа.
Өзгеру және құбылумен байланысты қозғалыстардың бәрі шын мәнінде сапада болатын қозғалыстар.
4. Мекен туралы пайымдау
Мекенге қатысты, оның не екені күңгірт және нәзіктігі себепті, философтардың пікірлері әртүрлі. Олардың кейбірі мекен деген мүлде жоқ деген сенімге ойысады. Кейбіреулері ол дене деп бекемдейді (мәселен, Платон) . Қайсыбірі ол бар, бірақ дене емес дегенге табан тірейді. Аристотель болса, ол бар және сөзсіз айқын әлдене деп түйеді.
Мұны түсіндіруге болады, егер орын дегеннің өзі не және ол қандай деген сұрақтарға жауап таба алсақ. Осыдан бұл жерде сөзді мекен бар ма дегенді анықтаудан бастаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz