Басты сот талқылауын тағайындау сатысын жүзеге асыру нысандары



1.Істің аталған соттың қаралуына жататындығы туралы.
2. Басты сот талқылауын тағайындау үшін анықтау
3. Айыптау қорытындысының не айыптау хаттамасының көшірмесі берілді ме?
Қылмыстық іс жүргізу бойынша орын алған қылмыстық әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу сатысында тергеу кезінде тергеліп, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, айыпталушыға қатысты заң бойынша дәлелдемелерді жинастыра келе айыптау қорытындысымен қорытындылай отырып істі сотқа жібереді. Қылмыстық істі басты сот талқылауында қарастыру үшін сотқа келіп түскен қылмыстық істі басты сот талқылауын тағайындау сатысында зерттеудің, қарастырудың жолы әр түрлі. Сол жолдар арқылы басты сот талқылауын тағайындау сатысының нысандарын айқындауға болады.
Кейбір судьялар іспен танысуды айыптау қорытындысынан бастап, қылмыстық іс бойынша жалпы мағлұмат алып, істің өзге де құжаттарымен танысады. Басқа судьялар қылмыстық істі алдымен қылмыстық істі қозғау қаулысынан бастап, іс бойынша тіркелген құжаттарды ретімен қарастырып шығады. Енді басқа біреулері ең алдымен айыпталушы ретінде қылмысты жауаптылыққа тарту туралы қаулымен танысып оны айыптау қорытындысымен салыстырғаннан кейін, іс құжаттарын ретімен қарастыра бастайды. Сот тәжірбиесі және жеке бақылау мұндай тәсілдің толыққанды екенін көрсетеді. Бұл соттың бірден тағайындалған айыптың көлемі мен дәлелдемелерді анықтауға, қылмыстық істің өзгеде құжаттарын меңгеруді жеңілдететін және алдын ала тергеу құжаттары бойынша айыптау қорытындысының негізділігін тексеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, алдын ала тергеу кезіндегі кедергілерді жоюға және дәлелдемелерде кездесетін қарама-қайшылықтарға көңіл аударуға мүмкіншілік береді.
Қылмыстық іспен танысудың қандай жолын таңдағанына қарамастан, сот істің әрбір парағын, әрбір құжатын оқып, танысуы керек. Сонымен қоса, сотпен зерттелінетін істің барлық мән-жайларын анықтау маңызды. Бұл үшін қажет болса, арнаулы әдебиетке, техникалық құралдарға, нормативтік актілерге, инструкцияларға, басты сот талқылауында шешілетін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысына жүгіну қажет.
1. С.С. Молдабаев. Производство в суде первой инстанции. Алматы, 2006.-360 стр.
2. Н.А. Абдиканов. Организация главного судебного разбирательства по уголовным делам в РК. «ТОО Баспа». Алматы, 2001.- 184 стр.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі.
4. Верховный суд РК О возвращении судами уголовных дел для дополнительного расследования: Нормативное постановление от 13 декабря 2001 года № 19// Сборник постановлений Пленума Верховного Суда РК (1961-2003 гг.).- Алматы: Изд-во «Норма - К», 2004.- С.327-329.
5. Рустамов Х.Ц. Уголовный процесс. Формы: Учеб. Пособие для вузов. – М.: Закон и право, ЮНИТИ, 1998. -38с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Басты сот талқылауын тағайындау сатысын
жүзеге асыру нысандары

И.С. Амреева
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Қылмыстық іс жүргізу бойынша орын алған қылмыстық әрекетке
қатысты қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу сатысында тергеу кезінде
тергеліп, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, айыпталушыға қатысты заң
бойынша дәлелдемелерді жинастыра келе айыптау қорытындысымен қорытындылай
отырып істі сотқа жібереді. Қылмыстық істі басты сот талқылауында қарастыру
үшін сотқа келіп түскен қылмыстық істі басты сот талқылауын тағайындау
сатысында зерттеудің, қарастырудың жолы әр түрлі. Сол жолдар арқылы басты
сот талқылауын тағайындау сатысының нысандарын айқындауға болады.
Кейбір судьялар іспен танысуды айыптау қорытындысынан бастап,
қылмыстық іс бойынша жалпы мағлұмат алып, істің өзге де құжаттарымен
танысады. Басқа судьялар қылмыстық істі алдымен қылмыстық істі қозғау
қаулысынан бастап, іс бойынша тіркелген құжаттарды ретімен қарастырып
шығады. Енді басқа біреулері ең алдымен айыпталушы ретінде қылмысты
жауаптылыққа тарту туралы қаулымен танысып оны айыптау қорытындысымен
салыстырғаннан кейін, іс құжаттарын ретімен қарастыра бастайды. Сот
тәжірбиесі және жеке бақылау мұндай тәсілдің толыққанды екенін көрсетеді.
Бұл соттың бірден тағайындалған айыптың көлемі мен дәлелдемелерді
анықтауға, қылмыстық істің өзгеде құжаттарын меңгеруді жеңілдететін және
алдын ала тергеу құжаттары бойынша айыптау қорытындысының негізділігін
тексеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, алдын ала тергеу кезіндегі кедергілерді жоюға және
дәлелдемелерде кездесетін қарама-қайшылықтарға көңіл аударуға мүмкіншілік
береді.
Қылмыстық іспен танысудың қандай жолын таңдағанына қарамастан,
сот істің әрбір парағын, әрбір құжатын оқып, танысуы керек. Сонымен қоса,
сотпен зерттелінетін істің барлық мән-жайларын анықтау маңызды. Бұл үшін
қажет болса, арнаулы әдебиетке, техникалық құралдарға, нормативтік
актілерге, инструкцияларға, басты сот талқылауында шешілетін сұрақтар
бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысына жүгіну қажет.
Сонымен, істі мәні бойынша дұрыс шешілген, заңды және негізді
соттың шешімінің міндетті шарты болып басты сот талқылауын тағайындау
сатысында істі толық зерттеп қарастыру болып табылады [1, 5]. Басты сот
талқылау сатысының жүзеге асырылуы сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша
басты сот талқылауын тағайындау сатысының жүзеге асырылуымен тікелей
байланысты. Нақты сот талқылауының жүргізілуі не өтуі осы сатыға қатысты
жүргізілуіге тиісті заң бойынша негізделінген тәртіпке сай дайындық
әрекеттеріне байланысты болып келеді. Басты сот талқылауын тағайындау
сатысының жүзеге асырылуы осы сатының алдында тұрған, заңда аталынған,
анықталуғы тиісті сұрақтардың шешілуімен байланысты. Себебі, жоғарыда
көрсетілгендей басты сот талқылауын тағайындаудың міндеттері осы сатыда
шешілуге тиісті сұрақтарды шешу арқылы орындауға болады. Заңгер Н.А.
Абдикановтың пікірінше: басты сот талқылауын тағайындау сатысында сотқа
келіп түскен қылмыстық іс бойынша судья қылмыстық іс жүргізу теориясына
және практикасына сәйкес сұрақтардың негізгі екі тобын шешеді. Бірінші
топқа соттың Істі басты сот талқылауында қарастыру үшін негіздердің бар-
жоқтығын анықтауға байланысты басты сот талқылауын тағайындау кезіндегі
шешілетін сұрақтар жатады [2, 12]. Нақтырақ айтатын болсақ: фактілі не
заңды деректердің бар-жоқтығы туралы; қылмыстық процеске қатысушы
тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша заң талаптарының сақталынуы
туралы; істі сотта қарауға кедергі болатын өзге де негіздердің жоқтығы
туралы. Бұл сұрақтар заңда көрсетілген бірізділікке сай әр бір сотталушыға
қатысты анықталуға тиіс. Сотпен басты сот талқылауын тағайындау мүмкіндігін
туралы ұйғарылғанда, ол екінші топтағы сұрақтар, істі басты сот
талқылауында қарастыру үшін дайындық әрекеттерімен байланысты сұрақтарды
шешумен айналысады. Бірінші топ сұрақтарының мазмұнына келетін болсақ, істі
басты сот талқылауында қарастырудың негіздердің барлығына байланысты басты
сот талқылауын тағайындау кезіндегі шешілуге тиісті сұрақтар болып
табылады.
1.Істің аталған соттың қаралуына жататындығы туралы.
Бұл сұрақ қылмыстық іс жүргізу заңына сай қылмыстық істің
соттылығын анықтау бойынша судьямен шешіледі (ҚР ҚІЖК 290-298 баптар) [3].
Егер, істі қарау басқа соттың құзырына жататыны анықталса, онда судья
мұндай шешімнің заңдық негіздерін көрсете отырып, істі соттың қарауына
жататындағы бойынша жіберу туралы қаулы шығарады. Ол туралы процеске
қатысушыларға хабарлайды (ҚР ҚІЖК 296, 306 баптар) [3]. Сонымен қатар, іс
бойынша басты сот талқылауын тағайындаумен байланысты барлық мәселелер іс
қарауына жататын судьямен шешіледі. Қиыншылықтарды тудырмау мақсатында, ҚР
ҚІЖК-де істің соттылылығы жөніндегі барлық даулар шешімі шешуші болып
танылатын және шағымдануға жатпайтын жоғарғы тұрған сотпен шешілетіні
бекітілген.
2. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын
жағдайлар бар ма-жоқ па?
Сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша судья ҚР ҚІЖК-нің 37
бабының 1бөлімінің 1-12 тармақтарында, 38 баптың 1 бөлімінде көрсетілген
мән-жайлар бар не жоқтығын анықтайды. Көрсетілген негіздердің ең болмаса
біреуі анықталған жағдайда сот тараптардың қатысуымен істі талқылау үшін
алдын ала тыңдауға шығарып, өз қаулысымен істі қысқартады.
ҚР ҚІЖК-не сәйкес төмендегі жағдайларға байланысты қылмыстық іс
қозғалмайды не қозғалған іс қысқартылады:
1. Қылмыс жасалмаса;
2. Әрекетте қылмыстың құрамы болмаса;
3. Рақымшылық актісінің негізінде, егер жасалаған әрекет үшін
тағайындалған жазаны қолданудан алып тасталынса;
4. Ескіру мерзімі біткен жағдайда;
5. ҚР ҚІЖК –нің 34 бабының 1 бөлігінде және 33 бабының 1 бөлігінде
көрсетілген қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің шағымы болмаса, ҚР
ҚІЖК-нің 34 бабының 2 бөлігінде және 33 бабының 2 бөлігінде
көрсетілген, ҚР ҚІЖК –нің 67 бабының 1 бөлігінде көрсетілген
жәбірленушінің айыпталушы не сезіктімен татуласқан жағдайларда;
6. ҚР ҚІЖК –нің 33 бабының 2 бөлігін қоспағанда, 33 бабының 1 бөлігінде
көрсетілген қылмыстық іс бойынша – айыптаушы жеке айыптаудан бас
тартса;
7. Өзіне қатысты тағайындалған айыппен бірдей соттың заңды күшіне енген
үкімі немесе тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын өзге
жойылмаған соттың қаулысы бар болса;
8. Тағайындалған айып бойынша, қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы
тұлғаға қатысты қылмыстық ізге түсу органының заңды күші бар қаулысы
болса;
9. Қылмыс жасаған адамға қатысты қылмыстық істі қозғау медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шарасы ретіндегі жағдайды қоспағанда, қылмыстық
заңмен тыйым салған әрекетті әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаға қатысты;
10. Қанға сай, қылмыстық жауаптылықты тағайындауға болатын жасқа
толмамаған кезінде қылмыс жасаған адамға қатысты;
11. Өзге тұлғаға қатысты тергеу әрекеттері, не өлген адамды ақтау үшін іс
бойынша өндіріс жүргізу қажет болған жағдайдан басқа өлген адамға
қатысты.
Көрсетіп кеткен мән-жайлар қылмыстық ізге түсуді болдырмайды. Егер,
судья іс құжаттарын тексеру кезінде жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың ең
болмаса біреуін анықтаса, ол қылмыстық істі қысқарту туралы шешім
шығаруға міндетті. (ҚР ҚІЖК 37 б 7 бөл) [3].
Сонымен қатар, прокурор қылмыстық істі басты сот талқылауында
қарағанға дейін, істі соттан алдырып, ҚІЖК-нің 37 бабының 5 бөлімінде
көрсетілген негіздерге сәйкес қысқартуға құқылы.
3. Басты сот талқылауын тағайындау үшін анықтау және алдын ала тергеу
кезінде қылмыстық іс жүргізушілік заңының нормаларын бұзушылық орын алды
ма?
Бұл мәселені анықтау үшін іс жүргізу кезінде заңдылық қағидасының
маңызы зор. Заңдылық қағидасының нақты ұстанылмауы заңсыз белгіленген
жауаптылыққа, заңсыз актілерді жарамсыз деп тануға және олардың күшін жоюға
әкеп соғады. Осымен байланысты қылмыстық істі қозғау негіздерін тексеруге,
дер кезінде заң бұзушылықты анықтап, және оларды түзеуді реттейтін анықтау
мен алдын ала тергеуді реттейтін іс жүргізу нормаларының дәл орындалуын
тексеруге ерекше көңіл аудару қажет. Істі сот қарау кезінде қылмыстық іс
жүргізу заңының елеулі түрде бұзылғандағы анықталған жағдайда, ҚР ҚІЖК –
нің 301 бабына сай алдын ала тыңдау жүргізілуі тиіс. Бірақ заң шығарушы
басты сот талқылауын тағайындауға кедергі болатын қылмыстық іс жүргізу
заңында елеулі түрдегі бұзушылық ретінде нені тану керек екендігін
анықтамаған.
13 желтоқсан 2001ж № 9 қылмыстық істерді соттың қосымша тергеу үшін
қайтаруы туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысында
елеулі түрдегі бұзушылыққа анықтама берген. Аталған қаулыда басты сот
талқылауын тағайындау үшін кедергі болатын қылмыстық іс жүргізу заңын
елеулі түрде бұзушылық деп - соттың басты сот талқылауын ұйымдастыру және
дайындау сонымен қатар, оның шегін анықтау мүмкіндегінен айыратын
бұзушылықтарды атайды [4, 327].Егер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басты сот талқылаулары
Басты сот талқылауының қысқартылған тәртібі бойынша сот ісін жүргізудің қағидалары мен шарттарына сипаттама
Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу сатылары
Жасырын тергеу әрекеттері
Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі
Пәндер