Дәрігер тұлғасы



Кіріспе
1.Дәрігер тұлғасы. Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар. 2.Дәрігердің коммуникациялық компетенттілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Дәрігер мамандығы - ең көне кәсіптердің бірі. Мындаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әртұрлі сезімдер тудырған. Ол сезімдердің қайшылығы, орта ғасырларда дәрігергё берілген анықтамадан бейнеледі: дәрігер - tristones(үш жүзді).Яғни, халықтың ойы бойынша, дәрігер үш жүзді болған: кәдімгі өмір жағдайында - әдепті адам, науқастың жанында - періштедей, ал гонорарды талап еткенде - шайтандай. Материалдық қүндылықтар жүрген жерде, бақылау да жүретіні анық. Сондықтан, қоғам әрқашан да медициналық әрекетті бақылауға алып үнемі қадағалап отырған.
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің саналуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кейде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
1. Куницына В.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.М. Межличностное общение. Учебник для вузов. СПб. Питер, 2001 г.
2. Карвасарский Б.Д. Клиническая психология. Национальная медицинская библиотека. Питер, 2004.
3. Соложенкин В.В. Психологические аспекты врачебной деятельности. М., 1997.
4. Рогов Е.И. Психология общения. Гуманитарный издательский центр «Владос», М., 2004.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1.Дәрігер тұлғасы. Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.
2.Дәрігердің коммуникациялық компетенттілігін төмендететін психологиялық
ерекшеліктер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дәрігер мамандығы - ең көне кәсіптердің бірі. Мындаған жылдар бойы
дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әртұрлі
сезімдер тудырған. Ол сезімдердің қайшылығы, орта ғасырларда дәрігергё
берілген анықтамадан бейнеледі: дәрігер - tristones(үш жүзді).Яғни,
халықтың ойы бойынша, дәрігер үш жүзді болған: кәдімгі өмір жағдайында -
әдепті адам, науқастың жанында - періштедей, ал гонорарды талап еткенде -
шайтандай. Материалдық қүндылықтар жүрген жерде, бақылау да жүретіні анық.
Сондықтан, қоғам әрқашан да медициналық әрекетті бақылауға алып үнемі
қадағалап отырған.
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің саналуан
сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен
бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кейде адам мінез-
құлығын зерттеу деп те анықталады.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас.
Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін
емес. Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-
қатынасы деп А.Линкольн айтпақшы, әрбір есі кіріп, етек жапқан адам
белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір
ісімен қарым-қатынаста болады.
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу,
көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару – ол әр дәрігердің
міндеті болып табылу керек. Дәрігердің әдептілігі мен сыпайылығы науқастың
мінезіне, мәдени деңгейіне, сырқатының ауыр не жеңілдігіне, психикасының
ерекшеліктеріне орай көрінуі тиіс. Уайымшыл науқастарға тап болғанда
дәрігер шыдамдылық танытуы тиіс. Науқастың сеніміне ие болу, байқаусызда
айтылған сөзбен не іс-әрекетпен сол сенімді үзіп алмау – дәрігердің маңызды
міндеттерінің бірі болып табылады.
Дәрігерлердің өзара қарым-қатынасының деонтологиялық қағидаларын қатаң
сақтау, ұжым өміріне, оның күнделікті және келешекте табысқа жетуіне
маңызды роль атқарады. Дәрігерлер арасындағы қарым-қатынас құрметке,
жанашырлық пен өзара түсіністікке негізделуі тиіс. Әріптестің сәтсіздігін
түсініп, көңілін жұбату керек, әсіресе ол кәсіби сәтсіздікке ұшыраған
немесе қарауындағы науқас күйзелген кезде, қолдау көрсетудің ұжымдағы
ұйымшылдық пен өзара көмек алудың негізі болады.

Қазіргі таңдағы дәрігердің келбеті
Дәрігердің сыпайылығы - дәрігерге ең басты және қажетті қасиеттердің бірі
болып табылады. Медицина өте көп жетістіктерге жеткені сөзсіз. Бірақ,
қазіргі таңда біздің білетіндерімізбен салыс-тырғанда, білмейтіндеріміз
көп; біз науқасқа толығымен көмек бере алатынымызбен салыстырғанда,
толығымен көмек бере алмайтынымыз басым, алайда біз үнемі білімге
ұмтыламыз. Дәрігердің өмірі ешқашан аяқталмайтын өмірлік университет.
Дәрігердің оптимистік қасиеті науқасқа көмек көрсету мақсатында терең
білімге, ақылға сүйенген, тәжірибесіне негізделген, саналы болуы тиіс. Бұл
дәрігердің бейнесіндегі сыпайылықты көрсетеді. Кез-келген дәрігердің
адамгершілік қасиеті сыпайылықтың көлең-кесінде қалмауы тиіс, ол өзін-өзі
жария етуді қажет етпейді. Қиын жағдайларда дандайсуды, орынсыз
батырсынуды, дәлелденбеген сенімділіктің көрінісі беткей білімнің,
жеткіліксізділіктерді жасыру мақсатында жасалған екіжүзділіктің белгісі.
Дәрігердің шынайылығы басты қасиеттердің бірі болып табылады. Дәрігер
қызметінің ауыр міндеттерінің бірі болып, науқасқа, оның жақындарына, тіпті
кейде науқастың өмірі жөнінде қайғылы шешімдерді айту саналады. Әрқашан
дәрігер науқасқа бар шындықты айтуға міндетті емес. Бірақ, дәрігерге өтірік
айтуға тыйым салынған. Дәрігер кез-келген жағдайда, әсіресе науқас аса
толқумен дәрігердің шешімін күткен уақытта өтірік айтуға қүқықсыз. Алайда,
шындықты айту барысында дәрігер нау-қас психикасына жанашарлықпен қарауы
тиіс. Болмысын елестей емес, шынайы көріп, қабылдау. Ақиқатқа қызмет
ету... Адамгер-шілікті болу дегенді әрбір өз отанын сүйетін дәрігер,
азамат жүрегінде ұстауы тиіс деп, - Н.И.Пирогов айтқан болатын.
Әділеттілік - дәрігердің ең басты рақымшылдылығы. Әділет-тілік
дәрігердің барлық әрекетін, арманын, сенімділігін, ойын қам-тиды.
Цицеронның айтуы бойынша ең басты екі әділетгілік болып Ешкімге зияндық
жасамау және қоғамға пайда әкелу табылады.
Дәрігер қалауы - дәрігердің өмірлік идеалы. Дәрігер қиналып жатқан науқасқа
денсаулық, қуаныш сыйлайды. Бұл - дәрігерге жандүниелік, медициналық басты
стимул береді, нәтижесінде дәрігер өзінде күш тауып, мүмкін еместі шындыққа
айналдырып, емдеуге келмейтін сырқаттарды емдейді.
Дәрігердің адалдығы өз мамандығының айналасын ғана қамтитын болса,
біржақты болып қалатын еді. Кең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық қызметкерлердің психологиялық қасиеттер
НАУҚАС ТҰЛҒАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР НАУҚАСТАРМЕН ҚАТЫНАСУ
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау
Науқастың психологиясы
Кәсіби деформация
Шәкен Аймановтың өмірбаяны
Коммуникативтік дағдылар түсінігін анықтау
Дәрігер парызы
«Екінші шет тілінің тәжірибелік курсы» пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Психологтардың іс-әрекетінің кәсіби-әдептік қағидалары
Пәндер