Дербес компьютер (ДК)


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Дербес компьютер
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ubuntu
Дербес компьютер(қысқашаДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербескомпьютербір мезгілде арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырыпжұмысістеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.
Үстел компьютерлері
IBM 5150as of 1981
Үстел компьютерлерінәдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі еңүлкенкомпьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жекемодультүрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады.
Тасымалы компьютерлер[өңдеу]
Лаптоптар[өңдеу]
Бұл салмағы небары бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесеноутбуктар(«ДК-блокноттар») деп аталады. Ноутбуктың қалыңдығы әдетте 10 см-ден аспайды. Тасымалы компьютерлер мен ноутбук шығаратын ең әйгілі компанияларIBM, Apple, Compaq, Dell, ToshibaжәнеHewlett-Packardболып табылады. Тасымалы ДК-лер сұйық кристалды бейнебетпен жабдықталады және батареялармен жұмыс істей алады, бұл пайдаланушы үшін шапшаңдықты қамтамасыз етеді. Мұндай компьютерде жабдықтың барлық негізгі құраластары бір модульге біріктірілген. Тасымалы ДК құрылымына алмалы дискілерге арналған дискіенгізгі, ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі, DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі кіруі мүмкін; бұл дискіенгізгілер компьютердің салмағы мейлінше аз болу үшін сондай-ақ перифериялық құрылғылар ретінде жалғануы мүмкін.
Қалта компьютерлері[өңдеу]
Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.
Планшетті компьютерлер[өңдеу]
Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.
Компьютер құрылысы
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Компью́тер(ағылш. computer- «есептегіш»), ЭЕМ(электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтижесін шығару үшін арналғанмашина.
Мазмұны
[жасыру]
1 Дербес аталу себебі2 Компьютер құрылғылары2. 1 Жүйелік блок2. 2 Дисплей2. 3 Пернетақта2. 4 Тінтуір2. 5 Принтер2. 6 Сканер3 Қазіргі заманда3. 1 Электрондық құрылғы3. 2 Электроника4 Сатылау4. 1 1 саты4. 2 2 саты4. 3 3 саты4. 4 4 саты5 Сыртқы сілтемелерДербес аталу себебі[өңдеу]
Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьютерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын (desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.
Компьютер құрылғылары[өңдеу]
Жүйелік блок
Дисплей
Пернетақта
Тінтуір
Принтер
Сканер
Компьютер- жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.
Жүйелік блок[өңдеу]
Толық мақаласы:Жүйелік блок
Жүйелік блок- дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Дисплей[өңдеу]
Толық мақаласы:Дисплей
Дисплей (монитор) - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
Пернетақта[өңдеу]
Толық мақаласы:Пернетақта
Пернетақта- компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.
IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)
қ•т•ө
Тінтуір[өңдеу]
Толық мақаласы:Тінтуір
Тінтуір- «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.
Принтер[өңдеу]
Толық мақаласы:Принтер
Принтер- ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.
Сканер[өңдеу]
Толық мақаласы:Сканер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz