Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін құзырлық қатынас негізінде даярлаудың кейбір мәселелері . . . 15

1. 2 Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің мәні, мазмұны мен құрылымы . . . 44

1. 3 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жетілдіру үдерісінің ерекшеліктері . . . 53

2 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың әдістемесі және эксперимент мазмұны

2. 1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін құзырлы маман етіп қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі . . . 58

2. 2 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жетілдірудің бағдарламасы (әдістемелік нұсқауы) . . . 63

2. 3 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби құзырлы маман етіп қалыптастырудағы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері . . . 68

Қорытынды . . . 73

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 75

Қосымшалар . . . 83

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау болып отыр.

Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев осы жылдың 5 қыркүйегінде Назарбаев университетінде жасаған интерактивті дәрісінде: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман болды. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім менен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді әжетке жаратып, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. «Инемен құдық қазғандай» қиын да күрделі, орасан зор қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл бұл заманда», - деген болатын [1] .

Осыған байланысты, қазіргі таңда ЖОО-ның нормативті құжаттарында болашақ педагог кадрларды даярлау мәселесінде олардың кәсіби құзырлығын арттыру мәселелері жиі қарастырылып жүр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп атап көрсетілгенін ескере отырып, соңғы уақытта бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға дайындау ісінде кәсіби білігі мол мамандарды қажет ететін жаңашыл қоғамның да білім беру жүйесіне қояр талабының айтарлықтай артқандығын байқаймыз [2] .

Талап бойынша, жаңашыл қоғам мұғалімі - жаңалықтарға жаны құмар, теориялық және әдіснамалық білімі жоғары, түрлі ғылыми зерттеулерін эксперименттік тәжірибелермен ұштастыра білетін, сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін өз ісінде дұрыс пайдалана білетін, кәсіби біліктілігі жоғары маман болуы тиіс.

Осы тұрғыдан қарар болсақ, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде рухани-гуманистік, ақпараттық, коммуникативтік, интеллектуалды-креативтік құзыреттіліктері қалыптасқан, зерттеушілік, жобалаушылық, модельдеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары дамыған жаңа қоғамның мұғалімдерін дайындаудың тың жолдарын қарастыру қажеттігі туындайды. Өйткені, өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытуға, педагогикалық ақиқатқа жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндігі бар, кәсіби мәнділігін жүзеге асыра алатын, белгілі бір әлеуметтік мәртебені иеленген шығармашыл мұғалім ғана қоғам талап етіп отырған тұлғаны қалыптастыра алады [3] .

Сондықтан, бүгінгі таңда жаңа қоғам мұғалімінің ең басты, болуға міндетті қасиеттерінің бірі оның кәсіби біліктілігі, яғни құзырлығы болып табылады.

Күні бүгінге дейін кәсіби құзырлықтың түрлі бағыттары ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылып келді. Айталық, шетелдік және отандық әдебиеттерде педагогикалық бағыттылықты қалыптастырудың негізі - Е. П. Белозерцов, И. А. Колесникова, А. Е. Кондратенков, Н. В. Кузьмина, И. Я. Лернер, Н. Д. Левитов, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, А. А. Орлов, И. Я. Фастовец, С. Т. Каргин еңбектерінде; педагогикалық шығармашылық мәні - В. Н. Андреев, Ю. Н. Кулюткин, В. И. Загвязинский, М. М. Поташник т. б. еңбектерінде; педагогтың кәсіби құзырлығының психологиялық-педагогикалық негізі - Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, А. Е. Әбілқасымованың, Ш. Т. Таубаеваның, М. Ә. Құдайқұловтың т. б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған [4] .

«Құзырлық» түсінігі «білім», «білік», «дағды» түсініктерімен шектелмейтін ауқымы өте кең ұғым. Ол тек ақпараттық-техникалық біліктіліктен ғана емес, басқа да тұлғалық айрықша қасиеттерден тұрады.

«Құзырлы адам» мәселенің мәнін жете түсініп, оны тәжірибе жүзінде шеше білетін адам. Оның ақпаратты сауаттылығынан гөрі іс-тәжірибелік біліктілігі өте маңызды болып саналады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: « құзыр - әмір, билік; 2) белгілі бір адамның жетік білетін мәселесі, хабардарлық; құзырет - белгілі бір мекеме немесе құзырет уәкілдігінің міндеті», - деп [5], ал Ожегов С. И., Шведова Н. Ю. -дың түсіндірме сөздігі бойынша: «құзыр (компетенция) - қандай да бір істі жүргізетін адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері [6] ; құзіреттілік (компетенттілік) - қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», - деп түсіндірілген [7] .

Сондай-ақ, ҚР-ның Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бұл терминдерге былайша анықтама берілген: « құзырет - білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық.

Құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі» деп түсіндіріледі [8] .

ҚР-ның Жалпыға міндетті білім беру стандартында білім беру нәтижелері ретінде білімгерлердің бойында қалыптасуға міндетті түйінді құзыреттіліктердің түрі қарастырылған [9] .

Жоғарыда аталған құжат бойынша, білімгерлер білім берудің әрбір деңгейін аяқтау кезеңінде негізгі құзыреттіліктерді құрайтын берілген қызмет түрлерінің көрсетілген ең аз көлемін игергенін көрсете білулері тиіс.

Кәсіби құзырлылық - ол «жоғары-төмен», «көп-аз» деген деңгейге сыймайтын, керісінше, сапалы жаңалықтарымен сипатталатын тұрақсыз көрсеткіш.

Ю. В. Сенько, М. Н. Фроловская еңбектерінде кәсіби құзырлықтың қалыптасу деңгейлерін көрсеткіштеріне қарай төмендегідей жіктейді:

  • «Мен нені білмейтінімді білмеймін»; «Мен білмейтінімді білемін»; «Өзімнің білетінімді білемін» [10] .

Кәсіби құзырлықты қалыптастыру мәселесі жөнінде Әлмұханова Х. Т., Бейсебаева П. С өз еңбектерінде: «Болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады [11] .

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру - жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауды, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.

Мұғалімнің жалпы педагогикалық міндеті - кәсіби білімдері мен ептіліктерін тәлім-тәрбиелік істерге қолдана білу екендігін ескеретін болсақ, онда мұғалімдердің кәсіби құзырлығының деңгейі «істей аламын-істей алмаймын, білемін-білмеймін, меңгергенмін-меңгермегенмін» емес, керісінше, «іздеймін-табамын, ойлаймын-білемін, жаттығамын-жасаймын» дәрежесінде болуы тиіс [14] .

Педагогикалық білім беру стратегиясы - бүгінгі заман талабына сай, нормативтік шығармашылық деңгейінен аса алатын, инновациялық үдерістерді басқара алатын педагогтардың тұлғалық дамуын (субъективтік дамуды) қамтиды. Бұл стратегия педагогтардың кәсіби білімдерін практикалық белсенділікпен, ғылыми ізденістерде нақты мәселелерді шеше алумен өлшенетін сапалы дайындық барысында ғана іске асады. Мұндай мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін ЖОО-на дейінгі, ЖОО кезіндегі және дипломдық жұмыстан кейінгі кезеңдерде болашақ педагогтардың құзырлылығын қалыптастыру проблемасын қарастыратын жақсы ұйымдастырылған үздіксіз білім беру жүйесі бере алады [15] .

Сондықтан да, қазіргі уақытта білім беру жүйесінің теориялық және практикалық міндеттерін модернизациялаудағы ең басты мәселе - болашақ педагогтардың кәсіби құзырлығын қалыптастырудың нақты әрі қолжетімді жүйесін құру мәселесі болып отыр.

Осыған орай, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби құзырлықтар арқылы әдістемелік нәтижеге жететін кәсіби маман ретінде оның ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру қажеттігі - бұл мәселенің әдіснамалық тұрғыда негізделіп, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасындағы қарама-қайшылықты көрсетіп отыр. Осы қарама-қайшылықтан - «бастауыш сынып мұғалімінің ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-педагогикалық негіздері, қалыптастыру әдістері, құралдары, қазіргі технологиялары қандай болуы керек?» деген зерттеу мәселесі туындайды.

Жоғарыда келтірілген ғылыми-зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыруға байланысты пайымдаулар және осы айтылған қарама-қайшылықты шешу-зерттеу мәселесінің көкейкестілігін анықтап, тақырыпты «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлы маман деңгейінде даярлаудың құраушысын қалыптастырудың педагогикалық негіздерін теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу және оқу процесіне енгізу.

Зерттеудің нысаны - жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін құзырлы қатынас негізінде даярлау процесі.

Зерттеудің міндеттері:

1 ЖОО болашақ мұғалімдерді құзырлы қатынас негізінде даярлаудың ғылыми-педагогикалық жүйесін қарастыру және оның ұғымдық-түсініктік құрылымын айқындау;

2 Құзырлы қатынас негізінде болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастыру мәселесі бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу және талдау жасау арқылы «құзырлық», «құзыреттілік» ұғымдары мен олардан туындайтын ұғымдар мен түсініктерді инвариантты түрде анықтау;

3 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлығын қалыптастырудың тұжырымдамасын жасау;

4 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеп, оның мазмұндық құраушыларын, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;

5 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлығын қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастыру формасының кезеңдерін нақтылау, тиімділігін тәжірибеде сынау.

Зерттеу әдістері: теориялық (зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік, философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және әдіснамалық әдебиеттерді, бұрын орындалған диссертациялық зерттеулерді талдау, жинақтау, қорытындылау, салыстыру, нақтылау, нәтижелерді жобалау) ; эмпирикалық (ЖОО-дарының нормативтік құжаттарымен танысу, зерделеу, сонымен қатар оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдау, оқытушылардың кәсіби құзырлығы мен білімгерлердің ғылыми-педагогикалық іс-тәжірибелерін зерделеу, оқытушылар мен білімгерлердің бірлесе отырып жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау және талдау, оқытушылар және болашақ бастауыш сынып мұғалімдері - педагог-білімгерлермен әңгімелесу, сұхбаттасу және анкеталар, дәрістік, педагогикалық-тәжірибелік жұмыстар жүргізу, оқытудың әдістемелік жүйесін модельдеу, тәжірибені талдау және жалпылау, педагогикалық зерттеулер мен эксперименттер) және математикалық статистикалық әдістер (педагогикалық өлшеулер: номиналдық, рангілік, рейтингтік) пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1 Құзырлы қатынас негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалды.

2 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қалыптасатын құзырлықтары» ұғымының мағынасы мен мазмұны анықталып, оны қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды.

3 Құрамына мақсаты, міндеттері, қағидалары, мазмұны, оқытудың әдістері, құралдары, технологиялары мен әдістемесі, нәтижесі енген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың моделі құрылды.

4 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби құзырлы етіп даярлауда оның ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесі анықталды.

5 Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастыру әдістері мен құралдары жүйесі ұсынылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: алынған практикалық маңызды нәтижелер Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тарих-педагогика факультеті, 050102 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда кеңінен қолданылып, ЖОО-ның оқу үдерісіне енгізілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастыру әдістері, құралдары, технологиялары мен әдістемесі жоғары педагогикалық оқу орындарында ақпараттық қоғамға көшу жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың мазмұнын құзырлық тұғыр негізінде жаңартуда, әдістемесін жетілдіруде практикалық маңызы өте зор. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне және кәсіби білім берудің басқа да салаларындағы қолданысымен де маңызды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері мен болжамы құрылып, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, зерттеу әдістері мен кезеңдері көрсетілді, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі баяндалды.

«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде мұғалімнің педагогикалық құзырлығына арналған ғылыми-педагогикалық, әдістемелік зерттеулерге талдау жүргізу арқылы оны дамытудың көкейкесті бағыттары анықталып, «мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қалыптасатын құзырлығы» ұғымының мазмұны нықталды. Мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігі - кәсіби-педагогикалық құзырлығының негізгі құраушысы екендігі негізделді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімін даярлауда оның ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалды.

«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмысарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың әдістемесі және эксперимент мазмұны» атты екінші бөлімде «болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қалыптасатын құзырлығы» ұғымының мағынасы мен мазмұны анықталып, оны қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары қарастырылып, ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастыру моделі жасалып, жүзеге асырылды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың жүргізілуі сипатталып, ғылыми-зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық құзырлығының деңгейінің артқандығы математикалық-статистикалық өңдеу арқылы айқындалды.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары түйінделіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді. Зерттеу мәселесіне байланысты келешекте зерттелетін жұмыстың бағыттары айқындалды.

Қосымшада сауалнамалар, педагогикалық тренингтер, тесттік және шығармашылық тапсырмалар, арнайы дайындалған бағдарлама мазмұны берілді.

1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін құзырлық қатынас негізінде даярлаудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының егемендігі, ондағы туындап жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер, Республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыруды және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін құзырлық тұрғысынан қайта құруды талап етуде [17] .

Мұнымен қатар, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (2007 ж. ), егемендік алған мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси өркендеуі үшін алдымен отандық білімді жетілдіру, өзінің және оған жақын мамандықтарды еркін меңгерген, мамандығы бойынша әлемдік стандарт деңгейіне сай нәтижелі жұмыс атқара алатын білікті кәсіби құзырлы мамандар дайындау керектігіне ерекше мән берілген. Мұның өзі де болашақ маманды кәсіби дайындаудың үлгісін құзырлық тұрғыдан жасауды талап етіп, мұғалімнің әдістемелік дайындығының мазмұнын жаңарту мәселесіне әкеп тірейді [18] .

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстанның әлемде барынша 50 елдің қатарына ену стратегиясы» атты жолдауында «ұлттық бәсекелестіктің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады», - деген болатын [19] . Осыған орай, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін құзырлық тұрғыдан кәсіби дайындау күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.

Мұғалімді кәсіби дайындау мәселелерін Ресей ғалымдары В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, Е. Н. Кабанова-Меллер, В. А. Крутецкий, С. Р. Рубинштейн, Н. Ф. Талызина, М. А. Дмитриева, А. А. Крылова, Б. Ф. Ломова, В. Н. Мясищев, А. В. Петровский және т. б. зерделеген [20] .

Білім беру саласында педвгогикалық идеяларды іске асыруда, мамандардың даярлығын жетілдіру және мамандар даярлауда арнайы пәндер мазмұнын оқытудың тиімділігін арттыру туралы қазақстандық ғалымдар Қ. А. Аймағамбетова, М. Ә. Бектемесов, Қ. Л. Қабдолова, С. Қ. Қариев, Ж. А. Қараев, М. А. Құдайқұлов, Т. А. Қышқашбаев, Л. Х. Мажитова, Қ. С. Мусин, М. Н. Сарыбеков, О. Сәлімбаев, Б. Сыдықов, К. С. Успанов, Ш. Таубаева, Б. А. Тұрғынбаева, Н. Д. Хмель және басқалардың еңбектерінің маңызы жоғары болды [21] .

Кәсіби құзырлылық Т. Г. Браже, Т. В. Добудько, В. Н. Введенский, Н. В. Кузьмина, Н. С. Розов, Н. И. Запрудский, Н. Н. Лобанова, А. К. Маркова, Б. С. Гершунский, Н. Шаметов, А. Д. Шекатунова және т. б. зерттеу жұмыстарында негізінен еңбектің нәтижелілігін айқындайтын білім мен іскерліктің, кәсіптік қасиеттердің жиынтығы және кәсіпке теориялық, практикалық дайындықтың үйлесімділігі ретінде анықталған [22] .

В. Чипанах, Я. И. Лефстедт және Г. Вайлердің еңбектерінде «құзырлылық»- оқып-үйрену барысында алған білім, білік және дағдылар жиынтығы десе, әлемнің алдыңғы қатардағы экономистерінің бірі Лестер Туроу «білім тұлғаның жоғары құзырлығы арқылы қолданылады» дейді [25] .

Кәсіби-педагогикалық құзырлықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері Г. С. Адольф, А. К. Маркова, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, В. И. Загвязинский, И. П. Радченко, О. А. Абдуллина, С. А. Архангельский, В. А. Адольф, Г. С. Алферова, Ю. К. Бабанский, Т. Г. Браже, А. А. Шаповалов, Т. А. Ильина, Л. М. Устич, М. А. Чошанов, Н. С. Розов, Д. Л. Кудрявцев, М. М. Левина, Краевский, И. Я. Лернер, Л. Ф. Спирин, А. М. Новиков, А. А. Вербицкий, Б. С. Гершунский және т. б. еңбектерінде зерттелген [26] .

Бұл жұмыстарда кәсіби-педагогикалық құзырлық негізінен тұлғаның психологиялық және педагогикалық ғылым салаларындағы білімділігі, ұжымда әлеуметтік құнды жұмыстарды шығармашылықпен жоғары деңгейде жүргізе алатын теориялық және практикалық дайындығы және білімді ақпараттандыру жағдайында кәсіби-тұлғалық қасиеттерін дамыта білу қабілеттерін қамтиды.

Осы тұрғыдан, ғалымдардың еңбектері негізінен бірнеше бағытта жүргізілген.

Бірінші бағыттағы ғалымдар - Е. В. Бондаревская, Б. С. Гершунский, Е. Ф. Золоторева, М. Р. Минигалиева, Н. С. Розов, А. А. Вербицкий. Олардың еңбектерінде: «Кәсіби-пеагогикалық құзырлық - тұлғаның дамығандығының, білімділігінің және адамдар арасындағы қатынастың мәдениеттілігінің нәтижесі болатын мәдениет және өркениет феноменімен байланысты», - деп қарастырылады [27] .

Екінші бағыттағы ғалымдар - Т. Г. Браже, Н. И. Запрудский және т. б. кәсіби құзырлықты «қасиеттер мен іскерліктердің» жүйесі ретінде түсінеді. Бұл бағыттағы ғалымдар кәсіби-педагогикалық құзырлықты философиялық, психологиялық, мәдениеттік, әлеуметтік және тұлғалық тұрғыдағы жүйе деп қарастырады [28] .

Үшінші бағыттағы ғалымдар - В. А. Сластенин, А. И. Мищенко, Г. И. Хозяинов, Л. И. Загвязинский, В. Н. Корчолин және т. б. кәсіби-педагогикалық құзырлық пен педагогикалық шеберліктің байланысын зерттеді және олардың айырмашылығын анықтады [29] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлығын қалыптастыру – педагогикалық проблема ретінде
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Бастауыш информатика пәні мұғалімі мамандығы
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Құзыреттілік теориясы
Мұғалімнің құзыреттілігі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz