Ғылыми–педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістері



Лекция 1 Ғылыми зерттеуді үйретудің әдістемесі пәнінің мақсат, міңдеттері.
Лекция №2. Ғылыми.зерттеуді жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу, жазу мен ұйымдастыр жолдары.
Лекция№3. Ғылыми таным мен шығармашылдық негіздегі ғылыми.зерттеу жұмыстарының жүйесі.
Лекция №4. Ғылыми.зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу, өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу.
Лекция №5. Ғылыми.зерттеу жұмыстарын. дағы ғылыми аппаратының құрылымдық жүйесі.
Лекция №6. Ғылыим.зерттеу жұмыстардың зерттеу әдістерінің түрлерімен ерекшелектірі. \бақылау, байқау, анкета, эксерименттік әдістер, сұрақ.жауап, т.б.
Лекция №7. Зерттеу жұмысын жүргізілуіндегі негізгі теориялық бөлімнің қарастырылатын мәселелері және тәжірибелік бөлімнің әдістемесі.
Лекция №8. Мектеп мұғалімдерінің педагогикалық . әдістемелік білім деңгейі және еңбегінің шығармашылық сипаты. Педагогикалық тәжірибені іздестіру, жинақтау және өңдеу, тарату
Лекция№9. Мемлекеттің білім беру жүйесіне қоятын талаптары, педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру мәселесі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтан жоғры оқу орнында даярланатын болашақ педагогтардың кәсіби білімінің құрамдас бөлігі ретіндегі теория мен тәжірибенің бірлігін қамтамасыз ету. Ғылыми педагогикалық зерттеуді үйретудің әдістері пәнінің практикалық оқу жұмыстары бакалавриаттық деңгейде білім алушылардың өзіндік жұмыстары және педагогикалық тәжірибе арқылы іске асырылады.
Ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып үйрену, жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке жаңалықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін, жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады. Сондықтан да, алынған нәтиженің сипатына байланысты барлық ғылыми зерттеулер төмендегі негізгі топтарға бөлінеді: ізденушілік; фундаментальды; қолданбалы және әдістемелік. Бұл міндетті шешуде ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері, әдістері туралы білім, білік, дағды қалыптастыруда «Ғылыми–педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістері» пәнінің маңызы ерекше.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми зерттеуді үйретудің әдістемесі пәнінің мақсат, міңдеттері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтан жоғры оқу орнында
даярланатын болашақ педагогтардың кәсіби білімінің құрамдас бөлігі
ретіндегі теория мен тәжірибенің бірлігін қамтамасыз ету. Ғылыми
педагогикалық зерттеуді үйретудің әдістері пәнінің практикалық оқу
жұмыстары бакалавриаттық деңгейде білім алушылардың өзіндік жұмыстары және
педагогикалық тәжірибе арқылы іске асырылады.
Ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып үйрену,
жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке жаңалықтарын ашу, белгісіз
фактілерді түсіндіретін, жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық
жүйесін анықтаудан тұрады. Сондықтан да, алынған нәтиженің сипатына
байланысты барлық ғылыми зерттеулер төмендегі негізгі топтарға бөлінеді:
ізденушілік; фундаментальды; қолданбалы және әдістемелік. Бұл міндетті
шешуде ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері, әдістері туралы білім, білік,
дағды қалыптастыруда Ғылыми–педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың
әдістері пәнінің маңызы ерекше.
Курстың мақсаты: Студенттерді зерттеу әрекетіне кәсіби қызығушылығын
қалыптастыру. Ғылыми–педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың жұмыстарының
орындалу жолдарын, заңдылықтарын меңгерту туралы толық мәлімет бере отырып
келесі.
Пәнді оқыту барысы мынандай міндеттерді көздейді:
- ғылыми зерттеуді үйретудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік
ұстанымдармен таныстыру;
- бакалавриаттарға ғылыми зерттеудің мазмұнының ерекшелігін және
жүйесінің өзіндік сипатын тереңдетілген ғылыми-теориялық, тәжірибелік
тұрғысынан білдіру.
- бакалавриаттарға ғылыми зерттеуді үйретудің заңдылықтары мен негізгі
әдістемесін меңгерту;
- бакалавриаттарға ғылыми зерттеудің заңдылықтары мен негізгі әдіс-
тәсілдерін үйрету және түрлі амал - жолдарымен таныстыру;
Ғылым – адамдардың арнайы іс-әрекеттері нәтижесіне табиғат, қоғамның
және ойлаудың объективті заңдарының үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі
білім болып табылады. Сондықтан ғылым негізі білім болып саналады.
Білім –шындықтың бейнелену формасы және тәсілі болғандықтан онда заттың
қасиеті, белгілері және өзара байланыстары қаперге алынған. Осы себепті
білімнің ғылымды ашудағы жұмыс істеу тәсілі, материалдық, не рухани іс-
әрекет болып табылады. Яғни ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді
жинақтау, оларды оқып, үйрену, жүйелеу қорытындылау және олардың жеке
заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін жаңалыққа жетелейтін
ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады.
Сол себепті де, ғылымның мақсаты-сырттай көрініп тұрғанның ішкі,
нақтылы қозғалысн, яғни зерттелініп жатқанның мәнін ашу болып табылады.
Ғылымның логикалық құрылымы төмендегідей болып келеді:
1. ғылымның ірге тасы немесе жалпы қағиданың (теорияның) жағдайы;
2. заңдар;
3. негізгі ұғымдар;
4. қағидасы (теориясы);
5. мұраты (идеясы);
Ұғымдар заңдар, прициптер, мұрат, ережелер – ғылыми білім категориялары
болып саналады. Осылардың негізінде ғылым қағидасы түзіледі.
Қағида –зерттеу пәнінің түзілу блогы болып есептеледі. Көп заттардан
ортақ сындарын алып жинақтау, жинақтай білу, зат туралы ұғымды білдіреді.
Ұғымдар жиынтығы пікірді түзеді.
Сондықтан, принцип – танымда методологиялық және гнесологиялық роль
алады. Принципті – білімнің ұйымдастырылу формасы деп түсіну керек.
Ғылымның бірден-бір пайдасы, алдын-ала болжам жасауға, алдағыға зер
салуға ғана себеп болады. Ғылымның сол себепті де, ақиқат нәрсе емес
екендігі де осыдан. Қандай да тәжірибе жөнінде әңгіме қазғалмасын, сіз
өзіңіз тікелей араласпасаңыз, сол мезетте-ақ сенімсіздік пайда болады.
Дегенмен, біз мұнда тек өзіміз нақтылы қатыспаған облыстар жөнінде ғана
пікір айтуымыз керек, олай болмағанда ғылымнан ешқандай пайда, қайыр
болмаған болар еді.
Жаңа білімнің қажеттілігі.
Ғылым танымдық процестің объектісі мен жемісі. Сондықтан ғылыми
танымдағы және оқу процесінде пайда болатын проблеманы айыру үшін танымдағы
проблеманың объективті маңызы мен оқытудағы оның объективті мәнін айыру
қажет.
Танымдағы проблеманың мәні – ғылыми білімді түзуге, маңызы – дүниенің
даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі.
Проблема – деп, негізінен практикалық мақсаттың синонимін немесе
ғылымдағы белгісіз болып тұрған жәйтті түсінеміз. Проблеманы шешу дәлелдер
жүйесі арқылы түзілуі тиіс.
Қандай да бір ақиқатқа көз жеткізуде тәжірибеге сүйенуді және
онда,оның орындалу шарттарының ескерілуі жайлы жоғарыда айтылды да
Сол себепті, проблеманы қоюда келесі педагогикалық талаптар орындалуы
қажет:
- тапсырма, меңгерілген білім мен біліктілікке негізделуі керек;
- белгісіз нәрсе жалпы заңдылықты және жалпы әрекет тәсілін түзуі
керек.
Проблема - шешуді қажет ететін келелі мәселе болып табылады.
Проблема – қағида мен практикалық құбылыстар арасындағы қарама-
қайшылықтар арқылы анықталады. Біз дүниедегі құбылыстарды бақылай, олардың
өзара бағыну деңгейлерін белгілей отырып, олар жөніндегі ұғымдар мен
түсініктерді анықтаймыз. Бұл талдау әдісі делінеді. Осы әдіс нәтижесінде –
проблеманың мәнін қарама-қайшылықтар және бір-біріне таласқа түскен ғылыми
қағидалар (теориялар) – деп түсінеміз.
Қарама – қайшылық деген не ?
Қарама – қайшылық қандай көріністерден пайда болады ?
Алға қойған тапсырмалар, міндеттер мен сұрақтар – шығармашылық іс-
әрекеттің тиімді құралдары деуге болады.
Әсіресе, олар проблемалық болатын болса, яғни мазмұнында қарама-
қайшылық жүретін болса. Қарама-қайшылық келесі түрде көрініс табады:
ақпараттық-танымдық; танымдық; логикалық.
Ақпараттық – танымдық, зерттелінетін құбылыстар, процестер мен
пәндердің мәндерінде жүретін болады. Ол көбнесе, мағналық конфликт түрінде
көрініс табады. Мысалы: не себепті червякті беріліс қайтымды беріліс бола
алмайды ? Шындығында, мұндай айналыс ек червяк арқылы берілуі керек, ал
доңғалақ арқылы червяктің қозғалысы ғана емес. Осындай қарама-қайшылықтың
әсерінен адамдажағдайды түсінуге құштарлық пайда бьлады.Бұл жағдайды
адамның психологиялық күйі, яғни проблемалық ситуация деп атайды.
Таным процнсіндегі қарама-қайшылық теориялық және практикалық
мәселелердің танымдық сипаттағы және адамда бар білім деңгейі, түсінуі мен
дамуы арасында орын алады. Жеке жағдайда:
1. көптеген әрекеттер арасындағы және олардан қажетті ыңғайлысын
таңдау;
2. бар білім мен және оны практикада пайдаланудың шарттары
арасындағы;
3. мәселені шешудің теориялық мүмкіндігі мен оның практикалық іске
асырылуының қиындығы арасындағы;
Бұйымдарды кострукциялауда, технологиясын құруда пайымдауда және
диагностикалауда, оқыту материалдарының құрылымын түзуде, бір ғана нәрсенің
төңірегінде әр түрлі пікір пайда болады және мұндай жағдайда пікір дәлелін
практика шешеді. Мұндай қарама-қайшылық – логикалық делінеді. Ал, таным
процесі мен логикалық қарама-қайшылық арасындағы қарама-қайшылық адамда
объектілердің, құбылыстың немесе процестің мәнін түсінуден пайда болады.
Қарама – қайшылықтар мазмұнында пайда болған құштарлық ғылыми
бағдарлаудың элементар дәрежесі ретінде, көрініс тапқанның мәнін, маңызын
ұғынуға тырысу, танысып білу.
Жоғарыда аталған факторлар жаңа білімнің қажеттілігін туындатады және
ғылыми шығармашылыққа негіз болады. Өйткені, іс-әрекеттің қозғаушы күші,
белсенділік көзі, қажеттілік болуы тиіс.
Ғылыми шығармашылық методологиясы.
Қазіргі заманғы пайымдау бойынша таным негізі және шындық кретериі –
практика нәтижесінде танылатын біздің біліміміз, объективті дүниенің
бейнесі, олардың өзара байланысы мен заңдылықтары.
Шығармашылықты - өмірде жоқ, қандай да бір жаңа өнімнің пайда болу
процесі – деп түсіну керек.
Ғылыми шығармашылық – қоршаған ортаны танып білуге, оқыту процесін
ұйымдастыруға, оны өзгертуге және жетілдіруге тікелей бағытталған іс-
әрекет.
Қазіргі заманғы көзқарас бойынша, ғылыми шығармашылық, үш кезең арқылы
жүзеге асады. (6) .
1 кезең. Проблемалық (таным немесе практикалық іс-әрекет кезінде)
ситуациялардың пайда болуымен, оны алғаш кезеңдік талдау және проблеманы
түйіндеу арқылы сипатталады.
Шығармашылық процестің 2-кезеңі проблеманы шешу жолдарын қарастыру.
Бұл процесс, бар білімдер негізінде проблеманы детальды талдаумен
аяқталады.
Зерттеу обьектісіне қажетті болған білімдерді толықтыру, қажетті
әдебиеттер көмегімен немесе тәжірибелік экспиремен арқылы толықтырылады.
Көбінесе, бұл кезеңде – шешім принципті таза логикалы, қатаң дәлелді
болады. Кейбір жағдайда зерттеу объектісі толыққанды танылмайды, ол туралы
білім тек толық еместігі ғана емес, қарама – қайшылықта да болады. Мұндай
жағдайда дәлелді шешім айту мүмкіндігі болмайды. Мұнда пайымдау (итуиция)
көмекке келеді.
Шығармашылықтың үшінші кезеңі проблеманың табылған шешілу принципін
жүзеге асыру.
Бұл кезеңде шешім принципі шығармашылықтың белгілі бір анықталған
нәтижелері түрінде жүзеге асырылады. Жаңа мәселенің шешілуі; конструкция,
теория т.б. дәйектеу және жасау.
Алынған нәтиже, экспериментальды тексеріліп, басқа теориялық
мәліметтермен тексеріледі.
Жоғарыда айтылғандарды, қысқаша шығармашылық процестің түзілімі деуге
болады.
Қорыта айтқанда, ғылыми шығармашылық, қазіргі кезде адамдардың аз ғана
шеңберінің айналысатын іске айнплған, ал, ғылым көптеген маманданған
жұмысшылыр армиясы санасы арқылы өтетін жұмысшы күшінің сапасын арттыранын
факторға айналуда. Осы себепті, өндірісте және басқа да әлеуметтік іс-
әрекет сферасында – адам факторының интелектуалды дамуы, ғылыми танымның
даму рөлі артып отыр.
1. Ғылым ұғымының философиялық , психологиялық, педагогикалық мәні.
2. Зерттеудің эмперикалық, теориялық, әдіснамалық кезеңдері.
3.Психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері
және негізгі компоненттері.
Ғылым ұғымының философиялық, психологиялық, педагогикалық мәні.
Ғылым – адамдардың арнайы іс-әрекеттері нәтижесінде табиғат қоғамның
және ойлаудың объективті заңдарының үздіксіз дамып отыру жүйесі
жөніндегі білім болып табылады. Сондықтан да, ғылым негізгі білім
болып саналады.
Ғылымның логикалық құрылымы төмендегідей болып келеді:
1. Ғылымның іргетасы немесе жалпы қағиданың жағдайы;
2. Заңдар;
3. Негізгі ұғымдар;
4. Қағидасы (теориясы);
5. Мұраты (идеясы);
Қазіргі заманғы көзқарас бойынша, ғылыми шығармашылық үш кезең
арқылы жүзеге асады:
1-кезең. Проблемалық ситуацияларын пайда болуымен, оны алғашқы
кезеңдік талдау және проблеманы түйіндеу арқылы сипатталады.
2-кезең. Проблеманы шешу жолдарын іздестіру. Бұл процесс, бар
білімдер негізінде проблемены детальды талдаумен аяқталады.
3-кезең Проблеманың табылған шешілу принципін жүзеге асыру.
Зерттеудің эмперикалық, теориялық, әдіснамалық кезеңдері.
Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмперикалық, теориялық,
әдіснамалық. Эксперименталды –эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір
тобы бар (гр. Empeiria –тәжірибе). Бақылап, зерттеу заттар мен
құбылыстарды мақсатты зерттеу мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен
көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа
талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен
белгілері туралы мәлімет алу
Теория – ғылыми танымның әсер етуші күші. Десек те, қағида – тек,
ғылыми ізденістер мен практикада кең қолданыс тапқанда ғана осындай
сипатқа ие болуы мүмкін. Қағида –ізденушіге, практика алға тартпайтын
нақтылы жаңа ғылыми міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста
теория педагогика құбылыстарын кез келеген әдіснаманың негізі болып
табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында
кенейеді. Теория –таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы
танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертеушінің ойлау
сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде
қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика
ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды.
Психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері
және негізгі компоненттері.
Ғылым әдіснамасы бұл – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз
болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші
философиялық бастау идеялар жиынтығы.
Қоғамдық қатынастар мен құбылыстардың байланысы, бірлігі қоғамдық
ғылымдарды зерттеу әдіснамасының негізі. Педагогиканың ғылыми әдіснамалық
зерттеу негізі қоғамдық қатынастар мен қоғамдық құбылыстардың бір-біріне
тәуелділігінде, біртұтастығында.
Ғылыми педагогикалық зерттеуді ұйымдастыратын көптеген әдіснамалық
принциптік негіздері бар. Олар:
а) қоғамдық қатынастарды, қоғамдық құбылыстарды жан-жақты байланысты
тәуелділікте, тәуелсіздікте қарап, бала тәрбиесіне үйлестіріп, соны нақты
тарихи тұрғыдан қарау әрбір тарихи кезеңдердің өмір талабына сәйкес бала
тәрбиесіне жаңа міндет мүмкіндіктерін еске сақтау, іске асыру.
ә) педагогикалық қатынас құбылысты диалектикалық біртұтастықта және
бөлшектеп қарау. Жалпы тәрбиеден жеке тәрбиеге көшу.
б) тәрбиенің практикалық проблемаларын өмірмен ұштастырып қарау. Себебеі
тәрбие өмірдің құрамды бөлігі. Педагогикалық теория мен тәжірибенің
қосындысынан іс-жүзінде асыру.
Жалпы педагогика фундаменталды педагогикадан нәр алады. Ол тәрбие мен
тәжірибеден тұрады. Бұл ерекшелік 3 тұрғыдан қаралады:
а) эмпиризмдік, алдыңғы қатарлы тәжірибені жинақтап, оқып үйреніп тарату.
Мұны түрлі жиналыстарда, конференцияда, кездесулерде баяндама жасап, түрлі
ақпарат құралдары арқылы жарыққа шығару.
б) педагогикалық теорияның алда тұруы. Теорияның тәжірибемен байланысында
теория жетекші роль атқарады.
в) педагогикалық теория мен тәжірибенің қосындысын іс жүзіне асыру. Ол
үшін ұстаз бала тәрбиесінде теорияға беріліп, зерттеп, керекті болжамды
жасап, қажетті ғылыми әдебиеттер арқылы ізденіс жасап, тәжірибе арқылы іске
асырады. Бұл фундаменталды педагогика мен қолданбалы педагогиканың
қосындысының ең биік шыңы.

Лекция №2. Ғылыми-зерттеуді жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу,
жазу мен ұйымдастыр жолдары.
Педагогикалық зерттеу логикасы. Педагогикалық шындықтың бейнеленуінің
бірінші қадамы – эмпирикалық бейнелеп жазу. Мұнда деректер бейнеленеді.
Мазмұны істің деректі күйіне шолу. Оқушылардың білімділігі мен
тәрбиелігінің ажырауына алып келетін оқыту мен тәрбиелеу принциптерінің
тұтастығын жүзеге асырудағы кемшіліктердің орын алғандығы. Зерттеу
объектісін сезімдік – нақты көре білу эмпирикалық бейнелеп жазуға алып
келеді. Әрине бұл жерде бар тәжірибені жинақтау жүреді. Осыдан кейін
философияда, педагогикадан, психологиядан алған білімдердің негізінде
зерттеу үшін алған объекті жөнінде теориялық көре білу жасалады: -1
теориялық жоба (модель). Осыдан кейін оны ойша – нақты көре білу жасалады,
-2теориялық жоба (модель) зертеуші педагогикалық іс әрекеттің құрылған
бөліктері қандай болатынын білімдерін жарыққа шығаратын нормативтік жобалар
(модельдер) жетілдірілген педагогикалық шындықты, бір сөзбен айтқанда,
жасауға көшеді. Жұмыстың қорытындысында мазмұны нақты материалдар мен
нұсқаулар енетін, мысалы , білім беру стандарты, болашақ педагогикалық
шындықтың жобасы ұсынылады. Бұл барыс бірнеше қайталануы мүмкін.
Болжам және қорғалатын қағидалар. Ғылыми танымды дамытатын әдістердің
бірі және теорияның құрылымдық құрамасы болжам (гипотеза) болып табылады.
Болжам алдын ала белгілеу, көптеген деректер негізінде объектінің бар
екендігі, құбылыстың байланысы немесе себебі жөнінде қорытынды жасауға
мүмкіндік беретін, ол қорытынды толық дәлелденді деп есептеуге болмайды.
Барлық жағдайда болжам дәл білім емес тек мүмкіндікті білдіреді. Ақиқаттығы
және жалғандығы белгіленбеген. Осының ақиқаттығын не жалғандығын белгілеу
барысы таным барысы болып табылады. Дәлелдену дәрежесіне қарай бір мазмұнды
алды ала білу, бір шеңберде болжам ретінде немесе теорияның құрамасы
ретінде көрінеді болжамды тұжырымдау кезеңінде, оны тексеруге дейін оған
қойылатын бір қатар талаптарды орындау керек.
Болжам талаптары тексерілетіндей болуы керек. Сол сәтте болжамды
эмпирикалық тексеретіндей ғылымның техникалық құралы болмауы мүмкін. Бірақ
ғалым оны алға қоюға құқы бар педагог көбіне ойша эксперимент жүргізеді.
Мысалы,ойша мектепте білім беруден математика пәні шығарып тастаса ,
оқушылардың ақыл ой тәрбиесіне, басқа пәндерді оқыту сапасына қалай әсер
ететінін болжауға болады.
Заң не заңдылықтың сипатына ие бола алатынын зерттелетін құбылыстарға
тән тұрақты және қажетті байланыстар болжамда бейнеленуі қажет.
Ғылыми болжамның елеулі белгісі оның стандарттан тыс немес көз
жеткізсіз болып келуі.
Болжам және қозғалатын қағидалар зерттеушіге объектінің каөз жеткізсіз
(көмескі) елестетулерді ашады, басқалар оны байқамайды.
Көптеген зерттеушілердің болжамы бұл талапқа келе бермейді.
Мысалы зертеудің болжамы : егер жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалім –
зертеушілерді даярлауда арнайы курстардың бірінғай жүйесінде педагогикалық
барысты құру тұлғалық іс әрекет тұтғысынан инновациялық негізінде 1 курстан
бастап бүкіл оқу жылдарында шын танымдық зертеуге қатыстырылса онда олардың
мұғалімдік зертешілік құзырын қалыптастыру дәстүрлі педагокикалық
даярлықтан өткен студентермен салыстырғанда елеулі көтерінкі болуы мүмкін.
Шындығында бүкіл оқу уақытында студенттер шынайы педагогикалық зертеумен
айналысты, ал басқалары мұнымен айналыспаса кімнің зертеушілік құзыры
жоғары болатынын зертеудің қажеті бар ма? Жоқ әрине. Ендеше жасалған
болжамның дұрыс еместігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.
Болжам жасағанда ескеретін тағы бір жай бар. Болжамның осы жұмыстағы
қаралып отырған объектісіне қатысы болуы керектінің дәлелдеудің керегі жоқ.
Бірақ кейде болжамды педагогикалық іс әрекеттен тыс сияқты, болжамдық
қараудың тәсілі сияқты етіп береді, мысалы , егер құрылымдық – логикалық
схемаларды пайдалануда қызметтік ерекшеліктері негізделсе, олардың түрлері
анықталса, оқу материалын меңгерудің құрылымдық – логикалық схемалар
мұғалімнің оқытушылық іс әрекетін бастауыш сыныптар оқушыларының оқуының
тиімділігі елеулі артырады.
Қазіргі педагогика ғылымының дамуы деңгейінде дәлелдеуді және қорғауды
қажет ететін үш түрлі ереже бар.
Бірінші түрі – өзінен өзі белгілі, дәлелдеуді қажет етпейтін жағдай
дегенмен үміткерді ғылыми қауымдастыққа қабылдау амалы ғылыми дәрежені
қорғау деп аталады. Жағдайдың кездесуі өкінішті –ақ.
Екінші түрі – болжамы атаусыз сөйлемдерден құрылған жағдай, яғни автор
дәлелдейтін нәрсесін айқын белгілемейді және ашпайды.
Үшінші түрі – болжамның педагогикалық барыстың жүруінің қажетті және
жеткілікті шарттары педагогикалық іс әрекеттің түрінің құрамдық бөлігі,
критерийлер, талаптар, шектері, қызметтер және тағы басқалар жөнінде
белгіленген дәлелдер мазмұнында болады. Міне бұл диссертациялық жұмыстың
сапасын көтереді.
Нәтижелердің жаңалығы, олардың педагогика теориясы мен тәжірибесі үшін
маңыздылығы. Бұл жерде зертеудің жаңалығы , зертеудің бөлек сипаттамсы және
нәтижесімен жататындығын айрықша бөліп көре білу керек. Бұл зерттеудің
жаңалығы жөнінде ғылыми жұмыс аяқталғаннан кейін тұжырымдау керек деген
сөз. Дегенмен зерттеуші жұмыстың жаңалы жөнінде тек қана аяғында ойламайды,
керісінше жаңа білімдерді алу қажеттігінен бүкіл зерттеу барысы және бүкіл
әдіс намалық сипаттамалары бағдарланады. Нақтысы , ғылыми жұмыстың мақсаты
мен маңынасы жаңа білімді алуда . ең алғаш жаңа білімді неге қатысты алу
керектігін белгілеу керек. Жаңа білім ұсынылған болжамда және қорғалатын
қағидаларда болды.
Осы кезеңде негізгі әдіснамалық сипаттамалардың үйлесімділігі көрінеді.
Бұл қажетті және жеткілікті шарттар болып табылады.
Жаңалық білім берудің жаңа міндеттері және ғылымның дамуының жаңа
кезеңдеріне сай өзі белгілі құрмалардан жаңа құрылымның есебінен пайда
болатынын ұмытпау керек.
Мысалы, оқыту әдістерінің тізімінде бірде біреуі жаңа әдіс емес.
Кәзіргі әдістердің жүйесінде жаман не жақсы әдіс жоқ. Білім берудің
мазмұнына қарай әр әдіс өз қызметін атқарады. Мазмұн және барыс -
тұтастықты құрайды. Әр әдіс – білім берудің нақты бір бөлігін тасымалдау
үшін қарастырылады. Мазмұндық және амалдық жақтарының тұтастығында оқытудың
дидактикалық жобасы (модельі) құрылған.
Міне бұл жаңалық – ғылымға және тәжірибеге қосылған үлес.
Бұл ғылымға және тәжірібеге зерттеудің мәні деген екі сипаттамаға ең аз
дегенде бастапқы және соңғы кезеңінде көңіл бөлуге тура келеді. Зертеудің
алдын ала болжанған нәтижелерін ең бірінші тақырыппен сипаттамаларына
байланысты бөліп-бөліп айдар тағу қорытындылау кезеңінде, зерттеу жұмысы
аяқталғаннан кейін беріледі. Анықтама анық ақиқат, мазмұнды және нақты
болғаны жөн. Ғылымның қай бөлігіне қажет және сол бөлікті жетілдіруге қалай
қызмет істейді, міне, осы басты нәрсе.
Алынған нәтижелердің жаңалығы, ғылымға оның мәні – бұл екі әдіснамалық
сипаттама. Бұның екіншісі танымның басқа ауқымдарына байланысты
шешілетіндіктен оның тұтасынан алғанда келешек зертеулерде шешілетін
мәселелерге тірейді. Міне бұл зер салып қарайтын мәселе.
Әрине, ғылыми мәнділігінің анықтамасына жұмыстың тәжірибе үшін мәнділігі
жөніндегі анықтамасы келеді.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық сипаттамаларына шолу бәрі бірге
отырып олар жүйе құрайды, оның барлық құрамалары бір-біріне шынайы сәйкес
келіп, бір-бірін толықтыруы қажет. Бірін-біріне толықтыруы жұмыстын сапасы
жөнінде сөз етуге болады.
Зерттеу әдістері
Зерттеу әдісі деп – тәсілдер мен амалдар жиынтығында жүзеге асатын,
нақты ғылыми міндеттерді шешуге бағытталған іс- әрекеттін нормативтік
жобасын ( моделін) түсінеміз. Қай ғылымның әдістері көп болса , сол ғылым
саласындағы ғалымдардың табысы зор. Ғылыми міндеттер күрделенген сайын
алынған нәтижелердің дәрежесі зерттеу құралдарының шолу шенбері кенеиюіне
тәуелділігі артады. Жұмысты бастауда зерттеуші өзі шешетін мәселеге сәйкес
келетін әдістердің жиынтығын тандап алуы қажет. Бір мәселені шешу үшін
бірнеше әдіс қолданылады. Оның жиынтығы зерттелетін заттың табиғатына
сәйкес келуі қажет. Әдістерді таңдау таңдалған тақырыптың өзімдік
ерекшілігімен, оның мақсатымен міндеттеріне сай анықталады. Белгілі бір
жағдай үшін сипатымен біріктіліуі зерттеу әдістерінің, зерттеудің өзімдік
ерекшелігімен ғылыми деңгейі жөнінде сөз қылуға болады.
Эмпирикалық әдістер педогогикалық байқаулар әдісі. Құбылыстар мен
барыстарды тұтастығында және олардың өзгерістерінің динамикасында тікелей
қабылдаумен сипатталады. Зертелетін құбылыстармен барыстар байқау объектісі
белгіленген, оның мақсаты мен міндеттері, байқау уақыты, ұзақтығы және
алдын ала белгіленген нәтижелері, ондағы оқушылардың оқытуы мен
тәрбиелілігі және т.б басқа нақты жоспарланған байқау ғана дәлдікке жуық
болады. Байқау жоспары: нені байқау, не үшін байқау, қашан және қанша уақыт
байқау, жүргізілген байқаудан не нәтиже күтуге болады деген сұрақтарға
жауап береді. Белгілі кезеңде зерттеушінің көздеген.

Лекция№3. Ғылыми таным мен шығармашылдық негіздегі ғылыми-зерттеу
жұмыстарының жүйесі.

Ғылымның диалектикалық дамуы, фактілерді жинақтау оларды оқып үйрену,
жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке жаңалықтарын ашу, белгісіз
фактілерді түсіндіретін, жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық
жүйесін анықтаудан тұрады.
Сондықтанда, алынған нәтиженәң сипатына байланысты барлық ғылыми
зерттеулер төмендегі негізгі топтарға бөлінеді: ізденіушілік;
фундаментальды; қолданбалы жәнеәдістемелік.
Жоғарыдағы зерттеулердің әрбір тобы өз кезегінде зерттеулердің
жоспарлылығын талап етеді.
Жоспарлылық – ғылыми шығармашылықтың негізгі фаторы болып табылады.
Зертеу жоспарының бірнеше формалары бар:
Алдын – ала жоспарлау – зерттеу жұмысының мақсатын және нысанасын
анықтайды, оның жалпы мазмұны мен мәнін, тұжырымын, зерттеу мақсаттарының
шешілу прициптерін, әдістемесін, жұмыстың көлемі мен орындалу уақытын
көрсетеді. Сол себепті, зерттеу жұмысының алдын-ала жоспары –зерттеу
тақырыбын нақтылаудың аяқталу элементі болып табылады.
Зерттеу жұмысының жеке жоспары – зерттеу жұмысының мазмұны мен
кезеңдерінің орындалу тәртібі, мерзімдері көрсетілген тізім жүйесі.
Зерттеудің жұмысжоспары – қабылданған ұсынылып отырған болжамды тексеру
және өрбіту мақсатында жасалған кешенді жұмыстар тізімі.
Зерттеудің жұмыс жоспарының басқалардан өзгешелігі, мұнда зерттеу
жұмыстарының барлық негізгі кезеңдерінің орындалу құралдары жолдары
әдістері көрсетілуінде
Кез-келген ғылыми ізденістің тиімділігі, көбнесе зерттеу жұмысының шын
мәні мен нәтижесіне алып келетін кезеңдерінің дұрыс түзілуіне, яғни,
зерттеу логикасына байланысты болады.
Зерттеу логикасын түзу - өте күрделі жұмыс.
өткені, зерттеу логикасы жұмыстың бірден – бір маңызды кезеңдерін құрай
отырып, зерттеу процесіне үзеңгелестік жасайды.Дегенмен, зерттеу логикасын
түзу үшін соңғы нәтиженің моделін жасап алу қажет.(Мысалы кітап мазмұны).
Зерттеу логикасы құрылымын жасаудың үш кезеңін атауға болады.
1- кезең – зерттеу тақырыбын таңдау, оның мақсатын анықтауға
дейінгі, болжамды құру кезеңдері, жалпы төмендегі логикалық схема
түрінде берілуі мүмкін: проблема ------ тақырып -------- нысаны
(объект) ------- пәні -------- ғылыми фактілер------ жетекші идея
-------- жөрамал -------- зерттеу мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың 2-кезеңінің логикасы зерттеу әдістерін таңдаудан, зерттеу
қорытындысын тұжырмдауға шейін төменгі схемада жасалу мүмкін:
әдістерді таңдау-------- жорамалды тексеру -------- алдын – ала
қорытындыларды конструкциялау -------- оларды практикаларды тексеру-----
тәжірибе жасау, нақтылау ------- шешуші қорытынды жасау.
2- қорытынды кезең – зерттеу нәтижелерін практикаға ендіру,жұмсты
әдеби көркемдеп баспаға дайындау. (ОҚУЛЫҚ, ОҚУ ҚҰРАЛЫ,
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ Т.Б.)
Жоғарыдағы педагогикалық зерттеу логикасы зерттеу бағдарламасына
сүйенетінін айта кету керек.
Студенттердің ғылыми зерттеу және шығармашылық жұмыстары формасын
әдістемелік мақсатта, шартты түрде екі категорияға бөлуге болады.
- Оқу процесіне енгізілген студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының
формалары;
- Сабақтан тыс уақытта орындалатын студенттердің ғылыми зерттеу
жұмыстарының формалары.
Оқу процесі рамкасындағы оқу жоспарына енгізілген студенттің
ғылыми зерттеу жұмысының негізгі жұмыс істеп жүрген формасы оқу-зерттеу
жұмысы болып табылады.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының кешенді жүйе ретінде талаптары
мен негізгі прнциптерінен ұйымдастыру жоспары екі бөлімнен тұрғаны жөн,
яғни жалпы университтік масштабта, екінші-оқу конкурстары бойынша.
1. ЖОО кафедралалында ұйымдастырылатын ғылыми үйірмелер студенттердің
ғылыми зерттеу жұмыстары құрылымының бірлігі болып саналады. Үйірме
жетекшісі болып кафедра меңгерушісі немесе кафедраның жетекші оқытушы,
профессорлары бола алады.
2. Үйірме жұмыстарын жүргізуге байланысты аптаның бір күнінің екінші
жартысы университет ректоры тарапынан босатылуы және ол күнге ешқандай іс-
шаралар қарастырылмайды.
3. Үйірме тақырыбы және жоспары жұмыс жүргізілетін кафедрада орындалады.
Кафедра меңгерушісі тарапынан бекітілген үйірме жұмыс жоспары
факультеттің студенттер ғылыми зерттеу жұмысының кеңесіне ұсынылады.
Үйірмеде жұмыс жасайтын студенттер құрамынан үйірме бюросы және топ
жетекшісі сайланады. Топ жетекшісі үйірме жұмысының ғылыми жетекшісімен
тығыз байланыста болуы міндетті. Топ жетекшісі немесе үйірме бюросы үйірме
жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктер жайлы факультеттің студенттердің
ғылыми зерттеу жұмысы Кеңесін хабардар етіп тұруы тиіс. Үйірменің толық
жиналысы айына бір рет өткізіледі. Жиналыста студенттер ғылыми баяндамалар
жасайды, өздерінің зерттеу жұмыстарын хабарлайды, ғылыми монография мақала
проблемаларды талқылайды.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бастапқы кезеңде студент үшін
күрделі процесс болып көрінеді. Десекте, студенттің ғылыми конференциясының
біріне қатысу барысында-ақ олар бұл жұмыстардың көпшілік сипатныа және
әрбір сипат үшін меңгеруге тұрарлық екеніне көздері жетеді.
Педагогикалық зеттеу бағдарламасы.
Зерттеу бағдарламасы зерттелінетін процесті білудің жан – жақты
методологиялық ыңғайы мен әдістемелік тәсілдерін теориялық тұрғыдан
дәйектеу болып саналады.
Тек қана терең ойластырылған зерттеу бағдарламасы педагогикалық
зерттеулерді жоғары деңгейде жүргізуге кепіл бола алады.
Бағдарламаның стратегиялық құжат – деп саналатындығы да осыдан, өйткені
бұл құжатқа қарап кез – келген уақытта зерттеу тұжырымдамасын, зерттеушінің
проблеманың шешіміне байланысты, алға қойған міндеттерін аңғаратын болуы
керек.
Зерттеу бағдарламасы салыстырмалы түрде, нақтылы аталған төмендегі
сұрақтарды қамтуы тиіс:
Методологиялық бөлігі – проблеманың көкейкестігін тұжырымдау; мақсатын
көрсету; зерттеу нысанасы мен пәнін анықтау; зерттеу болжамы мен
міндеттерін тұжырымдау.
Әдістемелік бөлігі – тексеруге қажетті жиынтықтарды анықтау; ақпараттар
жинауға байланысты пайдаланатын әдістерді сипаттау; ақпараттарды жинақтау
логикасы , құрылымын түзу; ақпараттарға талдау жасау т.б.
Көрініп тұрғандай, зерттеу бағдарламасында зерттеу логикасы құрлымының
жоғарыда аталған үш кезеңі сипат алады.
Зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңі сипаты мен зерттеу бағдарламаларына
сәйкес жүргізілетін жұмыс зерттеу проблемасын айқындау мен тақырыпты
таңдаудан басталады.
Проблема және зерттеу тақырыбын атықтау.
Шын мәнісінде, зерттеу тақырыбы-проблема (шешілмеген мәселе) мазмұнын
құрау керек. Сол себепті де, тақырыпты таңдау оны тұжырымдау, зерттеу
проблемасын анықтау болып табылады.
Ғылыми проблема, өз бетінще алдыға тартыла бермейді.
Ол , практикамен ғылыми әдебиеттерге, олардың жай күйіне терең талдау
жасау нәтижесі, таным процестері, қарама-қайшылықтардың тарихи
кезеңдеріндегі күйлері болып саналады.
Проблема көзі-болып, көбнесе, практикада туындайтын қиычындықтар,
конфликттер т.с.с. табылады.
Осы себепті, оларды шешу қажеттілігі, практика алдына қойылған міндет.
Олар: оқушылар жүктемесін азайту; білімділік пен тәрбиелік арасындағы
айырмашылықты жою; және т.с.с. болуы мүмкін. Сондықтан, практикалық
міндеттерден ғылыми проблемаларға көшу үшін кем дегенде екі жағдайды
ескеру:
а ) алға қойылған практикалық міндеттерді шешу үшін – қандай ғылыми
білім қажет екенін анықтау;
ә) ғылымда ондай білім бар, жоғын анықтау – қажет.
Егер ондай білім бар болса, онда оларды іріктеу жүйелеу, қолдану қажет,
яғни, ғылыми проблема теориялық негізде пайда бола қоймайды.
Ғылыми, техникалық танымдағы және оқыту процесіндегі пайда болатын
проблеманы айыру үшін танымдағы проблеманың объектівті маңызы мен оқытудағы
оның объективті мәнін айыру қажет.
Проблема маңызы – дүниенің даму заңдылықтарын ашуға көмектессе, мәні
ғылыми білімді түзуге көмектеседі. Сондықтан, проблеманың мәні – ғылыми
фактілермен олардың теориялық танылуындағы қарама-қайшылықтар және бір
–біріне таласқа түскен ғылыми теориялар.
Мысалы: политехникалық білімнің мобельдігі жөніндегі пікір. Бұл білім
негізінде меңгерілген мамандықта мобильді сипат алады деген тұжырымға алып
келді. Десекте әрбір мамандықтың өзінің сипаты мен мазмұнына байланысты
функционалдық сауаттылықты қажет ететіні мәлім.
Проблеманың әрмен қарай дамуы шешілуі зерттеу нысаны мен пәнін анықтау
болып табылады.
Таным нысаны және пәні бірдей нәрсе деп түсіну дұрыс болмаған болар
еді, өйткені бұл ұғым көп жағдайда бірін бірі алмастырады.
Зерттеу нысаны – алдын-ала берілген, ал, пәні іздеуді нақтылауды қажет
етеді.
Зерттеу нысаны оқу бағдарламасында, оқу процесінде тұжырымдалған,
зерттеу мен пәннің мақсаттарына сәйкес зерттелінетін белгілі бір шындық.
Мұндай объективті облыстар қатарына оқытушының, оқушының практикаьлық іс-
әрекеті немесе олардың ғылыми сферадағы проблемасы боып саналады.
Зерттеу нысаны ұғымын объективті шындық ұғымы деп қарастыруға
болмайды. Таным нысаны ретінде – таным процесінде, қатысты, өзара
байланысы қатынасы, қасиеттері анықталған объектіні түсіну керек.
Таным пәні-ұғымы, таным нысаны-ұғымына қарағанда нақтырақ,өйткені,
бір ғылымның зерттеу нысаны, әртүрлі ғылымның зерттеу пәні болуы мүмкін.
Жеке зерттеу пәні ретінде зерттелініп отырған жұмыстағы, зерттеу
пәнінің элементтері, байланыстары,зерттеу нысанының қатынастары қаперге
алынады.
Зерттеу пәнін анықтау – зерттеу шекарасын белгілеу, зерттеу
перспективасын анықтау және алға тартылып отырған проблемадағы, меілінше,
негізгі деп саналатын байланыстарды алдын - ала жоспарлау, оларды уақытша
даралап және бір жүйеге біріктіру мүмкіндіктерін қарастыру-деп түсіну
қажет.
Таным пәнінде таным құралдары мен методологиясына негізделген,
қорытынды түрінде шоғырланған мәселені шешу бағыттары, маңызды міндеттері,
оларды шешудің мүмкіндіктері қарастырылады.
Зерттеу пәнінен- ғылыми зерттеудің негізгі міндеттері келіп шығады.
Көбнесе, зерттеу міндеттері ретінде шешімін табуға қатысты жеке
міндеттердің 3 немесе 4 бағыты көрсетіледі. Осы себепті, міндеттер
мазмұнына енетін сұрақтардың стандарты болуы мүмкін емес. Десек те,
зенрттеу міндеттерінің алғашқысы болып: зерттелініп жатқан объектің дамуы,
орын алу заңдылықтары, құрылымы, табиғаты және мәнін ашу; екіншісі –
объектің жалпы өзгеріс тәсілжерін ашу , оның моделін жасау; үшіншісі –
нақтылы әдістемелік құралдарға ,педагогикалық ықпал, практикалық нұсқаулар
– табылады..
Зерттеуші, алға қойған міндеттерге байланысты, зерттелінбеген обылысқа
шабуыл жасауы қажет. Ол үшін, нәтежиені алдын – ала біліп отыруы,біршама,
жұмыстың қорытындысын одан шығатын зерттеу логикасы кезеңдерін көз алдына
келтіре алуы қажет. Мұндай, алдын- ала ойластыру формасы болып гипотеза
(болжау, жорамал) табылады.
Болжау – мақұлдаужы немесе теріске шығаруды қажет ететін қандай да бір
процестерге, құбылыстар мен пактілерге түсінік беретін ғылыми жорамал.
Болжам формасы ішінде танымның талқыланбаған заңдар мен принциптер
маңындағы тереңдеп қорытындылауға анықтауға, бағытталған нақтылы қозғалыс
жүзеге асады. Яғни, болжам зерттеу бпайланыстары механизімі туралы,
олардыңішкі заңдылықтары жөнінджегі алдан-ала пікір болып табылады.
Зерттеудің келесі кезеңі – ғылыми жорамалды тексеру, яғни шындыққа
жетудің амалдары мен әдістерін белгілеу.
Зерттеу тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы зерттеу әдістемесін түзеді.
Алынған нәтежиелерге баға беру, жіберілген қателіктердің себептерін
анықтау, т.с.с. , алдын ала теориялық және практикалық тұрғыдан тұжырым
жасауға мүмкіндік береді.
Аталған тұжырым өз кезегінде зерттеу мінднттеріне жауап берерліл
қағида, пікір және нақтылы жауаптарды түзеді.
Практика – кез- келген зерттеу жұмыстарының соңғы мақсаты мен шындық
кретерйі болып табылады.
Айқындалған қағида мен әдістерді ендіру – ғылыми зерттеудің қажетті
элементі болады, онсыз зерттеу жұмысы аяқталынбаған сипат алады.
Ғылыми – педагогикалық зерттеу нәтижесі әдістемелік құрал, әдістемелік
нұсқауларды оқу процесіне ендіру болып саналады.
Жоғарыдағы мәселе, орындалған жұмыстың әдеби тұрғыдан дайындалуын талап
етеді.

Лекция №4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу,
өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу.
Зерттеу жұмысының көкейтестілі: жастарды кәсіби оқытудың жан – жақты
аспектілері 1984 жылғы мектеп реформасы бағытына лайық қарастырылды.Осыған
байланысты бағдарламалар жасалынып жалпы білім беретін мектептерге
ендіріледі.Бұл жағыдай мектепке оқыту мазмұнында бірнеше рет болғандықтан
оқушыларды мамандыққа дайындау біріншіден: бітірушілерді мамандық таңдаудан
жан-жақты ойлануы; екіншіден: алғашқы мамандық разрядына сәйкес келетін
арнайы білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру мәселелері; үшіншіден:
ұлдар мен қыз балардың жеке басының идеялық, өнегелік және азаматтық
сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз етуді талап етеді сонымен қатар,
мұндағы аса маңызды мәселелердің бірі оқушыларда мамандыққа сүйіспеншілікті
дамыту болып табылады.
Соымен мектеп- жұмысшы мамандарды дайындаушы дәстүрлі орта кәсіптік
білім беру (КТУ), орта арнайы білім мекемелері мен (колледж) бір қатарға
тұратын болып отыр. Дегенмен, аталған оқу орындарының кәсіби оқыту мазмұны
түгелімен мектепте оқыту мазмұнына көшіріледі деу әбестік болар еді. Осы
себепті, мектептегі кәсіби оқыту формаларын, әдістермен дидактикалық оқыту
құралдарын дайындау оларды эксперименттік тәжірибеден өткізу; олардың
тиімді жолдарын анықтау маңыздылығы (актуальдылығы)туындап отыр.
Алға қойылған мәселе әлеуметтік тұрғыдан ғылыми техникалық прогрестің
қазіргі даму тенденциясын, техника-техналогияларда, нарық қатынастар
аумағында, информациялық техналогияның пайдалану аумағын, осылардың
негізінде оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнына қойылатын талаптарды анықтауды
алға тартады.
Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа техналогиялардың енуіне сәйкес
кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, оқушылардың 2-3 мамандықты
меңгеруіне қажеттілігі де туындайды. Жоғарыдағы айтылған мәселелердің
маңыздылығы мен практикалық мәнін зерттеу тақырыбын: жалпы білім беретін
мектепте мамандыққа оқытудың педагогикалық негіздері бағытында таңдауды
талап етеді.
Зерттеу нысаны жастардыңмамандыққа дайындығы.
Зерттеу пәні-жалпы білім беретін мектеп оқушыларын мамандыққа
дауындаудың мазмұны, формасы, әдістері және дидактикалық құралдары.
Зерттеу мақсаты оқушыларды мамандыққа оқытуды ғылыми әдістемелік
негіздерін дайындау.
Зерттеудің жұмысшы жорамалы: жалпы білім беретін мектепте кәсіби оқыту
тиімділігі артады, егерде:
- әр түрлі кәсіпке дайындау мазмұнында, ғылымның, жаңа технологияның
талаптары, аимақтық мәселелері ескерілсе;
- оқыту процесінде оқытудың дидактикалық құралы ретінде өндірістік
негізде құрылған техника – технологиялық есептер мен тапсырмалар;
жинақтау процесін ескереді. Жинақтаудың технологиялық схемасын
түсіндіретін графикалық тәсілдер қолданылса ;
- оқушылар еңбегін ұйымдастырудың жетік формалары қарастырылатын болса;
- оқу бағдарламаларында кәсіптік оқытудың біріңғай мазмұны
түзілетінболса:
- оқу тәрбие жұмыстары барысында оқушыларда кәсіби маңызды сапаларды
қалыптастыруда сабақтастық сақталатын болса.
Зерттеу міндеті.
1. өндіріс салаларына ғылым мен жаңа технологиялардың қарқынды енуін,
олардыңкәсіби дайындық мазмұгнына қоятын талаптарын анықтау.
2. оқушыларды кәсіптік баулу мазмұндағы біріңғай кәсіби деңгейі
анықтаушы талаптарды саралау.
3. кәсіби оқыту бағдарламасы мазмұнынтүзу және оны эксперименттік
тексеру.
4. кәсіби оқытудың тиімді дидактикалық құралдарын, формасын, әдістерін
анықтау.
5. кәсіби оқытудың дидактикалық негізін дайындау.
Зерттеу жұмысына әдіснамалық және теориялық негіздері – табиғат,
қоғам,ой дамудың жалпы заңдылықтары; теория мен практмканың диалектикалық
бірлігі туралы; жүйелі – құрылымдық қатынас туралы; философиялық және
психологиялық – педогогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы
дамыту теориясы; дамыта оқыту теориясы.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, ҚР
Конституциясы, қаулы – қарарлары, философтардың, психологтардың,
педагогтардың материалдары; Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік
стандарты; Жоғары педагогикалық оқу орындары, кәсіби оқыту орындары, оқу
жоспарлары, бағдарламалар мен оқу-тәрбие процесі.
Зерттеуәдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен
қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен өндіріс
салаларындағы прогресті анықтау; жұмысшы кадрларды дайындаудың озық
тәжірибелерін зерделеу; байқау, анкета, хронометраж, педагогикалық
эксперемент,.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кәсіби оқытудың ғылыми негіздерін және
мазмұнын түзу; жұмысшы кәсібін меңгерудің тиімді формаларын, әдістерін және
оқытудың дидактикалық құралдарын түзу.
Зерттеудің практикалық маңызы: оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнын
дауындау; кәсіби оқытудың мазмұны, формалары мен әдістемесі - әдістемелік
оқу құралы; оқушылардың кәсіби дайындығының дидактикалық негіздері
монографиясын дайындау.
Зерттеу кезеңдері.
1. кезең – кәсіби оқытудың методологиялық, педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік кезеңдерін ьтеориялық тұрғыдан дайындау;
- кәсіпке оқытудың болашағы жөнінде жарияланған еңбектер бойынша
эмперикалық мәліметтерді жинақтау;
- кәсіпке оқыту бойынша мектепке кәсіби білім беру мектептерінің
тәжірибелеріне талдау жасау;
- кәсіби оқыту бағдарламасын түзу және оны тәжірибеден өткізу (8-9
сынып)
2. кезең - өгдірісте, КТУ, жағдайындағы кәсіпке баулудың әлеуметтік –
педагогикалық және техникалық әдебиеттерімен танысу;
- 10-12 сыныпқа арналған кәсіпке баулу бағдарламасын тәжірибеден
өткізу.
- Бағдарлама мазмұнындағы кәсіби сапалық маңызды саналатын элементтерін
анықтау.
3. кезең – зерттеу нәтижелерін қортындылау, оларға талдау жасау, кәсіби
дайындық мазмұнын арттыру мәселелерін анықтау;
- кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау.
Тақырыптың маңыздылығы-оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінің мүддесіне
әлеуметтік талапқа қаншалықты сәйкес келетіндігін, сонымен бірге
педагогикалық ғылымының даму талабына орай орындалады.
Зерттеу мақсаты-адамның саналы іс-әрекетінің мінез-құлқының бір
бөлігі өзінің әрекетін оны белгілі құралдармен жүзеге асырудың жолын алдын-
ала болжау.
Зерттеу нысанасы-қазіргі дүниежүзілік білім берудің дамуының жайы
және тенденциялары қосқан үлесін біздің ғалымдармен салыстыру.
Зерттеу пәні-мемлекеттің және халықтың және жеке тұлғаның талабына
сай білім беруді жетілдіруді тиімді жолдарын болжау мақсатында білім беру
жүйесін тарихи салыстырмалы және типологиялық зерттеу. Соның негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ƏДІСТЕРІ
Педагогика ғылымының әдістері
Педагогикалық зерттеулердің түрлері
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Педагогикалық зерттеудің мақсаты
Ғылыми педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістемесі мен әдіснамасы пәні бойынша дәрістер
Сабаққа қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары
Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Қазіргі замануи педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдістері
Пәндер