Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

АННОТАЦИЯ . . . 4 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 5

КІРІСПЕ . . . 6

1 Бастауыш мектепте қазақ тілі пәнін оқыту барысында ойын технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері . . . 10

  1. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың психологиялық негіздері . . . 10
  2. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың педагогикалық негіздері . . . 21
  1. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың әдістемелік жүйесі. . . 43Қазақ тілі пәнін ойын технологиясы арқылы меңгертуде қолданылатын әдістер . . . 43Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану жолдары . . . 68 2. 3 Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу . . . 96

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 105

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 107

Аннотация

Диссертациялық жұмыс бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы меңгерту, білімдерін тереңдету, тілін дамыту мәселесіне арналған. Солардың әдістемелік жүйесі ұсынылған.

Жұмысты бастауыш мектеп мұғалімдері, студенттер мен ғылыми ізденушілер пайдалана алады.

Аннотация

В диссертационной работе предлагаются задачи развития речи, усвоение и овладение углубленными знаниями на уроках казахского языка в начальных классах путем применения игровой технологии. Предоставлено методическое использование этой системы.

Работу могут использовать учителя начальных классов, студенты и научные соискатели.

Annotation

The dissertation work is offered tasks with developing speech, mastering of extended knowledge’s at the lessons of Kazakh language in elementary school by method of using of playing technology. It is given methodical using of this system.

This work can be used by teachers of elementary classes, students and scientific applicants.

Нормативтік сілтемелер

Осы магистрлік жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

-Қазақстан Республикасы 2007-жылғы 27-шілдедегі «Білім туралы» заңы;

-Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012-жылғы 23-тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің ( бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

-Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

УЕ-ХҚТУ-015-2014 магистрлік жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

-УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі. Өз алдымызға егеменді мемлекет болғалы білім мен ғылымның, экономиканың барлық салаларында ауқымды да маңызды өзгерістер, ілгері басушылық жүріп жатыр. Еліміздегі білім жүйесі ғаламдық өркениеттің барлық сұранысына сай келетін парасатты білімі мен біліктілігі жан-жақты жетілген, толыққанды мамандар дайындауды талап етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы жолдауында мәңгілік ел болу үшін жас ұрпақтың өз отанын сүйетін, елін, жұртын құрметтеп қастерлейтін білімді де білгір ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке тұлға ретінде қалыптасқан, оны әлемдік өркениет талабына сай дамытатын және кәсіби шыңдалған болып қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау керек екендігі айтылған [1] . Бастауыш мектептегі оқушы іс-әрекетінің айрықша түрлерінің бірі − ойын. Бұл бастауыш мектеп оқушыларының білім мен білік дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы мен мақсатынан айқын көрінеді. Сонымен қатар ойын оқушылардың ой қозғауына түрткі болуға да бағытталады. Ойын мынадай бірнеше қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялығы, игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әр алуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы − балалар үшін ойынның тартымдылығы. Халқымыздың данышпан ақыны Абай Құнанбаевтың: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?»-дегені - бала өмірінде ойынның ерекше орын алатынының дәлелі [2] . Баланың өмірі, дүниетанымы өзін қоршаған ортаға қарай дамып, еңбекке қатынасы мен психологиялық ерекшеліктері ойын нәтижесінде қалыптасады. Олар ойын үстінде өздерін барынша еркін сезінеді. Ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті, түйсіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік-жігері дамиды. Қазіргі кезде ойындарды сабақта мақсатты пайдалану мәселесі белгілі бір деңгейде бастауыш мектеп оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапты. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л. А. Венгер [3], В. В. Давыдов [10], А. Жапбаров [5], Қ. Молдабек [6], Д. Б. Эльконин [7], Д. Рахымбек [8], Р. И. Кенжебекова [9], Б. Нарқұлова [4] зерттеу жұмыстарын арнады.

Бастауыш мектепте қазақ тілін ойын технологиясы арқылы оқытып, оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру - заманауи өмір талабына сай жеке тұлғаны тәрбиелеудің маңызды мәселелерінің бірі. Себебі оқыту үдерісінде орынды да тиімді қолданылған ойындар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады, сол арқылы балаларды тіліміздің сан қырлы қатпарларын игеруге, сөзді, оның мағынасын түсінуіне жағдай жасайды. Сондықтан бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда ойын технологиясын қолдану мемлекет тарапынан білім беру мекемелеріне қойылып отырған талаптардың жүзеге толық асуына игі әсерін тигізеді.

Бастауыш мектеп оқушыларының сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа қызығушылықтарының артуымен тікелей байланысты. Бұған ойындар арқылы қол жеткізуге болады. Ойын барысында баланың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріліп, өз пікірін дәлелдеп, сыныптастарымен еркін пікірлесе алатын болады. Ойын технологиясы оқушыларды тілдік материалдарға қызықтырумен қатар өзге пәндерден алған білімін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Демек, ойын технологиясы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіреді, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелейді. Ойын барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, айналасындағылармен тілдік қатынасқа оңай түседі. Сондықтан қазақ тілі пәнін оқыту барысында ойын технологиясын қолдану - қазақ тілін сапалы оқытудың, меңгертудің ұтымды жолдарының бірі.

Әдіскер-педагог ғалымдар ойындарды оқыту үдерісінде қолдану мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Оқыту үдерісінде ойындарды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері Н. Ахметова [11], Ш. Хайдаров [12], А. Нұрахметова [13], Т. Иманбеков [14], Г. Ляпина [15], Ұ. Төленова [16], Ж. Сардарова [17], Р. И. Кенжебекова [9], Б. Нарқұлова [4] т. б. ғалымдардың еңбектерінде талданған. Дегенмен, бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын тиімді қолдану мәселесі қазіргі таңда ғылыми тұрғыдан айқындалып, өз алдына жеке нысана ретінде зерттелмеген. Сондықтан бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді тұстарын айқындап, сабақта пайдаланылатын ұтымды ойын түрлерін іріктеудің маңызы зор. Мұның барлығы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектепте қазақ тілі пәнін ойын технологиясын қолдану арқылы меңгерту үдерісі.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну, ойындардың түрлерін, өзіндік белгілерін айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • қазақ тілін оқыту үдерісінде ойын технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;
  • қазақ тілін ойын технологиясын қолдану арқылы оқытудың ұтымды жолдарын айқындау;
  • ойындардың түрлерін белгілеу және олардың бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудағы тиімділігін көрсету;
  • қазақ тілін оқытуда ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздылық қабілеттерін арттыру;
  • қазақ тілін ойын технологиясын қолдану арқылы меңгертудегі негізгі әдістерді анықтау;
  • ойын технологиясын қолданудың тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмыста талдау, салыстыру, баяндау, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Оқыту үдерісінде ойын технологиясын қолдану мәселесіне арналған еңбектер салыстырмалы талдау әдісі арқылы зерделеніп, бір жүйеге түсірілді. Қазақ тілінде ойын технологиясын қолдану барысында оқушылардың когнитивті іс-әрекеттері айқындалып, оны дамыту мақсатында тапқырлық, ізденімдік, рөлдік және іскерлік ойын түрлері қолданылады. Эксперимент нәтижелері жинақталып, оның қорытындысын анықтауда лингвостатистикалық әдіс қолданылды.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы:

  • қазақ тілін бастауыш мектеп оқушыларына ойын технологиясы арқылы меңгертудің ғылыми-әдістемелік негізі анықталды;
  • бастауыш мектепте қазақ тілін ойын технологиясы арқылы игертудің әдістемесі ұсынылды;
  • қазақ тілін ойын технологиясын қолдану арқылы оқытудың тиімді әдістері сұрыпталып, ойынның түрлері белгіленді;
  • қазақ тілі сабағында қолданылатын интеллектуалдық, ізденімдік, рөлдік және іскерлік ойындарға қойылатын талаптар нақтыланды;
  • ойын технологиясының оқушылардың ой-өрісін, сөз байлығын дамытудағы, сабаққа қызығушылығын арттырудағы ықпалы көрсетілді, эксперимент жүзінде дәлелденді.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы:

  • Бастауыш мектепте ойын технологиясын пайдалануға қатысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімінің бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады;
  • Қазақ тілін ойын технологиясы арқылы оқытуға қойылатын талаптар мен ұстанымдар бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологияларын дамытады;
  • Зерттеу жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді;
  • Зерттеу жұмысы бастауыш мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады;
  • Іріктеліп алынған ойын түрлері мен оны сабақта қолданудың тиімді жолдарын бастауыш мектеп мұғалімдері сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да пайдалана алады.

Педагогикалық эксперимент тірек ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы М. Әбенова атындағы, №7 С. Ерубаев атындағы, №19 Ғ. Мұратбаев атындағы, №1 А. Байтұрсынов атындағы, №17 Ататүрік атындағы және №7 С. Ерубаев атындағы орта мектептер алынды.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысы Қ. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының мәжілістерінде, әдістемелік семинарларда талқыланды.

  1. Зерттеу жұмысының нәтижелері Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ «Қазақстан - 2030: мемлекеттік болашақта тұрақты даму парадигмасы», атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция «Бастауыш мектепте рольдік ойындарды қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту жолдары» Түркістан, 13 желтоқсан 2012ж //293 б.
  2. Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ «Қазақстан - 2030: мемлекеттік болашақта тұрақты даму парадигмасы», атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция «Білім сапасын бағалаудың үш өлшемді жаңа педагогикалық технологияны пайдалану ерекшелігі» Түркістан, 13 желтоқсан 2012ж //417 б.
  3. ОҚМПИ «Бектаев оқулары-1: Ақпараттандыру-қоғам дамуының болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы ойын технологиясы» Шымкент, 2014ж // 630 б.
  4. «Сырдария» университетінің 15 жылдығына арналған «Қазақстан білім қоғамы жолында: білім жүйесін жаңғырту-білім қоғамының басты бағыты» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен ойын технологиясын меңгерту» Жетісай, 19-20 қазан, 2013ж//423б.
  5. «Қазақстанның ғылыми әлемі» №6 журналы «Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолданудағы ұстанымдар»Шымкент, желтоқсан, 2012ж // 227 б. ЖАК. бекіткен

Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен нәтижелері бойынша барлығы 5- мақала жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

  1. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың психологиялық негіздері

Ойын - балалардың ең негізгі іс-әрекеттерінің бірі. Оның күнделікті өмір тіршілігі ойынға байланысты. Ойынсыз ол өсіп-өркендеп жетілмейді. Бұл - өмір заңдылығы. Демек, ойын дегеніміз - еңбек. Еңбек ету арқылы адамдардың барлық ерекшеліктері дамиды, күнделікті тіршілік барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, ересектер өздеріне тән ерекшеліктерін жұмыс істеу барысында көрсетсе, мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.

Ойын - балалар үшін аса күрделі іс-әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да, үлкендерден үйрену арқылы да алады. Сондықтан сабақтағы ойын технологиясы оқушының білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейтеді. Ойын технологиясының өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Ойын технологиясын қолдану арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алып, психологиялық ерекшеліктері қалыптасады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне, зейініне сай мақсатты түрде ұйымдастырылған ойындар баланың ақыл-ойын өсіріп, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде де сондай болады. Демек, ойын - баланың еңбек етудегі алғашқы қадамы. Осы алғашқы қадам оған қоршаған ортаны танып білуіне, еңбекке қатынасына, психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына себепші болады.

Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеттері оянады. Ойын үстінде күнделікті тіршілігіндей қуанады, ренжиді. Сондықтан, Е. Сағындықов айтқандай, мұғалім сабақты баланы шаттандыратындай, ой-өрісін оятатындай, іскерлігін дамытатындай етіп ұйымдастырып, оқушылардың ой-өрісінің белсенділігін, саналы ойлана білуін дамытуға, жетілдіруге міндетті [18] . Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын, дамытуға, түрлі білім мен білікті, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Олай болса, ойын технологиясын сабақтың қай сәттерінде не мақсатпен қолдануға ерекше назар аудару үшін «Санамақ» ойынын қолдануға болады. Ойын үстінде бала сабақтың тақырыбына сай атау ұйқастарын санау арқылы, біріншіден, сандардың атын атауға үйренсе, екіншіден, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.

Бір дегеніміз − біреу,

Екі дегеніміз − егеу,

Үш дегеніміз − үкі,

Төрт дегеніміз - төсек,

Бес дегеніміз - бесік,

Алты дегеніміз - асық т. б.

Ойын технологиясы өзінің мазмұнына ұлтымызға ғана тән ерекшеліктерді, салт-сананы, дәстүрді, әдіт-ғұрыптарды енгізген, ғасырдан ғасырларға беріліп, бүгінге, біздің өмір сүріп отырған уақытымызға дейін жеткен, өз сабақтастығын одан әрі жалғастырып, ұрпақтарға үлгі-өнеге ретінде беріледі. Себебі халқымыздың ұлттық ойындарының да өзіндік тарихы, даму жолдары, қалыптасу кезеңдері бар. Бұған мысал ретінде «Бес тас», «Асық», «Садақ ату» сияқты т. б. ұлттық ойындардың шамамен алғанда осыдан бес мың жылдай бұрын ойналғанын атауға болады. Бұл ойындар баланың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың тағылымдық дүниетанымын өрістеткен. Мысалы, «Ақсүйек» ойыны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Кестедегі белгісіз сөздердің не сандардың орнына «ақсүйек» тағылады. Кім дұрыс ойланса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады.

Баланың танымдық іс-әрекетін жандандыру мәселесі философ және психолог ғалымдардың еңбектерінде тұлғалық-әрекеттік тәсіл тұрғысынан қарастырылған. Ойынды іс жүзіндегі баланың ой өсірісін дамыту және білімді әрекет арқылы игеру құралы ретінде Р. И. Жуковская [25] зерттесе, А. А. Люблинская ойын әрекетінің мотивациясы теориясын [26], білім беру әдістемесіндегі ойындық әдістерді Фрадкина Ф. М. талдаған [27] .

Ойын теориясы әр алуан тұрғыдан талдау нысаны ретінде Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. А. Люблинская, С. Л. Рубинштейн, О. Б. Эльконин сияқты психологтар мен Р. И. Жуковская, А. И. Пискунов, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский сияқты педагогтардың еңбектері мен зерттеу жұмыстарында әрі қарай дамытыла түсті.

Кейінгі кезде психолог ғалымдар ойынның пайда болуы мен шығу генезисі индивид, яғни жеке адам дамуына тікелей тәуелділіктен, содан пайда болғандығын айтуда. Шындығында ойынның пайда болуы, яғни тууы бала өзін қоршаған шынайы, ақиқат әлемнен сәт сайын түсіп отыратын деректер мен дәйектерді қабылдап, оны шығармашылықпен қайта өңдеп, содан кейін оларды өз санасында бейнелі түрде қайта туындатуды үйренгеннен кейін ғана жүзеге асады. Сол себепті А. Н. Леоньтев ойынның интуитивті акт емес, әлемді бейнелі (образды), нақты сезім арқылы бейнелеп сипаттайтын және дамудың қоғамдық заңдылықтарымен анықталатын мақсатқа бағытталған іс-әрекет екендігін атаған [28, 24] .

Д. Б. Элькониннің айтуынша, адамзат тарихында не ойын, не ойыншықтар болмаған кездер де болған. Ол бірте-бірте адамзаттың балалық шақ кездері секілді тарихи жағдайларда пайда болған. Қоғам дамуының бастапқы баспалдақтарында балалардың өндіруші еңбекке ерте араласқанын, сөйтіп өз бетінше дербес өндіруші ретінде қалыптасқанын алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында өмір сүрген балалардың ерекше қасиеті ретінде көрсетіп, оны балалардың ерте кезеңдегі екендігін айтқан.

Қоғам дамуына орай еңбек құралдарының күрделенуі, аңшылықтан мал шаруашылығына ауысуы сияқты алғашқы қауымдық қоғамдастық-құрылыста қоғамдағы еңбектің жаңа бөлінісі жүрді. Осыған байланысты балалар сол ортаның тепе-тең дәрежелі мүшесі саналғанымен, жауапкершілігі мол еңбек әрекетіне араласпас бұрын балалар өздеріне лайық еңбек құралдарын игеруге тиіс болатын. Осыған байланысты көлемі бойынша кішірейтілген түрдегі еңбек құралдары даярланды да, балалар оларды пайдалануды үйрене бастады. Дегенмен, бұлар балалардың іс-әрекетінің барлығын ойынға айналдыра алмады. Қоғам дамуының нақ осы кезеңінде заттар мен әрекеттестікті бейнелейтін ойындар туындай бастағандығын Д. Б. Эльконин өз зерттеулерінде айтты [29, 129] .

Өндірістік қатынастар мен еңбек құралдарының әрі қарай дамуы балалардың қоғамдағы жағдайларына өз ықпалын тигізді. Ересектер сияқты балалардың қолынан келетін еңбек әрекетінің аясы кеңейе түсті. Осы кезеңде рөлдік ойындар мен балалықтың жаңа кезеңі туындады. Рөлдік ойындар туындауының тарихи кезеңі әр халықтың бір қоғамдық формациядан екіншісіне өтуіне, олардың өмір сүру жағдайларына байланысты әр түрлі. Осыған байланысты балаларда ересектердің еңбек ету тіршілігін суреттейтін ойындар емес, тұрмыс-тіршіліктің олар үшін тыйым салынған жақтарын бейнелейтін ойындар басым болады. Себебі, балалар еңбекке өздері қатысып отырды.

Қоғам дамуының өзгеруіне және оның ілгерілеуіне байланысты балалар іс-әрекеттің көптеген жауапты салаларына араластырылмады. Бұл кезеңдерде түрлі ойыншықтар мен ережелі ойындар туындады. Қоғамның өсіп-өркендеуіне қарай адамдар өмірі өзгерді. Осыған байланысты балалардың ойындары да өзгерді. Ойындар сол кездегі балалардың күнделікті өмірде өздерінің көргендері мен қатысқандарын ғана бейнелей алды.

Д. Б. Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік баспалдақтарды анықтап көрсетті: 1. Заттармен әрекеттестікті бейнелейтін ойындар. 2. Рөлдік ойындар [29, 157] .

Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин сияқты бірқатар ғалымдар ойынды балалардың мектеп жасына дейінгі кезеңдегі іс-әрекетінің, белсенділігінің жетекші түрі деп біледі. Сондықтан іс-әрекет, белсенділік дамуымен байланысты бала психикасында басты өзгерістер жүретін және ішінде баланың дамудың жаңа, жоғары баспалдағына өтуге даярлайтын психологиялық үрдістері дамитын іс-әрекет, белсенділік түрін біздер жетекші іс-әрекет деп атаймыз [24, 423] ; [29, 125] .

Соңғы уақыттарда «ойын» проблемасын биологизаторлық және әлеуметтік тәсілдер тұрғыдан қарау пайда болды.

Биологизаторлық тәсіл табиғатын К. Гросс жүйелі түрде ашып, «жаттығу немесе өзін-өзі тәрбиелеу теориясы» тұрғысынан зерттеді [30] . Ол ойын көмегімен адамзат перзенттері мен жан-жануарлардың балалары өмір сүруде аса қажет туа біткен қабілеттіліктерін дамытатындығын және бекітетіндігін дәлелдеді. К. Гросс ойынды алдын-ала жоспарланбаған тәрбие берудің бастапқы формасы деп санады, бұл тұжырымымен ол тәрбиеші рөлін жеткілікті бағалай алмады [30, 105] . К. Гросс өз зерттеулерінде Кант философиясы мен Вуид теологиясына қарсы шыға отырып, ойынның бастау көздеріне жануарлардағы сияқты тұқым қуалаушылық инстинкттерді жатқызды. Сөйтіп өсу үстіндегі адам дамуы қоғамдық қатынастар дамуынан үзіліп, бөлек қаралды.

Г. Спенсер өзінің «артық күш» теориясында [31] жас тіршілік иелерін өз күштерін қорек табуға жұмсамайды, сондықтан өз бойларындағы артық күштерді ойынға жұмсайды деп болжамдады.

Ж. Пиаженің «екі әлем теориясы» бойынша бала бір мезгілде өз әлемінде және ересектер әлемінде өмір сүреді. Алғашқы әлем-пәктік әлемі, қанағаттандырылмаған қалау-тілектер әлемі, айрықша мүмкіндіктер әлемі болса, екіншісі - қажеттілік әлемі, «шынайылық қағидасы әлемі».

Биологизаторлық тәсілді З. Фрейд де өзінің «психоаналитикалық теориясында» қорғады. Ол бала ойын кезінде өзінің уайым-қайғысын, орындалмай қалған қалау-тілектері мен ынта-құштарлықтарын бейнелейді деп есептейді. З. Фрейдтің пікірі бойынша балалық кезең - үздіксіз жарақаттану кезеңі. Ол бұл соққыларды өз ойында жаңғыртады және оған бірте-бірте әдеттенеді. Сөйтіп З. Фрейд басты бағытын балалардың ризалық сезімінен, рахаттануынан, қанағаттануынан көреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Оқушының шетел тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігін арттыру үшін қатысымдық құзыреттілігі мен шетел тілінде сөйлеу біліктілігін жетілдіріп, шетел тіліндегі материалдарды компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну
Бастауыш сынып математика әдістемесі ғылыми пән ретінде
«12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында «Алгоритм» тақырыбын оқытудың әдістемесі»»
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Педагогикалық процесінің компоненттері Мазмұндағы басымдылық
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz