Қазіргі заманғы педагогикада блім беруді ізгілендіруді теориялық негіздеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Білім беру педагогикасының және категорияларының бірі ретінде
- Білім беруді ізгілендірудің мәні мен мазмұны
ІІ. ТАРАУ. Білім беруді ізгілендіруді жүзеге асырудың жолдары
2. 1. Білім беруді ізгілендірудің өзекті мәселелері
2. 2. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны мен тәрбиелеудің тиімді
жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030 » бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу - тәрбие жүйесі, мұғалім - оқушы арасындағы қарым - қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір факторлардың ықпалын ескерген жөн. Олардың бірі - қоғамдық өндірістің дамуы және оның ғылыми - техникалық негіздерін жетілдіру. Қоғамдық өндірістің үдемелі ғылыми - техникалық деңгейін көтеру жеке адамның және техникалық білім алу сапасына барынша ықпал жасайды, білім беру жүйесін жоғары сатыға көтереді және үнемі дамытуды талап етеді.
Осыған орай, егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін мекемелер желісінің ұлғая түсерікәсіптік - техникалық, арнайы орта және жоғары оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жөніндегі ролі одан әрі арта беруі тиіс.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларға тиісті дайындықпен мектепке оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасына және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата - аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Сонымен білім беру процесінде ізгілікті көзқарасты қоғамдық өзгеріс, даму туындатып отыр. Білімнің ізгілендірілуі білім берудегі жаңа бағыттарды айқындайды: оқушылардың белсенділігін арттыру, білімнің өзі үшін қажеттігін сезіндіру, оқу ісінде демократиялық көзқарастың орын алуы, оқушыны әрекет субъектісі деп тану жіне т. б. Білім беруді ізгілендіру адамның жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған.
Білім беруді жоспарлау халықаралық институтының директоры Ж. Аллак бір кезде былай деген: “Көп елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, білім беру үрдісі күрделілігінің басты себебі тек қаржыда жатқан жоқ, ол ақшаны үйіп-төгіп шеше салуға болмайтын қиындықтарда жатқандығында”. Осы лауазымда оның алдында болған көрнекті американдық зерттеуші, әрі білім қайраткері Ф. Кумбе бұл ойды одан қатаңырақ түйіндей түсті: “Дағдарысты ауыздықтау үшін білім берудің әр жүйесіне ақшаға сатып алуға болмайтын идеялар, батылдық, қайраттылық, іздену мен өзгерістерге ұмтылыс және өз істегеніне өзі сыни баға бере алатын бейімділік керек».
Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы Константин Дмитриевич Ушинский былай деген: “Педагогиканың кең табаны мен өте жіңішке төбесі бар: бастапқы сабақ берудің дидактикасы том-том болуы мүмкін; университетте лекция оқу дидактикасын екі сөзбен айтуға болады: “өз пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір”. Осы бұлтартпас шындықты түсіндіре келіп, Ушинский: “Білім беретін оқушылардың жасы неғұрлым кіші болса, оларды тәрбиелейтін тәрбиешіден соғұрлым көбірек педагогикалық таным талап етіледі. Және бұл талап оқушының жасына байланысты көбеймей, азаяды”.
Білім беруді ізгілендіру процесі білімнің, ғылымның ізгілендіру мәніне, ол адамдарға бағыт, рахат әкеле ме немесе жоқ па деген сұрауларға жауап іздейді. Ол сауалға ізгіліктіліктің құрамындағы қоғамдық бағыттар және оның мазмұнын айқындау арқылы іздейміз.
Білім беруде ізгілендіру мәселесі К. Оразбекова, С. Қалиев, Р. Төлеубекова, А. Бейсенбаева, Қ. Жарықбаев, Н. Дүтбаева, Ж. Сәрсенова, А. А. Қалыбекова және тағы басқалардың зерттеулерінде кездеседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қазіргі заманғы педагогикада блім беруді ізгілендіруді теориялық негіздеу.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- Білім беру педагогикасының және категорияларының мәнін ашу;
- Білім беруді ізгілендірудің мәні мен мазмұнын зерттеу;
- Білім беруді ізгілендірудің өзекті мәселелеріің мәнін ашу;
- Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны мен тәрбиелеудің тиімді
жолдарына сипаттама беру
Зерттеу әдістері :мектеп құжаттары, әңгіме, бақылау, сұхбат, озат педагогикалық бөліміне зерттеу.
І. ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Білім беру педагогикасының және категорияларының бірі ретінде
Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсіну ләзім. Бұл-әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, тұлғалылығы қалыптасады.
Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайтындығы туралы көптеген ғұламалар айтып кеткен. Кімде-кім оған қол жеткізгісі келсе, әрекет етуі, ақыл-парасатын, қарым-қабілетін жұмсауы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда, кез келген білім, ол-өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы, оған деген өзінің сенімдерін қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін көтеруге негіз болады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамсында: «Орта білім беру міндеттерінің бірі-азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу» деп көрсетіледі.
Ел Президентінің 2008 жылғы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай-күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушыларды тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттілігі баса айтылды. [1]
Ізгілендіру - бұл баланың жеке басын сыйлау. Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге бағытталғандығында ғана емес, сол білім мазмұнының шашыраңқы, қазіргі өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып, жетіліп, бейімделіп отыруға қабілетсіз, консервативті, орталықтандырылған, жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он бес жылдың көлемінде мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының моральдық та, материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім сапасына орасан зор зиянын тигізгені белгілі.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз». Міне сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің маңыздылығы мен оның мәнділігіне көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды»-деген еді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалануы, қоғамның демократиялық бағытта дами бастағанын көрсетеді. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттары («Мирас», «Дарын», «Мұрагер» және т. б. ) мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Дәстүрлі бағыттағы мектептерден бөлініп шығып, өз алдына оқытудың формаларын ұйымдастырған жаңа типті мектептер бой көрсетті. Мұндай мектептерді заман талабына сай білім беріп жатқан инновациялық білім мекемелеріне жатқызуға болады. Ал жаңа типті инновациялық мектептердің негізгі мақсаты-жеке тұлғаны толық дамыту және білімдендіру болып табылады. «Инновация»-(лат. тілінен-nouis-жаңа) аударғанда жаңалау, жаңа, өзгеру-деген мағыналарды көрсетеді.
Білім беру - бұл ұғымды ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоции.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми техникалық прогрестің құдіретті факторы болып отыр.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс - әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден оқушы таным міндетін жеке түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады. Оқыту процесі өзінің белгілі құрылысы және компоненттерімен сипатталды. Олар:
- Білім, іскерлік, дағды. Білім - обьективті дүниені бейнелейтін адам баласының жинақталған тәжірибесі. Оқу процесінде табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды, ұғымдарды және заңдылықтарды оқушылардың білуі, яғни жинақталған бай тәжірибені игеруі мұғалімнің басшылығымен іске асырылады. Іскерлік деп алған білімін пайдалана отырып, оқушының саналылықпен орындайтын практикалық ісін айтады. Мысалы іскерлікке есеп шығару, кітаппен жұмыс істеу т. б. жатады. Оқушының бірнеше рет практикалық істі орындау арқылы машықтануын дағды деп атайды. Мысалы, оқушылардың мәнерлеп жылдам оқу дағдысы немесе лабораторияда топырақ құрамындағы қоректі элементтердің тез анықтау дағдысы бірнеше рет қайталанылып орындалатын практикалық жұмыстардың нәтижелері.
2. Мұғалімнің өмірге, ғылымға көзқарасы, қатысы және оқу-шылармен қарым - қатынасы.
3. Оқушылар ұжымы.
4. Оқыту әдісі.
5. Оқытудың дидактикалық және техникалық құралдары.
Сонымен оқыту - оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын және таным қабілетін (зейін, ес, қиял, ойлау т. б. ) дамыту, қалыптастыру процесі.
Мектептің мемлекет алдындағы жауапкершілігі жоғары болуы қажет. Өйткені жас баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастырып, білім нәрінен сусындатар, өзінің дәстүрінен алшақтатпай, туған тілін, салт-дәстүрін қажетті деңгейде үйрету-басты міндет. Осындай мақсат, міндеттерді үнемі ұстанып отырған мектептің жетер жетістігі, бағындырар биігі зор болмақ. [2]
Мектеп-ешуақытта қоғамның, мәдениеттің, ғылым мен білімнің жаңалықтарынан тыс қалып қоймай, үнемі оқушылардың бойына іскерлік пен дағдыларды қалыптастырып, дүниетанымдарының кең болуын қамтамасыз етіп отырғаны жөн. Ал қоғамның жаңалықтарынан алшақтау, дамыған мактептен білім алған оқушының теориялық және практикалық білімдері, ақпараттың дамып отырған уақытында жеткіліксіз болып қала бермек. Міне сондықтан мектептің білім мазмұнын қайтадан қарап, заман талабына сай өзгерту, бүгінгі таңдағы басты мәселеге айналып отыр. «Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады»-деп Елбасы айтқандай, шынында да білім беру бүгінгі таңда үлкен капиталға айналу үстінде. Білім беру капиталға айналған уақытта, оған деген көзқарас өзгеріп, капиталды жинақтау жолдарын қарастыруымыз қажет. Сол үшін де артта қалып бара жатқан мектептерге өкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, олардың материалдық-техникалық базаларын нығайтып, жаңа бағыттағы білім мазмұнын ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі уақытта қоғмдық, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты барлық салада өзгерістердің пайда болуына әкеп соғуда.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл процесс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде меңгеруінің толық көлемде меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып отыр.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр - салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Міне, осыған орай, Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн. Олар:
- жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік, негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның хұқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай - ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
- қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр - салтын оқып - үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының білім алу құқықтары-ның теңдігі. Бұл принципке сай Қазақстан Республикасының әрбір азаматы әлеуметтік және мүлік жағдайына, ұлтына, жынысына, тіліне, ұстайтын дініне қарамастан білім алуға құқы бар.
2. Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызмет-терінің теңдігі. Әр түрлі үлгідегі білім беру мекемелерінің бітірушілеріне қойылатын талаптардың қажетті ең аз деңгейін анықтайтын мемлекеттік стандарттарды республика үкіметі жасап бекітеді.
3. Меншік түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әр түрлі болуы (мемлекеттік, жеке меншіктік және аралас болуы мүмкін) .
4. Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығын қамта-масыз ететін үздіксіздігі. Бұл барлық білім беру саласындағы мекемелерде, әсіресе бастауыш, орталау және орта мектептерде білім берудің сабақтасты-ғын соған байланысты қисындылық бірізділігі мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.
5. Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық және экономикалық бағыты. Ғылымның, техниканың, мәдениеттің жаңа табыстарының негізінде білім беруді ғылыми бағытта үнемі жетілдіру. Білім беру мекемесі заңды ұйым, оның өзіндік мүлік болады, өз атынан мүліктік емес, құқыққа ие болады. Білім беру мекемесі айналадағы табиғи ортаны қорғайды, оның үнемі жақсарып отыруына белсенді көмектеседі.
6. Білім берудің озыңқы дамуы. Халық шаруашылығының барлық салаларының жетілуі білім берудің озыңқы дамуына байланысты. Білім беру ісі неғұрлым ғылым негізінде тиімді ұйымдастырылса, өндіргіш күштердің халықтың материалдық жағдайының дамылсыз өсуіне игі әсер етеді.
7. Білім беру жүйесіндегі басқару демократизмі. Халыққа білім беру ісінің шешуші шарттарының бірі демократиялық жолмен басқару. Демократиялан-дыру-бұл білім беру мекемелердің ведомствалардан, жергілікті мұқтаждық-тардан құтылып, қоғамның және жеке адамның мүддесіне бет бұруы, қоғамдық күштерді білім беру ісін басқаруға қатысуы. Білім беру мекемелері мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім алу жөніндегі тілектерін орындайды.
8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зиялылық сипа-ты. Барлық оқу орындарында және халық арасында оқыту мен тәрбиенің зиялылығын сипаттау, табиғат құбылыстарын, қоғамдық өмірді ғылыми - материалистік көзқарас негізінде түсіндіру, халық мәдениетіне зиян келтіретін ымырашылықпен, жоққа нанушылықпен күресу.
9. Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдан білім берудің тәуелсіздігі. Білім беру ісін басқару мемлекеттік - қоғамдық сипатта болады. Республикалық Білім министрлігі, оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты жүзеге асырады. Барлық білім беру мекемелері ешқандай партияның бірігушілер одағының саяси және идеологиялық ықпалын басшылыққа алмайды. [3]
Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ. Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дəстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сəйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған байланысты тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған білім мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы (знаниево-ориентированное) оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана əлеуметтік құндылық ретінде танылады. Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті- шығармашыл, дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру - жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді. Соңғы кезеңдерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім мазмұнының мəнін айқындауда тұлғалық бағдарлы (личностно-ориентированное) оқу бағыты кең назарға алынуда. Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz