Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жүйесін ізгілендірудің ұлттық мазмұны


бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жүйесін ізгілендірудің ұлттық мазмұны
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қазақ халық тәлім-тәрбие жүйесі арқылы оқушылардың тәрбие жүйесін ізгілендірудің теориялық негіздері . . . 8
1. 1. Қазақ халық педагогикасы арқылы оқушылардың ізгіліктік дүние-танымын қалыптастыру ерекшеліктері . . . 8
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесінің ізгіліктік мазмұныала бойында ізгіліктік дүниетанымды қалыптастыру
. . . 32
1 бөлім бойынша тұжырым . . . 50
2. Қазақ халық тәлім тәжірибесі арқылы қыз баланың ізгіліктік дүниетанымын қалыптастырудың әдістемелік негіздері . . . 52
2. 1 Қазақ этнопедагогикасының құндылықтары негізінде қыз балалардың ізгіліктік дүниетанымын қалыптастыру жолдары . . . 52
2. 2 ЖОО қыз балалардың ізгіліктік дүниетанымын қалыптастыру жұмыстарының тәжірибелік-эксперименттік нәтижелері . . . 71
2 тарау бойынша тұжырым . . . 72
Қорытынды 73
Пайдаланылған әдебиеттер 75
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының әлемнің өркениетті елдер қатарына қосылу жолындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістері мен қазіргі отандық білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі - келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды азамат етіп тәрбиелеу міндетін жүзеге асырумен байланысты.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым және тәжірибе жетістіктерімен қатар ұлттық рух пен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамытуға жағдай жасау қажеттілігі айтылған.
Қазақ - этникалық-рухани жағынан мыңдаған жылдық дәстүр мәдениетінде, философиясы мен әдебиетінде, тарихи шежірсінде Әйел-Ананың орнына ерекше мән берген халық. Жалпы, Әйел- Ананы қадірлейтін, оның табиғатын жан-жақты кестелейтін деректерді көне заман ескерткіштерінен көптеп табуға болады. Алғашқы қауымдық құрылыстан біздің заманымызға шеру тартатын мәдениет дәстүрі сабақтастығын тиянақтап зерделесек, оның қазіргі педагогика жетістіктерінің ілкі бастауында орны бар екендігіне көз жеткіземіз. Ежелгі дәуір адамдарының идеологиялық ұғым-нанымдарында ру басшысы және ошақ иесі ретінде әйелге табынушылықтың орын алуы да кездейсоқ емес. Тұтас бір қауым, рулық ұйым Әйел-Анаға тәуап етеді, сүйектен ойып немесе тастан қашап әйел мүсінін жасайды, онда жердің құнарлығы мен аналық қадір-қасиетті сомдауға тырысады.
Сондықтан қазақ отбасында қыз бала тәрбиесін ұлттық салт-дәстүр негізінде қалыптастыру, оны оқу-тәрбие процесіне енгізу - бүгінгі күннің ең маңызды талабы. Ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесі тікелей анаға қатысты екенін дәлелдейтін ұлттық әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, ауыз әдебиетін, жазба мұраларын жан-жақты зерттеп, зерделеудің құндылығы артуда.
Қыз баласының парасаттылық, имандылы, нәзіктік, ақылдылық, іскерлік, адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығына аса құнды мұралар арнаған ғұламалар Ибн Сина, Әл-Фараби, сонау көне түркі жазуымен тасқа қашап жазған ескеркіш «Орхон-Енисей» жазуларынан бастап, Омар Хайям рубайлары, түркі тлдес халықтардың бәріне өшпес мұра қалдырған Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иассауи, Ахмет Жүгінеки, Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларының қыз тәрбиесінде алатын орны ерекше.
Жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен маңызын, тәлім-тәрбиесін, өмірдің қыр-сыры туралы толғаныстарын ақыл-кеңесін, даналық өсиеттерін, терме-жырлар арқылы толғаған ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар Жырау, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы қазақ қыз-әйелдеріне тән құнды қасиеттерді, оларды тәрбиелеу туралы көзқарастарын өздерінің әдеби көркем шығармаларында қалдырған.
М. Шаханов, А. Сейдімбек, С. Ғаббасов, А. Егеубаев т. б. еңбектерінде қазақ отбасындағы туыстық қатынастыр, оның ішінде қыз бала тәрбиесі - ізгіліктік дүниетанымның негізгі көрсеткіші түрінде қарастырылған.
Қазақтың белгілі ағартушы-педагогтары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтар және т. б. еңбектерінде ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде қыз бала тәрбиесіне аса көп көңіл бөлінген.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін отбасы тәрбиесінің жалпы теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған, сонымен қатар отбасында қыз бала тәрбиесі аспектілерін зерттеген ғалымдар Г. Н. Волков, А. Э. Измайлов, Ю. П. Азаров, С. В. Ковалев, И. С. Кон, А. И. Кочетов, Б. Т. Лихачев, О. Мусурманова, Л. Н. Тимощенко, А. Г. Хрипкова, Д. В. Колесов, С. Л. Соловейчик және т. б еңбектері ерекше маңызға ие.
Республикамыздың көрнекті педагог-ғалымдары С. Ұзақбаева, А. А. Қалыбекова, Ж. Асанов, Т. Әлсатов, М. Балтабаев, Қ. Бөлеев, С. Ғаббасов, Р. Қ. Дүйсенбинова, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, Қ. Ж. Қожахметова, Ж. Ж. Наурызбай, Ә. Табылдиев және т. б. қазақ отбасы этнопедагогикасының теориясы мен практикасының негізін қалауға үлестерін қосқан. Бүгінгі таңда туындап отырған гуманистік парадигма талаптарына жауап беру мақсатында Г. З. Батталханов, Т. Ахметов, Г. А. Бейсенбаева, Ә. Н. Көшербаева, С. Қожаева, Г. Жылқыбекова, т. б. ізгіліктік тәрбиенің ұлттық рухани мазмұнын анықтауда біршама зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Қазақ ұлтының рухани мәдениетіне, оның ажырамас бөлігі халықтық педагогика тарихына арналған ғылыми зерттеу еңбектерінде (Т. Тәжібаев, А. С. Сыдықов, А. И. Сембаев, Қ. Бержанов, Қ. Бөлеев, Г. М. Храпчников және т. б. ) қыз балаларға білім беру, оларды тәрбиелеу мәселелері жалпылама зерттелген.
Соңғы жылдары республикамызда қыздар тәрбиесі мәселесі бойынша бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілді. Олардың ішінде А. А. Аманжолова, З. Ө. Жантекеева, Ш. Жалғасова, А. Қасымова, И. Қарақұлов, К. Құнантаева, М. Қозғамбаева, К. Садуақасова, Л. Ибраимова және т. б еңбектерін ерекше атауға болады.
Қоғамдағы әйелдер мәселесі, қыз тағдыры әр салада зерттелген: ол тұрғыда пәлсапалық зерттеулер - В. Н. Лупанов, Н. Н. Семке; саяси жағынан - Г. А. Алтынбекова; әлеуметтік жағынан - Н. Шеденова, А. Абусайдова; заң тұрғысынан - Ш. Е. Құрманбекова; филологиялық тұрғыдан - А. Ә. Кенжебаева, З. Сағыбай, Қ. Ә. Жанатаева және т. б. еңбектерінде қарастырылған. Қыз балаларды тәрбиелеуде қазақ халқының педагогикасы идеялары мен тәжірибесін пайдалану мәселелерін зерттеуде С. Ұзақбаева, А. А. Қалыбекова, А. Е. Дайрабаева, Л. С. Сырымбетова, Ж. Т. Сарыбекова, Д. С. Құсайынова т. б. еңбектерінің ерекше маңызы бар.
Халықтық педагогика идеяларын жүйелеп, белгілі бір електен өткізіп, реттеп, оны оқу-тәрбие процесіне енгізудің сара жолдарын анықтау - жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға ұлттық тәрбие берудің
өзекті мәселелерінің біріне айналған. Қыз баланы тәрбиелеуде жүйелі пікірлер әр дәуірде де де қоғам ағартушыларының еңбектерінде келелі орын алып отырған. Бірақ ұлттық мектептерде қыз бала тәрбиесін жүйелі педагогикалық білім негізінде отбасылық тәрбиесіз жүзеге асыру мүмкін емес, яғни, ең алдымен мектепте қыз бала тәрбиесін теориялық тұрғыдан терең этникалық біліммен ұштастыруды қажет етеді.
Қазақ отбасында қыз балаға тәрбие беру қазақ халқының қоғамдық санасының дамуы мен қоғамдық құрылысына байланысты қалыптасқан. Заман талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік қатынастардың пайда болуы ұлттық тәлім-тәрбиенің жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда тарихи, философиялық, этнографиялық, педагогикалық, психологиялық тақырыптағы ғылыми зерттеулер кеңінен арналған. Дегенмен, қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесін педагогикалық-психологиялық тұрғыда екшелеген, ғылыми-теориялық жағынан негізделген әдістемелік мазмұны әлі де тапшы. Сондықтан бұл мәселе тереңірек зерттеуді қажет ететін, ұлтымыздың ұрпағы үшін, ең маңызды, өзекті мәселе екенін дәлелдейтін жағдай. Осы қарама-қайшылықты негізге ала отырып, қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінің құндылығын арттыру мақсатында, оның ғылыми-теориялық негізде бір жүйеде келтірілген және зерттеу мазмұнын айқындайтын «Қазақ халқының тәлім-тәрбие тәжірибесі арқылы қыз бала бойында ізгіліктілік дүниетаным қалыптастыру» атты зерттеу тақырыбын таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: қазақ халқының тәлім тәжірибесі арқылы қыз бала бойында тәрбие процесінің тиімділігін арттыратын ізгіліктік дүниетанымды қалыптастыруды анықтау және негіздеу.
Зерттеудің нысанасы: қазақ халқының тәлім тәжірибесі арқылы қыз баланы ізгіліктілікке тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні: қазақ халық педагогикасының әдістері және құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеуді ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер,
- қыз бала бойында ізгіліктілік дүниетанымды қалыптастырудың негізіне халықтық педагогика идеялары алынса;
- халық педагогикасының әдістері және құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері айқындалса;
- мектеп пен отбасы қыз баланы тәрбиелеудегі байланысы артса, онда қазіргі қыздар бойында ізгіліктілік дүниетанымды
қалыптастырудың нәтижелігі арта түседі.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазақ халқының тәлім-тәжірибесі арқылы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық тәжірибесін оқып үйрену, талдау және қорыту.
- Қазақ халқының тәлім-тәрбиесі арқылы қыз бала бойында ізгіліктілік дүниетаным қалыптастырудың жолдарын анықтау және негіздеу.
- Қыз бала бойында ізгіліктілік дүниетаным қалыптастыруды халықтық педагогика әдістері мен тәсілдерін пайдаланудың тиімділік тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеудің жетекші идеясы: қазіргі қыздар бойында қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін жүйелі түрде пайдаланып, тәрбие процесіне енгізу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамуын және қалыптасуын анықтайтын факторлар туралы философиялық білімдер; қазақ халық педагогикасының тұжырымдамалары; тұтас педагогикалық процесс теориясы; зерттеу проблемасы бойынша тарихи педагогикалық еңбектер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен мен теориялық мәні:
- халықтық педагогика әдістері және құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық тәжірибесі зерттелді, талданды және қорытылды;
- қыз баланы тәрбиелеудің және оның бойында ізгіліктік дүниетаным қалыптастыру ерекшеліктері айқындалды;
- қыз баланы тәрбиелеуде халықтық педагогика әдістерін және құралдарын пайдаланудың тиімділігі дәлелденді.
1. Қазақ халық тәлім тәжірибесі арқылы қыз балаларын тәрбиелеудің теориялық негіздері
1. 1 Қазақ халық педагогикасы арқылы қыз баласының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру ерекшеліктері
Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру.
Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса да, сонша, көкейкестімәселеболып келеді
Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі.
Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз сілкініп, өрлеу жолына түскен осы кезеңде ата-бабаларымыздың кең-байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандыққа жету жолындағы күресін, терең тамырлы тарихымызды, ту ұстаған батырларымыз бен көсемдеріміздің, сөз бастаған шешендеріміздің үлгі өнегесін бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, келешекке мирас ету - бізге парыз.
Әрбір ұлттың маңдайына біткен ұлы дарыны болады. Ұлы дарыны көп ел - бақытты ел. Мұндай елдердің бірі біздің еліміз деп айтуға толық мүмкіндігіміз бар. Қазақ халқы ұлы дарындардан кем емес. Тек оларды әлемдік деңгейге көтеріп, дүние жүзіне таныта білу парыз. Бұл 2030 жылға дейін жоспарланған істеріміздің алды болуы тиіс. Бүгінгі күнгі міндетпен шектеліп қалу, ертеңгі күнді ойламау, болашақты болжамау рухани жұтаңдықты алып келеді. Бүгінгі туған балаларымыз 2030 жылы ер жетіп, ел билігігне ие болса, өмірлік бағыттарын, жүрер жолдарын дұрыс тапса дейміз.
Қазіргі таңдағы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықты қатынастырдың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы -бала тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ жастардың талабымен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлттық әдет-ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.
Осы кезге дейінгі ғылыми зерттеу жұмыстарының кез-келгенінде ұрпақ тәрбиесінің маңызы, мәні, ерекшеліктері жан-жақты дәлелденген. Дегенмен, қазақ этнопедагогикасында қыз баласын тәрбиелеудің педагогикалық шарттары ғылыми тұрғыда қарастырылмаған.
Жеке тұлғаның қалыстасуы белгілі бір ортада көтерген факторлардың өзара әсері арқылы дамиды. Біздің ойымызша, қазіргі жағдайда қазақ қызының санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғарғы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, қыз тұлғасының даму барысын психологиялық жан - жақты зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағыттадамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдық - психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында бойында ұлттық тәрбиеге бай жаңа қазақ қыз азаматын қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестілігі күннен күнге артуда.
Соңғы жылдары Қазақстанда саяси - идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік - мәдени жағдайлардың өзгеруі, Республикамыздың тәуелсіздік алып, егеменді ел болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы педагогика ғылымының алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойды. Бұл талап - міндеттер қазақтың халықтық педагогикасы мен психологиясы проблемаларымен тікелей байланысты. Демек, ата-мұраның өнегелі дәстүрлерін, идеяларын, тәрбие саласындағы әдіс - тәсілдерін, амал - жолдарын жан-жақты зерттеген, терең мазмұнды ғылыми еңбектер қажет деп ойлаймыз. Қазіргі заман талаптарына сай мұндай тарихи - теориялық, практикалық тұрғыдан қарастырылған бірқатар еңбектер жарық көрген. Солардың әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, А. Дайрабаева «Қазақтың халықтық педагогикасындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесі» кандидаттық диссертациясында қазақтың халықтық педагогикасындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесіне тоқталған. Бұл еңбекте автор халықтың ежелден сақталған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері бойынша қыздарға адамгершілік меңгерудің құнды жолдарын, әдіс - тәсілдерін жүйелейді. Қазақтың ауыз әдебиеті шығармашылығындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық дәсүрлердің мазмұндық негіздерін, қыздардың адамгершілік тәрбиесін - қазақтың халықтық педагогикасының өзекті проблемасы ретінде қарап, ежелгі жазба деректер мен зерттеу еңбектеріндегі қыздарға адамгершілік тәрбие беру тағылымдарынан бастап, қазақ хандық мемлекет дәуірі мен одан кейінгі кезеңдердегі қыздардың адамгершілік тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерін, тәуелділік және қыздар тәрбиесіндегі халық педагогикасының дәстүрлерін, халықтық дәстүрге мектептердің әсерін, жаңа тәртіптің қазақтың халықтық педагогикасындағы жаңа бетбұрысын қыздарға адамгершілік тәрбие берудегі тиімді жолдарын көрсетті.
Л. С. Сырымбетова «Особенности казахской женской гимназии как национальной воспитательной системы» диссертациялық еңбегінде қазақ қыздар гимназиясының халықтық білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерін тоқталып, Шығыстағы Х-ХІ ғасырларда пайда болған медресе мен мектептердің пайда болуынан бастап, бүгінгі күнге дейін қазақ қыздар гимназиясының тәрбие берудегі теориялық негіздері, бүгінгі күні қазақ қыздарын тәрбиелеудегі ерекшеліктерге - этнопедагогикалық проблема ретінде қарап, қазақ қыздар гимназиясында ұлттық білім беру жүйесінің теориялық моделін жасап, қыздарға этникалық тәрбие беру жұмысының педагогикалық мазмұнын, қазақ қыздар гимназиясының ұлттық тәрбие берудегі алғы шарттарын көрсетіп берді.
Ш. Жалғасова «Педагогические проблемы казахских общеобразовательных школ в обучении и воспитании девушек - казашек» ғылыми еңбегінде 1941-1985 жылдар аралығындағы қазақ қыздарына жалпы білім және тәрбие беру жағдайын, оның ішінде 1941-1961 жылдар, 1961-1985 жылдар аралықтарын жеке көрсетіп, тәрбиелік білім беріп оқытуда қыз балаларының мінезінің қалыптасу ерекшеліктерін, оны ұлттық және отбасылық тәрбие беру, эстетикалық тәрбие беру арқылы, мектеп - интернаттарының қыз балаларын тәрбиелеудегі мәнін, ауылдық мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарының үрдісін ашып көрсетті.
А. Қ. Қисымова «Қазақтың педагогикасы арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру» [6] ғылыми диссертациясында халықтық педагогика арқылы оқушыларға адамгершілік - жыныстық тәрбие берудің теориялық негіздерін, педагогикалық проблемаларын, оқушылардың адамгершілік - жыныстық тәрбиесін қазақтың халықтық педагогикасы арқылы жетілдіріп, ұйымдастыру жолдарын көрсетті.
Б. Қ. Өтешова «Жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың педагогикалық шарттары» [12] ғылыми еңбегінде халық тағылымдары арқылы оқышулардың дүниетанымындамыту мәселесінің психологиялық және педагогикалық зерттеулер көрінісін, оқышулардың дүниетанымын дамытудың моделін, өлшемдері мен көрсеткіштерін, «Әдеп» пәні бағдарламасы, «Ұлттық дүниетаным тағылымдары» атты таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту, отбасы тіршілігінің әлеуметтік мәнін, инабат иірімдерін, салт - дәстүрлердің әлеуметтік мәнін, оның ішінде қыз балаларына қатысты тәлім-тәрбие жолдарында да ашып көрсетті.
Осы аталған еңбектердің біздің еңбегімізге тигізетін әсері мол деп білеміз.
ХХІ ғасырдың басталуымен жеке тұлға проблемасына ықылас күрт артып, баса назар аударыла бастады.
Ендеше, егемен елдің ұрпағының жан дүниесінің жаңартуға тиіспіз. Білім - өнер мазмұнын түгелдей өзгертіп, оқу - тәрбие тақырыбын ұлттық рухқа негіздеуіміз қажет. Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, отаншылдыққа баулу, мәдениетіміз бен тілімізді түлету, нарықтық экономиканы, осы заманғы озық технологияны игеру ата-бабамыздың дәстүрлі құндылықтарын, тәлім - тәрбие ісіне енгізу, соның нәтижесінде ұлттық тұлға қалыптастыру бүгінгі күннің көкейкесті мәселесінің бірі болуға тиіс.
Ұлттық тұлғаны қалыптастыру мәселесі адамның ұлттық психологиясын зерттеу арқылы шешіледі. Бұл жерде айта кететін жай, ер баласы мен қыз баласына тәрбие беру барысында олардың психологиялық ерекшеліктеріне де мән беру қажет. Сондықтан да бұл ерекшеліктерді көрсету мақсатында бұл еңбектің осы тарауын ең алдымен ұлттық психология мен ұлттық психикалық құрылымға түсінік беруден бастауды жөн көрдік.
Ұлтық психология дегеніміз - халықтардың тарихи дамуының өзгешелігі мен әлеуметтік - экономикалық, рухани өмірдің алғы шарттарына сай қалыптасатын және мәдениет пен тұрмыстан, дәстүрлер, мен әдет - ғұрыптардан байқалатын ұлттық сезім әрекетінің көрінісі. Ол халық пайда болған мезгілден бастап оның тарихымен тығыз бірлікте дамиды.
Ұлттық психологияның ерекшеліктерін түсіндірудің әдістемелік негіздерінің бірі - оның табиғатын және жалпы адамгершілік, әлеуметтік - таптық, ұлттық ара қатынасын ажырата білу [4, Б. 68-73] .
Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт арасында тығыз айланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Ою-өрнек, ән, күй, зергерлік әшекейлер заттары арқылы, оның қай ұлтқа тән екенін айыруға болады.
Ұлттық психикалық құрылымды С. Қалиұлы [13] мынадай үш бөлікке бөледі:
- ұлттық сезім;
- салт-дәстүрлер;
- ұлттық мінез.
Бұл үш бірлестік мәдени ерекшеліктердің шартты белгілері болып табылады.
Бұлардың әрқайсысында С. Қалиұлы мынадай түсінік береді: «Ұлттық сезім дегеніміз - адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлтық салт - дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіреді. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік - экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сиы.
Ұлттық салт - дәстүрге ана тіліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық өнер түрлерін. ән - күй, зергерлік қол өнері, бейнелеу сурет өнері, ұлттық ойын мен спорт түрлерін, ұллтық тағамды, киімді, тарихи ескерткіштерді т. б. Жатқызуға болады.
Салт - дәстүрлер халықтардың тіршілік кәсібіне, наным - сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады.
Ұлттық мінез дегеніміз - адам мінезінен, іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік, психикалық рухани сапасымен ерекшеленіп, көзге түседі. Мысалы, қзақтарға тән бауырмалдық, діншілдігі, ақжарқындық, қонақжайлық, өзбектердің кеңпейілділік . . . ерекшеліктер байқалады» [13, Б. 49-53] .
Ұлттық психологияның компоненттері туралы ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Зерттеуші - ғалым Н. Сәрсенбаев [132] ұлттық психологияны ұлттық психикалық құрылым деп есептей келе, оның үш компонентін былай ажыратады:
- ұлттық әдет - ғұрып және дәстүр;
- ұлттық сезім;
- ұлттық мінез - құлық.
Ал, Қ. Жүкеш ұлттық әдет - ғұрыпты жәнедәстүрді жеке түрде атрибут ретінде қарастыруға болмайды деп есептейді. Қ. Жүкештің ойынша, ұлттық психологияның құрамында мына компоненттер болуға тиіс:
- ұлттық мінез-құлық;
- ұлттың өзіндік сана-сезімі;
- ұлттық қажеттілік және мақсаты, оларды сезіну.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz