Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық қозғалыс



1 Алаш идеясына деген адалдық пен сенім
2 ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы
Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған «Үш ірі елдің Қиыр Шығыс мәселесі туралы бітімі» бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың құрамына беріліп, Сыртқы Монғолияның дербестігіне айырбасталды. Сөйтіп, олар тектік, діндік, тілдік негіздері мүлдем қабыспайтын ұлттардың құрамына біріктірілді.
Империялық «бөліп ал да билей бер» деген өктемдіктің кесірінен бүйрегі бүтін қазақ елі үшке бөлініп кетті.
Қазақстан үшін сондай мүдделі әрі ділгір, құпия да күрделі мәселе – әлмисақтан бергі ата қонысында отырған Шығыс Түркістандағы қазақтардың тарихи тағдыры.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесінің бірі болып табылатын, Империялық мүдделердің қақпақылына түскен Шығыс Түркістан Республикасының құрылуы мен таратылуы – ұлттық тұтастық пен ұлттық ыдыраудың тарихи, саяси, рухани және териториялық түйткілдері тәуелсіздік алғанға дейін өз тарихынан өзі жеріген қазақ тарихнамасында мүлдем зерттелмеді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық
мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың,
жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын
түсінікті мүдделер бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. №
453-Л хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда
И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған Үш ірі елдің Қиыр Шығыс
мәселесі туралы бітімі бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың құрамына беріліп,
Сыртқы Монғолияның дербестігіне айырбасталды. Сөйтіп, олар тектік, діндік,
тілдік негіздері мүлдем қабыспайтын ұлттардың құрамына біріктірілді.
Империялық бөліп ал да билей бер деген өктемдіктің кесірінен бүйрегі
бүтін қазақ елі үшке бөлініп кетті.
Қазақстан үшін сондай мүдделі әрі ділгір, құпия да күрделі мәселе –
әлмисақтан бергі ата қонысында отырған Шығыс Түркістандағы қазақтардың
тарихи тағдыры.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесінің бірі болып табылатын,
Империялық мүдделердің қақпақылына түскен Шығыс Түркістан Республикасының
құрылуы мен таратылуы – ұлттық тұтастық пен ұлттық ыдыраудың тарихи,
саяси, рухани және териториялық түйткілдері тәуелсіздік алғанға дейін өз
тарихынан өзі жеріген қазақ тарихнамасында мүлдем зерттелмеді. Қазақ
тарихшылары үшін ол бимағлұм күйде қалып келген тақырыпқа айналды.
Милллиондаған адамның тағдырын тезге салған бұл оқиға туралы қарама-
қарсы мүдделер мен пікірлерді зейін қойып зерделеу – тек қана қазақтың ғана
емес, сонымен қатар орыс, қытай, монғол, қырғыз тарихшыларының міндеті боп
саналмақ.
Өкінішке орай, бүгінгі териториясы тиянақталған тұста да бұл оқиғалар
Біртұтас алаш идеясы, яғни, тәуелсіз Қазақстан тұғырнамасы тұрғысынан
ғылыми зерделеуден өткен жоқ. Зерделеуді былай қойып, қазақ шығыстанушылары
мен тарихшылары Шығыс Түркістан атауынан бас тартып, империялардың отарлық
пиғылын танытатын Синьцзян – Жаңа жер (игерілген тың, яни, бізге түсінікті
целинный край) сияқты атауды ғылыми негізді термин ретінде таңдап алыпты.
Тәңір тауды бөктерлей орналасқан тұтас жұртқа қойылған, саясатқа еш қатысы
жоқ – Шығыс Түркістан, Орталық Түркістан, Батыс Түркістан, Солтүстік
Түркістан деген жағырафиялық атаулар кезінде мұқым түркі елінің атын
тарихтан өшіру мақсатында түрікшілдік деген атты ойлап тапқан еуропашыл
және ұлыимперияшыл ғалымдардың өктемдігінен туған атау болатын. 1919 және
1922 жылғы түркі халықтарының астыртын құрылтайында қазіргі Қазақстан мен
Башқортстанды Солтүстік Түркістан деп ресми атап, картаға енгізіп, ортақ
туды бекіткен болатын. Бүгінгі тәуелсіз мемлекет тұсында да біздің
ғалымдарымыз өзінің пікірін Петербургтегі, Мәскеудегі, Қиыр шығыстағы,
Күншығыстағы ұстаздары мен астарлы пікірлі саяси тұрғыдан тағаланған
оқымысты-мыстардың сызып берген сызығынан шыға алмай отыр.
Тарихи тәуелсіз ойлау жүйесі қалыптаспаған тарихшылар тарихи шындықты
қалпына келтіре алмаса, ұлттық мемлекеттің тарихы мен ұлттық мүддесі,
танымы мен тағдыры толық тұжырымдалмайды.
Ал біртұтас алаш идеясын кие тұтатын қазақтар үшін:
Шығыс Түркістан дегеніміз – көне түркінің мәңгілік ел идеясының
аясында өмір сүрген түркі дүниесінің ата мекені.
Шығыс Түркістан дегеніміз – бөлшекке түскен қазақ жері.
Шығыс Түркістан дегеніміз – бөлінге түскен қазақ елі.
Осындай өксікті өкініштің өті жарылып, уыты таралмас үшін А.
Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Марсеков, Қанағат Сүлейменұлы бастап барып, 1918
жылы 24 көкек күні Шәуешек қаласында кіші құрылтай өткізген болатын. Ондағы
басты мақсаты
1. Алашорда үкіметінің Шығыстағы эмиграциялық бөлімін ашу;
2. Босып барған ел мен жергілікті қазақтардың басын қосып, Алашорда
мемлекетінің азаматтары ретінде қытай үкіметіне ресми тіркету.
3. Оларды жерге қолтықтаса орналастырып, дербес автономиялық басқару
жүйесін құру болатын.
Алайда, мәнжу империясы күйресе де, империялық үстемдік пиғылы
күйреген жоқ болатын. Сондықтан да олардың бұл талабы орындалмады. Үміті
ақталмады. Бірақ та Алаш идеясы өзінің дәнін сеуіп, өнімін егіп кетті.
Ұлттық газеттер мен мектептердің, мәдени ойын-сауық отауларының ашылуы
ұлттық сананы оятып, ақыр соңында ұлт-азаттық қозғалысына алып келді. Ұлт-
азаттық күрес қаһармандары мен жауынгерлері осы біртұтас Алаш идеясы үшін
қолына қару алды. Жауымен жағаласты, жараланды. Қаза тапты.
Демек, біз оларды бүгін – Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің
құрбандарын қалай қасиеттесек, оларды да солай құрмет тұтуымыз керек. Кеше,
қызыл жауынгерлер мен қарт коммунистерді ардагер деп қалай әспеттесек,
оларды да солай қадірлеу – парызымыз.
Егер де қазақты біртұтас ел деп танысақ, егерде Алаш идеясын біртұтас
қазақ идеясы деп мойындасақ және сол мойындауымыз шын болса, онда әлемнің
қай түкпірінде болмасын қазақ елінің азаттығы үшін күрескен әр жауынгерді,
әрбір құрбанды – қазақтың біртұтас ұлт-азаттық күресінің ардагерлері деп
тануымыз керек. Оларға көрсетілген құрмет – Ұлы Отан соғысының
ардагерлеріне көрсетілген құрмет пен жеңілдіктергетеңгерілуі тиіс. Әйтпесе,
Мұстафа Шоқайдан бастап бүгінгі салтанаттың иесі болып отырған Қалибек
хакімге деген мезіретіміз, Абайдың сөзімен айтқанда, сарт мезірет болып
табылады.
Алаш идеясына деген адалдық пен сенім – бізден соны талап етеді.
Ал, қазақ үшін Алаш идеясынан, оның бес ұлы нысанынан артық мүдде болуы
тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ. Қайта
тәуелсіздіктің тамыры тереңге кеткен сайын, алдымызға сұрақ болып шығып
отыр. Ол идеялар мынылар:
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан
Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз
бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке
де, қоныстанушыларға да берілмейді.
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік
қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: Оның әр бір
түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек болатын.
Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, Қазақтың жерінде
өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып
киілуі керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге
ұмтылуы тиіс еді.
Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін,
діл үстемдігі болуы керек.
Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға
сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру
еді.
Бұл бес идея өзінің азаткерлік миссиясын әлі жойған жоқ. Жер үшін, жер
мен аспан байлығы үшін, тәуелсіз экономика үшін, тіл мен діл үшін, дін
үшін, қазақ ұлтының көзқарасы мен ар-ожданын қорғайтын, ұлтты сыйлауға
мойынсындыратын тәуелсіз заң мен тәуелсіз ойлау жүйесін қалыптастыратын
тәуелсіз ғылым үшін күрес жолы енді басталды. Демек, Алаш идеясы бүгін де,
ертең де өзінің жалғасын табады. Ғаламдастыру дәуіріндегі рухани
тәуелділіктен қорғайтын бірден-бір ұлттық бағдарлама, бюіздің
пайымдауымызша, осы болып табылады.
Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық күресі де осы бес мақсатты жүзеге
асыруға ұмтылған халықтық қозғалыс. Шығыс Түркістанның алты Халық батыры
атағын алған – Оспан, Ғани, Акбар, Фатих, Дәлелхан, Қалибек батырлар да осы
бес мақсат үшін күресті. Етегімен су ішті, етігімен су кешті. Азаттық
аңсаған көштің атойшысы болды. Аланай асып арпалысты, Бұланай асып
буырқанды. Алаш идеясын бойтұмар қып тағып, ар-иманымен қоса жүрегіне
ұялатқан арыстармен бірге қазақ халқының бостандығының рухы болып
Еуроазияны шарлап жүрді. Олардың бұл аңсары Дәлелхан Жаналтай, Халифа
Алтай, Хасен Өралтай, Қамза Ұшар, Құсайын тәйжі сияқты қатарластары мен
үрім-ұрпағы арқылы жалғасып, ауа толқындарымен туған еліне жетіп жатты.
Солардың талып жеткен дауыстары біздің жүрегіміздегі алаш идеясының
қоламтасын қоздатты. Үміт отын жақты. Бұл қолдауды, сіз бен біз сияқты
жеклтоқсан оқиғасына дейін де, сол оқиға тұсында да, одан кейінгі кезеңде
де жүргізген астыртын жұмыстарымыздың барысында сезініп отырдық.
Әрине, бұл өзегі басқа әңгіменің арқауы.
Өкінішке орай, (иә, тағы да таусылмайтын өкініштің бірі) Біртұтас алаш
идеясы үшін күрескен, қазақ ұлтының біртұтас ұлт-азаттық қозғалысының бір
бөлігі болып табылатын Шығыс Түркістандағы азаттық майданы туралы және оны
Алаш партиясымен, Алашорда үкіметінің тағдырымен, жалпы қазақ
күрескерлерінің тағдырымен байланыстыра зерттеген тұжырымды зерттеу жоқ. Ол
туралы пікірлер де Қазақстаннан басқа әр мемлекеттің ұстанған саясатына
байланысты қақпайланып жазылып келді. Тек Тұрсынхан Қайыркенұлының
Ұмытылған мемлекет (Синьцзиян (Шығыс Түркістан) қазақтарының ұлт-азаттық
қозғалысы. 1940–1949) атты монографиясы бұл бағыттағы діттеген ділгір
еңбек, осы тақырыптың алғашқы кіріспесі сияқты қанаттанды зерттеу болып
табылады.
Шығыс Түркістанның күрделі тағдыры күні бүгінге дейін қаншама
адамдарды әлі де ойландырумен келеді. Кездейсоқ тағдырға тап болған ұлт-
азаттық күресі сыртқы ықпалды күштердің шешімімен тығырыққа тірелді. Шығыс
Түркістан тарихы ежелден бері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біртұтас алаш идеясы және Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы жайында
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу шарттары
Әлихан Бөкейханов және Алаш партиясы
Мұстафа Шоқай және тұтас Түркістан идеясы
Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.)
Мұстафа Шоқай күллі түркінің алып тұлғасы
Әлихан Бөкейханов - ұлттық саясаткер
Пәндер