Диплом жұмысы және оның құрылымы



1 Диплом жұмысы
2 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН БАСТЫРУ, ТЕРУ ЖӘНЕ БЕЗЕНДІРУ
3 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ БЕТТЕРІН БЕЛГІЛЕУ
4 КӨРНЕКІ МАТЕРИАЛДАР МЕН KECTEЛEP
Дипломдық жоба (бұдан былай диплом жұмысы) жоғары оқу орнын бітіруші студенттің өзі таңдаған мамандық бойынша белгілі бір тақырыпқа даярлаған қолжазбасы.
Диплом жұмысы студенттердің жоғары оқу орнында негізгі жоғары білім алудағы қорытынды сатысы болып табылады және мына мақсаттарды көздейді:
• теориялық білімін және мамандығы бойынша практикалық біліктілігін жүйелеу, бекіту және толықтыру және оны нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік мәселелерді, соңдай-ақ
мәдениетке арналған мәселелерді шешуге пайдалану;
• дипломдық жобадағы мәселелер мен сұрақтарды шешу барысында өз бетінше жұмыс жасаудағы біліктілігін дамьггу және зерттеу әдісі мен экспериментін игеру;
• студентгердің бүгінгі күнгі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайына сәйкес өз бетінше жұмыс істеуге дайындығын анықтау.
Диплом жұмысының тақырыбы өзекті болып, ғылым, техника мен мәдениеттің бүгінгі күнінің жағдайына және болашақтағы дамуына сәйкес келіп диплом жұмысына қойылатын мақсаттарға жауап беретін болуы керек. Тақырып тандауда өндірістің, ғылым мен мәдениеттің нақты сұрақтарын ескеру керек.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Диплом жұмысы
Дипломдық жоба (бұдан былай диплом жұмысы) жоғары оқу орнын бітіруші
студенттің өзі таңдаған мамандық бойынша белгілі бір тақырыпқа даярлаған
қолжазбасы.
Диплом жұмысы студенттердің жоғары оқу орнында негізгі жоғары білім
алудағы қорытынды сатысы болып табылады және мына мақсаттарды көздейді:
теориялық білімін және мамандығы бойынша практикалық
біліктілігін жүйелеу, бекіту және толықтыру және оны нақты ғылыми,
техникалық, экономикалық және өндірістік мәселелерді, соңдай-ақ
мәдениетке арналған мәселелерді шешуге пайдалану;
дипломдық жобадағы мәселелер мен сұрақтарды шешу барысында өз
бетінше жұмыс жасаудағы біліктілігін дамьггу және зерттеу
әдісі мен экспериментін игеру;
студентгердің бүгінгі күнгі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайына
сәйкес өз бетінше жұмыс істеуге дайындығын анықтау.
Диплом жұмысының тақырыбы өзекті болып, ғылым, техника мен мәдениеттің
бүгінгі күнінің жағдайына және болашақтағы дамуына сәйкес келіп диплом
жұмысына қойылатын мақсаттарға жауап беретін болуы керек. Тақырып тандауда
өндірістің, ғылым мен мәдениеттің нақты сұрақтарын ескеру керек.
Диплом жұмысының тақырыбы факультет кеңесінде қаралып, бекітіледі.
Бітіруші кафедра диплом жұмыстарының тақырыптарының жалпы
тізбесін анықтайды, оны жылда жаңартып, толықтырып отырады. Тақырыптар
кафедра бойынша шығарылатын мамандықтарға сай, әрі өндірістің, ғылым мен
мәдениетгің өзекті мәселелеріне арналған болуы керек.
Жоғары оқу орнын бітіруші студент кафедра ұсынған диплом жұмыстарының
тақырыптарымен танысып, соның ішінен біреуін тандап алуға құқылы немесе өзі
бұрыннан таңдап, жұмыс жасап (бақылау, курс жұмысын жазып, ғылыми
конференцияларда баяндама жасап) жүрген, кафедраның ғылыми бағытына caй
келетін тақырыбы болса, оның кажеттілігін негіздеп ұсына алады. Өндірістен
қол үзбей оқитындарға диплом жұмысының тақырыбын өндірістің қажеттілігіне
байланысты таңдауына болады.
Студент болашақ диплом жұмысының тақырыбын таңдап алғаннан кейін
кафедра меңгерушісінің атына осы тақырыпқа диплом жұмысын жұмысын жазуға
рұқсат сұрап өтініш жазады.
Өтініш косымша 1 бойынша жазылады.
Бітіруші кафедра студештің тандап алған дипломдық жұмысының тақырыбын
бекітеді және оған жетекші толтырған кафедра меңгерушісі бекіткен диплом
жұмысының бітіру мерзімі көрсетілген тапсырма береді.
Кафедраның ұсынысы бойынша профессорлардан, доценттерден, тәжірибелі
оқытушылардан және ғылыми қызметкерлерден дипломдық жұмысқа жетекші
тағайындалады. Сол сияқты, жетекші болып басқа ұйымдардың, мекемелердің
ғылыми қызметкерлері және жоғары білікті мамандары тағайындалуы мүмкін,
жетекші:
диплом жұмысына тапсырма береді;
диплом жұмысының барлық мерзімдеріне арналған календарлық кесте жасауда
студентке көмек көрсетеді;
студентке қажетті негізгі әдебиеттерді, типтік жобалаларды
және басқаларды ұсынады;
студенттердің тақырып бойынша календарлық жұмыс кестесін бақылауды
қамтитын консультацияның уақытын белгілейді;
• жұмыстың барлық бөлімдері мен тарауларының көлемін
белгілейді және студент пен консулътанттың жұмысын үйлестіреді.
Диплом жұмысы мамандық бойынша әдебиеттерді терең, жан-жақты оқып,
білу, пайдалану негізінде орындалады. Диплом жұмысына қойылатын талаптар:
жұмыстың тақырыбы нақты, құрылымы, анық болуы керек;
жұмыстың мазмұны құрылымына сай болуы керек;
жұмыста қарастырылған мәселелер терең, толық әрі жүйелі түрде ашылуы керек;
алынған нәтижелер нақты, жасалған қорытындылар қысқа және жан-жақты
дәлелденген болуы керек;
жұмыс жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу жұмыстары талаптарына сай
орындалуы керек;
• диплом жұмысы сауатты басылып, терілуі керек. Диплом жұмысы
машинкага басылады, не электронды есептеу машиналарында теріледі, оның
көлемі 50-беттен аз болмауы керек.
Диплом жұмысындағы алынған нәтижелерге, жасалған қорытындылар мен
ұсыныстардың дұрыстығына жұмысты орындаған студент жауапты.
1.2 Диплом жұмысының құрылымы
Диплом жұмысының құрылымына мыналар кіреді: ашпа бет; мазмұны;
қысқартылған сөздер, шартты белгілер; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды
пайдаланылған деректер тізімі; қосымша.
1.2.7 Пайдаланылған деректер тізімі
Тізімде диплом жұмысын жазу барысында пайдаланылған
деректер туралы жан-жақты мәліметтер берілуі керек. Деректер
туралы мәліметтер мемлекеттік стандарттардың "Библиография"
бөлімінде көрсетілген үлгілер бойынша беріледі
1.2.8 Қосымша
Қосымша ретінде орындалған диплом жұмысының мәтініне кірмей қалған,
оның мазмүнын толықтырып, алынған нәтижелерді көрсететін әртүрлі
лабораториялық зерттеулердің қорытындылары, архив материалдары, үлгілер,
нұсқаулар және басқа құжаттар беріледі.
2 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН БАСТЫРУ, ТЕРУ ЖӘНЕ БЕЗЕНДІРУ
Бастыру, теру және безендірудіц талаптары:
диплом жұмысы сауатты басылып, теріліп, дұрыс безендірілуі керек;
жұмыс көлемі А4 (210х297мм) келетін ақ парақтың бір бетіне,
жолдарының арасы бір жарым аралықта басылады, теріледі;
мәтінді басу, теру кезінде ақ парақтың шеттерінде келесі көлемдегі ашық
жер қалуы керек: сол жағында кемінде 30 мм, оң жағында 10-
15мм, жоғарғы жағында кемінде 15 мм, төменгі жағында кемінде 20мм;
мәтіннің әріптері, таңбалары мен сандалары біркелкі, әрі жақсы көрінетін
болуы керек;
• кесте, схема, формула, суреттер, жобалар қара сиямен,
не қара тушпен салынады;
• жұмысты басу, теру кезінде кеткен қателер ұқыпты тазартылып не
ақ штрихпен боялып, оның үстіне тиісті әріп, таңба не сан қайта басылады,
теріледі;
• даяр болған диплом жұмысы қатты тыспен түптеледі.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Диплом жұмысы құрылымының тақырыптарына "МАЗМҰНЫ", "ҚЫСҚАРТЫЛҒАН
СӨЗДЕР, ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР", "КІРІСПЕ", "ҚОРЫТЫНДЫ", "ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ, "ҚОСЫМША" кіреді. "НЕГІЗГІ БӨЛІМ" деген сөздің орнына
тараулардың аттары жазылады.
Диплом жұмысы құрылымының тақырыптары жолдың ортасына, соңына нүкте
қойылмай басылады, теріледі. Олар қысқа, нақты әрі жұмыстың мазмұнын ашып
тұратын болуы керек. Тақырыптардың аттары толық жазылады, оларды
қысқартуға, тасымалдауға, рим санымен, математикалық белгілермен, грек
әріптерімен беруге болмайды.
Диплом жұмысының тараулары параграфқа, тармаққа, тармақшаға бөлінеді.
Жұмыстың тараулары мен оның параграфтары үлкен әріппен, жолдың
ортасына, соңына нүкте қойылмай басылады, теріледі, асты сызылмайды.
Жұмыстың тармақтары мен тармақшалары қызыл жолдан, соңына нүкте
қойылмай басылады, теріледі. Диплом жұмысының мәтіні компьютерге терілген
болса тармақтар мен тармақшалардың аттары "қара" етіп беріледі.
Жұмыс құрылымының тақырыптары бірнеше сөйлемнен тұратын болса, олар
нүкте арқылы бөлінеді. Тақырыптардың атын тасымалдауға болмайды.
Диплом жұмысы құрылымының тақырыптарымен мәтінінің арасы машинкаға
басқанда 2 интервал, ал компьютерге тергенде - "бос жол" (0,7 мм) болуы
керек.
4 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ БЕТТЕРІН БЕЛГІЛЕУ
Диплом жұмысының беттері басынан аяғына дейін араб санымен
белгіленеді. Беттің рет саны оның оң жақ жоғарғы бұрышына соңына нүкте
қойылмай басылады.
A3 парағына салынған схема, кесте, жапсырылған сурет бір бетке
есептеледі.
Тарау, параграф, тармақ, тармақша
Тарау, параграф, тармақ, тармақшалар араб санымен таңбаланады.
Тараулар орналасқан ретіне қарай араб санымен таңбаланады.
Мысалы: 1., 2., 3.
Параграфтың рет саны тараудан кейін нүкте арқылы таңбаланады.
Мысалы: 1.1., 1.1., 3.1.
Тармақтың рет саны тарау, параграфтан кейін нүкте арқылы таңбаланады.
Мысалы: 1.1.1., 2.1.1., 3.1.1
Тармақшаның рет саны тарау, параграф, тармақтан кейін нүкте арқылы
таңбаланады.
Мысалы: 1.1.1.1., 2.1.1.1., 3.1.1.1
Егер тарауда бір параграф, тармақ, тармақша болса, оларға рет саны
қойылмайды.
5 КӨРНЕКІ МАТЕРИАЛДАР МЕН KECTEJ1EP
5.1 Көрнекі материалдар
Диплом жұмысын жазу барысында оны толықтыратын әртүрлі көрнекі
материалдарға (схема, диаграмма, сурет) назар аударып, оларды алдын-ала
даярлап алған жөн. Жұмыста пайдаланылған кез келген көрнекі материалды
мәтінде оның аты аталған бетке, не келесі бетке орналастырған дұрыс.
Сонымен қатар, жұмыста пайдаланылған көрнекі материалдардың жалпы саны көп
болса, оларды жұмыстың құрылымындағы "Пайдалапылған деректер тізімінен"
кейін, "Суреттер" деп беруге болады.
Барлық көрнекі материалдарға диплом жұмысында сілтеме берілуі керек.
Көлемі А4 парақтан кіші суреттер осы үлгідегі параққа желімделуі
керек.
Көрнекі материалдардың аты оның үстіне, жоддың ортасына, соңына нүкте
қойылмай жазылады.
Қажет болса көрнекі материалдардың астына, қызыл жолдан анықтама
беріледі.
Көрнекі материалдардың барлық түрі "Сурет" деп аталады, ол анықтамадан
төмен (егер ол болса), жолдың ортасына жазылады.
Көрнекі материалдар жұмыстың басынан бастап, соңына дейін араб санымен
белгіленеді.
Егер диплом жұмысында бір ғана сурет болса, оған рет саны қойылмайды
және астына "Сурет" деп жазылмайды.
Сурет мәтіннің арасы 3 интервал болуы керек. Көрнекі материалдар А4
үлгідегі парақтың бір бетіне салынады. Егер көрнекі материал осы үлгідегі
бетке симайтын болса, оның жалғасын келесі бетке (беттерге) салуға болады.
Көрнекі материал бірнеше бетке салынған болса, оның аты бірінші бетке
жазылады, ал келесі беттерге анықтама беріліп, оның астына "Сурет ...,
парақ ...". көрсетіледі.
Көрнекі материалдар қосымша 4 бойынша толтырылады.
5.2 Кестелер
Диплом жұмысында келтірілген сандық материалдар кесте бойынша
беріледі.
Кесте жұмыстың мәтінінде аты алғаш рет аталған бетке, егер оған
симаса, келесі бетке беріледі. Кестені жан-жағынан сызықтармен шектеген
(қоршаған) жөн.
Барлық кестелерге жұмыста сілтеме беріледі. Кесте А4 үлгілегі парақтың
бір бетіне орналастырылады. Егер кесте осы үлгідегі бір бетке симайтын
болса, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәтін - диплом жұмысының күрделі әрі маңызды бөлігі
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
ҰИЖ - Ұлттық инновациялық жүйелер
Жұмыстың құндылығы
Жұмыс тақырыбы Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда дидактикалық ойынды қолдану
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Оқу практиканың бағдарламасы
Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Пәндер