Грамматиканы оқытудағы жаңа бағдар



1 Коммуникативтік оқытудың саналы бағыты
2 Функционалдық грамматика
3 Лингвистикалық негіздеме
4 Әдістемелік негіздемесі
Біздер қазіргі кезде қазақ тілін оқытуды жетілдірудің қажеттігін көп айтамыз, көп естиміз. Осы мәселені шешудің бір жолын ұсынып көрелік.
Тілдік білім – тілдік мәдениет - тілдік тұлға үш тағаны бүгінгі таңда түбірлі түзетуді талап етеді: бәрінен бұрын коммуникативтік тұлғаны қалыптастыру негізі болып табылатын тілдік тәрбие туралы айту керек. Нақ тәрбиенің( оқыту емес, білім беру емес) қажеттігі туралы чех ғалымы А. Едличка жазған еді. Яғни оқытудың мазмұндық, коммуникативтік басымдығы ретінде, бірінші кезекте сөйлеуші мен жазбаша жұмыста қатысым практикасында қажеттіні үйрету тұрады. Лингвистикалық білім берудің басты мақсаты - коммуникативтік тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру.
Коммуникативтік оқытудың саналы бағыты тілді оқытып үйретудің басқа жүйесін талап етеді. Қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі - сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, қатысым біліктілігін қалыптастыру, (тек қана сөйлеу, өзгені тыңдау ғана емес), өз көзқарасын мәнерлі жеткізуге, пікір таласқа қатысуға, тілді еркін меңгеруге алғы шарт жасау.
Тілдік тәрбие жүйесін жетілдірудің болашақты жолдарының бірі - лингвистика ғылымының жетістіктерін белсенді пайдалана білу. Оқытудың функционалдық, коммуникативтік бағытының күшеюі қазіргі лингвистиканың осы бағыттағы дамуының нәтижесіне де байланысты.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА БАҒДАР
26.05.2011 06:00
       Біздер қазіргі кезде қазақ тілін оқытуды жетілдірудің қажеттігін көп
айтамыз, көп естиміз. Осы мәселені шешудің бір жолын ұсынып көрелік.
     Тілдік білім – тілдік мәдениет   - тілдік тұлға үш тағаны бүгінгі
таңда түбірлі түзетуді талап етеді: бәрінен бұрын коммуникативтік тұлғаны
қалыптастыру негізі болып табылатын тілдік тәрбие туралы айту керек. Нақ
тәрбиенің( оқыту емес, білім беру емес) қажеттігі туралы чех ғалымы А.
Едличка жазған еді. Яғни оқытудың мазмұндық, коммуникативтік басымдығы
ретінде, бірінші кезекте сөйлеуші мен жазбаша жұмыста   қатысым
практикасында қажеттіні үйрету тұрады. Лингвистикалық білім берудің басты
мақсаты -   коммуникативтік тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру.
       Коммуникативтік оқытудың саналы бағыты тілді оқытып үйретудің басқа
жүйесін талап етеді. Қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі - сөйлеу
мәдениетіне тәрбиелеу, қатысым біліктілігін қалыптастыру, (тек қана сөйлеу,
өзгені тыңдау ғана емес), өз көзқарасын мәнерлі жеткізуге, пікір таласқа
қатысуға, тілді еркін меңгеруге алғы шарт жасау.
Тілдік тәрбие жүйесін жетілдірудің болашақты жолдарының бірі - лингвистика
ғылымының жетістіктерін белсенді пайдалана білу. Оқытудың функционалдық,
коммуникативтік бағытының күшеюі қазіргі лингвистиканың осы бағыттағы
дамуының нәтижесіне де байланысты.
         Н. Д. Арутюнова, А.В. Бондарко, Г.А. Золотова, Н.Ю. Шведова және
тағы басқа лингвистердің еңбектері тілдегі функционалды, коммуникативтік
бағытта дамытып, тереңдетіп келеді. Бұл ғалымдардың теориялық ойлары барлық
тілге ортақ мәселені көтерген. Шет тілдерін оқытып, үйрету барысында
функционалды коммуникативтік бағыт табысты пайдаланылуда. Осы бағытты қазақ
тілін оқыту барысында да, оқу құралдарын жазу барысында да негіз етіп
алатын кез келді.
Функционалдылық - тілді оқытуда мағынадан –тұлғаға - функцияға жүйесімен
байланысты. Осындай тілге деген жүйелілік - интеграциялық көзқарас тіл
жүйесінің концентрлік модельін құрайды. Бұл бағыт тілдің дәстүрлі деңгейлік
құрылымына сүйене отырып, мағынадан оның берілуіне, одан әрі сөйлеудегі
функциясына барады. Осылайша функционалды семантикалық категория мен
өрістің грамматикасы қалыптасады. ( А.В. Бондарко мектебі) Функционалды
семантикалық категория сөз сөйлеуде берілетін негізгі логикалық, ұғымдық
категориялармен сәйкес келеді. Олардың тізіміне субъект( жеке неиесе
заттық), предикат ( әрекет, қалып күй, сын белгілер және т. б. ), обьект,
сан, мезгіл, себеп және басқалар жатады. Мұндай категориялардың негіздемесі
– сөз, ( речь)сөйлеу.
       Функционалдық грамматика тіл жүйесінде өрістік жолды пайдаланады,
өріс ұғымы кең қолданыста болады.Тіл мұнда деңгейлік ( фонетика, лексика,
фразеология, морфема, морфология, синтаксис) тұрғыда емес, функционалды
семантикалық өріс ( ФСӨ) жүйесі ретінде қарастырылады, Жүйедегі әрбір өріс
тілдегі жақын немесе ұқсас мағыналарды білдіретін әр түрлі деңгейдегі
тілдік құралдарды біріктіреді. Әрбір өрістің өз ішінде тек қана мағыналық
ұқсастығымен ғана емес, сондай – ақ қызметтерінің сәйкестігімен де  
біріккен белгілі бір реттілік, әр түрлі деңгей құралдарының иерархиясы бар.
         ФСӨ аясында негізгі, орталық болып бөлінуі нақты сөйлеу актісінде
тілдік бірлікті таңдауға мүмкіндік беріледі. Тілді оқыту практикасында,
әсіресе мектепте тілдің дәстүрлі деңгейлік жүйесінен бас тартудың мағынасы
жоқ, алайда,функционалды және коммуникативтік грамматика саласындағы
қазіргі зерттеулердің нәтижелерін де беру лингвистикалық білім беру мен
тәрбиелеу жүйесінің жақсаруына жақсы импулсь беруі тиіс.
Тілдік бірліктерді жеке, бір – бірінен алшақ оқыту ұстанымы мектеп және
жоғары оқу орнында тілді оқыту жүйесінде қалып алып кеткен. Біз оқушыларға
тіл жүйесінің әрбір деңгейін – қабатын ( фонетикалық, морфемалық,
сөзжасамдық, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық), бірізділікпен
таныстырамыз.
       Бастауыш мектепте, одан кейін орта буынға көтерілгенде осындай
деңгейлік, кезеңдік оқыту түсінікті, заңдылықты да, ал бұл оқытудың кейінгі
сатыларында тілді меңгерудің белсенділігін баяулатады. Бір орынды басу - үш
дүркін қайталанатын сияқты әсер қалдырады: бастауыш мектепте, орта буында,
жоғары сыныптарда. Оқу материалдары сыныптан сыныпқа көшкен сайын
өзгеретіні, күрделілігіне қарай ажыратылатыны түсінікті, бірақ қайталау
ұстанымы тілге деген қызығушылықты төмендетеді, сөйлеу әрекетін дамытуға
көмектеспейді. Осындай бірізділікпен тіл ( фонетикадан синтаксиске және
мәтінге дейін) жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде де
оқытылады.
        Бастауыш мектеп функционалды коммуникативтік тұрғыда оқыту үшін
база бола алатын тіл туралы теориялық мәліметтердің қажетті көлемін
беретіні анық. Осы негізде сөйлеу талабына байланысты тілді концентрлікпен
оқу қажет және мүмкін. Осылайша біз сөйлеу( речь) мен тілдің арасындағы
алшақтықты жою мәселесінің шешілуіне жақындаймыз. Тілді оқудың осы екі жағы
бірлестікте оқытылмай келді. Енді оның сөйлеудегі қызметін талдау негізінде
тілді меңгерудің болашағы бар.
         Мектептік және жоғары оқу орындарында оқытудың коммуникативтік
бағдары тілдік жүйені басқаша сипаттауды талап етеді. Мектептік, Жоо
практикасында тілдік бірліктерді талдау тілдің шынайы функциясын түсіну
үшін синтезбен қатар жүргізілмейді. Ал осындай синтездік амалға уақыттың,
өмірдің өзі алып келіп отыр: сөйлеуді, жазуды еркін меңгеру - тіл туралы
білім интеграциясының жоғарырақ деңгейін талап етеді.
Жаңа бағдардың негіздемелері
 
    Функционалды грамматиканың негіздерін оқу әр түрлі деңгейдегі тілдік
бірліктердің өзара әрекетін ғана көрсетпейді, сонымен бірге осы тілдік
бірліктерді тілдік қатысым үшін таңдауды үйретеді.
Мысалы, бұйрықтың берілу құралдары жүйесін біле отырып, біз қатысым
жағдаятына қарай тиістісін таңдай аламыз. Шақыруды - ақ алайық. Осының
өзі әр түрлі нұсқамен берілуі мүмкін: Маған сағат 5 – те кел. Маған келіп
кете аласың ба? Маған келесің бе? Маған келіп кетсең болар еді. Маған келіп
кетсеңші. Берілу құралдарын бірінен бірін артық көруде біз нені
жетекшілікке аламыз? Сөз сөйлеу жағдаятының ерекшелігі ( ресми – ресми
емес), әңгімелесушімен қатынасы,(жақын - жақын емес), коммуникация бойынша
әңгімелесушілердің жас ерекшелігі, әлеуметтік немесе кәсіби мәртебесі
(мысалы, бастық – оның қарамағыңдағылар), тіпті, шақыру әрекетіне
сөйлеушінің қызығушылығы да қатысты. Нәтижесінде, жақын нұсқалар қатарынан
сөйлеушінің пікірінше жарамдысы, тиімдісі таңдалады.
    Функционалды семантикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін үйренудің тиімді әдістері
Жазуға үйретуге түрлері грамматикалық жаттығулардың түрлері және оларды қолдану
Грамматикамен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктері
Шетел тілі мұғалімінің ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіншілігі
Қазақ тілі әдістемесінің қалыптасу кезеңдері
Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Ересектер мен жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытуда ойын әдістерін қолдану
Берілетін материалдар көлемі
Пәндер