Жаңа заман философиясы туралы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Жаңа Заман философиясы
  2. Локк Джон
  3. Дж. Локк философиясы

Пайдаланған әдебиет

Жаңа Заман философиясы

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде - жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын - капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам - ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек - дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.

Локк Джон

Локк Джон (29. 8. 1632, Рингтон - 28. 10. 1704, Отс) - ағылшын философы. Локк философия тарихында танымның эмпирик. (тәжирибелік) теориясы мен либерализмнің идеялық-саяси негізін жасады. Локктың көзқарастарына П. Гассендидің, Р. Бойль мен И. Ньютонның идеялары ықпал етті. Оның “Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы” (1690) деген еңбегінде философия тарихында алғаш рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Локк философиясында адамның ақылы, зердесі зерттеудің негізгі нысанасына алынды, ақылдың мүмкіндігі, қабілеті қарастырылып, оны пайдалану қажеттілігі айтылды. Р. Декарттың білім “туа пайда болады” деген идеясын сынай отырып, “сезімде жоқ нәрсе ақылда болуы мүмкін емес” деп, эмпирик. таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Сыртқы дүние сезім мүшелері арқылы бізге әсер етіп, білім береді деп санады. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр деген Локк көзқарасы Бэкон философиясынан басталатын эмпирик. бағыттың сара жолы еді. Локк философиясы зердені тек ақылдың деңгейінде, яғни алған білімдерді жинақтайтын қызмет түрінде ғана бейнелейді. Оның ойынша зерде (оны Локк ақыл дейді) - жан қабілетінің ең жоғарғы сатысы. Оның әрбір қадамы білімге әкеліп, белгілі бір жаңалықтар ашып отырады. Мұндай ойлау процесінің қабілеті ақиқатты тауып зерттеуге бағытталады. Локк зерде мен әдістің өзара байланысын ашпақшы болып, олардың өзара ұқсастығын (білім мен пікірдің байланысын) көз алдына елестетеді. Егер ақыл ойлау қабілетінің сатысы ретінде білім алуға жол ашса, әдіс ақыл арқылы идеяларға ие болуға мүмкіндік береді. Локк сыртқы дүние бізге түйсіктер арқылы беріледі деген таным теориясында жаңа, тың пікір айтты. Ол түйсіктерді сыртқы және ішкі деп екіге бөледі. Сыртқы дүние адамның сезім мүшелеріне әсер ететін түйсіктердің сапаларын, ал оның ішкі дүниесіне әсер ететін түйсіктер эмоциясын, сезімін тудырады. Локк түйсіктер идеясын әрі қарай дамытып, солар арқылы келетін сапаларды жан-жақты зерттеп, терең талдайды. Локктың сапаларды бір-бірінен айырып, оның объективті және субъективті жақтарын қарама-қарсы қоюы философия тарихында жаңа ағымның - субъективті философияның пайда болуына әкелді. Локктың пайымға сүйенген философиясы зерделік ойда жіберген қателіктерді айқын көре білді.

Білімнің көзі - тәжірибеде деген эмпирик. көзқарасты дамыта отырып, Локк ешқандай да туа пайда болатын білімдердің болмайтынын анықтады. Ол өзінің шығармаларында адамның қабілеті туа пайда болады деген көзқарасты да негізсіз деп тапты. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары философия тарихында өшпес із қалдырды. Мемлекет, билік және құқық туралы ілімдерінде мемлекетті басқару реформаларын жүргізу идеясын ұсынды. Мемлекеттің міндеті, Локк бойынша, еңбек арқылы алынған бостандық пен меншікті сақтау. Оның пікірі бойынша, билік заң шығарушы, атқарушы және одақтық, федерация болып бөлінеді. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары француз ойшылдарына, жалпы саяси ой-пікірлердің дамуына зор әсер етті.

Дж. Локк философиясы

Дж. Локк (1632-1704) - Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды.

Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл - ойы туралы тәжірибе».

Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:

1. дүние материалды;

2. таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды») ;

3. адамға «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

4. сана - әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa) ;

5. тәжірибе көзі - сыртқы дүние;

6. философия мақсаты - адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;

7. адам идеалы - сабырлы, занды тындайтын және заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен;

8. мемлекет идеялы - биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құралған мемлекет.

Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды.

Джон Локк (1632-1704 ж. ж. ) ағылшын философы, психологі, педагогі. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе»т. б. Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оғанқосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылықалыптасқан деді. Локктың танымтеориясы негізінен үш қағидадан тұрады:

1. адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

2. адамның дүниеге келгенкездегі ақыл-ойыештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.

3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Мұсылман философиясы
Жалғыз философия
Қайта өрлеу философиясы
Жаңа заман философиясы(xvii-xix ғасырлар)
Қазақ философиясының төл тарихы
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz