Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
І.КІРІСПЕ ... ... ... ...3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс.әрекеті және оның ерекшеліктері ... ... ...5
1.2. Даму кезендерінде оқушылардың іс.әрекеті мен қарым.қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1 Бастауыш мектепте ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері ... ... ... ... ...16
2.2. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту ... ... ... ... ... .20
2.3. Тәрбиелеуші ұжымды ұйымдастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.
«Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында анықтап атап көрсетілген.

1. ҚР Білім туралы Конституциясы.
2. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2004.
2. Бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998
3. Республикалық педагогикалық кеңестен. Астана, 2001
4. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев “Педагогика” Алматы, 2002
5. Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері.Алматы, 2002.
6. А.Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000.
7. Ұ.Жазықбаева. Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді. Шымкент, 2000.
8. Т.Ш.Оралбекова Әдістемелік құрал (технология), Алматы, 2003.
9. Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері, Алматы, 1991
10. Марьенко И.С. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны, Алматы,
11. Власкин А.Г. Оқушынығ рухани әлемі, Ленинград 1991ж.
12. Жұмабаев М. Педагогика «Ана тілі» 1992ж.
13. Бастауыш мектеп. 2001,8. Н.Мұқанова
14. Бастауыш мектеп. 2002,10. Г.Әлмұханова.
15. Бастауыш мектеп. 2003,4-5. А.Әбішева, Ж.И.Сардарова.
16. Бастауыш мектеп. 2003,9. С.Дүйсебаев.
17. Қазақстан мектебі. 2002, 1,2,5.
18. Тәрбие құралы. 2004.

МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын
ұйымдастыру

... ... ..12
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1 Бастауыш мектепте ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеудің

... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
2.2. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 20
2.3. Тәрбиелеуші ұжымды ұйымдастыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
КІРІСПЕ
Көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған
Орта білім алу міндеттілігі қоғамның дарынды адамдарға деген
қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына
баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу,
шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Біздің жас мемлекетіміз
өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен
бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі
биік, денсаулығы мықты өкілдері болады... деген сенімі жай айтылған
сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты
қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.
Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - деп Қазақстан Республикасы 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында анықтап атап
көрсетілген.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас
ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне
икемделіп отыруы , ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен
жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек.
Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын,
ғылымның , техниканың , өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің
жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен
анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке
тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті
қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып
отыр.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу үшін адам
дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге
үйренуі керек.
Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ірі тұлғалы
ғалымдар, философтар, педагогтар ертеден-ақ аз болмады. Аристотельдің
Жан туралы еңбегі, Я.А.Коменскийдің Ұлы дидактикасы, И.Г.Пестолоцци
мен А.Дистервег еңбектері оқытудың негізгі теориялық мәселелеріне
сүйеніп, жеке тұлға дамуы шығармашыл әрекет арқылы қалыптастыру
мәселесінің маңыздылығын көтереді.
Зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық
қабілетін дамытуда педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
а) бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық
ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың
еңбектеріне талдау жасау.
ә) оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін әдебиет сабақтарында
қолдануға болатын жаңа технологияларға, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
Зерттеу жұмысының әдістері – талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы
жұмысын зерттеу, анкета, тест т.б.

ерекшеліктері
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесінің
өзектілігінің артуы мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңаша тұрғыда қарап,
оны оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру ғана емес, танымдық-шығармашылық
іс-әрекет және интеллектуалдық, шығармашылық процесс ретінде қарастыруды
міндеттейді
Педагогикалық процесс мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық қарым-
қатынас негізінде әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттері мен дара
мүмкіндіктерін есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиіс.
Сондықтан қазіргі заман мектептерінің басты міндеттерінің бірі – оқу-
тәрбие жұмыстарын бірегей жүзеге асыру үрдісінде оқушылардың
интеллектуалдық – шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, әлемдік өркениет пен
ұлттық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы шығармашыл жеке тұлға
қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің
жеке адамды дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе,
осы заңның 41-бабында: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім
беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын
қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін
жағдай жасауға міндетті, - делінген.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс
уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға
тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады.
Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен
байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың,
іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ
кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық
тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың
дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті
дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушыларынан үлкен
жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін
көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес
немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі
талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын,
шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын
шығармашылық адамға айналдыру.
Балаларға әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде
қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды,
креативті (шығармашылық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық
психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Бастауыш мектеп
оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу барысын дұрыс
ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушылардың
пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы
көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша, стандартты емес
шешім қабылдауына, шығармашылық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бала өзінің анатомиялық-физиологиялық айырмашылықтарымен бір-бірінен
ерекшеленеді, бірақ психологиялық зерттеулер баланың тұқым қуалаушылық
қабілетін жартылай ғана анықтайтындығын көрсетеді. Барлық жағдайда
қабілеттің дамуында оқу-тәрбиенің алатын орын үлкен.
Қабілетті балалардың ерекшеліктері олардың жас ерекшеліктеріне
байланысты болады. Сондықтан да баланың психикалық дамуын кезеңдерге бөлуде
оның жеке тұлға ретінде даму үрдісімен бірлікте болуын ұстап тұру да
күрделі мәселе екені белгілі. Жас және педагогикалық психология дамуының
психикалық кезеңдерін ғылыми негіздеп, адамның психикалық өмірін кезеңдерге
бөлуде жас ерекшеліктерін ескерудің маңызына назар аударады. Негізінде
психикалық дамудың өзегі – қызметтің қалыптасу процесі болып табылады.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқуға едәуір мүмкіншілігі бар,
себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі
дейтін Ж.Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен қазір мәдени-тарихи теорияны
жақтаушылардың (Л.С.Выготскийдің) пікірі бойынша оқымай келген бала оқуға
кірген соң, ойы мен интеллектісі үлкен өзгеріске ұшырайды. Бала қарапайым,
яғни табиғи ойдан мәдени ұғым арқылы ойлауға көшеді деген пікір басшылыққа
алынады.
Бастауыш мектеп оқушыларының бірте-бірте ой-өрісінің қалыптасуымен
заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза білу қабілеті құрбылары арасында ойын
дәлелдеуге үйретеді. Ол не болса соған көнбейді, өзгелерден дәлел
келтіруді талап етеді. Ол үшін бала тиісті жүйелерге логикалық негіздерге
сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап, сын көзбен
қарайды, мұны рефлексияның қарапайым түрі деп атауға болмайды.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу материалын жүйелі және мәніне
қарай ұғынуында салыстыру ой операциясы негізгі рөлді атқарады. Салыстыру
бір нәрсенің өзге нәрседен айырмашылығын немесе екеуінің де ұқсас жақтарын
айыру болғандықтан, ой процестерінің ерекше түрі болып саналады. Оқу
мазмұнын салыстыруда ой операциясының бірнеше түрі кездеседі. Сондықтан оны
баланың оқуға деген ынтасын арттыру үшін пайдаланамыз.
Қабілетті оқушыларда ұшырасатын әлеуметтік мәселелерді жіктей отырып,
біз мынадай тұжырымға келдік: ең алдымен, әлеуметтік төңірегіне айтарлықтай
күшті сезімталдығымен ерекшеленетін қабілетті балалардың “Мен –
тұжырымдамасының” қорғанышсыздығын бөліп көрсеткен дұрыс. Қабілетті
бөбектердің әсершілдігінің мейлінше төмен шекті деңгейі, бұлардың
өзгерістердің бәрін де өз есептеріне қабылдауына апарып соқтырады. Ондай
өзімшілдік көбінесе бұларды ештеңеге айыптамаған күннің өзінде, кінәрат
сезімінің пайда болуына апарады.
Қабілетті бала үшін, әсіресе, бастауыш мектепте, мұғалімнің тапсырмасын
дұрыс орындауға ұмтылыс, оның сауалдарына дұрыс әрі басқаларынан тезірек
жауап қайтару – жәй ақыл ойыны, өзінше бір бәйге және ол өзгелерінен бұрын
қолдарын көтеруі маңызды деп санайды. Мұғалімдердің көпшілігінің қабілетті
балаға қамқорлық жасауға уақыты жете бермейді, кейде тіпті, таңқаларлық
білімді, әрі ақыл-ой белсенділігі әрқашан түсінікті бола бермейтін оқушылар
оларға бөгет жасайды. Мұндай балалармен жұмысқа мұғалімдердің психологиялық
дайындығының жетімсіздігі, өздерінің шәкірттерін бағалай отырып,
ұстаздардың бұлардың бойынан, ең алдымен, өзін-өзі көрсетушілікті, бәрін өз
қалауымен жасайтынын, күйгелектігін, жалпы қабылданған үлгілерді
қаламайтынын, кейде, тіпті, қабылдай алмайтынын және т.т. атап айтуына
апарып соқтырады. Бұл жерде айта кеткеніміз жөн, ондай бағалаушылық –
мұғалімдердің қабілетті оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері мен даму
заңдылықтарын дұрыс түсінбеуінің салдары болып табылады.
Барлық балалар үшін шығармашылық оқытудың тиімділігін айтпай кетуге
болмайды. Мұны балалар үшін шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі белсенді
болып саналған, оқытудың қазіргі заманғы мәселелерін талдау кезінде
анықтаған болатынбыз. Үйренудің осы алғашқы формасы – шығармашылық оқытудың
формасы болып табылады. Дәл осы жайды Фрэнсис Бэкон: Ғылым патшалығына ену
үшін біз кішкене бала кейпіне енуіміз керек- дейді. Әрбір дені сау бала
үшін зерттеу мен білімге ұмтылу, жаңалыққа құштарлық – туа біткен қасиет
екендігі таңқаларлық жайт. Мектеп жасында осы қасиеттердің тез
жеңілдікпен жойылатындығы одан да таңқаларлық. XVII ғ. байқаған осы
жағдай философтар мен педагог – психологтарды оқытудың ең негізгі
мәселесі етіп, баланың шығармашылық және зерттеу қабілеттерін
сақтап қалу екендігін көрсетеді.
ХХІ ғасырдың көкжиегінде өтіп жатқан білім беру жүйесінің қайта
жаңартылуы, баланың шығармашылық қабілетті тануға және болжам жасауға жаңа
көзқарасты талап етуде. Қабілетті балаларды тану – нақтылы бір баланың
дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Қайсыбір әдістің көмегімен
зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушыларды қабілетті
анықтаған кезде кешенді көзқарас танытқан маңыздырақ. Сонымен бірге сан
алуан әдістердің кең ауқымын қолдануға болады:
балаларды бақылау әдістерінің сан алуан жолдары (табиғи және
лаборатория жағдайларында, мектептен тысқары қызметінде);
белгілі бір шығармашылық қабілеттілық жағдайын талдау міндетіне орай,
түрлі әдістемелерді қолдана отырып, психодиагностикалық зерттеулер жүргізу;
ұжымдық шығармашылық істерді даярлау барысында балалардың рөлдік
ойындарға, ми шабуылына атсалысуы;
балалардың шығармашылық қызметінің нақтылы өнімдерін кәсіби шебер
мамандардың талдап, бағалауы (суреттер, өлеңдер, техникалық үлгілер және
т.б.);
сан алуан зейіндік және пәндік олимпиадаларды, конференцияларды, спорт
жарыстарын, шығармашылық бәйгелерін, байқауларды, фестивальдарды
ұйымдастыру және т.б.
Оқушылар ұйымы – балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi
бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде ұйымдық түрде
арнайы топқа бiрiккен шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады.
Мектептегi оқушылар ұжымының негiзгi қалыптастырушы күшi – оқушы
балалардың қоғамдық қарым-қатынасы. Балалар арасындағы қарым-қатынас,
мектеп оқушылар қауымының қоғамдық пiкiрiн қалыптастырады. Оқушылардың
өмiрге және мектептегi педагогикалық ықпалдарға деген көзқарастары олардың
жас ерекшелiктерiне қарай әр түрлi сипатта дамиды.
Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика
ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге
қарастырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-30 жылдары
педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды.
В.А.Сухомлинский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б.
Тәрбиешілер ұжымы болуы ксрек, — ден жазды. А. С. Макаренко — тәрбиешілер
ұжымға біріккен жерде жәнс біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай
ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбис процесі болуы мүмкін емес.
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің
педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық
ұжымның езіңдік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол
мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен
концепцияларын бағалау болмақ деген.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі
ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы
ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу,
салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық
жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы
да, оның құрамдас бөлігі болып ссептеледі.. Кез келген ұжым сияқты
мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне
байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде.
Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің
педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен,
ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық
деңгейімен анықталады. Өзінің мәні педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын
оку орындарының ұжымы оқушьыарға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы,
бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл
жағдай педагошкалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге
ынталандырады.
Мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен өзара тығыз
әрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар
ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына
тікелей тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде
педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады. Ал
қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға баса назар
аударылған жағдайда педагогикалық және оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-
өзі дамытудың да субъектісі болып отыр. Мұғалімдер ұжымы езінің орасан зор
интеллектуалдық, тәрбиелік күш-қуаты бойынша балалар ұжымына ғана емес, өз
ұжымына қатыстылығына байланысты да тәрбие субъектісі ретінде әрекет
жасайды.
Педагогикалық ұжымның басты ерекшелігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп
қызметінің көп қырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып
жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстар сияқты қызмсттерді
атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. Өзінің
кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып
кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен
жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру түтас алғанда
педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің
педагогикалық өрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші
-нормативті қызмет жасымен яюктелмейтін, педагогика-лық жаңалықтың
жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен
технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қаблетті
педагог.

ұйымдастыру ерекшеліктері.
Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер А. И. Донцов, А. Н. Лутошкин,
А. В. Петровский, А. Л. Свентицкий және т.б. ұжымның құрылымы туралы
тиянақты мағлұмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық
талдау жасағанда, оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып
бөлшетгіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің
салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.
Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, еңбек
бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты. Ресми құрылымның шеңберінде әрбір
адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп, ережелер негізінде еңбек
ұжымының өзге мүшелерімен әрекеттеседі. Бір сыныпта жұмыс істейтін
мғалімдер білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесін,
кесіптік этика нормаларын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп
басшыларымен, әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал, мұғалім мен
мектеп басшылары-ның арақатынасы қызметтік нұсқаулар жөне өнімдерімен
реттеледі.
Ұжымның қалыпты істеуі, оның ресми құрылымы бірқатар жағдайларға
байланысты. Мұғалімдердің ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегінде
бірлескен жұмысты ұйымдастыру деңгейімен, өрекеттерді үйлестіру, түрлі
шүғыл жұмыс кестелерінің, оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижелерін
тексеру жүйесінің болуымен, қоғамдық міндеттер мен тапсырмалардың теңцей
бөлінуімен айқындалады.
Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдық жоспарлау
және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім
қабылдау және баға беру. Бұл әдістер И. Л. Ивановтың Коллектившілерді
тәрбиелеу атты еңбегінде жазылған.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам
аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы,
гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл
жерде қозғалыстың себебін, дамудық мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш -болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы,
өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.
Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық
жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.
Белгіленген болашаң үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып
жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт
дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі,
балаларды еліктіру, ңиялын ояту, өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашаң
үміт дүниесін айңын, бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың
өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі, орынды талап қою,
балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға
қажеттілігін дәлелдеуі.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының
жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына
байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының
құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардық
өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы —
ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл
іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет
істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында
балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын
қадағалау керек.
Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды. Іс-әрекеті — бұл
қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі,
нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас — бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Педагогикалық ұжымның міндеті — жеке адамның басқа адамдармен қарым-
қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде
гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
• сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің
достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
• балалар арасында баңталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык,
бөлектенушіліктің болмауы.
• басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.
Гуманистік қатынас — ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды
дамытудық құралы.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі жеке адам

Педагогикалық ұжымның бсйресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын ала
белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс-әрекет негізінде қальштасады.
Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы қалыптасқан қатынастар
жүйесінен түрады. Ондай қатынастар жек көру мен үнату, құрметтеу, махаббат,
сенім немесе сенімсіздік, ынтымақтасу, бірлесе жұмыс істеуді қалау немесе
қаламау сезімдері негізінде қалыптасады. Бұндай құрылым ұжымның ішкі,
көбіне жасырын, көзгс көрінбейтін жағдайын танытады.
Жас мұғалім педагогикалық қызмет процесінде қиындыққа кездескенде ресми
ұйымдық құрылымға сәйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасарына, сонымен бірге қажет деп тапса білікті, тәжірибелі маман
ретінде басқа мұғалімнен көмек сұрайды.
Ал мұғалімдер арасындағы бейресми байланыстар түрлі себептерден
туывдайды. Бір жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты әлеуметтік
қажеттіліктен туындаса, келесі жағдайда тәжірибелі жолдасынан кәсіптік
көмек, қолдау алуға байланысты, үшінші жағдайда — жаңа, қызықты ақпарат
алуға байланысты, төртінші жағдайда өзгелерді өзіне бағындыруға ұмтылған
эгоистік себептерден туындайды. Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда
болуының мынадай белгілерін бөліп айтуға болады: достық, жолдастық
топтардың құрылуы, бейресми пікірдің қалыптасуы, бейресми басшылардың
шығуы, жаңа қүядылық бағдарлардың нығаюы және т.б.

2.1 Бастауыш мектепте ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері
Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы ұжымда жүргізіледі.
Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен
бірге ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Ұжымдық рухта тәрбиелеу
педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің
жолдары мен формалары ұжымға байланысты.
Ұжым – күрделі динамикалық құбылыс, ол үнемі алға қарай дамып отыруға
тиіс.
Жетілген ұжым алдында тұрған маңызды мақсатты, өмірмен міндеттерді
шешуге бағытталған белсенді әрекет жасайды, оларды орындауға кедергі
болатын қайшылықтарды, қиындықтарды ығыстырып, оларды жеңудің тиімді
жолдарын іздейді. Ұжымның даму заңдарын, ішкі мүмкіндіктерін білудің маңызы
зор.
Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру,
мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданды.
А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz