Дамыта оқытудың идеясын таныту
Кіріспе ... ... ... .3.4
І ТАРАУ. Дамыта оқыту технологиялық теориялық негіздері.
1.1.Бастауыш білім беруде дамыта оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық . психологиялық мәселелері ... .
1.2. Бастауыш білім беруде оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері...
ІІ ТАРАУ. Дамыта оқыту технологиясын тиімді қолдану жолдары.
2.1.Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.21
2.2.2. сыныпта ана тілі пәнін оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс.тәсілдері ... ...22.25
Қорытынды ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер

Болшақтың бүгінгі күннен де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркениетті дүниеге өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Кейінгі кездері республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көпдеңгейлі, интеграцияланған және дамыта отырып оқыту, т.с.с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы түсінігі жоқ мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Кейбір мұғалімдер теорияны толық меңгере алмай, дамыта оқытуды топпен жұмыс жасау, оқушыға еркіндік беру, барлық ақпаратты баланың өзіне тапқызу, сабақты басқаша ұйымдастыру сияқты түсініктермен шатастырып жүр.
Сондай - ақ негізгі мектеп мұғалімдері арасында "Дамыта оқыту" тек бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан. Сонда дәстүрлі оқыту жүйесіндегі мұғалімдер дамыта оқытудан шыққан баланы түсіне алмай, өз қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы жапа шегеді.
Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.

1. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000.
2. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика Алматы, 2002.
3. Бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты. Алматы,1998.
4. І Республикалық педагогикалық кеңестен. Астана, 2001.
5. ҚР Конституциясы, ІІ бөлім, 30-бап.
6. Ильина Т.А. Педагогика. Алматы,1977.
7. Волков И.П. Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1989.
8. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология. Алматы, 2003.
9. Белов В. Татулық. Алматы, 1978.
10. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002.
11. Жазықбаева Ұ. Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді. Шымкент, 2000.
12. Оралбекова Т.Ш. Технология оқулығы. Алматы, 2003
13. Оралбекова Т.Ш. Әдістемелік құрал (технология), Алматы, 2003.
14. Педагогикалық энциклопедия. ІІІ том
15. Мұқанов Н.І. Табиғатты қорғайық // Бастауыш мектеп Алматы, 2007,№6 27б

-Жоспар
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------3-4
І ТАРАУ. Дамыта оқыту технологиялық теориялық негіздері.
1.1.Бастауыш білім беруде дамыта оқыту процесін ұйымдастырудың
педагогикалық - психологиялық мәселелері.------------------------ -----------
-----5-10
1.2. Бастауыш білім беруде оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың
дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері.-------------------------- ------------
-----11-17
ІІ ТАРАУ. Дамыта оқыту технологиясын тиімді қолдану жолдары.
2.1.Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі.------------------------ --------
---18-21
2.2.2- сыныпта ана тілі пәнін оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын
пайдаланудың әдіс-тәсілдері.-------------------- ----------------------------
---------22-25
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-------------26
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
--------27
Кіріспе
Болшақтың бүгінгі күннен де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын
алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркениетті
дүниеге өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму
бағытына байланысты.
Кейінгі кездері республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген
өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көпдеңгейлі, интеграцияланған
және дамыта отырып оқыту, т.с.с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы
түсінігі жоқ мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Кейбір мұғалімдер
теорияны толық меңгере алмай, дамыта оқытуды топпен жұмыс жасау, оқушыға
еркіндік беру, барлық ақпаратты баланың өзіне тапқызу, сабақты басқаша
ұйымдастыру сияқты түсініктермен шатастырып жүр.
Сондай - ақ негізгі мектеп мұғалімдері арасында "Дамыта оқыту" тек
бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан. Сонда дәстүрлі
оқыту жүйесіндегі мұғалімдер дамыта оқытудан шыққан баланы түсіне алмай, өз
қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы жапа шегеді.
Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ
тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де
өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.
Бұл жағдайда республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын,
теориялық негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді.
Сондықтан дамыта оқытуға байланысты әртүрлі болжамдар мен қате
түсініктерді сейілту қажет.
Технология мен әдіс - тәсілдің ара - жігін ажырататын ғылыми
еңбектер зерттеулер, көмекші құралдар көптеп шығуы керек деп есептейміз.
"Дамыта оқыту" 1960-1990 жылдар арасында Л.В. Занковтың басшылығымен
зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалған. Кеңес
дәуірінің психологы Л.С. Выготский бала психикасының теориясын жасады.
Сондай - ақ К.Д.Ушинский, А.С. Макаренко бұл тақырыпты қолға алып, азды
- көпті зерттеулер жүргізіліп жатқан п.ғ.к, доцент Б.Тұрғынбаеваның
еңбегінде республика мектептері үшін дамыта оқытудың маңыздылығы,
тәжірибелер сөз етіледі.
Мақсаты: "Дамыта оқытудың идеясын таныту".
"Дамыта оқытудың" теориялық мәселелерін айқындау. Инновациялық
технологиялардың тиімділгін арттыру.
Міндеттері:
"Дамыта оқытудың " бала технологиясына әсерін көрсету.
Бастауыш мектепте "дамыта оқытуды" жүзеге асырудың жолдары мен
маңыздылығын көрсету.
Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін
ашу. Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке - дара ерекшеліктерін
ескеру.
Зерттеу нысанасы:
Бастауыш мектеп (2-сынып) оқушылары.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педогогикалық,
теориялық және әдістемелік әдебиеттерге сүйеніп, теорияларымен танысу және
бастауыш сыныптарда жүргізілген іс -тәжірибелерді сараптау.
Зерттеу пәні:
Бастауыш мектепте ана - тілі сабақтарында дамыта оқыту әрекетін іске
асыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады

1.1. Бастауыш білім беруде дамыта оқыту процесін ұйымдастырудың
педагогикалық - психалогиялық мәселелері.
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының,
бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше?
Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи
есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын,
сыртқы педогогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды.
Педогогика тарихында екі түрлі қарама - қайшы пікір орын алып келеді.
Бірі - жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықты қуаттаса, екіншісі
керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сәулеленуіне, яғни тынымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне,
меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл - оқу білім алу деген сөз.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында
жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.
"Даму ұғымы философиялық сөздікте"... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір
өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы", - деп түсіндіріледі.
Терістеу - дамудың қозғаушы күші. Терістеу - белгілі бір зат пен құбылыстың
қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына
мүмкіндік туғызу.
"Даму" ұғымының психологиалық анықтамасы - жаңару процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың
зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың
қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата - анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында
қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының
ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым -қатынасының
нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-
ақ баламен қарым - қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез – құлық
және ақыл - ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен
сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын
рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән
қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары
болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған
ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже
бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы
белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат
ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең
бастысы осы факторлардың бірде - бірі, қандай да бір кемеліне келген болса
да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш
басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы
жеткілікті дәрежеде дәлелдепберді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол оқытудың оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген
көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі
аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара
алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады.
Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны
игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының
қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте
ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа
дағдыларды игереді, екінші жағынан материялдық және рухани байлықтар жасап,
осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциялдық
мүмкіндіктері неғұрлым жан - жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген
кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. Оны
жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады.
Демек, шын мәніндегі - ертеңгі күнге меңзеуге орын алады.
Ғалым психологтар Л.В.Занков, А.А.Люблинская, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин
зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге
арналған зерттеулер жасалады. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова - Меллер және
басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін
дәлелдейді.
Бұл теория шеңберінде оқудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі
ереже өмірге келді.
''Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы
керек... Білім беру тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ'' -
дейді Л.С.Выготский.
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады.
Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін
атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің
әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық
мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш
сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазды. Аталған теориялық
негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен 1960-1990 жылдар арасында
зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды.
Бұл тұжырымдама ''екіліксіз қалай оқытуға болады'', білімге деген
қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты
мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез - құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп
есептейді. Ал американдық психолог - ғалым Блюм 7 - 8 жасқа дейін өсіп келе
жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді
дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын
кезеңі.
С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова - Меллер өз зерттеулерінде оқыту - дамудың
негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер ''даму'' деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының
дамуының белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П.П.Блонский бұдан индивидтің
абстрактіден нақтыға және керісінше нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс
жасай алу қабілетін жатқызған, Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская - оқи
алуды, яғни қысқа мерзімlе жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов оқу
материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдыр құрастыру, негізгіні
және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын
жатқызады.
Л.В.Занков ақыл - ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс - әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында
баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды
және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
80 - жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық - саяси өміріндегі болған
өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаналықтар енгізіп, жаңа леп әкелді.
Республика мектептеріндегі оқытудың жаңа жазылған төл оқулықтар, жаңа
бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің әлемдік стандартқа сай болуын
қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізіле бастады.
Әсіресе халықтық педагогиканың пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде
атқарылған шаруалар ауқымы біраз. Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкін
болған жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту жүйесі
алынып отыр.
Оқушы қабілеттін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында
ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідеді лицей, гимназия сияқты мектептерді
заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылардың қабілеттеріне,
қызығушылықтарына қарай лайықтандырылып жасалған арнайы бағдарламалармен
оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектепте
пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де
мол.
Бастауыш сынып оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі
факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процессін жолға қою керектігі
саналады. Оқушының шығармашылық қабілетін де оның ойлауы мен практикалық
әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту
сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтары ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасындағы ерекше қарым қатынас. Мұғалім мұндай жағдайда дайын
білімді түсіндіруші ғана, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың
психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның
басты шарты ретінде әрекет алынады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап - ақ,
ойшылдар білім мен ақыл - ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала
дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидакттардың бірі
Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне,
мінез - құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің
дамуын қамтамасыз етуді қойған.
ХҮІІ ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі
қағидаларының бірінде де баланың ақыл ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың
білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
И.Т.Песталоцци баланың ақыл - ойын, барлық қабілет - қасиеттерін
дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет
етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі ''Неміс
мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық'' (Руководство к образованию
немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. '''Дамыта оқыту
деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған
''жаман'' мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін
ізденуге жетелейді '' - деген.
''Дамыта оқыту'' деген термин психология ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін
(Л.В.Выготксий, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С. Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.
Менчинская) және т.б., іс -әрекет теорясының психологиясын жасаған
(А.Н.Леоньев, П.Я. Галперин) еңбектерінде жан -жақты талданды Нәтижеде
дамыта оқыту проблемесына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған.
Зерттеудің мақсаты Л.С.Выготскийдің 1930 жылдың басында жасаған оқыту
мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау.
Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауыш математикалық білім беру ісіне үлкен
өзгерісті енгізді. Мысалы 1969 жылы арифметика курсы математикаға
ауыстырылды. Біра бұл курста да негізгі назар баланың ауызша және жазбаша
есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептерді шығаруда болып қалды.
Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды
қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.
Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту педагогика және психология
ғылымдарының келелі мәселелеріне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту
деп оқыту мақсаттары, міндеттері, әдіс тәсілдерә баланың даму
заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың
психикасында жаңа құрлымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы
тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып
жалпы дамыту, оның ерекіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім
қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі
қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығын
берумен шектелетін, нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулармен
бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектепте орын
алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды дайындауға негіз бола
алмайтындығын өмір көрсетті.
Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу
үшін дамыта оқыту жүйесін ең басшылыққа алар нысаны деп білеміз.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыту отырып, жалпы дамыту,
оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға
дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай
ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға
өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Оқыту барысында баланың ақыл – ойын
қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қана қоймай, баланы әртүрлі
әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға
шығарды.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959 – 1960 жылдары қолға
алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа
жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі
себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей
мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен
қатар пайдаланылып келеді.
Л.С.Выготскийдің теориясы Д.Б.Эльконин басқарған шығармашылық топ
жұмысын әрі қарай жалғастырды. Баланың өзін – өзі өзгертуші субъект ретінде
дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізді. Екі авторлар
тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдар
дайындап шығарды. Осылайша, дамыту оқыту ғылыми теориядан практикалық іс -
тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп
қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі өзгеруші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар
жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекет ұйымдастыру
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін
сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-
ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда
төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы;
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу;
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қойюда ешқандай дайын
үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтай арқылы жүзеге
асады.
Л.В.Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты жалпы
дамыту. Ал, жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық
іс - әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай - ақ ақыл, ерік -жігері,
сезімдерінің дамуы алынады.
Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған
жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек
барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын
біртұтас етіп алады. Оның 17-ші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз
таластыруында тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш
түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз.
Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден
көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған
әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше - ақ
арттыра алары сөзсіз деп есептейміз.
2. . Бастауыш білім беруде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі
формалары, жолдары, әдістері.
Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса,
екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Дамыта оқыту
жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына
бағытталады. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге,
қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.
Бағдарлама жоқ, дамыта оқыту жүйесімен жазылған оқулықтар жоқ жүйе
бойынша жұмыс істеуге мұғалімдер дайындалмаған. Кейбір қазақ мектептері не
істеу керек? Балаларға оқулықсыз, бағдарламасыз оқыту мүмкін емес. Бірақ
дәстүрлі бағдарламаның да негізгі бағыты оқыту, дамыту болғандықтан әр пән,
әр сабақ аясында баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуге арналған іс-
әрекеттер жасау, әдістер пайдалану мұғалімнің ізденуіне байланысты болмақ.
Төменде дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық принциптеріне
тоқтала отырып, бастауыш мектептер осыдан өзіне не ала алады деген мәселеге
тоқталып өтеміз.
1. Жоғары қиындықта оқыту принципі.
Бұл баланың шамасы келетін мәселелер төңірегінде айнамақтан тұрып, қалай
білім деңгейін күрделендіру, сол арқылы оны қиындықты жеңуге үйрету, өз
күшіне деген сенімін тұғызуға әкелу.
Баланың өзінің білетінінің төңірегінде ғана қалсақ, немесе ойлауға
жетектемесек, оның дамуын тежегеніміз.
Мысалы: күнделікті сабағымызда қарапайым нәрселерді сұрау, жауап алу
арқылы қанша уақыт жібереміз. Суретті көрсетіп тұрып, ондағы бейнеленген
түйенің неше өркеші, неше аяғы бар екенін айтқызу бала үшін ешнәрсе
бермейді. Немесе алманың дөңгелек, қызыл болатындығын сұрап жату баланы
дамытады деп айту қиын. Одан гөрі сол алма дөңгелек, қызыл болғанға дейін
қандай кезеңдерден өткенін сұрап білу арқылы баланы ойландырамыз, өмірден
алғын білімін (көргенін) пайдалануға ықпал етеміз. Ондай қарапайымдылықтан
арылу жағын әрбір мұғалім іздегенде ғана жүзеге асыруға болады. Ол үшін
бағдарламадан тыс сұрақтар қою, қосымша материалдар пайдалану қажеттігі
туады. Әрине күрделендіреміз деп баланы шамадан тыс қиындықтарға әкелу
жағынан сақтану керек. Баланың сабаққа деген ынтасы жоғалады, сенімі
құриды.
Бұл принциптің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықтардағы жеңіл-желпі
тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын
шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіндігіне көзіміз
жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызған сайын ширай түсетінкірпішпен
салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың
ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды.
2. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі - теориялық білімнің
жетекші ролі принципі.
Бұл принцип бала тек теорияны оқуы, ғылыми терминдерді білуі, заңдарды
жаттауы керек дегенді білдірмейді. керісінше, олар оқу барысында
бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп
жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға
үйрету. Бірақ, жаттап алмай сол қорытындыға саналы түрде әкелуге келтіру.
Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.
Оқу барысындағы оқушылар зерттеу, бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Мұғалімнің жетекшілік етуімен көркем шығармадағы әрбір оқиғаға өзінше баға
беруге, ойланып, қорытынды жасауға үйренеді. Өздерінің бар білімдерін, ой-
сезімдерін одан әрі арттыруға пайдаланады. Мысалы: Зейін Ақышевтың ''Жаяу
Мұса'' әңгімесінде ұлттық тәрбиенің бір көрінісін бейнелейтін бір үзінді
бар. Яғни, Шоқан Жаяу Мұсаның аты-жөнін нағашысына айта алмайды. ''Өзің
аттас''деп әдептілік сақтайды. Үлкенің атын тура атамау әдепшілік белгісі,
біздің ежелгі салтымыз. Осыған сәйкес мынадай сұрақтарды қойып, оқушыларды
ізденуге, ойландыруға, ұлттық салт-дәстүрдің түрлі иірімдерін зерттеуге
бағыт беруге болады.
1. Шоқан нағашысына неге өз жолдасының атын-жөнін айта алмады, әлде ол одан
қорқа ма? Осыны қалай түсінесіңдер?
2. Әңгімеде ''Кісі болар баланы кісесінен танимын, кісі болмас баланы
мүшесінен танимын'', ''Ат болатын тай саяққа үйір, адам болар бала
қонаққа үйір'' деген нақы сөз бар Осы сөздердің мәні неде? Осындай тағы
қандай мақал, нақыл сөздерді білесіңдер?
3. Жаяу Мұса үш тілді толық меңгерген. Өзі тақыр кедей, ақшасы жоқ. Сонда
мұндай дәредеге ол қалай жетті?
4. Шоқан Мұсаның оқуына ақшаны, қаражатты өзі төледі. Осы жерде қандай сыр
бар? Әлде, ол Мұсаға қарыздар ма, әлде туысқаны ме? т.с.с.
Оқушылар бұл сұрақтарға ойланып, жауап іздейді, өздерінше қорытынды
жасап, баға береді. Мұғалім оқушы жауаптарын толықтырып отырады.
3. Оқу процесін түсіну және сезіну.
Бұл принцип саналы оқу принципіне қайшы келмейді. Саналы оқу дегеніміз
берілетін білімді ұғынуға бағытталған. Ал, оқуды түсіне (сезіну) оқушы өз
бойындағы оқудан алған өзгерістерді байқауы: бұған дейін мен мынаны білуші
едім, осы пәнді оқу арқылы мынадай жаңа нәрсе үйрендім дегенді сезіну. Оқу
тұрғыдан алғанда саналы оқу мен оқу процесін түсіну, сезіне әртүрлі
психикалық іс-әрекетпен байланысты. Мысалы: шығарма кейіпкерінен үлгі алуға
тырысады. Оның жақсы қасиеттерін үйреніп, соған жету үшін өздерін өздері
дайындайды. Осыған байланысты '' Жаяу Мұса'' әңгімесі бойынша мынадай
сұрақтарды беріп, балаларға ой тастауға болады. Мысалы:
а) Шоқан неге Жаяу Мұсаға оқуы үшін ақшаны өзі төледі? Әлде оған қарыздар
ма? Ол нені жоғары қойып отыр? (достық, адамгершілік, қамқоршы болу,
дарындылықты өнер биігіне шығару т.б.)
ә) Шоқанның осындай қасиеті сендерге ұнай ма? Сендер достықты бағалай
білесіңдер ме? Жалпы достық деген не? Ақша қымбат па, әлде достық па?
(Достық туралы мысалдармен байланыстырып, өмірден достыққа байланысты
деректер келтіріледі.
Оқу процесін түсіну (сезіну) баланы өз-өзіне қорытынды жасауға, сын
көзбен қарауға тәрбиелейді. ''Мен қандаймын?'', ''Мен не білуші едім, не
үйрендім ?'', ''Маған нені білу (үйрену) қызық болды?'' деген рефлексия
дамиды.
4. Сабақ материалын жеделдете өту.
Бұл принципке қарсылық білдірушілер табылуы мүмкін. Өйткен, әр тақырыпқа,
әр тарауға берілген сағат саны бар, одан асып қайда барамыз деуі мүмкін.
Дей тұрғанмен егер оқушылар білім деңгейі, сынып ерекшелігі мүмкіндік
тұғызып тұрса, бір мақсатты көздейтін жаттығулар, есептер орындаумен уақыт
кетіру қателік сияқты. Бала өз табиғатында жаңалыққа құмар, жаңа нәрсе
білуге ұмтылып тұрады. Ендеше мақсаты, мазмұны бір тақырыппен мезі қылу
бала дамуын тежейді. Бұдан қайталаулар санын қысқарту керек, жаттығулар
санын азайту керек деген ұғым тумаған дұрыс. Жүйе әрбір жұмыс түрін
орындауға жаңаша көзқараспен қарауға, баланың дамуына әсер ететін жағын
ойластыруды көздейді. Мүмкін болған жерде қазақмектептерінде қосымша
материалдар, қызықты есептер, жаттығулар дайындап келіп, сабақта орындыту
оқулықтардағы олқылықтарды толтырар еді. Бұдан білім алу сапасы артуы
сөзсіз.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жұмыс істеу.
Дамыту оқыту жүйесін тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын '' жақсы '',
''жаман'' деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды
мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге
дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін
дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім
тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін
арттырып, алға жетелейді.
6. Оқытушы мен оқушы арасындағы жаңаша қарым - қатынас орнату.
Осы кезге дейін ұстанып келген мұғалімнің сыныпта беделі болуы, ол
беделді балаларды қорқыту, зеку, айтқанын қалайда орындату (баламен
санаспай) арқылы жинау, баланың дамуына үлкен кедергі жасап келді.
Қарапайым ғана мысал: Сұраққа дұрыс жауап бермеген балаға ''отыр,
білмейсің'' деген қатал үн қандай әсер етеді. Ол бала енді дұрыс жауапты
ойламайды, жауап беруге құлшынбайды. Осылай бірнеше рет қайталанған
ескерту әлгі баланы жасқаншақ, өз ойын айтуға қорқатын бірте - бірте ақыл-
ойы төмендеген, белсенділігі жоқ оқушыға айналдырады. Ендеше оқушыны
кішкентай бала емес, адам деп қарау, оның жан дүниесін сезіне білу,
көзқарасымен, пікірімен санасу, құрметтеу, білім алуға қажетті фактордың
бірі болып есептеледі. Бала кездегі қарым - қатынастар, анасының,
мұғалімнің, жолдастарының түсіністігі, сыйластығы есейген кезде әртүрлі
жағдайда өзін дұрыс ұстауға, еркін сезінеге тәрбиелейді. Баланың әрбір
жетістігін көріп, оны ынталандырып отыру, оны жоғары экономикалық көңіл
күйге бөлейді. Ол жауап беріп тұрған кезде мұғалім қызыға тыңдап, қалған
оқушыларды да соған жұмыслдырып, сыныпта ерекше жағдай жасауға тырысуы
керек. Қате айлыған жауапты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz