«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
“БЕКІТЕМІН”
Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі
вице-президент, техн. ғ. д., профессор
С. Тұртабаев
“ ” 2011 ж.
«Биоэкология» пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық аты, шифры: Биология - 050607
Оқу формасы : күндізгі
Курс: ІV
Лекция:
Практикалық
Лектордың аты-жөні: Дайрабаев Рүстем Әбжаппарұлы а-ш. ғ. к., доцент
Тел. және Е-mail:
Сөж қабылдау күндер, уақыты және қабылдау орны:
ТҮРКІСТАН - 2011
Оқу-әдістемелік кешен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі “11” мамыр 2005 жылғы №289 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары, “Магистратура. Негізгі ережелер” ҚР МЖМБС 5. 03. 002-2004 және университеттің жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалған.
Оқу-әдістемелік кешен кафедраның №___ “” 2011 ж. мәжілісінде талқыланды.
Кафедра меңгерушісі б. ғ. к., доцент З. С. Ажибаева
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралды
Хаттама №___, ___. ___ 2011ж.
Оқу-әдістемелік кеңестің төрайымы: б. ғ. к., доцент А. К. Убайдуллаева
1. КІРІСПЕ
Пән туралы қысқаша сипаттама: Биоэкология курсы келешек химия - биология бағыты бойынша мұғалімдер үшін табиғат тану ғылымдарымен танысудың негізгі бір бөлігі. Биоэкология курсы барлық биология, химия және т. б. ғылымдармен тығыз байланысты. Бұның келешек мұғалімдер үшін маңызы зор. Педагогикалық профильдегі биологтар үшін Биоэкология негіздерін оқып білу, мектеп жанындағы тәжірибе участоктарында жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті білімдермен қаруландырады, тәрбиелік мәні бар ғылыми жұмыстарды жүргізу әдістерін үйретеді.
Қазіргі кезде экологиялық мәселелер халықтың әл - ауқатын көтеретін, тұрмыстық жағдайын арттыратын негізі болып отыр. Сол себептен оған байланысты проблемаларды оқып үйренудің маңызы зор.
Бұл бағдарлама студенттерді қазіргі кездегі ғылыми техникалық проггрестың жетістіктер системасына үйретеді. Топырақтану, жер тану, агрохимия, өсімдік шаруашылығы, химия, экономика т. б. ғылымдардың байланысымен таныстырады. Экология негіздерін оқытуда ғылымның маңызын корсетеді.
Қазақстан Республикасында биоресурстардың ерекшелігін үйретеді.
Пәнің мақсаты: педагогикалық профильдегі химия - биология мамандығы бойынша студенттерді теориялық және практикалық білу білім беру, экологиялық мәселелермен таныстыру, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.
Пәннің міндеттері: педагогикалық профильдегі биологтар үшін биоэкология негіздерін оқып - білу, мектеп жанындағы тәжірибе участоктарында жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті білімдермен қаруландыру, тәрбиелік мәні бар ғылыми жұмыстарды жүргізу әдістерін үйретеді.
Пререквизиттер: Пәнді оқыту үшін студенттер келесі курстарды меңгеруі қажет:
- География
- Геология
- Жалпы биология
- Химия
- Ботаника
Постреквизиттер: Пәнді меңгеру нәтижесінде алған білім:
- Агроэкология
- Биохимия
- Геоэкология
2. Курстың құрылымы:
3. ОҚУЛЫҚТАР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ.
Негізгі :
- Бродский А. К. "Краткий курс общей экологии" М. 1996
- Оспанова Г. С. Босшотаева 1 . Г. "Экология" Алматы 2003г
- Вронский А. В. " Прикладная экология) Феникс 1996г.
- Воронков Н. А. " Экология общая, прикладная социальная" М. 1999г
- Ж. Жатканбаев " Экология негіздері"
- Сагынбаев Ф. "Экология негіздсрі " Алматы 1995ж.
- Ақбасова А. Ж. Саина "Экология"
8. Саданов А. К. Сванбаева З. К. "Экология" Алматы 1999
- Бейсенова А. С. Шилдебаена Ж. Б. "экология" Алматы 2001
- Радионова И. А. "Глобальные проблемы человечества"
- Сытник К. М. и др. " Биосфера, экология, охрана природы.
- Баешов А. И др. "Экология негіздері" Түркістан 2000ж
Қосымша:
- Одум Ю. М. "Экология" II томах М. 1986
- Реймерс Н. ф. "Природопользование" М. 1990
- Экологический энциклопедический словарь" Издат. "Ноосфера" 1999
- Соколова В. Е. "Заповедники СреднейАзии и Казахстана" 1990
5. Арский Ю. М. и др. "Экологические проблемы. Кто виновать и что делать? М 1998 о. Фурсов В. И. ' Экологические проблемы окружающей среды. М. 1991
4. БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ:
- 1-ші аралық бақылау, 7 апта
- 2-ші аралық бақылау, 14 апта
- Емтихан, жазғы сессия кезінде
5. Студенттердің білімін бағалау ережесі
Университетте кредиттік оқу жүйесіне өткен академиялық топтарда студенттің білімі мен біліктілігін бақылау рейтингтік жүйеде іске асырылады. Максималды рейтинг 100 балды құрайды. Рейтинг балы екі бөліктен құралады: бірінші бөлігі 60 балды құрайды. Ол студенттің күнделікті бақылау және СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балдарының қосындысынан, екінші 40 балл, ол емтихан балынан құралады.
Бірінші рейтингтік бағаны қою кезінде студенттің күнделікті аудиториялық сабаққа қатысу белсенділігі, студенттің ғылыми жұмыстағы жетістіктері, студенттің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы, студенттің өзіндік жұмысы бойынша жинаған ұпайлары ескеріледі, бірақ сабаққа қатыспағаны үшін жинаған жалпы балл мөлшерінен 1 баллдан кемиді.
Студенттердің білімі, білгірлігі және дағдылары келесі жүйемен бағаланады
6. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
Сізге курста өтілетін материалдар қысқаша түрде алдын ала таратылып берілетіндіктен, ары қарай өз бетіңізше әдебиеттер арқылы немесе оқытушы басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы сабақтары кезінде толықтыруыңызға мүмкіндігіңіз бар. Алған біліміңізді тексеру үшін сізден курс барысын бақылау жұмысы, аралық тесттер, реферат, студенттің өзіндік жұмысы және емтихан алынады.
Сабақ баллдық жүйемен бағаланатындықтан тақырыптық тесттер, үй тапсырмалары, күнделікті сабаққа белсенді қатысу мен ғылыми конференцияларға қатысу арқылы балл жинауға болады.
Курс бойынша 2 аралық бақылау, тесттер мен коллоквиумдар өткізіледі. Әр бір тапсырма өз уақытысында тапсырылуы қажет. Егер тапсырмалар дер кезінде тапсырылмаса балл төмендетіледі. Қорытындылау негізінде емтихан алынады.
Сонымен бірге сабақтан себепсіз қалу, кешігу, сабақта тыныштықты сақтамау, телефонмен сөйлесу, сабақта басқа нәрсемен айналысу сіздің баллдық қорыңызға кері әсерін тудырады, яғни айып балдары алынып тасталынады.
1 Тақырып
Экологияның ғылымдағы орны, міндеттері мен келешегі.
Тірі организмдер белгілі бір жерде қоныстанып өмір сүреді сонымен қатар қоршаған орта мен және өзара байланыстар жасайды.
Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар XX ғасырдың алғашқы жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген ұғым пайда болды.
Табиғатымыздың күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласы. соңғы жылдары экология деп аталып жүр. Ол гректің "Оісоs" - үй, мекен, тұрғын жер және "logos"- білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзден кұралған. Экология - барлық тірі организмдерді, олардың тұратын "мекен - жайын" және сол "үйді" тұруға қолайлы ету үшін атқаратын міндетті зерттейді.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 ж. қалыптасты. Алғаш рет экология деген терминді 1869 жылы бедгілі табигат зерттеушісі, неміс биологі Э. Геккель ұсынган. Біздің планетамызда өмір суруге қолайлы орта онша көп емес. Ауаның, судың және топырақтың жұқа қабатында ғана тіршілік бар. Тірі организмдер өмір сүретін ортаны биосфера деп атауды 1875 жылы австрияның ғалымы Э. Зюсс ұсынған болатын. Профессор А. Баешов экологияга мындай анықтама берді:
Экология - биосферадағы тепе тендікті жан-жақты қарастыратын, оның бұзылуының себептерін болжайтын және анықтайтын, сонымен қатар тепетеңдіктен аутқудың, қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы. Экологияның зерттейтін негізгі аймақтарға байланысты ол үш бөлімге жіктеледі:
- Аутоэкология.
- Синэкология.
- Адамдар экологиясы.
Экологияның тематикасы көбінесе биологиялық салалар мен тоғысып жатады.
Биология ғылымдарының құрылымын "қатпарлы самса" түрінде бейнелесек (I-сурет) оны екі түрлі әдіспен "бөлшектеуге" болар еді: көлденеңінен тілсек, морфология, физиология, генетика, цитология т. б. тіршіліктің негізгі касиеітерін зерттейтін іргелі "функционалды" ғылымдар шығады. Тігінен бөлген жағдайда онда ағзалардың табиғи топтарын зерттеумен шуғылданатын таксиомялық ғылымдар анықталады. (ботаника, микробиология, зоология) .
Экология-биологияның фундаменталды іргелі ғылым бөліктері қабарына жатады және әрбір таксиомиялық бөлімінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Біз осімдіктер, жануарлар, микроағзалар экология туралы айта аламыз, ал осы бөлімдердің нақты элементтерін қарастырсақ, құстар, балықтар буылтық декелінер экйлогиясы туралы да сөз қозғаймыз.
Соңғы кезде биологиядан аулы алыс мамандықтар экологияға болды. Қазірдің өзінде жаңа ғылыми бағыттар пайда болды : инженерлік экология, қала құрылысы экология, сәулет экологиясы. видео экология, медициналық экология т. б.
Сондықтан экологияны жаратылыстану саласындағы ғылым немесе биологияның бір тарауы деп қарау дұрыс емес. Әлеуметтік - экономикалық проблемаларды зерттейтін болғандықтан оны қоғамдық ғылымдар саласына жатқызуға тиіс. Экология зерттейтін проблемалар өте күрделі әрі көп сырлы:
1. Тірі организмдеряін ортаға бейімделудің экологиялық механизмдерді аныктау.
- Популяцияның саның реттеу.
- Ландшафты сауықтыру.
- Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру.
- Калалардан шықкан органикалық қоқысты пайдаға асыру.
- "Кәсіпшіліктен", тегін "терушіліктен" интенсивті шаруашылықка көшү.
- Биосфераңың эталондық бөліктерін сақтап қалу. korıktar, sayabaktar t. b.
2 Такырып
Экологиялық факторлар ұғымы және оның негізгі топтасулары.
Экологияда жағдайлар ұғымы фактор ұғымына алмастырылған.
Экологиялық тұрғыдан орта дегеніміз - табиғи денелер, тау-тас, орман-көл, өзен-мұхит және жаратылыста орын алатын кұбылыстар . Тіршілік иелерін қоршаған орта, сан қилы құбылыстар мен әр түрлі элементтерден тұратын, уақыт және кеңістік бойынша үнемі өзгерісте болып ықпал ететін факторлардан құралады.
• Экологиялық фактор - тірі организмнің кез келген даму сатысының бірінде, тікелей н/е жанама түрінде ықпал жасайтын орта әсері.
1. Мысалы, су қоймасының терендігін гіемесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен
биіктігін, экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі терендік суды
мекендеуші организмдерге тікелей емес, кысымның артыуы. жарықталудың кемуі,
температураның төмендігі арқылы әсер етеді.
Шын мәнінде температура, жарықталу, атмосфералық қысым, қышқылдық, тұздылық т. б.
тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді.
Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қай түрде болмасын оларды экологиялык тұрғыдан салыстыруға болады, өйткені олар әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді. (і-сурет) .
Төзімділік шектері
қалыпты тіршілік ету аймағы
Осы тәуелділікті талдау оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді.
Фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік етуі осы жағдайлар туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады, ал фактор мәні шкаласындағы тиісті аумак оптимум деп аталады.
Фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғурлым көбірек болса кез келген организмдердің тіршілік жағдайы солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты калыпты тіршілік ету және жүдеу аймағы ажыратылады.
Организмдер тіршілік сте алатын аралығы төзімделік шектері деп аталады.
Барлық тірі оріанизмдер тіршілік барысында экологиялық ең аз шама (минимум) және экологиялык ең көп шама (максимум) аралығында өмір сүреді. Американдық ғалым В. Шелфорд осы тәуелділікті анықтап шектеуші (лимитирующий) фактордың артық не кем мөлшерде болуы дары орғанизмдердің өсуіне, көбеюіне кері әсер ететінін дәлелдеді. Осыған сәйкес 1913ж. қабылданған ереже "Толеранттық шек" заңы деп атауына ие болды.
- Күн көзінің сәулесі.
- Жарықтық режим.
- Ауа ылғалдылығы.
- Ауаның температурасы.
- Атмосфералык. қысым.
- Ауа қозғалысы (жел) .
- Атмосфераның газдық құрамы.
- Атмосфералык осадкілер.
3 тақырып
Биотикалық факторлардың кологиялык ролі.
Экологиялық факторларды негізгі және дәстүрлі жолмен 3 топқа бөледі:
- Абиотикалык
- Биотикалық
- Антропогендік
1) Абиотикалық факторлар - организмдерге тікелей немесе жанама ықпал жасайтын жансыз бейорганикалық компоненттері мен кұбылыстар.
Олардың ішінде басты роль ойнайтын:
А) Климаттық факторлар (жылу, жарық, температура, ылғал, ауа ағыны, қысым, атмосфералық осадкілер) .
Б) Эдафикалык факторлар (эдафос - топырақ) механикалық кұрамы, кұрылымы, ауа өткізгіштігі, тығыздылығы.
В) Гидрографиялык факторлар (оттегі мөлшері, тазалығы, тығыздылыгы, жылуды тарату қабілеттілігі, капилярлық қасиеті, т. б. )
Г) Химиялық - ауның газдык құрамы, судың тұздылығы, қышқылдығы, топырак бойындағы ертінді құрамы, т. б.
- Биотикалық факторлар - қоректену факторлары және тірі организмдердің өзара әсерлесуінің әртүрлі формалары жатады (жыртқыштык., бәсекелестік, паразитизм, мутализм, комменсализм, симбиоз т. б. )
- Айтропогендік факторлар-адамзаттың түрлі іс - әрекетіне байланысты жағдайлар.
Экологиялық факторлардың жоғарыда аталғандардан баска орта факторлардыц әсеріне организм реакциясыи бейімделгіштік дәрежесін бағалауға негізделген классификация да бар. Оны отандас ғалым А. С. Мончадский ұсынды. Ол барлық экологиялық факторларды үш топка жіктеді:
- Бастапқы периодты факторлар-(темкература, жарық, мұхит пен теңіздің толысу мен қайтуы, жылмезгілдерінің, және маусымдардың аусуы құбылыстар жатады.
- Туындаушы периодты факторлар қашан болсада бастапқы периодты факторлардың өзгеруіне тәуелді болады. Сол үшін оларға туыидаушы деп ат қойды, ылғалдылық атмосфералық осадкілер, суда еріген газ кұрамы, өсімдік жамылғысының дамуы дәрежесі, атмосфералық қысым, т. б.
- Периодсыз факторлар организмнің тіршілік мекенінде калыпты жағдайда ушыраспайды, олар кенеттен білінеді сол себептен организмдер оған бейімделіп үлгермейді. Бұл топка кенеттен соққан дауылдар, өрттер, жанартаулардың атқындылары, жер сілкіністер т. б. стихиялық кұбылыстар жатады.
Барлық экологиялық факторларды синтетикалык, жүйе түрінде жинақтайды :
Биотикалық факторларга организмдер арасындағы өзара арақатынастар жатады.
Гомотиптік реакция дегеніміз бір түрге жататын дара організмдердің арасындағы қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бұл төңіректе топ және масса эффектісі ажыратылады.
Топ эффектісі - бір түрге жататын дара организмдердің сезім мүшелері арқылы бір бірімен топтасуы қабілеттілігі. Бұл қасиет топ құрамындағы дара организмдердің тығыздылығына, даму мен кобеюіне жағымды ықпал етеді.
Масса эффектісі - керісінше бір түр особтерінің бір бірімен топтасу қабілеттігі сезім мүшелеріне байланысты емес. Бұл қасиет жануарлардың көбею қабілетіне, өсу жылдамдығына, тіршілік ету ұзақтығына жағымсыз ықпал етеді.
Гетеротиптік реакциялар дегеніміз әр түрлі түрлерге жататын дара организмдер арасындағы озара әрекеітесулер болып табылады. Егер екі популяцияның мүшесі бір-біріне жағымсыз әсер ететін болса, онда олардың арасындағы катынастар бәсекелестік сипатта болады. Егер екі популяция бір-біріне ықпал етпесе онда нейтрализм орын алады.
Екі жакқа бірдей пайда әкелетін қарым - қатынастар мутализмге жатқызылады. Егер екі популяция бір бірінсіз өмір сүре алмайтын болса бұндай қатынасты симбиоз дейді.
Комменсализм жағдайда бір популяция мүшесі бірлесіп тіршілік етуден пайда табады, ал екінші түрдің популяциясы ешқандай пайда көрмейді. Түр ішіндегі бәсекелестік түраралық бәсекелестікке карағанда катандау, дегенмен бәсекелестік ережесі-соңғысынада қолданылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz