Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері


Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Оқушылармен студент жастардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М. Таникеев, Т. А. Ботағариев, А. Б. Нұрлыбекова, Б. А. Тойлыбаев, Ж. К. Оңалбек, А. Қарақов, Қ. Т. Жанабаев, Б. М. Сапарбаев, Е. Мұхитдинов және т. б.
Ал жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындау мәселелері бойынша маңыздылығы жоғары зерттеу жұмыстары орындалған (В. А. Сластенин, Б. К. Момынбаев, С. С. Смаилов, Н. Д. Хмель, М. Ә. Құдайқұлов, Қ. Бөлеев, М. Н. Сарыбеков, Л. Ә. Байсерке, А. А. Саипов, О. С. Сыздықов, Е. Омар, Л. С. Сманов, А. А. Жолдасбеков және т. б) . Жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік ортамен оның тарихи аспектілері туралы (А. Г. Қазмағамбетов, Л. К. Керимов, В. А. Ким, К. Ж. Қожахметова т. б. ) білім мазмұнын жаңарту және дамыту (Т. С. Садыков, А. Е. Әбілқасымова, С. А. Әбдіманапов, Б. Т. Кенжебеков, Ш. Таубаева, А. Қ. Аренова, С. М. Кеңесбаев, Қ. Ералин, К. М. Беркімбаев және т. б. ) . мәселесін зерделеген зерттеулер бар.
Ал, Қ. И. Адамбеков, С. И. Қасымбекова, В. В. Сериков, А. С. Иманғалиева, Т. Т. Галиев т. с. с. қазіргі кездегі педагогтар болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың психологиялық - педагогикалық негіздеріне көңіл бөлген.
Зерттеу бағыты бойынша жақын диссертациялық жұмыстар туралы айтатын болсақ Ж. К. Оңалбектің, О. А. Аяшевтің, Т. Ж. Бекбатчаевтың, С. И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне оқушыларды баулуға, осы тұрғыда маман даярлауға арналған.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Демек, жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі - халықаралық білім жүйесіне ену.
Жоғары білімді дамытудың жаңа ұлттық тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоғары білімдегі құрылымдық өзгерістерге байланысты білім мазмұнына оның жаңаша педагогикалық негіздерін енгізу қажеттігі туды, біздің зерттеуіміз дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісі тұрғысынан қарастырылды.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т. б. ), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т. б. ) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы және болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады. Қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты « Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу нысаны. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындық үдерісі.
Зерттеу пәні. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау.
Зерттеудің мақсаты - оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың теориялық-әдіснамалық алғышарттарын айқындау.
2. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық негіздерін анықтау.
3. Болашақ мұғалімдерді мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби - шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен деңгейлерін және механизмдерін анықтау.
4. Мектеп оқушыларының дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.
6. Қазіргі кезеңде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау теориялық - әдіснамалық жағынан негізделсе; болашақ мұғалімдердің кәсіби-шығармашыл тұлғасын мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың моделі жасалса; оқу мазмұны дене мәдениеті, дене мүмкіндіктерін дамытуға және белсенді өмір дағдыларын қалыптастыру туралы материалдармен толықтырылса; осы тұрғыдан әдістемелік ұсыныстар енгізілсе, онда мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдіру жүзеге асады, өйткені бұл да болашақ маманды кәсіби дайындаудағы қоғам талабы.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық-әдіснамалық және ғылыми - әдістемелік негізін жасау ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген, болашақ ұрпақты салауаттылық пен дене мәдениетін рухани тұтастықта қарастыратын тәрбие кеңістігін құру еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, мәдениеттану және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындары мен мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау; сауалнама, тест алу; әңгіме жүргізу; зерттеу проблемасы бойынша арнайы курс ұйымдастыру және оны талдау; педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық іргелі заңдылықтар мен оның қалыптасу жағдаяттары, тәрбие теориясы, жүйе теориясы; тұлғалық бағдар теориясы; жеке тұлғаны дамыту ілімдері, психологиялық тұжырымдар, озат педагогтардың дербес іс-әрекетті дамыту және тәрбиелік шаралар мен қазіргі жетекші философиялық қағидалар: салауаттылық, демократиялық, кешендік, біртұтастық, жүйелілік, сол сияқты қазіргі білім беру проблемалары, кәсіптік білім беру, кәсіби педагогика, кәсіпқойлық психология, оқу үдерісін басқару, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан - 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т. б. ), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2002-2004 ж. ж) мәселенің теориялық тұрғыда психологиялық, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелуіне, оқу орындарының жай-күйіне талдау жасалынып, дене тәрбиесі жүйесінің құрылымы сараланды. Эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.
Екінші кезеңде (2004-2006 ж. ж. ) болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, болашақ мұғалімдердің мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесін дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып жүзеге асыруға кәсіби дайындығы мазмұнды түрде сипатталып және оның құрылымдық моделі жасалып, өлшемдері мен деңгейлері нақтыланды, ғылыми тұрғыда әдістер жүйесі ұсынылды.
Дене тәрбиесі мамандарының педагогикалық іс-әрекетіне талдау, оған арқау болатын оқу-нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ізденістер орындалып, олар ғылыми мақалалар мен әдістемелік ұсыныстар, құралдар түрінде жарық көрді.
Үшінші кезеңде (2006-2008 ж. ж. ) ұсынылған ғылыми - әдістемелерге байланысты тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Зерттеу нәтижелері нақты жүйеге келтіріліп, математикалық жағынан өңделіп, диссертациялық жұмыс талап бойынша дайындалды.
Зерттеу базасы: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақтың спорт және туризм академиясы мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
1. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық-әдіснамалық алғышарттары айқындалды.
2. Қоғамның жаңару жағдайында оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындаудың теориялық негіздеріне сай, тұлғалық- бағыттылықтың жаңа үлгісінің психологиялық, педагогикалық мәні ашылды.
3. Болашақ мұғалімдерді мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби-шығармашыл тұлғасын қалыптастыру моделі жасалып, өлшемдері мен деңгейлері және механизмдері анықталды.
4. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін олардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып жүзеге асыруға кәсіби дайындау мазмұны айқындалды.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың ғылыми - әдістемелік жүйесі жасалды.
6. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігі тәжірибелік эксперименттен өткізіліп, тексерілді.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- жоғары оқу орындары оқытушылары мен болашақ мұғалімдерге мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру және оны оңтайлы ұйымдастыру жөнінде теориялық және әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік материалдар ұсынылды;
- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемелік жүйесі ұсынылды;
- зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жоғары оқу орындары мен мектептер, колледж және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттарының тәжірибесінде қолдануға ұсыныс жасалды;
- зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, оқытушының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру т. б мәселелер болашақ кәсіби мамандарды дайындау аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік беретіндігімен байланысты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың ғылыми - теориялық негіздері болашақ маманның кәсіби кемелденген жеке тұлғасын қалыптастыру үдерісінің өзегі болып табылуы.
- мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімді дайындау өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері теориялық модельдің негізгі сипаттамасымен айқындалуы.
- мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің тиімділігі педагогикалық үдерісте дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби дайындығы мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне тікелей байланыстылығы.
- мектептегі дене тәрбиесіне болашақ мұғалімдердің даярлығы нақты айқындалған психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, әлеуметтік-шығармашылық шарттар арқылы қамтамасыз етілуі.
- дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық ұсыныстарды жоғары мектеп тәжірибесінде пайдаланудың мазмұндық сипаттамасы болашақ маман дайындауда мәнділігімен көрінуі.
- болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін олардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып жүзеге асыру арқылы кәсіби дайындау мазмұнының оң нәтиже беруі.
- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындау үдерісі алдын-ала белгіленген ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының теориялық тұжырымдарға сәйкестігімен, зерттеу жұмыстарының және оның нәтижелерінің жүйелі талдануымен, зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, мәселенің шешімін табуда арнайы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын өткізумен және оң нәтижелерге қол жеткізумен қамтамасыз етілді.
Зерттеуді сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізігі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық конференцияларда (Нүкіс 2001; Ташкент, 2003; Шымкент, 2006; Түркістан, 2006; Атырау, 2007; Ақтөбе, 2007; Самарқанд, 2007; Алматы, 2007; Орал, 2007; Көкшетау, 2008; Павлодар, 2008; Тараз, 2008; Бишкек, 2008; Ресей, 2008, Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің кафедра мәжілістерінде; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Қазақтың спорт және туризм академиясында және Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында дәрістер мен семинарларда, мектептердің әдістемелік кеңестерінде талқыланды және эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты. Сонымен қатар, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген ғылыми мақалаларда, әдістемелік құралдар мен нұсқауларда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Қазақтың спорт және туризм академиясында, Ақтөбе Мемлекеттік педагогикалық институтындағы мамандарды дайындау үдерісіне ендірілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, зерттеу көздері мен әдістері, тәжірибелік мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу кезеңдері баяндалады.
« Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдірудің ғылыми-теориялық алғышарттары » атты бірінші бөлімде дене тәрбиесін дамыту бойынша болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық негізі зерттеу мәселесіне байланысты негізгі ұғымдар мен түсініктерге анықтамалар беріліп, философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдар зерделенеді, сонымен қатар болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда педагогикалық пәндер мен педагогикалық тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылады.
«Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық негіздері» атты екінші бөлімде жоғары білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімді кәсіби дайындаудың ерекшеліктері сараланып, дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың желісі мен болашағы талданады. Ғылыми-теориялық талдаулар нәтижелері негізінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындаудың моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері, соған сәйкес деңгейлері мен механизмдері сипатталып тұжырымдамалық көзқарастар берілген.
«Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке дайындаудың әдістемелік жүйесі » атты үшінші бөлімде дене тәрбиесі туралы білім мазмұнына, жоспарларға, бағдарламаларға талдау жасалады. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке дайындаудағы психологиялық ерекшеліктер, сонымен қатар, мектептегі оқушыларының дене мүмкіндігі мен қозғалыс ерекшеліктеріне талдау жасалып, жас және дара, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс жүктемелері көрсетіледі. Осы тұрғыда болашақ мұғалімдерді дайындау әдістері қарастырылады.
«Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар» атты төртінші бөлімде оқушылардың дене тәрбиесі жүйсін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі талданып, тәжірибелік-эксперимент нәтижелері сараланады. Зерттеу жұмыстарына жасалған қорытындылар мен тұжырымдар негізінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындаудың ғылыми негізделген ұсыныстары баяндалады.
Қорытындыда ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мазмұндалады, зерттеліп отырған мәселенің келешектегі зерделенетін бағыттары айқындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz