«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені



1. Кіріспе. Биологиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жүйесі.
2 Биологиялық ұғымдардың дамуы. Ұғымдардың даму теориясы.
3 Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен дамуының тарихы.
4. Биологияның мектеп курсы мазмұнының құрылым принципі.
5. Биологияны оқытудың материалдық базасы
Әрбір ғылымның пайда болуы мен дамуы адамның тіршілік тілегін қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты.
Сондықтан БОӘ биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, нелерге оқыту керек және биологияны оқыту процесінде балаларды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған.
Биологияны оқыту әдістемесі – мектеп пәнінің ерекшелігіне байланыс-
ты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.
БОӘ- рационалді әдістер мен тәсілдерді орнатады, және биология пәнінен мұғалім оқушыға оқу материалын сапалы түрде меңгертіп, тиянақты білім беріп, оны өмірде қолдана білуге үйретеді.
БОӘ- оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен үлгілерін қарастырады. Бұл тараулар бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырады.
БОӘ- мен оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдері белгіленеді.
Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.
Материалдық ерекшелігі оның тәрбие мүмкіндіктерін де белгілейді (анықтайды).
Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап,отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді.
Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады:бақылап, салыстырады, анализ жасайды,қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.
БОӘ-сі жалпы БОӘ мен жеке (арнаулы) әдістемелерге бөлінеді (табиғаттану,ботаника,зоология,тәнтану,физиология,адам гигенасы және биоло-
гия).
1. Бинас А.В., Маш Р.Д., Никишев А.И. и др. Биологический эксперимент в школе. – М.: Просвещение, 1990.
2. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии: Учебник для студентов биологических специальностей. – М.: Просвещение, 1987.
3. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общай методика преподавания биологии. - М.: Просвещение, 1985.
4. Колеченко А.А. Энциклопедия педагогических технологий. - М.: Изд-во КАРО, 2002.

Қосымша әдебиет тізімі:
1. Анастасова Л.П. Самостоятельные работы учащихся по общей биологии: Пособие для учителя. – М.: Просвещение, 1989.
2. Брунов Е.П., Малахова Г.Я., Соколова Е.Л. Уроки анатомии, физиологии и гигиены человека. – М.: Просвещение, 1984.
3. Бровкина Е.Т., Казьмина Н.И. Уроки зоологии. – М.: Просвещение, 1987.
4. Демьяненков Е.Н. Биология. Мир человека. 8 класс. – М.: Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2004.
5. Конюшко В.С. Как подготовить урок биологии: Пособие для учителя. – Минск: Народная асвета, 1988.
6. Кузнецова В.И. Уроки биологии: 6-7 кл. – М.: Просвещение, 1991.
7. Конаржевский Ю.А. Анализ урока. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2000.
8. Методика обучения ботаники. / Под ред. Н.В.Падалко, В.Н.Федеровой. – 3-е изд., перераб. – М., 1982.
9. Муртазин Г.М. Активные формы и методы обучения биологии: Человек и его здоровье: Книга для учителя; из опыта работы. – М.: Просвещение, 1989.
10. Никишев А.И. Как обучать биологии: Животные, 7 кл. – М.: Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2004.
11. Шарова И.Х., Мосалов А.А. Биология. Внеклассная работа по зоологии. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2004.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Биологияны оқыту әдістемесі пәнінің

5В011300Биология мамандығының

Семей қаласы,
2011 ж.

Құрастырған: жалпы биология кафедрасының доценты
Садыкова Р.А.

Жалпы биология кафедрасы отырысында бекітілген
№ __ __ _____2011 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Қалиева С. Қ.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік мәжілісінде талқыланды

№ ___ хаттама _______ 2011 ж.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік кенесінің төрайымы
б.ғ.к., доцент ________ Абдишева З.В.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді.

№ ___ хаттама _______ 2011 ж.

Жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы,
х.ғ.к., доцент __________ Ибраева Л.С.

Пәннің мазмұны
Дәріс сабақтарының мазмұны

1. Кіріспе. Биологиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің
жүйесі.

Биологияны оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылым.
Биологиялық білімнің ролі.

Әрбір ғылымның пайда болуы мен дамуы адамның тіршілік тілегін
қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты.
Сондықтан БОӘ биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек,
нелерге оқыту керек және биологияны оқыту процесінде балаларды қалай
тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда
болған.
Биологияны оқыту әдістемесі – мектеп пәнінің ерекшелігіне
байланыс-
ты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.

БОӘ- рационалді әдістер мен тәсілдерді орнатады, және биология пәнінен
мұғалім оқушыға оқу материалын сапалы түрде меңгертіп, тиянақты білім
беріп, оны өмірде қолдана білуге үйретеді.
БОӘ- оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен үлгілерін
қарастырады. Бұл тараулар бір-бірімен байланысты және бірін-бірі
толықтырады.
БОӘ- мен оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдері белгіленеді.
Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен
өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі
табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.
Материалдық ерекшелігі оның тәрбие мүмкіндіктерін де белгілейді
(анықтайды).
Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың
маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан
күрделіге өту жолын байқап,отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен
қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға,
табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге
мүмкіндік береді.
Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде
оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады:бақылап, салыстырады, анализ
жасайды,қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын
белгілейді.
БОӘ-сі жалпы БОӘ мен жеке (арнаулы) әдістемелерге бөлінеді
(табиғаттану,ботаника,зоология,тәнт ану,физиология,адам гигенасы және
биоло-
гия).

БОӘ-нің өзге ғылымдармен байланысы.

1.БОӘ биологиялық ғылыммен тікелей байланысты.
Мектептегі биология пәнімен биология ғылымының арасында үлкен
айырмашылық бар. Бұлардың мақсаттарымен көлемі, құрылымы және баяндау
әдістерімен формалары өзгеше.
Биология ғылымының мақсаты- зерттеу арқылы табиғат туралы жаңалықтар,
жаңа білім алу.
Мектеп биологиясының мақсаты- оқушыларды даяр ғылыми фактілермен
заңдылықтармен таныстыру.
Мектепте биологияны оқытуға белгілі ғана уақыт бөлінген, сондықтан
оқушыларды нақты ғылыми негіздермен таныстырады және ғылыми проблемаларды
артық информациясыз түсіндіреді.
Биология ғылыми өзінің даму кезеңінде жеке ғылымдарға бөлінсе
(анатомия,систематика,т.б.),диффере нциалданса, мектеп биологиясын-
да жеке ғылымдардың элементтері біріктірілген, интеграцияланған.
“Ғылымды ғылыми және педагогикалық баяндау- екі түрлі заттар”, К.Д.
Ушинский.

Биология агрономиямен медицинаның негізі болып саналады.
2.БОӘ балалар психологиясымен байланысты.
3.БОӘ педагогика мен байланысты.
Өз пәніне қызығушылығы болмай, оқытушы биологияны оқыту процесінде
әсіресе биология материалында тәрбиелеу процесінде мақсатына жете алмайды.
“Ғылыммен оқушыны тәрбиелегін келсе, өз ғылымыңды сүй және біл, сонда
оқушылар өзіңдіде ғылымды да ұнатады, және сен оларды тәрбиелей аласың;
егер өзің ғылымды сүймесен, қанша оқуға мәжбір етсеңде, ғылымның тәрбиелік
әсері болмайды ”- Л.Н. Толстой.

Биологиялық ұғымдардың дамуы. Ұғымдардың даму теориясы.

Оқытудың мақсаты- оқушыларға саналы, жүйелі және тұрақты білім беру.
Оқыту процесінде оқушылардың ойлау қызметтерін дұрыс ұйымдастыру,
оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Ұғым дегеніміз- адамның ойлау қабілетінің жоғары тұлғасы болып саналады.
Ұғымда заттар мен әлемдегі құбылыстардың жалпы мәнді белгілері
көрсетіледі.
Затты түсіну дегеніміз- оның мәнді белгілерін меңгеру.
Білім заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен қасиеттері туралы
анықталған ұғымдардан құралады.
“Ойлау дегеніміз- ұғымдарды пайдалана білу”,- Ф.Энгельс.
Ұғымдарды пайдалана отырып, адам ойлау қызметін атқарады.Адамның ойы
нақты дүниені суреттейді, және білімсіздіктен білім жолында әртүрлі
кезеңдерден өтеді.
1.Дүниені тану процесінде алғаш сәт ретінде заттар мен құбылыстардың
сезімдік тануы пайда болады.
2.Сезімдік танымнан түйсік (қабылдау) пайда болады.
3.Қабылдаудың негізінде түсінік (елес) пайда болады.
4.Жалпыланған түсініктер ұғымды құрайды.
Ұғымдардың дамуы оқушылардың оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі
қозғау күші болып саналады.
Алдымен ұғымды құрап, содан кейін мысалмен сипаттау дұрыс емес.Дайын
ұғымдар жылдам есте сақталып, жылдам ұмытылады, өйткені олар жаттанды түрде
қабылданады.
Биология оқу пәні ретінде бір-бірімен байланысқан, (логикалық) қисынды
кезекте дамып келе жатқан ұғымдардың жүйесі болып саналады.
Мектеп биологиясының негізгі ұғымдары:

1.морфологиялық,
2.анатомиялық,
3.физиологиялық,
4.экологиялық,
5.систематикалық,
6.филогенетикалық,
7.цитологиялық,
8.эмбриологиялық,
9.генетикалық,
10.агрономиялық,
11.гигиеналық,
12.медициналық,

Ұғымдардың түрлері.

күрделі

қарапайым

жалпы биологиялық

арнайы

локальды

Қарапайым, бастауыш ұғым, білімнің 1 элементінен құралады.
Арнайы ұғымдар бір курс көлемінде ғана қарастырылады.
Арнайы ұғымдардың арасында локальді ұғымдар кездеседі, олар тек бір
тақырыптың немесе бірнеше сабақтың көлемінде ғана қарастырылады, мысалы,
ботаникада “фотосинтез, өсімдіктердің минералді қоректенуі...”.
Жалпы биологиялық ұғымдар бүкіл әлемге және бәрі тірі ағзаларға
байланысты заңдылықтарды қарастырады.Жалпы биологиялық ұғымдар бөлек
биология курстарындағы ұғымдарды қорытындылайды.
Жалпы биологиялық ұғымдар: жасуша- тіршіліктің қарапайым бірлік өлшемі,
ағзалардың құрылысы мен қызметінің бірлігі, ағзалармен қоршаған ортаның
өзара байланысы, ағза өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде, зат алмасу және
энергия өзгеруі, ағзалардың көбеюі, дүниенің эволюциялық дамуы, биологиялық
жүйе және тірі материяның ұйымдасу деңгейі.
Жалпы биологиялық ұғымдар арнайы ұғымдардан құралады және мектеп
биологиясының әр курсында қарастырылады.
Оқыту процесінің міндеті- жоспарлы түрде ұғымдарды құрастыру және дамыту.
Ұғымдарды меңгеру процесінде жаттығулар мен биологияда байқау мен
тәжірибе мен байланысты есептерді шешудің маңызы зор.
Ұғымдардың дамуы тәжірибелік дағдылардың пайда болуымен және дамуымен
байланысты.
Дағдыларды бірнеше топқа бөлуге болады:
морфологиядан- мүшелерді бөлшектеу және анықтау;
систематикадан- өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау және

салыстыру;
анатомиядан- микроскоппен және ұлғайтқыш әйнекпен жұмыс істей
білу, препарат даярлау;
физиологиядан- тірлік процестерін байқау, тәжірибе қою;
экологиядан- ағзалардың бейімделу түрлерін, экологиялық белгілерін
анықтау.
Дағдылардың дамуы ұғымдардың дамуымен қарапайым әдістерден күрделі
әдістерге қарай байланысып қатар жүреді.

Ұғымдарды дамыту әдістемесі.
Оқушылардың оқу материалын тұрақты меңгере алмауының себебі- олардың
білімінің қабылдау (түйсік) және түсінік деңгейінде қалуы.
Ұғымдардың қалыптасуы дұрыс педагогикалық шарттарды қолдануы мен
байланысты.

Ұғымдардың дұрыс қалыптасуының педагогикалық шарттары.

Қабылдау (түйсік)1.Табиғи обьекттерді байқау.
дұрыстығының 2.Қабылдауды нақтылайтын жаттығулар.
шарттары. 3.Мұғалімнің нақты және бейнелі сөзі.
Түсініктердің 1.Мұғалімнің сұрақтары.
дұрыстық 2.Ойша сурет салу.
шарттары. 3.Тану және айыру жаттығулары.
Ұғымдардың 1.Оқушылардың алдына мәселе қою.
дұрыстық 2.Оқытушының оқу материалының баяндау логикасы (қисыны).
шарттары. 3.Анықтау, салыстыру және сұрыптау жаттығулары.
4.Ұғымдарды байланыстырып дамытатын қайталау жүйесі.
5.Жалпылауды қажет ететін сұрақтар.
6.Ұғымдарды дағдылар мен байланыстыратын сұрақтар.
7.Ұғымдардың пайдалануын қажет ететін есеп- тапсырмалар.

Тікелей қабылдау – байқауға негізделіп зерттелген зат немесе құбылыс
туралы нақты және анық түсінік пайда болған жағдайда ғана биологиялық ұғым
дұрыс меңгеріледі.
Ұғымдардың алғаш құрылуында табиғи обьекттер мен көрнекі құралдардың
маңызы зор (таблица,схема,сурет,кино).
Ұғымдардың дамуы ойлау қабілетінің дамуысыз мүмкін емес.

Биологиялық ұғымдардың топтары.
Ұғымдардың Ұғымдардың анықтамасы. Мысалдар.
топтары.
Қарапайым. Бастауыш ұғым,білімнің 1 элемен- Жапырақтың сыртқы
тінен құралады. құрылысы;жапырақ-
тың ішкі құрылысы;
ф-з, тыныс алу, була-
ну.

Күрделі. Жалпыланған ұғымдар, бірнеше қарапайымЖапырақ- гүлді өсім-
ұғымдардан құралады. діктің дене мүшесі.

Арнайы. Бір курс көлемінде ғана қарастырылады.Өсімдік орг-змі тура-
лы ұғымдар,жануар-
лар туралы ұғымдар;
адам орг-змі туралы
ұғым.
Бүкіл әлемге және тірі организм-
Жалпы био- дерге байланысты заңдылықтарды Тірі орг-м; жасуша-
логиялық. қарастырады. тіршіліктің қарапай-
ым бірлік өлшемі;
ағзалардың құрылы-
сы мен қызметінің
бірлігі т.б.
ағзамен қоршаған
ортаның байланысы;
орг-м өзін-өзі реттеу-
ші жүйе ретінде.

Арнайы ұғымдардың дәрежелері.
Арнайы Мысалдар.
ұғымдардың
дәрежелері.
өсімдіктер бактериялар, жануарлар адам
саңырауқұлақтар,
қыналар
Анатомия - тұқымның саңырауқұлақтың қоңыздың ішкіас қорыту
морфология- ішкі және ішкі және сыртқы және жүйесінің
лық сыртқы құрылысықұрылысы сыртқы сыртқы және
құрылысы ішкі құрылы-
сы
Физиология- тұқымның бактериялардың, қоңыздың асқазан
лық тыныс алуы; қыналардың қо- көбеюі ішіндегі
өскіннің өсуі ректенуі тағамдардың
және қорек- өзгеруі
тенуі
Экологиялық тұқымдардың саңырауқұлақтар- ормандағы, жұқпалы
өсу жағдай- дың, қыналардың су қойма – ауырулардың
лары;дәндер- өсу жағдайлары ларындағы, ауа арқылы
дің таралуы; сазды жер – таралуы
лердегі құс-
тар
Систематика- түр, тип,класс
лық өсімдіктер
патшалығы
Эволюциялық өсімдік әлемі- қосмекенді- адамның сүт-
нің дамуы,мә- лердің, қоректі жан-
дени өсімдік - бауырымен уарлармен
тердің пайда жорғалау – ұқсастығы
болуы шылардың,
құстардың
шығу тегі

2. Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен дамуының
тарихы.
Революциядағы дейінгі кезең. Жаратылыстануды оқу пәні ретінде
мектепке еңгізудің себептері. В.Ф.Зуев 1-ші жаратылыстану оқулығының
авторы. 1804 жылғы мектеп реформасы. Мектеп жаратылыстанудағы суретті-
жүйелілік бағыты, оның мазмұнында К.Линней системасының көрініс табуы.
19-ғасырдың 2-ші жартысындағы жаратылыстанудың жағдайы.
Жаратылыстануда оқыту әдістемесіндегі Любендік және эволюция-
биологиялық бағыт. Рулье К.Ф. жұмыстарының, Ч.Дарвин жаңалықтарының
мектеп жаратылыстануындағы табиғатка деген метафизикалық көзқарастарға
қарсы күрестегі ролі. Д.Н.Кайгородов, оның табиғатты зерттеудегі
көзқарастары. В.В.Половцев, оның отандық жаратылыстану әдістемесін
дамытудағы ролі.
Б.Е.Райков, оның революцияға дейінгі және советтік кезеңдердегі
отандық жаратылыстану әдістемесін дамутыдағы ролі.
Советтік кезең. Советтік жаратылыстану әдістемесінің тууы. Мектеп
жаратылыстануына қойылған жаңа талаптар. Оқушыларда коммунистік тәрбие
мен материалістік көзқарасты қалыптастыру, атеистік тәрбие. Мектептегі
биология курсының негізі. Оқытудағы өлкетану принципі. Биологияны
оқутыдағы оқушыларды политехникалық принципте оқыту және еңбекке
тәрбиелеу.
Биологияны оқыту әдістемесінің одан әрі дамуындағы М.М.Беляев,
П.П.Боровицкий, В.В. Всесвятский; М:М. Мельников, В.Ф.Нотали,
И.П.Полянский, Б.Е.Райков,М.Я.Цузмердің және т.б. еңбектері, маңызы.
50-ші жылдардағы биологияны оқыту әдістемесінің дамуы, Н.М.Верзилиннің,
Н.А.Райковтың, В.М.Корсунская және т.б. еңбектері. Пәнаралық байланысты
жетілдіру. 1960-1980-ші жылдар.
Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы: (цитология, биохимия,
генетика, экология және табиғат қорғау) жетістіктері пайдалана отырып,
биологияны оқыту мазмұнын жетілдіру. Биологиялық білім бері
құрылымындағы өзгерістер, Мектепте жаңа Жалпы биология пәнінің,
оқушыларға арналған оқулықтардың және студенттермен мұғалімдер үшін
әдістемелік көмекше құралдардың пайда болуы. Орта білім беру
жүйесіндегі биологиялық білім берудің қазіргі заманға сай, қоғам
сұрасына қарай өзгерістері. Қазақстандық биолог ғалымдар мен
әдіскерлердің және озат пән мұғалімдерінің іс тәжірибесі.

3. Биологияның мектеп курсы мазмұнының құрылым принципі.

Оқушыларды биологиялық ғылымдардың негіздері мен ауылшаруашылық өндірісі
және басқада ғылымдармен байланысты халық шаруашылығы салалары туралы
біліммен қаруландыру. Өздігінен білім алуға қажетті біліммен біліктілікті
қалыптастыру. Адамгершілік, патриоттық, интернационалистік, гумандық және
табиғатқа деген көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру.
Оқушыларды әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Оқушыларың
тұлғалық қасиеттерін дамыту: табиғатқа қызығушылық, оның ресурстарын
сақтау мен көбейтуге талаптану, еңбек тәртібі, есте сақтау қабілеті мен
зейін және т.б. Оқу пәні ұғымы. Биологиялық циклдегі оқу пәндерінің
жүйесі. Орта мектеп оқулықтарымен программаларын таңдау. Биологиялық цикл
пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері, олардың сабақтастығы.
Мектеп биология курсының пәнаралық және пән ішілік байланыстары.
Қазақстандық төл оқулықтар мен бағдарламаларға талдау.

4. Педагогтың білім беру іс - әрекетінің әдістемелік негіздері. Биология
әдістемесіндегі негізгі дидактикалық принциптер. Оқыту, тәрбиелеу
және дамыту принциптерінің біртұтастығы. Ғылымилылық және жүйелілік
принциптері. Теория және практиканың бірлігі принціпі. Түсініктілік
және көрнекілік принциптері. Саналылық және белсінділік принциптері.

5. Биологияны оқытудың әдістер жүйесі. Қазіргі кездегі педагогикалық
технологиялар, принциптері. Оқыту тәсілі ұғымы. Оқыту әдістеріне
қойылатын талаптар. Оқыту әдістерінің классификациясы: сөз, көрнекі,
практикалық. Сөздік тәсілдерідің түрлері, оларды биология
сабақтарында түсіндіруді және суреттеуді қолданудың ерекшеліктері,
оған қойылатын талаптар. Әңгемелесу, оны ұйымдастырудың талаптары.
Лекция баяндаудың аса күрделі тәсілі, оны құру. Мұғалімнің сөзі мен
сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Көрнекі әдістердің түрлері.
Табиғи, сәулет және экрандық оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктері.
Оқытудың көрнекі құралдарын көрсетудің жалпы талаптары және оларды
пайдаланудың негізгі тәсілдері.
1. Практикалық тәсілдерідің түрлері: бақылау, объектілерді тану және
анықтау, эксперимент т.б. Әр түрлі тәсілдерді қолдану кезінде
оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетінің күшеюі. Өздік жұмыстарды
өткізу және ұйымдастару тәсілдері. Әдістер мен әдістемелік тәсілдер.
Оқутыдыңң әдістері мен әдістемелік тәсілдерді дамыту, олардың
нәтижелігін көтері жолдары. Проблемалық оқыту элементтері. Әдістер мен
мазмұнның тығыз байланысы, Әдістердің оқу-тәрбие міндеттерін шешудегі
рөлі.
6. Биология сабақтарында оқу әрекетін ұйымдастыру формалары Сабақ –
биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары. Биология
сабақтарына қойылатын талаптар. Биология сабақтарының түрлері,
олардың құрылымы.
Оқыту формасы дегеніміз – мұғалімнің әртүрлі жағдайда өткізілетін
оқушылардың оқу – танымдық қызметтерін ұйымдастыру.
Биологияны ұйымдастыру формалары
Оқыту формалары Өткізілетін орны Дамытушылық
Сабақ Кабинет Ғылыми ұғымдарды, ойлау
қабілетін, дүниетануды,
еңбекке баулуды,
этикалық, эстетикалық
қарым – қатынастарды
дамыту
Экскурсия Ауыл шаруашылық өндіріс,
табиғат
Үй жұмыстары Үйде
Сабақтан тыс жұмыстар Кабинет, ауыл шаруашылық
өндіріс, табиғат, мектеп
мүйісі, оқу – тәжірибе
участогы
Сыныптан тыс жұмыстар Кабинет, ауыл шаруашылық
өндіріс, табиғат, мектеп
мүйісі, оқу – тәжірибе
участогы
Қоғамдық жұмыстар

Биологияны оқыту формалары: сабақ, экскурсиялар (топсеруендер), үй
жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар (жеке, топпен,
көпшілік).
Экскурсиялар, үй жұмыстары және сабақтан тыс жұмыстары міндетті түрде
өткізілуі керек.
Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары.
Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол
белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу
кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған
биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.
Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және
күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул
күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту
мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді,
экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.
Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда
тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі
құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс
өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін
қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 – 2 сағатқа
көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және
бағдарлама толық орындалу керек.
Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.
Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда
нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен
сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.
Биология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай
жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу
керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау,
экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.
Жылдық жоспардың үлгісі

Тақырып Сағат Өткізу Тақырыптарды Экскурсиялар Сыныптан
мөлшері мерзіміқайталау тыс
жұмыстар
алдыңғы курстан
курстардан


Келесі жылға жоспарды осы жылдық аяғында жазған дұрыс.
Тақырыптық жоспар
Сабақ Әдістер Көрнекі құрал Оқу кестесінен тысСыныптан тыс
тақырыбы өткізілетін сабақ оқылатын әдебиет


7. Сабақ – негізгі оқу бірлігі. Дәстүрлі сабақ құрылымы. Сабақ жоспары.
Сабаққа дайындалу. Сабақтың білімділік, тәрбиешілік және дамутышылық
міндеттері, мазмұны және оны өткізу әдістері. Сабаққа дайындалу
кезінде мұғалімнің еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру: әдістемелік
әдістерді талдау; сабақ міндеттерін анықтау; оқу еңбегінің білім мен
біліктілік жүйесін анықтау, оларды қалыптастыру мен дамыту
әдістемесін жасау.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Әр сабақтың өткізілуі мұғалімнен мұқият дайындықты қажет етеді.
Сабаққа дайындық келесі кезеңдерден тұрады:
1. оқу материалын іріктеу;
2. әдістерді таңдау;
3. сабақ құрылымын анықтау;
4. көрнекі құралдарды дайындау;
5. жоспар немесе конспект жазу.
Мұғалім сабақтың ғылыми мазмұнын кең білу керек және мектеп оқулығын
сынмен ұғынуы керек.
Мұғалімнің міндеттері:
I міндеті – мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.
II міндеті – оқыған ақпаратты шығармашылық педагогикалық сіңіру (қайта
қарау): негізгі сұрақпен қосымша сұрақтарды белгілеу, баяндау логикасын
ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың көлемін ойластыру; сабақ
үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.
Мұғалім осы сабақта қандай ұғымдарды құрып, бұрынғы тақырыптардан
қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.
Бұл дайындықта мектеп оқулығы мұғалімге салмақты көмек көрсетеді, бірақ
білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды.
Сабақтың сәтті өтуі мұғалімнің жақсы дайындығына байланысты.
Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан құралады.
Бағдарламаның әр тақырыбы логикалы байланысқан сабақтардың жүйесі болып
саналады.
Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.
Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:
1. кіріспе
2. тақырыптың мазмұнын ашатын
3. қорытынды сабақтар.
Көлемі шағын тақырыптарда мұғалім бірінші сабақта кіріспені өткізіп,
ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды.
Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен
аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.
Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру
және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.
Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін материалдар (құрғақ
және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай мектеп болса да,
өз күштерімен дайындай алады.
Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше көңіл бөлу керек.
Оқушылардың экскурсияда жинаған материалдарынан таблицалар, гербарийлер,
коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу – тәжірибе участогы болса, жыл
сайын биология кабинетіне жаңа материалдар қосылады, оларды гербарий,
таблица және коллекция етіп жасауға болады. Мысалы, “Дарвин участогындағы
өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”, “Өзгергіштік”, “Өсімдіктер дүниесіндегі
бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т.б..
Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және тәжірибе жұмысына қажет
жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек.
Жаңа мұғалімге сабақ қарсаңында өзі құралды жинап, тәжірибені өткізіп
жаттығып алған дұрыс. Алдын ала тәжірибені көрсеткенге, микроскоптарға
ыңғайлы орындар белгілеп алу керек.
8. Қазіргі кездегі сабақ құрылымы. Сабақ жоспары. Оқушылардың танымдық
қызметін белсенді ету. Проблемалық оқыту. Оқушылар білімін тексеру.
Оқушылар жауаптарына қойылатын талаптар. Білімді тексеру әдістері
(ауызекі, жазбаша, практикалық, графикалық). Тест алу оқушылар білімі
мен біліктілігін бақылаудың тиімді бір тәсілі, оның артықшылықтары
мен кемшіліктері. Тестік тапсырмалардың негізгі формалары.

Сабақтың құрылымы
Сабақтың құрылымы,оның жоспары сабақтың мазмұны мен әдістерімен
байланысты.Сабақтың жоспары оның мазмұнының құрылымын анық білдірі керек-
негізгі бөлімдерді әдістерді,қажет құралдарды.Оқушыларға арналған сұрақтар
құрастырылады,анықтама материал көрсетіледі.
Жаңа тақырыпты сабақтың басында түсіндіру оқушылармен жақсы
қабылданады және шаршамай тұрғанда қызығушылықпен қабылданады. Өткен
тақырыпты жаңа тақырыппен салыстыра сұраған дұрыс.
Сабақтың құрылымында материалдың логикалы орналасуының маңызы зор.
1.Сабақтың индуктивті құрылуы нақты білім жинақтауға мүмкіндік
береді.Сол білімге сүйеніп оқушылар қорытынды шығаруға үйренеді.
Сабақ дедуктивті құралғанда алдымен мұғалім заңдылықтын анықтамасын
береді немесе жалпы пікірді хабарлайды, содан кейін растайтын деректерді
қарастырады.
Дедукция

Растайтын деректер

Индукция мен дедукцияның синтезі

Бір реттегі және қарама-

Қарсы деректерді

салыстыру

Жаңа деректерді

түсіну үшін

Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы дегеніміз оқу процесіне оқушылардың барлығын
жұмылдыра білу болып табылады.
Оқу тәрбиелік мақсаты мен мазмұны барлық құрылым элементтерін жұмсауды
талап ететін сабақтар
1. Құрамалы сабақтар типіне жатады
Сабақтын бұл типінен басқа:
2.Жаңа оқу материалын хабарлау;
3.Бекіту және білімді пайдалана білу;
4.Пысықтап қорытындылау;
5.Экскурсия сабақтар
6.Лабораториялық сабақтар
7.Оқу-тәжірибе учаскесіндегі сабақтарда болады.

Жаңа оқу материалын хабарлау сабағы мектеп оқушыларының алғашқы
меңгеруіне қажетті фактілермен, ұғымдармен, теориялық мәселелермен
оқушыларды байытып отыратындығымен сипатталады.

Индукция

Деректер

Ботаника курсында көбінесе сабақтың индуктивті құрылымы қолданылады
Объекттердің бір бөлігі болған жағдайда сабақты дедуктивті құрауға болады.
Сабақта индуктивті және дедуктивті құрылымды біріктіруге де болады.
Мұғалім сабақ мазмұнында басты сұрақты анықтайды,содан кейін басты
сұрақты логикалы байланысқан сұрақтарға бөлшектенеді, алдын ала
қорытындыларды жобалайды.
Сабақ басында оқушылардың алдына мәселе қою оқушыларды қызықтырады.
Мәселе дегеніміз шешуді, анықтауды зерттеуді қажет ететін күрделі
теориялық немесе тәжірибелік сұрақ.
Мәселе қойып құрастырылған сабақта алдымен қызметі қарастырылады,содан
кейін түрі қарастырылады.
Сабақтың негізгі элементтері:
1.Ұйымдастыру бөлімі;
2.Мұғалімнің жаңа сабақ материалын баяндауы;
3.Оқушылардың жаңа білімді ойша қорытындылауы;
4.Оқушылардың жаңа білмді пайдалануы;
5.Оқушылардың жаңа білімді меңгеруін мұғалімнің тексеруі;
6.Үйге тапсырма беру;
Осы құрылым элементтерінің сабақтағы барлығының өзара әрекеттесуі түрліше
болады.
Сабақтың құрылымының негізгі үш элементі кез келген сабақта қатаң
сақталуы керек, бұлар – сабақ ұйымдастыру,сабақты қорыту және үйге тапсырма
беру.

Дүниетаным қабілеті жоғары

Дарынды
Ізденімпаз,талапты
Өнертапқыш

Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет.Оқу
үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп,зерттеп
тиімділігіне оқытып,өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек.Мұғалімнің
ерекшелігі соны таңдай білуінде.Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің
қолдану әдіс- тәсіліне,шеберлігіне қарай жүзеге асады.Мен өзімнің ұзақ
жылдардағы іс-тәжірбиеме сүйене отырып сабағымда мына педагогикалық
технологияларды басшылыққа аламын.
Д.В.Эльконин,
В.В.Давыдов
В.Занков

”Дамыта оқыту технологиясы”
“Дамыта оқыту

Жүйесі”

Ж.Қараев “Деңгейлеп оқыту “ Сын тұрғысынан ойлау И.Б.Первин

“Топтық оқыту”
Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ:
1.Дамыта оқыту-жеке тұлғаны жетілдіреді,оның дамуына бағыт беріп, олардың
әуестік,белсенділік,адамгершілік,ба тылдық сияқты қасиеттерін
қалыптастырады.
А.С.Выготскийдің Білім беру тек дамудың алдында болғаны пайдалы болады
дегенін ескере отырып,оларды дамыта оқытудың бағдарламалық,
проблемалық,ақпараттық,т.б. түрлеріне негіздеп күнделікті сабақтың тиімді
бөлімдеріне қарай бағдарлап оқыту қажет.
2.Деңгейлеп саралау-мұғалімнің де,оқушының да белсенді шығармашылық
қызметін дамытады.

Сабаққа қызығушылығы Жеке
қабілеті
артады
айқындалады

Өз бетімен жұмыс істеуге Даму мониторингі Нақты өз
деңгейінде
үйренеді айқын көрінеді
бағаланады

Бұл жөнінде әр баланың өз деңгейі болатындай,әр балаға берілетін
тапсырманың көлемі лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында
жетілдіру керек деген А.С.Выготский зерттеулері өте құнды.Деңгейлеп
оқытудың тиімділігі өте көп.
3.Топтық оқыту-бірлесіп жұмыс істеуге,өз ойын дәлелдеуге,өз пікірін қосуға
үйретеді.Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
4.Сын тұрғысынан ойлау-бұл кез-келген мазмұнды сынау емес,оны зерттеу,
бақылау,талдау әр-түрлі стратегиялар арқылы ойлау негіздерін сыни тұрғыдан
дамыту.
Еркін ойлауға мүмкіндік береді Ақыл – ойын
дамытады

Оқу мен жазу сауаттылығын Шығармагылық
белсенділі-
арттырады
гін арттырады

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып,оның тиімді әдіс-
тәсілдерін жетілдіруге болады.Атап айтқанда:
-дарынды оқушыны дамытады,оқушылар шығармашылығын арттырады;
-оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп,білім сапасын көтереді;
-пәнге деген бейімділігі,қызығушылығы артады;
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып,жан-жақты
талдауға,өз ойын ашық айтуға,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға
үйренеді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты,білімді
оқушылар тәрбиелеуге болады.Ол үшін мұғалім көп ізденіп,көп оқып,ізденіс
үстінде болу керек.

Сынып жетекшісінің жұмысы:
Сынақтан өтуші жас маман жетекшісінің жұмысын атқаруға міндетті.
Бұл үшін сынақтан өтуші:
• Сыныптың құрамын (құжаттарды,ата-аналар құрамын және т.б,)
және оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп,сыныптың психологиялық-
педагогикалық мінездемесін құрастырып,оны өз жетекшісіне ұсынады.
• Сыныптың құрамын зерттеу негізінде мұғалімдер мен ата-аналардың
тарапынан оқушыларға деген бірегей педагогикалық талапты қамтамасыз
етеді.
• Психологиялық және педагогикалық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып
балалар ұжымын ұйымдастырады,оқушылардың
шығармашылығын,белсенділігін,ынтыма қтығын арттырады.
• Топтардың жиналысына қатысып,сынып жиналыстарын өткізеді
• Оқушылардың денсаулығын нығайтып және мәдени ой-өрісін кеңейту
үшін(театрға,мұражайға,көрмелерге орманға серуендеуге т.б.)іс-
шараларын ұйымдастырады.
• Оқушылардың қоғамға пайдалы еңбегінің(оқушылардың өндірістік
бригадалары қызметіне,студенттік құрылыс жұмыстарына
қатысуын,аудандық,қалалық көлемдегі іс- шараларға)түрлі нысандарын
ұйымдастырады.
• Оқушылар арасында кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырып,өзі де тікелей
қатысады.
• Оқушылардың ата-аналармен жұмыс жасап олармен байланыста болады,ата
аналар жиналысын өткізеді,ата-аналарға арнап педагогикалық
тақырыптарда дәрістер оқиды.

Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер
1. Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз
2. Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз
3. Оқу материалын талдаңыз
4. Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз.Сабақ нәтижесінде неге жетпек
ойыңыз бар деген сауалға жауап беріңіз.
5. Сынып ұжымын,жеке оқушыларды елестетіңіз,олармен сабақ мақсатына
жету жолдарын қарастырыңыз.
6. Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап
алыңыз.
7. Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре
отырып,сабақтағы өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді анықтаңыз.
8. Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.
9. Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.
10.Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.
11.Өзіңізді тексеріңіз.
асабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық
байланыстар болу керек;

әберілген сабақта қандай білім қалыптасады;

бқандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және
эстетикалық бағалауларды қалыптасады;

вберілген материалды оку барысында окушылардың бойында қандай сезім-
күй тудыру керек.

1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа
дайындығын жиһаздын дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,
ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.
Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық окушының ұйымдаса карсы
алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жугіртіп, әсіресе тәртібі нашар
окушыларға міндетті түрде көз салыңыз. Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың
көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте
аздатыңыз.

2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздесуге уақыт жұмсамаңыз. Оны
қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне
сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты калдыруға үйретіңіз.

3.Сабақты батыл бастаңыз. Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді
? деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды
күнделікті іс сияқы қылып көрсету мүмкін. Сабақ балалрдың сабақ
басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс.
Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік – тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.

4.Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты
бақылып, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.
Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз,
әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз. Жұмыс
тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.

5.Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар
қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.

6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық
қабілетімен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс керектегіне нұсқау
беріп,аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген
жауакершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде
орындау керектігіне үйретеді.

7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының
білімін объективті түрде бағалаңыз.

8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың
біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің
нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың
жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз,дегенменде бұндай іс-әрекетпен
болмашы жетістікті бағалауда жиі қайталамауға тырысыңыз.

9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз. Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.

10. Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.

11. Басқалардың көмегіне сүйеңбеніз. Педагогикалық практикада тәртіпке
шақыру – мұғалімінің пайдасына шешілмейтін ескертіңіз. Көмекке
оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды
қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.

12. Сыныптын бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол
бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу
жолын қарастырыңыз.

13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі
сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек
екенін ескеріңіз.

14. Н.А.Добролюбованың ”Оқушылардың көз алдында ақталған мұғалім- бұл
әділ мұғалім” деген сөзін есте сақтаңыз.

Іс-әрекет негізіндегі сабақ құрылымы. Сабақ құрылымы. Лабораториялық
жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері. Экскурсиялар, олардың
биологияны оқыту жүйесіндегі және жекелеген пән сабақтары жүйесіндегі орны.
Экскурсия кезінде оқушыларды оқытудың тәрбиелеудің және дамытудың әдістері
мен әдістемелік тәсілдердің құрылымы және ерекшеліктері. Экскурсия
нәтижелерін өндеу және оларды сабақ кезінде пайдалану.
Ботникадан оқушылардың білімін тексеру және баға қою
Білім, іскерлік, және дағдыларды тексеру оқушылардың танымдық
процестерін күшейтуге үнемі байланысты болғандықтан, ол мектеп оқушыларының
зейін, ес, ойлау, сөз сияқты танымдық процестерінің дамуына ықпал жасайды.
Оқушылардың білімін тексерудің оқыту процесінде өз мәніндегі ролі болмайды,
бірақ ол педагогикалық процестің барлық бөлімдерімен ажырамастай
байланыстағы қажетті құрам бөлігі болып табылады. Ботаника курсының мол
мазмұны оқушылар білімін әр түрлі методтармен тексеруге мүмкіндік жасайды.
Білімді ауызша, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстары өте кең қолданылады
Білімді ауызша тексеру. Білімді ауызша тексеру оқушылар білімін жан-
жақты тексеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың оралымды баяндауы осы
методтың бір түрі болып табылады. Ботаникадан білім тексеру үшін оралымды
баяндауды қолдану мұғалімге оқушылардың білімін әділ де дәл анықтауға, ойы
мен ауызша сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Алйда ауызша тексерудің бұл
түрі көп уақытты қажет етіп, осы сабақта жауап беретін оқушыларды ғана
жұмылдыра алады.
Сондықтан оны білімді ауызша тексерудің басқа түрлері және тәсілдерімен
үйлестіру қажет.Мысалы, тақтаға шақырылған оқушының біріне мүктің өсіп-
жетілу кезеңдерін жүйелі түрде қысқаша жазу ұсынылады. Екінші бір оқушы осы
тақтаға әрбір жазбаны схемалы суреттермен сипаттап береді. Қалған оқушылар
өз жолдастарының істеген жұмысын қадағалап, олардың кейбіреулеріне
орындалған тапсырманы түсіндіру және мүктің өсіп-жетілуі мен табиғатта бұл
процестің жүзеге асуына қажетті жағдайлар туралы толық баяндап беру
тапсырылады. Сондай-ақ білім тексеруге байланысты бір оқу таблицасының
мазмұнына ауызша талдау жасау; мазмұндары жағынан байланысты екі-үш
таблицаға ауызша салыстырмалы талдау жасау; әр түрлі тұқымдас өсімдіктер
өкілдерінің морфологиялық белгілерін қорытындылай отырып сипаттау; бұрын
зерттелген табиғи объектінің оқушылар үшін ұқсастығы жағынан
жаңалығынауызша сипаттау; бұрын зерттелген өсімдікті (немесе оның органын)
немесе бұрын өткізілген бақылауды, немесе қойылған тәжірибені т.б. схемалы
суреттермен қабаттастыра баяндаулы қолдануға болады.
Ботаникадан оқушылар білімін тексерудің екінші түрі оқушылар білімін
жаппай тексеруге және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс
қалыптастыруға көмекші болатын тексеру әңгімесі болып табылады. Тексеру
әңгімесі сыныптағы барлық оқуыларды оқуға жұмылдырумен бірге, олардың
зейінділігіне, есте сақтауына, ойлауына септігін тигізеді. Сонымен қатар
білімді ауызша тексерудің бұл түрі оқушылардың білімін бірқатар сұақтар
бойынша біршама қысқа мерзімде тексеріп, ботаника сабақтарында әдетте
тексеру әңгімесінің соңында меңгеретін жаңа оқу материалын түсінуге жалпы
сыныпты дайындауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімін жазбаша тексеру. Жазбаша тексеру бүкіл сыныптың
білімін барынша қысқа мерзімде анықтап, тақырыптың негізгі сұрақтарына
жауап алуғ мүмкіндік береді. Білімді жүйелі түрде жазбаша тексеру
оқушылардың оқу материалын тереңдете оқып үйренуіне, оның маңызды
сұрақтарын меңгеруге жағдай жасайды, өйткені олар жауап қайтара отырып,
білімді ауызша тексеруге қарағанда өздігінен жұмыс істеу дәрежесін көбірек
көрсете білуі, өз білімін қысқа, ғылыми және орфография жағынан дұрыс
баяндай білуі қажет. Сол себепті жазбаша тексеруді жинақтау ретінде, яғни
тақырыпты толық оқып үйрену соңынан өткізу орынды. Мұндай тексеру өткізу
үшін алдын ала психологиялық дайындық жасау, ал бұдан басқа бұрын
меңгерілген оқу материалын дер кезінде пысықтау туралы ескерту қажет.
Биологиялық білімді бағалаудың көпшілік қабылдаған критериі мынлар болып
табылады.
Егер оқушы оқып отырған және бұын оқылған бағдарламадағы материалды
біліп, дұрыс ұсынса, баяндаған қағидаларды дәлелді мысалдармен бекіте алса;
нақтылы фактілерді дұрыс түсіндіріп, ол бойынша дұрыс қорытындылап,
жинақтай алса; меңгерген ғылыми қағидалар мен қорытындылардың практикалық
маңызын түсінсе; оқулық текстінде баяндалғандарды сөзбе-сөз айтуға
тырыспай, жүйелі де толық жауап берсе; зертханалық жұмыстарды орындаған
кезде приборларды; аспаптарды пайдалана білсе, бақылағандарынан дұрыс
қорытынды жасай алса, 5 деген баға қойылады.
Егер оқушы жауабын 5 деген баға үшін белгіленген талаптарға негізінен
сайболып бірақ,
А) материалды бақылауда немесе фактілерді түсіндіруде бірлі-жарым
ағаттықтар жіберілсе, немесе
Б) жауап қайтару кезінде оқушылық текстіден шыға алмай, бірақ мұғалімнің
бақылау сұрақтарына түсіндірген материалды ұғатындығын аңғартса, немесе
В) зертханалық жұмыстарды дұрыс орындай отырып, кейбір қорытындыларға
қиналатын болса, орындалған жұмыстың нәтижелерін жеткілікті мөлшерде толық
қорытындылай алмаса, 4 қойылады.
Егер оқушының негізгі бағдарламадағы материалды білетіндігі және
түсінетіндігі байқалса, бірақ:
А) жекелеген маңыздыларды айтпай, анықтамаларда ағаттықтар жібере отырып,
материалды үстірт баяндаса, немесе
Б) фактілерді қорытындылау, жинақтау және түсіндіруде қиналып, бірақ
мұғалімнің көмегімен оларды орындап шықса,немесе
В) теориялық материалды дұрыс баяндай отырып, баяндалған қағидаларды
нақтылы фактілермен бекітуде қиналса, немесе
Г) жауап қайтарғанда оқулық текстін қайталап айтып, мұғалімнің бақылау
сұрақтарына жауап берген кезде баяндалған жеке жағдайларды
қанағаттанарлықсыз түсінетіндігі байқалса немесе
Д) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде приборлар және аспаптармен жұмыс
істеу дағдыларында кемшіліктер байқалып, ұқыпсыздыққа жол берілсе,
өткізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша қорытынды жасауға мұғаліснің
көмегінсіз қиналатын болса, 3 қойылады.
Егер оқушы:
А) оқытылатын материалдың көпшілігін немесе өте маңызды бөлімін
білмейтіндігі байқалса немесе
Б) нақтылы фактілерді түсіндіре алмай, баяндалған материалдың практикалық
маңызын түсіне алайтындығы айта алмайтындығы байқалса, немесе
В) мұғалімнің негізгі және жетекші сұрақтарына өздігінен және жүйелі түрде
жауап қайтара алмайтын болса, немесе
Г) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде құрал-жабдықтар мен аспаптарды
пайдалана алмайтындығы байқалса, 2 деген баға қойылады.
Егер оқушы баяндалған материалды толық білмей, ал зертханалық жұмыстарды
орындау кезінде тапсырманы орындауға тіпті кіріспейтіндігі байалса, 1
қойылады.
9. Биологиядан сыныптан тыс жұмыстар.
Кітап бойынша үй жұмысы .
Үй жұмысы мұғалімнің оқушыларға үйде өз бетінше орындауға берген
практикалық және кітап бойынша ( сонымен қатар басқа кітаппен ) , сабақпен
байланысқан тапсырманың бір түрі .
Оқушылар өздерінің оқитын оқулықтарымен жұмыс істеуді білмейді :
біреулері сыныпта жазған тапсырманы ғана оқыс , екіншісі текістті жаттап
алады , басқа біреуі жай ғана қарап шығады . Баяндама дайындағанда әртүрлі
әдебиеттердің беттерін көшіріп алады , ал мұғалім оны білмей оқушыны
мақтайды . Үй жұмысы оқушының ойын дамытып оны өз бетінше жұмыс істеуге
итермелегенде ғана мақсатына жетеді .
Оқушылар тексттерді қатарынан оқып сыныпта мазмұндауы керек демей ,
керісінше тапсырма сұрақ түрінде дайындалып , оқушылар оған тиісті
материалды кітаптан тауып жауаптарын көрсетуі тиіс .
Ең бастысы оқушының кітапты оқығанда оны түсініп оқуы керек .
Оқушыны тақырыптың , тараудың соңындағы сұрақтары қызықтырады .Мұғалім
ол сұрақтарды оқушыларға өзі қояды . Кітаптағы сұрақтардың ішінде , мұғалім
қойған сұрақтардың ең маңыздылары ол салыстыруды қажет ететін сұрақтар . Ол
жылдан жылға күрделеніледі . 8-10 сыныптарда кең көлемде қажет етіледі .
Үй тапсырмасы ретінде салыстыруды , тиісті – тиісті емес тігін көрсететін
тапсырмалар оқушының тақырыпты түсінуін жақсартады . Ол үшін оқушыға
кестені толтыру ұсынылады . Мысалы , 5-сынып оқушысына

Гүлдің белгілері
Гүлдің бөлімдері Желмен тозаңданатын Бунақденелілермен
өсімдіктер тозаңданатын
өсімдіктер


Үй жұмысы сабақты бекіту үшін ғана емес сонымен қатар фронтальды
және индивидуальды болады .
Тақырыпты аяқтайтын сабақтарда фронтальды тапсырмалар беріледі .
Кейде мұғалім дайын тапсырмалар жазылған дәптерді толтыруға береді . Егер
ондай дәптер мұғалімде ғана болса онда тапсырмаларды тақтаға жазуына болады
.
Мұғалім сабақта оқушыға кітапты үйде дұрыс пайдаланудың бірнеше
тәсілдерін үйретеді . Ол тәсілдер :
1. Кітаптағы материалды көз жүгірту арқылы қарап шығу ;
2. Тексттің қиын жерлерін ,терминдерді , ескертулерді ,ссылоктарды талдап
оқу ;
3. Суреттерді , сызбаларды , схемаларды , кестелерді қарап , түсіну ;
4. Санмен көрсетілген мәліметтерді түсіну ;

Жоғарғы сынып оқушыларына оқулықтан жаңа өз бетінше орындау үшін
әртүрлі тапсырмалар берілуі мүмкін .Сөйтіп мұғалім тапсырманы қиындата
береді .Алғашқыда мұғалім сабақта орындайтын тапсырманы жалғастыру үшін
үйге әртүрлі сұрақтар береді . Одан кейін сабаққа байланысты өздік
жұмыстар беріледі , сосын сыныпта басқа материалмен аналогиялық талданған
сұрақтар , соңынан сабақтың біраз бөлігі үйдегі өздік жұмысына арналады .
Бұл болашақта өздігінен орындауына қажет .
Білімді бекіту үшін суреттің маңызы зор . Оқушылар ауызша ғана
жауап бермей схема бойынша гүлдің құрлысын , жануарлардың сыртқы және
ішкі құрлысын , ұлпаның түрлерін , сүйектердің әртүрлі түрлерін ажырата
білуі тиіс .
Сонымен қатар олар схема құруды : қанайналым , тынысалу
,асқорту , зат алмасу , клетканың құрылысы , фотосинтез , моно және
дигибридті будандастыруға .
Практикалық үй жұмысы .
Мысалы , үй жұмысы ботаникадан морфологиялық және физиологиялық тұрғыдан
болады . Морфологиялық тапсырма ( гербарийлеу , сабақтын , гүлдің
бөлімдерін бөлімдеу ) осы материалды бекіту үшін сабақта жүргізіледі .
Физиологиялық тапсырманы біртіндеп , яғни оның қорытындысын , байқалуын сол
сабақта қолдана алатындай (тұқымның өнуі , жапырақтағы судың булануы және
т.б.)
Тәжірибе жұмыстарын белгілі бір сабақта орындау үшін олардың уақытын
белгілеу қажет . Мұндай тәжірибе жұмыстары көбінесе ботаника курсында көп
болады . Оларды орындау үшін мынандай уақыт керек :
Гербарийді кептіру - 7 күн .
Тұқымның ісінуін анықтау – 2 күн .
Әртүрлі жағдайда тұымның өсуі – 7 күн .
Тамырдың өсуін қадағалау – 10 күн .
Жапырақтың қаңқасын дайындау – 7 күн .
Сабақтың топырақтан өсіп шығуы – 20 күн .
Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің
қорытындыларын бір сабаққа алып келеді . Мұғалімнің көрсетуімен оқушылар
өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын баяндайды . Бұл сабақтағы үй
жұмысын баяндау сияқты .
Практикалық жұмыстар зоология сабағынанда беріледі . Ботаника
пәніндегі сияқты мұнда да тәжірибенің өтетін жері , байқалуы болады .
Зоологияда байқау: ауылшаруашылық зиянкестеріне , құстарды қорғау ,
ауылшаруашылық жануарларына қарау .
Зоология курсында бөлшектеуге көп көңіл бөлінеді .Мысалы , уйге өзен
шаянының денесін картонға орналастыру , балықтың скелетін құрастыру сияқты
. Адам анатомиясы физиологиясы мен гигиенасынан да үй жұмыстары
ретінде практикалық және эксперименттік жұмыстар жүргізуге болады . Тірек-
қимыл жүйесі тақырыбын бекіткенде практикалық жұмыс ретінде сүйекті өртеу
, оны қышқылға салу , сүйектердің түрлері картонға жапсыру ( ұзын сүйек ,
формасы әртүрлі сүйек , жалпақ сүйек ) . Оған жануарлардың сүйектері
қолданылады .
7-10 сыныптарда биологияны оқыту кезінде басты орынды жануарлардың
рефлексін анықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы
Биология оқыту әдістемесі
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Оқушылар білімін тексеру
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Жалпы биология курсынан сыныптан тыс оқу
Пәндер