«Дезинфекция: анықтамасы, түрлері, әдістері. әртүрлі топтардағы инфекциялар кезіндегі дезинфекцияның ерешеліктері.»


Ф КГМУ 4/3-04/02
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы
ДӘРІС
Кредит 2
Тақырыбы: « Дезинфекция: анықтамасы, түрлері, әдістері. Әртүрлі топтардағы инфекциялар кезіндегі дезинфекцияның ерешеліктері. ».
Элективті пән: «Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралардың негізі»
Мамандығы: 5В110400 - «Медико-профилактикалық іс»
Курс: 2
Уақыт: (ұзақтығы) 1 сағат
ҚАРАҒАНДЫ - 2012
Кафедраның мәжілісінде бекітілді
Хаттама № __1 "31__" 08 2012ж.
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының
меңгерушісі м. ғ. к., доцент Шайзадина Ф. М.
Тақырыбы: « Дезинфекция: анықтамасы, түрлері, әдістері. Әртүрлі топтардағы инфекциялар кезіндегі дезинфекцияның ерешеліктері. ».
● Мақсаты: дезинфекцияны жүргізудің теориялық негіздерін және әдістемелік тәсілдерін меңгеру
● Дәріс жоспары:
1. Дезинфекцияға анықтама. Эпидемияға қарсы шаралар жүйесіндегі дезинфекцияның алатын орны.
2. Дезинфекцияның түрлері. Дезинфекцияның әдістері.
3. Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар.
4. Инфекцияның әр түрлі топтарында дезинфекцияның алатын орны.
● Дәріс тезистері:
Дезинфекция - (француз тілінде des- теріс жалғауы және латын тілінде Infec - инфекция) - бұл адамды қоршаған ортадағы патогенді бактерияны, вирусты, риккетсилерді, қарапайымдыларды, саңырауқұлақтарды және олардың токсиндерін жою. Дезинфекцияның мақсаты зақымдалған объектілердегі (аурулардың бөліністері, бөліністерге арналған ыдыстар және тағамдар, киімдері, бөлме, тұрмыс заттары және т. б. ) . Инфекция қоздырғыштарын жою болып табылады.
Дезинфекция немесе залалсыздандыру - негізінен (барлығын емес) тек патогенді микроорганизмдерді жоюды көздейді. Осынысымен стерилизациядан ажыратылады, ал стерилизация кезінде микроорганизмдердің барлық түрі және де олардың споралық формалары жойылады.
Қоздырғыштың берілу механизмі инфекциялық аурудың түріне байланысты болады. Мысалы, тыныс жолы инфекцияларының қоздырғыштары (грипп, күл, скарлатина, туберкулез және тағы басқалары) ауа тамшы жолымен беріледі. Олар сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінеді де сау адамға оның дем алу жолдары арқылы организміне енеді.
Ал ішек инфекциялары кезінде негізгі берілу механизмі фекальді-оралді болып табылады. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары жиі нәжіспен, сирек зәрмен бөлінеді де сау адамға ауыз арқылы зақымдалған қол көмегімен, тағаммен, сумен және сол сияқты енеді.
Ал трансмиссивті инфекциялар кезінде, яғни тасымалдаушылар - буынаяқтылар арқылы берілетін ауруларда, инфекция қоздырғышы қан айналымында болады да қоршаған ортаға бөлінбейді; ол ауру адамнан сау адамға буынаяқтылар көмегімен (бит, безгек масасы және т. б. ) енеді.
Дезинфекциялық шаралар белгілі бір жұқпалы аурудың қоздырғыштарын жоюға арнайы бағыталған. Бұл кезде берілген инфекцияның қоздырғышының берілу механизмі, қоршаған ортаның зақымдалу мүмкіндігінің дәрежесі және басқа да эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
Атап айтар болсақ, тыныс жолдары инфекцияларының ошағында дезинфекция жүргізеді, паразитарлық сүзек ошағында - дезинсекция жүргізеді, ал ішек инфекциялары ошағында дезинфекциямен қатар дезинсекцияны да жүргізеді, ал зоноздар ошағында - дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізіледі.
Дезинфекцияны жүргізу үшін білу қажет:
- залалсыздандыруға не жатады
- дезинфекция қай уақытта жүргізілуі қажет
- оны немен жүргізеді
- оны қалай іс жүзіне асырады.
Дезинфекция 2 түрге бөлінеді:
Ошақтық және профилактикалық.
Ошақтық дезинфекция - инфекцияның берілуінің қай сатысында жүргізілуіне байланысты: қорытынды және күнделікті дезинфекция болып бөлінеді. Қорытынды дезинфекцияны (көбінесе бір рет) инфекция қоздырғышының көзі жойылғаннан кейін (госпитализация, сауығу, көшіп кету, өлім) ошақта жүргізіледі. Қорытынды дезинфекцияның мақсаты - ошақта берілу факторына жүргізілген күнделікті дезинфекциядан қалған қоздырғыштарды жою болып табылады.
Күнделікті дезинфекцияны да ошақта жүргізеді, бірақ оның қорытынды дезинфекциядан айырмашылығы, ол ауру адам ошақта болғанда жүзеге асырылады, бұл ауру адам немесе тасымалдаушының организмінен бөлініп шыққан инфекция қоздырғыштарын сол мезетте жою мақсатына байланысты. Бұл үшін 1-орында залалсыздандыруға организмнен қоздырғыштармен бірге бөлінетін бөліністер жатады.
Профилактикалық дезинфекция - инфекция қоздырғышының көзі анықталмаған, бірақта қоздырғыштардың сыртқы ортада жинақталу мүмкіндігі болған кезде жүргізіледі.
Профилактикалық дезинфекция - жұқпалы ауру болуы мүмкін немесе ол сау адамдар арасында, тек анықталмаған (аурудың созылмалы формасы бар тасымалдаушысы, өз ауруын жасырады және басқада жағдайлар) деген болжамдармен жүргізіледі.
Дезинфекцияда залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістерін қолданады. Тәжірибелік жағдайда көбінесе әр түрлі құралдарды бірге пайдаланады.
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Физикалық әдіске механикалық, термиялық және сәулелік дезинфекциялық құралдар жатады.
Механикалық құралдар - тазалау, ылғалды, жуу, қағу, сілкілеу (ұру) және т. б. Бұл құралдармен заттарды шаң мен кірден, солармен бірге көптеген микроорганизмдерден тазартуға болады. Атап айтсақ шаңсорғыштың көмегімен шаңдағы микробтардың 98% жойылады.
Бөлмені желдеткенде 15 минуттан кейін ауадағы микроорганизмдердің саны құрт азаяды да, ал 30 минуттан кейін олар тіптем болмайды, себебі бөлменің ауасы сыртқы патогенді микробы жоқ таза ауамен толық ауысады.
Өндіріс орындары емдеу-профилактикалық мекемелері кеңінен қолданатын арнайы вентиляция қондырғыларын шығарады. Грипп, күл, желшешек, қызамық және басқа да жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортаға төзімсіз жұқпалы аурулардың профилактикасы кезінде желдету өте маңызды орын алады.
Вентиляцияны және фильтірлеуді ауаның, удың және басқада ортаның бактериальді ұрықтануын төмендету үшін қолдануға болады. Сондай судың ультрафильтрациясы және гиперфильтрациясы қолднылады.
Термикалық және сәулелік құралдар - бұл жоғары және төмен температураны, әр түрлі бактерицидті сәулелермен сәулелендіруді, ультрадыбыс әсерін, ультра жоғары жиіліктегі тоқ, радиоактивті сәулеленуді қолдану, кептіру және т. б., бұл кезде белгілі бір параметрлер бактериоцидті әсер етеді.
Ыстық ауа лабораториялық құралдар мен ыдыстарды залалсыздандыру үшін ауа стерилизаторында және басқада аппараттарда қолданады. Ыстық ауа дезинфекциялаушы агент ретінде киімдерді, матрас, жастық, көрпе және т. б. заттарды дезинсекциялау үшін ауа камераларында қолданылады. Төсек-орынды және киімдерді ыстық үтікпен үтіктеуде залалсыздандыруға жатады. Ұзақ уақыт үтіктегенде (200-250 0 С температурада) киімнің арасындағы температура 170 0 С дейін жетуі мүмкін, бұл кезде микроорганизмнің вегетативті формалары өледі, сондай-ақ бит және оның сіркелері де өледі. Киімді екі жағынан үтіктеген дұрыс. Дегенмен білу қажет: ыстық ауа тиімділігі бойынша ыстық будан төмен, себебі ол негізінен үстіртін әсер етеді.
Ыстық су (60-100 0 С) жуу құралдары араласқан, жуу және жинау кезінде микроорганизмдермен бірге кіреді механикалық тазалау (жою) үшін қолданады. Барлық микроорганизмдердің патогенді вегетативті формалары 80 0 С дейін ысыту кезінде 2, 5 минуттан артық шыдай алмайды, ал көбісі 60-70 0 С температурада 30 / ішінде өледі.
Қайнату - ыдыстарды, аурудың заттарын, төсек-орнын, тамақ қалдықтарын, ойыншықтарды залалсыздандыру үшін қолданады. Төсек-орынды, ыдысты және басқаларды 15-45 минут бойы қайнату жолымен залалсыздандырады. Суға сода немесе сабын қосып қайнатқанда залалсыздандыру әсері күшейеді.
Су буы - киімдерді, төсек-орындарды және басқа да жұмсақ заттарды залалсыздандыру үшін дезинфекциялық камерада қолданылады. Орайтын материалдармен инструменттерді стерилизациялау және залалсыздандыру үшін бу стерилизаторларында пайдаланады.
Су буының тығыздалған және қыздырылған түрлері бар. Тығыздалған су буы дегеніміз: температурасы қайнаған судың температурасына тең және де қысымға сәйкес келеді. Ал қыздырылған су буы дегеніміз бұл температурасы берілген қысымдағы температурадан жоғары болады. Қыздырылған бу қысымды өзгертпей немесе оның қысымын жылдам төмендеткен кездегі тығыздалған буды қосымша қыздыру арқылы алынады.
Температура төмендеген кезде қыздырылған бу тығыздалған буға ауысады. Қыздырылған бу дезинфекцияда қолданылмайды. Тығыздалған буды қолдану будың суға ауысуы кезіндегі бу түзілудің үлкен жасырын жылуы бөлінетіндігіне негізделген. Жасырын жылудың бөлінуі арқылы, төмен температурадағы заттарға тереңірек әсер етеді. Дезинфекциялық және стерилизациялық аппараттарда белгілі бір қысымдағы тығыздалған су буы қолданылады.
Күннің жарығы , ультракүлгін сәулелері ауа мен зат беттеріндегі бактериальді ұрықтануды төмендету үшін қолданады. Ультракүлгін сәулелері арнайы бактерицидтік лампалардың көмегімен алынады. Өндірістік орындары қабырғаға ілінетін, жылжымалы, және басқа да сәулелендіру күші әр түрлі ультракүлгін қондырғыларын шығарады. Олар емдеу-профилактикалық, балалар мекемелерінде, микробиологиялық лабораторияда және т. б. мекемелерде кеңінен қолданады.
Күйдіру және қыздыру бактериологиялық практикада пробиркаларды, мақта тығындарын, инелерді, лабораторлық инелерді спиртовканың өртін, паяльді лампаның өртін пайдалану арқылы залалсыздандыру жүргізіледі.
Өртеу. Ескірген ойыншықтар, қалдықтар, қағаздар, сүрткіштер сияқты заттарды өртеу арқылы залалсыздандырады. Сонымен бірге адамдар мен жануарлардың мәйітін арнайы пештерде, қазылған шұңқырларда өртейді.
Пастеризация - бұл әртүрлі тағамдарды 70-80 0 С температурасына дейін 30 минут бойы қыздыру, бұл кезде микробтардың вегетативті формаларының өлуі мүмкін де, ал споралық формаларынан ажыратпайды.
Тиндализация - (қайта, бөлшектеп пастерилизациялау) - бұл кезде 5-6 күн 56-58 0 температурада 1 сағат бойы қыздырады, споралық формалары өледі.
Суық. Патогенді қоздырғыштарды жасанды мұздату до -270 0 С, яғни абсолютті нолге жуық температура оларды өлімге әкелмейді, сондықтан оны дезинфекцияда қолданбайды, оның бұл қасиетін микробиологияда патогенді микробтардың культурасын сақтау үшін қолданады.
Кептіру. Көптеген патогенді микроорганизмдер ұзақ уақыт кептіргеде өледі. Өлу жылдамдығы қоздырғыштың түріне байланысты.
Залалсыздандырудың химиялық әдістері
Бактерияны өлтіретін химиялық заттарды бактерицидтер деп атайды, ал олардың өмір сүру қабілетін тоқтататын заттарды бактериостатикалық деп тайды. Бактериостатикалық әсер ететін қосындылардың конценрациясы, бактериоцидтерге қарағанда төмен болады.
Спораларды өлтіретін химиялық заттарды спорацидтер (деп атайды), вирустарды өлтіретін химиялық заттарды - вирулицидтер, саңырауқұлақтарды өлтіретін химиялық заттарды - фунгицидтер деп атайды.
Химиялық дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар:
- Суда жылдам ерігіштігі немесе эмульсия түзгіштігі
- Дезинфекциялық құрал аз концентрацияда, қысқа мерзімде микроорганизмдерді өлтіруі қажет
- Органикалық заттар болған кезде де залалсыздандыру әсерінің болуы
- Сақталуға тұрақты болуы қажет және де сақталғанда залалсыздандыру әсері төмендемеуі қажет.
- Адамдар үшін токсинділігі төмен болуы қажет
- Өндірісте өндіруге қолайлы болуы қажет.
- Тасымалдау және сақтау кезіндегі арзан әрі ыңғайлы болуы қажет.
Дезинфектанттың микроб тінімен қатынасы үшін су - ең жақсы орта болады, сондықтан суда жақсы еритін препараттарды қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz