Бейспецификалық қорғаныс факторлары


БЕЙСПЕЦИФИКАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ФАКТОРЛАРЫ
Дененің біртұтастығының сақталуы, оның тіршілігі бейспецификалық және спецификалық қорғаныс факторларының бірігуімен қамтамасыз етіледі.
Бейспецификалық (табиғи) қорғаныс факторлары дененің туа біткен биологиялық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Олар төзімді, тұқым арқылы беріледі және спецификалық иммундық жауаптың даму нәтижесі болып табылмайды. Бұл жағдайда денеге енген бөгде молекулалардан қорғану қалыпты тері қабатының өткізбеушілігіне, сөлдердің бактерицид-тілігіне, асқазан сөлінің қышқылдығына, дене қызуына, қанда, сілекейде және басқа биологиялық сұйықтықтарда пропердин, лизоцим сияқты ферменттердің болуына, фагоцитоздың жасушалық белсенділігіне және дененің басқа биологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Иммундық жүйенің жетіспеушіліктерінде табиғи бейспецификалық қорғаныс факторының ролі жоғарылайды.
Табиғи факторлар антигенге қарсы ерекшеленеді, онымен алғашқы жанасқанды есте сақтамайды. Олар гуморалдық, жасушалық, физикалық және физиологиялық болып бөлінеді (1-ші кесте) .
Ішектердегі микроорганизмдер метаболиттері микробқа қарсы әсер етеді. Адам ішегінің қалыпты микрофлорасы патогенді микроорганизмдерге тікелей антогонистік әсерімен бірге иммундық жүйеге стимуляциялық әсер етеді.
1-кесте. Бейспецификалық (табиғи) қорғаныс факторлары
Жедел фаза ақуыздары (фибриноген, α-антитрипсин, фибронектин, β 2 - микроглобулин, С-реактивті ақуыз, гаптоглобин және т. б) ;
Қабыну медиаторлары;
Комплемент жүйесі;
Жасушалардың ферментті жүйелері (каталаза, глутатион пероксидаза және т. б. ) ;
Пропердин;
Лизоцим;
Қабыну пептидтері (тромбициттерді белсендіру факторы) ;
Арахидон қышқылының ыдырау өнімдері (эйкозаноидтар: лейкотриен-дер, тромбаксан, простагландиндер) ;
Кинин жүйесі (брадикинин, калидин) ;
Интерферондар;
Қан ұю жүйесінің факторлары (фибриноген, фибринолиз процестері) ;
Аллергиялық қабыну медиаторлары (гистамин, серотонин, гепарин) ;
Қанның бактерицидті белсенділігі;
Вирустық ингибиторлар.
Нейтрофилдер;
Макрофагтар;
Моноциттер;
Табиғи киллерлар.
Механикалық барьер:
тері қабаты, тыныс және ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары;
Физиологиялық барьер:
дененің қызуы, рН, қанның, көз жасы, сілекей бездері сөлдерінің бакте-рицидтілігі.
Жалпы физиологиялық сипаттағы қорғаныс механизмдері дененің нейро-эндокринді жүйесімен реттелуі анық болғанмен соңына дейін зерттелмеген.
Дененің бейспецификалық қорғаныс реакцияларының бірінші сатысын мына сұлба түрінде көрсетуге болады:
- Микроорганизмдердің енуі
- Қан ағысының күшеюі
- Қанның ұйылу жүйесіндегі өзгерістер
- Капиллярлар өткізгіштігінің жоғарылауы
- Жедел фаза ақуыздары синтезінің белсенуі
- Қаннан фагоциттік жасушалардың шығуы (қан тамырларының эпителиіне жабысып, эпителий арқылы енуі), олардың зақымданған аймаққа топталып, антигенді табуы - қабыну
- Қабыну медиаторларының синтезі
- Антигендердің опсонизациялануы, лизисі, немесе
- антигеннің эндоцитозы
- Антигеннің қорытылуы (процессинг)
- Антигеннің элиминациясы
Қабыну процесі зақымданған ошақты жоюға ғана емес, сондай-ақ, бұзылған қызметтерді қалпына келтіруге бағытталады. Қабыну процесіне иммундық және басқа жүйелердің жасушалары, гуморалдық факторлар қатысады.
Эозинофилдер паразитарлық инфекцияларда және аллергиялық реакцияларда қорғаныс ролін атқарады. Эозинофилдер жоғары цитотоксикалық қасиеті бар катионды ақуыздарға бай. Соңғы кездері иммундық жүйе өндіретін және қорғаныс реакцияларына белсенді қатысатын қабыну ақуыздарына көп көңіл бөлінуде. Бұлар медиаторлар (лат. mediator-дәнекер), немесе цитокиндер (грек. kytos- жасуша, kinos -бөліну) деп аталады. Қазіргі кезде 30-дан аса цитокиндер анық, бірақ жоғары қабыну қасиетіне ие цитокиндерге ИЛ-1 (α және β- түрлері), ісіктердің некроз факторы - α, ИЛ-6 жатады.
2-ші кестеде бұл цитокиндердің қабыну қасиеттері сипатталған.
2-кесте. Негізгі қабыну цитокиндері
(А. А. Ярилин, 1999)
ИЛ-1
Ісіктердің некроз
факторы - α
ИЛ-6
Моноциттер, эндотелиалды жасу-шалар, эпителиалды жасушалар, синовиалды жасушалар, дендрит-ті жасушалар, Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер
Моноциттер, эпителиалды жасу-шалар, Т-хелперлар, синовиалды жасушалар
Фибробласттар, эндотелиалды жасушалар, моноциттер, Т-хел-пер-2, синовиалды жасушалар, мес жасушалар
Коагулянтты белсенділігінің күшеюі, қан тамырларының кеңеюі, адгезия молекулаларының экспрессиясының күшеюі, хематоксиндердің белсенуі, радикалдар супероксидтері және азот оксиді, монокиндер және Е2 простагландиндері түзілуінің күшеюі, Т және В-жасушаларыны4 костимуляциясы, сүйек пен сіңірдің резорбциясы. Миелопоэз стимуляциясы (нейтрофилді лейко-цитоз), дене қызуының көтерілуі, жедел фаза ақуыздары өндірілуінің жоғарылауы
Қан тамырларының кеңеюі, адгезия молекулары экспрессиясының күшеюі, ангиогенездің күшеюі, липидтер катаболизмінің күшеюі, монокиндер және Е2 простагландиндерінің жоғары өндірілуі, радикалдар супероксидтері мен азот оксидінің түзілуі, жасушалардың жойылуы (апоптоз), Т-жасушалардың костимуляциясы, миелопоэздың реттелуі. Сепсистік шок.
Жедел фаза ақуыздары синтезінің күшеюі, Т және В-жасушаларының костимуляциясы. Хематоксин-дердің белсенуі, радикалдар супероксидерінің өндірілуі, молекулалар адгезиясы экспрессиясының белсенуі, қабыну монокиндері мен Е2 простагландиндері өндірілуін тежеу арқылы қабынуға қарсы әсері.
Медиаторлардың басымы макрофагтармен жєне жасушалармен өндіріледі.
Комплемент жүйесі. Бейспецификалық қорғаныс реакцияларында негізгі орында бөгде агенттерді немесе өзгерген жасушаларды байланыстырып, ыдырататын комплемент жүйесі тұрады. Бұл жүйеге 25-тен аса плазматикалық және мембраналық ақуыздар (протеолизистік, лизистік, реттеуші) кіреді. Жүйенің цитолиздік белсенділігі жоғары, көптеген жасушалармен жанасып әсерлеседі, бұл ерігіш медиаторлардың өндірілуіне, фагоцитоздың күшеюіне алып келеді.
Комплемент жүйесінің негізгі иммунобиологиялық қызметтері:
- нысана жасушалардың (бактериялар, микробтар, саңырауқұлақтар, т. б. жасушалар) лизисі (цитолизі) ;
- фагоцит жүйесі - жасушалардың хемотаксистік әсері (фагоциттердің микробтық жасушаларға қарай жылжуы) ;
- опсонизацияның фагоцитозды күшейтетін кейбір қасиеттері;
- фагоциттердің, гранулоциттердің белсенділігінің жоғарылуы;
- жасушалардың дегрануляциясы, лизосомалды ферменттердің бөлінуі.
Комплемент жүйесінің ақуыздары мына процестерге қатысады:
- қабыну процестерінің реттелуі;
- гуморалдық жауаптың реттелуі.
Жүйе автономиялық емес, басқа гуморалдық және жасушалық қорғаныс механизмдерімен өзара әсерлеседі. Комплемент жүйесі - қабыну медиаторларын түзетін және жасушаларды лизистейтін протеолизистік ферменттердің, реттеуші ақуыздардың күрделі комплексі.
Қалыпты жағдайда комплемент жүйесі белсенді болмайды. Ол денеде генетикалық бөгде жасушалар пайда болғанда ғана белсенеді.
Комплемент жүйесі екі жолмен белсенеді - классикалық және альтернативтік (6-шы сурет) .
Комплемент жүйесінің жылдам, тиімді белсенуі антиген-антидене комплексінің түзілуін талап етеді. Баяу, төмен әсерлі альтернативті жолы антидененің қатысуысыз кейбір бактериялардың полисахаридтері, әсерімен іске қосылуы мүмкін.
Солай етіп, комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсен-діретін негізгі факторларға антиген-антидене комплексі, кейбір вирустар, агрегацияланған миеломды ақуыздар жатады, альтернативті жолы - полисахаридтер, А және Е тобының иммуноглобулиндерімен белсенеді.
Реакцияның бастапқы компоненттері: С1 - протеазды белсенділік, С3 - конвертаза, С3в - мембрана - байланыстырғыш ақуыз. Бұл процестің соңғы өнімі мембранаға шабуыл жасаушы комплекс - МШК (мембраноатакующий комплекс - МАК) . МШК - суды өткізетін мембранаралық канал; нәтижесінде жасуша ісініп (натрий бар) ериді. Комплемент жүйесі фагоцитозды жеңілдетеді (фагоциттердің С3в рецепторы), мес жасушалар мен базофилдерден қабыну медиаторларының бөлінуін қамтамасыз етеді (С3а және С5а) .
Фагоцитоз
Дененің келесі күшті бейспецификалық қорғаныс факторы фагоцитоз - фагоциттік жасушалардың антигенмен және өзгерген жасушалармен әсерлесуі, оның нәтижесінде олар фагоцит бетіне жабысып (адгезия - adhesio - жабысу ), бөгде жасушаларды жұтып, қорытады (7-ші сурет) .
Фагоциттік жасушаларға гранулоциттер және полиморфты ядролық лейкоциттер (ПМЯЛ), қандағы моноциттер, ұлпа макрофагтары, мононуклеарлық фагоциттер жүйесі (ретикулярлық және эндотелиалдық ұлпа) жатады.
Бауырда фагоциттік қызметті Купфер жасушалары, өкпеде - альвеолярлық макрофагтар, мида - микроглиялар атқарады; қан тамырларының эндотелиалды жасушалары тек қана белгілі жағдайларда фагоциттік қабілетке ие болады.
ПМЯЛ - қандағы негізгі фагоцитоздаушы, қысқа уақыт өмір сүретін жасуша, көбінесе фагоцитоз процесінде жойылады.
Моноцит - сүйек кемігінде түзіліп, ұлпаларда макрофагқа дейін жетіледі.
Макрофаг - ұзақ өмір сүретін жасуша, фагоцитоз процесіне бірнеше рет қатыса алады; жасушалар ұлпаларда еркін немесе қан тамырларының қабырғасына жабысып тұрады; бөгде агенттерді және олармен байланыс-қан антиденелер немесе комплементті таниды. Макрофагтар 40-тан аса биологиялық белсенді заттар өндіреді. Макрофагтағы ферменттік элемент-тердің (жетілген макрофагта миелопероксидаза болмайды) белсенділігі (сандық және сапалық) ПМЯЛ-ға қарағанда төмен. Спецификалық имму нологиялық реакцияларды түзуге (фагоцитоз, антигендерді басқа иммундық жүйенің жасушаларына таныстыру) белсенді қатысу функционалдық қызметтерінің арқасында макрофагтар Т және В-лимфоциттеріне, иммундық ќабілетті жасушаларға да жатады.
Фагоцитоз антигеннің толық гидролизімен және жасушалардан метаболиттер бөлінуімен аяқталады, немесе гидролиз толық аяқталмайды (мысалы, ферменттердің саны мен сапасының жетіспеушілігі немесе бөгде жасушалардың денеге көп мөлшерде енуі нәтижесінде) . Бұл жағдайда толық ыдырамаған антиген макрофагтың мембранасында жетілген спецификалық иммундық реакцияларды түзе алатын түрде таныстыры-лады.
Фагоцитоз процесі схема түрінде мына тізбекте жүреді:
- хемотаксис (лат. хемо - химиялық, таксис - әрекет) - ПМЯЛ жасушалардың немесе басқа фагоциттердің медиаторлардың әсерімен антигенге қарай жылжуы;
- пиноцитоз - жасушалардың ерітілген заттарды жұтуы (диаметрі 1 мкм-ден жоғары емес) немесе
- антигенді макрофагтың және басқа фагоциттік жасушалардың спецификалық немесе бейспецификалық рецепторлар арқылы тануы;
- антигеннің фагоциттік жасушалардың бетіне жабысуы (адгезия), фагоцит псевдоподиясының түзілуі;
- антигенді қорғау, фагосома - вакуолдің түзілуі;
- фагоцитте глюкоза метаболизмінің белсенуі, фагосома мен лизосоманың қосылуымен фаголизосома - вакуолдің түзілуі;
- оттегі қажеттілігінің жоғарылауымен еркін радикалдардың түзілуі («тыныс «жарылысы» немесе оттегі тәуелді гидролиз) ;
- бактерицидті жасушалардың оттегі тәуелді емес механизмінің белсенуі;
- антиген мембранасының зақымдануы;
- антигеннің толық гидролизі, жасушалардан метаболиттердің бөлінуі немесе толық гидролизденбеген антигеннің фагоцит (макрофаг) мембранасында таныстырылуы.
Фагоцитоз процестің әр кезеңінде, көп мөлшерде антигендік материалмен (микроорганизм) тежелу, ферменттер жүйесінде генетикалық бұзылыстар, молекулалар адгезиясы және т. б. жағдайлардың нәтижесінде ақаулы болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда созылмалы инфекция, созылмалы қабыну процестері дамиды. Әртүрлі патологиялардың, әсіресе созылмалы аурулардың диагностикасында фагоцитозды бағалаудың тәжірибелік маңызы зор.
Фагоцитоздың толық көрсеткіші тек қана фагоцитоздалған жасушалардың сандық қатынасымен емес, сондай-ақ лизоцимнің, миелопероксидазаның, қышқыл фосфотазаның, бета-глюкоронидазаның, катепсиндердің және макрофаг-фагоцит секреттерінің белсенділігімен де анықталады.
7-сурет. Антигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
1-Аг экзогенді зат; 4-лизосома;
2-фагосома; 5-Т-жасушалардың
3-фаголизосома; антиген-спецификалық
рецепторы.
Табиғи киллерлер (ТК)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz