Бөкей Ордасы хандығы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Бөкей Ордасы

Хандықтың құрылу себептері XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында Кіші жүздегі қазақ халқының едәуір топтары Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағыстарының аралығына көшіп барып, 1801 жылы Ішкі, яғни Бөкей (алғашқы ханы Бөкейдің есімімен) хандығын құрды. Бастапқыда Жайықтың оң жағасына бес мындай отбасы өтті. Одан кейінгі жылдарда хандық халқы Жайықтың арғы бетінен ағылып көшу есебінен өсе берді. Орынбор шекаралық комиссиясының есептеуі бойынша, 1828 жылы Бөкей хандығының халқы 10 225 шаңырақ болған. Деректемелер бойынша, 1845 жылы мұнда 30 мыңнан астам шаңыраққа жеткен, 1860 жылы оның халқы 26 209 шаңырақтан тұрған.

Әлеумтеттік-экономикалық дамудағы өзгерістер. Жайықтың оң жағасына көшіп барған қазақ ауылдарымен руларының шаруашылық қалпы, тұрмыс салты, дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жөнінен Кіші жүздегі ағайындарынан еш айырмашылыгы болған жоқ. Олардың көпшілік бөлігі көшпелі малшылар болып қала берді, егіншілікпен құм арасындағы шағын жазиралы учаскелерде ғана айналысты. Орданың негізі қаланған бастапқы кезең осылай болды. Бірақ уақыт өте келе жаңа орында олардың дәстүрлі тіршілік болмысының сипаты біршама өзгерді және Жайықтың арғы бетіндегі қазақтардың өмірінен айқын ерекшелене бастады.

Ішкі орда барлық жағынан Астрахан, Саратов, Орынбор губернияларының жерлерімен, Жайық бойындағы бекіністі әскери шеппен, солтүстік Кас-пий өңірі бойындағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесіп жатты. Ол жинақы және шағын хандық болды, оның аумағы шығыстан батысқа карай 350 шақырым жеәе солтүстіктең оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жат-ты. Жайылым алаптарының шектеулілігі орда құрылуының ең басынан-ақ дәстүрлі кеңістік бойынша игеру әдістерінің орнына, оларды интенсивті игеру проблемасын алға қойды.

Хан билігіне бірінші кезекте феодалдардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа аграрлық саясат көшпелі ұжымдар ішінде де, тұтас алғанда, қоғам ауқымында да әлеуметтік қатынастар мен жіктелу үрдісін тереңдетіп, шиеленістіре түсті. Ақысын төлеп немесе жұмысын істеп беріп, бөтен жерде көшіп жүретін жерсіз отбасылар мен ауылдар санаты пайда болды. Ұлтарақтай жерді иеленетін, бірақ құдықтары мен су көздері жоқ, сондықтан бай көрішлерінің ауылдарына «бекітіліп берілген» шаруа үйлері көбейді. Жер сауда, қиянат жасау және даулы істер объектісіне айналды. Бұл саясаттан ханның теңірегіндегілер мен жергілікті шонжарлар ұтып отырды. Еңбекші халықтың негізгі бұкарасы жер таршылығы мен ауыр қанаудың қыспағына түсті. Жәңгір ханның өз айтуына қарағанда 6-7 мың отбасының, яғни халықтың 1/3 бөлігінің жері болмаған, сондықтан олардың көбі оны көршілес орыс губерниялары мен жер иелерінен. Каспийдің балық аулаушы кәсіпшілерінен жалға алуға мәжбүр болған.

1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жасқұс алқабында тұрақты хан ордасы құрылатыны туралы және орданы осы орталықтан басқарғысы келетіні туралы хабарлады. 10 жыл ішінде онда ағаштан 40 үй, ал 1846 жылға қарай 89 үй салынды. 1841 жылы ол Торғын өзенінде жазғы орданың негізін салды. Бес жылдан кейін онда ағаштан салынған 9 үй болды. Ханнан үлгі алып, сондай-ақ оның нұсқауымен сұлтандар, билер мен ақсақалдар үй салып ала бастады; шаруалардың жекелеген топтары да өздеріне жертеле салып алды. XIX ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай орданың ер түрлі жерлерінде халықтың үштен бірінің қысқы тұрғын үйлері болды.

Патшаның жеке нұсқауымен 1829 жылы қазыналық зауыттардан ордаға 20 айғыр бөлінді. Жәңгір хан нақ сонша асыл тұқымды Кавказдан алдырды. 15 жылдан кейін жергілікті жылқының жақсартылған тұқымының саны 30 мыңға жетті. Оларды Дон және Орал қазақ әскерлеріне беріп отырды.

Медреселер және ауылдарда бастауыш мектептер салу, балаларды Астраханға, Саратов пен Казанға, Орынбордағы арнайы Ішкі Орданың балалары үшін 10 орын бөлінген Неплюев кадет корпусына оқуға жіберу Жәңгір саясатының бір бөлігіне айналды.

Жәңгірдің қызметі, бұрын айтылып келгеніндей, оншама бір жақты болмағанын мойындау керек. Еуропа еркениетін жақтаушы болған Жәңгір оның элементтерін қазақтардың дәстүрлі ортасына енгізуге ұмтылды. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда, ол Ішкі Ордаға (Бөкей Ордасына), көп жағынан Ресейдің орталық аудандарындағы феодалдық қатынастар жүйесін көшіріп ала отырып, феодалдық тәртіптер орнатты. Аймақтың қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде де Жәңгірдің басқару құрылымын күшейту жөніндегі шараларды іске асыруы нәтижесінде өзгерістер, мысалы, жер-жерде іс жүргізуді енгізу, тіпті өзінің мұрағат қызметін құру сияқты өзгерістер пайда бола бастады. Жәңгір ханның кезінде еуропалық үлгідегі алғашқы мек-тептер пайда болды, мұның өзі сол кездегі Қазақстан үшін елеулі жаңалықтар еді.

Саяси құрылыс. Орынбордың әскери губернаторы Волконский «сұлтандардың үлкені, парасатты, тәжірибелі және жоғары мәртебелі монарх тағына берілген» деп сипаттаған Бөкей сұлтан 1812 жылғы 7 шілдеде Орал қаласына жақын жерде Орынбор әкімшілігінің жоғары шенділері және көптеген дала шонжарлары қатысқан салтанатты жағдайда ресми түрде Бөкей Ордасының хандығына көтерілді. Оның сол кезге дейін атқарып келген нақты жағдайы заң жүзінде ресімделді. 1815 жылы өлген Бөкей хан ханның тағын өз баласы Жәңгірге өсиет етіп қалдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін орданы уақытша баскаруды өзінің туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді Ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды, ал 1824 жылғы 26 маусымда Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып, патшалық өкімет орындарының бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт билік етті.

Бөкей Ордасы патша үкіметіне тәуелді және оның бақылауында болды. Ішкі саясаттың негізгі мәселелерін хан Орынбор әкімшілігімен бірлесе отырып дайындады. Мұраға қалдырылатын хан билігін, бір жағынан, ру-басылар мен билер, екінші жағынан, патша үкіметінің қарулы отряды қолдады. Ханның ішкі істерді басқаруда едәуір еркіндігі мен бастамасы болды. Қаржы-салық саясаты, жер пайдалану тәртібін белгілеу, аумақтық-рулық басқару және халықтың шаруашылық құрылысы мәселелері ханның міндетіне кірді.

Ішкі Орданың саяси тарихында XIX ғасырдың екінші ширегінен басталатын кезең едәуір ерекше. Хан билігі әлсіз, дамымай қалып, көп жағынан жергілікті бай-сұлтан топтарының қолдауымен анықталған бай-сұлтан басқару жүйесі билеушілердің отарлық бағындырудың және қаржы-салық саясатының жаңа міндеттеріне сай келуден қалды, сөйтіп Жәңгір тұсында төрешілдік басқару нысанымен ауыстырылды. Сол арқылы дәстүрлі қазақ қоғамына жаңалықтар, рас, табиғи жолмен емес, күштеу әдістерімен енгізіле бастады.

Рубасыларын ханға жақын және оған адал адамдардың арасынан патша әкімшілігінің тағайындауы жиілей түсті. Мысалы, егер 1827 жылы үш рудағы байбақты, ноғай және беріш руларындағы 34 старшынның үшеуі ғана хан билігімен тағайындалса, 1845 жылы осы рулардың барлық дерлік бөлімшелерінің басында «жарлық» старшындары түрды. Жергілікті феодалдардың сот құқығы шектелді. Сот билігі негізінен ханның, хан Кеңесінің мүшелері - билердің және хан депутаттары - сұлтандардың қолына шоғырландырылды. Жергілікті рубасылар мен ақсақалдар кішігірім даулы істерді қарады, әдетте олар татуласумен аяқталатын. Өз қалауы бойынша хан ұсақ-түйек істерді де ру бастықтарының қарауынан алып отырды. Бұрынғы би қазылығының аясы шектелді, ал олардың кейбіреулері сол кезде-ақ мемлекеттік қызмет нысанына көшкен еді. Халықка алымдар белгілеу құқығы да жергілікті феодалдардың қарауынан алынды.

Рубасылар мен ақсақалдардың міндеттері қиындады: есеп беру енгізілді, олар жайылымды қалаптарды жалға алу кезінде, пішен сатып алу, мал көтерме саудасы кезінде рудың немесе бөлімшенің мүдделерін білдірді, халықтан орталық билік белгілеген алымдар - «зекет», «соғым» жинады, жекелеген ауылдардың көшіп жүретін шекарасын белгіледі. Оларға бағыныштыларының арасында «орыс қашқындары», «бүлікшілер», қазақтардың басқа руларынан келгендер тұрмауын қадағалау жүктелді, оларға «тыныштық пен бейбітшілікті» сақтау міндеттелді.

Ру. сұлтандары мен ақсақалдары жанында іс-қағаз жүргізушілер мен дін жолына бастаушылардың міндеттерін қоса атқарған молдалар болды. Олардың кейбіреулері хан кеңсесімен және ауылдар арасында байланыс жасау үшін «шабармандар» және «қызметкерлер» ұстады.

Жәңгір хан өз билігін бұрынғы қазақ хандары билігінің жалғасы деп санады. Алайда ол мазмұны мен нысаны жағынан олардан көп жағынан ерекше болатын. Ордадағы әкімшілік, сот және құқықтық билік хан қолына шоғырландырылды.

Хан өз билігімен рулар мен бөлімшелерге қоныстарды бекітіп берді, жерді феодалдардың билігіне бөліп берді, бекітіліп қойылған жер учаскелерін екінің бірінде қайта бөліп отырды, шонжарлардың жекелеген санаттарын (сұлтандарды, қожаларды, ақсақалдарды, тархандарды және молдаларды) жалпы міндеткерліктерді атқарудан босатты. Хан билігі көрсеткен қызметі үшін тар-хан дәрежесіне көтеру, офицер шенін беруге ұсыну, медальдармен, сыйшекпенмен және т. б. марапаттау сияқты көтермелеу шараларын едәуір кең пайдаланды. Осының бәрі жергілікті феодалдардың вассалдық катынастарын нығайтты. Хан «үкімдік» молдалардан бастап хан Кеңесінің мүшелеріне дейінгілердің бәрін өзі тағайындап отырды. Олар тек соның өзіне ғана бағынды. Хан өз қалауымен оларды басқаларымен ауыстыра алатын.

Ішкі жағдайлар тұрғысынан алғанда, хан билігі қандай да болсын басқа бір ұйымның алдында жауапты болмады. Хан Кеңесі кеңесші органнан жоғары көтерілмеді, бұрын үлкен өкілеттіктері болған ақсақалдар съезі сирек құбылысқа айналды. Кей-кейде шақырылатын съездерде барлық феодалдар үшін, бүкіл орда үшін мәні бар қандай да бір маңызды мәселелер талқыланбады. Олар, әдетте, патша үкіметінің қысымымен қатысушыларды ханның айтқанынан шықпауға мәжбүр ету үшін шақырылатын.

Жәңгір хан тұсыңда басқару әдістері де басқаша болды. Егер қазақтың бұрынғы хандарының тұрақты ордасы болмай, көшпелілерді өзі де көшіп жүріп басқарса, ол хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды. Оның жанынан ерекше басқару аппараты құрылды. Хан жанында сұлтандар арасынан 10 «хан депутаттары» деп аталатындар болды. Бұл «депутаттар» орыс қыстақтарымен шектес рулардың қоныстарына жіберіліп отырды және олар істе орыстар мен қазақтар болған кезде шекаралық өкімет орындарының өкілдері жүргізетін тергеулерге катысуға тиіс болды және бұл орайда қазақтардың мүдделерін білдірді. Оларға ханның тапсырмасы бойынша жергілікті жерлердегі жекелеген дауларды қарау тапсырылды. Олардың алымдар бойынша төленбеген бөлігін өндіріп алу кезінде мәжбүрлеуге де билігі болды, кейде оларға неғұрлым кең өкілеттіктер де берілді. Мәселен, Медет Шекин сұлтан кұжаттарда Өзен шебінде «ханның барлық істер бойынша депутаты» деп аталады. Ол өз қалауы бойынша кінәлілерді «қарауылмен» ұстай алатын еді. Оның старшындарға өкімі «Медет Шекин сұлтанның аса қатаң талабы» ретінде беріледі. Басқа бір құжаттан ханның депутаты Әділ Бөкейханов сұлтанның Жайықтың арғы бетінен қазақтардың ішкі жаққа өтуіне басшылық еткені көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөкей ордасының тарихи сипаттамалары
Жәңгір ханның игілікті істері
Бөкей ордасы тарихы
Бөкей Ордасы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) - Ресей империясының вассалы ретінде
Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Хандықтардың құрылуы және шайқастары
Ежелгі қазақ хандары мен билеушілері
XVII-ші ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың ортасына дейінгі қазақ-қалмақ қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz