Вена конгресі және Бурбондарды реставрациялау


Вена конгресі және Бурбондарды реставрациялау
Маполеонға қарсы халықтардың күресі француз империясының, күйреуімен аяқталды, Наполеонды жеңу жемісін монархиялық коалиция, феодалдық абсолютистік мемлекеттер өз мүддесінде пайдаланды. Наполеондық имприяны жою Европада дворяндық-монархиялық реакцияның салтанат құруына әкеліп соқты.
Россия, Австрия, Пруссия, Англияның ұйымдастыруымен 1814 жылдың 1 қыркүйегінен 1815 жылдың 9 маусымына дейін Вена конгресінің мәжілісі өтті. Конгресс ұйымдастырушыларының мақсаты француз революциясы мен наполеондық соғыстар нәтижесінде Европада болған саяси салдарларды жою еді, Олар бұрынғы монархтардың жоғалттқан құқықтарын, иеліктерін қалпына келтіру, легитимизм принципін қолдады, Вена конгресі тұңғыш рет Түркияны қоспағанда барлық Европалық мемлекеттерін халықаралық келісім жүйесіне тартты, Конгресске қатысушылар Францияны әлсіретуге жане онда Наполеон империясының қайта қалпына келу жолын біржолата жоюға мүдделі болды. Вена конгресі өз қалауы бойынша Европа картасын қайта сызды. Уақытшы үкімет басшысы, дипломат Талейран наполеондық империяны бөлісуге Францияның да тең тең дәрежеде қатысуына қол жеткізді, Ол конгреске қатысушылардың арасындағы келіспеушілікті шебер пайдаланып, Францияның шекарасын 1792 жылғы қалпында қалдырды, Франциямен шекарада барьерлік мемлекеттер құрылды, Мәселен дамыған бай Бельгия әлсіз Голландиямен бірігіп Нидерланды корольдігін құрды, Польша Россия, Пруссия және Австрия арасында бөліске түсті. Россия Финландия мен Бессарабияны иемденді, Италияда Сардиния корольдігі қалпына келтірілді. Оған Генуя қосылды, Италияға Савойя мен Ницца қайтарылды, Австрия қайтадан Венеция мен Ломбардияға ие болды. Ал, Парма, Тоскана және Модена герцогтықтары Австрияның иелігіне айңалды. Папаға Рим, Равенна, Феррара, Болония қайіарылды. Осылайша Италия толық бытыраңқылыққа айналды, Пруссияға Рейн облысы, Вестфаль және Померания қосылды, Даниядан Норвегия алынып Швецияга қосылды, Швейцария шекарасы кеңейтілді және Швейцария мәңгілік бейтарап мемлекет деп жарияланды, Сондай-ақ Вена конгресі ағылшындардың Испания мен Франция соғыстары кезінде басып алған жерлерін заңдастырды. 1815 жылы қарашада Ватерлоо түбіндегі ұрыстан еоң төрт держава арасында Франциямен жаңа келісімге қол қойылды, Ол бойынша Францияның шекарасы 1790 жылғы қалпына келтірілді, контрибуция төлейтін болды, ол төленіп біткенше одақтастар армиясы Франция территориясында тұратын болды. Вена конгресінің шешімдері дворяндық-монархиялық реакцияның күшеюіне әсерін тигізді, Революциялық және ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы күресу үшін Европа мемлекеттерінің реакциялық үкіметтері өзара Қасиетті Одаққа қол қойды.
Қасиетті Одақ. 26 қыркүйек 1815 жылы Александр І-ші жазған Қасиетті Одақ актісіне барлық европалық монархтар қол қойды, Құжат бойынша христиан дінінің принциптері және шынайы бауырластықтың қасиетімен байланысқан бұл елдер бір-біріне көмек пен қолдау көрсетуге міндеттенді. Англия Қасиетті Одаққа кірген жоқ, бірақта алғашқы кезде оның үкіметі реакциялық саясатты қуаттады, Әр түрлі елдердегі католиктердің наразылығынан сескенген Рим папасы актіге қол қойган жоқ.
Қасиетті Одақта үлкен. роль атқарған Австрияның ірі дипломаты I және канцлері Меттерних пен император Александр І-ші, ағылшын сыртқы істер министрі лорд Каслри болды. Александр І-ші конгрестің барлық мүшелерін монарх Людовик ХҮІІІ-дің құқықтарын шектеген Хартияға қол қоюға мәжбүр етті.
1814-1815 ж. ж. Австрия канцлері, князь Меттерних және Ресей патшасы Александр I басшылығымен Европада біріккен реакциялы күш қалыптасты. Бұл реакцияның күшін Бурбондар Францияда өздерінің бұрынғы шексіз билігін қайтарып алу мақсатында пайдаланбақ болды. Монархия құлағаннан бергі революция мен Империя кезеңдерін басынан өткізген француздар үшін болған озгерістерден, бұрынғы тәртіпке қайта келу мүмкін емес еді. Шетте жүріп Франциядағы қоғам өзгерісін, таптық өзгерісті түсінбеген бурбондар мен эмигранттар революция кезінде тәркіленген барлық жер мен тәртіптердің қайтарылуын талап етті.
Тарих доңғалағы кері қарай жүрмесін көптеген Европа монархтары түсінді. Людовиг ХҮІІІ атын алған де-Лилль Ресей императоры Александр I табыстауыменен 1814 жылдың 2 мамырында Парижге келер алдында «1814 жылғы Хартия» атты конституциясын қабылдап, бекітеді. Хартияда «өкіметті басқару қалпын» формальды мойындады. Француз революциясы тудырған қорқыныш, қайта келген монархияға буржуазиялық-либералдық конституция - хартия қабылдауға мәжбүр етті,
Империя тұсында сайлау коллегиясы мүшелерін тағайындау, заң шығарушы корпус депутаттарын сайлау, палатаның өзі Наполеон деспотизмін жасыру, ұлттық өкілеттігінің көзбояушысы ғана болса, 1814 жылғы либералды Хартия буржуазиялық парламенттілікке жол ашты. Король билігі парламентпен шектелді. Жоғарғы жәие төменгі аталған екі палата жұмыс жүргізді. Жоғарғы парламентке король өзі тағайындайтын, аристократиялы жоғарғы пэрлер палатасы аталды. Төменгі парламент сайланған өкілдер түрды.
1814 жылғы Хартия азаматтық, оның құқығы, бостандығы мен міндегтері;
I. Француздар заң алдында атақ, шенінің қандай болуына қарамастан
тең
2. Азаматтық және әскери қызметтерге бәріне бірдей жол ашық
- Жеке басы бостандығына бәріне кепілдік беріледі, Егер заңдағы бостандықтар мәніне нұқсан келмеген болса, қуғынға ұшыратып, қамауға алуға тиым салынады
4. Француздар өз ойын жариялауға, баспаға беруге ерікті, Олар бұл ерікті заңға сүйене отырып, қиянатта пайдаланбауы керек
5. Династия кезіндегі, оған дейінгі кезеңдерге байланысты ой,
сайлау дауысын қудалауға тиым салынады
1814 жылғы Хартия мемлекет, оның басқару органдары туралы:
6. Корольге ешкімнің тиісуіне болмайды және ол қасиетті,
Атқарушылық билік тек корольге тиселі, министрлер жауапты,
7. Король мемлекеттің жоғарғы басшысы.
8. Заң шығарушы билік король, пэрлер палатасы, департаментен сайланған депутаттар палатасымен бірге іске асады.
9. Заңды король ұсынады.
10. Палата корольге белгілі жағдайда заң ұсынуда сұрап және ойынша заң мазмұны қандай болу керектігін айтады,
11. Ешқандай депутат егер жасы қырыққа жетпеген не 1000 фр, төлемеген болса палатаға жіберілмейді.
12. Депутат сайлауға қатысушы сайлаушылар егер жасы 30-ға келмеген не 300 налог төлемеген болса лауыска ие бола алмайды.
Қайта оралған Бурбондарды шаруалар, буржуазия күдікпен қарсы алды, Өздерінің революция жеңістеріне қауіп ретінде қарады, Людовик XVIII таққа келгенде, уақытша үкімет басшысы Талейран король баяндамасына «одақтастар әскері өз қауіпсіздігі үшін соғысты» сөздерін тіркейді. 1814 ж. 31 наурыз шешімімеи одақтастар Бурбондарды қайта таққа келтірген болатын. Талейран төрт мемлекет өкілдеріне хартиядағы алғашқы өзгерісті 1815ж. 1 тамызда хабарлады. Әзгеріс дворяндар мен ірі буржуазия көзқарастарын біріктіру мақсатымен, Пэрлер палатасы мүрагерлік және депутаттар палатасымен бірге, корольмен заң қабылдауға теңдей құқылық беріледі.
Елді «ақ террор» кең жайылып. Мишель Ней, Брюк сияқты белгілі маршалдар немесе көптегеи офицерлер сотқа беріліп атыдды. Төтенше жағдай соты 10 мыңдаған саяси іс қозғап, айып тақты. Империя кезіндегі әскер басы, мемлекет қызметкерлері қудалайды.
1815ж, августе ультрароялистер сайланған жаңа палата, құрамы жағынан реакциялығына қарай корольдің өзі «салыстырғысыз палата» деп атады, Ультрароялистер басшысы корольдің бауырның Артур өз саясатын жүргізбек болды. Ультрароялистердің идеологдары: виконт де Бональд католик-реакционер, хартия мен Людовик XVIII жауы Жозеф Местр абсолюттік крепостнойлық жақтаушы, ой бостаңдығының қас жауы. Олар палата арқылы 1814 ж. хартияны жоятын заңдар қабылдады. Людовик XVIII ультрароялистер ісі елде қозғалыс туғызады деп қорқып 16 сентябрьде 1816 жылы палатаны таратады.
Жаңа сайлауда конституциялық-монархистер немесе доктринерлер жеңеді. Ультрароялистер заңдарын жойып, бай өндіріс иелері, ірі жер иелері, финансистерді қолдады. Дворяндар мен буржуазия жоғарғы тобы мақсатында жұмыс жасап, олардың билікке қатысуына жағдай жасады. Конституциялық-монархистер көсемі профессор-философ Ройе Коллар болады. Олар хартияны ультрароялистер және демократтар сынынан қорғап, дворяндар мен буржуазия арасындағы қайшылықты хартиядан көрді. 1820 жылға дейін 4 жыл үкімет баеында болып, буржуазия құқын кеңейтті.
Солшыл либералдар финансистер мен сауда буржуазия жақтап 1814 жылғы харгия кемшілігі және адам еркіндісі немесе жекеменшікке қол сұгуға бопмайтындығын қорғамады деп, адамның индивидтік қуқылығына кепілдік ететін, парламент буржуазтя қолында болатын конституциялық-монархияны қалады. Идеологі Бенжамен Констан сайлау дауысын шаруа немесе жұмысшы топқа беруге қарсы болып, оларды саяси істерге жарамсыз деп жариялады,
1820 жылы халық өкіпі, қолөнерші Лувель тақ мұрагері Берршісниді өлтірген соң, ультрароялистер палатаға қайта келіп, қатаң реакция орнатты. 1821 ж. сайлау заңы өзгертілді. Ең ірі жер иелері екі дауыс алды. Сайлаушылар үшін ценз өсті. Баспасөзде қатаң тексеру; (цензура) орнады, Үкімет басшысы граф Виллеля бө. лды, Ультрароялистер 1827 жылға дейін жеңіске жетіп отырды; 1824 жылы сентябрьде Людовик XVIII өлді, 1825 ж, майда Реймс сарайында граф д. Артуа Карл X деген атпен салтанатты тәж киеді. Виллеля үкіметі 1825 ж. апрельде эмигранттар үшін 1 млд. фр, төлеу жөніндегі заңға қол жеткізеді Карл X эмигранттар королі аталды, Талейран жазғандай, Карл X адам баласы жасай алады деген қателіктің көпшілігін жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz