Геоморфология оқу - әдістемелік кешен


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық

Қазақ - Түрік Университеті

Геоморфология

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Түркістан 2007

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік Университеті

Жаратылыстану факультеті

География кафедрасы

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Пән аты: Геоморфология

Мамандығы (шифры) : 050116 - География

Кредит саны: 2

Түркістан 2007

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бекіткен Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты мен Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті дайындаған пәнінің типтік бағдарламасы негізінде жасалған

Оқу - әдістемелік кешенді құрастырған: г. ғ. к. доцент. Курбаниязов С. К.

Кафедраның «28» 08 2007ж. мәжілісінде (хаттама № 1) талқыланып бекітілген.

Баспаға

Жаратылыстану факультетінің оқу - әдістемелік кеңесінде талқыланып,

Жаратылыстану және Медицина институтының ғылыми кеңесі ұсынған.

Оқу жоспарының көшірмесі

Күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша

Сабақтың түрі
Күдізгі бөлім
Сыртқы бөлым
№: 1
Сабақтың түрі: Лекция
Күдізгі бөлім: 32
Сыртқы бөлым: 12
№: 2
Сабақтың түрі: Семинар
Күдізгі бөлім: 16
Сыртқы бөлым: 6
№: 3
Сабақтың түрі: Лаборатория
Күдізгі бөлім:
Сыртқы бөлым:
№: 3
Сабақтың түрі: ОБСӨЖ
Күдізгі бөлім: 30
Сыртқы бөлым:
№: 4
Сабақтың түрі: СӨЖ
Күдізгі бөлім: 30
Сыртқы бөлым:
№: 5
Сабақтың түрі: Барлығы
Күдізгі бөлім: 108
Сыртқы бөлым: 18

Пәннің переквизиттері - Пәнді оқыту үшін студенттер келесі курстарды меңгеруі қажет: «Жалпы жер тану», «Геология, палеогеография негіздерімен» және «Қазақстанның физикалық географиясы».

Пәннің постреквизиттері - Пәнді меңгеру нәтижесіндегі алған білім «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» және «Жалпы гидрология» және «Жалпы геоморфология» курстарын игеруде қажет.

  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Геоморфология пәні Қазақстанның жоғары оқу орындарына негізделген география мамандығы бойынша “Жалпы геоморфология” пәнінің бағдарламасына сәйкес жазылды. Геоморфология оқу әдістемелік кешеннің шығу себебі география факультетінде қазақ бөлімінің студенттері үшін геоморфология пәнінен қазақ тіліндегі оқулықтардың мүлдем жоқ екендігіне байланысты. Сондықтан бұл кітапты қазақ тілінде арнайы жазылған алғашқы оқу әдістемелік кешендерінің бірі деп санауға болады.

Жалпы Геоморфология (грек-жер, могрһе-бедер, пішін, logos-білу, тану), - рельефтің құрыльтсын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі объектісі - рельеф (француздың reliev - дөңестілік) -құрылық беті және мұхит тұбі пішіндерінің жиынтығы. Рельефтің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге таужаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т. б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының ұгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан рельеф пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарынын құрамын, қасиетін және оларға эсер ететін процестерді анық білу керек болады.

Зерттеу обьектісі бойынша Жер рельефінің құрлысын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология пәні құрлық беті мен мұхит түбі пішіндерінің жиынтығын анықтайды. Сондықтан бедер пішіндері біздің планетамыздың құрылуында ерекше орын алады. Сонымен қатар геоморфология жердің беті, литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының өзара әрекет жасайтын ортасы болғандықтан ол Жер туралы ғылымдармен тығыз байланыста.

Геоморфология жалпы геоморфология және аймактық геоморфология болып екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология -рельефтің пайда болуы мен дамуын геоморфологиялық комплекс ретінде кең көлемде алып карайды. Аймақтық геоморфология -құрлық, мұхит, теңіз т. б. рельефінің нақтылы бір немесе бірнеше бөлігін зерттейді. Геоморфологияның тағы да бірнеше салалары бар. Олар қолданбалы (прикладная) геоморфология - рельефті өндіріс-шаруашылық қажетше пайдалану жолдарын зерттеумен шұғылданады; палеогеоморфология өткен дәуірлердегі релъеф пішіндерінің даму жолдарын зерттейді; құрылымдық геоморфология (структурная геоморфология) релъеф тұрінің морфо құрылымын (морфоструктурасын) анықтайды; климаттық геоморфология көбінесе сыртқы күштердің әсерінен пайда болған релъеф түрлерін, яғни морфомүсінін (морфоскульптурасын) зерттеумен шұғылданады. Геоморфологиялық зерттеу экспедициялары ең алдымен геоморфологиялық картаға түсіру жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде жалпы және арнайы карталар жасайды. Дала жағдайындағы геоморфологиялық жұмыстар геология, геотектоника, гидродинамика, климатология, картография әдістерін қолданумен бірге әуе және ғарышсуреттерін және тағы басқа құралдарды да пайдаланады.

Курсты оқу барысында студенттер мынаны білуі қажет:

  • Геоморфология туралы түсінік
  • Рельеф типтері мен элементтерін білу
  • Рельефті зерттеудің әдістемелік принциптерін
  • Мұхит ортасы жоталарын
  • Рельефтің салыстырмалы жасын анықтай білу
  • Коррелятивті күйінде арқылы жасын анықтау
  • Фиксация арқылы рельефтің жасын анықтау
  • Рельефтің салыстырмалы жасын анықтау
  • Абсалюттік рельефтің жасын анықтау
  • Беткейлік рельеф пішіндері
  • Өзен терассаларын білу

Студенттер нені істей білуі/іскерлігі/тиіс:

  1. Кесте/график/ құрастыру және талдай білу;
  2. Диаграммаларды құрастыру және талдай білу;
  3. Гидрология және климаттың нақтылы мәселелеріне сипаттама беру;
  4. Есеп шығару;
  5. Карталардан нақты географияға байланысты номенклатураларды көрсете білу.
  6. Сабаққа кешікпей келу және қатысу.
  7. Үй тапсырмасын уақытында орындау және оны тапсыру
  8. Себебсіз сылтауратып сабақтан қалмау.
  9. Сабақүстінде басқа тақырыптағы тапсырмалармен, жұмыстармен айналысуға, сағыс шайнауға тыйым салынады. Ұялы қолдануға тыйым салынады.
  10. Студенттің емтихан және бақлау уақытында ісін көшіруге және реферат, курстық жұмыстарын қолдануға тыйым салынады.
  11. Студент оқытушымен және курстастары мен ашық сабырлы қарым қатнаста болуы тиіс.
  12. Ұжымдық жұмыстарға белсенді қатысуы тиіс.

ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе.

Жалпы Геоморфология (грек-жер, могрһе-бедер, пішін, logos-білу, тану), - рельефтің құрыльтсын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі объектісі - рельеф (француздың reliev - дөңестілік) -құрылық беті және мұхит тұбі пішіндерінің жиынтығы. Рельефтің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге таужаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т. б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының ұгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан рельеф пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарынын құрамын, қасиетін және оларға эсер ететін процестерді анық білу керек болады.

Геоморфология пәні студенттерді география мамандығын дайындауда негізгі пән. Зерттеу обьектісі бойынша Жер рельефінің құрлысын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология пәні құрлық беті мен мұхит түбі пішіндерінің жиынтығын анықтайды. Сондықтан бедер пішіндері біздің планетамыздың құрылуында ерекше орын алады. Сонымен қатар геоморфология жердің беті, литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының өзара әрекет жасайтын ортасы болғандықтан ол Жер туралы ғылымдармен тығыз байланыста.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

Геоморфология пәні табиғатты зерттейтін жаратылыс тану ғылымдарына жатады. Жалпы Геоморфология (грек-жер, могрһе-бедер, пішін, logos-білу, тану), - рельефтің құрыльтсын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі объектісі - рельеф (француздың reliev - дөңестілік) -құрылық беті және мұхит тұбі пішіндерінің жиынтығы. Рельефтің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге таужаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т. б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының ұгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан рельеф пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарынын құрамын, қасиетін және оларға эсер ететін процестерді анық білу керек болады.

Зерттеу обьектісі бойынша Жер рельефінің құрлысын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология пәні құрлық беті мен мұхит түбі пішіндерінің жиынтығын анықтайды. Сондықтан бедер пішіндері біздің планетамыздың құрылуында ерекше орын алады. Сонымен қатар геоморфология жердің беті, литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының өзара әрекет жасайтын ортасы болғандықтан ол Жер туралы ғылымдармен тығыз байланыста. Геоморфологиялық зерттеу экспедициялары ең алдымен геоморфологиялық картаға түсіру жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде жалпы және арнайы карталар жасайды. Дала жағдайындағы геоморфологиялық жұмыстар геология, геотектоника, гидродинамика, климатология, картография әдістерін қолданумен бірге әуе және ғарышсуреттерін және тағы басқа құралдарды да пайдаланады.

Әр түрлі деңгейдегі (бакалавр жоғарғы) географ мамандарды дайындауда география ғылымының негізгі ірге тасы есептелетін жалпы жер тану пәнінің семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқауы дәріс баяндалған теориялық білім тәжірибелік сабақтарда жетілдіреді деген ниетте жаратылып отыр.

География мамандығы бойынша ана тілінде жазылған оқулықтар жоқ, Сондықтан бұл әдістемелік қазіргі студент - болашақта географ маманын игеруде өз септігін тигізеді.

Геоморфология курсы бойынша студенттермен орындалатын курстық

жұмыстардың тақырыптары.

  • Тұран ойпатының геоморфологиясы.
  • Сыр өзеннің геоморфологиялық құрылымы.
  • Геоморфологияның халық шаруасындағы пайдасы.
  • Қазіргі заман геосиклиналь белдеулер.
  • Рельефтің геологиялық жолы.
  • Тау жыныстарының құрылымдары мен текстуралары.
  • Геосиклиналь аймақтардың мега рельеф пішіндері.
  • Экзогендік процестер және рельефтің пайда болуы.
  • Беткейдің ауырлық күшінің қозғалысы.
  • Эндогендік текті беткейлер.
  • Экзогендік текті беткейлер.
  • Құлаумен болған беткейлер.
  • Кесекті шөгінді беткейлер.
  • Сырғымалы беткейлер.
  • Ағынды беткейлер.
  • Солюфлюкациялық беткейлер.
  • Карст рельеф формалары.
  • Гляциялды рельеф формалары.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Акпанбеғтова К. М. Веселова Л. К. Жалпы геоморфология терминологиялық түсіндірме сөздік Алматы РБК. 1994ж

2. Акпанбеғтова К. М Жандаева М. Ж. Краткий курс терминологий Караганда 1994ж

3. Аубакиров Ж. А. Абдраманов С. А. Базарбаев К. Б. Русско-казахский толковый географический словарь, Ғылым 1994ж

4. Алпатьев А. М. Развитие, преобразование и охрана природной среды Ленинград 1983

5. Аношко В С Трофимов А М Основы географического рогнозирования Минск 1985

6. Антропогенные изменение климата Под ред. Будко М И Москва1987

7. Арманд Д Л Наука о ландшафте Москва 1975

8. Берег Л С История русских географических открытий Москва 1962

9. Боков В А Обшее землеведение изд. Санкт-Петербург. Унив. 1999

10. МукашеваЖ Н Жалпы жер танe Алматы Қазақ университеті 2002

11. Неклюкова Н П Жалпы жер тану Г Карпеков ауд. Алматы Мектеп 1980

12. Брехловских Л М Океан и человек Настоящее и будущее Москва 1987

13. БудыкоМ И Климат в прощлом и будущем Ленинград 1980

14. В ведение в физическую геграфию Под ред. К К Маркова Москва 1978

15. В ведение в физическую геграфию Под ред. М М Ермолаев Москва 1978

16. Вернадский В И Биосфера и ноосфера Москва 1989

17. Вернадский В И Химическое строение биосферы Земли и ее окружения Москва1965

18. География мирового океана. Мировой океан. Ленинград. 1987

19. География мирового океана. Мировой океан. Ленинград. 1987

20. Докучаев В В К учению зонах природы Москва Том1961

21. Звонкова Т В Географическое прогнозирование Москва 1987

22. Израель Ю А Экология, климат и влияние возможных его изменений

23. На селско хозяство страны Москва Высшая школа 1987

24. ИсаченкоАГ Ландшафтоведение и физико-географичекое районирование Москва1991

25. Марков К К Палеогеография (историческое землеведение) Москва 1960

ЛЕКЦИЯНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Лекцияның тақырыбы және оның жоспары
Кредит сағат саны
№: 1
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Кіріспе. Геоморфология пәнінің мақсаты мен міндеті және оның зерттеу объектісі

Геоморфология туралы түсінік

Рельеф типтері мен элементтері

Геоморфология ғылымының бөлімдері

Рельефті зерттеудің әдістемелік принциптері

Геоморфологияның халық шарушылығындағы пайдасы

Кредит сағат саны: 2
№: 2
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Бедер пішіндері турасында жалпы мәліметтер.

Қарапайым пішіндер

Күрделі пішіндер

Ашық пішіндер

Аккумулятивті пішіндер

Жабық пішіндер

Рельефтің планетарлы пішіндері

Құрлықтар

Мұхит түбі

Қазіргі заман геосинклиналь белдеулер

Мұхит ортасы жоталар

Мегапішін Мексика шығанағы, Картин теңізі, Альпі тау жүйесі, Үлкен Кавказ немесе Декан платосы

Микро пішін Арал теңізі ойысы, Кіші және Қаратау жотасы

Мезо пішін Пляж, Аралдың түбі, Эол құмдары.

Кредит сағат саны: 2
№: 3
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Рельеф тегі

Экзогендік; Эндогендік; Магмалық;

Эффузивтік; Вулкандық; Шөгінді.

Кредит сағат саны: 2
№: 4
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Рельефтің геологиялық жолы

Рельефтің салыстырмалы жасы

Коррелятивті күйінде арқылы жасын анықтау

Фиксация арқылы рельефтің жасын анықтау

Рельефтің салыстырмалы жасын анықтау

Абсалюттік рельефтің жасын анықтау

Кредит сағат саны: 2
№: 5
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Рельеф пайда етуші тау жыныстары мен олардың геологиялық құрылымдары

Силикатты жыныстар

Карбонатты

Лайлы; Рудалы; Фосфатты; Күкіртті;

Тау жыныстарының құрылымдары мен текстуралары

Жайпан жазықтар

Стоновые үстіртті елдер

Қалдық таулар

Консеветивті бедер пішіндері

Кредит сағат саны: 2
№: 6
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Рельеф және климат.

Нивалды климат

Полярлық климат

Гумидті климат

Аридті климат

Кредит сағат саны: 2
№: 7
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Рельефтің планетарлық пішіні.

Мұхиттың қыртыс түрі

Құрлықтың қыртыс түрі

Геосинклиналдық аймақтар

Жер қыртысының рифтік түрі

Кредит сағат саны: 2
№: 8
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Құрлықтың мега рельефі.

Аккумулятивті жазықтар

Денудациялық жазықтар

Ежелгі платформалар

Платформалар

Қозғалмалы құрлық мега рельеф белдеуі

Қайта көтерілген мега рельеф белдеу

Материк шеті су мега рельеф белдеуі

Материктік беткей

Бодерлендтер және микрокантиненттер

Материктің табаны

Кредит сағат саны: 2
№: 9
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Геосинклинал аймақтардың мега рельеф пішіндері.

Қалқанды аралдар морфологиясы

Терең сулы науалар морфологиясы

Теңіз шеті қазаншұңқырлар морфологиясы

Өтпелі аймақтардың түрлері

а) Витяздық типі б) Хармат типі в) Курил типі г) Жапон типі

Кредит сағат саны: 2
№: 10
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Мұхит түбі мега рельефі

Солтүстік мұзды мұхит түбі рельефі

Арктикалық орталық жота

Атлант мұхит түбі рельефі

Атлант мұхит ортасы

Мұхит түбі жотасы және орталық жоталары

Үнді мұхит түбі рельеф формалары

Үнді мұхит түбі және орталық

Кредит сағат саны: 2
№: 11
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Экзогендік процестер және рельефтің пайда болуы

Үгілу туралы түсінік

Химиялық үгілу

Физикалық үгілу

Механикалық үгілу

Термикалық үгілу

Үгілу қыртыстары

Кредит сағат саны: 2
№: 12
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Беткейлік рельеф пішіндері

Гравитациялық беткей

Блоктық беткейлік қозғалыс

Беткейдің ауырлық күшінің қозғалысы

Эндогендік текті беткейлер

Экзогендік текті беткейлер

Құлаумен болған беткейлер

Кесекті шөгінді беткейлер

Сырғымалы беткейлер

Ағынды беткейлер

Солюфлюкациялық беткейлер

Кредит сағат саны: 2
№: 13
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Флювиал процестер

Регресивті эрозия

Аллювиал процестер

Сарқырама

Жыралар

Балка

Өзен арнасы

Өзен аңғары

Ассиметриалы және симметриалы

Жайылма

Дельта

Өзен терассалары

Өзен сағасы

Кредит сағат саны: 2
№: 14
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Карст рельеф формалары

Карст турасында түсінік

Жалаңаш карст Жабық карст

Калалар

Шраттар

Табиғи шахталар

Үңгірлер

Күмбез тәрізді карст

Конустық карст

Жалған карст

Кредит сағат саны: 2
№: 15
Лекцияның тақырыбы және оның жоспары:

Гляциялды рельеф формалары

Хионосфера

Абляция

Мұздың түрлері

а) Құрлық мұздықтары б) Тау мұздықтары в) Жер асты мұздықтары

Алти плантация

Флюгляциалдық рельеф пішіндері

Мореналар

Ригельдер

Кредит сағат саны: 2

№ 1 лекция

Сабақтың тақырыбы: Геоморфология пәнінің мақсаты мен міндеті

және оның зерттеу объектісі

Сабақтың жоспары:

• Геоморфология туралы түсінік

• Рельеф типтері мен элементтері

• Геоморфология ғылымының бөлімдері

• Рельефті зерттеудің әдістемелік принциптері

• Геоморфологияның халық шарушылығындағы пайдасы

Қысқаша теориялық мәліметтер:

Геоморфология (гео-жер, могрһе-бедер, пішін, logos-білім, тану), - рельефтің құрыльтсын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі объектісі - рельеф (француздың reliev - дөңестілік) - құрлық беті және мұхит тұбі пішіндерінің жиынтығы. Рельефтің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге таужаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т. б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан куат алады; бұған тау жыныстарының ұгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан рельеф пішіндерін зерттеу ушін оларды құрайтын тау жыныстарынын құрамын, қасиетін және оларға әсер ететін процестерді анық білу керек болады.

Эндогендік күштердің әсерінен жердің бір түсы көтеріліп, тау мен қыраттар түзіледі, ал екінші түсында төмен майысып, ойпаттар пайда болады. Экзогендік күштер тауды мүжиді, ойпат жерлерді борпылдақ материалмен толтырып тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет жасайды және олар әр жерде, әр түрлі қарқында ұдайы болып жатады. Рельеф пішіндерінің қай бағытта дамуы (төменнен жоғары өрлеу немесе керісінше) оның тектүрі, ерекшелігі - мүның бәрі сол жер қыртысының қасиетіне байланысты. Геоморфологияның негізгі принциптерінің бірі - рельефтің географиялық компоненттерінің бірі бола түра, бұкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып каралуы, ол өзі ғана өзгеріліп қоймай, жалпы табиғаттың дамуына әсер етеді. Жер қыртысы, атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан, геоморфология геология, геоботаника, гляциология, топырақтану ғылымдарымен де тығыз байланысты.

Соңғы кездері жер туралы ғылыми зерттеулерде "биосфера" деген түсінік кең таралған. Биосфераны жердің бұкіл органикалық тіршілігінің жиынтығы деуге болады. Бұл қабат атмосфераның төменгі 10-12 км бөлігін (тропосфераны), гидросфераны, жер бетін және литосфераның беткі қабатын қамтиды. Осы қабатты құрайтын тірі және өлі организмдер рельеф қалыптасуында тікелей ерекше биогендік рельеф пішіндерді және геологиялық денелерді түзеді немесе жанама түрде тау жыныстарының химиялық, физикалық касиеттерін және планетамыздың ауа, су қабаттарының өзгеруіне әсерін тигізеді.

Жоғарыдағы айтылатын түсініктерге негіздей отырып, рельеф ұғымын қосымша анықтауға болады. Геоморфологиялық зерттеулердің объектісі бола тұра, рельеф планетамыздың жер қыртысы, су, ауа және биологиялық қабаттарының күрделі сипатты өзара қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болған.

Жер құрылысында рельеф туралы айта кететін ерекшеліктердің бірі: жер шарының әр қабаттарын бөле тұра, ол сонымен қатар жердің беті литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен өзара әрекеттесетін ортасы.

Рельеф географиялық ландшафттың және географиялық ортаның негізгі бөліктерінің бірі. Сондықтан рельеф географиялық ортаның өзге компоненттерімен бірге зерттелуі тиіс.

Мұның өзі геоморфологияның физикалық географиямен және басқа географиялық ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.

Геоморфология жалпы геоморфология және аймақтық геоморфология болып екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология - рельефтің пайда болуы мен дамуын геоморфологиялық комплекс ретінде кең көлемде алып қарайды. Аймақтық геоморфология - құрлық, мұхит, теңіз т. б. рельефінің нақтылы бір немесе бірнеше бөлігін зерттейді. Геоморфологияның тағы да бірнеше салалары бар. Олар қолданбалы (прикладная) геоморфология - рельефті өндіріс - шаруашылық қажетіне пайдалану жолдарын зерттеумен шұғылданады; палеогеоморфология өткен дәуірлердегі релъеф пішіндерінің даму жолдарын зерттейді; құрылымдық геоморфология (структурная геоморфология) релъеф түрінің морфоқұрылымын (морфоструктурасын) анықтайды; климаттық геоморфология көбінесе сыртқы күштердің әсерінен пайда болған релъеф түрлерін, яғни морфомүсінін (морфоскульптурасын) зерттеумен шұғылданады. Геоморфологиялық зерттеу экспедициялары ең алдымен геоморфологиялық картаға түсіру жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде жалпы және арнайы карталар жасайды. Дала жағдайындағы геоморфологиялық жұмыстар геология, геотектоника, гидродинамика, климатология, картография әдістерін қолданумен бірге әуе және ғарыш суреттерін және тағы басқа құралдарды да пайдаланады.

Ең алғаш рельефтің даму зандылықтары XVIІІ ғасырдың орта шенінде белгілі орыс ғалымы М. В. Ломоносовтың еңбектерінде қаралған. 1763 жылы жарық көрген "Жер қабаттары" деген еңбегінде ол геологиялық құрылымдар және жер қыртысы мен рельефтің дамуы туралы өз тұжырьшдарын келтірген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасы геоморфология ғылымының негізін қалаушы профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың өмір жолы
Кеңістіктегі ГАЖ және карта
Іле Алатауының физикалық – географиялық жағдайы
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу
Физикалық географиялық карталар
Бурақай тауының табиғатының ерекшеліктері
Инженерлік геодезия
Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz