Ұлы географиялық ашылуларға үлес қосқан саяхатшылардың шын мәніндегі мақсаттарын айқындау



Кіріспе ... ... ... ... ...3
1 ТАРАУ. Ұлы географиялық ашылымдардың себептері.
1.1. Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары мен себептері ... ...5
1.2. Ұлы географиялық ашылымдардың негізі және алғашқы географиялық ашылулар ... ... 7
2 ТАРАУ. Ұлы географиялық ашылулардың екінші кезеңі. Жер шарын айналып шығу.
2.1. Индияға апаратын батыс жолының ашылуы және жер шарын алғаш рет айналып шығу саяхаты ... ... ... ... ... 14
2.2. 1550—1650 жылдардағы географиялық ашылымдар ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
Батысевропалық орта ғасырдың XV—XVI ғасырлары шекаралығындағы — ұлы географиялық әлемдік жаңалықтар жасалды. Бұл уақытта Батыс және Орта Европа елдерінің кепшілігінде феодалдық құрылыстың ыдырау және капиталистік қатынастардың пайда болу процесі жүріп жатты. Бұл кезеңнің ең маңызды оқиғалары: біріншіден, жер қатынастары және қалалық қоленер салаларында феодалдық меншік пен феодалдық өндірістік қатынастардың ыдырауына, тікелей өнім ендірушілердің ең алдымен шаруалардың жаппай тоналуына, сондай-ақ дүние жүзілік отаршылдың системаның басталуына байланысты алғашңы қор жинау процесі болса; екіншіден, өндірістің айырбас пен бөлістің сол кез үшін прогресшіл капиталистік формаларының туып өркендеуі, яғни — енеркәсіпте капиталистік мануфактураның, деревняда буржуазиялық фермерлік шаруашылықтың, капиталистік типтегі сауда-банк бірлестіктерінің және тағы сол сияқтылардың дүниеге келуі болды.
1. Хрестоматия по истории средних веков. Под.ред. Н.П.Грационского, С.Д.Сказкина. /3-38 бб.
2. /Бұл да сонда. 37 б.
3. /Бұл да сонда. 39 б.
4. Средновековье в его памятниках. Под.ред. Егорова. Москва.1913 г. 217 б.
5. Сидорова Н.А. Очерки по истории городской культуры в Европе. Москва. 1953 г. 163 б
6. Кунин К. И. Васко да Гама. М., изд. 2-е, 1947. 19 б.
7. /Бұл да сонда. 22 б.
8. /Бұл да сонда. 21 б.
9. Кунин К. И. Магеллан. М., 1940. 56 б.
10. Магидович И П. Очерки по истории географических открытий. М., 1957. 93 б.
11. Свет Я. М. По следам путешественников и мореплавателей Востока. Очерки. М., 1955.
12. /Бұл да сонда. 89 б.
13. Томсон Дж. О. История древней географии. Перев. с англ. М., 1953. 166 б.
14. /Бұл да сонда. 155 б.
15. /Бұл да сонда. 169 б.
16. Хрестоматия по истории средних веков. Под.ред. Н.П.Грационского, С.Д.Сказкина. /45-49 бб.
17. /Бұл да сонда. 46 б.
18. Хеннинг Р. Неведомые земли. Перев. с нем., т. I—IV. М., 1961—1963.
19. Харт Г. Морской путь в Индию. Рассказ о плаваниях и подвигах порту-гальских мореходов, а также о жизни и времени дона Васко да Гамы, адмирала, вице-король Индии и графа Видигейры. Перев с англ. М., 1954.
20. www.google.kz
21. www.kazref.kz

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТАРАУ. Ұлы географиялық ашылымдардың себептері.
1.1. Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары мен себептері ... ...5
1.2. Ұлы географиялық ашылымдардың негізі және алғашқы географиялық
ашылулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...7
2 ТАРАУ. Ұлы географиялық ашылулардың екінші кезеңі. Жер шарын айналып
шығу.
2.1. Индияға апаратын батыс жолының ашылуы және жер шарын алғаш рет
айналып шығу
саяхаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..14
2.2. 1550—1650 жылдардағы географиялық
ашылымдар ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...21
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... .23

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Батысевропалық орта ғасырдың XV—XVI ғасырлары
шекаралығындағы — ұлы географиялық әлемдік жаңалықтар жасалды. Бұл уақытта
Батыс және Орта Европа елдерінің кепшілігінде феодалдық құрылыстың ыдырау
және капиталистік қатынастардың пайда болу процесі жүріп жатты. Бұл
кезеңнің ең маңызды оқиғалары: біріншіден, жер қатынастары және қалалық
қоленер салаларында феодалдық меншік пен феодалдық өндірістік қатынастардың
ыдырауына, тікелей өнім ендірушілердің ең алдымен шаруалардың жаппай
тоналуына, сондай-ақ дүние жүзілік отаршылдың системаның басталуына
байланысты алғашңы қор жинау процесі болса; екіншіден, өндірістің айырбас
пен бөлістің сол кез үшін прогресшіл капиталистік формаларының туып
өркендеуі, яғни — енеркәсіпте капиталистік мануфактураның, деревняда
буржуазиялық фермерлік шаруашылықтың, капиталистік типтегі сауда-банк
бірлестіктерінің және тағы сол сияқтылардың дүниеге келуі болды.
Экономикада жүзеге асырылған сапалы өзгерістер, феодалдық қоғамның бұрынғы
өмір сүріп келген әлеуметтік құрылымын өзгертумен, қоғамдық өмірдің барлық
саласын түгел қамтыған әлеуметтік-саяси және таптық жанжалдардың
шиеленісуімен қабаттаса жүргізілді. Осы дәуірдегі таптық күрестің ең
жоғарғы түрі — мануфактуралық кезеңнің буржуазиялың революциялары болды.
Осы әлемді жаңа өзгерістерге итермелеген кез – келген оқиғалардың барлығы
дерлік геогрфиялық ашылулардың қажеттілігін тудырды. Қоғам жаңа жұмыс күші
мен өндірістің жаңа формаларына, өсіп келе жатқан халық сұранысын өтеу үшін
көптеген шикізат түрлеріне мұқтаж болды. Міне осы фактолар мемлекеттерді
жаңа жерлер мен ресурс көздерін іздестіруге итермеледі.
Курстық жұмыстың тарихнамасы:
Ортағасырлар кезеңі географиялық ашылулар үшін ұлы оқйғаларға толы дәуір
болды. Себебі нақ сол кезеңде қоғам қажеттілігін өтеу үшін жаңа жерлерді
ашу қажет болды. Міне осы кезеңнің тарихын зерттеу өте маңызды еді.
Орта ғасырлық жазба төркін-деректер бірнеше түрге бөлінеді: документальды
материалдар, заңдық ескерткіштер, хабар беретін төркін-деректер, фольклор,
әдеби шығармалар т. с. с.
Орта ғасырлардағы ұлы географиялық ашылулар тарихын зерттеген бірнеше
еңбектер С.Д. Сказкиннің редакциялауы бойынша шыққан Орта ғасырлар тарихы
оқу құралында жинақталған. Атап айтар болсақ оқулықта И.И. Магидовичтің,
Дж.О.Томсонның, Г.Харттың зерттеулерінен материалдар берілген.
Географиялық ашылулар туралы құнды деректер мен зерттеулер Я.М.Светтің
По следам путешественников и мореплавателей Востока и Запада атты
еңбегінде берілген.

Курстық жұмыстың мақсаты:
Ұлы географиялық ашылуларға үлес қосқан саяхатшылардың шын мәніндегі
мақсаттарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Әлемдік жаңа географиялық ашылулардың қоғамға қаншалықты қажеттілігін
зерттеу.
2. Ұлы географиялық ашылулар жасаған саяхатшылардың өмірі мен қызметін
сипаттау.
3. Ұлы географиялық ашылулардың әлемдік экономикаға тигізген әсерін
анықтау.
Курстық жұмыс: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен тұрады

1 ТАРАУ. Ұлы географиялық ашылымдардың себептері.
1.1. Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары мен себептері.
Ұлы географиялық ашылымдар — феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің
дамуының феодалдық өндірістік қатынастар системасын ірітіп-шірітуші товар-
ақша қатынастарының үнемі өсуінің, европалық елдердің шығыс елдерімен сауда-
саттық қарым-қатынастарының ұлғаюының нәтижесі болып табылды.
Товар-ақша қатынастарының ұдайы өсе беруіне байланысты ақша орасан зор
маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қажеттіліктерді
қанағаттандырудың бірден-бір құралына және байлықтың ең басты түріне айнала
бастады.
Алтынға құнығушылық металл ақшаның санын барынша көбірек талап еткен
сауданың өріс алуына байланысты мейлінше күшейе түсті. Оның үстіне ақшаның
көбі Европадан тысқары жерлерге шығыстан әкелінетін товарларға төлеуге
кетіп жатты. Оларды әкелу үнемі үлғая берді. Осының нәтижесінде асыл
металдың жетіспеушілігі күш санап күштірек сезіле бастады[1]. Европада
алтынға деген мұқтаждықты қанағаттандырарлық мүмкіншілік болмады. Бірақ
оның есесіне европалықтардың ұғымы бойынша, Европадан сыртқы жерлерде
байлықтың сарқылмайтын қайнар көзі жатқандай болып көрінді.
Европалықтар дүниедегі ең бай ел Африка деп санады, өйткені Жерорта
теңізінің жағалауындағы қалалар арқылы купецтер Сенегал мен Нигераның
алабында өндірілетін алтынды Европаға әкеліп жатқанды. Мұнда, Сенегал мен
Малидің, Жоғары Вольта мен Нигерияның территорияларында VII ғасырдан XV
ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер: Гана, Мали және Сонгали құрылды. Осы
елдердің бай қалалары, әсіресе Нигеридегі ислам мәдениетінің ең ірі
орталығы Тимбукту — Сахара арқылы Жерорта теңізімен қызу сауда-саттық
жұмыстарын жүргізді және мұнда алтын құмның саудасы үлкен орын алды.
Купецтердің әңгімелеріне қарағанда, Африкадағы алтын қорлары ғажайып
көлемде болды.
Қытай, Индия, Үнді-Қытай, Индонезия таңғажайып бай елдер саналып,
көбінесе Индиялар деп аталды. Бұл атаулар көптеген жағдайларда
теңіздердің ар жағында жатқан сыры белгісіз елдерге арналып айтылды да,
Европаның одан жібек және басқа заттар алып отыратын нақты Индияға
оншалықты қатысы болмады. Осындай алып-қашты жорамалдар XV—XVI ғасырлардағы
ұлы географиялық ашылымдарға әжептәуір себепші болды. Өйткені бұл лақаптар
теңіз жиһанкездерін болуы мүмкін немесе шынында да дүниеде бар елдерге
қайткенде де кетуге ұмтылдырды[2].
Африканың алтынын іздеп табуға XV ғасырда португалъдың те-ңізшілер
аттанды. Олардың пайымдауынша Африканың алтыны Атлантика мұхитына келіп
құятын үлкен өзендердің қайырларынан атап айтқанда, солардың Бохадор
мүйісінің маңындағы сағаларының бірінен табылып, өндірілуге тиісті болды.
Сондықтан алтынды өзенге, теңізбен Африканың батыс жақ жағалауын бойлай
отырып жетуге толық мүмкін сияқты болып көріңді.
XIV—XV ғасырларда Португалияда сауда мен кеме қатынастары жақсы дамыды.
Бұған португальдықтардың, арабтың бай және епті купецтерімен XII ғасырда-ақ
басталған қарым-қатынастары көмектесті. Португальдықтар арабтардың
математикасымен, географиясымен және картографиясымен танысты. Мұның өзі
келешектегі теңіз кәсіпшілігі үшін ерекше маңызды еді. Олар теңіз
қатынастарына қажет кемелерді — итальяндың Жерорта теңіздік кемелерге
қарағанда, желге қарсы жүзуге қабілетті және аса жүрдек, толқында жеңіл
және ыңғайлы каравеллалар жасап шығарды.
Португалияның жүргізген теңіз сауда жұмыстарына Португалияға Италиядан,
ең алдымен Генуядан қоныс аударған көптеген купецтер мен теңізшілер белсене
қатысты. Өйткені XV ғасырда түріктердің жаулап алуына байланысты Генуя
купецтеріне шығыспен сауданы Александрия арқылы Жерорта теңізімен жүргізуге
тура келді. Бұл жерде барлық ІПығыс Жерорта теңізіндегідей венециандықтар
үстемдік жағдайда болды. Сауда-саттық пен теңіз қатынастарының қысқартылуы
генуялық купецтер мен теңізшілерді бақытты басқа елдерден іздестіруге
мәжбүр етті. Колумб пен Каботтоның (Кабот) Генуядан шыққандықтарын, айта
кеткен жөн.
Португалияға, сондай-ақ Испанияға теңіздің арғы жағындағы жерлерді
іздестіріп, басып алуға түрткі салған себептер ішкі жағдайларға байланысты
болды. Бұл елдердегі реконкистік жаугершіліктің заманы бітті. Тегін олжалар
мен әскери авантюраны аңсаған соғысқұмар және кедей дворяндардың басым
бөлігінің айналысар ісі болмай қалды[3]. Ал Африканы алар болсақ, осынау
бай әрі беймағүлым өлкеге арнайы экспедициялар соғыс қимылдарын жүргізу
үшін ұйымдастырылып отырды. Өйткені маврлар Африканың солтүстік-батыс
жағалауынан Испания мен Португалияның кемелеріне, ал кейде тіпті Пиреней
түбегінің жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын тоқтатпады.
1.2. Ұлы географиялық ашылымдардың негізі және алғашқы географиялық
ашылулар. 1415 жылы португальдықтар Солтүстік африкалық жағалаудағы сауда-
саттықтың ең маңызды пункті Сеутіні басып алды. Бұл жолмен, атап айтқанда,
Жерорта теңізіне алтын тасылатын еді. Сеутіге ие болу Португалияның отарлық
экспансиясының бастамасы болып табылды. Португалияның купецтері және басқа
елдерден келген эмигрант-купецтер теңіздің арғы жағындағы алтын шығатын
жерлерді іздеп табу мақсатымен теңіз экспедицияларын жабдықтап шығаруға
кірісті. Бұл іске өзінің бас пайдасын көздеген Португалия королының інісі,
XIX ғасырдың тарихшылары Теңіз саяхатшысы деп атап кеткен, принц Генрих,
үлкен қамқоршылық жасады.
Гвинея шығанағынан оңтүстікке қарай, Оңтүстік Африканың батыс
жағалауымен ілгері жылжи беруге, арыны қатты қарсы ағыстар кедергі
жасады[4]. Бұл ағыстарға жоламау үшін теңіз саяхатшысы Бартоломей Диас 1486
жылы Козерог тропигіне жетті де, жағалаудан қашықтап, тура оңтүстікке қарай
ашық теңізге шығып кетті, сөйтіп мүлде орағытып барып Африканың оңтүстік
шетінен бір-ақ шықты. Жағалаудың одан әрі қарай солтүстік-шығыстық бағдары
бар екендігіне және өзінің шынында да материкті айналып шыққандығына көзі
жеткен соң, Диас қайтар жолында Добрая Надежда мүйісін айналып өтті және
бұл мүйіске өзі нақ осындай ат қойды. Сөйтіп, ол 1487 жылы декабрьде, 16 ай
бойы жүзіп жүргеннен кейін Лиссабонға қайтып оралды. Добрая Надежда
мүйісінен Мадагаскар-ға шейін жүзіп, осылайша Индияға жететін жолдың бір
бөлігінен өту мәселесі 1498 жылы ғана шешілді. Американын ашылуы Африканың
батыс жағалауларының өн бойымен ілгері қарай жылжумен қатар, сірә, итальян-
дық теңізшілердің қатысуымен болса керек, португальдықтардың оңтүстік-батыс
және батыста ашық мұхитқа шығып алысқа жүзулері басталды. XV ғасырдың 20-
жылдарында портутальдықтар Мадейра аралдарына, 30-жылдардың басында —
Азорларға барып орналасты. Ал 1456 жылы Жасыл Мүйіс аралдарына шейін жетті.
1492 жылы Христофор Колумб Атлантика мұхитын жүзіп өтіп, Батыстық жарты
шарды ашты. Колумбтың өмірбаянының көптеген фактілерін, сондай-аң оның
географиялық ұғымдарының сан алуан қырларын түгелдей және дұрыс анықталды
деп санауға болмайды. Қазірде Колумбтың — итальяндық екендігі және 1451
жылы Генуя маңында бір тоқымашының семьясында туғандығы баршаға мәлім болып
отыр. Оның жүйелі білімі де болған жоқ. 1474—1475 жылдары Шығыс Жерорта
теңізіне кемемен сапар шекті. 1476 жылдың шамасында, сірә генуялық сауда
үйлерінің бірінің агенті ретінде болса керек, Португалияға келеді, ал
келесі жылы Англияға барады. 1479—1481 жылдары Мадейраде және оған көршілес
Порту-Санту аралында тұрады. Осы жерде ол бір теңізшінің қызына үйленеді.
Қыздың әкесінен көптеген теңіз карталары мен күнделіктер және түрліше
жазбалар қалған екен[5].
1483 жылы үлкен теңіз экспедициясын жабдықтау туралы Порту-галиямен
жүргізген Колумбтың келіс сөздері басталды. Португалия үкіметінің Колумбтың
жасаған ұсынысын қабылдамауының себебі, тамаша бай Индияға барар теңіз жолы
табылып, көздеген мақсатты жүзеге асыру соншалықты жақын тұрған кезде басқа
бір жаңа қауіпті іспен айналысқылары келмеген болар. Келіс сөздер
сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Колумб Испанияға келеді (1485 жылдың шамасы).
Сөйтіп, мұнда ұзаққа созылған келіс сөздерден соң, корольдың ықпалды жақын
адамдарының және ең бай испандық купецтердің қолдауларымен король Фердинанд
пен оның зайыбы Изабелланың экспедиция жабдықтауға берген келісімін алады.
Король Колумбға адмирал және оның теңіз-мұхиттардан іздеп, тапқан
жерлерінің бәрінде де вице-король болу атағын береді.
Колумбтың кітапханасындағы кітаптардың құрамына және оларға соққан
белгілеріне қарағанда, оның Марко Полоның Сапарлар деген шығармасын
оқығаны, сонымен қатар жердің шар тәрізді екендігі туралы ғылыми болжамды
жақтаушы француз эпископы Пьер д' Альидің Әлемнің айнасы атты трактатын
ерекше зейін қоя зерттегендігі байқалады. Бұл трактат антика заманы
авторларының, сондай-ақ орта ғасырлық авторлардың географиялық және
космографиялық білімдер жөніндегі еңбектерінің жинағы болып табылады.
Тарихшылардың пайымдауынша, Колумб теңізбен батысқа қарай жүзіп барып, сол
кезде Индия деп аталынған Азияға жетуді ойлаған болса керек. Бұл ойды
оған өзімен хат-хабар жазысып тұрған сол кездегі атақты итальяндық
космограф Тосканелли айтқан болу керек. (Кейбір тарихшылар хат жазысуын
Колумбтың Тосканеллимен жалған деп те санайды). Ал космографтар мен
географтардың еңбектерін оқып-зерттеген Колумб батыс жолы мәселесін өз
бетінше-ақ ойластыруы мүмкін[7].
1492 жылы 3 августа үш кемеден құралган эскадра Испания порты Палосадан
Канар аралдарына қарай бет алды, 10 сентябрьде одан әрі қарай сапар шекті.
Кемелер теңізде жүзу сапасының жоғарылығымен және техникалық жағынан жақсы
жабдықтауымен ерекшеленді. Колумб өзінің тамаша теңізші екендігін көрсетті,
ол португальдықтар жеткілікті зерттеген Атлантиканың желдері мен теңіз
ағыстарының жағдайларында жүзудің әдістерін асқан шеберлікпен пайдаланды.
12 октябрьде Колумб Багам аралдарының тобындағы бір кішкентай аралға келіп,
зәкір тастады. Бұл жерді ол Сан-Сальвадор деп атады.
Батыстың жарты шар жерлеріне баратын жол ашылды. Мұның нәтижелері әрі
ашылған жерлер үшін де, әрі Европа үшін де орасан зор болды. Колумб
жүзуінің ұлы тарихи маңызы да осында еді.
Осы алғашқы саяхаты кезінде Колумб Антиль архипелагының бірқатар
аралдарын, Кубаның сол жағалауларын, өзі Эспаньола (Кішкентай Испания)
атаған Гаити аралын ашты[8]. Осы жерге Навидад (Рождество) фортын салып,
оған өзінің 39 теңізшісін қоныстандырды. Бұл европалықтардың Батыс жарты
шарындағы ең тұңғыш отары еді. Бірақ көп ұзамай-ақ, испандықтардың
зорлығына ызаланған үндістер форттың тас-талқанын шығарып бұзып,
қоныстанушыларды қырып тастады. Алайда испандықтар бұдан қаймыға қойған
жоқ. 1496 жылы Эспаньоланың оңтүстік жағалауына Сан-До-минго қаласының
негізі қаланды.
Колумб жергілікті адамдардан алтын жөнінде сұрастырды. Ол өзінің нені
ашқанын және қандай жерде тұрғандығын жете ұғынып біле алмады және білуге
де болмайтын еді. Оның жүргізген күнделіктеріне қарағанда, Азияны шығыстан
айналдыра көмкеріп тұрған аралдардың бірінде тұрмын-ау деген ойда болған
және солардың арасынан континентке қарай өтетін жолды құр бекер іздеген.
1493 жылы 4 январьда Колумб кері қайтты. Испания оны зор құрметпен
қарсы алады. Оның сол жылдың сентябрінде екінші экспедицияны ұйымдастыруына
ірі қаржы бөлінді. Екінші саяхатында Колумб Кіші Антиль аралдарын ашты.
Кубаның оңтүстік жағалауының бір бөлігін бойлай жүзіп бара жатып, Колумб
оны Азияның оңтүстік жағалауы екен деп ойлап тағы қателесті. 1495 жылы ол
Испанияға қайтып келді. Колумб бұл жолғы саяхатында да Америка континентін
тауып аша алмады. Оны европалықтар екі жылдан соң — 1497 жылы ашқанды. Осы
жылдың майында Бристоль (Англия) қаласынан Англияда тұрып қалған генуялық,
онда Джон Кабота деген атпен мәлім болған, Джованни Каботто теңіз сапарына
шықты. Июньнің аяқ кезінде ол бір белгісіз жердің жағалауына келіп жетті,
сірә бұл Лабрадор болса керек. Бірақ бұл жерді ол Азияның бір бөлігі екен
деп санады. Тек 1498 жылы өзінің үшінші саяхаты кезінде Колумб тұңғыш рет
Оңтүстік Америкалық континентке, Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті,
бірақ өзеннің жағалауына шықпады. Орасан мол тұщы суды көрісімен-аң, ол
тағы бір беймәлім жаңа материкті аштым ба екен деген ойға келді. Бірақ
Колумб өзінің король мен королеваға осы жолы саяхаты жөнінде жазған хат
есебінде бұл ойын айтуға батпады[9].
Осы екі арада португальдыңтар Индияға баратын теңіз жолын тауып, онан
түрлі жеміс және басқа да асыл товарлар алып келді. Колумбтың 1502 жылғы
төртінші теңіз саяхаты Васко да Гаманың (төменде қараңыз) экспедициясына
тікелей жауап ретінде жасалды. Куба аралынан оңтүстік-батысқа қарай бет
алған Колумб бұрынғысынша, Азияның Шығыс жағалауына жеттім деп санап,
Индияның жағалауына өтетін бұғазды талмастан іздеді. Бірақ бұл іздеулер еш-
бір нәтиже бермеді.
Колумбтың жасаған теңіз саяхаттары мен жаңа жер ашуларына жалпы алғанда
Испания үкіметінің көңілі толмады. Жұмсалған орасан зор қаржы тектен-текке
кеткендей болып көрінді. Теңіздердің ар жағындағы жаңадан ашылған жерлерден
алтын да, күміс те, жеміс те Испанияға қарай ағылмады. Бұл байлықтар
кейіннен, Колумб дүние салғаннан соң (ол 1506 жылы қайтыс болды) барып келе
бастады. Өмірінің аяқ кезінде Колумб өзінің праволары үшін және мұның ісіне
көңілі толмаған Испандық үкіметтің о баста беріп қалған ерекше
жеңілдіктерінен айырылмау үшін айтыс-тартыспен көп бейнет шекті.
Индияға баратын ашылуы. Колумб жаңа елдерді ашқаннан кейін
испандықтар португальдықтардың қауіпті бақталастарына айналды[10].
Қақтығыстың алдын алу үшін папаның делдалдығымен жүргізілген ұзақ
келіссөздердің нәтижесінде 1494 жылы Тордесильясе қаласында келісім
жасалынды. Бұл келісім бойынша полюстан полюске шейін шекара белгіленді
(ферродан батысқа қарай шамасы 30° меридиан бойынша). Келісім бойынша осы
шекарадан батысқа қарай жаңадан ашылатын аймақтар испандықтардың, ал
шығысқа қарай ашылатындары португальдықтардың иелігіне жататын болды. Шек
қоюшылық тек Атлантика мұхиты бойынша ғана жүргізілді. Ал мұның өзі
кейіннен, испандықтар шығыстан, ал португалдықтар батыстан келіп,
Молуккалық аралдарда кездескенде олардың қақтығысып қалуына әкеліп
соқтырды.
Испандықтардың батысқа қарай бет алуы, португальдықтардың Индияға
баратын теңіз жолын іздестіру қамына қайтадан кірісуіне түрткі болды. 1497
жылы осы мақсатпен жабдықталған экспедицияның басына король Васко да Гаманы
қойды (ол 1460 жыл шамасында туған). 1497 жылғы 3 июльде Лиссабоннан шағын-
шағын төрт кеме теңіз сапарына шықты (екеуінің су сыйымдылығы 120 тоннадан,
ал қалған екеуінің су сыйымдылығы — 50 тоннадан). Экспедицияның қолына сол
кездерге сәйкес ең жетілдірілген карталар мен навигациялық аспаптар
берілді. Васко да Гама Жасыл Мүйіс аралдарына жетісімен жағалауға таяу
жердің қарсы ағыстарына жоламау үшін, батыс жаққа қарай ойыса отырып,
оңтүстікке бет алды. Сөйтіп, ол Бразилияға едәуір жақын жерден өтіп
кетті[11].
Васко да Гаманың кемелері Лиссабоннан шыққаннан кейін бес ай өткен соң
ғана Диастың Африка жағалауына орнатқан ең соңғы белгісіне келіп жетті
(1497 жылғы 16 декабрь). Бұдан әрі Үнді мұхитымен жүретін мүлдем бейтаныс
жол тап болды. 1498 жылы 1 мартта португальдықтар Мозамбикке келіп жетті.
Осы арадан өзара жауласушы шейхтардың қол астындағы араб қоныстары
басталды. Малинди қаласында Васко да Гама өз қоластына лоцмандыққа сол
кездегі ең тәжірибелі араб теңізшілерінің бірі Ахмед Ибн-Маджидті алды.
Білім өрісі өте кең бұл адам Үнді мұхитымен жүзудің бірқатар толық және дәл
суреттерін (Лоции деп аталатындарды) өлең түрінде баяндап берді. Әрі
теориялық білімі, әрі ұзақ жылдар бойына теңізде жүзу тәжірибесі жағынан
Ибн-Маджид тіпті португальдықтар тәрізді европалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVІ-XVІІІ-ғасырлардағы қайта өрлеу дәуіріндегі ашулар
Археологиялық зерттеулер
Өлкетану іскерлігіндегі оқушылардың танымдық белсенділігінің даму мәселесі
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Шоқан Уәлиханов талантты ғалым
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
ИОГҚ мұражайының басшылары
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Ш.Уәлихановтың педагогикалық және философиялық ой-пікірлері
Давид Ливингстонның зерттеулері
Пәндер